Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру деңгейі: студент жастардың көзқарастары бойынша

Соңғы уақытта тек білім беру бағдарламаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оқу процесінің құрылымдық-ұйымдастырушылық аспектілері, сондай-ақ студенттердің тек «диплом» алуға ғана емес, негізгі кəсіби құзырлықтарды теориялық жəне практикалық деңгейде саналы меңгеруге бағытталған кəсіби білім беру мəнін түсінуі де өзгеруде. Əртүрлі грант пен кредит түрлеріне негізделген жоғары білім берудің қаржылық жағдайлары да кеңеюде. Зерттеуге қатысқан студенттердің мұндай білім беру түрлерін иеленулері туралы  мəліметтер 1-кестеде келтірілген.

  1-кесте Оқу жағдайларына байланысты таратылым (респонденттердің жалпы санынан %-дық үлесі бойынша)      

 Эмпирикалық нəтиже талдауына сүйене отырып, білім беру əлеуметтануы аумағын зерттеу білім беру сапасына көптеп əсер ететін төмендегідей түрткіжайттарды саралауға мүмкіндік туғызады:

  • оқытушылардың кəсіби дайындық деңгейі;
  • студенттердің оқуға қарым-қатынасы;
  • талапкерлердің құрамы;
  • оқу жəне ғылыми əдебиеттер қорының жасақталуы;
  • оқу процесін ұйымдастыру мен оқыту əдісі;
  • білім беру бағдарламаларының сапасы;
  • оқытудың техникалық құралдары [1].

Студенттерге сауалнама жүргізу барысында білім беру деңгейімен жалпы қаншалықты қанағаттанатындықтары туралы жалпы сұрақтар қойылды.

Алынған нəтиженің жалпы қосындысы 60,1%-ға ие үлкен көрсеткішті көрсетті. Сұрауға алынғандардың 1/5-і, яғни 21,1%-ы толықтай қанағаттанатындықтарын айтқан.

Кері пікір білдірген студенттердің үлесі – 13,4%. Берілген білім деңгейімен мүлдем қанағат- танбайтын студенттердің саны шамамен 4,2%-ы құрады.

2-кестедегі мəліметтерге сəйкес, сұрауға қатысқан қазақстандық жоғары оқу орны студент- терінің төрттен бірі, яғни 23,6%-ы «Не қанағаттанарлықтай емес, не қанағаттанбайтындықтай емес» деген бейтарап ұстанымды ұстана отырып, білім беру сапасына жауап беруге қиналған.

  2-кесте «Сіз оқитын оқу орныңыздың білім беру деңгейімен қаншалықты қанағаттанарлықтайсыз?»деген сұрақ  ауаптарыны4 таратылымы (респонденттердің жалпы санынан %-дық үлесі бойынша)

 Статистикалық əдіс бойынша өңделген нəтижелер əрбір оныншы студенттің кəсіби білім беру процесімен жалпы немесе кейбір белгілері бойынша келіспейтіндіктерін көрсетеді.

Зерттеу қорытындысы бойынша алынған эмпирикалық мəліметтерді нақтылау төмендегідей қосымша параметрлерге сəйкес алынған білім деңгейінің қанағаттанарлық деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызды:

  • оқыту тілі бойынша;
  • оқытудың қаржылық жағдайы;
  • білім беру деңгейі;
  • білім беру мекемесі.

Зерттеу қорытындысы бойынша əр жоғары оқу орнының қанағаттанарлық деңгейінің əртүрлі болғандығын айтуға болады.

Алматылық жоғары оқу орындарының ішінде жиілік жалпы қосынды бойынша білім беру деңгейімен толықтай қанағаттанамын жəне қанағаттанатын сияқтымын деген ұстаным бойынша алда болған əл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Жалпы оң қосынды нəтиже 68,5%-ы құрады.

