Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі кездегі этностардың қарым-қатынастарының əлеуметтік-мəдени мəселелері

XXI ғасыр этностардың ұлттық сезiмiнiң өсуiмен ерекшеленді. Оларға жалпы əлеуметтiк, сол сияқты мəдени факторлар жəне өз кезегiнде əлеуметтік əрекеттің субъектісіне тəн құндылықтық бағыттарының этношартталған жүйесі əсер етті. Этностық жекелеп алғанда, əлеуметтік мобильділікті, көші-қонды, үлкен қалалы жəне өндіріс орталықтарына халықтың жиналуын, қақтығыстық жəне əлеуметтік жүйелер мен институттардың динамикасын шарттайтын ең маңызды фактор ретiнде танымал.

Этникалық арақатынастарда маңызды орынды ұлттар, ұлттық психология мен ұлттық қарымқатынастар жəне этностардың өзіндік сана-сезімі алады. Этникалық қасиеттер əр адамның бойында дербес, алдыңғы ұрпақтардың тəжірибесіне тəуелсіз қалыптаспайды. Олар оған дейін қалыптасқан дайын дүние ретінде қабылданады, яғни адамдармен араласу жəне тəрбиелеу процесінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, индивид   этникалық   мінез-құлықтың қандайда бір қалыптасқан қасиеттерімен туылмайды. Ол бұл қасиеттерді тұлғаның əлеуметтенуі деп аталатын, өмірге бейімделу нəтижесінде иеленеді.

Ұлттық мінез-құлық – нақты тарихиэкономикалық, мəдени, табиғи жəне  оның  басқа да даму шарттарында қандай да бір əлеуметтік-этникалық қауымдастыққа тəн ерекше қасиеттердің жиынтығы. Мысалы, жапондықтардың ұлттық мінез-құлқында еңбекқорлық, эстетикалық сезімі, табиғатқа деген сүйіспеншілік, дəстүрлерді сақтау, топтық мінезқұлық ерекшеліктері беделге деген адалдылық, парыз сезімі, сыпайылық сияқты жалпы этникалық ерекшеліктер көрініс табады.

Ұлттық сезімдерге əлеуметтік-экономикалық, географиялық, өмір сүру жағдайлары сияқты көптеген факторлардың əсері белгілі бір мəн-мағынаға ие болуы көрініс табады.

Егер қазақ ұлтын алатын болсақ, қонақжайлылық сияқты мінез-құлық ерекшелігі өте жоғары деңгейде дамыған. Бұған не əсер етеді? Өмір   сүрудің   көшпенді үлгісі, өмір  сүрудің оңаша үлгісі, қиын жағдайлардың қаупі, көмек алу дайындығы қазақ этносының өмір сүру үлгісінде өз ізін қалдырды.

Этникалық   ерекшеліктер өз  табиғаты мен  жүзеге  асыру  əдістері  бойынша  индивид жəне қауымдастық психологиясындағы барлық адамдарға тəн құбылыстарға ұқсас болып табылады. Мұндағы айырмашылық – жалпы адамзатқа, ал этникалық белгілі бір ұлттың, халықтың өкіліне тəн. Ал бұлардың ұқсастықтарына келетін болсақ, екеуі де əдеттегі өмір, күнделікті тұрмыстағы адамдар қарымқатынасы, күнделікті тұлғааралық араласу салаларында көрініс табады. Əрбір этностағы көптеген əдеттер, талғамдар, құндылықтық бағдарлары, бір-бірін түсіну мəнерлері оның еңбек ету, шаруашылық əрекеттері сияқты өзгешеліктерімен анықталады жəне олардың əсерімен қалыптасады.

Халық психологиясының этникалылығы, еңбекқорлық, қонақжайлық, пысықтық, консерватизм, туыстық сезімі сияқты адамдардың бірдей мінез-құлық ерекшеліктері əртүрлі болатынына жауапты қайдан іздеу керек, неліктен этнос ішінде адамдардың ұқсастық сипаттары ретінде қабылданатын кейбір психологиялық қасиеттері оларды басқа этнос адамдарынан өзгешелейді?

