Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби орта білім беру орындарын əлеуметтік əріптестік шеңберінде дамыту

Қазіргі əлеуметтік-экономикалық жағдайда білім беру орындары мен жұмыс берушілер, мемлекеттік жəне жергілікті органдар биліктерімен, қоғамдық ұйымдармен, жұмысбастылық қызметтері арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру мəселесі өте өзекті болып отыр.

Əлеуметтік серіктестік еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарын дайындауда жəне  жұмысқа орналастыруда жеке жəне экономикалық мүддені жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады.

Кəсіби орта білім беру орындарының негізгі қызметтерінің біріне экономиканың əртүрлі салаларының қажеттілігін кəсіби мамандар дайындау арқылы қамтамасыз ету.

Кəсіби білім беру жүйесі жұмысының тиімділігіне əрбір адамның күнделікті өмір сүру сапасы,  ал нəтижесінде барлық халықтың өмірінің сапасы мен деңгейі тəуелді. Кəсіби білім беру орындарының түлектері үйлер салады, ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді, нан пісіреді, жиһаз жасайды, пассажирлерді тасымалдайды, байланыспен қамтамасыз етеді жəне т.б. Осы білім беру саласының қоғамның нарықтық экономикасындағы маңызды орны мен рөлін түсіне отырып, жан-жақты инвестициялар салу арқылы дамытуымыз қажет. Нақты осы сала Канада, Норвегия жəне Швеция сияқты елдердің əлемдегі дамыған елдер қатарына қосылуға себепші болды.

Əлеуметтік жаһандану жəне əлеуметтік-мəдени процестердегі өзгерістер, қазіргі экономикалық жағдай білім беру қызметінің мақсатының өзгерісіне алып келеді, яғни қазіргі мəдениеттің күрделі мəселелеріне бейімделе алуы, өмірден өзінің орнын табуға қабілетті адамды дайындау. Осы  мақсаттан келіп, білім беру саласын, соның ішінде кəсіби білім беру орындарын елеулі түрде модернизациялау қажеттілігі келіп шығады. Модернизациялауды біз белгілі бір əлеуметтік процестерді маңызды өзгерістерге алып келетін инновациялар немесе инновациялар жиынтығы ретінде түсінеміз.

Сондықтан да модернизация қоғамның жəне кəсіби білім беру орындары бітірушілерінің қажеттіліктерін ескере отырып, жүзеге асырылуы қажет.

Білім саласында əлеуметтік серіктестікті дамыту мəселесі қазіргі уақытта əлемдік деңгейден орын алып отыр. Соның ішінде DELPHI II халықаралық жобасы бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Айта кететін болсақ, Ұлыбританиядағы білім саласындағы əлеуметтік серіктестіктің кеңесі құрылған жəне де ол тəжірибеде қолданылып келеді. Білім саласындағы əлеуметтік серіктестік жүйесін толығымен көшіріп алу емес, бірақ кейбір принциптері мен функцияларын қолдануға  болады. Себебі, Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйелері əртүрлі, сондықтан да тек қана біздің білім беру жүйесіне кері əсерін тигізбейтін тұстарымен тəжірибе алмастыруға əбден мүмкін.

Ұлыбританияда жұмыс берушілер кəсіби білім беру орындарын дəстүрлі түрде қатаң қадағалап отырады, сол арқылы болашақ мамандардың біліктілікке ұмтылысын қалыптастырады  жəне тапсырыс беріп отырады. Əлеуметтік серіктестік білім беру саласын қадағалау барысында онда Кеңестер құрылды. Мұндай Кеңесті құру өндірісті жоғары деңгейлі шеберлікке ие мамандармен қамтамасыз ету жəне экономиканың бəсекелестікке қабілеттілігін көтеруге бағытталған. Ең бірінші Кеңес 2002 жылы құрылса, бүгінгі күні 20-дан астамы жұмыс жасайды.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан бəсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылуына жəне қысқа мерзімдік экономикалық, əлеуметтік жəне саяси модернизация процесі бағытында қоғамның барлық салаларының мүддесін қамтитын қоғамдық консенсус институттарын құруы тиіс. Осы жерде еңбек əлеуметтік саласы үлкен рөлге ие, өйткені оның ішінде болып жатқан процестер қоғамның тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар саяси тұрақтылығын анықтайды, елдегі əлеуметтікэкономикалық жəне саяси өзгерістерге тиімді баға береді.

