Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этносаралық жанжалдар

Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды.

Əлеуметтік жанжалдың тек екі не одан да көп мемлекеттердің мақсаттары бір-бірімен  келіспейтін жағдайда ғана туындайды. Осыдан қорыта айтқанда жанжалдың болмауы мүмкін емес жайт. Жанжалдың өмір сүруі теңсіздіктің болуына байланысты. Р. Дарендорфтың теориясы бойынша жанжалды бақылауда негізгі үш мəселесі құнды. Біріншіден, құндылықтардың маңыздылығы. Кез келген мемлекет жанжалдың ситуациялық маңызын түсінуі қажет, əрі оның маңыздылығы жанжалдың өмір сүру құқығында. Басқаша айтқанда, жанжалды басқару мүмкін емес, егер жанжалға түсушілердің біреуі оның оппоненті жоқ деп айтқан жағдайда жəне оның өзіндік ойы жоқ болған жағдайда жанжалды басқару мүмкін емес. Мысалы,

Екіншіден, жанжалды бақылаудың маңызды кезеңі болып мемлекеттердің ұйымдастыру қабілеті болып табылады: мемлекеттердің ұйымдастыруы көбірек болса, келісімге келу жəне келісімнің мақсатына жету жолдары жеңіл болады. Ал керісінше болған жағдайда жанжалдың өрлеуіне жəне қателіктерге алып келеді.

Үшіншіден, екі жанжалдаушы бір-бірімен келісімге келіп, салыстырмалы түрде ойынның белгілі бір шарттарын теңдей қабылдауы қажет жəне осы шарттарды бұзбаған жағдайда ғана келісімге келу процесі мүмкін болады. Бұл шарттар екі жаққа да теңдей құқық пен мүмкіндіктер беруі қажет, яғни, олардың өзара қатынастарында кейбір теңдестікті қамтамасыз етуі қажет.

Р. Дарендорфқа қарағанда ағылшын социологы Э. Гидденс жанжалды қарастырғанда мынадай терминдерді түсіндіреді: 1) "қарама-қайшылық", 2) "жанжал". Оның болжамы бойынша қарама- қайшылықтың артынан əрдайым жанжал туындайды. Қарама-қайшылықтың жанжалға айналуы үшін қызығушылықтың қарама-қайшы екенін түсіну қажет жəне соған қатысты мінез-құлықтың мотивациясының болуын қажет етеді. Жанжал деп ол қатынасқа түсіп отырған адамдардың немесе топтардың арасындағы шынайы күресті түсінген.

Басқаша айтқанда Э. Гидденстің көзқарасын этникалық қарама-қайшылықта топты иерархиялық əсері жəне теңсіздік бар деген көзқарасқа бағыттасаң, онда ол бастапқы кезден-ақ ішкі қарама- қайшылық, бұл жағдай латентті жанжалдастық деп аталады, алайда жанжал тек қызығушылық- тардың, пікірлердің қарама-қайшылықтары мойындалған əрі тұжырымдалғанда жағдай қозғалысы- ның импульсі болып табылады, бұл жағдайда этникалық мотивациялық функциясы оның мобилизацияландыру кезеңіне кетеді [1].

Жанжалдық ситуацияларда қарама-қайшылық көп кездеседі. Олар адамдар қауымдастықтары- ның біркелкілігімен сипатталады. Көп этносаралық жанжалдарға барлық этностар қатыспайды, оған өзіне бір қарама-қайшылықты сезілетін жəне мойындайтын этностық топ болуы да мүмкін, яғни, жанжалға апаратын этностық топ. Жанжал – ол қарама-қайшылықты, проблемаларды шешу жолдары болып табылады, ал олар əр түрлі болуы мүмкін.

Ұлтаралық жанжал азаматтық, саяси немесе қаруланған қақтығыстың формасы ретінде анықталуы мүмкін, сол себепті де мемлекеттер немесе бір мемлекет мобилизацияланады, этникалық белгілері бойынша жапа шегуі мүмкін.

Ұлтаралық жанжалды "таза түрде" табу қиын, себебі олар табиғатта шынайы өмір сүрмейді. Шынында да, бір мемлекет екінші бір мемлекетпен этникалық айырмашылықтар немесе антагонизмдер үшін жанжалға түскен кездер беймəлім.

Табиғатты түсінбеушіліктен жəне ұлтаралық жанжалдардың маңызын түсінбегендіктен бəсекелер пайда болады. Молдавандықтардың айтуы бойынша, олардың орыстармен жанжалдары жоқ, бұл коммунистік режимнің Приднестровка қарсылығы. Шешендік жанжалды да көпшілігі этносаралық жанжал деп есептемейді, оны жекеменшіліктің қылмыстық шегі деп есептейді.

