Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Эмоциялық интеллектінің мектепке дейінгі балалардағы психологиялық ерекшеліктері

Гуманистік психология адамды биологиялық емес əлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырады. Осы көзқарасқа сəйкес адам баласы өзін қоршаған адамдармен, қоғаммен қарымқатынас жасамайынша дами алмайды. Мұндағы тұлғаның қоғаммен байланысы қоршаған ортамен сəйкес жүру  емес,  өзара  қатынаста  жəне өзара əрекетте болу мақсатымен жүреді. Дəлірек айтар болсақ, адам баласы – эмоциялық тіршілік иесі, бір адамның эмоциясы келесі  адам эмоциясымен іргелесіп өмір сүреді. Осы тұста эмоциялық реакциялардың сəйкестігі мен ортақтығы аясында мəселе туады. Бұл мəселе бір адамның келесі адаммен диалогқа түсуі барысында шешіледі. Осы аталғандардың барлығы эмоциялық интеллектінің маңызды рөлге ие екендігін жəне де оны мектепке дейінгі кезден бастап қалыптастырып, дамыту қажет екендігін нақты дəлелдей түсуде. Дегенмен балаларды мектепке дейінгі дайындықтан өткізу барысында олардың эмоциялық күйлеріне, өзге балалармен, қоршаған ортамен жағымды эмоциялық қарым-қатынас құруына емес, сауаттылық деңгейін арттыруға ден қойылатындықтан, бірінші аталғандар енжар күйінде қалып қояды. Мектепке дейінгі дайындықта балаларды оқуды,жазуды, санауды үйретумен ғана шектеледі. Баланың эмоциялық өмірі жəне қарым-қатынас орнатуы ереже бойынша педагогикалық үдерісте де, балабақшада да, мектепте де шет қалатын жағдайлар қатарында [1].

Аталмыш зерттеу жұмысының негізі ретінде осы мəселенің қазіргі таңда ешқандай шешуін таппай жүргендігі, практик психологтың да, тəрбиешінің де баланың эмоциялық интеллект деңгейін арттыруға жеткіліксіз күш жұмсап жатқандығы себеп болып отыр. Балалардағы эмоциялық интеллектіні дамыту нəтижесінде олар қоршаған ортамен жағымды эмоциялық байланыс орнатып, өзін қоршаған адамдардың да эмоциялық күйлерін түсіне бастайды. Егер біздің көрсетіп отырған мəселені дамытпаған жағдайда, балада өзгелермен қарым-қатынас орнату процесі қиындап, əртүрлі проблемалар тууы ықтимал [3].

Ендігі кезекте біздер мектепке дейінгі балалардың эмоциялық интеллектілерінің дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін негіздеуді мақсат етіп отырмыз. Біздің зерттеу тақырыбымыздың қызығушылығы мектепке дейінгі балалардың өзгелердің эмоциялық күйлерін тануға деген дайындық.

Баланың толыққанды үйлесімді өсуіне, болашақта  сəтті  тұлғалар  қатарына   жатуына  эмоциялық  интеллектінің   тигізер   əсері өте жоғары. Бала тұлғасында бұл қасиеттің қалыптасуына бірнеше  факторлар  əсері жөнінде айтып өттік. Қоса кететін мəселе, атаананың өзара қарым-қатынасындағы жағымды эмоциялық байланыстың да баланың эмоциялық интеллектісінің қалыптасуына белгілі бір шамада əсері бар. Баладағы эмоциялық интеллектінің оптималды жағдайда дамуына, ерлі-зайыптылардың өзара қатынастары, ата-ананың өздері қалыптастырған отбасылық өмірлеріне қанағаттануының да əсері бар. АҚШ-тағы жүргізілген зерттеу нəтижелері көрсеткендей, отбасылық өмірлеріне разы ерлі-зайыптылардың балаларының эмоциялық интеллект дəрежесі отбасылық өмірлеріне разы емес адамдардың балаларына қарағанда əлдеқайда жоғары болғандығы анықталды [4]. Бар ақпараттарға сүйене отырып, эмоциялық интеллект дəрежесі жоғары ата-аналар өз тарапынан отбасылық өзара түсінушіліктің барынша үйлесімді болуын қамтамасыз етсе, олардың балаларындағы эмоциялық интеллектінің де дамуы байқалады. Мұндай отбасында өмір сүретін адамдар бірбірінің көңіл-күйлеріне өте сезімталдықпен қарап, отбасындағы эмоциялық мəселелерді дер кезінде талқылап, шешіп отырады. Қарапайым мысал, қажет жағдайда бір-бірлерінен кешірім сұрап, көңіл-күйлерін анықтап жатады.

