Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің волонтерлік кəсіби біліктілігінің қалыптасуы

Бүгінгі  заманның  өзекті  мəселелерінің   бірі – гуманизм, азаматтардың таптық сана-сезімі мен жауапкершілігіне негізделген қоғам құрудағы əрбір индивидуумның əлеуметтік тұтастық пен үйлесімділікті сақтау керектігін ұғынатындығында.

Волонтерлік – əрбір индивидуумның азаматық сана-сезімі мен рухани  принциптерінің  жəне адамгершілік қасиеттерін білдірудің бір нысаны  болып  табылады.  Мəні  мен  мазмұны «ақысыз, саналы түрде өз еркімен өзгелердің игілігіне «жасалған іс бола тұрып, волонтерлік «азаматтық қоғамның фундаменті болып саналып, «адамзаттың татулық, бостандық, қауіпсіздік, өзге мемлекеттердің халқына əділдікпен қарау» сынды ұмтылыстарына қол жеткізулеріне мүмкіндік тудырады [1]. Жалпыға бірдей Ерікті қоғам декларациясына сəйкес, еріктілік – топтық немесе индивидуалды істердің көрінісі. Еріктілік арқылы:

  • қоғамда көмек пен қамқорлық сынды адами қасиеттер дамып, күшейеді;
  • азаматтар жаңашылдықты тани отырып, өз өмірлерін жетілдіру арқылы қоғамда жауапкершілік пен қамқоршылық қасиеттерін арттырады;
  • жер бетіндегі адамзаттың таза қоғамда өмір сүріп, тұрақты бірлестіктерде еңбек етіп, жаңашыл инновациялық жобаларды бірлесе отырып іске асырудың барысында əртүрлі салада байланыстар орнатылуы мүмкін.

Волонтерлік – азаматтардың қажеттіліктерін əділ жəне бейбіт жолмен іске асыруда, жаңа жұмыс орындары мен жаңа кəсіп түрлерінің пайда болуына қолдау көрсетеді. Бұл қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді. Алғашқы кезеңде волонтерлік – қоғамдық еңбек етудің бір түрі ретінде, яғни əлеуметтік көмек көрсету, көше аумақтарын жинастырумен қатар, экологиялық, мəдени шаралардың жиынтығы болып табылатын. Мысалы, 1920 жылы Еуропада алғаш рет неміс жəне француз жастарының көмегімен өткен волонтерлік жобаның нəтижесінде, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қиратылған шаруа қожалықтарының ғимараттары қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда волонтерліктің өзге де түрлері  мен  бағыттары  2001  жылдың  қаң-  тар айында, Амстердам қаласында өткен конференцияда Еріктілер күшінің Халықаралық қауымдастығымен    (IAVE)     Жалпыға бірдей Ерікті қоғам декларациясында көрсетілген. Декларацияның  негізгі бағыттары:

  • қоғамда көмек пен қамқорлық сынды адами қасиеттерді дамытып, күшейту;
  • азаматтарға жаңашылдықты таныта отырып, өз өмірлерін жетілдіру арқылы қоғамда жауапкершілік пен қамқоршылық қасиеттерін арттыру;
  • жер бетіндегі адамзаттың таза қоғамда өмір сүріп, тұрақты бірлестіктерде еңбек етіп, жаңашыл инновациялық жобаларды бірлесе отырып іске асыру барысында əртүрлі салада байланыстар орнату мүмкіндігі.

