Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан қоғамының əлеуметтік құрылымындағы жастар: əлеуметтік жағдайы мен мəселелері

Қазақстан жастарының əлеуметтік құрылымдағы өз орны мен рөлі бар. Жастардың еркін əлеуметтік даму құқықтары, өз мүдделеріне, ерекшеліктеріне, қабілеттеріне сəйкес, сондайақ қоғам мүдделерін есепке алып отыратын шығармашылық бастамасын іске асыру үшін мүмкіндігінше мемлекет тарапынан жағдайлар жасалынуы аса қажет. Ендеше жастардың қазіргі қоғамдағы əлеуметтік-демографиялық ахуалына, олардың əлеуметтік дамуына, білім беру жүйесіне, жастардың еңбек нарығындағы жағдайына қысқаша шолу жасап көрелік.

Демографиялық ахуал. Жастар өзіне тəн арнайы көзқарастары бар қоғамның ерекше əлеуметтік-демографиялық тобы.

Қазіргі уақытта, қазақстандық жастар қоғамның əлеуметтік-демографиялық құрылымындағы ірі əлеуметтік топтардың қатарына жатады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мəліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы жастардың жалпы саны 4 483 285 адамды құрады. Сөйтіп, қазіргі заманғы қазақстандық қоғам құрылымындағы жастар республика тұрғындарының жалпы санынан 27%-ды құрайды.

Жастарды  əлеуметтік  дамыту мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Олардың денсаулығын, салауатты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, сапалы білім беру, еңбек ету жолдарын ұйымдастыру кезек күттірмейтін мəселелердің қатарына жатады.

Жас ұрпақтың денсаулық жағдайы. Азаматтардың денсаулығын сақтау – мемлекеттің негізгі басым бағыты. Барлық өркениетті елдерде тұрғын халықтың денсаулығы, əсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық жəне мемлекеттік саясаттағы басты бағыттардың бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта қоғамда жастар арасындағы суицид мəселесінің алдыңғы қатардан орын алғандығын айту қажет. Суицидтің үштен бірін 29 жасқа дейінгі жас ерекшелік топтарының арасынан балалар, жасөспірімдер мен жас адамдар жасайды. 2011 жылы суицидтік өлімдердің жалпы санынан 1286 жағдайы немесе 35,5% -ы 0-29 жастағыларға тиесілі болды.

Социологиялық зерттеудің нəтижесіне сүйенсек,  66%  респондент  жасөспірімдердің  өмір-  ден  кетуінің  бірден-бір  себебі  –   шарасыздық деп көрсетсе, 15%-ы отбасындағы қаржылық қиыншылықтарды, 2%-ы қатерлі ауруларды, ал 13%-ы ешқандай себептің жоқтығын көрсетеді [1].

Жасөспірімдерге отбасындағы жəне мектептегі, сондай-ақ құрдастарымен арасындағы қарым-қатынастар ең көп ықпал ететіндігі де белгілі болды.

Дегенмен 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жастардың өлім көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 198 адамға, 1999 жылмен  салыстырғанда  1376  адамға  азайған (1999жылы  –  7  665,  2009  –  6  487,  2011  жылдың 1 қаңтарында – 6 289).

Өлім себептері құрылымында оқыс оқиғадан, уланудан жəне жарақаттан – 3 935 адам, қан айналымы жүйесі ауруларынан – 560, инфекциялық жəне паразиттік аурулардан – 317, ісіктен – 308, асқазан ауруларынан – 233, тыныс алу ауруларынан – 194 жас адам өмірден кеткен.

Жастар арасында кең таралған аурулардың ішінде қан айналымы жүйесі аурулары, жыныстық жолмен берілетін аурулар, есірткі мен ішімдік қолдану мемлекеттік деңгейде көңіл бөлуді талап етеді.

Есірткіні қолданудың ИТВ-мен қоса таралуы Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулықты сақтаудың өзекті мəселесі ретінде қарастырылады. 2009 жылы Қазақстанда 124 400 адам есірткіні инъекциялық жолмен қолданған, ал 29,1% наркологиялық қызмет жүйесінде есірткіден емделген.

2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда ИТВ – инфекциясын жұқтырған 13 784 жағдай тіркелсе, оның 760-ы  ЖҚТБ-дан көз жұмды.

Қазіргі уақытта, есірткінің таралуы жас ұрпақтың өміріне қауіп төндіріп, ақыр соңында барлық халықтың денсаулығына кері ықпалын тигізетіні рас.

Сұрау көрсеткендей, жас қазақстандықтардың көпшілігі (80%) есірткі заттарын пайдаланбайды, ал 10%-ы есірткі қолданатындықтарын жасырмады.

Ішімдік, темекі өнімдерін қолдануға қатысты айтсақ, 16%-ы жиі қолданады (19 жастан бастап, негізінен ерлер), 42%-ы сирек (24-29 жастағылар), 40%-дан аса респондент ешқашан қолданбаған (ең көбі – 19-24 жастағылар, көбінесе əйелдер).

