Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктері

«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп Мұқағали Мақатаев айтқан. Балалық шақ – қамсыз,    мұңсыз,    қызықпен    өтетін бақытты балалық болуы тиіс. Бірақ та балалық шағында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар сол бақытты сезініп жүрген жоқ. Үкімет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілгенімен, ата-анасының орнын алмастыра алмайтыны белгілі. Елімізде балалығында қуанып күле алмаған, ата-анасына еркелей алмаған сәбилер көбейіп барады. Бізде жетім балалар саны көп. Туған перзентіне тасбауыр, ата-аналардың кесірінен жетімдер үйінде өсіп жатқан балалардың тағдыры ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды. Бұл бүгінгі күннің ащы шындығы. Әрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар. Алайда қазақ – ежелде жетімін қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген халық. Өркениет дамығаннан бері біздің елде  де жетімдер үйі,  қариялар  үйінің  саны  ар-  тып кетті. Әрине, бұл тек жеке бастың емес, қоғамның қасіреті, балалық шақта қатыгездікке жол, зорлыққа орын жоқ болуға тиісті. Бірақ та мына жарық дүниеге келмей жатып, тастап кеткен анасының қатыгездігін сезінген бала мына жалған дүниеде зорлық, жауыздықтың да орын алатындығын ерте сезініп өседі. Қорғансыз баланың отбасында, қоғамдық орында қорлық не зорлықты көріп, бұл өмірден алыстап қалуы, әлемнің барлық елдерінде жиі орын алатын қауіпті құбылыс. Адамзат санасын уақыт билеген қазіргі нарық заманында үлкендер баланың ішкі сырына көңіл бөле бермейді.

Жетімдік – баланың әлеуметтік, психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айырылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық, әлеуметтік жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей басады. Эмоционалдық-танымдық  талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Жетімдік екі түрге жіктеледі:

  • әлеуметтік жетім – ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата-ана өз келісімдерімен баладан бас  тарту,  сондай-ақ  ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу;
  • тұл жетім – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады.

Қазір 2014 жылда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер. Республика бойынша жетім және әлеуметтік жетімдер саны 400 мыңнан астам. Бұл сан жыл сайын 8 мыңға толығады.  Сондай-ақ  балалар  үйлерінде  және білім беру жүйесінің басқа да ұйымдарында 11612 бала болса, олардың тек 2106-сы тұл жетім. Қалған 9506 баланың ата-анасы бар. Яғни, әлеуметтік жетімдер [1].

Әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері:

  • отбасы рөлінің төмендеуі; ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің төмендеуі;
  • отбасының, әсіресе жас отбасының материалдық-тұрмыстық қиындықтарға төзе алмауы, жеңе алмауы;
  • мектеп, отбасы және қоғам арасында қарым-қатынастың жетіспеуі;
  • отбасылық тәрбие құндылығының тиісті деңгейде насихатталмауы;
  • балалар мен ата-ананың денсаулық жағдайы;
  • некесіз бала туудың өсуі;
  • ажырасу санының артуы.

Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша, елімізде 2012 ж. 4 млн. 300 мың отбасы болса, олардың орташа құрамы 3,5 адамнан келеді екен. Ал жеті, одан да көп мүшесі бар отбасылар 8 пайызды ғана құрайды. Қазақстанда соңғы 5 жылда некеге тұрғандар саны 683 мыңға жетсе, 179 800 ажырасу тіркелген. Яғни некеге тұрушылар 14,4 – ал ажырасушы жұптар 21,6 пайызға артқан. Осы уақыт аралығында дүниеге келген баланың 20 пайызы некесіз туған [2].

