Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үй шаруашылықтары қаржысының мəні мен ерекшеліктері

Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едəуір бөлігін қамтып отырған нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр.

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нəтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының əл-ауқаты тəуелді болады. Экономикасының аса ірі субъектілері бола отырып, коммерциялық кəсіпорындармен жəне  мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатысады. XXI ғасырда экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді [1].

Үй шаруашылығы əлеуметтік-экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік əрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешім қабылдайды. Соңында барлық əлеуметтік-экономикалық ресурстар үй шаруашылығына жатады, алайда бұл ресурстар олардың арасында өте əркелкі  бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады. Нарықтық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын жəне өндіріс факторлары нарығында ұсынылатын негізгі тауар болып жасалынатын жеке өндіріс факторлары нарығында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары əртүрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды  бөлу  туралы  шешімдер  қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты əлеуметтікэкономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы нарықтық экономикада сұранысты қалыптастырады [2].

Үй шаруашылығының қаржысы,  тұтас алғанда қоғам қаржысы секілді, шаруашылық мүдделерінің материалдық жəне əлеуметтік жағдайларын жəне олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру жəне пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде   буын бола отырып,   ол қоғамның «əлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде жəне пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кəсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес жəне қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады [3].

Үй шаруашылықтары қаржысын «адами капиталдың» даму тұрғысынан қарастырған маңызды. «Адами капитал» тұжырымдамасын өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т. Щульц ұсынды. «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білім жəне іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге əлеуметтік жəне экономикалық салаларда белсенді іс-əрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім жəне денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі элементтеріне, Г. Беккердің ұсынысына сəйкес:

  • білім капиталы (жалпы жəне арнаулы білімдер);
  • өндірістегі даярлық   капиталы (біліктік,машық, өндірістік тəжірибе);
  • денсаулық капиталы;
  • экономикалық мəнді ақпараттарға ие болу капиталы (бағалар мен табыстар туралы ақпараттығы);
  • көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамассыз ету);
  • экономикалық қызметтің уəждемесі жатады [3].

Осыдан «адами капитал жұмсалатын инвестиция», яғни адам дамуына қаражаттар жұмсау, қызметтің талдамалы саласында шеберлікті арттыру, адам тұрмысының рухани жəне табиғи жақтарын жетілдіру ұғымы дамыды. Адами капиталға жұмсалатын инвестициялардың жал-  пы экономикалық сипаттамасы олардың рентабелділігі нақты капиталдағы пайдадан əлдеқайда көп болып табылатындығында. Бұл тұжырымдар дамыған капиталистік елдерге ағарту жəне кадрларды даярлау саласының теңдей дамуы үшін теориялық негіздеу болды.

Адами капиталдың бірнеше қағидаларының арасынан маңызды қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

  • адами ресурстарды сақтау жəне дамыту қоғамның ұзақ  мерзімді  экономикалық  дамуы үшін негіз болып табылады;
  • адами капиталдың сапасы ұлттық білім, ғылым, мəдениет жəне денсаулық деңгейімен айқындалады;
  • адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны секілді, тозуы мүмкін жəне тұрақты қолдауды талап етеді;
  • егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым жəне т.б.) əсер ететін факторлары нашарласа, адами капитал құнсызданады.

Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едəуір əлеуеті жөнінде ЖІӨ-дегі үй шаруашылықтары жасай-  тын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары жəне əрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6% соның ішінде: 16,9% үй шаруашылықтарының секторы бойынша жəне 0,7% үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтарының секторы 50,7 пайызды алады [4].

Үй шаруашылықтары  қаржысының мəні өзінің көрінісін  функцияларда  табады.  Г.Б. Поляктың пікірі бойынша екі негізгі функция бар. Ол функциялар осы үй шаруашылығының қаржыларының мəні көрінеді: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.

Бұл функция  бұл  отбасы  мүшесінің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын  жасай-  ды. Нарықтық қатынастардың дамуы бұл функцияның көрінуі нысанына айтарлықтай əсер етеді.

2010 жылғы ҚР статистика Агенттігінің мəліметтері бойынша, үй шаруашылығын іріктеу зерттеу   мəліметтері   бойынша    Қазақстанда үй шаруашылығының орта өлшемі 3,4  адам-  ды құрайды [4, с.149]. Қалалық жерлерде отбасының өлшемі 3 адамды, ал ауылдық жерлерде 4,1 адамды құрады.

