Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңсыз еңбек мигранттарының еңбек нарығына тигізетін әсері

Белгілі бір деңгейде қазақстандық еңбек нарығындағы миграциялық ағымның күрделене түсуіне шетелден келген жұмыс күші әсер етуде. Мемлекеттер арасындағы миграциялық байланыстың Қазақстан мен Ресейдің, Өзбекстанның, Түркіменстанның және Қырғызстанның байланысы тығыз болып отыр. Осы елдердің ішінен Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы елімізге 64 199 адам келген. Соған сәйкес еңбекке жарамды иммигранттардың 70 пайызын құраған.

Қазіргі кездегі Қазақстандағы еңбек миграциясы заңсыз сипатқа ие (тек қана экономикалық саладағы жоғары жалақы төленетін шетелдік мамандар заңды түрде миграцияланады), бұл елдің қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін мәселелердің бірі болып отыр.

Орталық Азия елдерінен Қазақстанға заңсыз еңбек миграциясының өсу себебі Қазақстан мен республиканың басқа да аймақтарының арасындағы экономикалық дамуындағы айырмашылықтарда болып табылады. Қазақстан еңбек нарығы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Қытай үшін тартымды болуда. Орталық Азия елдерінен Қазақстанға заңсыз мигранттардың саны туралы мәліметтер қазіргі уақытта әркелкі. Шамамен есептеу бойынша жыл   бойы   республикаға   700   мыңнан  астам шетелдіктер, олардың 600 мыңы ТМД елдерінен келген мигранттар. Осылайша, жыл сайын заңсыз мигранттардың саны артуда.

Қазақстанға Орталық Азиядан келетін заңсыз еңбек мигранттарын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ: жақын мемлекеттерден келетіндер, яғни таңертең пойыздармен, автокөліктермен немесе басқа да транспорттармен жеміс пен көкөніс алып келіп, кешкісін үйлеріне қайтатындар. Екінші топ: мезгілдік жұмысшылар. Оларға құрылысшылар, жайлауда мал бағатындар, егін жинаушылар және т.б. Үшінші топқа шетел азаматтары жатады, олар ұзақ уақыт бойы белгілі бір территорияда тұрып, ұсақ немесе бизнестің әртүрлі түрлерімен айналысатындар [1].

Егер алғашқы екеуі  толығымен  жалдама-  лы жұмыс атқарып, жұмыс берушіге тәуелді болса, соңғысы өз бетімен жұмыс жасайтын заңсыз шетелдіктерді құрайды, олар отандық кәсіпкерліктің төменгі сатысын құрайды. Мұндай жағдайда сыртқы еңбек миграциясының ішкі еңбек нарығына кері әсерін келесі сәттерден байқауға болады.

Біріншіден, миграция республиканың оңтүстік аймағына экономикалық қысымның жоғарылауын алып келеді. Көрші елдерден келетін заңды және заңсыз еңбек мигранттарының негізгі басым бөлігі еліміздің ірі қалалары мен оңтүстік  аймақтарында  орналасады. Негізінен,заңды еңбек мигранттары Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасқан. Сонымен бірге елдің оңтүстік аймақтарына (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) республиканың жалпы санынан 30% экономикалық белсендірек бөлігі келеді.

Қазақстанның оңтүстігінің де аймақтық экономикасы осындай трансформацияны  басынан өткізуде. Жалпы тек оңтүстік қана емес, республиканың да жалпы эконмикасы осындай жағдайда. Алайда халықтың көп орналасуы (басқа облыстармен салыстырғанда), ауыл халқының көп болуы, жоғары табиғи  өсім басқа аймақтармен салыстырғанда концентрация деңгейін жоғарылатады. Сонымен қатар мигранттардың белгілі бір территорияға шектен тыс келуі, баспанаға және әлеуметтік қызметке мүмкіндікті азайтуы мүмкін және ол келесі жағдайларға алып келеді:

  • халықты әлеуметтік дифференциациялаудың қосымша факторлары;
  • оның жаңа бөліктерінің маргинализациялану қаупі;
  • әлеуметтік өмірдің шетке ысырылып қалған топтардың жағдайының одан әрі төмендеуі;
  • маргиналды топтар арасында протесттік жағдайлардың туындауы;
  • потенциалды қақтығыстар орталықтарының пайда болуы.

Жалпы, Қазақстанға заңсыз мигранттардың көптеп келуі (соның ішінде оңтүстік облыстарға) жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі төмендетеді және әлеуметтік қысымның жоғарылауына алып келеді.