Географиялық детерминизм өкілдері этникалық құбылыстарды табиғи орта мен климаттың ерекшеліктері ретінде ғана түсіндіруге тырысты. Табиғи тұратын ортасының жағдайлары айтарлықтай тұрақты болғандықтан, бұл теорияға сəйкес ұлттық мінез-құлық сипаттары да өзгермейді. Алайда ұлттық психоло-  гия тек географиялық фактор мен өмір сүру жағдайларына ғана тəуелді күрделі феномен емес жəне бұл жағдайлар күрделірек əрі қарамақайшылықтары көбірек болғанша ұлттық мінезқұлық соғұрлым күрделірек, сонымен бірге қарама-қайшылықтарға толы болады.

Қазіргі өркениет, ғылым-техникалық даму деңгейі, интеграциялық, мəліметтік жəне т.б. процестер мен құбылыстар, құндылықтар мен бағдарлардың  бұрынғы  рухани ұстанымдардың «жоғалуын», «қарсылығын» тудырып этноəлеуметтік психологияға елеулі түрде əсер етеді.

«Тəжірибе көрсеткендей, ұлттық қадірқасиет, теңдік, əділеттілік сияқты əлеуметтік психологиялық  категориялар  молшылық,  байлық, қасиеттермен салыстырғанда құндылығы аса жоғары» [1].

Сонымен, ұлттық психология əр индивидте күрделі феномен болып табылатын, этникалық қасиеттердің психологиялық құрылымын теріске шығармайды.

Ұлттық психология категориясымен қатар ұлттық өзіндік сана-сезім маңызды беделге ие. Ұлттық  өзіндік  сана-сезім  –  бұл этникалықты «сақтап қалудың соңғы  шегі»,  өйткені  тари-  хи даму барысында тілдің жоғалуы да мүмкін. Ортақ территория да, мəдени дəстүрлер де жоғалып кетуі мүмкін, бірақ этникалық өзіндік сана-сезім сақталғанша, этникалық «БІЗ» бейнесі де өшпейді.

З.В. Сикевич бойынша, этникалықпен салыстырғанда ұлттық өзіндік сана-сезім эмоциалды компоненттермен (өзінің этникалық топтың басқа мүшелерімен бірлігін аңдаусыз мазасызданумен) қатар рационалды: белгілі бір ұлтқа жатуын сезіну, оның белгілі бір аумаққа байланған, өз халқының рухани құндылықтарына саналы қарым-қатынасы жəне оларға деген бағыттылығы - бұлардың барлығы ұлттық идеяның ұлттық қызығушылықтарының қалыптасуын ынталандыратын ортақ тарихи өткенімен біртұтастық ретінде оның қасиеттері жайлы көрінісі болып табылады.

Бүгінгі таңда бұл теоретикалықты барлығы мойындайды: өзіндік сана-сезімсіз этникалық топ өмір сүре алмайды, сондықтан да этникалық сана сезімді емес, өзіндік сана-сезімді этникалық топтың негізгі айрықша сипаты ретінде қарастырған жөн.

Өзіндік сана-сезім – субъектінің құндылықтарға жəне өзіне деген қарым-қатынасы. Өз ұстанымдары мен бағдарларын басқа адамдардың өмірлік позицияларымен үйлестіру қабілеті, араласу процесі барысында осы позицияларға тұра алу икемділігі. Адамның өз əрекеттері мен олардың нəтижелерін, ойлары мен сезімдерін, моральдық бейнесі мен қызығушылықтарын, тəлім-тəрбиенің идеалдары мен мотивтерін, өзөзін жəне өзінің өмірдегі орнын толықтай ой елегінен өткізу жəне бағалау сана-сезімнің аса жоғарғы түрі болып табылады.

Өзіндік сана-сезім – тек жеке индивид үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам, ұлт, əлеуметтік топ үшін тəн қасиет. Ол, сонымен қатар жетілудің белгілі бір сатысына, қоғамдағы өз жағдайын, орнын жəне рөлін түсінуге жеткен этноəлеуметтік қауымдастықтың (халықтардың, ұлттардың) тарихи түрлерінің əрқайсысына тəн.

