Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Саяси-құқықтық салада тұлғаның әлеуметтену мәселелері

«Саяси әлеуметтену» ұғымы әлеуметтену ұғымына қатысты қалыптасты. Бұл ұғымды ғылыми танымға алғаш рет өткен ғасырдың соңында америкалық социолог Ф. Гидденс пен француздың әлеуметтік психологтары енгізді. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап «саяси әлеуметтену» ұғымы тұлғаның саясатқа араласуына қатысты қолданыла бастады. Егер әлеуметтенудің негізгі мәні адамның белгілі бір талаптар мен құндылықтарды, білімдер жүйесін игеру арқылы қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде қалыптасуында болса, онда саяси әлеуметтенуді тұлғаның саяси қатынастарға, қоғамдық-саяси өмірге ену процесі – деп айтуға болады. Кең мағынасында алып қарағанда, саяси әлеуметтену – бұл адамның өмір сүру циклінің барлық кезеңдеріндегі ресми және ресми емес, мақсатты түрде бағытталған немесе алдын ала жоспарланбаған, саяси немесе адамның саяси мінез-құлқына, саяси бағдарына әсерін тигізетін саяси емес оқудың, жалпы алып қарағанда, саяси білім берудің бүкіл жүйесін қамтиды.

Тұлғаның саяси әлеуметтенуіне қатысты қалыптасқан концепцияларды екі топқа бөліп көрсетуге болады:

  1. «Бейімделу» теориясы – саяси әлеуметтенуді жеке адамның қалыптасқан саяси жүйеге бейімделу процесі, деп түсіндіреді.
  2. «Іс-әрекеттік» теориясы саяси әлеуметтенуді жеке адамның да қалыптасқан саяси жүйенің де екі жақты белсенділігіне негізделген процесс.

Американлық социолог Н. Смелзер саяси әлеуметтенуге балалардың және жасөспірімдердің өздерін қоршаған саяси ортаға тән мінезқұлық үлгілерін, өмірлік бағыттарды, идеяларды игерудегі эволюциялық процесс – деген анықтама береді.

Саяси әлеуметтену – уақытқа және орынға қатысты нақты-тарихи процесс. Ол қалыптасқан құрылыммен, қоғамдық қатынастармен байланысты.

Әлеуметтенудің, оның ішінде саяси әлеуметтенудің адамның жас ерекшелігіне қатысы бар ма? Әлеуметтену процесінің уақыт жағынан алғанда өзінің шегі бар. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдерінің шегін жеке адамның дамуының жас ерекшелігіндегі өзгерістермен байланыстыру қабылданған [1]. Мұндай көзқараспен келісуге де болады. Бірақ, ескере кететін жағдай, бұл жеке адамның әлеуметтенуін қоғамдық қатынастардың қандай да бір сферасына және адамның іс-әрекетіне қатыссыз,  абстракті  түрде уақыттық аралықтарға бөлуге  болмайды. Соңғысы әлеуметтенудің мазмұнына ғана емес, сонымен бірге оның уақыттық шегіне де ерекше із қалдырады. Әлеуметтенудің әрқилы түрлеріне қатысты бұл уақыттық шектердің ұқсастығына қарамастан, саясат сферасында олар анық көрінетін өзіндік сипатқа ие  болады. Саяси әлеуметтену процесінің уақыттық шегі әлеуметтік психологияда аталғандай балалықтың ертеректегі кезеңімен және жасөспірімдік кезеңмен шектелмей, олармен бірге тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының неұрлым кешірек кезеңдерін де қамтиды. Өйткені саяси әлеуметтену процесі арқылы саяси қатынастардың субъектісі ретінде мемлекеттің азаматы қалыптасады.