Әр ерлі-зайыпты жұптың баланың болашақ тағдырына жауапкершілікпен қарамауы, сондай-ақ  бала   алдындағы   ата-аналық   парыз бен азаматтық сана-сезімінің төмендеп кетуі әлеуметтік  жетімдіктің  негізгі  себебі  болу-  да. Адам қашанда өзі жасаған іс-әрекетін  өзінше ақтайды. Бірақ әрбір  отбасында  әке  мен шешенің рөлі, мәртебесі түпкі темірқазық болып табылатынын ұмытпау керек.  Әрбір бала өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, отбасында өмір  сүруге және тәрбиеленуге, өз ата-аналарын білуге, олардың қамқорлығында болуға және олармен бірге тұруға құқылы.  Әрбір  ата-ана  өз баласын асырап-бағуға және тәрбиелеуге, денсаулығына қамқорлық жасауға, орта білім алуын қаматамсыз етуге міндетті. Бұл қағидалар халықаралық және ҚР заңнамаларында көзделгенімен, елімізде ата-аналары тірі бола тұра, баласын тірі жетім атандырып, балалар үйінде қалдырып жүрген қандастарымыз көп. Міне, осылайша, қоғамымызда әлеуметтік жетімдік деген ұғым қалыптасқан. Әлеуметтік  жетімдіктің алдын алу – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Тастандылық – жеке адамның өміріне қауіп төндіретіндіктен, оны азаматтық еріктілік деп емес, қылмыс ретінде бағалау дұрыс болады. Заңға кісі өлтіргені үшін қандай жауапкершілік жаза қолданылса, тастандылыққа да тап сондай жаза заң түрінде белгілену қажет.

Адамның қоршаған ортамен тиімді өзара әрекеттесуінің негізгі бір жолы өз өміріне және іс-әрекетіне қауіпсіз қызмет ететін (кепіл бере алатын) үйлесімді, жан-жақты қарым-қатынас орнату болып саналады. Осы байланыстар туылған сәтінен бастап адамның үздіксіз дамуын, әрі жетілуін қалыптастырады. Жабық мекемелерде және балалар үйінде тәрбиеленушілер туралы айтқанда, бұл топтағы балалар ерекше және әр текті құрам.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін шетел (А. Адлер, А. Фрейд,  Дж. Боулби, С. Порванс, Р. Липтон, М. Айнсворз, Р. Шпиц, Э. Пиклер, М. Винцежәнет.б.) психологзерттеушілер белсенді түрде қарастырды. Олар ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, тіпті, өмірінің алғашқы жылында-ақ отбасында тәрбиеленіп жатқан, өзімен жасты балалардан ерекшеленіп тұрады. Ата-аналардың өз балаларын қабылдамауы олардың тұлғалық дамуына ауыр зардап әкелетіндігін айтады.

Қазақстандық ғалымдар Г.С. Әбдірайымова, Г.О. Әбдікерова, З.Ж. Жаназарова, К.У. Биекенов, М.С. Садырова, С.М. Дүйсенова және т.б. ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерінде жастардың әлеуметтенуін, жастар саясатын, және отбасын әлеуметтік қорғаудың аспектілерін зерттеген жұмыстары бізге балалар үйінде тәрбиеленушілердің өзекті мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің отбасында тәрбие алған балалардан төмендегідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:

  • көңіл-күйдің төменгі, жағымсыз фоны;
  • эмоцияның жұтаңдығы, қарым-қатынастың эмоциялық біркелкі тәсілі;
  • көңіл-күйдің тез ауысуына бейімділігі (жылау, айқайлау, көңіл-күйдің көтерілуі, агрессия, қабағы ашылмаушылық);
  • эмоциялық үстірттік, жағымсыз күйзелісті тез ұмыту үшін жуып-шаюға икемділік;
  • қоршаған ортамен байланыстың эмоциялық тұрақсыздығы;
  • әлеуметтік байланыстарда адамдармен тәжірибенің жоқтығы (оқуда, жұмыста, қызмет көрсету орындарында және т.б.);
  • еңбектенуге қабілеттіліктің және қажеттіліктің қалыптаспауы;
  • өмірдің материалдық жағын түсінбеушілік, арқа сүйеушілік;
  • өмірде қалыпты отбасы құруға тұлғалық тәжірибенің жоқтығы;
  • өзіне тән даралықтың дамымауы;
  • психикалық денсаулық күйінің нашарлығы [3].

