Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұлғаның өмірлік мағынасы

Адам баласы тұлға болып қалыптаса бастағаннан оның өмірінде маңызы күшті, мағынасы терең жайттар болып жатады, ол адамның өмір сүру барысында, жасерекшелігіне де байланысты болып келеді.

Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.

Қазіргі таңда тұлға мағынасына көп ғалымдар қызығушылық танытуда. Алайда теориялық жоспарда «мағына» мəселесі шатасқан мəселелердің бірі болып отыр. Отандық ғалым А.Н. Леонтьев алғаш  рет «мағына» түсінігін ашуға тырысты. Оның айтуы бойынша: мағына əрекет мотивінің мақсатқа қатысты көрінуі [1]. Бұнда абстрактілі анықтама болып тұр, бұны психологиялық тілге аудару өте қиын. К. Вилюнастың тұжырымы бойынша: А.Н. Леонтьевтің «мағына» терминін мотивтің қалыпта- суындағы аралық мақсат болып тұр дейді [2].

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі жəне өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мəні оның іс-əрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып  келгені мəлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мағынасын жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мағынасын белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек. Өмірдің мағынасы туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мағынасы əр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде  6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мағынасы туралы сонша пікір бар.

Ал, өмірдің мағынасы туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, əлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мағынасы оның əлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам – белсенді əрекет иесі. Ол əлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мəнін, құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Жəне ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

Өмірдің мағынасы туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол – бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мағынасы оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті əрі жылы естілетіні содан болса керек.

Бақыт дегеніміз – өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушы- лығына сəйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің  адамдық  мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны əр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи жəне ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу əрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды [3].

Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратын болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның əр мүшесінің бақытынан құралады.

Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттың белгісі жанына жайлылық, тəніңе лəззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тəжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол – табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің хошын табу – əр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.

Өмір жəне оның мағынасы туралы ой қозғаған ұлылардың бəрі бақытты еңбекпен байланыс- тырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-өнер кайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды.

«Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым əлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде əлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кəсіппен айналысуы, ұзақ жəне қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тəжірибе жинап, кəсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нəтижесін көруі – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тəтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.

Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады.

В. Франкл айтқандай өмір мағынасын адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мағынасын түсіну əр түрлі жас кезеңінде жəне əртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан  адам өз тіршілігіне өзі мəн беруі тиіс, əйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мағынасы жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мағынасын іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады [4].

Күнделікті істі ысырып қойғанда адам шексіз əлем туралы ой қозғайтыны жасырын емес. Ол əлем бізге сондай жақын бола тұра сондай бөгде, алшақ орналасса да сондай қол жетімді. Осы əлем адамға махаббат, сұлулық пен тəтті əуен, гүлдердің хош иістері іспеттес кереметтерді сыйлай отыра тағы табиғи апаттар мен соғыс, эксплуатация, жұт сияқты зілзаларды əкеледі. Адам өзін ғаламның шаңы екенін бар тəнімен сезінеді, оның өмірі бар жоғы Жер шарының Күнді бірнеше ондаған рет айналғанмен тең, ал Ғаламның көзге ілінбестей қозғалысымен тең уақыт екенін біледі, ең ақырында адам бар жоғы сол шаңға айналады. Осы мəселелер жайлы сан ғасырлар бойы ойлана келе адам əр кезде өзіне сұрақ қояды: Жер бетіндегі адамдар не үшін өмір сүреді? Біздің осы əлемдегі өміріміздің мағынасы қандай?

Тарихқа көз жүгіртсек, өмір мағынасы туралы ізденістердің түрлі нұсқаларын көреміз. Прогрес- сивиті ғалымдар, философтар мен ойшылдар өмір мағынасын ғылыми түрде дəлелдеп шығаруға тырысып бақты. Ондай əрекеттерді біз антикалық философтарда, XVIII ғасырдың алдыңғы қатарлы француздық ағартушыларда жəне орыстың революционер-демократтарында байқаймыз. Олар халыққа, қоғамға жарқын болашақ туралы оптимизмді жеткізуді мақсат көрді.

Өмір мағынасы жайлы сұрақ адам өмірінің басты сауалы болып табылады. Адам, санасы бар жан болғандықтан өзіне келесідей сұрақтар қоюы заңды-ақ: бұл ғалам қалай пайда болды жəне оның мағыналы өмір сүруіне кім жауапты, өмір сүрудің мағынасы неде жəне өмір сүрудің басты мақсаты не? Өмір мен өлім, мəңгі өмір мағынасы қоғамда құндылықтар кризисі орнағанда өте жиі қолданыла бастайды. ХХ ғасырда адам, тұлға тұрмыс мағынасының өлшемі болды. Ерте ме, кеш пе əйтеуір адам өмірінде философиялық көзқарастар оянатын кездер болады, ол кездің басты қаңқасы адамның өмір мағынасын іздеумен сипатталады.

