Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Басқару əлеуметтанудың пəні мен статусы

Қоғамның қызмет етуі мен дамуы автоматты түрде іске аспайды, ол басқару əрекетіне ғылыми білімдердің жүйесінің енгізілуін талап етеді. Басқару əрекетінің тиімділігі теориялық жəне тəжіри- биелік мəселелердің басқару əлеуметтануының зерттелуін қажет етеді. Ол бұл тек əлеуметтанулық білімінің құзыретіне жатады.

Жалпы түрде алғанда басқару əлеуметтануы – ол басқару субъекті мен объектісі арасында саналы, жоспарлы ұйымдастырылған өзара-қатынас ретінде анықталады. Басқару əрекетінің мақсаты - сапалық дамуды сақтау жəне реттеу. И.М. Слепенков пен Ю.П. Аверин басқару əлеуметтанудың объектісі ретінде адамдардың, еңбек ұжымдарды, территориялық, əлеуметтік, этникалық жəне т.б. қауымдастықтарды қарастырады. Функционалды жағынан алғанда - олардың іс-əрекеттері, топтар мен адамдардың мінез-құлықтары.

Адамдардың қызығушылықтары, бір-бірімен деген қатынастары олардың əлеуметтік тіршілік- терінің бағытын жəне сипатын анықтайды. Əлеуметтік басқару қоғамдық қатынастарға бағытталды, оның ішінде өндіріс құралдарына, əртүрлі қызығушылықтарды теңестіру жəне үйлестіру (терри- ториялық, ұжымдық, жеке, ұлтаралық жəне т.б.), адамдардың мақсатқа жетуін жəне жоспарланған нəтижеге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Осыдан, басқару əлеуметтік объектінің сапалық ерекшелігін, тұрақтылығын, мықтылығын жəне бағытталған дамуын мақсат ретінде анықтайды. Осы мағынада алғанда, таптар мен əлеуметтік топтардың қозғалысымен, дамуымен байланысты əлеумет- тік үдерістер мен құбылыстар басқару əлеуметтанудың объектісі ретінде анықталады.

Басқару əлеуметтанудың субъектісі – адамдардың ұйымдастырылған қауымдастықтары, олармен құрылған басқару органдары; басқарушылық қызметімен жəне басқару əрекетімен айналы- сатын басқару бірлестігі. Басқарудың субъектісі мен объектісі əлеуметтік тіршілікті ұйымдастыруға байланысты бір-бірімен қатынасқа түседі.

Басқару əлеуметтануы қазіргі таңда əлеуметтану білімінің саласы ретінде жас бағыттарының бірі болып келеді. Осыған байланысты əлі күнге дейін əлеуметтану құрлымында нақты орын алған жоқ жəне терминологиялық аппараты қалыптасу үстінде. Аталған жағдайлар, əлеуметтік  мəселелерді жəне үдерістерді басқаруын талдауда қиындықтарға əкеліп соғады. Жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдайға көшу барысында басқару əлеуметтанудың пəндік ерекшелігі нақтылануда.

ХХ ғ. басында орындаушыға басқару объектісі секілді қарау ескі көзқарас болып табылады. Басқарушы мен орындаушының қарым-қатынастары басқарудың екі субъектісі ретінде қарас- тырылады. Басқару қатынастарының жаңа үлгілерінің қалыптасуы басқару əлеуметтанудың пəнінің бөлінуіне себеп болды.  Осы уақытқа дейін  ешқандай  ғылыми бағыттар  қарастырмаған.  Сондықтан «басқару əлеуметтанудың» жаңа ғылыми пəн ретінде қалыптасуы қажетті жəне орнықты болған.

Біз басқару əлеуметтануын арнайы əлеуметтанулық теория ретінде, яғни орта деңгей теориясы ретінде қарастырамыз. Басқару əлеуметтанудың объектісі ретінде ұйымдастырылған əлеуметтік жүйелерді басқару алынады. Пəні ретінде басқарушылық қатынастардың институционализациясы, басқарушылық ықпалдың оптимизациясының əлеуметтік механизмдері қарастырылады. Сонымен қатар, басқару əрекетіне ұйымдағы субъектілердің қарым-қатынасы жатады. Аталған қатынастар субъективті-объективті сипатқа ие болғандықтан, бір жағынан, басқару субъектілерінің қарым- қатынас шарттарын, екінші жағынан, осы қарым-қатынастың нəтижесін қарастырады.