Америкалық әлеуметтанушылар Г. Хаймон, Ф. Гринстайн, Д. Истон, Р. Хесстің кең көлемді эмпирикалық материалдарды талдау негізінде жасаған шешімдері бойынша, саяси әлеуметтену мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. ХХ ғасырдың 60-жылдары жүргізілген зерттеулер бойынша және оның шешімдеріне негізделген кейініректегі еңбектерінде Д. Истон және Р. Хесс «ересек кезеңге аяқ басқалы тұрған саяси жүйе мүшесінің нағыз қалыптасатын уақыты үш және он үш жастың аралығы болуы тиіс», – деп атап көрсетеді. Америкалық мамандардың пікірлері бойынша, дәл осы кезеңде «қоғам мен режимге қатысты негізгі саяси бағыттар қалыптасып бекітіледі».  Сонымен  қатар   Д. Истон мен Р. Хесс бұл бағыттардың рационалды емес, айқын түрде эмоционалды сипатқа ие болатындығын   айтады.  Америкалық   социолог Н. Смелзер саяси көзқарастардың дамуындағы негізгі кезең 9-дан 13 жас аралығындағы уақыт деп  есептейді. Жалпы америкалық авторлардың еңбектеріне сүйенетін болсақ, олардың көпшілігі жеке адамның саяси әлеуметтенуінің ересек кезеңінде ғана саяси сананың өте маңызды деген өлшемдерінің орын алатындығын ерекше атап көрсетеді.

Балалық және жасөспірімдік кезеңде, негізінен, саяси білімді көтеру және қоғамда қалыптасқансаяси құндылықтарменбағыттарды эмоционалды, танымдық сипатта игеру жүзеге асады. Саяси қатынастар мен байланыстардың дамуына «өзіндік» өзгерістер енгізу арқылы өздерінің белсенділіктерін көрсету 18 жастан басталады. Саясат сферасындағы әлеуметтену процесі тұлғаның қалыптасуының бірқатар кезеңдерімен шектелмейді. Бұл – адамның бүкіл өмірін қамтитын процесс. Саяси әлеуметтену процесі қоғамда қалыптасқан мәдениеттің сипатына, даму дәрежесіне ғана емес, әлеуметтеніп отырған субъектінің психикалық ерекшелігіне де тәуелді болады.

Саяси жүйенің арнайы институттарының қатарына  жататындар:  а)  мектеп;  ә)   жастар ұйымдары; б) армия; в) қоғамдық-саяси ұйымдар немесе партия. Балалық шақтан бастап тұлғаның саяси әлеуметтенуіне әсер ететін агенттердің қатарына жоғарыда аталғандармен бірге бұқаралық ақпарат құралдарын жатқызуға болады. Аталған иституттар арқылы қоғамның мүддесіне жауап беретін саяси мінез-құлықты қалыптастыру жүзеге асырылып отырады.

Жалпы әлеуметтенудегі сияқты саяси әлеуметтену процесінде де тұлғаның қалыптасуының  екі бағыты айқындалады.

Жалпылық - бұл жеке адамның бойында тұтас әлеуметтік топқа немесе қауымдастыққа, қоғамға ортақ мінез-құлық үлгілерінің қалыптасуын көрсетеді. Жекелік – жеке адамның бойында өзіндік, қайталанбайтын мінез-құлық үлгісінің қалыптасуы. Осы бағыттарға сәйкес саяси әлеуметтену ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншіден, жеке адамның саяси жетілу процесін, оның саяси «Менінің «қалыптасуын, саяси өмірге өзіндік көзқарасының дамуын, өзіндік саяси бағытының айқындалуын көрсетеді. Екіншіден, саяси көзқарастарды, идеяларды, талаптарды, саяси мәдениетті бір ұрпақтан екіншісіне, бір әлеуметтік топтар мен көпшіліктерден басқа әлеуметтік топтар мен көпшіліктерге жеткізу процесін білдіреді. Осы мағынасында «саяси әлеуметтенуді» «мәдени трансмиссия», –  деп те атайды. Екі жағдайда да саяси әлеуметтену түрлі дәрежеде (жеке және қоғамдық) жүзеге асырылғандығына қарамастан біртұтас процесті білдіреді. Тұлғаның дамуы әлеуметтенудің қарама-қайшылықты біртұтастығының нәтижесі. Яғни, қоғамның, таптың, әлеуметтік топтардың құндылықтарына араласу арқылы қоғамдық қатынастарды қабылдау және сонымен бір уақытта жекеліктің қалыптасуы. Тұлға бір уақытта әлеуметтік-типтік сапалардың және ерекше белгілер мен қасиеттердің таратушысы болып табылады.