Мұндай баға берулер топтық агрессияның пайда болуымен жəне халыққа деген өшпенділік жеке адамның құндылықтарын төмендетуімен пайда болады. Ал басқа жағымен қарастырар болсақ,  мұндай бағалаулар көбінде қандайда бір топқа дискриминацияның қолданылуы немесе этникалық топтың спецификалық қызығушылығы болуын мойындамаудан болады.

Əсіресе, мұндай ұлттың қозғалыстағы қарсылық бағалары мына мемлекеттерде болды. При- балтика, Грузия, Татарстан көптеген ғалымдар оларды саяси қозғалыс деп қарастырады, кейбіреулері КСРО-дан бөліну үшін жасалынған қозғалыс десе, енді біреулері антикеңестік деп қарастырады.

Əлеуметтанушы А.Г. Здравомыслов ұлттық қозғалысты этнос аралық жанжалдың бір формасы ретінде қарастырылады, ал олар өзінің құрамында ұлттық-этникалық мотивацияны қамтиды. Этносаралық жанжалдардың өзіндік табиғаты əр қилы болып келеді. «Жанжал» термині «қақтығысу» деген мағына береді. Жанжалдан түсінетініміз қызығушылықтардың қақтығысы, тараптардың қақтығысы, қозғалыстың сол немесе басқа субъектілердің мақсатқа ұмтылуларының қақтығысы. Субъект бола алатындар мыналар: жеке саяси көшбасшылар, этникалық топтар, мемлекет, əскери- саяси блогтар. Жанжалдың себептері: территориялық проблемалар, тілдік, экономикалық жəне діни мəселелер болып табылады. Жанжал масштабы бойынша былай анықталады: тұлғадан этносқа дейін, ұжымнан мемлекетке дейін, онда этностың атынан саяси партиялар, мекемелер жəне жалпы қозғалыстар қатысады. Жанжалдың көп нұсқалы моделі болған жағдайда модельдерді таңдау жанжалдың типіне байланысты болады. Этносаралық жанжалдың екі типтік классификациясы бар: біреуі жанжалдасқан жақтардың мінез-құлық қозғалысына байланысты, екіншісі, жанжалдың мазмұнына байланысты. Этникалық жанжал өте тез өзгеріске ұшырайтын əлеуметтік-саяси ситуация, олар келесідей топтар арасында байқалады:

  1. аймақтағы этнотаңдаушы эмиграциядан бастау алады, («жалпы қоныстану» жəне «нəтиже»), «басқа фактордың» пайдасына этнодемографиялық тұрақтылықты сақтау;
  1. саяси ұйымды құру «ұлттық» немесе «мəдени» құндылықтары бойынша, партия, берілген жағдайдың тез өзгеруі, этникалық топтардың қызығушылықтарының көрсеткіштерінде өзгерістердің туындауын жариялау. Сонымен қатар, билік органдарының кері əсер етуші əрекеттерін шиеленіс- тіреді немесе басқа жергілікті этникалық топтардың саяси мобилизациясы;
  2. жергілікті этностық топтардың өнімдері өз тараптарынан қызығушылықтарын жоққа шығару немесе төмендетуі жəне мемлекеттік билік органдарының митингте шығуы.

Этникалық жанжалдар арқылы біз əлеуметтік жағдайды түсінеміз, жеке этникалық топтардың ойларының сəйкес келмеуінен есептелінсе, бір жағынан сол ойлардың этникалық топтар арасында сəйкес келмеуі болса, екінші жағынан мемлекеттің ішінде этникалық жəне саяси көзқарастардың түйісуімен болады.

Этникалық жанжалдар көп жағдайда олардың қойған мақсаттарымен анықталады. Оның типологиясы:

  1. Мəдени-тілдік жанжалдар, бұл тілдің қызметтік толықтай қалпына келтіру үшін немесе сақтау үшін жасалынуы жəне дəстүрлік мəдениетті қарқынды дамыған аккультурацияда жайлап этномəдени идентификацияны орнықтырады.
  2. Əлеуметтік-экономикалық жанжалдар, яғни бірдей жеке этникалық топтардың өмір сүруіндегі теңсіздікті қадағалау үшін болған жанжалдар («бай» жəне «кедейлер»).
  3. Мəртебелік жанжалдар, саяси мəртебені өзгерту үшін жасалған сұраныстар жəне сол немесе басқа этнотерриториалды автономияның билігінің көлемі əсер етеді, көп жағдайда мемлекеттің мақсатты ұйымдары ұлттың территориялық принциптерінен пайда болады. Нагарлық Карабахтың мəртебелік жанжалы біртіндеп ұлтаралық соғысқа айналды. Осы жағдайға байланысты жанжалға араласпау туралы, орталықтың өзіндік позициясы қалыптасады.