Осыған орай əлеуметтік серіктестікті зерттеудің маңыздылығы:

  • біріншіден, қоғамның демократизациялануы қиындықтар мен қарама-қайшылықтарға ұшырайды, сондықтан қоғамның барлық күштерінің келісімінің негізінде, конструктивті диалог формасында жүзеге асуы керек. Өткен ғасырдың 90-жылдары басындағы əлеуметтік серіктестік идеясына көшу, серіктестік принциптерінің еңбек қатынастарына бағытталуы əлеуметтік-еңбек қатынастарының реттелуіне əсер етті, əлеуметтік-экономикалық саясаттың даму жолдарын анықтады, республика тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтереді.

Əлеуметтік серіктестік азаматтық қоғам мен демократиялық саяси жүйе дамуының қорытындысы болып табылады. Қазақстан кəсіподақтар Федерациясының кезектен тыс ХXI съезінде ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы аясында əлеуметтік серіктестік институттарының өзара іс-əрекетін күшейту мəселесін айқындады: «Тұрғындардың жоғары деңгейде өмір сүруін, əлемдік экономикалық қауымдастықта Қазақстанның белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ететін тиімді бəсекеге қабілетті экономиканы тудыруға мемлекет, жұмыс беруші, кəсіподақтар бірегей түрде күш жұмсауы керек».

  • екіншіден, жақын арада Қызғызстанда өткен дау-жанжалдардан əлеуметтік күйзелістің негізгі факторы экономикалық теңсіздік екендігін қорытындылауға болады. 2005 жылғы Қырғызстандағы «Революциялық» оқиғалар жалпы қоғамдық жүйенің даму барысына көңілі толмаған тұрғындардың мемлекеттік билікке ғана емес, сонымен бірге жеке меншік иелері мен кəсіпкерлер класына қарсы бағытталғандығын білдіреді. Сондықтан кез келген мемлекеттің маңызды бағыты, сонымен қатар Қазақстанның да əлеуметтік саясатты өңдеу мен жүзеге асыруы ең маңызды бағыт болып табылады.
  • үшіншіден, дамыған мемлекеттердің халықаралық тəжірибесі қоғамның дамуының саяси күйзеліссіз, дау-жанжалсыз тек əлеуметтік серіктестік идеясының жүзеге асуы жəне əртүрлі əлеуметтік топтар мен қоғам қабаттарының өзара іс-əрекеті мен келісіміне байланысты екендігін көрсетті. Осылайша, əлеуметтілік серіктестік жүйесін құрау қоғамдық, жалпы өркениеттік заңдылық ретінде жəне қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығының факторы ретінде көрініс береді.

Сол себепті əлеуметтік серіктестік жүйесін қалыптастыруда батыс еуропалық елдердің жинақталған тəжірибесі үлкен қызығушылық тудырады. Əрине, шетелдік модельдерге көшірудің қажеті жоқ, өйткені əрбір мемлекеттегі əлеуметтік серіктестік жүйесі нарықтық экономиканың заңдылықтарын қабылдауына, саяси өмірдің демократизациялануына, мəдениет, дəстүр жəне басқа да ұлттық ерекшеліктерге тəуелді. Бірақ көп ғасырлық əлеуметтік серіктестіктің қалыптасуындағы əлемдік тəжірибені ескеру керек. Бұл əлеуметтік серіктестіктің құрылуы мен жүзеге асуындағы жағдайлар мен себептерді, оның саяси жүйедегі жағымды жəне жағымсыз жақтары мен орындарын тереңірек түсінуге мүмкіндік туғызады. Əрине, əлеуметтік серіктестік барлық дағдарыс пен күйзелістерге қарсы күресе алады деп айта алмаймыз, алайда əртүрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін оңтайлы түрде жүзеге асыруға, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің қалыптасуында өз септігін тигізеді [1].