Ата-ананың эмоциялық мəселелерді талқылауы, баладағы өзіндік эмоцияны түсінуі мен өзіндік реттеуінің дамуына себепкер бола алады. Əр отбасындағы «ашылып сөйлесудің» жиілігі мен мағынасы əртүрлі болады. Осының өзінде сандық сипаттағы жағдайдың сапалыққа ауысуында айқын көрінетін тенденция байқалады: ана қаншалықты көп өз балаларымен əрқандай сипаттағы эмоциялық күйлерді талқылайтын болса, алты жасқа келгенде мұндай ананың балалары тіпті бөтен ересектер тарапынан болатын əртүрлі эмоциялық күйлерге бейімделген болады [5]. Сонымен, эмоциялық сəтті отбасындағы бала тəрбиесінің орталық ден  қоятын  факторы баланың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қарағанда эмоциялық күйіне көбірек мəн береді. Алғаш рет «эмоциялық интеллект» сөз тіркесі 1990 жылы ғылыми мақалада жарық көрген болатын. Аталмыш  тақырыппен көбіне шетел  психологтары ғана айналысты. Эмоциялық интеллект термині əлеуметтік интеллект сөзінен алынған. Бұл тақырыпты зерттеген ғалымдар  ішінде Эдуард Торндайк, Джон Гилфорд, Ганс Айзенк бар еді. Эмоциялық интеллектіні когнитивтік психология жəне гуманистік психология (Абрахам Маслоу, Питер Салоуэй) зерттеген. Ресей психологтарынан Д.В Люсин, О. Марютин, А.С Степанова зерттеумен айналысты.

Салоуэй  жəне  оның  əріптесі  Джон Майер «эмоциялық интеллектті» терең зерттей бастады. Эмоциялық интеллект – эмоцияда көрінетін тұлғаны қабылдау қабілеті, эмоцияны инллектуалды процестер негізінде басқара алу. Жалпы эмоциялық интеллект бұл ақыл мен танымға қарама-қарсы емес, керісінше бұл екі процестің уникалды үйлесуі.

1997 жылдан бастап қана эмоциялық интеллектіні эксперименталды зерттеу басталды. Арнайы трейнингтер мен  дамыту  топтары жанұялық климатты, тұлға аралық қарымқатынасты реттей бастады, яғни эмоциялық интеллект іс жүзінде нəтиже бере бастады. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары тұлғалар өз жəне өзгенің эмоциясын түсінетін, эмпатияға бейім, қарым-қатынаста эмоцияны басқара алатын болғандықтан əлеуметте адаптацияланған əрі мақсаттарына жете алатын индивид ретінде көрінеді. Ата-ана тəрбиесінде эмоциялық интеллектінің алатын орнының маңызды тұстарын жəне бала дамуында эмоциялық интеллектінің рөлін зерттеу арқылы отбасындағы психологиялық жағдайды позитивті өзгерту біздердің маңызды мақсаттарымыздың бірі.

Қазіргі зерттеулердің бір сыпырасы  эмоция мен интеллект арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған. «Эмоциялық интеллект» психологиядағы жаңа бағыттардың біріне кіреді [6].

Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды:

1) өзіндік эмоцияларды тану,

2) эмоцияларды басқара алу,

3) өзіндік мотивация, 

4)  өзге   адамдардың   эмоциясын   тани   білу  [7].

«Эмоциялық интеллект» ұғымымен «эмоциялық білімділік» ұғымдары өзара тығыз байланыста десек қателеспейміз, яғни баланың əлеуметтік жəне эмоциялық компетенттілігін қалыптастырушы. Осы бағытта, эмоциялық интеллектіні дамытуға арналған арнайы бағдарламалар қалыптасуда. Бұл бағыттар балаға өзгенің эмоциялық күйін түсінуге, эмпатия, рефлексияға үйретумен айналысады. Баланың өз ортасында өз-өзін ұстауы барынша үйлесімді болуына, өзіндік жеке индивидуалды қасиеттерінің көрінуіне эмоциялық интеллект рөлі басым. Себебі адамның ішкі өмірі – оның эмоциясы. Əлеуметтену жəне индивидуализациялануда адам өзіндік индивидуалдылығын эмоциялық паттерндер арқасында сақтап отырады. Баланың индивидуалдылық қасиеттерінің қалыптасуын, əрқандай жағдайларға оның көрсететін эмоциялық реакциялары арқылы бақылауға болады. Демек, эмоциялық интеллект өз кезегінде жеке индивидуалды қасиеттердің дамуымен де байланысты. Бала тарапынан  шығатын эмоциялық   реакциялар автоматты түрде қалыптасып, дамитын факторларға жатпайды, бұл тікелей бала мен ересек адамдар, дəлірек айтқанда бала мен ата-ана қарым-қатынасы барысында дамып, қалыптасады. Яғни ата-ана баланың əрқандай эмоциялық реакцияларын реттеп, қажет болған жағдайда бағалап отыруы қажет. Бала осы бір жағдайда қаншалықты адекватты эмоциялық реакция көрсетті, мұны да тəрбие  тізбегіне қоса отыру қажет. Бала дамуында эмоциялық интеллект дəрежесі жоғары болуына атаананың балаға деген жылы қарым-қатынасы да қамтамасыз етеді [8].

Мектепке дейінгі балалардың эмоциялық интеллектілерін дамыту арқылы баланың өзге адамдар эмоциясын ескере отырып, болашақта тууы ықтимал шиеленістің алдын алуға деген дайындықтың болуын қамтамасыз етуге болады. Басқаша айтар болсақ, мектепке дейінгі балалардың эмоциялық интеллектілерін дамыту арқылы баланың өзін қоршаған ортадағы балалардың эмоциясын ескере отырып, оған бейімделіп, өз əрекетінде олардың да эмоциялық күйлерін ескеріп отыруға деген дайындықтың болуын қамтамасыз ету қажет.

Кіші мектеп жасындағы балалар эмоциялығының жоғары деңгейімен ерекшеленеді, олар əлі өздерінің эмоциялық күйлерін басқара білмейді. Алайда бірте-бірте олардың ұстамдылығы мен байсалдығы артады. Балаларға ұзақ уақытқа созылатын тұрақты қуанышты əрі сергек күй тəн, бірақ олардың кейбіреуінде талаптану деңгейінің аса жоғарылығы мен оқу əрекетінде орташа  нəтижені  көрсетуіне  байланысты теріс аффективті күйлер байқалады. Танымдық, эстетикалық жəне əсіресе адамгершілік сезімдері өзіне тəн ерекшелікпен өзгере түседі.

Осы жастағы балалардың ақыл-ой сезімдері ұдайы өсе түсетін білімқұмарлығын қанағаттандырумен байланысты болып табылады. Балаларға кітап оқып, теледидар тамашалаған ұнайды, олар жаңа білімдер мен əсерлерді алуға ұмтылады. Осы кезеңде балалардың эстетикалық сезімін дамытып, эстетикалық талғамын тəрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар туындайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың əнге жəне музыкаға деген сүйіспеншілігін ояту оңай. Олар музыкалық шығарманы терең сезініп, оны нақты сипаттап беруге қабілетті [3].