Басқару əлеуметтанудың ресми айқындалуына қиындық туғызатын мəселелердің бірі - ол басқа ғылымдармен қосу жəне өзіндік еркшеліктерден айыру. Басқару əлеуметтануын еңбек, ұйым несесе кадрларды басқару əлеуметтануымен біріктірулер орын алған. Соңғы жылдары басқару əлеуметтану- дың мəселелерін экономикалық əлеуметтану саласына қосылуы байқалады. Бірақ, естен шығармау керек, басқару тек экономикалық саланың бөлігі емес. Аталған шаралар еңбекпен басқару салаларын- дағы зерттеулер ешқандай пайда əкелген жоқ. Осы көрсетілген мəселелер əлеуметтанулық білімнің қалыпты дамуына кедергі туғызып жəне оған көзқарастардың өзгеруін талап етеді.

Басқару əлеуметтануы даму үстіндегі бағыттарының бірі болып келеді. Басқару əлеуметтанудың қарастыратын мəселелері, ғылыми ерекшелігі, өзіндік пəні, терминологиясы, басқа арнайы əлеумет- танулық теориялардан айырмашылығы жайлы көптеген пікірлер айтылуда. Басқару əлеуметтануы- ның ерекшелігі ол əртүрлі басқарушылық қатынастар мен əрекеттердің түрлерін; адамдардың бірігіп өмір сүруін ұйымдастыратын қарым-қатынастарын қамтиды. Қоғамның жүмыстарын басқару механизмі əртүрлі аспектіде қарастыруға болады – экономикалық, саяси, құқықтық жəне т.б., соның ішінде əлеуметтанулық аспектіде. Осы механизмнің жəне оның жүйешіктерінің қарастырылуы əртүрлі теориялар шеңберінде қарастырылады. Мысалы, экономикалық салада – өндірісті басқару теориясы; саяси ғылымдар саласында – мемлекеттік басқару теориясы. Қоғамның мəселелерін басқару механизмдерін зерттеу – ол басқару əлеуметтанудың құзыретіне жатады.

Кең мағынада алғанда, əлеуметтік ұғымы қоғамдық ұғымымымен сəйкестендіріледі. Қоғамды басқару мəселесін қарастыратын ғылымдар əлеуметтік деп анықталады, себебі, адамдардың өзара- байланыстарын жəне басқарушылық əрекеттерді зерттейді. Əлеуметтанулық тəсіл осы байланыс- тарды нақты əлеуметтік мағынада қарастырылады. Сондықтан, басқару саласында адамдардың жəне қауымдастықтардың бір-біріне деген қатынастар біріккен əрекеттесуге түсетін субъектілердің байланысы ретінде бөлініп көрсетіледі: қатынастар пен қызығушылықтар, қоғамдағы адамның  алатын орны мен рөлі жəне басқару үдерісінің өзі жайлы көзқарастар.

Əлеуметтанулық тəсілдің ерекшелігі ол басқарушылық əрекеттің əлеуметтік негізін ашу жəне адамдардың бірігіп өмір сүруін ұйымдастыратын басқару үдерісін талдау. Азаматтық қоғам шеңберінде адамдардың жəне қоғамдық топтардың өндірілуін жəне қайта өндірілуін қамтамасыз ететін арнайы əлеуметтік институттардың құрылуын анықтау. Осы кезде қоғам өз-өзін реттейтін, қызмет ететін жəне өзіндік басқара алатын, адамдардың қарым-қатынасын ұйымдастыратын жəне əлеуметтік маңызды шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ететін əлеуметтік жүйе ретінде  анықталады. Осы мүмкіндік басқаруды тұтас əлеуметтік құбылыс ретінде анықтауға көмектеседі. Себебі, субъект ол қоғамның құндылықтарын меңгерген жəне тарататын жəне əлеуметтік сипатқа ие жəне өзіндік өмірін ұйымдастырылатын адам ретінде айқындалады.

Осы мағынада алғанда басқару əлеуметтанудың басқа басқару ғылымдарынан ерекшелінетін ғылыми пəнге ие. Мысалы, өндірісті əлеуметтік басқару еңбектің кооперациялануын ұйымдастыру жағынан зерттейді. Басқарушылық қатынастардың мазмұны адамды белгілі бір басқару əрекетінің əлеуметтік механизмі ретінде қарастырмайды, керісінше тиімді жолмен өндірісті басқару үшін нақты басқарушылық қызметтердің жəне басқару əрекетінің түрлерінің бөлінуінің нəтижесі деп анықта- лады. Мемлекеттік басқару əлеуметтануы да ұйымдастыру заңдылықтарын мемлекеттік басқару аппаратының құзыретін, осы саладағы еңбектің кооперациясын жəне бөлінуін қарастырады. Басқарудың осы жəне т.б. салалары алғашқы кезекте адамдардың айналысатан басқару əрекетінің бір қырын немесе түрін зерттейді. Ал басқару əлеуметтануы адамдардың басқару жүйесіндегі қызмет- теріне назар аударады. Басқару əлеуметтану адам басқару əрекетінің субъектісі ретінде қарастыры- лады, ал осы салада адамның өзіндік ерекше орын алуы нақты пəндік мазмұны ретінде анықталады. Жалпы  алғанда,  басқару  əлеуметтануы  адамдар  қауымдастықтарының  басқару  жүйесіне жататын қызмет ету жəне даму заңдылықтарын зеттейді. Ал осы қатынастар басқару əрекетінің əлеуметтік  түрі жəне қоғамның өзіндік ұйымдастыруының механизмі ретінде көрініс алады.