Бұл жағдайлар бастапқы кезден-ақ кездейсоқтық деп бағаланды, яғни ұзақ өмір сүре алмайтын жайттар болып есептелінеді.

Екі жақтың біреуіне қолдау көрсету міндетті түрде қарама-қайшылықтың туындауына алып келеді деген ойда болды, ол режиминдегі масштабтағы жанжалға қарағанда ең жаманы болып саналады.  Ал  Əзірбайжанда  шығыс-мұсылмандардың  факторды  қолдаушы  болғандықтан,  əрине стихиялы түрде Сумгайттағы жағдайға көз жұма қарады, əсіресе армяндық радикализм территория- лық жəне анықталған шекараны қайта бөлу идеясы алға шығарды. Орталықтың араласпауы саяси жанжалды туындататын мүмкіндігі мүлдем есепке алынған жоқ. Алайда ситуация бұл позицияда дəл солай қалыптасты: екі жанжалдасушы жақта яғни қарсыласушы жақтар, орталықтың өздерінің қарама-қарсы жағына көмек беріп отыр деп қарастырды. Жанжалдың өзі ең күрделі құрылымға айналды, кейіннен оны жанжалдың екі жағынан да антиимпериялық формада қарастырды. Еуропада митингішілер тек Армениямен Нагарлы Карабахтың қосылуын ғана сұрамады, олар Орталықтың түсініксіз саясатына да қарсы шықты. Ұлттық қозғалыс бұл белгісіздік жағдайды армяндық талаптарды қолдау факторы ретінде қарастырды.

Бұл кезде Орталық саяси декларацияларға қарамастан, өзінің бұл жанжалды тоқтата алмайтындығын көрсетті. Бұл жанжалда, əсіресе билік басындағылардың шарасыз екендіктері айқын көрінді [2].

  1. Федералды мемлекеттердің территориялық жанжалдары, саяси жағдайда жеке автономиялар мен этникалық топтардың арасындағы осы саяси кеңістіктегі жанжалдар, өздерінің жеке білімі жоқ бір жағынан қарағанда, автономия немесе мемлекетті жалпы алғанда екінші жағынан қарағанда. Осындай этносаралық саяси ортадағы жанжалдар өте көп.
  2. Сецессионды жанжалдар, бұл жанжалды тəуелсіз мемлекет құру немесе көрші мемлекетпен бірігуі жатады. Мұндай жанжалдың шешімін табу үшін тек берілген саяси жерлердегі территориялық контурлардың өзгеруі арқылы болуы мүмкін.

Этникалық жанжалдардың өзінің кезеңдік динамикасы болады, оларды көрініс табу  немесе пайда болуы бойынша квалификациялауға болады:

  1. Жанжалдық кезең басталғаннан бастап талаптар қойыла бастады, аймақтың бұрынғы халқының тілімен тікелей байланысты, ұлттық қозғалыс дəстүрлерге, салттарға, ұлттық мəдениетке, этноұлттық символикаға сүйенеді, олар бөгде құндылықтарды символдарға қарама-қарсы болады. Бұл кезеңді этникалылықты қорғайтын жəне реттейтін функцияға байланысты бағалы-символикалық жанжал деп атауға болады.
  2. Екінші кезең ол бір топтың күшін екінші топты пайдалана отырып басымдылыққа ие болу, тұрғылықты байырғы халықтың этникалық мəртебесін көтеру қажет. Бұл кезеңде этноұлттық қызығушылықтар өзекті болып табылады, жергілікті элитаға, жергілікті орталық билікке "күш көрсету" инструменті болып табылады. Басты қызмет этностың инструменталды функциясы болып табылады.
  3. Үшінші кезең, берілген этносаяси кеңістікте немесе территориялық кеңістіктегі жанжал- дарды соңына дейін, яғни сол кезеңде жеткізуге міндетті емес, немесе мемлекеттік этноұлттық жаңа кезең құруы, яғни берілген ишарада өмір сүретін кеңістік. Сол себепті де мəселе не шекараның территориялық, не сецессионды туралы жанжал болады. Осы кезеңде этникалық топ күш көрсету əрекетіне көшеді, себебі қарудың арқасында өзінің үстемдік етуін күшейту үшін.