Балалар суреттерді қабылдауды, əдемілікті түрлі жасандылықтан ажыратуды үйренеді. Сезімдер, оның ішінде эстетикалық сезімдер қоршаған ортаны  бейнелейтін  процесс  болып табылады. Сондықтан олар эстетикалық қажеттілікті қанағаттандыра алатын табиғат, орта жəне заттар болған кезде ғана қалыптасып, дамиды. Алайда мұның өзі жеткіліксіз, балаларды бақылау, тыңдау, түрлі аспаптарды  игеру, əн салу, би билеу, суреттеу секілді іс-əрекет түрлеріне мақсатты түрде араластыру қажет.

Балалардың бойында, сонымен қатар адамгершілік сезімдерінің тереңінен өзгеріске ұшырауы орын алады. Олар тек өзінің жақындарына ғана емес (ата-ана, мұғалімі), сондай-ақ батылдық, бекзаттық, адалдық көрсеткен бөтен адамдарға да жоғары адамгершілік сезімдерді сезінуі мүмкін. Осы жастағы балаларға өзінің жəне өзге адамдардың  мінез-құлқына  түрлі баға беру жəне олар туралы пікір қалыптастыру ерекше тəн. Мектеп оқушыларының қандай да бір оқиғаға қатысты эмоциялық реакциялары баланың ұяңдығына немесе талаптану деңгейіне тікелей тəуелді болып табылады [2].

Танымдық, эстетикалық жəне адамгершілік сезімдерінің қалыптасуы баланың тиісті білімдер жүйесін игеруді талап етеді. Осылардың негізінде оның бойында баға  беру  жəне  тағы да түрлі сезімдер қалыптасады. Адамның білімдерге негізделген сезімдері мығым негізге ие болып, тұрақталады. Алайда адамгершілік түсініктерін игеру баланың бойында адамгершілік сезімдерінің пайда болатынына кепілдік бола алмайды.

Əсіресе адамгершілік сезімдер білім, сезім, əрекет секілді ассоциациялардың бірыңғай жүйесін  қалыптастыру  негізінде  дамиды.  Осы жүйенің тек бір ғана тұсын дамытуға бағытталған тəрбие артында селқостық пен қатыгездік жасырынған немқұрайлылық пен күйреуіктікке əкеледі [10].

Жасөспірімнің бойындағы басты əрі тек осы жасқа ғана тəн жаңа құбылыс – ол жасөспірімнің өзінің енді кішкентай бала еместігі туралы түсінігінің пайда болуы.

Ол өзін ересек ретінде сезініп, ересек тұлғаға  айналуға  ұмтылады.  Ересек  сезіну деп аталатын бұл сезімнің ерекшелігі жасөспірімнің бала екенін мойындамауында жатыр, қоршаған ортаның оның ересек екенін мойындау қажеттілігі болғанымен, жасөспірім өзін толыққанды түрде ересек ретінде сезінбейді.

Жасөспірімнің осы ерекшелігі оның əлеуметтік  белсенділігінің  бағытын  анықтайды:   ол ересектер əлеміндегі жəне олардың қарымқатынасындағы құндылықтар мен жүріс-тұрыс тəілдерін қабылдап, меңгеруге ұмтылады. Жасөспірімдер дербестікке, тəуелсіздікке талпынады. Сонымен қатар олар ересектердің оларға қатысты берген бағасына, абыройы мен құқығын төмендетуге сезімтал келеді.

