Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Социологиялық талдаудың визуалды əдістері

Социологияның ғылым ретінде дамуының қазіргі кезеңінде визуалды социология əдіс ретінде социологияның сапалы əдістерінің қатарына кіреді. Шетелдік кітаптар, монографиялар мен мақалаларда визуалды социологияның деректі базасына фотосуреттерді, видеофильмдер, суреттер, сызбалар мен графиктерді жатқызады.

Sociologicalimagination – қазіргі заманғы социологияның негізгі əдістемелік жəне əдістік тұжырымдамаларының бірі. Бұл ұғымды Ч.Р. Миллс социологиялық жалпылаудың қағидаларын көрсету үшін, яғни жалпыланған категорияға немесе үрдіске нақты фактілерді келтіру мақсатында енгізген болатын [1].

Алғаш рет визуалды материалдарды антропологияда пайдалану XX ғасырдың 40-жылдары қолданылған болатын. Ол антропологияның зерттеу объектісінің өркениеттен шалғай жерлерде тұратын ұлыстар мен халықтардың мəдениеті болуымен түсіндіріледі. Ұлттардың рухани немесе материалдық мəдениетін зерттеуде ешқандай мəтіндік құжаттар болмағандықтан бірқатар қиындықтар туындап, зерттеушілер мəселені талдау кезінде видеотүсірілімдер мен фотосуреттерді қолданған.  Материалды  мəдениетті  зерттеуде  бұл  əдісті  Г. Бэйтсон  мен  М.  Мид  пайдаланған.

Социологияда визуалды социологияға деген қызығушылық постструктурализм мен семиотика шеңберінде П. Бурдье, М. Фуко, Р. Барта жəне т.б. еңбектерінде пайда болды.

Ең алдымен социологтар əр түрлі тарихи оқиғалардың фотосуреттеріне, сонымен қатар фотосуреттер мен биліктің өзара қарым-қатынасына, визуалды қайта таныстыруларда түрлі идеологиялар мен бақылау стратегияларының бейнесіне назар аударды. П. Бурдье бойынша фотосурет, ең алдымен, əлеуметтік рөл мен стратификациялық айырмашылықтарды көрсетеді, ал барлық жеке ерекшеліктер маңызды емес болып қалады. Р. Барт семиотикалық ыңғайдың негізін салып, фотосуреттерде көрініс тапқан айырмашылықтарға талдау жасады [2].

Визуалды социологияның дамуына үлкен үлес қосқандардың бірі П. Штомпка [3,4]. Ол  визуалды социологияға терең талдау жасап, пəн саласын нақты анықтаған болатын. Визуалды елестету саласында, яғни арнайы жасалынған суреттерде (мысалы, өнер саласында, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдарында) ғана емес, жалпы қоғамдық өмірде көрініс табатын оның визуалды көріністері де жатады.

Визуалды түсініктер мен визуалды көріністер қоғамның визуалды жиынтығын, басқаша айтқанда, «қоғамдық иконосаласын» құрайды. Осының өзі визуалды социологияның пəні болып табылады. Зерттеу пəні болып тек суретке түсірілгендер ғана емес (фотосуреттік бейне немесе визуалды сұлбалар), суретке түсіруге болатын заттар да табылуы мүмкін (қоғамдық өмірдің іштей қабылданатын аспектілері, яғни фотоаппараттың объективіне түсіріп алуға болатын қоғамның визуалды көріністері). П. Штомпка визуалды социологияның жеке таным объектісі ғана емес, одан да көп затты, атап айтқанда, қоғамдық өмірді тану құралы болып табылатын фотосуреттік бейнеге аса үлкен назар аударады.

Визуалды ақпаратты қолдана отырып, социолог социологиялық елестету көмегімен қоршаған əлеуметтік əлемнің құбылыстары мен процестерінің мəніне терең енуі мүмкін. Мұндай жағдайда өмірдің бұл көріністеріне талдау жасау мен оның социумға əсері социологтарға – əдеттегі əдістердің шегінен шығуға, ең бастысы, əлеуметтік шынайылықты тану мүмкіндігін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді. Дегенмен, визуалды социология жаңа үлгідегі, жаңа сəндегі індет болып табылмайды. Мысалы, фотосурет визуалды социологияның бір компоненті ретінде кейбір жағдайларда ғана қолданылатын. Бірақ көптеген социологтар визуалды материалдарды иллюстрациялар, құжаттық дəлелдемелер, архивтік құжаттар ретінде пайдаланып, оларға толық талдау жасамайды [3].