Екіншіден, Орталық Азия мемлекеттері территориясынан миграцияның салдарынан (әсіресе, заңсыз еңбек миграциясы) оңтүстік облыстар мен ірі қалалардың экономика саласында жұмыс орындарына деген бәсекелестік жоғарылауда. Оңтүстік аймақтардағы жұмысбасты халықтың 50%-ын өз-өзін жұмыспен қамтушылар құрайды. Олардың басым бөлігі ауылшаруашылығында, сонымен бірге бөлшек сауда мен транспорттық және басқа қызмет көрсету түрлерімен айналысады.

Оңтүстік аймақтардағы заңсыз еңбек мигранттары жоғарыда аталған салалар бойынша өздерін жұмыспен қамтуға ұмтылады. Сонымен қатар қазіргі заңсыз еңбек мигранттарының Қазақстандағы негізгі еңбек саласы ол құрылыс (негізінен, жеке объектілерде) және ауылшаруашылығы (ауылшаруашылық өнімдерін өсіру, мақта, жеміс, табак және т.б. өнімдер жинау).

Үшіншіден, еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарығының бағалық конъюктурасының дисбалансына ықпал етеді. Жалақыға және еңбек жағдайына заңсыз еңбек мигранттары белгілі бір талаптар қоймайды. Сондықтан да өз елдеріндегі жұмыссыздар саны жоғары болса да, жұмыс берушілер заңсыз еңбек мигранттарын жұмысқа алады. Жалпы есеппен алғанда, олардың еңбек жалақысының айырмашылығы, яғни жергілікті және шетелдік жұмыс күшінің 10%-дан 50%-ға дейінгісін құрайды.

Толығырақ тоқталатын болсақ, заңсыз еңбек мигранттарының жергілікті халықпен салыстырғанда кіріс көлемі жан басына  шаққанда  өте төмен деңгейді көрсетеді. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері  бойынша  қаржылай  кірістің  ең төменгі деңгейі еліміздің Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында байқалған. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты заңсыз еңбек мигранттары жергілікті халықтың әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелері мен басқа да әртүрлі қиындықтарына себепші болады.

Төртіншіден, заңсыз еңбек мигранттары біліктілігі жоқ жұмыс күшінің санының көбеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздардың көпшілігінің 60%-ын жұмысшы құрайды, оның нақ жартысы біліктілігі жоқ жұмысшылар. Сонымен бірге Қазақстанға Орталық Азиядан ұсақ шаруамен айналысатындар, біліктілігі төмен, арнайы және жоғары білімі жоқ жұмысшылар да келеді.

Жоғары квалификациялы мамандар мен жұмыс күшіне деген дефицит, біліктілігі жоқ еңбек мигранттарының «импортының» жоғарылау мәселесі мемлекеттің экономикалық дамуындағы негативті қозғалыстардың туындауына алып келуі мүмкін.

Бесіншіден, заңсыз еңбек мигранттарының ағылуы көлеңкелі сектордың дамуына ықпалын тигізеді. Жалпы заңсыз еңбек мигранттары көлеңкелі экономика саласына қызмет көрсететін бейресми еңбек нарығындағы жұмысбастылыққа ұмтылады, себебі  ол  біріншіден,  өз мәртебелерін заңдастыруды қажет етпейді, екіншіден тез арада жоғары материалдық жағдайға жетуге мүмкіндік береді.  Бұдан шығатын қорытынды салықтан  қашу  арқылы  пайда  табу дегенді білдіреді. Отандық заң жүйесінің еңбек мигранттарының іс-әрекетін бақылау саласындағы жетіспеушіліктері салықтық есепке бағынбайтын объектілердің өсуіне алып келіп отыр. Заңсыз жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорын міндетті салықты төлемейді [2].

Заңсыз еңбек мигранттарын пайдалану көп жағдайда кіші және орта кәсіпкерліктерде кеңінен таралған. Алайда кіші және орта кәсіпкерліктермен бірге, заңсыз еңбек мигранттарын пайдалануда жоғары орындарға ие болып отырған ірі кәсіпорындар да кездеседі. Айта кететін болсақ, Астана қаласының ірі құрылыс орындарында Түркияның тіркеуі жоқ 21 азаматы табылған. Мұнай өндіру және оның қызмет көрсету секторларын Қазақстан заңын бұзған Индонезия, Пәкістаннан және басқа да елдерден келгендер тіркелген.