Ұлттық  өзіндік  сана-сезімді  өз  халқы, оның берілген қоғамда ұлттық қатынастардағы жағдайы мен орны, оның əлемдік мəдениет мұрасына, тəуелсіздік үшін күресудің ортақ ісіне қосатын тарихи еңбегі бар саналы ұлттық сезім ретінде сипаттауға болады. Ұлттық өзіндік санасезім ұлттық сана-сезіммен қалай жанасады?

Сана-сезім – адамның рухани белсенділігінің жоғары деңгейі, шынайылықтың сезімдер мен ойлау бейнесі түрінде көрінісі. Сана-сезім адамның практикалық əрекеттерін тамсандырады, оларға мақсатты бағытталған сипат береді. Ұлттық сана-сезім жəне ұлттық өзіндік санасезім – салыстырмалы емес бір реттік түсінік.

Тек осындай жағдайда  ғана  оның  бойында өзінің жəне басқа ұлттық қалыптасқан құндылықтарына қарым-қатынасы, бағасы қалыптасады. Алайда, «біз» жəне «олар», «бізде» жəне «оларда» деген салыстыру қауіптілікті қамтиды, өйткені алуан түрлі ұлттардың адамдары қарым-қатынастарында негативті құбылыстардың пайда болуына объективті əсер етеді. Ұлттық өзіндік сана-сезім, ұлттық санасезімнен ерекшеленетіндіктен, оның өз мазмұны, өзіндік құрылымы болады.

Əрине, қандай да бір елеулі сандық параметрлері жайлы айту қиын, алайда сапалық айырмашылықтар баршылық. Демек, ұлттық өзіндік сана-сезімнің бірінші сапалық ерекшелігі – бұл адам сана-сезімінің жоғары деңгейімен үзіліссіз байланыс, екіншіден, егер ұлттық өзіндік сана-сезім ұлттық сана-сезімнің бір бөлігі болса, онда ол белгілі бір өлшемде оның құрылымының элементтерін қайталау керек. Үшіншіден, ұлттық өзіндік сана-сезіммен адамның сезімдік механизмін, əсіресе  осын-  дай жағдайларда өзін ерекше көрсететінмен ұштастырмауға болмайды.

Кейбір нақты элементтерге тоқталайық. Этноцентризм – топтық өз-өзін қорғаудың ежелгі тарихи механизмдері сияқты топтық психиканың қасиеті. Өмірлік құбылыстарды жалпы ортақ эталон ретінде қабылданатын, өз этникалық тобының дəстүрлері мен құндылықтары, призмасы арқылы қабылдау мен бағалаудың этникалық сана-сезім құралы.

Шынайы этноцентирзм интернационалдық тəрбиелеу барысында басқа ұлт өкілдерімен өндірістік жəне тұрмыстық қатынаста болу жағдайында (əсіресе аралас некелерде) əлсіреуі мүмкін.

Этноцентризм адамдар əділетті қоғамдық жəне мемлекеттік тəртіпке сенімін жоғалтқан кезде, қоғам өзінің рухани бағдарларын жоғалтқан кезде өзінің қиратушы күшіне ие болады. Сонымен бірге этноцентризм жақсы өмір сүруге бəсекелік күрес жəне бағытталған идеологиялық жұмыс жолы жағдайларында, көпшіліктің национализміне салыстырмалы түрде айналуы жəне өз ұлтының өзгешелігі жайлы идеяларымен қуатталуы мүмкін.

Ұлттық абырой – ұлттық құндылық, өз-өзін құрметтеу, қастерлеу сезімі. Белгілі бір ұлтқа жатуынан, оның ерекше белгілерін иеленуден қанағаттану сезімі. Белгілі бір ұлтқа жатуы немесе ұлттық элементтерге қатысты артықшылығын сезіну.