Бүгінгі таңда шетелдік əдебиеттерде визуалды социология социологияның жеке бір бағыты ретінде қалыптасуда: жеке пəндер, курстар, семинарлар жүргізіледі, ғылыми журналдар шығарылып, конференциялар өткізіледі; бірақ визуалды социологияның толыққанды қалыптасуы мен институционализациялануы туралы айту əлі ерте. Бұл бағыттың қалыптасуына қандай да бір əлеуметтік мəселені зерттеуде сапалы əдістерді терең қолдану мен оның дамуы түрткі болған. Мысалы, бақылаудың, фокус-топтың, терең сұхбат жүргізудің бірнеше түрлерін қолдану талдау мен түсіндіруді талап ететін фотосуреттер, видеоақпараттар мен сызбалардың пайда болуына əкелді. Əлеуметтік мəселелерді зерттеуде сапалы əдістерді қолдану ақпарат берушіден мəлімет алудың видеоталдау сияқты формалары мен əдістері бар түрлі эксперименттерге жəне талдаудың жаңа түрлеріне алып келді.

Мұнда тағы бір айта кететін жағдай, визуалды социологияның дамуының негізгі факторларына XIX ғасырда фотосуреттердің, XX ғ. 80-жылдарындағы сандық видеокамералардың пайда болуы, ал бүгінгі таңда визуалды бейнелерді қалыптастыруда мобильді телефондар үлкен рөл атқаруда. MMS хабарламаларының арқасында мобильді телефон иелерінде өзінің ұялы телефондарына тек мəтіндерді ғана емес, сонымен қатар графика, музыка жəне видеоларды жіберіп, қабылдау мүмкіндіктері туды. Ақпараттық сауаттылық пен интернет технологияларының дамуы қолданушыларға шынайы өмірден тыс «виртуалды кеңістіктерді» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интернетте адам өзіне шынайы өмірден басқаша, жаңа имидж жасап, өзін басқаша қырынан ұсынуы мүмкін. Мұндай жаңа онлайндық бейнені бірінші кезекте жастар игереді.

Контент-талдау көбінесе өзара салыстырылатын тұжырымдамалар немесе маңызды идеялардың белгілі бір саны айқын көрсетілетін мəтінді, жазбаша мəтінді талдау кезінде қолданылады. Бірақ  ұқсас мүмкіндіктер фотосуреттерге негізделген кезде де болады. Мұнда, əрине, əдісті стандарттау, ресмилеу тəсілдерін табу қиынға түседі. Бірақ оны жасауға болады. Мысалы, фотосуреттік материалдарды уақыт тұрғысынан қарап отырып, белгілі бір кезеңде газеттегі фотоматериалдарды байқауға болады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында саяси толқулар немесе террор туралы ақпарат газет беттерінде көрнекі түрде қаншалықты уақытта шығып тұрады. Мұндай жағдай он, бес немесе   бір   жыл   бұрын   қалай   болды:   террористік   актілер   туралы   хабарламалар   визуалды материалдармен сүйемелденді ме? Міне осыны бақылап, талдау жасау. Осылайша, контент- талдаудың ерекше бір түрін жүргізіп, тіпті кейбір үрдістерді де байқауға болады.

Басқа бір əдіс – классикалық социологиялық сұхбат. Мұнда фотосуреттің маңызы зор. Бұл əдістің қандай да бір əлеуметтік ортаның фотосуреттерін сол жерде тұратын адамдарға көрсету барысында көмегі тиюі мүмкін. Фотосуреттерді адамдарға көрсете отырып оларды талқылайсыз, талқылау барысында сол қауымдастық туралы қызық ақпараттар, адамдардың өзара қарым-қатынасы, ондағы көшбасшыны, маргиналдарды, бай жəне кедей адамдарды анықтауға болады. Бұл өте оңай. Жай ғана сұрақтар қойғаннан гөрі, респонденттерден қажетті ақпараттарды қолдағы фотосуреттерді көрсету арқылы алған əлдеқайда оңай. Бұл фотоматериалдардың пайдасы зор болатын əдістердің бірі. Зерттелуге алынған сурет əр түрлі сипатта болуы мүмкін: жалпы немесе нақты. Бірінші жағдайда, түрлі элементтерге толы, күнделікті өмірге тəн қандай да бір оқиға көрсетіледі. Мысалы, адамдарға толы қала көшесінің суреті делік. Зерттеушіні қызықтыратыны, зерттелуші осы аласапыранның ішінен нені бірінші таңдап алады, нені маңыздырақ деп есептейді екен. Ал екінші жағдайда, суреттер дəлірек, нақтырақ болып келеді. Мысалы, көшедегі демонстрация. Бұл жерде зерттеуші  зерттелушінің  контестация,  наразылық,  саяси  жанжал  мен  оған  қатысуы  туралы ойын білгісі келеді.