Сонымен, ХХ ғасырда батыстық философия мен психоаналитикалық жəне постмарксисттік дəстүрлерге ортақ мəселе – əр адамның өмір мағынасын іздеу не табудың рухани құндылыққа айналуы болды. Адамның қоршаған орта мағынасын түсініп, сол ортада өз бағытын таба білуі осы мəселенің басты мəніне айналды. Өмір мағынасы – адамның өмірлік бағыттар, мақсаттар мен бағдарламалар жəне оларды жүзеге асыру жолдарының жиынтығы болып келеді.

Барлық когнитивтік (зерттеушілік) əрекеттер адамды осы өмірде өз орнын іздеуге, өмірлік мақсаттарын айқындауға, қоғамда белгілі бір статустарға ие болуға итермелеп отырады. Индивидтің өмірлік бағыт анықтау процесі көбіне басқалармен қарым-қатынас жасау, өз мүмкіндіктерін дамыту жəне сол мүмкіндіктерді пайдалана алу сияқты əрекеттердің тізбегінен құралады.

Өмір мағынасын іздеуде социум үлкен жұмыс атқарады, социумда адамның тұлға болып қалыптасу жолындағы көпжоспарлы идентификация жүзеге асырылады. Тұлға болып қалыптасқан байқуатты, танымал əрі актуалды дамуы тоқтамаған адамның жеке құпиясы оның сырт келбетінде емес, оның киіну, сөйлеу, басқалармен қарым-қатынас жасау жолдарында емес оның өз мүмкіндіктерінің шегінен таси алатындығында, өзін-өзі анализдеп, өзін-өзі сырттан бағалай білуінде, сол адамның өмір сүру əдістерінде жəне де өз өмірін өзі құра білуде деп түсіну керек.

Кез келген тұлғаның өмірінде белгілі бір орын алатын өмірлік-практикалық мəселені өмір мағынасы деп таныса да болады. Өмірлік-мағыналық мəселе іс-əрекет арқылы жүзеге асып, адамның өз өмірін құрғысы келетіндіктен, өзін көп байланысқа мүмкін субъект ретінде қарастырылуына ұмтылыста көрініс табады. Адамның тұлға болып қалыптасуының басты критерийі адамның өзін өмірлік ортада сезінуі болып табылады. Ол үшін индивид түрлі салалар мен түрлі əрекеттер барысында идентификацияланады, ол əрекеттер күнделікті, коммуникативті, зерттеушілік, қолы бос кездегі, кəсіпқойлық, сексуалды, эстетикалық, діни жəне тағы басқа əрекеттер болып саналады [5].

Адам өмірінің мағынасы туралы сұрақ əдетте сол адамның өмірлік тəжірибесінің жəне жалпыға бірдей табыстылық көрсеткіш бойынша табыстылығының өлшемін туғызады. Бұл стандарттар кейбір адамдарға қолданылмайды. Тағдырға теңдестіріліп қарастырылатын өмірлік жолда үнемі  белгілі жəне белгісіз кедергілермен күрес жүреді, сол күрес барысында адам айналаны жəне өзін-өзі тану арқылы ұстанымдылыққа қол жеткізеді.

Өмір жолында адам үнемі өзін-өзі асып түсіп отырады, себебі адам өмір туралы ойланып қана қоймай, өмірдегі мəселелер мен қиындықтарды шешу жолын қарастырады, сонымен қатар өз əрекеттерін жəне айналасындағы қоғаммен, туыстарымен, жанұясымен жəне өз-өзімен қарым-қатынасты реттеп, оларға байланысты шешімдер қабылдап отырады. Басқа адамдар өмірі мен өз өмір шығармашылы- ғындағы байланыс адамды өмірді бағалауға жəне өмір мағынасын табуға итермелейді.

В. Франклдың пайымдауынша, қазір біз күйреу заманында өмір сүрудеміз. Осы күйреу заманының ықпалына түскен адамға Франкл сəйкесінше жан күйзелісінің ерекше диагнозын қояды – ноогенді невроз. Бұл невроз стомагенді жəне психогенді неврозбен теңдестіріледі, алайда ол ерекше күйзеліс- терге əкеледі, бұл күйзелістегі жандар «экзистенциалды вакуумға» түседі, оның салдары қалыпты іш пысулық пен апатия жəне өмірге деген қызығушылықтың жалпы болмауы. Бұл вакуумға түскен адамдар əдетте «өз өмірімнің ешбір мағынасын таппадым» деп күйзеледі. Өз өмірін осылай құнсыз- дандыру əдетте суицидалдық əрекеттердің бастапқы қадамдары деп танылады. Сонымен қатар экзистенциалды вакуум тұлғада басқа да невротикалық реакциялардың дамуына ықпал етуі мүмкін (аггресивті немесе сексуалды мінездегі).

В. Франкл бұл апатия мен неврозға қарсы дəрі ретінде рухани психотерапияны қолдануға кеңес береді. Ол тіпті бұл неврозбен күрес ретінде өзінің логотерапия атты емдеу курстарын ұсынды. Алайда бұндай фундаменталды концепция дəл осындай фундаменталды онтологиялық негізге ие болуы тиіс.