Саяси әлеуметтенудің жекелік дәрежесі тұлғаның саяси жетілуіне мүмкіндік бере алатын, ал басқа жағынан қарағанда қоғамда қалыптасқан саяси мінез-құлық үлгілеріне сәйкес келуді жүзеге асыратын саяси «Меннің» қалыптасуын көрсетеді. Хронологиялық жағынан алып қарағанда, саяси әлеуметтенудің бұл түрі адамның бүкіл өмірін қамтиды. Оның негізгі кезеңдері – балалық шақ,  жасөспірім шақ және ересек кезең. Бұл кезеңдердің әрқайсысына саяси бағыттардың өзіндік түрлері сәйкес келеді: балалыққа белгілі бір саяси тұтастықпен теңдестіре қарау және оның символдарын үйрену; жасөспірім шаққа саяси институттар мен олардың қоғамда атқаратын қызметтерін тереңірек түрде оқу; ересек кезеңге саяси өмірдегі қандай да бір әлеуметтік рөлдерді практика жүзінде іске асыру, саяси оқиғаларға, бағдарламаларға, ұрандарға реакция жасау, т.б. тән.

Ал саяси әлеуметтенудің мәдени трансмиссия түріне келетін болсақ, оның негізгі міндеті - саяси мәдениетті бір ұрпақтан екіншісіне жеткізіп отыру.

Әрбір саяси жүйе адамдарды саясатқа тартудың арнайы әдістерін – саяси әлеуметтену механизмін қалыптастырады. Тұлғаның саяси санасы мен мінез-құлқы саяси  институттармен өзара әрекетке түсуі барысында саяси факторлардың (мемлекеттің құрылу  сипаты мен типі, режим, саяси институттар, партиялар, ұйымдар, қозғалыстар) және саяси емес факторлардың (отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жұмыс, діни ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары) әсері арқылы қалыптасады. Өз мәніндегі саяси емес факторларға әлеуметтікэкономикалық қатынастарды, өмір сүру бейнесін, ұлттық дәстүрлерді жатқызады.

Саяси әлеуметтенудің механизмдері адам мен саяси  жүйенің  өзара  әрекетінің  бірнеше дәрежелерінде қалыптасады. Әлеуметтік дәрежеде (тұтасымен қоғам және ірі топтар) жеке адамға жұмыссыздық, зорлық, террор, т.б. макросоциологиялық факторлар әсер етеді. Соғыс қаупі, экологиялық катастрофалар және басқа да жаһандық мәселелер қазіргі уақытта қоғам, ұлт, таптар дәрежесінде  әсер  ететін саяси әлеуметтенудің дәстүрлі макрофакторларын толықтырады. Әлеуметтік-психологиялық дәрежеде саяси мақсаттар мен құндылықтар жеке адамға ірі және кіші топтар арқылы да жеткізіледі. Бұл дәрежедегі саяси әлеуметтену механизмдерінің   ішінен   маңыздырақ   болып есептелетіндерге еліктеу, сендіру, саяси үйрену және  жеке  адамның  өзін  қандай  да  бір саяси тұтастықпен теңдестіре қарауын жатқызуға болады. Жеке адам дәрежесінде саяси әлеуметтенудің механизмі ретінде оның санасы мен мінез-құлқына басшылық ететін қажеттілік, мотив, құндылық бағыт-бағдарды атап көрсетуге болады.