Қырғызстан мен Қытай арасындағы визасыздық режимнің болуы, бір жағынан, Қырғызстан мен қытайлық мигранттар үшін Қазақстанды тартымды етіп көрсетеді. Қазақстандағы қытай азаматтарының еңбек іс-әрекеттерінің көлемін бағалаудың негізгі көрсеткіштерін төмендегіден толығырақ көруге болады. Соңғы жылдары бұл көрсеткіштердің жоғарылауы байқалуда (74,3 млн долл. – 2000 ж., 143,3 млн долл. – 2001 ж., 286,2 млн долл. –  2002 ж., 421 млн долл. – 2003 ж. және 805,8 млн долл. – 2004 ж.). 2009-2010 жж. Қазақстаннан Қытайға ақша аударымының өсу тенденциясы сақталуда. Яғни, бұл көрсеткіштердің 90%-ын Қазақстан нарығында сауда жасайтын қытай жұмысшылары мен бизнесмендерінің аударымдары құрайды.2

009 жылы Қытайдың шетелде жұмыс жасайтын отандастары 22,5 млрд долларға ие болды. Бұл мәселе Қазақстанға да қатысты болып отыр, салық төлемеу барысында өз елдеріне ақша аударымын жүзеге асырады. 2005 жылды есімізге түсірсек, қаржылық нарықты реттеу мен бақылау және қаржылық ұйымдастыру Агенттігі Қытай Банкіне физикалық тұлғалардың ақша аударымдарын жүзеге асыруға 6 айға лицензияны тоқтату туралы шешім қабылдаған, ҚХР азаматы өзінің тарихи Отанына 3,7 млн долларынан артық ақша аударымы барысында Қазақстан Республикасының прокуратурасымен, саудалықкәсіпкерлік іс-әрекет нәтижесінде түскен табыстан салық төлемеу фактісі анықталған [3].

Сонымен бірге бүгінгі күні жоғарыда аталған схема бойынша салық төлемеу ықтималдығы жоғары болып отыр. Нәтижесінде салық түрінде түсіп тұратын түсім ретіндегі бірнеше миллиардтаған теңгені мемлекеттік бюджет жыл сайын толық есепке алмай отыруы себеп болып отыр.

Жалпы мұндай деңгейдегі миграция қабылдаушы тарап үшін, баспана мен жергілікті еңбек нарығындағы бәсекелестіктің ушығуына және экономикалық белсенді кейбір секторлардың мигранттармен монополизациялануына, яғни индивидуалды және топтық қауіпсіздік тудыруы мүмкін.

Ал сыртқы миграциялық фактордан туындап отырған капиталды шетелге аудару мәселесі қазірдің өзінде Қазақстанға ішкі экономикалық және қаржылық позицияларындағы қауіптің төніп тұрғандығын көрсетеді.

1-сурет – Шетел мамандарының еңбек миграциясы мақсатымен көшіп келуі

 1-сурет – Шетел мамандарының еңбек миграциясы мақсатымен көшіп келуі

Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, респонденттердің көпшілігі еңбек мигранттарының келуі өз мамандарымыздың болашаққа деген сенімдерін жоғалтады, яғни ол 36%-ды көрсеткен. Ел экономикасын көтеруге септігін тигізеді дегенді   сұралғандардың   26%-ы,   келіспеймін жергілікті өз мамандарымыз да жеткілікті дегенді 22%, ал жауап беруге қиналамын деп респонденттердің 16%-ы белгілеген.

Бұл жерден көретініміз, қоғамның барлық салаларына қажетті мамандарды болашаққа сенімділігін арттыру үшін, алдағы уақытта қоғам үшін еңбек етуге ұмтылысын жоғарылату үшін, мемлекеттік деңгейде іс-шаралар жүргізу қажет. Себебі көп жағдайда жергілікті мамандардың әлеуметтік мәртебесі шетелден келген мамандармен салыстырғанда төмендетіліп, еленбей қалып жатады.

«Стратегия» зерттеу орталығы жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің сауалнамасына сай респонденттерге «Еңбек миграциясының қоғамға тигізетін кері әсері бар деп ойлайсыз ба?» деген  сұрақ  қойылған  болатын.  Көріп отырғанымыздай, «иә, кері әсерін тигізеді» деген бөлігі 38%-ды құрап отыр. Бұл көрсеткіштен көретініміз, жоғарыда аталып кеткендей, шетелден еңбек мигранттарының келуі, ең біріншіден, еліміздің экономикасына үлкен күш түсіретіндігі байқалып отыр. Яғни, олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаншалықты қаржылай ресурсты шетелге алып кететіні көрінуде. Егер сол іс-әрекетпен кез келген жергілікті халық айналысатын болса, мұндай жағдайдан ешқандай қорқыныш болмас еді.

 2-сурет – Еңбек миграциясының қоғамға тигізетін кері әсері

«Жоқ, кері әсерін тигізбейді» деген жауапты респонденттердің 24%-ы белгілеген. Бұл жауаптан әр жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын байқауға болады. Себебі көп жағдайда еліміздің қажетті салаларында білікті мамандар жетіспеушілік факторлары да байқалады. Ал осы кемшіліктердің орнын толтыруда мұндай еңбек мигранттары бірден-бір көмек. Сондықтан да, респонденттердің арасында мұндай процесс кері әсерін тигізбейді дегендері де кездеседі.