Ғылыми  қолданыста  «ұлттық шектеулілік»,«ұлттық паңдық», «ұлттық эгоизм» сияқты түсініктер бар. Ұлтшылдық –  бұл  тек  идея-  лар мен саяси жүйе ғана емес, ерекше саясипсихологиялық жағдай жəне сезім.

ХХ ғасырдың 90-жылдары ресейлік ғалымдар ұлтшылдықтың келесі типтерін енгізді:

  • толық тəуелсіздікке ұмтылуды білдіретін классикалық ұлтшылдық (Ичкерия нұсқасы). Əзірбайжан, Қазақстан, Орта Азия республикалары толық дербестікке ұмтылмады, оны КСРО-ның құлауы нəтижесінде алды. Балтық жағалауы, Грузия, Армения, Украина, Молда-  ва толық тəуелсіздік үшін күресті, нəтижесінде ұлттық қозғалыстар болды;
  • паритетті ұлтшылдық толық егемендікке ұмтылыспен тұжырымдалды. Ол сыртқы жəне ішкі шарттардың күшімен өкілеттілік бөлігін федералды орталыққа беру есебімен шектелген (Татарстанда, Башқұртстанда, Тувада);
  • экономикалық ұлтшылдық, декларациялар мен іс-əрекеттерде үстемдік етуші экономикалық саладағы дербестік  болып  табылады  жəне   бұл дербестік элитамен мүмкіндігінше толық егемендікке жол ретінде қарастырылады. (Якутияда жекелеген кезеңдерде – Татарстанда);
  • қорғаушы ұлтшылдық, онда мəдениетті, тілді, территорияны, демографиялық өндірісті қорғау  идеясы    үстемдік    етеді    (осетиндік,ингуштық   ұлтшылдық,   Карелия,   Комидағы, этномəдени ұлтшылдық);
  • модернизациялық ұлтшылдық, онда «инновациялық секіріс идеясы» үстемдік етеді. Ол ресейлік реформаторларға тəн. Олар: «Алдымен, Ресейді реформалаймыз» деп жариялайды, содан кейін бəрі бізге тартылады, кейбір кездерде ол Татарстанда бақыланады [2].

Егер адам өз халқының өмірі, мəдениетіне қатысты көзқарастарында адал жəне сенімді болса, ол ұлттылықтың шегінен шыға алмаса, кез келген жағдайда өзгеріссіз (ұлттық жолды ұстанса, бірақ бұл халықты басқаларға қарсы қоймай, оларға қастандық жасамаса, ешқандай жеркеніш немесе  сенімсіздікпен  қарамаса,  онда оның əлеуметтік келбеті мен мінез-құлқы ұлтшылдық емес, ұлттық шектелген деген сипатқа) ие болады.

Этникалық ұстаным – бұл адам кез келген кəсіби, саяси, мəдени жəне т.б. салада қызмет ете отырып, этникалық топқа кірген тұлға ретінде сезінеді, бағалайды жəне сол сияқты əрекет ететін орны бар ұстанымдар болып табылады.

Этникалық ұстанымдар – бұл өмірлік қызметтің кез келген саласында басқа ұлттың адамдарымен жеке араласудан бастап, құбылыстар, тарих элементтерін, мəдениет, əлеуметтік-экономикалық даму типтері жəне  бас-  қа да өркениеттік формаларды қабылдауға дейінгі басқа этникалық қауымдастықтармен өзара əсеріне арналған ұстанымдар. Арнайы артықшылықтар, агрессияны зерттеуге бағдарланған көптеген шетелдік зерттеулерге қарағанда, отандық этноəлеуметтік зерттеулерде этникааралық қарым-қатынастардың екі жақтан қайырымды, бейтарап, негативті (қайырымды емес) түрлерін қарастыру дəстүрге айналған.

Ұлтшылдықтың қайнар көзі ретінде əлеуметтік негіз де қызмет етеді. Ол – беделді қызмет салаларындағы жұмыс орындарына деген бəсеке. Мұндай бəсеке үстем етуші этникалық қауымдастық өкілдері жəне мемлекеттің өзіндегі басқа топтар арасында, сол сияқты иммигрант топтар арасында да болуы мүмкін.