Отбасындағы және отбасынан тыс алғашқы саяси әлеуметтену саяси сананы қалыптастыру процесінің бастапқы кезеңі болып табылады. Қоғамның өміріне араласу барысында жеке адам көптеген әсерлерге ұшырайды. Осыған байланысты объективті факторлардың ішінен бірінші орынға әлеуметтік жағдай шығады. Адамның қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын нақты орны шешуші мағынаға ие болады. Бірақ сонымен  бір уақытта ол басқа да қоғамдық ресми немесе ресми емес байланыстарға кезігеді. Олардың біреулері адамның қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орнына сәйкес келетін болса, басқалары қақтығысқа килігеді. Жағдайдың қиындайтын тағы бір жағы – жеке адамның өмірлік жолын таңдауы барысында әлеуметтік мәртебесін өзгертуі. Егер адамның әлеуметтік мәртебесі өмір сүру барысында елеулі өзгерістерге ұшырамаса, яғни оның әлеуметтік шығу тегіне және саяси әлеуметтенудің алғашқы кезеңіндегі ортасына сай болса, ал өндірістен тыс байланыстар жүйесі оның қоғамдық өндірісте алатын орнымен қарама-қайшылыққа килікпесе, онда әлеуметтену процесінің алғашқы кезеңінде қалыптасқан саяси сананың бекітілуі жүзеге асырылады. Осығанбайланыстыадамныңәлеуметтік шығу тегі мен жаңа әлеуметтік жағдайының арасындағы қақтығыстың нәтижесінде болатын саяси сананың қайтадан қалыптасуы кеңінен таралған  жағдай  екендігін  ескерген  жөн.  Көп жағдайда ауылдан қалаға немесе аграрлығы басым елден өнеркәсібі жақсы дамыған елге көшіп келуге байланысты. Егер алғашқы әлеуметтену өзінің ертеректегі кезеңінде үзілген болса, онда саяси сана толық бекітілмеген күйде болады да, бейімделу өте қиынға түспейді. Ал әлеуметтену процесі адамның жеке әлеуметтік тәжірибесі арқылы бекітілсе, онда қайтадан әлеуметтену қиынға түсуі немесе ешқандай өзгеріс бол-  мауы мүмкін. Саяси сананың қалыптасуына үлкен ұйымдар да өз әсерлерін тигізеді. Ұйымдардың әсер ету механизмі ресми емес қоғамдық ұйымдардың әсерінен өзгеше болады. Өйткені ресми ұйымдардың ішкі құрылымы өте күрделі. Ресми емес топтардағы байланыстар жекешелендірілгендігімен сипатталады. Мұндай топтардағы әрбір адамның басқалардың мінезқұлқына, іс-әрекеттеріне баға беруіне толық мүмкіндігі бар. Ал ұйымдарда адамдардың байланыстарына, іс-әрекеттеріне идеологияның тигізетін әсері зор. Оның рөлі қоғамдық және саяси сананың тек қана материалдық факторлар арқылы емес, сананың өзіндік даму заңдылықтарының, түрлі әлеуметтік топтардың көзқарастарының өзара әсерлерінің көмегімен қалыптасатындығы арқылы анықталады.

Тұлғаның саяси әлеуметтенуінің әртүрлі типтерінің ішінде үйлесімді, плюралистік, гегемонистік, даулы типтері кеңінен таралған. Үйлесімді тип жеке адам мен мемлекет арасындағы байланыстардың тек қана  құқықтық негізде құрылуын бейнелейді. Гегемонды тип адамның «өзінікінен» басқа саяси жүйелердің барлығына деген негативті қатынасымен анықталады. Плюралистік тип жеке адамның өзінің саяси көзқарастарын қайтадан қарауға,  қоғамда басқа да құндылықтардың бар екендігін мойындауға, диалогқа, келісімге келуге бейім болуын көрсетеді. Даулы тип оппоненттердің саяси көзқарастарын қабылдамай, оларға қарсы тұруды бейнелейді.

Классикалық тұрғыдан  мемлекеттің  кеңінен таралған тоталитарлық, әкімгершілік, либералдық және демократиялық сияқты төрт типі бар. Бұлардың әрқайсысы қоғамның әлеуметтік өміріне араласу механизмінің сипатына қарай тұлғалардың ерекше типтерін қалыптастырады. Тоталитарлық және әкімгершілік жүйе бағыну үлгісіне, либералдық және демократиялық жүйелер мүдделер үлгісіне негізделеді. Сондықтан   да   тұлғаның  әлеуметтену  процесінде механизмдердің тоталитарлық, әкімгершілік, либералдық және демократиялық төрт типін бөліп көрсетуге болады. Тұлғаның әлеуметтену үлгілері әр мемлекеттің саяси жүйесіндегі саяси режимдерге байланысты. Сондықтан да тоталитарлық, әкімгершілік, демократиялық және либералдық тұлға типтерін бөліп көрсетуге болады.

Мемлекеттің саяси режимі тұлғаның әлеуметтенуіне қалай әсер етеді? Түрлі саяси режимдерде билік пен тұлғаның қарым-қатынасы қалай қалыптасады? Түрлі саяси режимдердегі билік пен  тұлғаның  қарым-қатынас  ерекшеліктері 1 -суретте бейнеленген.