26% қоғамдағы қылмыстың көбеюіне алып келеді. Бұл көрсеткіш те төмен көрсеткіш емес. Себебі жұмыс іздеу мақсатында келіп, жұмыс таба алмаған ішкі немесе сыртқы еңбек мигранттары нан табудың әртүрлі амалдарына баруы мүмкін. Яғни, ұрып-соғып, тартып алу, зорлық көрсету немесе адамдарды алдап-арбау сияқты әрекеттерге бару. Мұндай девиантты мінез-құлықты іс-әрекеттер тек мигранттың өзіне ғана емес, сонымен бірге қылмыс орын алып отырған қоғамға да кері әсерін тигізеді және қоғамның тыныштығын бұзады. Тағы бір факторына жоғарыда тоқталып кеттік, ол салық төлеуден қашу арқылы пайда табу. Бұл да мемлекеттік заңға қарамақарсы іс-әрекет, яғни қылмыс болып табылады.

«Тұрғылықты халықтың жұмыссыздар санының көбеюіне алып келеді» деген жауапқа респонденттердің 12%-ы белгілеген. Бұл мәселеге де жоғарыда толығырақ тоқталып кеттік. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмыссыздықтың деңгейі баршаға мәлім. Осындай жағдайда да еліміздегі кәсіпкерлер немесе жеке меншік иелері шетелден келген жұмысшыларды жұмысқа алады. Себебі сырттан келген  еңбек  мигранттарының жұмыс берушілерге қоятын талаптары өте төмен. Сондықтан да олар жұмысқа аз жалақы төлейтін, көп талапты қажет етпейтін еңбек мигранттарын алады да, отандық азаматтар жұмыссыз болып қала береді. Бұл мәселе көбінесе заңсыз еңбек мигранттарына қатысты болып келеді. Ал заңды түрдегі еңбек мигранттарына келетін болсақ, мұнда да жағдай осы шамалас. Бірақ заңды түрде келген еңбек мигранты жергілікті мамандарға қарағанда біліктілігі жоғары деп саналады да, жалақы көлемі шетелдік деңгейдегі өлшеммен төленеді [4].

Қорыта келе, қоғамда орын алатын кез келген процестің жағымды және жағымсыз жақтары болады деген тұжырымды атауға болады. Яғни, еңбек  мигранттары,  бір  жағынан,  қоғамға  өз үлесін қосатын болса, екінші жағынан, кері әсері тигізетіндігі байқалып отыр.

Қазіргі қолданыстағы саясаттың сыртқы миграцияны реттеу саласындағы теріс тұстарының бірі жеке мәселелерді, соның ішінде еңбек иммигранттарының, әсіресе заңсыз иммигранттардың құқықтарын сақтау мәселелерінің жеткіліксіз дайындалып шығуы болып отыр. Осы мәселенің оң шешімін табуы республикадағы демократияның жан-жақты дамуына ықпалын тигізері сөзсіз.

Қазіргі кездері әлсін-әлсін дайындалып жасалып жатқан халықты республикалық және облыстық деңгейде жұмыспен қамту, дипломмен ауылға, ауыл жылы, саламатты Қазақстан сияқты бағдарламалары еңбек нарығындағы жағдайды реттеудің және халықтың республика ішіндегі қозғалысын тұрақтандырудың басты факторы экономикалық дамудың нарықтық перспективаларының бар болуы екендігін көрсетіп  отыр.  Еңбек  ресурстарын  қайта  қалпына келтірумен және еңбекке қабілетті халықтың жұмыс орындарына сұранысымен теңгермеленген еңбекті пайдалану саласын кеңейту міндеттері, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға қажетті материалдық ресурстардың қалыптастырылуы осы негізде шешілуі тиіс деп ойлаймын.

 

Әдебиеттер

 

  1. Байкенова М.М., Королькова Н.Н., Садовская Е.Ю. Социально-экономические факторы миграции // Мысль. – 1999. – №
  2. Елмырзаева Р. Заңсыз еңбек миграциясының алдын алудағы еуропалық тәжірибе // Ақиқат. – 2009. – №7.
  3. Забирова А.Т. Теории и концепции процессов миграции в зарубежной социальной науке // Евразийское сообщество. – 2003. – №2.
  4. Садовская Е. Ю. Миграция в Казахстане на рубеже ХХІ века: новые тенденции и перспективы. – Алматы,

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.