Ұлттық сезімдерге келетін болсақ, өз халқының тек жағымды жақтары (ұлттық абырой, ұлттық намыс), ал басқа ұлт өкілдерінің жағымсыз жақтары (ұлттық жақтырмаушылық, ұлттық сенімсіздік, өзін жоғары қоюшылық жатсынушылық)  деген  ой   таралады.   Жағымсыз   сезімдер   өз ұлтының адамдарына бағытталған болса, олар ұлттық болудан қалады да (олардың мотивтері  ғана ұлттық сипатқа ие) жай адамдық сезімге айналады. Бірақ жоғарыдағы барлық айтылғандардан басқа халықтарға қатысты жағымды ұлттық сезімдер болуы мүмкін емес деген ой ылғи да тұжырымдалмайды. Мұндай көріністер көп: басқа халықтармен достық, ынтымақтастық сезімі. Осылай индивид жəне қауымдастық психологиясында этникалық қасиеттер деп аталатын нақты элементтер көрініс табады.

Сонымен, ұлттық өзіндік сана-сезім – бұл ұлттар мен ұлттылықтардың оларды қоршаған басқа ұлттарға енжар еліктеу емес, бұл өз ұлты, оның қоғамдағы рөлі жайлы білімге негізделген саналы сезім.

Этностық коммуникация мен салыстырудан тыс өмір сүрмейді, ол тек этникалық топтармен өзара əрекеттесу барысында өз ерекшелiгiн айқындай алады.

Этникалық мəдениетте ең маңызды орын этникалық символ тіл болып табылады. Ол адамзат қарым-қатынасының маңызды құралы болып табылады, яғни онсыз адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуы мүмкін емес. Қоғамның тілге əсері оның дамуында анықтаушы рөлге ие болады. Дамыған тіл қоғамға кері əсер етеді.

Тілдің дамуына саналы түрде əсер ету мүмкін бе? Қазақстанды 30-шы жылдары араб алфавиті латын алфавитіне ауыстырылған, ал 40-шы жылдары кириллицаға ауыстырылды. Экономиканы көтеру мақсатында ұлттық тілдер қоғамдық коммуникациядан ығыстырыла бастады, ол кез индустрияландыру жəне ұйымдастыру кезеңіне тұспа-тұс келген болатын. Ол кезеңде өз тіліне деген жанашырлық ұлтшылдықпен теңбе-тең еді. Ең басты қазақ тілінің қоғамда пайдаланылуы ол көптілділік, ең негізгі заңдылық ұлтаралық орыс тілінде сөйлесуге рұқсат етеді. Бұл орталықтың саясатына сай еді, яғни барлық халық бірлікте жəне бір тілде ойлайтын болуы қажет еді. Қазақстанның басқа мемлекеттерден басты айырмашылығы түпкілікті ұлты сан жағынан аз пайызды көрсетті, ал халықтың өсімі көбіне көші-қон негізінде  жүріп отырды.

Жайлап ұлттық тілдер өз мəнін жоғалта бастады,  қазақ  тілі  тұрмыстық  тіл  болды, тіл қаншалықты ұмытылған сайын елдің мəдениетіне де əсер ете бастайды жəне ол əлем мəдениетіне де əсерін тигізбей қоймайды.

«Тіл туралы заң» барлық азаматтарға тіл таңдауда еркіндік береді жəне кез келген этностың дамуына теңдей құқық жасайды. ҚР-да тілдің теңдігі барлық халықтың горманальді этномəдениетінің дамуына жағдай жасалынған.

Заңды-құқықтық жəне нормативті-құқықтық заңдастыру ҚР-ның Парламенті жəне үкіметімен қабылданған тілдер саясатымен қадағалынып реттеледі жəне ҚР-ның парламентінде ісқағаздарында жүзеге асады. Бұл – ҚР-ның «тіл туралы заң» жəне «2001-2010 жж. «Тілдің дамуы мен қызметі туралы мемлекеттік бағдарламасы».