Мұнымен қатар олар адамның құрсақтағы кезеңінде өмірлік қажеттіліктер мен мүмкіндіктің жоқтығы тұлғаның дамуындағы өзіне  тән ерекшеліктерге және организмнің қалыптасуындағы жағымсыз күйге әкелетіндігін анықтайды. Осы күйдің пайда болуының себебін анықтауда ғалым психологтар «депривация» терминін қолданады.

Депривация – психология мен  медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы [4].

Көптеген зерттеушілер депривацияны адамның өмірде қандай да бір маңызды қажеттілікке толық қанағаттанушылығының жоқтығы деп тұспалдайды. Баланың өмірін әлеуметтік шектеу жағдайы және басқа да әсерлер ерекше психикалық күй – психикалық депривацияның пайда болуына әкеледі. Жетім балаларға қатысты осы мәселені қарастыруда ұзақ уақыт аралығында маңызды психикалық қажеттіліктен айырылу ерекше әлеуметтік мағына болып есептеледі. Депривация тұлғаның қалыпты эмоциялық көрініс шеңберінен шықпай-ақ жеңіл өзгерістер түрінде пайда болуы да мүмкін.

Психикалық депривация проблемасын ғылымда ұзақ уақыт зерттеуді қажет етеді. Алайда депривация тұжырымдамасының өзіндік шығу тегі бар. Кез келген құбылыстың дамуын қарастырғанда ғана оның нәтижесі соншалықты толық әрі түсінікті болуы мүмкін.

Бұл терминнің этимологиясына үңілсек, ағылшын, француз, испан тілдерінде  «бөлу»,  ал орыс тілінен аударғанда «жеке, жабық, бөлек» мағынасында айтылады. Этимологиялық талдаудың өзі айтып тұрғандай, депривация қажеттіліктердің  өтелмеуі,  соның нәтижесінде оларды қанағаттандыратын қайнар көздерден бөлінуі.

«Депривация» терминін ағылшын психологы Дж. Боулби еңгізді. Ол өзінің 1952 жылы жарияланған «Ана қамқорлығы және психикалық денсаулық» атты еңбегінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ана қамқорлығынан және сүйіспеншілігінен айырылған балалар эмоциялық, дене және интеллектуалды дамуы жағынан артта қалғанын атап өткен [5].

Депривация феноменінің ашылуы ғылымда өте маңызды орынға ие болды. Аталған ұғымға қызығушылық білдірген бірқатар зерттеушілер түрліше анықтама береді, дегенмен де олардың мағынасы бірдей. Мәселен, В. Каган «депривация» терминін субъектінің өзіне маңызды, қажетті нәрселерден айырылып қалғанда білінетін күй деп санаса, үлкен психологиялық түсіндірме сөздіктің авторы А. Ребердің ойынша, "қандай да бір қалаған объектіден немесе адамнан айырылғанда немесе оны жоғалтқанда көрінетін күй". Ал Ч. Райкофт психоаналитикалық терминдер сөздігінде, депривацияны «қажеттіні ала алмау тәжірибесі» деп анықтаған [6].