Мəселені ары қарай қарастыру барысында жалпы Қазақстанда білім беру деңгейінің бірқалыпты өсіп, жетілдіріліп келе жатқандығы байқалды. Мысалы, қазақстандық білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңіне мемлекеттік тілдегі оқу-əдістемелік əдебиеттердің жетіспеушілігі тəн болған. Ал қазіргі кезеңде ақпараттық-коммуникативтік технологияларға, халықаралық мəліметтер базасы мен электрондық кітапханаға қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтитын ЖОО-ның техникалық жабдықта- луына маңызды жаңартулар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының академиялық бостандықтарын жəне студенттер мен жас мамандардың академиялық мобильділігінің маңызды деңгейін білдіретін білім берудің үлгісін қалыптастыру үрдісі анық байқалады.

 3-кесте

 Оқыту тілдерін корреляциялауда білім беру деңгейімен қанағаттанарлық туралы сұрақтың талдауы қазақстандық ЖОО-ның орыс бөлімі сияқты, қазақ бөлімдерінде де білім берудің деңгейінің төмендеу үрдістерінің жойылуын көрсетеді. Бұл сұрақ бойынша берілген əрбір жауап нұсқаларының арасындағы ауытқу 3%-дан аспайды.

  4-кесте

Сұрауға қатысқан əртүрлі курс студенттері арасында білім беру деңгейіне түрлі баға берілген. 4-кестеде келтірілген мəліметтер бойынша жалпы табиғи заңдылық болып табылатын топтардың төменнен жоғарылаған сайын білім беру сапасын қабылдауға берілген сыни бағасы да өсе түскен.

  5-кесте «Сіз оқитын оқу орныңыздың білім беру деңгейімен қаншалықты қанағаттанарлықтайсыз?» деген сұрақ жауаптарының таратылымы (грант жəне ақылы бөлімде оқитын респонденттердің жалпы санынан %-дық үлесі бойынша)

 Бір жағынан, əртүрлі ЖОО-ның ақылы бөлімінде оқитын студенттер тарапынан білім беру сапасына үлкен талаптар қойылған (5-кесте). Мысалы, білім беру деңгейімен толықтай қанағат- танбайтындығын грант бөлімі студенттерінің 2,5%-ы көрсетсе, білім беруді өздері төлеп оқитын студенттердің 7,5%-ы көрсеткен.

Қазақстандық білім беру жəне əлемдік стандарттар. Бүгінгі күннің негізгі міндеті – қазіргі зияткерлік (интеллектуалдық) талаптарға, əлемдік стандарттар мен Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сай келетін бəсекеге лайықты мамандарды дайындау. Мамандарды дайындаудағы басты сапа критериі ретінде кадрларды дайындаудың қазақстандық жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігіне қосылуымен байланысты ерекше өзекті болып табылатын бітірушілердің бəсекеге лайық- тылығын жəне еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ететін жоғары кəсібиліктің болуы.

ҚР-ның 2010-2020 жылдар аралығындағы білім берудің Мемлекеттік Бағдарламасында көрсетілгендей, Қазақстан қазіргі таңда білім беру, адам жəне бала құқықтарын қорғау салалары бойынша халықаралық құжаттардың негізгі қатысушысы болып табылады. Бұл - адам құқықтарының Жалпы Декларациясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, адамның экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтарының Халықаралық Декларациясы, Еуропалық аймақтың жоғары білім беруіне қатысты біліктілікті мойындау туралы Лиссабон Конвенциясы, Болон декларациясы жəне т.б.

Болон процесі аясында жүзеге асырылып жатқан білім берудің халықаралық стандарттары білім берудің құрылымы мен деңгейі, мазмұндық шамалары сияқты критерийлер тізімін қамтитын жеткілікті нақты ұғым. Сонымен қатар жүргізілген зерттеу шеңбері тек нақты объективті деңгейді бағалауғағана емес, сонымен қатар зерттеліп отырған сұрақ бойынша Қазақстанның əртүрлі аймақ- тарының студент жастарының қоғамдық пікірлері арқылы жалпы бағаны алуға негізделді (1-суретті қараңыз).