Қазақстанда əлеуметтік серіктестік ой мен принциптерін əлеуметтік еңбек қатынасын реттеу тəжірибесінде енгізу əрекеттері жасалынып жатыр.

Əлеуметтік серіктестік дегеніміз еңбек қатынасының бір түрі; ол белгілі стратегиялық мақсат бірлігін сезінгендіктен туады, келіссөз жүргізу арқасында ымыраға келіп, əртүрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін оптималдық балансқа келтіреді. Əлеуметтік серіктестік келесі принциптерге негізделеді:

  • əр жақты тең құқықтылығы жəне олардың өкілдерінің өкілеттілігі;
  • міндеттерді өз бетімен қабылдау жəне олардың іс жүзіне асырылуы;
  • міндеттерді қабылдаудағы əр жақтың жауапты болуы;
  • ұжымдық келісімнің орындалуын қадағалау.

Əлеуметтік серіктестік – əлеуметтік еңбек саласындағы экономикалық мүдделерді ескере отыра жəне əлеуметтік еңбек дау-жанжалдарды реттеу арқылы жұмыс беруші мен жұмысшы арасында мемлекеттің делдалдығымен пайда болатын ерекше қатынастар жүйесі.

Əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуде үш жақ қатынасатындықтан əлеуметтік серіктестік жүйесін «трипартизм» деп атайды:

  • жалдамалы жұмысшылардың мүддесін қорғайтын ұйымдар;
  • жұмыс берушілер қауымдастығы;
  • мемлекет.

ХХ ғасырдың 60-70 жж. өндірістік дамыған мемлекеттерде əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуде келісім-шарттық форманың пайда болуы – ұзақ экономикалық, саяси-əлеуметтік дамудың нəтижесі, бұл бүтіндей объективті жəне субъективті шарттарға байланысты мүмкін болды. Солардың ішінде:

  • қаржыны шоғырландыру мен орталықтандыру жəне соған байланысты еңбекті ұйымдастырудың формасының жəне өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас сипатының өзгеруі;
  • жұмысшы мен кəсіподақ қозғалыстарының арасындағы бірлік деңгейі;
  • қоғамды басқарудағы демократиялық тəртіптің дамуы.

Əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің ұжымдық келісім формаларының бекітілуіне соғыстан кейінгі кезеңде өндірістік дамыған мемлекеттерде қалыптасқан нақты тарихи жағдайлар əсер етті жəне əлеуметтік серіктестік процесінің толыққанды жылдамдауына тікелей мүмкіндік туғызды. Бұл, бірінші жəне екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық салдар, 1929-1933 жж. əлемдік экономикалық күйзеліс пен əлеуметтік мəселелерді шешудегі Кеңестік жүйенің жемістері кезіндегі екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі таптар мен топтардың саяси-əлеуметтік онтогонизмі. Осы барлық факторлар жалпылап келгенде əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі əлеуметтік серіктестік формасының негізін, түп қазығын қалыптастырды.

Əлеуметтік серіктестікке қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас бар. Біріншіден, əлеуметтік серіктестік – бұл таптар арасындағы күрестен кейін келетін жалдамалы жұмысшы мен жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынастар жүйесі. Екіншіден, əлеуметтік серіктестік – қарама-қарсы мүдделердің келісімге келуі, жалдамалы жұмысшылар мен меншік иелері таптарының арасындағы əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешу əдісі мен жанжалдарды реттеуі. Қазіргі кезеңдегі батыс қоғамындағы экономикалық жəне əлеуметтік саладағы өзгерістерге қарамастан, жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілер секілді қайшылықтар сақталған. Осы орайда əлеуметтік серіктестік таптық қайшылықтарды жұмсартудың тəсілі, қоғамдағы саяси тұрақтылық пен əлеуметтік түсініспеушіліктің жағдайы.