Бұл стратегия əр түрлі болып келеді. Оның бір түрі ретінде күнделікті тəжірибеге тəн емес жағдайлар, мысалы, гомосексуалистердің, нашақорлардың, жезөкшелердің, трансвеститтердің суреттерін көрсету арқылы зерттелушінің толеранттық деңгейін анықтау мүмкіндігі туады. Тағы бір нұсқасы – ол зерттелушінің эмоционалды позициясын анықтау мақсатында зорлық, терроризм, қылмыс сияқты састыратын суреттерге негізделеді. Мұндағы маңызды бір ерекшелік – ол суреттерді зерттелініп отырған адамдардың қоршаған ортасына, туыстарына жəне алыс туыстарына,  экзотикалық деп бөліп қарау. Зерттелініп отырған адамның бірінші жəне екінші жағдайға реакциясы бізге екі түрлі ақпарат беруі мүмкін. Біріншісінде адамның күнделікті өмірдегі өзін-өзі теңестіруі, бір нəрсені жақтырмауы, алшақтығы, өшпенділігі туралы тереңірек білім аламыз. Екінші жағдайда, олардың ксенофобияға деген көзқарасы, басқаларға жеккөрушілікпен қарауы немесе керісінше, алыстағы топтарға деген ұмтылысын немесе өмір сүрудің басқа жағдайлары туралы армандайтындығын біле аламыз.

Дж. Грэди визуалды социология əлеуметтік ғылымдарға не істей алады дей отырып, визуалды социологияның пəнін айқындауға тырысты. Оның жазуы бойынша, визуалды мəліметтер бізге өзіміздің кеңістікті темпоралды қоршаған ортамызбен, ондағы болып жатқан құбылыстарға біздің реакциямыз туралы ақпарат беруге лайықты болса, онда əлеуметтік ғылымдардағы маңызды бес ұзақмерзімді бағыттар көрсетіледі. Олар өз кезегінде визуалды материалдарды мəлімет ретінде пайдаланудан көбірек пайда алады. Бұл бес бағытқа келесілерді теңбе-тең суреттеу мен бағалау жолдарын табу жатады:

  • вариацияның мінез-құлық үлгісі (шаблондар) мен өзгеруі қалай əлеуметтік жəне мəдени ұйымдастырылды;
  • əлеуметтік ұйымдастырудың интеграциялық деңгейі қандай;
  • əлеуметтік процестер қалай ұйымдастырылады;
  • біз қандай да бір жағдайларға эмоционалды түрде қалай жауап қайтарамыз;
  • зерттеу олжасы нақты жəне тиімді түрде қалай ұсынылады.

Фотосуреттік сұхбат əдісінің өзіндік артықшылықтары бар, ол – зерттелініп отырған адамның реакциясын ояту оңайлығы. Зерттелініп отырған адаммен бірге отырып суреттерді қарау жəне оларға түсіндірме беру зерттелушіге вербалды сұрақтарға жауап бергеннен гөрі табиғи болып көрінеді. Фотосуреттік сұхбат кезінде жай сұхбат кезіндегідей иерархиялық, алшақтық қатынас емес, зерт- теуші мен зерттелініп отырған адамның арасында серіктестік, туыстық жəне эгалитарлы қарым- қатынас орнайды.

Фотосуреттік сұхбаттың күрделірек нұсқасы фотосуреттерді топтық сұхбатта, фокус-топтарда қолдану болып табылады. Бұл пікір-таластың фокусы деп жеке суреттер, олардың мəні, олардың бейнелеген мəселелерін айтуға болады.