Оларға кішкентай бала ретінде қараған кезде, олар ренжіп, ересектерді жек көруге əкелуі мүмкін. Осы ретте қыздар ұлдарға қарағанда басқалар ол  жөнінде  не  ойлайтынына,  сын мен келекеге сезімтал келеді. Жасөспірім жастағы эмоциялық реакцияларының кейбір ерекшеліктері олардың гормональды жəне физиологиялық процестеріне негізделеді [11].

Физиологтар жасөспірімдердегі психикалық тұрақсыздық пен олардың көңіл-күйінің тым  тез ауысуын, бойын шаттық билеп, торығуын, торыққаннан кейін тез шаттануға бой алдыруын жалпы қозу мен шартты тежелудің барлық түрлерінің бəсеңдеуімен түсіндіреді [13].

Алайда жасөспірімдердің эмоциялық реакциялары мен жүріс-тұрысы гормональды құбылыстардың ауысуымен ғана түсіндірілмейді. Олар, сондай-ақ əлеуметтік факторлар мен тəрбиелеу жағдайына тəуелді, осы ретте жеке дара типологиялық өзгешеліктер көп ретте жас мөлшерлік ерекшеліктерден басым түсіп жатады. Ересектіктің психологиялық қиындықтары, талаптану деңгейі мен «Мен» бейнесінің қарамақайшылығы жиі ретте жасөспірімге тəн эмоциялық шиеленісі жастық шақта да жалғасады.

Проективті тестер (Роршах тесті, тақырыптық апперцепция тесті)  12  жастан  16  жасқа   қарай   мазасыздану   деңгейінің өсетінін көрсетеді. Осы жас кезеңде дисморфоманияның (дене бітіміндегі кемшілік сандырағы) аса күшею байқалады. Психиатр А.А. Меграбяның мəліметтері бойынша 13-14 жастан кейін тұлғалық бұзылыстардың саны арта түседі [12].

Қорытындылай келе, бала дамуында эмоциялық интеллектіні дамыту тұлға аралық өзара қатынасты оптимитизациялау жəне өмірдің əрқилы жағдайына дайын əрі бейімделу үшін, əлеуметтену жəне позитивті əрекет ету үшін маңызды факторлар қатарына жатады. Сонымен қатар эмоциялық интеллектіні дамыту адам əрекетіндегі деструктивті тенденциялардың төмендеуіне алып келеді.

 

Əдебиеттер

 

  1. Нгуен М.А. Психологические предпосылки возникновение эмоционального интеллекта в старшем дошкольном возрасте // Культурно-историческая психология. – – №3. – С. 46-51.
  2. Смирнова Е.О., Холмогорова В.М. Межличностные отношения дошкольников: диагностика, проблеммы, коррекция. – М.: Гуманитарн. изд. Центр ВЛАДОС, 2005. – 158 с.
  3. Нгуен М.А. Развитие эмоционального интеллекта // Ребенок в детском саду. – – № 5.– С. 80-87.
  4. Орме Г. Эмоциональное мышление как инструмент достижения успеха. – М.: КСП+, 5 Либин А.В. Дифференциальная психология: На пересечении европейских, российских и американских  традиций.  –  М.:  Смысл;  PerSe, 2000.
  5. Goleman D. Emotional intelligence. – Y.: Bantam Books, 1995
  6. Gardner H. Multiple intelligences: The theory in practice. – Y.: Basic Books, 1993
  7. Salovey , Mayer J.D. Emotional intelligence// Imagination, Cognition and Personality. 1990. – N 9. – P. 185–211.
  8. Mayer J.D., Salovey , Caruso D. Emotional intelligence: Theory, findings, and implications // Psychol. Inq. 2004. – V. 15. – № 3. – P. 197-215.
  9. Стефановская Т. А. Педагогика: наука и искусство. – М., 1998
  10. Шапоринский С. А. Обучение и научное познание. – М.: Педагогика, 1981
  11. Якунин В. А. Педагогическая психология.– СПб., 1998.
  12. Зимняя И. А. Педагогическая психология.– М., 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.