Соңғы бес жыл ішінде (2006-2010 жж.) номиналды қаржылық кіріс өсімі тұрақты емес болды, оған 2008-2009 жылдардағы экономикалық кризис те өз əсерін тигізді. 2009 жылы номиналды қаржылық кіріс көлемі тез азайып кетті. Егер алдыңғы жылдары кірістің жылдық өсімі 30-50 пайызды құраса, 2009 жылы нақты қаржылық кірістің индексі алдыңғы жылға сəйкес келетін периодта 103,9 пайызды құрады.

2010 жылы жағдай  кішкене түзелді,көрсеткіштер 118,1 жəне 110,2 пайызды құрады. Егер де аймақтық көрсеткіштер бойынша салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, онда Алматы қаласындағы жан басына шаққандағы орташа кіріс Қазақстанның барлық аймақтарымен салыстырғанда көлемі жоғары болады. Бұл Алматы қаласында жұмыс орындарының көп екендігін, яғни ірі компаниялардың офистері, қаржылық сектордың болуын, орта жəне кіші бизнес, мемлекеттік мекемелердің көп болуын білдіреді.

Алайда еліміздің əлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы халықтың табысына əсер етеді. Экономикалық кризиске дейін номиналды қаржылық табыс динамикасының өзгеруі Алматы қаласында көп байқалды, алайда 2009 жылдан бастап мұнда табыс көлемі еліміздегі басқа қалалармен салыстырғанда өзінің тұрақты өсу темпін азайтты.

Алматы облысының табыс көлемі Алматы қаласының өзімен салыстырғанда елімізде ең төмен болып саналады (Оңтүстік Қазақстан облысын санамағанда). 2010 жылы Алматы жəне ОҚО-да жан басына шаққандағы орташа кіріс көлемі 27474 жəне 25037 теңгені құрады, ол бүкіл елдегі көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 жəне 1,6 есеге аз болады[4].

Тауар-ақшалай қатынастардың, нарықтық пайда болуының, одан кейін оның ұлғаюының нəтижесінде: 1) отбасының материалдық, əлеуметтік, мəдени жəне өзге қажеттіліктерінің көбеюі; 2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы жəне өсуі; 3) ақшалай қордың – материалдық игіліктермен қамтамассыз етуге арналған отбасы бюджеті пайда болды.

Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты жəне бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-əрекет етеді [5].

Үй шаруашылығы мүшелерінің өндірістік қызметі нəтижесінде жасалынған үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары – бұл отбасы қарамағындағы ақша жиынтығы. Үй шаруашылығының ақшалай қорының көлемі шаруашылықтағы əркімнің күш салуына байланысты[3].

Үй шаруашылығының қаржылық ресурстары, əдеттегідей, нысаналы арналымы бар оқшауланған ақшалай қорлар түрінде болады. Екі негізгі қор жасалынды: тұтыну қоры, ол осы ұжымның   –  отбасының   жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркəсіп өндірісінің тауарларын сатып алу, түрлі ақылы  қызметтерді төлеу жəне басқалары) қанағаттандыруға арналған; жинақақшалар (кейінге қалдырылған қажеттіліктердің) қоры, ол – келешекте қымбат тұратын тауарларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал.

Үй шаруашылығының қаржысы республикалық, жергілікті бюджеттер мен жəне бюджеттен тыс əлеуметтік қорлармен жəне меншіктің түрлі  нысандағы  кəсіпорындарының орталықтандырылмаған қаржылармен,сондай-ақ қаржы нарығымен өзара іс-əрекет етеді.Олардың арасында үздіксіз бір жақты,екі жəне үш жақты ақша ағындары пайда болады.Үй шаруашылығы мен мемлекет арасындағы ақша ағымдарының тұрақты қозғалысы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтарының  мүшелері мемлекеттік сектор үшін  жұмыс күшін  береді,мемлекетке өз өндірісінің тауарлары мен қызметтерін сатады. Осы үшін отбасы еңбекақы мен табыс алады. Бұдан басқа қаржылық қатынастар қазынаға жəне əлеуметтік  бюджеттен тыс  қорларға салықтар, алымдар, баждар жəне аударымдар төленген кезде пайда болады. Сонымен бірге үй шаруашылықтары үкіметтен əр түрлі ақшалай трансферттер, сондай-ақ натуралдық нысанда қоғамдық игіліктер мен қызметтер алынады [6]. Үй  шаруашылығында  ақша  ағындары мемлекеттік емес сектормен – кəсіпорындармен, ұйымдармен, компаниялармен пайда болады. Олардан тауарлар, қызметтер ала отырып, үй шаруашылықтары ақшалай  нысанда  оларға алынған түрлі игіліктердің құнын қайтарады. Заңды тұлғалар, сонымен қатар бұл ұжымның мүшелеріне тиісті меншік болған жағдайда үй шаруашылықтарын кредиттік  ресурстармен, сондай-ақ табыстармен, пайыздармен, жалгерлік ақымен қамтамасыз ете алады.