  1-сурет –  Тұлғаның билікке қатынасы

Мемлекеттің  индивидтің   ойлау   жүйесі мен мінез-құлқына толығымен әсер етуі бұранда-адамның қалыптасуына алып келеді. Тоталитарлық тип – өзін биліктен бөліп қарай алмайтын, бағыну үлгісі шеңберінде әлеуметтендірілген адам. Оның түсінігі бойынша, билік арқылы жасалатын іс-әрекеттің барлығы қабылданып,  тікелей орындалуы тиіс.

Әкімгершіліктің басты қызметі – мемлекеттің және басқарушы билік топтарының билікке және саяси іс-әрекетке қатысты монополиясын қолдау [2].

Әкімгершілік жүйеде тұлға саяси биліктен алшақтатылған. Халық пен билік бір-бірінен барған сайын алшақтай береді. Мұндай жүйеде тұлға әлі де болса қатаң бағынуда болатын адам. Әйгілі «Әкімгершілік тұлға» еңбегінің авторы Теодор Адорно әлеуметтік орта мен адамның идеологиялық бет-пішінінің арасындағы байланысты көрсетуге әрекет жасап, әкімгершіліктің кейбір жақтарын ерекше бөліп көрсетті. Оның негізгілері: антисемитизм, этноцентризм, саяси-экономикалық консерватизм. Франкфурттық мектептің негізін салушы М. Хоркхаймер әкімгершілік  тұлғаның «... жалпылық  құндылықтарға  бағыну,  беделге көзсіз соқырлықпен еру, оппоненттерге жеккөрушілікпен қарау ...» сияқты сипаттамаларын көрсетеді.

Либералдық бағытты ұстанушы тұлға өзінің еркін көзқарастарымен, диалогқа барлық уақытта дайын болуымен, билікке қатысты өзінің тәуелсіздігі мен жеке позициясын көсетуге тырысып отыратындығымен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда мүдделер үлгісіне негізделген әлеуметтену үлгілері орын алады. Бағынудың орын алғандығына қарамастан оның әсері қоғамда өте жоғары бола алмайды.

Демократиялық мемлекетте тұлға өзінің жеке мүддесін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің мүддесін де қолдап отырады. Мүдделер тұрғысынан алып қарағанда өзара келісімге негізделген жетілген саяси сананың болуы әлеуметтенудің жоғары деңгейінің кепілі, ал әлеуметтену механизмі демократиялығымен ерекшеленеді.

Саяси әлеуметтену процесінің екі негізгі үлгісі   туралы  айтуға  болады. Бірінші  үлгі «бағыну үлгісі» ағылшын ойшылы Т. Гоббстың еңбектерінде  дамытылды.  Ол  –  күшті мемлекет     теориясының  негізін  салушы. Т. Гоббстың көзқарасы бойынша еріксіз көндіруге негізделген билік адамдарды бақытсыздықтан, билік жоқ болған жағдайында мүмкін болатын қиындықтардан құтқарады. Табиғи күй Т. Гоббстың көзқарасы бойынша, адамдардың бір-біріне қарсы соғыс күйі. Бағыну үлгісінің негізінде басқарушы режим таратып отырған құндылықтар мен мақсаттарды қабылдап, индивидтің билікке бағынуы жатады. Табиғи құқықтың рационалдық мектебінің теорияларына В.Н. Татищевтің көзқарасы да сәйкес келеді.

Саяси әлеуметтенудің бұл үлгісі Ч. Мериам, Г. Лассуэл, Д. Руссо, С. Верба еңбектерінде дамытылды. Кеңес өкіметі тұсында саяси әлеуметтенудің осы үлгісі қолданылды. Саяси құндылықтар мен мақсаттарды қабылдау күш көрсету, бақылау әдістері арқылы жүзеге асырылды.

Саяси    әлеуметтенудің  екінші    үлгісі    – «мүдделер    үлгісі» А. Смит, Г.Спенсер, У. Годвин еңбектерінде орын алды. Мүдделер үлгісі либералдықдемократиялық мемлекеттерге тән. Мұнда тұлға өзінің қажеттілігіне, талғамына, қызығушылығына қарай мінезқұлық үлгілерінің моделін өзі таңдайды. Осылайша, мүдде – саясатты қозғалысқа салушы саяси-әлеуметтік механизм. Табиғи құқықтың рационалдық мектебінің басты тұлғасы Дж. Локк болды. Ол мемлекеттік билікті шектеу туралы айтқан еді. Локк саясат сферасында адам тұлғасының құндылығы туралы көзқарастарды қолдады. Заңдылық туралы концепция Локкта 2 негізгі бөлімнен тұрады.