З. Матейчик, Й. Лангмейердің депривация тұжырымдамасында отбасынан тыс тәрбиеленіп жатқан бала тұлғасының дамуы ішкі және сыртқы жоспардағы кикілжіңдер арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы жағдайда – тұлға мен қоғам арасында, ал ішкі жағдай тұлғаның 3 субстанция арасында жоғары «Мен» (тұлғаның ұғынылатын әлемі) және «Оно» (іс жүзіне аспайтын, меңгере алмайтын) болады. Бұдан шығатын қорытынды, отбасын жоғалтқан баланың тұлғалық даму заңдылықтары динамикалық және әртүрлі қажеттіліктеріменмотивтердіқанағаттандыруды зерттеуден туындайды. Бұл тұжырымды жақтаушылар депривацияны балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекше психикалық күйі ретінде бөліп көрсетеді де, онда ұзақ уақытқа шектелген психологиялық қажеттіліктерді төмендегідей типтерде көрсетеді:

  • сенсорлық – әртүрлі модальді ынталандырулардың жетіспеушілігінен туындаған (көру, есту);
  • когнитивтік – оқуға және әртүрлі дағдыларды меңгеруге қанағаттанбаушылықтан және ортаның жұпынылығынан туындаған;
  • эмоциялық – үлкендермен, ең алдымен, анасымен және өз құрбыларымен қарым-қатынастың жетіспеушілігінен туындаған;
  • әлеуметтік – әлеуметтік рөлдерді меңгерудің құралы болатын қоғамда өз орнын таба білу мүмкіндігінің жоқтығынан және іс жүзіне асыра алмауынан туындаған [7].

Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу балалар үйінде тәрбиеленушілердің даму жағдайының 4 түрін анықтайды: аналық депривация (баланың биологиялық анасымен байланысының болмауы), сенсорлық депривация (қабылдау айқындығының төмендеуі), әлеуметтік депривация (баланыңбасқаадамдарменқарым-қатынасының шектелуі), эмоциялық депривация (қарым-қатынасқа  түсу барысында   эмоцияның   әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі). Түрлі депривация салдарынан балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер жалғыздықты қатты сезініп, ішкі жан дүниелері күйзеліске түседі. Өздерінің көңілдерін ішімдік ішу, темекі тарту арқылы жұбатқандай болады. Үлкендерден, достарынан жақсы нәрсе күтпейді, ал бола қалған жағдайда ол нәрсені үреймен, сенімсіз оймен қабылдайды. Мұндай жағымсыз эмоциялық күй, жалғыздық сезімі олардың жүйкесі мен психикасының бұзылуына, түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. Тұлғалық, психикалық бұзылыстар, ең алдымен, жасөспірім жетімдерде түрлі аурудың белгілерін, үрейлерін, мазасыздықтың жоғарылауын, әлеуметсізденуін,   бейімсіздіктерін туғызып, оларды ерте психикалық жарақаттануға әкеледі. Л. Ярроудың жетім балалардың дамуындағы артта қалушылықтың күрделі түрлерін аналық депривациядан деп есептейтіндігінде көптеген психолог зерттеушілер де келісті. Нақтырақ айтсақ, ағылшын психологы Р. Бернс өз талдауында: жаңа туылған нәрестенің ата-анаға немесе оның орнындағы тәрбиешіге, күтушіге бауыр басуы кезіндегі сәтсіздіктер келешекте ол баланың Мен тұжырымдамасының жағымсыз, өзіне-өзі сенбейтін, шектен тыс тұйық, тіпті, агрессивтілік жағдайда дамуға әкелетінін айтады. Өйткені, балада ең алдымен, жалғыз қалу, ешкімге керек болмау сезімі пайда болып, содан кейін ол жағымсыз Мен-тұжырымдамасының негізіне айналады. Бұл өз кезегінде, яғни жетім баладағы енді қалыптасып келе жатқан Ментұжырымдамасында аналық депривация салдарынан жағымды, адамгершілік сапалары жойылады, сондықтан да ол өзін басқа адамдардан агрессияның   көмегімен   қорғайды  айналасын өзіне жау санайды [8].

Э. Эриксонның пайымдауынша, мұндай балаларда айналасына деген негізгі сенім қалыптаспайды, керісінше, жауластық сезімде болады. Ал Г.М. Сысоева өмірде маңызды қажеттіліктерге қанағаттанбаған баланың агрессиялық, дөрекі әрекеттері олардың қорғаныш реакциялары болып табылады. Осындай теріс әрекеттерге бару арқылы олар өздерін төмендетпеуге тырысатынын өз жұмысында атап көрсетеді.

