Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Классикалық университетте білім беруге дайындаудың мəндік-процессуалды аспектісі

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойын  2009  жылы 13 қазан күні атап өту барысында ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өз дəрісінде біздің ұлтымыздың ықтимал мүмкіндігін ояту мен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды қарқынның қажеттігін баса айтты  [1]. «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасының негізгі қырлары айқындалып, оны жүзеге асырудың стратегиялық міндеттері көрсетілді. Белгілі болғандай, жобаның мақсаты өзімен ұлтты жетектей алатындай қасиеттерге ие қоғамдық көшбасшыны қалыптастыру.

Аталмыш жобаның негізгі түйінінде өзекті болып табылатыны білім арсеналын үздіксіз жаңарту мəселесі жəне білім беру жүйесіндегі интеллектуалды жарып шығу мақсатында болашақ маманның əрекет қабілеттері, ақпараттық мобилділік жəне шығармашылық ойлауын қалыптастыру.

Сонымен қатар, ЖОО білім беру тəжірибесі реалииі, білім беру түйіндері мен технологиялардың плюрализмі жағдайында ақпараттық тасқынның көптігі болашақ мамандарды дайындауда мəнді-процессуалды аспектісіне жаңа тұрғыдан келу қажеттігін анықтайды.

Мамандарды деңгейлеп дайындау жүйесі, сонымен бірге оқытудың кредиттік технологиясын кіріктіру білімді жаңарту мен толықтыруда қажетті өзгерісті қамтамасыз етуге икемдейді, сол арқылы білім берушілік дайындықта кездесетін олқылықтарды жоюға болысады.

Өкінішке орай, білім беру саласындағы адамдардың көпшілігіне (соның ішінде басқарушылар, жұмыс берушілер жəне педагогика саласындағы қызметкерлер) оның тек сыртқы бейнесі көрініс табады: курстық немесе  пəндік оқыту жүйесі, ғылыми дəрежені иемдену, ЖОО қабылдау ережесі, оқудан шығарылудың тəртібі мен себебі, оқыту тілі, сабақ режимі жəне т.б. Жəне де оқуды тек болашаққа, шығармашылыққа, əрі    қарай    өзін-өзі  өзектендіруге дайындайтын алдын ала іс-əрекет деп қана қалыптасқан түсінік кері əсерін береді. Мұның бəрі қатысушылардың интерсубъективті белсенділігіне негізделген білім беру үдерісінің мəнді-процессуалдық қырын өңдеудің ғылыми өңдемесін тежеуге алып келеді.

Субъект белсенділігін есепке алу арқылы жазба сөз қызметін белсендіру сияқты процессуалды аспектінің екпінін айқындауды болжайды. Жазба сөз меңгерген білімнің көрініс құралы ретінде ғана қарастырылмайды, тұлға тəжірибесінің мазмұны контексіне кіріктіру жағдайы ретінде де қарастырылады, себебі дауыстап сөйлеуден қарағанда өз ішінен сөйлеу сыртқы немесе субъективті факторлардан тəуелсіз болып келеді. Ол іштей байланысқан жəне жағдайдан тəуелсіз сөйлемнің туындауына бағытталған тұлғаның санасы мен өзіндік санасының жоғары деңгейін талап етеді. Осы  түсінікке  сəйкес, ЖОО студентімен жазбаша диалог құруды біз қарым-қатынасқа түсудің белсенді формасы деп қана қарастырмай, студент тұлғасының мəндік ұстанымы, қалыптасқан ережелері, бағыттарының қалыптасуымен қатар жүретін ЖОО-дағы ғылыми білімді меңгеру процесіне қажетті болып табылатын, тұлғаның ішкі əлемі құндылықтарына қосылу процесі ретінде қарастырамыз.

Білім алушылардың тəжірибесі мен тұлғалық ұстанымын белсендіретін (жазбаша, айту, диалог, мəселелік жағдайды ұжымдық шешу, топтық пікірталас, топаралық əріптестік жəне т.б.), білім берушілік дайындаудың процессуалды немесе əдіснамалық аспектілері ретінде қарастырып отырған өзектендірудің түрлі формалары (білімдер, тұлғалық мəндер, құндылықтық нұсқаулар жəне т.б.) біруақытта басқа аспектіде көрініс табу керек – меңгеру, қалыптастыру, құрылу пəні ретінде, бұл оқыту барысында субъектінің қалыптасу процесінің экстрио жəне интериоризациясының бірлігі принципіне сəйкес екенін айта кету керек.

Білім беру үдерісінің сыртқы факторы ретінде оның мəні жасырын болып қалады, ол келесідей дидактикалық белгілерден тұрады: оқыту   мақсаттарының   таксоманиясы,   тікелей «оқыту-оқу» үдерісі, оқыту мазмұны жəне оқыту үдерісі оқытушы мен оқушының өзара əрекетін ұйымдастыру ретінде.