Қазіргі уақытта, «2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлық жəне есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы  үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы №784 қаулысы, Қазақстан   Республикасында  денсаулықты  дамытудың  «2011-2015  жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы «2011-2015 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңдерінде балаларды сауықтыру демалысы мен бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру туралы» өкімі қолданыста, Денсаулық сақтау министрлігімен «Балаларда ішімдік пен есірткінің алдын алудың арнайы əдістері туралы» бірлескен бұйрық бекітілді.

Жастар білім беру жүйесінде. 2011 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға, Білім жəне ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына сəйкес жүзеге асырылып, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұрақты экономикалық дамуға арналған сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы адами ресурстарды дамытуға бағытталды.

2011-2012 оқу жылында жалпы күндізгі білім беретін мектептер саны республика бойынша – 7 696, оның ішінде мемлекеттік мектептер – 7 584, мемлекеттік емес мектептер – 112 бірлікті құрады.

2011-2012 оқу жылында жалпы күндізгі білім беретін мектептерде оқитын оқушылар саны 2 516 497 бірлікті құрады, оның ішінде мемлекеттік мектептердегі оқушылар саны 2 498  893,  мемлекеттік  емес  мектептердегі оқушылар саны – 17 604.

Білім сапасы, ең алдымен, ғылымиəдістемелік əлеуетпен жəне педагогикалық кадрлардың сапалы құрамымен анықталады.

2011 жылғы қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептегі мұғалімдер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тəрбиешілеріне материалдық ынталандыру мақсатында біліктілік категорияларына қарай қосымша үстемақы мөлшері тағайындалды. Өндірістік оқыту шеберлеріне 100% қосымша үстемақы төлеу енгізілді.

Білім беру қызметінің сапасын жақсарту, педагогтардың кəсіби өсуі үшін педагогикалық шеберлік орталықтары құрылған.

Мұғалім мамандарды ауылдарға тұрақтандыру мақсатында жеке тұрғын үй салуға жер телімдері беріліп, ипотекалық несиеге тұрғын үйлер салынуда. Ал жаңашыл педагогтарға пəтерлер берілетіндігі айтылуда.

Жас мамандар алған біліктіліктеріне сəйкес жүктемемен қамтамасыз етілген. Жас  мамандарға əдістемелік көмек көрсетіліп,  олардың  тез  ара-  да əлеуметтік бейімделуі үшін үздік мектеп мұғалімдері ішінен  ұстаздар  бекітілді.  Соны-  мен қатар жас мұғалімдердің аудандық, қалалық бірлестігі құрылды. Облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау институтында жаңа жұмыс бастаған педагогтарға семинарлар ұйымдастырылып тұрады.

Жергілікті атқару органдарымен ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтардың коммуналдық төлемдер шығындарын жабуға бір реттік жəрдемақы бөлінеді. Барлық педагогтар тегін медициналық тексеруден өтеді.

Педагогтардың статусын арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру үшін Білім жəне ғылым министрлігінің 2012 жылға арналған жоспары əзірленді.

Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайтылады. Жалпы білім беретін мектептерді компьютерлік техникамен жабдықтау жақсарып, қаржы жергілікті жəне республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда.

2009 жылдан бері Қазақстан Республика-  сы Білім жəне ғылым министрлігімен Ұлттық кредиттік технологиямен қатар жүргізілетін (ECTS) кредиттің  еуропалық  трансферт жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Халықаралық президенттік «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдерде кадрларды дайындау жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2790 стипендиаттар білім алуда. 2010 жылмен (2279) салыстырғанда білім алушылар саны 511 стипендиатқа өсті. Жоғары білім беру жүйесінде білім беру жұмысын 146 жоғары оқу орны жүзеге асыруда. Онда 629,5 мың студент білім алуда.

2010 жылмен салыстырғанда (620, 4 мың студент) контингент 9, 1 мың студентке артты.

Бүгінгі күні жас азаматтардың кəсіптік білім алуына жəне білімділік деңгейіне дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарысы да əсерін тигізуде. Жастардың  еңбек  нарығындағы жағдайы.

Қазақстан Республикасындаеңбекжəнееңбекпен қамту саласындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың жұмысбастылық бағдарламаларын іске асыру, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту жəне біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарында оқыту сияқты жұмыстарды жүргізуге аса мəн береді.

Жастардың дұрыс кəсіби  бағдарын қалыптастыру олардың өздерінің саналы түрде белсенді қатысуына негізделуі тиіс. Алайда көп жағдайда жастар өздерінің айналасындағы адамдардың айтқандарын тыңдап, өздерінің өмірлік мəселелерін дербес шешуді қажет деп санамайды. Қазақстандық зерттеушілердің жүргізген зерттеулері студенттердің мамандық таңдауына ата-аналарының, отбасының  əсерінің зор екендігін (39,1 %) көрсетті [2, 11-б.].