Декларацияда  волонтерліктің   қоғамның тек əлеуметтік емес, сонымен қатар мəдени, экономикалық, экологиялық мəселелерін шешудегі маңыздылығы айқындалған. Əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде, жыл санап волонтерліктің қатарына кіретін жас шамасы мен ұлтына қарамастан, ерікті азаматтар саны көбейіп келеді. Мысалы, 90-жылдардың басында волонтерлік қозғалыста 90 млн. адам болса, қазіргі таңда олардың саны 110 млн. құрайды. Ел арасында волонтерліктің кең етек жайғандағы мəні неде? Сұраққа жауап ретінде Министрліктің Федералды Агенттігінің əлеуметтік сұрақ-жауап жүргізу барысындағы нəтижелерін ұсынамыз. Сұрақ қойылған он адамның сегізінің волонтер болған себебі – мұқтаж адамдарға аяушылық білдіруі. Жауап берген азаматтардың төрттен үш бөлігі волонтерлік жобаның алдына қойған мақсаттарына қызығушылық танытып, мүдделі болып, көмектесуді көздеді. Жауап берушілердің 70%-ының волонтерлікке келу себебі – өмірге деген жаңа көзқарас қалыптастыру, жаңа адамдармен  танысу,  жұмыспен  қамтылу  т.б. Ал Францияның ересек адамдарының 19 % тұрғыны волонтерлік жобаларға жоқ дегенде  бір рет қатысқандықтарын айтады. Қазіргі таңда олардың 60%-ы ерікті жұмыстарға айына 20 сағат уақыттарын бөлетіндіктерін айтты. Сұрақ қойылғандардың 46%-ының волонтерлікке келулерінің себебі мұқтаж адамдарға көмек көрсету деп жауап берді. Əрбір үшінші неміс, Германия тұрғындарының 34%-ы волонтерқатарында, олар əртүрлі бағыттағы ұйымдар мен бірлестіктерге жəрдемдесіп айына 15 сағат уақытын бөледі. Жапон тұрғындарың 26%-ының жас кезінде волонтерлік жұмыспен айналысқандығы анықталды.  Олардың  48%-ы  волонтерлік  еңбектің тұлғаны, қоғамды қалыптастырудағы маңызын айтып өтті. Ирландия тұрғындарының 33%-ы волонтер болып табылады. Волонтерлік жұмыстарға олар жылына 96,454 сағат уақытын бөледі.    Тұрғындардың 72%-ының  ойынша:

«Ерікті ниетпен істелген жұмыс, еш уақытта ақылы еңбек істейтін жұмысшыларының қолынын келмейді», – деп санайды. Жүргізілген статистикалық мəліметтеріне сəйкес, АҚШ-тың экономикалық ресурстары үшін волонтерлердің 1990 жылдары істеген жұмыстары маңызды болды. Жасалған келісімдерге сəйкес, АҚШ-тың ересек адамдарының 48%-ы қарымтасыздық жұмыстарына аптасына 4,2 сағат уақытын бөледі (негізгі жұмыс уақытынан басқа), сонымен  қатар жеткіншектердің 14 жас аралығындағы тұрғындарының 79%-ы да үлесін қосады. Ұлыбритания тұрғындары ерікті жұмыстарға аптасына 2,5 сағат уақытын бөледі. Соның ішінде, белсенді қатысушылар қатарына кіретіндер 3544 жас шамасындағы адамдар.

Шетелде волонтерліктің кең таралған бағыттары: ақша қорларын іздестіру, жинау, комиссиялардың, комитеттердің жұмыстарына жəрдемдесу, спорт саласында тегін дəрістер, кеңес беру, фандрайзинг, мектеп жасындағы балалармен жұмыс жүргізу, денсаулық сақтау, əлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Шетелде волонтерлердің жұмысы қоғамдық бірлестіктердің аясында жүргізіледі. Көбінесе Еуропа елдерінде ұлттық бірлестіктер ұйымдарында əлеуметтік көмек көрсетеді. Жыл  санап дүниежүзі бойынша халықаралық волонтерлік қозғалыстар көбейе түсуде жəне олардың басты бағдары қоғамда азаматтардың бірлесіп, əлеуметтік проблемаларды еріктілік пен қамқорлық арқылы жеңіп шығуы болып табылады. Бірінші кестеде халықаралық бірлестіктердің мақсаттары көрсетілген.

Волонтерлік тəжірибесі кең таралымға ие болды жəне барлық адамзаттың өмірінің міндетті жəне қажетті құраушысы бола бастады. Табиғат апаттары болған жағдайда кедейшілік, білімнің жетіспеушілігіне, ауруларға адамдар көмек беруге дайын, үлкен қолдау көрсетуге əзір. Осылайша, бірінші дəрежелі  мағынаға жеке қасиеттер ие болады. Волонтер боламын деушілер талапқа ие бола, жауапкершілік туралы ұмытпауға,   топпен   жұмыс   жасауға,   қарым-қатынас дағдыларына жəне стрестік жағдайларда өз-өзіне бекем болуға міндетті.