Мен тұжырымдамасы отбасынан тыс өскен балалардағы терең эмоциялық жайсыздықтың да, сондай-ақ ұдайы алаңдаушылықтың да салдары болып табылады. Бұл балаларда жеке құндылық туралы түсініктері, әлеуметтік нығаю жолдарының болмауынан терең эмоциялық жайсыздықты бастан кешіп, оның соңғы агрессивтік мінез-құлыққа айналуы. Міне, жетім балалардың қоршаған ортаға әлеуметтенуінің қиындығының өзі осыдан көрініс береді.

Қазақстандық ғалым А.Т. Ақажанованың жабық мекемеде тәрбиеленушілердің девианттық мінез-құлықтарын зерттеуге арналған  көп  жылдық  зерттеуінде,  қазіргі  таңда ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелейтін интернат типтес мекемелерде тәрбиеленушілердің көпшілігі әлеуметтік жетімдер екендігін айта келе, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің және тәрбиеленушілердің қатыгездіктері, агрессивтік мінез-құлықтарының қалыптасуы мен олардың көрініс беруіндегі түрткі болатын негізгі факторларды атап көрсетеді. Олар эмпатияның жоқтығы, өзін-өзісыйлауменөзін-өзібағалаудың төмендігі, отбасында материалдық қажеттіліктің қанағаттанбауы, қолайлылықтардың жетіспеуі, жағымды ахуалдың болмауы, өмірде кездескен сәтсіздіктерден уақытша болса да құтыламын деген қате оймен ішімдікке салыну, үйден қашу, үлкендердің бақылауынан тыс қалу немесе атаананың шектен тыс қадағалауы және т.б. жайттар [9].

Қазіргі кездегі осы мәселе төңірегінде отбасында тәрбиеленген балаларда қарым-қатынастың жетіспеуі, тәрбие-білімнің сапасыздығы, әртүрлі үй шаруа еңбектеріне бейімсіздігі, әлеуметтік, экономикалық себептермен қатар ата-ананың рухани-адамгершілік тұрғыда азғындауынан және т.б. жағдайларға байланысты қоғамдағы жастарда теріс құбылыстар көрініс табады.

Е.М. Рыбинскийдің көзқарасында, әлеуметтік жетімдік – отбасында ата-аналық парыздары мен міндеттерін орындамауы салдарынан балаларының қараусыз қалу құбылысы [10].

Психолог Т.И. Юферева интернатта тәрбиеленуші жасөспірімдердің жыныстық ерекшеліктерінің қалыптасуына байланысты арнайы зерттеулер жүргізді. Онда жетім жасөспірімдердің мотиві, құндылық бағдарлары, өзін әйел немесе ер адам ретінде қабылдауларын, сонымен қатар оларда қалыптасқан түсініктерін іс жүзіне асырудағы мінез-құлықтың өзгеше тәсілдерін қарастырады. Ол интернат жасөспірімі мен отбасында өскен жасөспірімдерге «Мен қазіргі әйел мен ер адамды қалай елестетемін» деген тақырып бойынша шығарма жаздыру арқылы тексереді. Зерттеу қорытындысында отбасында өскен жасөспірімдерде бірінші орында әйел мен ер адам бейнесінде отбасы туралы түсінік тұрады және бұл ұғымдар жағымды сипаттарға толы. Ал интернат тәрбиеленушілерінде, бір жағынан, әйел және ер адам бейнесінде өзі аз орынды алатыны, екінші жағынан, отбасы туралы ойлары түсініксіз, көмескілігімен, абстрактілігімен ерекшеленетіні, жағымсыз эмоциялық пікірлер басым болғандығы мәлім болды [11].