1986 жəне 1991 жылдары мұндай кезеңдік динамика мемлекеттер одағының жеке республи- калары мен Орталық арасындағы жанжалдармен сипатталады, бұл кезең КСРО-ның құлауымен аяқталды. Дəл осындай жанжал Югославияда осы федеративты республиканың құлауына алып келді. Субъективті формада этникалық жанжал этникалық қақтығыстардың арасындағы өзгермелі қақтығыс ретінде дамуда, ол өзінің кезегінде зорлыққа жетуі мүмкін.

Оқшаулану – ол, өз кезеңінде полиэтникалық қоғамда жанжалдық ситуация болып табылады. Бұл кезең біртекті некеге алып келуде, моноэтникалық қарым-қатынасқа алып келуде. Басқаша айтқанда, социомəдени дистанция болып табылады. Дəл осындай мінез-құлық социологиялық зерттеулер бойынша – үлкен ресейлік топтардың этнодинастиясында, посткеңестік ресей «диаспора- сында» мəдени құндылықтарындағы айырмашылықтар жəне ұқсас стереотиптер. Қарсылықтардың кезеңдеріне өту мынадай себептер бойынша болады: мəдени, экономикалық, саяси, құқықтық. Этникалық жанжалды алдын-ала болжауға болады. Оның мүмкіндігі этниканың тəуекелдің кезеңімен тікелей байланысты, сонымен қатар сол немесе басқа этникалық аймақта.

Этникалық тəуелдік этникалық фактордың саяси кеңістіктің тұрақтылығына кері əсер ету мүмкіндігі түсіндіріледі. Белгіленгендерден басқа: саяси, құқықтық-мемлекеттік, тарихи құбылыс, экономикалық сияқты себептері бар.

Экологиялық. Экономикалық өзгерістерге ұшыраудың əсерінен табиғи қолданыс құлдырай бастады, ол əсіресе Орталық Азия мемлекеттерін жəне аймақтарын, Шығыс жəне Сібір елдеріндегі халықтардың, Арал теңізі аймағында, Сібірдегі мұнай газды ойлап табудың арқасында экологиялық нашарлау туындады. Демографиялық. Отбасылық-некелік айырмашылықта КСРО кезеңінде туу коэффициентіне жəне өңделмеген аймақтарға жəне миграциялық белсенділіктің темпіне əсер етті.

Мəдени-тілдік. Жеке халықтардың аккультурациясы тек орыстардың пайдасына ұлттық тілді ғана қолдану емес, сонымен қатар басқа этностардың тарихи-мəдени теңдігін қарастырып отырды.

Ұлттардың жанжалдары жəне ойларының қарама-қайшылығы саяси əдістердің арқасында шешілуі қажет, ол үшін алайда этносаяси себептерді қолданбау қажет.

Тұрақтылықты сақтау үшін, жанжалды тудырмау жəне қарсылықты тудырмау үшін тек экосаяси фактордан басқа халықтың рухына қатысуы керек, этностар арасындағы келісімнің болуы қажет, рухани үлкен байлықтың болуы, екінші бір халықтың жақсы қасиеттерін мойындай алатындай, бағалай алатындай қасиет керек. Халықтың ашулы рухы жəне оның жоғары руханилығы автоматты түрде қалыптаспайды. Əр халықты осы мінездерімен қамтамасыз ету үшін қажет. Нарық адамдарды кəсіпкерлікке үйретеді жəне өз-өзіне жауап беруді үйретеді. Алайда бұны жүзеге асыру үшін  мынадай барлық адамдарға тəн қасиетке ие болуы қажет: шынайылық, мейірімділік, толеранттылық.

Ұлтаралық жанжалды шешу ол əлемді қамсыздандыру жəне адамдар арасындағы келісім ол жақсы іс болып табылады. Ол экономикалық, саяси жəне рухани проблемаларды шешуі қажет.

Пайда болған жанжалдарды арам жолмен яғни, қулық арқылы, зорлық-зомбылық көрсету арқылы, қару қолдану арқылы шешуге болмайды. Оны шешудің бірақ жолы келісімге келу жəне жақсы қатынасты ұстану, екі жақтың да қызығушылықтарын қанағаттандыру болып табылады.

Жанжалдың өршіп кетпеуі үшін тек төзімділік пен ұстамдылық қажет.

 

Әдебиеттер

 

  1. Сикевич З.В. Социология и психология национальных отношений. – СПб.: Изд-во: Михайлова В.А., 1999. – 203 с.
  2. Здравымыслов А.Г. Социология конфликта: Россия на путях преодоления кризиса. — М.: Аспект Пресс, 1995. – 227 с.
  3. Аженов М.С. К дефиниции термина «диаспора» // Саясат. – 2007. – №7. – С. 11-13.
  4. Биекенов К.У., Садырова М.С., Сайран С. Языковая социализация и формирование социального поведения личности. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 320 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.