Зерттеуші топқа сурет немесе бірнеше суреттерді ұсынып, оларға талқылау жүргізуді бақылап, тіркеп отырады. Мұнда процедура тақырып пікір-таластырушылардың спонтанды кең ассоциацияларына негізделіп жалпы сипатта қалыптасса ашық түрде болады, ал зерттеуші топқа алдын-ала дайындалған сценарийге түсіндірме берулерін көздесе ол құрылымды болып келеді. Бұл əдістің жемісті болуының кілті – пікір-таластырушыларды мұқият іріктеу  болып  табылады. Зерттеуші топты гомогенді, яғни бір ортадан таңдалынып алынған – кəсіби, этникалық, жас ерекшелігі   бойынша   құруы   мүмкін.   Мұндай   жағдайда   пікір-талас   жалпы   ой-пікірлер   мен ұстанымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Басқа жағдайда көзқарастардың əр түрлі болып қалыптасуы, олардың қарама-қайшылығы туралы əңгіме қозғалуы мүмкін. Онда топты гетерогенді етіп жасауға тырысу керек (яғни құрамында əр түрлі ортаның өкілдері мен қоғамдық категориялар болуы керек). Əрине, барлығы қойылған зерттеу мəселесіне байланысты болып келеді [4].

Келесісі – ол Ф. Знанецкий жеке құжаттарды талдау əдісі деп атаған əдіс. Жеке құжаттарды талдау əдісі – адамдармен жазылған құжаттардың тұпнұсқасын зерттеу. Мысалы, хаттар, күнделіктер немесе адамдардың тікелей эмоциялары көрініс табатын мемуарлар. Ф. Знанецкий АҚШ-тағы поляк эмигранттарының отандарына жазған хаттарын зерттеумен айналысқан. Осы сияқты фотосуреттерді де қолдануға болады, яғни, жеке фотосуреттер топтамасын (коллекциясын) да зерттеуге болады. Əдетте адамдардың бізді бұрынғы уақыттарға сапар шектіретін топтамалары болады. Мұнда портреттер жинағын немесе отбасылық оқиғаларды сипаттайтын суреттерді табуға болады. Мұндай топтамаларды қолдану адамдардың шынайы өмірін түсінуде, сол кездерде олар үшін не маңызды болды, олар немен айналысты, олардың кəсіби мансабы қалай жүзеге асты деген сияқты сұрақтарға жауап алуда өнімді болуы мүмкін [5].

Біздің ойымызша, визауалды социологияның іс-əрекет саласын анықтауға тырысу барысында, визауалды социология – бұл əлеуметтік құрылымның бір бөлігі болып табылатын индивидтер мен түрлі əлеуметтік топтардың визуалды бейнелерді қабылдауы, осы бейнелердің мəнін түсіндіру, құру жəне қайта құру туралы ғылым деп шамалап айтуға болады. Осылайша, визуалды социологияның объектісі фотосуреттік бейне, видеофильм, картина, графиктер мен сызбалар, ал пəні деп заманауи əлеуметтік құрылым, əлеуметтік институттар мен процестер бейнеленетін терең мəні бар түсініктеме беруді айтуға болады. Қазіргі жағдайды жалпы сипаттай отырып, визуалды қайнар көздерді зерттеуге зерттеудің ресурсы, объектісі мен негізгі сюжеті ретінде қолданылуға болатын  жиынтықты жатқызуға болады.

Əсіресе отбасылар мен биографияны (ретроспективті əдіс) зерттеуде визуалды əдістер нық бекітілген. Мұнда фотоальбом хикаяны (нарратив) құру мен талдау объектісі болып табылады. Осыдан бірнеше уақыт бұрын социологтар мен антропологтар визуалдылық əлеуметтік болмыстың, оны қайта құру мен қайта ұсынудың негізгі траекториясын жасайтын бірінші өлшеуіші деген тезисті бөлісіп келсе, бүгінгі таңда ол есту, көру, иіс сезімі сияқты өлшеуіштердің қатарында.

 

 Әдебиеттер

  1. Миллс, Чарльз Райт. Социологическое воображение. - М.: NOTA BENE, 2001. – 263 с.
  2. Печурина А.В.   Визуализация   социальных   исследований:   новые   данные   или   новые   знания? //Социологический журнал. - 2007. - № 3. - С. 81-89.
  3. Семина М.В., Ганжа А.О. Визуальная социология и развитие социологического воображения // Журнал социологии и социальной антропологии. - 2008. - Том XI. - № 2. - С. 153-157.
  4. Штомпка П. Визуальная социология. Фотография как метод исследования. - М.: Логос, - 168 с.
  5. Штомпка П. Введение в визуальную социологию. // INTER (интеракция, интервью, интерпретация). – 2007. - № 4. - С. 6 –

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.