«Волонтерлік» (фр. volontaire, ағыл. volunteer – ерікті, ал лат. Voluntarius – əскери қызметке өз еркімен түскен тұлға) [2] феноменін зерттеу қазақстандық қоғамның тарихи-мəдени үдерісінде оның орнын түсіндіру ғана емес, сонымен қоса осы құбылысты басқару мен болжауды өзектілендіруге мүмкіндік береді. Мемлекеттің жастар саясатының маңызды бөлігі ретінде волонтерлік қазіргі Қазақстанның тəрбиелеу мен білім берудегі құндылықты-нормативтік жүйесін қалыптастыруға қатысады. Барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінің түлектерін моральды-құндылықтық жəне технологиялық дайындау осы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігінен жəне педагогикалық үдерістің барлық қатысушылары жағынан оның сəтті шешілуіне қызығушылық білдіруге байланысты шешілетін маңызды міндет болып табылады.

ЖОО-ның студенттерінің волонтерлік кəсіби біліктілігін қалыптастыруды кешенді зерттеу бірінші кезекте алдағы болашағының ғылыми дəйектелген анықтамасын жəне қазіргі жағдайын адекватты түрде түсінуді қамтамасыз ететін оның тарихи қалыптасуының талдамалық көрінісін талап етеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік ұйымдардың нақты саны белгісіз. Жүргізілген зерттеулерге  сəйкес  əлі  күнге  дейін  еріктілік еңбегіне тартылмаған əрбір төртінші қазақстандық ерікті ретінде жұмыс істеп көргісі келеді екен. Ерікті түрде жұмыс істеуге адамдарды не ынталандырады? Жүргізілген сұрауға сəйкес, ерікті түрде жұмыс істейтін адамдар келесідей себептерді келтірген: көмекке мұқтаждарға қолдау көрсеткім келеді – 61%, жаңа нəрсеге үйренуге үміттенемін – 46%, қандай да бір шұғылдануға ие болу – 41%, өзінің сүйсінушілігі үшін – 31%, жаңа адамдармен танысқым келеді – 29%, адамдардыңжақсылығыүшін жақсылықпен жауап бергім келеді – 11%, белгілі бір мəселемен күрескім  келеді  –  7%,  менде  бос  уақыт  бар - 4% [6]. Сұраудың нəтижесінен көрінетіні, волонтерлік əрекеттілігіне қатысу үшін ең маңызды ынталар мыналар болып табылады: жаңа нəрсеге үйрену құштарлығы, қарымқатынас ортасын табу, көмекке мұқтаждарға қолдау көрсету. Яғни волонтерлік жұмыс жаңа адамдармен байланыс, өзін-өзі қанағаттандыру, қандай да бір құндылықтарды алға бастыру, кəсіби өзін-өзі дамыту секілді қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі.

Зерттеліп отырған мəселенің негізін қалаушы түсініктерді айқындау студенттердің волонтерлік кəсіби біліктілігін қалыптастыру теориясы мен тəжірибесін зерттеудің маңызды кезеңі болып табылады. Педагогикалық ғылымда волонтерлік феномені əртүрлі беріледі (1-кесте).

  1-кесте –  «Волонтерлік» түсінігінің қазіргі анықтамалары

1-кестеде көрсетілген мəліметтерге талдау жасау келесідей тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:

  • «Волонтерлік» түсінігін түсіндіру отандық жəне шетелдік ғылыми əдебиеттерде бірмағыналы емес;
  • А.Д. Ахмадгалеев, Л.П. Конвисарева, Б.Ф. Усманов волонтерлікті іс-əрекеттіліктің бір түрі ретінде түсіндіреді;
  • W. Astin, K. Bidermann, L.J. Sax волонтерлікті жеке қажеттіліктерін өтеу мүмкіндігі деп санайды;
  • Волонтерлік – бұл əлеуметтік жəне азаматтық белсенділік формасы деп Л.М. Басова, С.В. Тетерский, А.В. Хухлин жəне т.б. ескереді.