  1. Заң мен еркіндіктің қатынасы: еркіндік бұл заңға сәйкес өмір сүру.
  2. Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі.

Локктың жасаған адамның табиғи құқығы туралы концепциясын әйгілі саяси қайраткер Томас Джефферсон қабылдады. Ол өзінің АҚШтың тәуелсіздігі Декларациясында (1776 ж.) Локктың адамның табиғи құқығы туралы триадасын (өмір, еркіндік, меншік) сәл басқаша түрде (өмір, еркіндік, бақытқа  талпыну)  қабылдады. Т. Джефферсон адам ақылына билік жүргізетін үстемдікке өзінің  қарсы екендігін білдірді.

Тұлғаның саясатқа қатысуының  нысандары қоғамда болатын объективті жағдайлар мен алғышарттарға тәуелді болады. Саясаттанушылар   оларды   материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси құқық деп бөледі. Адамның бірқалыпты саяси әрекетке қатысуы үшін олардың тамақтануға, ең қажетті тауарларға, тұрғын-үй тұрмыс жағдайларға деген бірінші кезектегі қажеттіліктері қанағаттандырылуы қажет.Шетелдік  саясаттанушылардың (С.М. Липсет) зерттеулері қоғам қаншалықты бай болған сайын, соншалықты көп мөлшерде саяси өмірде демократиялық нысандарды пайдаланатынын растайды. Қоғамның әл-ауқаты саяси сенім мен бағыт ұстануға айтарлықтай әсер етеді. Әлеуметтік орта да тұлғаның саяси әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына белсенді түрде әсерін тигізеді. Тұлғада демократиялық сенімдердің қалыптасуы немесе тоталитарлық және авторитарлық көзқарастар мен қылықтарға жақын тәуелділік болады. Саясаттың субъектісі ретіндегі тұлғаның іс-қимылына  оның  мә-  дени деңгейі, білімі күшті ықпал жасайды. Әлеуметтанушылар мынадай қорытындыға келген: адамның білім деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты көбірек саясиланған бағыт ұстанады және мәселелерді демократиялық жолмен шешуге жақын болады. Сауатсыз адам санадан сүзіліп өткен саясаттан тыс тұрады және саяси әрекеттің, алдап-арбаудың объектісі болып қала береді.

Жеке тұлғаның саясатқа реттеулі және нәтижелі қатысуы үшін белгілі бір конституциялық алғышарттар мен әрбір адамның саяси процеске қатысуының заңдық нысандары, олардың дұрыс беруінің нәтижелері бұрмаланбайтынына, көсемнің, фьюрердің, президенттің күтпеген шешімі олардың демократиялық құқығын тартып алмайтынына сенімділігі және заңдылық кепілінің болуы қажетті.

Көптеген халықаралық құжаттарда, атап айтқанда, адам құқықтары жөніндегі жалпы декларацияда әрбір адамның ой еркіндігіне, сенімдеріне және оларды еркін түрде білдіруге, бостандықты іздеуге, ақпараттар мен идеяларды алуға, оларды таратуға құқылы деп баса айтылады. Әрбір адам тікелей немесе еркін түрде сайланған өкілдері арқылы өз елін басқару үшін қатысуға құқылы.

Тұлғаның саяси қатысуының бірнеше нысандары бөліп қарастырылады:

Біріншісі. Өз өмірін және іс-қимылын, қатынастарын билік органдарымен конституциялық негізде келістіру.

Екіншісі. Азаматтардың электоральды қатысуы немесе билік органдарына өз өкілдерін сайлау және сайлану құқығын пайдалануы.

Үшіншісі. Әкімшілік процеске қатысуға өкілдік берілген тұлға ретінде саяси әрекетті іске асыру.

Төртіншісі. Тұлғаның бұқаралық іс-шараларға қатысуы (шерулерде, демонстрацияларда, жиналыстарда, шағым білдіруде, аштық жариялауда және т.б.).