 1-сурет. «Қазақстандық білім берудің халықаралық стандарттарға сəйкестігі туралы қоғамдық пікір» диаграммасы

 6-кесте Қазақстандық білім берудің халықаралық стандарттар сəйкестігіне берілген бағасы (респонденттердің жалпы санынан %-дық үлесі бойынша)

 Сауалнамаға қатысушыларға қазақстандық білім берудің əлемдік стандарттарға сəйкестігі туралы өз пікірлерін айтуға мүмкіндіктер берілді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарынан сұрауға алынған студенттердің 63,7%-ы «Əлемдік деңгейден төмен» деген нұсқаны таңдаған.

Сұралғандардың төрттен бірі қазіргі қазақстандық білім берудің əлемдік стандарттармен тең екендігін айтқан. Тек респонденттердің 3,6%-ы Қазақстанның білім беру сапасы əлемдік деңгейден жоғары деген пікірді берген.

Қазіргі білім беру: теориялық дайындықтан тəжірибелік құзіреттілікке дейін. Білім беру технологияларын дамытудың мазмұнды критерийі болып болашақта білімді өз бетінше алуға мүмкіндік тудыратын базалық құзіреттіліктерді меңгеру процесіне негізделген инновациялық білім беруге бағыттау табылады.

Зерттеу шеңберінде, сондай-ақ студенттердің қоғамдық пікіріндегі қазіргі экономика, саясат, мəдениеттің қарқынды дамуындағы студенттер мен магистранттарды дайындауда қажетті басты құзіреттіліктерді сараптау жүзеге асырылды.

Келтірілген білімдер, ептілік жəне дағдылар арасында болашақтағы кəсіби іс-əрекеттеріне аса қажеттісі ретінде респонденттер тілдік дағдылар, кəсібилік жəне коммуникативтік дағдыларды белгілеген. Сонымен білім берудегі ең қажетті құзіреттілік деп сұрауға алынғандардың жартысы,  яғни 49,8%-ы шет тілдерін меңгеруді санаған.

Ары қарай кему бойынша шамамен сауалнаманың 1/3-нде көрсетілген мынандай ұстанымдар кетеді:

  1. Компьютерлік дағдылар – 33,7%; 2. Кəсібилік – 31,2%; 3. Ұйымдастыру жəне жоспарлау қабілеттілігі – 30,5%.

Сондай-ақ сұранысқа ие құзіреттіліктердің мына бір тобын берік базалық білімдерге негізделген ақпараттармен жұмыс дағдылары, олардың ішінде, атап айтқанда:

  • Базалық жалпы білім – 28,4%.
  • Ақпараттарды басқару дағдылары – 28,0%.
  • Ана тіліндегі коммуникативтік дағдылар – 26,6% құрайды.

Сонымен, басқа елдердің салт-дəстүрлері мен мəдениеттерін түсіну жəне мəдениетті болу  сияқты құзіреттілікті респонденттердің тек 9,4%-ы ғана қажетті деп санаған. Бұл – жауап нұсқаларын жиілік талдау нəтижелері бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Жалпы алынған мəліметтер көрсетіп отырғандай, студенттер арасында құралдық (тілдік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық) жəне кəсіби, пəндік құзіреттіліктер бойынша нақты түсініктерінің жоқ екендігін көрсетеді. Сонымен оқытудың əлемдік стандарттарын жүзеге асыру мақсатында білім берудің үлгілерін қалыптастыруда азаматтық жəне медиа білім берудегі базалық басымдылықтармен үйлесіміндегі жалпы жəне кəсіби-тəжірибелік білімдерге, тілдік дайындықтар  мен ақпараттық сауаттылыққа негізделген жоғары кəсібилік ретінде теңестірілген байланысты жүзеге асыру қажетті.

Қазіргі заманның жоғары жəне кəсіби білім беруіндегі мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарында зерттеліп отырған салада қабылдаудың біртұтастылығы мен толықтылығына ұмтылатын құралдық, тұлғааралық, жүйелік жəне пəндік сияқты құзіреттіліктердің түрлері босқа келтірілмеген.

 

Әдебиеттер

 

  1. Шереги Ф.Э., Харчева В.Г., Сериков В.В. Социология образования: прикладной аспект. – М., 1997. – С. 71.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.