Бұл зерттеу нәтижесінен бізді ойландыратын мәселе: егер интернат тәрбиеленушісі гендерлік сәйкестік үлгілерін өздерін қоршаған қарсы жыныс өкілінен алатын болса, жақсы әйел мен жақсы ер адам, ана мен әке үлгілерін олар қайдан алмақ. Отбасы психологиясы  саласындағы мамандардың айтуынша, балалар өз отбасында ереже бойынша, ата-ананың мінез-құлқын тура және дәлме-дәл әкесін және анасын қайталайды. А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых, М.И. Лисина жүргізген зерттеулер қорытындысы бойынша, егер қалыпты отбасында тәрбиеленген жасөспірімнің өз әдемілігі туралы қарсы жыныс өкіліне айтуы өте сирек кездессе, интернатта мұндай фактілерден көз аша алмайсыз. Сондықтан да олар жыныстық кезеңді ерте бастап, одан ұялмайды, қайта мақтан етеді. Егер белгілі бір себептерге байланысты жігіт пен қыз сексуалды серіктес ретінде «бір-біріне керек болмаған жағдайда» бұл әжептәуір әңгімеге айналады [12].

В.С. Мухинаның пікірінше, мұндай жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себептері «сүйіспеншілікке қажеттіліктің»орындалмауы,бұл жасөспірімдердің жеке тұлғасының бұзылуына әкеледі. Ата-ананың сүйіспеншілігіне қанықпаған бала тәрбиеге көнбей, даму барысындағы тұлғалық қиындықтарға, эмоциялық күйзелістерге бейім, өтірік айту мен көреалмаушылық  сезімдерге  тез бой алдырады. Л.С. Славинаның айтуынша, мұндай аффективті реакциялар (төбелесу, агрессия, тұрпайылық) өмірдегі маңызды қажеттіліктерге қанағаттанбаған баланың қорғаныш реакциясы болып табылады, ол сол арқылы өз мүмкіндіктерінің бағасын төмендетпеуге тырысады [13].

Өз  өмірінде  отбасылық   өмірді   көрмей өскен бала алдағы  өмірінде  де  қалыпты  отбасы құрып кетуі өте қиын нәрсе. Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  2012  жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында жарияланғандай: «Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс. Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті» [14], деп жастардың алдына үлкен жауапкершілік пен міндет артады. Яғни әрбір бала болашақта берік отбасы болуы үшін, ол отбасылық өмірде дұрыс тәрбиеленуі керек екендігін ескертеді.

Әлеуметтік жетімдіктің проблемалары мен салдары, қараусыздықтың алдын алу шаралары, сәтсіз құрылған отбасылармен жұмысты ұйымдастыру И.Ф. Дементьев, А.А. Шульгин, Л.Я. Олиференко, Е.М. Рыбинский, В.М. Целуйко, Ослон В.Н., Овчарева Р.В., Казанская В.Г., Ауталипова У.И., Садвакасов З.М. және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Әлеуметтік жетімдіктің салдары балалар үшін өте ауыр және олардың кейінгі өмірлерінде де көрініс береді. Тұқым қуалаушылық, биологиялық  және  жағымсыз  әлеуметтік  факторлар - ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың дамуындағы түрлі ауытқушылықтардың себептері болып табылады. Психологиялық, дәрігерлік, педагогикалық және әлеуметтік проблемалар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тән болып келеді.