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындары жəне техникалық-кəсіптік мекемелердің бітірушілерін жұмыспен қамтуда ең көп қолданылып жүрген жоба – «Жастар тəжірибесі» жобасы.

Түлектерді  жұмысқа  орналастыруды  қамтамасыз  ету  мақсатында  2009  жылдан бері өңірлерде алған мамандығы  бойын-  ша жұмыс орындарында тəжірибеден өту ұйымдастырылады. Сөйтіп, «Жастар тəжірибесі» түлектерді əлеуметтік қорғаудың қосымша шарасына айналды. Оның мақсаты алғашқы жұмыс тəжірибесін, білім мен дағдыларды алу, жұмысқа орналастыруға ықпал ету жəне еңбек нарығындағы олардың бəсекелестігін арттыру.

Соңғы үш жыл ішінде «Жастар тəжірибесі» бағдарламасы аясында тұрақты жұмыс орнына 50 000 түлек  орналасты.

2011 жылы жастар практикасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы мен өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында іске  асырыл-  ды. Онда аталған шарамен 15,6 мың адамды, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан əрі – БЖК) аясында 9,6 мың адамды қамту қарастырылған.

Бөлінген қаражат көлемі 2 199,5 млн. теңге, оның ішінде БЖК бойынша 1 499 млн. теңге бөлінген.

Жалпы алғанда, 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдармен  жастар  тəжірибесін  ұйымдастыру үшін 17 094 жұмыс орны  құрылды  (БЖК  бойын-  ша – 12 566 жұмыс орны). Оларға білім беру ұйымдарының 18 026 түлегі жіберілді (БЖК бойынша – 10 604 адам). Жастар тəжірибесі аяқталғаннан кейін 2 155 қатысушы тұрақты жұмысқа орналасты.

2012 жылдан бастап «жастар тəжірибесін» Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасының бір бөлшегі ретінде толықтыру жоспарланған. Осы мақсатқа 1,5 млрд. теңге қарастырылды.

Жоғары оқу орындары жəне техникалықкəсіптік мекемелердің бітірушілерін жұмыспен қамтудың тағы бір маңызды жобасы «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасы. Ол бірнеше мақсаттан тұрады, ең бастысы ауыл жастарын дамыту үшін жағдайлар жасайды жəне қолдайды.

Оған мемлекеттің қаншалықты салмақты түрде қарағанын келесі мəліметтерден көруге болады.

«Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын іске асыруға республикалық жергілікті бюджеттен 2009-2011 жылдарға бөлінген қаржының жалпы сомасы 10 738,10 млн. теңгені құраған (Анықтама  түрінде: 2009  ж.  –  2  806,05  млн.теңге, 2010 ж. – 3 379,37 млн. теңге, 2011 ж. –4 552,68 млн. теңге.).

Соңғы екі жыл ішінде жас мамандардың тұрғын үй алуы мен көтерме үстемақысына 20 млрд-тан аса теңге бөлінді. Аталған жобаны  іске асыру 12 мың жас маманның ауыл игілігіне жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

Аталған қаржы аясында ауылдық жерлерде қалатын жас мамандар үшін бір реткі көтерме жəрдемақы төлеу қарастырылған.

«Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын іске асыру барысында «Дипломмен ауылға» жастар жобасы өмірге келді. Оның мақсаты – жастарға ауылдағы əлеуметтік сала мамандарын мемлекеттік қолдаудың негізгі идеясын жеткізу. Жобаға тек қана оқу орындарын бітіріп диплом алып келген мамандар ғана емес, ауылға келіп жұмыс істеп жүрген жəне онда бес жылдан кем емес тұрған еңбек өтілі бар мамандар да қатыса алады.

17 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Əбішұлы Назарбаев «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасын əзірлеу туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл шешім сонау 1993 жылғы дағдарыс кезінде қабылданған болатын. Оны іске асыру барысында 7000 адам оның стипендианты болды.

«Болашақ» түлектері қауымдастығы мен Халықаралық бағдарламалар орталығы стипендиаттарды жұмысқа орналастыру бағдарламасымен табысты жұмыстар атқаруда. Қарқынды индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асырумен олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мол.

Жоғарыда көрсетілгендерді іске асыру жастардың əлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлін көтеруге жастардың əлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық əлеуетін арттыруға бағытталған шаралардың бірыңғай алгоритмін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тиімді түрде жұмысбастылықпен қамтамасыз ету, өмір сүрудің тұрақты негіздерін қалыптастыру қай қоғам үшін болмасын маңызды жəне қиын міндеттердің бірі болып табылады. Жұмысбастылық жəне табыс – бұл тек қана экономикалық қажеттілік емес, сонымен қатар жастарды қоғамдық өмірге қатыстырудың тəсілі, олардың тұлғасын қалыптастырудың бастамасы болып табылады.

 

Əдебиеттер

 

  1. statistica.kz
  2. Маульшариф М. Анализ социальной самоидентификации студента (Материалы социологических исследований). – Алматы, – 30 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.