Заңның маңызды жақтары:

  • азаматтық қоғам екенін бекіту, этносаралық жəне конфессия аралық келісім;
  • азаматтық қоғам құру, адамның құқығын қорғау жəне демократияны дамыту;
  • жас ұрпақты жалпы адамдық ретінде рухани тəрбиелеу;
  • дарынды балалар мен талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсету;
  • халықаралық гуманитарлық серіктестікті арттыру, мəдени білім беру орталықтарын арттыру;
  • ұлттық мəдениеттің жетістіктері туралы презентация;
  • Қазақстан халқының ұлттық мəдениеті, тілі, құндылықтары мен дəстүрлерінің пайда болуы [3].

Қазақстанда сұралғандардың жартысынан көбі (51,9%-ы) өз ана тілін қазақ тілі деп жауап берген, 37,3%-ы орыс тілі деп жауап берген, 10,8%-ы Қазақстанда тұратын басқа жастардың тілдері деп жауап берген.

Қазіргі  таңда  ҚР-дағы  халықтың  50,4%ға жуығы мемлекеттік тілді жеткілікті (еркін түсініп, оқи алатын) деңгейде меңгереді. Сонымен қатар 36,4%-ы қазақ тілінде жаза алады, ал 30%-ы сұралған респонденттер мемлекеттік тілді білмейді.

Территорияға бөліп қарасақ, мемлекеттік тілді жақсы меңгеретіндер Оңтүстік жəне Батыс Қазақстан аймақтарында байқалады.

Сұрауға қатысқандардың ішінде қазақ этносы өкілдерінің 64,9%-ы мемлекеттік тілде еркін сөйлей алады, жаза алады жəне оқи алады. Сұралғандардың  орыс  этносына  жататындары 38 %-ы мемлекеттік тілді меңгермейді, 13,2% басқа этнос өкілдері мемлекеттік тілді еркін меңгере алады [4].

Мемлекеттік тілдің мəртебесінің критерийлері неде? Бұл қазақ – этносының егеменді, яғни республиканың атауы. Мемлекеттік тілдің дамуына қажеттілік өзге ұлттардың өндірістік жəне күнделікті өмірде сөйлесу үшін қажет.

Өзге ұлттардың қазақ тілін білуі ұлттық шаруашылықта, мемлекеттік аппаратта белсенді қолдануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тілді білу тек ұлтаралық қарымқатынасты жақсарту үшін ғана емес, мəдениетті дамытуға жəне ұлттардың ара-қатынасын жақсарту үшін де қажет.

Қазақ тілін білу ұлтаралық қарым-қатынасты жақсарту үшін ғана емес, ішкі ұлттық қатынас мəдениетін көтеру үшін де қажет. Қазақ тілін меңгеру білім беру саласында, денсаулық сақтау жəне қызмет көрсету саласында да кəсіби қажеттілік болып табылады.

Сонымен, этностар арасындағы қарымқатынаста бірін-бірі түсіну үшін, қазіргі кездегі əлеуметтік-мəдени мəселелер ерекше маңызға ие, мəдени құндылықтардағы барлық өзгерістер ұлтқа қатысты, қоғамдық өмірдің барлық жақтарынан əсер етеді, этномəдени ерекшеліктер қазіргі əлемде болып жатқан этникалық қарымқатынастардағы күрделі процестерді түсіндіруге өз септігін тигізеді.

 

Əдебиеттер

  1. Бороноев А.О., Павленко В.И. Этническая психология. – СПб., 1994. – 57 с.
  2. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.М., Сусоклов А.А. Этносоциология. – М., 1999. – С. 4849.
  3. Биекенов К.У., Садырова М.С., Садуакас С. Языковая социализация и формирование социального поведения личности. – Алматы: Қазақ университеті. – 173 с.
  4.  Шаукенова З.К. Социльное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. – Астана,  2002. – С. 115-116.
  5.  Утешов С.К., Чинасилова А.М. Этносоциология. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.– 126 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.