Жоғарыда аталып өткен бағыттардың қолдаушылары əлеуметтік серіктестіктің өмір сүруін  қажет деп санайды, бірақ олар оның ішкі төркінін əртүрлі анықтайды. Бұл жаңа  қоғамда капиталистер мен жалдамалы жұмысшылары жоқ, бұнда тепе-тең дəрежедегі, бір-бірінің арасында келіспеушілік туындағанда түсінісетін серіктестіктер десек болады.

Бүгінгі күндері əлеуметтік-демократиялық қозғалыстардың күшімен қазіргі қоғамның əлеуметтік пен саяси құрылымында терең өзгерістер туындады. Таптар арасындағы қатынас орнына мүдделі тереңнен болмаса да өзгеше əлеуметтік топтар мен қабаттар арасындағы қатынастар келді. Стратегиялық жоспар бойынша осы мүдделер келіседі жəне капиталистік шаруашылықты жоюға емес, сақталып қалу мен дамытуға бағытталған. Өтпелі мүдделер келісу де келіспеуі мүмкін. Егер де мүдделер келісілмесе, əлеуметтік серіктестік жүйесі арқылы шешуге болады.

Серіктестік қатынастарының қалыптасуындағы басты жағдай жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мақсаттарының сəйкес келуі болып табылады. Мақсаттардың сай болуы перспективті мақсат деңгейінде қалса, онда мұндай серіктестік уақытша болып қалады. Бірақ кез келген жағдайда мақсаттардың сəйкес келуінсіз əлеуметтік серіктестік болмайды. Жалдамалы жұмысшы мен жұмыс беруші олардың пікірінше, бір жақтың ойын білдіреді жəне екеуі біртұтас. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Егер де олардың арасында жанжал туған жағдайда болсын, өз уақытында жəне тиімді түрде шешу екеуінің мүддесіне сай келеді. Келесі бір көзқарасты қолдаушылардың ойынша, керісінше қазіргі кезеңдегі капитализмнің өткен ғасырдағы капитализмнен ешқандай айырмашылығы жоқ. Негізгі өндірістік құралдарына жеке меншік сақталған, сондықтан жалдамалы жұмысшылар мен капиталистердің мүдделі арасында онтогонизм сақталады. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы мүдделерінің сəйкес келмеуі əр уақытта бола береді. Нарықтық-капиталистік шаруашылық жағдайында эволюциялық түрдегі реформалар мен келісімдер арқылы мүдделер жанжалынан өте алмаймыз. Осы көзқарас бойынша əлеуметтік серіктестік жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы нақты келісімге келмейтін жəне мағынасы жағынан қарама-қарсы мүдделерінің түсініспеушілікке келу формасы. Сол себепті келісім процесі жанжалсыз бола алмайды.

Ұжымдық келісімдерге отыру – əлеуметтік серіктестіктің маңызды бөлшегі. Бірақ əлеуметтік серіктестік бұл өте күрделі ұғым, бұл қоғамдағы екі тап, яғни жеке меншік иеленуші тап пен осы меншікке ие емес жұмысшылар табы арасындағы қатынастардың түрі мен мінезін ашатын анықталған идеология. Осы таптардың əлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалауына байланысты, олардың қоғамдағы рөлінің анықталуына, олардың мүдделері жəне мүдделерінің сəйкес келуіне байланысты əлеуметтік серіктестік жөнінде əртүрлі түсінік қалыптасады.

Əлеуметтік серіктестік жүйесі əртүрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру, олардың арасындағы қарама-қайшылықты ортақ консенуске жету арқылы шешу, зорлық-зорлықтан бас тарту арқылы анықталған қоғамдық жағдайларда ғана қызмет етеді.