Басқару əлеуметтануы басқару саласындағы субъектілердің қызметін қарастыратын теория ретінде анықталады. Басқару əлеуметтанудың пəні – əлеуметтік ұйымдастыру үдерісіне қатысатын адамдардың өзара-байланыстарының басқарушылық қатынастар жəне басқару тəсілдерінің заңдылықтары. Осы əдіс басқаруды жалпы жəне ерекше үдеріс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Адамдар бар жерде басқару үдерісі іске асады жəне өзінің ерекше құбылыс екенін дəлелдей түседі. Осы жағынан алғанда, басқару əлеуметтану жалпы ғылым ретінде анықталады. Оның тұжырымдамалары, жеткен нəтижелері басқа басқару мəселесімен айналысатын ғылымдармен кең қолданылады.

Басқару əлеуметтануы қоғамды бір-бірімен байланысты жүйешіктерден тұратын тұтас əлеумет- тік жүйе ретінде қарастырады. Ал осы жүйешіктер жеке мүдделерімен ерекшелінетін өз-өзін бас- қарылатын күрделі бөлімдер.

Басқару əлеуметтануы бірлесіп əрекет ететін адамдардың өзара келісім арқылы басқарушылық қызметтердің бөліну жəне өзар ұйымдастырылуына назар аударады.

Жалпы алғанда əлеуметтік басқарудың механизмі дегеніміз əртүрлі қауымдастықтардың, ұлттардың, ұжымдардың, таптардың, əлеуметтік топтардың өз өкілдері арқылы жалпы жəне өзіндік қызығушылықтарын қанағаттандыру. Өзара қатынастағы бөлімдердің жиынтығы – басқару объектісі; басқару мақсаты; басқару субъектісі; басқарудың принциптері мен заңдары; түрлер мен əдістер; басқару стилі; ақпаратты іздестіру жəне қолдану; басқарушылық шешімдерді дайындау жəне оларды іске асыру; осы бөлімдердің бір нəтижеге келуі əлеуметтік басқару механизмінің мазмұнын құрайды.

Басқару əлеуметтану əлеуметтік басқару жүйесінің қызмет ету жəне дамудың объективті заңдылықтарын анықтайды. Яғни, қоғамның дамуына негізгі жəне қажетті тұрақты қатынастардың нəтижелі жəне пайдалы қорытындыға əсер ететін шарттарды зерттейді. Оларға басқарушылық қатынастардың принциптері мен əдістері, басқарушылық қызметтердің іске асыру жолдары, маман- дармен қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар жатады. Осы қатынастар басқару субъектілерінің бір-біріне деген байланысында, олардың мақсаттарында, мүдделерінде басқару шешімін іске асыру барысында адамдардың атқаратын қызметінде жəне шешімдердің бағытында көрініс алады. Басқару əлеуметтанудың қарастыратын мəселелеріне келесілер жатады: біріншіден, басқару субъектілері  жəне оларды құрлымдық-функционалды талдау, екіншіден, əлеуметтік үдерістерге, əлеуметтік институттарға, əртүрлі деңгейде қауымдастықтарға басқару механизмдері мен жүйелердің əсерін сипаттау. Осыған қатысты басқару əлеуметтанудың заңдылықтарын екі топқа бөліп көрсетуге  болады. Бірінші топ – басқару субъектінің қызмет ету жəне даму заңдылықтары; екінші – басқару субъекті мен объектісі арасындағы негізгі қатынастар.

Заңдылықтардың бірінші тобының мазмұны басқару əлеуметтануды осылай түсіндіреді: басқару əлеуметтануы – қоғамда болып жатқан үдерістерді заңға, өлшемдерге, адамдардың мүдделер мен қызығушылықтарын қалыпқа келтіру жолындағы жауапты, билік пен құқықтар берілген  органдардың, адамдардың, басқару субъектілердің айырықша қызметі.