Жоғарыда аталып кеткен ноогенді невроз ықпалының күшін байқай отырып біз қазіргі таңда жалпыға бірдей құндылықтар өз күшін жойып, экзистенциалды вакуум жағдайы қалыптасып келеді деп айтуымызға толық мүмкіндігіміз бар. Бұл жағдайда ұрпаққа білім беру мəселесі белең алады, себеп біреу, жалпыға бірдей құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып, əр ұрпақтың өз бетінше құндылықтарды анықтайтындай етіп білім беру. Берілген білім келесі ұрпақты «өз бетінше қайталанбас құндылықтарды табуға жəне тəуелсіз түпнұсқалы шешімдер қабылдауды» үйрету. Бұл заманға қарсы тек ұят қана тұра алады, себебі тек ұят қана адамға экзистенциалды вакуум эффекттеріне, конформизм мен тоталитаризмге қарсы тұруға көмектесе алады. Негізгі мəнінде адам өмірі адамның рухани еркіндігі мен оның ішкі жəне сыртқы тағдыры күресінің көрінісі болып келеді. Өмір мағынасы мəселесі өз кезегінде адамға психологиялық зардабы бар құбылыс. Мағынаның жоғалуы адамның психологиялық денсаулығындағы өзгерістерге тікелей байланысты болады.

В. Франкл құндылықтар əлемін үшке бөліп көрсетеді. «Жасау» құндылығы (продуктивті шығармашылық əрекеттер барысында іске асады), «күйзеліс» (күйзелістің шарықтау шегінде іске асады) жəне «қарым-қатынас» (адам орналасқан позицияда іске асады). Осы категориялар арасында белгілі бір иерархия орнаған, ол иерархия адамның ресурстары мен мүмкіндіктеріне байланысты орын алады. Адам мүмкіндіктерінің азаюымен осы категориялар немесе топтар арасы қысқара береді. Алайда  адамның ешбір мүмкіндігі немесе ресурсы болмаған жағдайда да, ол кез-келген уақытта осы құндылықтардың біреуіне қол жеткізе алады. Ал құндылығы бар өмір - мағынасыз өмір санатына жатқызылмайды, сондықтан адам өмірі мағынасының жоғалуы еш уақытта да мүмкін емес деп Франкл пайымдайды.

Адамды өмір мағынасын түсінуге үйретуге болады ма? Əр адамның өмірі қайталанбас болғандықтан, жалпыға ортақ мағына түсінігі жоқ. Дəл осы себеп өмір мағынасын іздеу процесін жеке, индивидуалды жəне сырт көзге көрінбейтін процеске айналдырады. Олай болса өмірдің ащы- тұзшысына көніккен адамдардың қалдырған ақыл-кеңестерін қайтеміз? Олар бізге дайын, ұғуға жеңіл алгоритмдер ретінде беріледі емес пе? Басқалардың қателігінде үйренуге болады деген пікір бар ғой. Бар мəселе кімге жəне кімнің қателіктерінде үйренуіне тура келетіндікте болып тұр. Бөгденің (соның ішінде жалпыға бірдей реттелген адам өмірі тəжірибесі) өмірлік тəжірибесін ұғу – адам өміріндегі ізденістер мен шешімдердің кері жолға түсуіне қауіп туғызады. Оны тек басқаларды ұғыну үшін қолдануға болады, тек өз тағдырыңа жақындатпасаң болғаны.

Сонымен қорыта келе, тұлғаның өмірлік мағынасын əр бағытта əр түрлі түсінеді жəне де əр адам өзінше тұжырымдайды, сол себептен «мағына» түсінігі кең ауқымды болып келеді. Əр тұлға өмірінде мағынасы терең жайттар болады. Өмір мағынасын іздемейтін адам болмайтын шығар, егер де белгілі құндылықтарға ие адамда мағына бар деп ұғынамыз. Бір адамға мағынасы мол болса, басқа адамға ол жай қарапайым болып көрінуі мүмкін, сол себептен мағынаны адамдар өзінше бағалайды жəне саналайды. Өмір мағынасына əр тұлға субъективті баға береді, адамның өз өмірінің бағытын түсіну, өмірдегі өз орнын анықтау, алдыға қойған мақсаттары нақтыланады. Осыдан мына сұрақтарға келіп тірелеміз:

Өмір құндылықтары неден тұрады? Өмірдің мақсаты не болып табылады? Не үшін өмір сүреміз?

Осылай, тұлға өмір мағынасын іздеу барысында осындай сұрақтарға жауап іздейді.

 

Әдебиеттер

  1. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: АПН РСФСР, 1959. – 354 c.
  2. Вилюнов В.К. Психологические механизмы мотивации человека. – М.: МГУ, – 260 c.
  3. Франкл В. Человек в поисках смысла. – М.: Прогресс, 1990. – 168 с.
  4. Кузнецов П.С. Концепция социальной адаптации. - Саратов, – 126 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.