Қаржылық ресурстардың толық айналымының нəтижесінде үй шаруашылығы  қазіргі  жəне келешектегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Қазақстан халқының қаржылық ресурстарына жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорлары (олар 2009 жылдың басында 1439,5 млрд  теңгені  ІЖӨ-  нің 9,5% құрады), халықтың екінші деңгей банктеріндегі салым ақшалары (1500 млрд  теңге  немесе  ІЖӨ-нің  9,9%), әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорында шоғырландырылған қаражаттар – 137 млрд-қа жуық теңге жатады [3].

Қаржылық ресурстар үй шаруашылығының бюджетін қалыптастырады. Өзінің материалдық мазмұны жағынан үй шаруашылығының бюджеті – бұл үй шаруашылығының ақшалай қорын жасау мен пайдалану нысаны. Ол үй шаруашылығы мүшелерінің жиынтық табыстары мен олардың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін шығыстарын біріктіреді. Отбасы бюджетінің қаражаттары қажеттіліктердің ұлғаюымен байланысты үнемі жетіспейді. Бюджеттік қаражаттардың жетімсіздігі, əсіресе біздің елде, негізгі жұмыс орнында жұмыс күшін сатудан жəне еңбектік келісімшарт бойынша еңбекке ақы алудан басқа жеке қосалқы шаруашылық жүргізуде, дара-еңбектік жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, өзінің жылжымайтын мүлігінің артықтары мен ұзақ уақыт пайдаланатын заттарды жалға беруге, бағалы қағаздарды сатып алуға жəне сатуға мəжбүр етеді [7].

Үй шаруашылығының тұрақты жəне уақытша табысы ажыратылады. Тұрақты – бұл адам үміттеріне сəйкес болашаққа сақталатын табыс. Тұрақты экономикалық қоғамда табыстың бұл  түріне,  əдеттегідей   еңбек   қызметіне   ақы төлеуді жатқызады. Уақытша табыс деп болашаққа жоғалатын табысты атайды, мысалы, акционерлік қоғамның тоқталуын байланысты бағалы қағаздардан түскен табыс. Қазақстанда елдің жалпы экономикалық жағдайы тұрақсыздау болып тұрғанда үй шаруашылығының бүкіл табысы уақытша, күрделі болжанатын табыс болып табылады.Мемлекет үй шаруашылығы бюджетінің көлеміне айтарлықтай ықпал жасайды, себебі нарықтық экономикада ол түгелдей материалдық жəне қаржылай қаражаттардың жалпы толық айналымына біріктірілген. Бұл ықпал:

  • салық жүйесі арқылы үй шаруашылықтары салықтар, алымдар төлейді жəне басқа міндетті аударымдар жасайды;
  • мемлекеттік сектордағы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу арқылы;
  • берілетін түрлі қоғамдық игіліктер мен қызметтер;
  • мемлекеттік баға белгіленімі арқылы жүзеге асырылады.

Үй  шаруашылықтарының  бюджеттері  тұрпаттары бойынша – қалыптасу қағидаттарына, бюджет моделіне қарай ажыратылады. Модель отбасында, əсіресе ерлі-зайыптылар арасында қандай қаржылық жəне жеке қатынастардың қалыптасуына қарай анықталады. Осы критерийлерге сəйкес отбасы бюджеттерінің үш тұрпаты бөліп көрсетіледі: біріккен, бірлескен бөлектенген.

Бірлескен бюджет кезінде отбасы мүшелерінің тапқан барлық қаражаттары бірге қосылады жəне алынған қаражаттарды бөлу мен пайдалану мəселелері бірлесіп шешіледі.