Әлеуметтік жетімдіктің тағы бір себептеріне: халықтың материалдық жағдайының күрт төмендеуі, ата-аналардың жұмыссыздығы, елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, білім беру мен тәрбие жүйесіндегі өзгерістер, білім беру мен мәдениет салаларының жекеменшікке айналуы және төлемақысының өсуі, экологиялық, стихиялық апатты жағдайлар және т.б. Бұл фактілер адамның санасына жағымсыз әсер етіп, нәтижесінде отбасылық қарымқатынастарға кері ықпалын тигізеді. Оның салдарынан демографиялық көрсеткіш төмендейді, ажырасу жағдайлары, толық емес отбасылар көбейеді, үй-күйі жоқ кезбе балалар пайда болады.Осы мәселелерге қатысты мемлекет те өз шамасы келгенше қолдаулар көрсетуде. 2012 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша республикада 87 мектеп (3-еуі балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, 33-і білім бөлімдерінің, 26-сы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, 25-і жалпы орта білім беретін мектептердің жанында) пен 58 қызмет (4-еуі білім бөлімдерінің, 20-сы жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, 34-і жалпы орта білім беретін мектептердің жанында) жұмыс істейді. 2012 жылғы 1 қаңтар мен 10 тамыз аралығында мектептер мен қызметтер 9763 адамды қамтыған 297 түрлі іс-шара мен 2902 кеңес өткізді. Соның ішінде 551 тұрақты тыңдаушы қатысқан 116 сабақ өткізілді.  104   оқыту семинарларына 1645 адам, оның ішінде, 402 (24 %) өз отбасына бала қабылдауға ниетті азаматтар қатысты. 4304 қамқоршыға, қорғаншыға, патронаттық тәрбиешіге және бала асырап алуға тілек білдірген азаматқа заңдық, психологиялық және педагогикалық (заңдық сұрақтар бойынша 1079 (36%), педагогикалық және психологиялық сұрақтар   бойынша   1828   (61%)   адамға)  көмек көрсетілді [15].

Бас прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау бойынша департаментінің бастығы Қанат Сейдғапбаровтың   мәлімдеуінше,   соңғы 7  жылда 14 мың баланың 832-сі ғана, яғни 6 пайызы бекітілген үйлеріне оралған. Ал мемлекеттен 823-і (5,8 пайызы) ғана пәтер алыпты. Балалар үйінен тәрбие алып шыққандардың 12 мыңнан астамында баспана жоқ. Оның ішінде тек жартысы ғана тіркеуде  тұр екен. Ал баспанаға  зәру жетім балалардың жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарында анықталған. «Бүгінде интернаттық мекемелердегі 10 мың 887 тәрбиеленушінің 6 пайызында немесе 700-ге жуығында бекітілген баспанасы бар. Баспана кезегінде 8 мыңнан астам бала тұр немесе 81 пайызы», – деді департамент басшысы. Сондай-ақ Қанат Сейдғапбаров қамқорлығын алушылар мен патронат тәрбиешілерге төлемдерді арттыру арқылы интернаттық мекемелерде жетімдердің санын төмендетуге болатынын айтып өтті. Қазақстанда ата-анасызқалған 34 мың баланың тек 2 мыңы немесе 6 пайызы ғана патронаттық тәрбиеде екен. Департамент басшысының пікірінше, бұған қамқорлыққа алу мен патронаттық тәрбие берудің жеткіліксіз деңгейде қаржыландырылуы себеп болуы мүмкін. «Мәселен, интернаттың бір тәрбиеленушісіне ай сайын 70 мың теңгеден астам қаржы қарастырылады. Ал қамқорлыққа алушыларға бір бала үшін 17 мың теңге, патронат тәрбиелеушілерге 27 мың теңге бөлінеді», – дейді Қ.Сейдғапбаров. Сондай-ақ департамент басшысы қазіргі кезде баспана алу бойынша 2 мың бала негізінен бюрократиялық себептердің салдарынан кезекке тұрғызылмағанын, ал кей жағдайларда жетімбалалардың өздерінде болған баспаналар олардың иелігінде сақталмай жататынын мәлім етті. Балалар үйлеріне мемлекет жылына 8 133 миллион теңге жұмсайды екен. Бұл қаржының жартысы балалардың тамағы мен киім-кешегіне,шамамен15пайызыкоммуналдық шығындарға, ал қалғаны жұмысшылардың жалақысына бағытталатынын айтып өткен Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов жетім балаларға баспана уақытылы берілмеген жағдайда,  әкімдік  қызметкерлері  жазаланатынын мәлімдеді. «Қазақстан Республикасының кейбір  заңнамалық  актілеріне  жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қал-  ған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы парламентке енгізілген. Вице-министрдің айтуынша, құжат қабылданған жағдайда жетім балалар мемлекеттік тұрғынүй қорынан баспана алуға бірінші кезектегі құқыққа ие болады. Заң жобасында жетім балалардың құқын баспана бойынша уақытылы қамтамасыз етпегені үшін жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына әкімшілік жауапкершілік қарастырылған [16].

Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар шарасыз, дәрменсіз және қашып барар жері жоқ. Бұл шешімін табуы тиіс болған  ең өткір мәселе, ата-анасының қамқорлығынан  айырылған  балалар  тәлім-тәрбие  алатын мекемелердің жұмысын мейлінше ашық етуге және балалардың құқын қорғауға мүмкіндік беретін тетіктерді табу қажет. Бүлдіршіндер 3-4 жасқа дейін Денсаулық сақтау, мектепті аяқтағанға дейін Білім және ғылым министрлігінің құзырында болады. Мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінеді.

Нәтижесінде соңында барар жер таппай қалады. Олардың мектептен кейінгі өмірлерін ешкім қадағаламайды, әр бала өзінің мектептен кейін қайда баратындығын ойлап, алаңдайды, қорқыныш пен өмір сүреді. Осы жүйе  басынан аяғына дейін дұрыс жолға қойылса, мүмкін отбасында тәрбие алған балалар мен мекемелерде тәрбиеленген балалардың арасында айырмашылық қатты алшақтамайтын еді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Ахметова Н. Жетімдер саны жыл сайын 8 мыңға көбейеді // http://kaztrk.kz/rus/news/obschestvo/Zhetimder_sani_azajar_html
  2. Галагузова И.Г. Бүгінгі отбасының әлеуметтік мәселелері //http://malimets.clan.su/publ/pedagogika
  3. Агафонов А.Н., Меңлібаев Қ.Н. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар: оқу құралы. – Астана: «Парасат әлемі», 2005. – 214 б.
  4. Боқаев Қ. Жетімін жаутаңдатпаған ел едік // Ана тілі. – 14-20 наурыз, 2013. – №11. – Б.11.
  5. Дж. Боулби. Детям – любовь и заботу // Лишенные родительского попечительства: хрестоматия. – М., – С. 148.
  6. Садвакасова З.М. В помощь социальному педагогу, или как работать с трудными детьми: учебно-методическое пособие. – Алматы, 2008. – 192 c.
  7. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПб.: Питер, 2007. – 713 c.
  8. Стрельченко Д.С. Оптимизация процесса развития познавательных способностей государственных служащих. – М., 2003. – 192 c.
  9. Ақжанова А.Т., Ельшибаева К.Г. Психологическая служба в закрытых учреждениях: учебное пособие. – Алматы: Нұрпринт, – 112 c.
  10. Рыбинскиий Е.М. Управление системой социальной защиты детства: социально-правовые проблемы. – М.: Академия, 2004. – 20 c.
  11. Юферева Т.И.Особенности формирования психологичекого пола у подростков, воспитывающихся в семье и школеинтернате // Возрастные особенности психического развития детей. – М., 1992. – 225 c.
  12. Прихожан А.М., Тостых Н.Н. Работа книга школьного психолога. – М.: Просвещение, – 374 c.
  13. Изард К.Е. Психология эмоций. – СПб.: Питер, 2009. – 24 с.
  14. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы.
  15. Нығыметова А. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу // http://www.bala-kkk.kz/kk/node/765
  16. Дауылбаев А.  Жетімдердің  жағдайын  жасырудың  жөні  бар  ма?  //  http://prokuror.gov.kz/kaz/prokuratura/bak-basprokuratura-turaly

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.