Бүкіл əлемде жастардың еріктілігі немесе волонтерлік болашақ кəсіби əрекеттілікке дайындайтын қандай да бір «баспалдақ»  ретінде дəстүрлі түрде қарастырылады. Еріктілік жас адамға өзін-өзі дамытуға, өз елі, тұрғылықты елді мекені, басқа елдер, тарих, мəдениет, дəстүрлер, тұрғындардың менталдық ерекшеліктері туралы білімін кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер жасап, басқа адамдарға қамқорлық көрсету, өзін жаңа жағдай мен ортада сынау үшін ұсынады. Тұлғаның жеке жəне кəсіби дамуы үшін волонтерлік мағынасының мəнін берілген анықтамаларға сүйене отырып, біз зерттеліп отырған феноменді «басқа адамдарға қайтарымсыз көмек көрсету арқылы өзінің  жеке, əлеуметтік жəне кəсіби қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін əрекеттілік» ретінде анықтаймыз.

Жоғарғы кəсіби білім беру жүйесінің қызмет етуінің қазіргі парадигмасына сай оның нəтижесі болып маманның кəсіби біліктілік жиынтығы табылуы керек, демек, көптеген зерттеушілердің болжамы бойынша кез келген саладағы мамандарды дайындау жаңа концептуалды негізде жүзеге  асуы керек (И.Г. Агапов,Л.К. Гейхман, В. Гутмахер, Э.Ф. Зеер, И.А. Зимняя, В.В. Краевский, А.К. Маркова, Д. Мертенс, Б. Оскарсон, Л.А. Петровская,  Дж.  Равен,  М.Н. Скаткин, Ю.Г. Татур, Р. Уайт, А.В. Хуторской, С.Е. Шишов, Г.П. Щедровицкий жəне т.б.). Оқытуды ендіру қажеттілігі еуропалық жоғары білім беру жүйесінің «сəулетінің» гармонизациялау үдерістерімен, негізін қалаушы педагогикалық қағидалардың ауысуымен, жаңа терминнің ұғымдылық мазмұнының байлығымен түсіндіріледі. Бұл педагогикалық инновация педагогикалық ғылымда қалыптасқан əрекеттілік жəне тұлғалық-бағытталған ыңғайларға қарамақайшы емес. Олардың барлығы «тұлғаның тиімді əлеуметтену идеясын өзара толықтырып жəне байытып, паритетті комплитарлы оппозиция жағдайында» тұрады [5].

XXI ғасырдың басында педагогтың кəсібитұлғалық біліктілігінің мазмұнының мəселесі өзіне тəн емес белгілерге ие болды. Біріншіден, міндеті білім берумен ғана шектелмейтін педагогтың əлеуметтік-кəсіби рөлінің өзгеруіне байланысты. Екіншіден, педагогтың кəсіби білімі мен біліктілігі оның педагогикалық əрекеттілігінің барлық кезеңінде жеткілікті болып табылмайды. Осылайша, қазіргі қоғам ұраны – «Learn-relearn-delearn!» [4], ұстазбен жекелей өсуге, үздіксіз  білімге,  əрдайым  кəсіби біліктілігін жоғарылатуға деген үндеу ретінде қабылдану керек. Ақыр соңында, үшіншіден, жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдайларда педагогтың бəсекеге қабілеттілігі мен педагогикалық сапаларының əлемдік стандарттарға сəйкестігі, оның кəсіби əрекеттілігінің сəттілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеліп отырған  мəселенің  шеңберінде біз болашақ маманның кəсіби біліктілік құрылымында волонтерлік кəсіби біліктіліктің бөлініп  қарастырылуын  дұрыс  деп   санаймыз.