Менеджмент əлеуметтанудың субъектісі күрделі ұйымдастырушы құрылым, тар мағынада басқарушылық қатынастармен реттелген өзара байланысы бар адамдар тобы. Осы қатынастар басқару- шылық шешімдерді даярлау жəне іске асыру барысындағы топтардың əрекеттерінде байқалады. Заңдылықтар басқарушылық қызметтің сипатын, мазмұнын жəне олардың жалпы адами мақсаттарға сай келуін қамтамасыз етеді. Заңдылықтарға сүйене отырып басқару субъектісінің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару қызметімен айналысатын топтар мен адамдар арасында басқарушылық қызметтер, құқықтар мен міндеттер, жауапкершілік бөлінеді. Осы заңдылықтарға басқару субъектілерінің өзара қатынастардың ықпалы; мүдделердің бірлігі мен тəуелсіздігі; басқару субъектісінің жауапкершілігінің əлеуметтік бағытталуы.

Басқарушылық шешімдерді даярлау жəне іске асыру дегеніміз басқарушылық қызметті атқара- тын субъектілердің əлеуметтік ерекшелігінің мазмұны мен құрылымымен анықталатын үдеріс. Басқару үдеріс кезеңдерінің арасындағы қатынастар басқарушылық қызметпен айналысатын адамдар мінез-құлықтармен анықталады жəне объективті негіздерге сүйенеді. Олар басқару циклінің заңдары; басқару субъектілер қызметтерінің үйлесуі; құқықтар мен міндеттердің сай келуі жəне т.б.

Басқару əлеуметтанудың заңдылықтар тобы басқару субъекті мен объектісі арасындағы қатынас- тардан негізгі байланыстар туындайды. Жүйенің, құбылыстардың, үдерістің өзгеруі бекітілген мақсаттармен анықталады. Басқару – мақсатты көздейтін əрекеттің айрықша түрі. Алдағы тұрған мақсат ұйымдастыруды жəне басқарушылық шешімдердің жəне жоспарлардың болуын жəне əрекетке итермелейді.

у пəніне əлеуметтік мақсаттардың дамудың жəне қызмет ету заңдылық- тарының жиынтығы жəне басқарушылық қатынастардың құрыулуы жатады. Əлеуметтік мақсаттардың объективті мазмұны, олардың іске асыруының жылдамдығы жəне реттілігі объектінің қозғалыс бағытын анықтайды.

Объект пен субъектінің арасындағы жалпы қатынастарды анықтайтын заңдылықтар басқару əлеуметтануында маңызды рөл атқарады. Осы заңдылықтар субъект пен объектінің қарым-қатынас сипатын анықтайды жəне қоғамдық даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы заңдылықтарға басқару субъект қызығушылықтарының басқару объектісіне сай келуі; яғни жалпы мүдделердің айрықша қызмет арқылы іске асуы; субъектінің əрекеттері дамудың əлеуметтік заңдарға сай келуі; субъект пен объектінің сандық-сапалық қасиеттері жəне қызығушылықтардың орындаушылар мен тасушылар арасындағы байланыстар жатады.

Əлеуметтік басқару заңдылықтарынан басқару субъект əрекетінің принциптері шығады. Əлеуметтік басқарудың принциптері басқару қызметімен айналысатын адамдардың кəсіби қасиеттерінің, басқару стилінің жəне мамандарды дайындау бағыттарын қалыптастырады. Принциптердің орындалуы əлеуметтік басқарудағы ақпараттық байланыстардың қалыптасуына əкеледі. Олардың мазмұны мен мəні басқару əлеуметтануының пəніне енеді.

Басқару əлеуметтану принциптерінде басқарушылық ықпал етуінің əдіс-тəсілдерінің, түрлердің, субъект пен объектінің қарым-қатынас сипаты анықталады. Басқару əлеуметтануында басқару үдерістің кезеңдерінің ерекшелігі, əлеуметтік объектінің, оның даму мақсаттарының күрделілігі айқындалады. Əлеуметтік тəртіп теориясы басқарушылық əрекеттің принциптерін, стилін жəне  əдісін, сонымен қатар, əлеуметтік басқару технологиясын, басқарушылық шешімдерді даярлау жəне іске асыру, əлеуметтік басқару қызметтерінің мəнін ашып көрсету керек. Осы теория қоғамдық жүйедегі басқарудың ерекшелігін, əлеуметтік саясатты іске асырудағы рөлін көрсетеді.

Қорытындыла келе, басқару əлеуметтануы дегеніміз əлеуметтік қатынастарды орнататын, оларды ретке келтіруді көздейтін принциптердің, заңдылықтардың, өлшемдердің, адами қатынас- тардың, адами факторды ескеру жəне олардың бір-біріне қоятын талаптарын жəне мұқтаждықтарын орындау туралы білімдердің жүйесі. Əлеуметтік басқару саласындағы басқару механизмдердің, байланыстардың түбегейлі өзгерістеруі кəсіби мамандардың білімдерінің жəне қабілеттердің арқасында іске асады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.