Бесіншісі. Тұлғаның ұйымдастырылған нысандағы саяси процестерге, яғни саяси қозғалыстарда, партияларда, саясиланған БАҚтардың әрекетіне, саяси клубтардың, бірлестіктердің, т.б. жұмыстарына қатысуы.

Азаматтардың саяси мінез-құлқының үш түрі жайлы айтылады. Бірінші түрі – конформизм. Конформизм деп әлеуметтанушылар және әлеуметтік психологтар бөтен пікірлерге бағыт ұстануды, әлеуметтік көнгіштікті, үгіттеу шараларына сыни емес көзқараста болып, оқиғаларды саналы бағалауда санасыз түрдегі қылықтардың билеп-төстеуін айтады.

Екінші түрі – индифферентті, яғни нем құрайлы, қатыспайтын, селқос, саясаттан қашқақтаушы, саясатпен араласу пайдасыз нәрсе деп ойлайтын адам. Бұл типтегі адамдар “үндемейтін халық” деп аталатын тұрғындардың бөлігін  құрайды.  Көбіне   саяси   процестер-   ге мұндай немқұрайлылық билеуші саяси жүйеге немесе қарапайым азаматтардың саяси жетекшілерге сенбеуі болып табылады.

Үшінші түрі – саяси белсенділік. Қолда бар саяси жағдайға қанағаттанбаушылық немесе оны толықтай мойындау және мақұлдау сезімі адамдарды саяси оқиғаларға белсенді қатысуға итермелейді. Саяси белсенділік өзінің шекті көріну нысанында оң және сол бағыттағы саяси рационализмді, экстремизмді және фанатизмді туғызуға қабілетті.

Саяси өмірдің жаңаруы қазақстандықтардан жаңа көзқарастарды, құндылықтарды, қабылдауды талап етіп отыр. Бұл жағдай тұлғаның әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдануды талап етеді. Елдің саяси жаңаруының негізгі факторларының бірі – ақпараттық ашықтық. Яғни ақпараттың халықтың барлық  топтарына  қол жетерліктей болуы.

Ақпараттық кеңістіктің глобалдануы арқылы  дамыған  елдер  өздерінің демократиялық стандарттарын  Қазақстанда  таратуға   әсер  етіп отыр. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі ретінде қалыптасу үшін қабылдаған ақпараттарына сынамалы тұрғыдан келіп, өз позициясын білдіруі қажет.

Әртүрлі мәдениет тұлғаның әлеуметтенуінің өзіндік   үлгілерін   қалыптастырады.  Қазақстан көп ғасырлық мәдениеті мен тарихы бар ел, сондықтан да оған демократияның өзіндік үлгісі тән болуы қажет.

Қазақстан қоғамында демократиялық құндылықтар мен әкімгершілікке негізделген қоғамның құндылықтарының қатар орын алуы тарихи қалыптасқан құбылыс. Бұл құбылыс өзінің бастауын көшпенділер тарихынан алады. Көшпенділер мәдениетінде жекелік және топтық құндылықтардың орын алуы Э. Фроммның дихотомиялық жұптарын еске түсіреді. Номадизм еуропалық және азиялық құндылықтардың үлгісін құрайтын ерекше көшпенділер мәдениеті. Қазіргі кезеңде ғалымдар тұлғаның интегралды үлгісін жасау қажеттігі туралы айтуда. Интегралды үлгі батыс пен шығыстың жетістіктеріне, бірінші кезекті Қазақстанның мәдени, менталдық ерекшеліктеріне негізделген тұлғаны қалыптастыру жолдарын көрсетеді.

Әлеуметтенудің интегралдық үлгісі осы көшпенділер мәдениетінен негіз алады. Бұл үлгінің негізінде өркениеттік құндылықтар жатыр. Батыс пен шығыстың жетістіктерімен Қазақстанның тарихи, ділдік, психологиялық ерекшеліктеріне негізделген бұл үлгі қазіргі кезеңде өте өзекті болып табылады.

Полиэтникалық және поликонфессионалдық Қазақстан үшін еуразиялық идея ерекше конструктивті және интеграциялық потенциялы бар идея.