Басқа біліктіліктер секілді волонтерлік кəсіби біліктілік болашақ мамандардың тəжірибесі  мен əрекеттілігіне негізделеді жəне бағаланады [3]. Волонтерлік кəсіби біліктілік – бұл басқа адамдарға жоғары білікті педагогикалық, əлеуметтік жəне басқа да қайтарымсыз көмек көрсету мен ұйымдастыруға болашақ педагогтың интегративті дайындығы.

Əрекеттіліктің өзіне қатыспай, əлеуметтік белсенді болуға үйрену мүмкін емес. Біліктілікке ие болу тікелей студенттердің өздерінің белсенділігіне байланысты, ал біліктіліктің қалыптасуы кəсіби-педагогикалық білім беру мазмұны, формасы жəне технологияларының педагогикалық инновацияларына байланысты болып табылады.

Қиын білім ретінде берілген біліктіліктің инварианттық құрылымында төрт негізгі компонент бар: эмоциялы-еріктік (өзінің біліктілігін жүзеге асыру үдерісінде көрініс табатын тұлғаның мотивтері мен құндылықтық ұстанымдарын  көрсететін),  когнитивті (білімдерімен жəне оларды алу мүмкіндіктерімен байланысты), əрекеттіліктітəжірибелік (алынған білімдер мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері негізінде икемділіктің пайда болу үдерісін анықтаушы), субъекті-шығармашылықтық (жаңа жағдайларда кəсіби əрекет ету, жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндік беретін басқа белгілі жүйелерге білімдері мен дағдыларын «ауыстыру»).

Зерттеудің категориалды аппараты келесідей берілген:

  • волонтерлік – басқа адамдарға қайтарымсыз көмек көрсету арқылы өзінің жеке, əлеуметтік немесе кəсіби қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік алуды көрсететін əрекеттілік;
  • кəсіби біліктілік – жоғары деңгейде кəсіби əрекеттілікті орындауға  жəне  белгілі бір нəтижеге жетуге маманның интегративті когнитивті-эмоциялық дайындығы;
  • Студенттің волонтерлік  кəсіби біліктілігі
  • бұл басқа   адамдарға   қайтарымсыз жоғары білікті педагогикалық, əлеуметтік жəне басқа да қайтарымсыз көмек көрсету мен ұйымдастыруға болашақ педагогтың интегративті дайындығы.

Студенттердің волонтерлік кəсіби біліктілігінің қалыптасуын біз балаларға қайтарымсыз жоғары білікті  педагогикалық,  əлеуметтік  жəне басқа да қайтарымсыз көмек көрсету, координациялау, ұйымдастыруға болашақ педагогқа мүмкіндік беретін гуманды-педагогикалық сана, мінез-құлықтың нормалары жəне өзекті стереотиптерін бекіту мен ұғыну үдерісі ретінде қарастырамыз.

 

Əдебиеттер

 

  1. 2001 жылдың қаңтар айында, Амстердам қаласында өткен конференцияда Еріктілер күшінің Халықаралық қауымдастығымен (IAVE), Жалпыға бірдей Ерікті қоғам декларациясы.
  2. Волонтерское движение // ADOLESMED. ru – портал для специалистов, работающих в сфере подросткового здоровья и медицины. http://www.adolesmed.ru/volunteers.html
  3. Ивахненко Г. А. Современное студенчество: социологический портрет /  Г.А. Ивахненко, Ю. В. Голиусова // Высшее образование в России.– 2003. – № 5. – С. 110-114.
  4. Зимняя И.А.   Ключевые   компетенции
  5. новая парадигма результата образования / И.А. Зимняя // Высшее образование сегодня. – 2003. – № 5. – 34 –
  6. Конвисарева Л.П. Волонтерское движение как фактор развития социальной активности молодежи: автореф. ... канд. пед. наук / Конвисарева Л.П.; Костром. гос. ун-т им. Н.А. Некрасова. – Кострома, 2006. – 24 с.
  7. Леонтьева, А.В. Методическое пособие для волонтеров/ А.В. Леонтьева. – Жигулевск: Городской благотворительный Фонд «Дорога к дому», 2003. – 45 с.
  8. Ростунов, А.Т. Формирование профессиональной готовности / А.Т. Ростунов. – М.: Педагогика, 1994. – 157 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.