Бюджеттің бірлескен-бөлектелген тұрпатын шамамен тепе-тең табыстары бар отбасының мүшелері қалыптастырады. Қаражаттарды пайдалану кезінде, алдымен, ортақ қажеттіліктерге (тамақ, коммуналдық төлемдер, басқа шығыстар) арналған сома есептен шығарылады, ал қалған сома отбасы мүшелерінің арасында тепе-тең не ортақ бюджетке əрбір мүшесінің үлесіне сəйкес бөлінеді; жеке адамға қалған үлес оның өз білгенінше жұмсалады.

Бөлектелген бюджет əрбір мүшесінің жоғары табысы бар жəне өзін-өзі қамтамасыз ететін отбасылары үшін қабылданған. Бұл тұрпатта жекелеген бірлескен қажеттіліктерге ақша бөлінуі мүмкін жəне оны тепе-тең бөледі. Бұл тұрпаттағы оң нəрсе үй шаруашылығы мүшелерінің қаржылық тəуелсіздігі жəне басқалардың алдында есеп бермей шығыстарды жоспарлауы болып табылады [3].

Қазақстанда еңбек қызметінен алынатын ақшалай   табыстарда 2007 жылы 77%, 2009 жылы 76,9%, 2011 жылы 81,6% құрады; еңбек қызметінен алынған табыстар көлемінде жалдамалы еңбектен алынған табыс 2011 жылы 70,2%ды, өзіндік қызметтен – 11,4%-ды, əлеуметтік трансферттер 13,9%-ды, өзге табыстар 3,9%-ды құрайды.

Бұдан басқа, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары натуралдық түсімдердің есебінен толығады (мысалы, қосалқы шаруашылықтарды өндірілген өнімдерден немесе өзінің тұтынуы үшін орындалған  қызметтерден, сонымен  бірге жұмыс берушілерден немесе мемлекеттен көтермелеулер түрінде алынған тауарлар – материалдық құндылықтардан) [5].

Қорыта айтқанда, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары деп үй шаруашылықтары мүшелерінің жалақысы, жеке-дара еңбекпен кəсіпкерлік қызметінен  алынған табыс, зейнетақы, степендиялар, жəрдемақылар өтемдік жəне басқа төлеулер  (ізгіліктік  көмекті қоса) пайыздар, дивиденттер рента жəне меншіктен алған  басқа  табыстары,  жеке  қосалқы шаруашылықтың өнімін сатудан соған қаражаттар жəне өзге ақшалай түсімдер түрінде алған ақшалай қаражаттардың сомасын жатқызамыз.

 

Əдебиеттер

 

  1. Радаев В.В. Человек в домашнем хозяйстве // Социологические исследования. –– №4.
  2. Радаев В.В. Экономическая социология. Курс лекций. – М.: Аспект Пресс, 1998.
  3. Құлпыбаев С., Ынтықбаев С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы. – А.: «Экономика» баспасы, ЖШС, 2010. – 521-б.
  4. Уровень жизни населения в Казахстане 2006-2010 гг.: статистический сборник / под ред. Смаилова А.А. – Астана, Агентство по статистике Республики Казахстан, 2011. – 242 c.
  5. Приказ № 307/1-п Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, 12.2005 г.
  6. Беккер Г.С. Человеческое поведение: экономический подход. Избранные труды по экономической теории: пер. с англ. / сост., науч. ред., послесл. Р.И. Капелюшников; предисл. М.И. Левин. – М.: ГУ ВШЭ,
  7. Домохозяйства, семья и семейная политика/ под ред. Елизарова В.В., Зверевой H.B. – М.: Диалог-МГУ, 1997. – 187 с.
  8. Занятость и поведение домохозяйств: адаптация к условиям переходной экономики России./ под ред. В. Кабалиной и С. Кларка. – М.: РОССПЭН. 1999.Туркин В.И. Домашнее хозяйство. – Пермь:Кн. изт., 1960. –328 с.
  9. Шанин Т. Неформальная экономика // Россия и мир. – М: Логос, 1999. – 576 с.
  10. Экономика семьи: экономическая природа, факторы и эффект хозяйственной деятельности семьи / отв. ред. Ю.Н. Нетесин – Рига: Зинатне, 1988. – 166 с. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.