Экономика саласында əлеуметтік серіктестіктің дамуы мына факторлармен анықталады:

  • жеке меншік рөлінің басым жағдайындағы меншіктің жан-жақты формасында болуы;
  • алдыңғы қатарлы технологияларға сүйенген өндірістік күштердің қазіргі кезеңдегі жағдайы;
  • нарықтық тауар мен қызмет көрсетумен толтыру;
  • жалдамалы жұмысшылардың фирма істеріне қатысуы, акциялар жəне басқа да құнды қағаздар арқылы табысты реттеп бөлу [2].

Ең бастысы қоғамдағы əлеуметтік серіктестік қатынастары нарықтық экономиканың əлеуметтік бағыттылық жағдайында ғана мүмкін, ең басты қажеттілік болып кез-келген тəсілмен пайда көзін  табу емес, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оның мүшелерінің əлеуметтік хал-ахуалын ең жоғарғы деңгейге көтеру басты құндылық болуы керек. Басқаша айтқанда, қоғамның көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейі болуы керек. Қоғамның əлеуметтік-экономикалық тез арада өзгеруінен, əлеуметтік жарылыстың қаупінен бір нəрседен айырылатындай қорқуы.

Əлеуметтік серіктестік идеясының дамуына неміс экономистері В. Збросо, В. Репке, А. МюллерАрмак жəне Л. Эрхард үлкен əсерін тигізді, олар əлеуметтік саладағы табыс пен ұйымдастыруда бəсекелестік, кəсіпкерлердің экономикалық еркіндік жəне мемлекеттің белсенді рөлі жағдайындағы əлеуметтік нарықтық шаруашылықтың концепциясын жасады.

Ресейдегі əлеуметтік серіктестік генезисі (ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басы) «азаматтық қоғам» жəне оның элементтерімен тікелей байланысты. Азаматтық қоғам идеясының дамуы негізінен қоғам мен мемлекеттің арақатынасы секілді маңызды сұрақтардан тұрды, сонымен қатар «прогресс», қоғамдық-тарихи процестің табиғаты, ынтымақтастық сияқты түсініктерді терең талқылаудан өткізді.

Қазіргі кезеңде Батыста, біздің мемлекетімізде болсын əлеуметтік серіктестік қоғамның барлық саласындағы əсіресе əлеуметтік еңбек қатынастар саласында жанжалдарды реттеудің жүйесі ретінде көрініс табады.

Ю.Г. Одегов, Г.Г. Руденко, Н.Г. Митрофанов еңбектерінде əлеуметтік серіктестік «қоғамның ерекше институты, ол қоғамның құрылымын құрайтын барлық əлеуметтік топтардың құндылықтары мен қажеттіліктерін мойындауға негізделеді».

Əлеуметтік серіктестік қоғамдағы саяси жəне əлеуметтік қатынастарды реттеудің күрделі, көпаспектілі, көпдеңгейлі жүйесі, оның мақсаты қоғамдық келісім, негізгі əлеуметтік топтардың арасындағы тұрақтылыққа жету.

Кең мағынада əлеуметтік серіктестік қоғамның барлық саласындағы жанжалдарды реттеу  жүйесі, оған қатысты субъектілерді бейбітшілік пен келісімге негізделген конструктивті өзара қатынасын қамтамасыз ету үшін өзара қатынас формасы мен мүдделермен келісім əдісі.

 

Әдебиеттер

  1. Рахимова А.М. Социальное партнерство как институт демократического общества. // Вестник КазНУ. Серия философии, политологии, культурологии. – 2005. – №1(23). – С. 95-98.
  2. Жотабаев Н.Р. Гражданское общество и профсоюзы // Мысль. – 2-2. – №6. – С. 39-43.
  3. Киселев В.Н., Смольков В.Г. Социальное партнерство в России. – М.: Просвещение, – 634 с.
  4. «Кəсіптік білім жəне бизнес: серіктестер диалогы» атты 2-ші Халықаралық форум. – Астана. – 20.10.2009ж.
  5. Мұхамбетпаизова Ж. Əлеуметтік серіктестік оқу орны дамуының негізі // Ақтөбе облыстық қоғамдық саяси газеті. – 02.2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.