Жеке тұлғаны саяси-құқықтық қатынастардың субъектісіне айналдыру Қазақстан қоғамының негізгі мақсаты болып табылады. Әр адамның өзін мемлекеттің тең серіктесі ретінде қарауын қалыптастыру өте маңызды міндет.

Саяси құқықтық салада тұлғаның әлеуметтенуі қазіргі заман үлгісі негізінде мемлекеттік құрылымдардың емес, нақты адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруі тиіс.   Қоғамды    демократияландыруда БАҚ-тың атқаратын рөлі өте зор. Қазақстан қоғамы    болашақта    «күшті    мемлекет» және күшті  қоғам»  үлгісіне  негізделуі  қажет. Бұл мемлекеттің қолдауын және үшінші сектордың бақылауын талап етеді. Үкіметтік емес ұйымдар – бұл елдегі болып жатқан жағдайдың өлшемі, қоғамдық сананы реформалаудың  жолы, инновациялық ойлау және әлеуметтік жауапкершілік.

Азаматтық қоғамды құру тұлғаны саясиқұқықтық қатынастардың шын субъектісіне айналдыруды талап етеді. Шын мәнінде, мемлекет пен жеке адамның серіктестігіне негізделген саяси қатынастардың жаңа технологиясы нарық қоғамындағы тұлғаның саяси әлеуметтенуінің негізгі құралы болып табылады.

Саясатқа қатысу арқылы адам өзінің ең негізгі қажеттіліктерінің бірі – қарым-қатынасқа деген қажеттілігін қанағаттандырады. Саясат арқылы жеке адам ірі топтармен қарым-қатынас жасай отырып, олардың мүдделерін бөлісуге, мінез-құлықтарына әсер етуге мүмкіндік алады. Бұл қажеттілік  қарым-қатынастардың  басқа дәрежелеріне деген қажеттіліктер сияқты табиғи қажеттілік болып табылады. Өйткені  осы қажеттілікті қанағаттандыру арқылы адам өзін қоғамның мүшесі, азаматы ретінде сезінеді. Қоғамның және топтардың құндылықтарын тұлға өзіне қабылдай отырып, оларға өзінің өмірлік тәжірибесі, қызығушылығы арқылы қалыптасатын өзіндік қарым-қатынасын білдіреді.

Тұлғаның саяси әлеуметтенуіне және осы процестерге қатысы  бар құбылыстар мен процестерге талдау жүргізу үшін, әдетте, эмпирикалық әдістерді кеңінен қолдануға болады: статистикалық талдау (түрлі қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстарға қатысушылардың әлеуметтік құрамын және санын, сайлаудың нәтижесін білу үшін т.б.), сұрау, сұхбат, құжаттарды талдау,  бақылау,  т.б.  Сонымен қатар зерттеу практикасына саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысты талдау жүргізуде шет ел социологтары кеңінен қолданып жүрген басқа да әдістерді, атап айтсақ, ойын теориясын дакеңінененгізугеболады. Әдістердіңқолданылу сипаты әр түрлі және олар зерттеудің масштабына, жағдайларына, мақсаттары мен міндеттеріне тікелей қатысты. Эксперттік бағалау және болжам жасау әдістерінің де маңызды екендігін атап өткен жөн.

Саяси құбылыстардың қоғам мен жеке адамның әлеуметтенуіне тигізетін әсерін анықтауда нормативті немесе нормативті-құндылықты тәсіл қолданылады. Саясатты күрделі құрылымнан тұратын, әрбір элементі белгілі бір қызметті, рөлдерді орындау арқылы жүйенің талап ететін қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, тұтас нәрсе ретінде қарауға негізделгенқұрылымдық-функционалдықталдау да қолданылады. Топтар мен жеке адамдардың саяси жүйедегі мінез-құлықтарының түрлі формаларын нақты зерттеуге назар аударатын бихевиористік тәсіл де маңызды.

 

 

әдебиеттер

 

  1. Кон И. Социология личности. – М.: Политиздат, – 383 с.
  2. Гуревич Л.Я. Политическое развитие постсоветского Казахстана в зеркале общественного мнения // Восток-Запад: диалог культур. Доклады и выступления II Международного симпозиума, Алматы, 24-26 октября 1995 г. – Алматы, 1996. – Ч. I. –  С. 84-87.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.