Осыған байланысты білім беру үдерісінің мəндік-процессуалдық аспектілеріне қатысты ұстанымды өзгерту ғана емес, сонымен қатар оқуға қатысушылардың өзара əрекет түрі мен тəсілдерін кеңейту де маңызды міндет болып табылады. Өйткені оқытудың дəстүрлі əдістемесінде оқыту мəселесінің шығармашылық жəне əлеуметтік екі аспектісі де шегерілген. Бірақ көбіне əлеуметтік-коммуникативті жағы жапа шегеді.   Тек  қана  гуманитарлық  ғылымдарда ғана емес, жаратылыстану ғылымдарында да ғылыми танымның коммуникативті іс-əрекет ретіндегі үлгілері болғандықтан бұл процесс жүзеге асырылады.

ХХ ғасырдың басында-ақ Н. Бора, Д. Бома үлгілері шындықты ғылыми ізденудің мүмкін сипатын коммуникациясыз, ашық диалогсыз, түрлі ұстанымдардың қатысынсыз мүмкін еместігін ашық жария етті. Д. Бом ойлау, сонымен қатар есту іс-əрекеті коммуникациядан тыс жетістікке жете алмайды деп көрсетті [2]. Сондықтан, оқытушының санасын оқу-таным процесін ұйымдастыруда дəстүрлі əдістемелермен тамырланған таптаурындар мен жалған нанымнан тазарту керек деп ұсынды. Ең қауіпті жалған сенім ретінде ол, репродуктивті формаларда басымдық танытатын білімді меңгерудің шынайылығы мен шарасыздығы жорамалын түсінді. Сонымен бірге, Д. Бом бұл жалған сенім өзара əрекеттің негізгі формасына еліктей отырып, студенттердің өзара жəне оқытушымен өзара əлеуметтік қатынасын тарылтуға алып келетіні сөзсіз деген пікір айтты.

Сондықтан мақаламыздың мақсаты осы ұстанымға біздің дəлелденген ұстанымымызды қарсы қою болып табылады: оқыту барысында меңгерілетін оқу субъектісінің, барлық оқыту өзара əрекет субъектілерінің приматы; тұлғаның, оқытудың барлық кезеңдері мен түрлерін ұйымдастыруда түрткілер, мағыналар мен құндылықтық бағдарлар приматы.

Білім беру үдерісіндегі субъектілердің түрлі өзара қатынасын ұйымдастыру мəселесі теория мен тəжірибеде өзекті орын алады.

«Өзара қатынас» ұғымының пəнаралылығы, ең алдымен, бұл ұғымды жаратылыстану, гуманитарлық жəне əлеуметтік-психологиялық зерттеулерде тең дəрежеде қолдануға  мүмкіндік береді.

Əлеуметтік-психологиялық зерттеулердің негізгі ережелері – бір адамның басқа адамға əсері негізінде өзара қатынас жағдайы туындайды, ал əсер сипаты қатынас сипатымен жəне өзара қатынасқа түсушілердің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталады.

Адам психикасы мен санасының табиғи белсенділігі бірнəрсеге əсердің енжар нысаны етіп қана қоймайды, өзара қатынас əсеріне қатысушылардың өзара əрекет пен қарым-қатынас субъектісіне айналдырады. Субъект үшін басқа адам өмір сүретін, əрекет ететін, өз қажеттіліктерін, мақсаттарын, тілектерін жүзеге асыратын орта мен  жағдай бөлігі болып табылады.

Басқа адамның əрекеті субъектіге қатысты өмір сүру əдістерінде (қажеттіліктері, күйі, қажеттіліктерді қанағаттандыру əдістерін меңгеру, өзара əрекеттің  оң  жəне  кері  əсерлері)  жəне  олардың арасында туындаған қатынасында (өзара қатынасқа түсен индивидтердің) немесе əрекет субъектілерінде жəне «тіршілік ортасында» қабылданады, көрініс табады жəне түсіндіріледі.

Осыған байланысты өзара қатынас, əріптестік, диалогты студент тұлғасының қалыптасуына қажеттілік деп қана қарастырып қоймай, педагогтың дамуы ретінде де қарастырады: өскелең ұрпақтың көмегінсіз, олармен бірге даму жүрмесе ол кəсіби маман ретінде жəне тұлға ретінде ол өзін жүзеге асыра алмайды.

Егер əлеуметтік өзара қатынасты қарастырсақ, онда адамның басқа адамға қатынасы өз  ішкі əлемі бар субъект ретінде жүзеге асады деп шет елдік зерттеулерде де, кеңес үкіметі мемлекеттеріндегі психологиялық ғылымдарда да (Б.Л.  Вульфсон  [3],   С.Л.   Братченко   [4],   Д.А. Леонтьев [5] жəне т.б.) қарастырған.

Қоғамдағы субъект-субъектілік өзара қатынас – бұл ішкі əлемдердің, адамдардың қатынасы, ойлар, пікірлер, бейнелердің алмасуы, мақсат қою, биологиялық  емес  қажеттіліктерді  дамыту  жəне қалыптастыру,  басқа  индивидті, оның эмоционалдық жəне басқа да күйлерін бағалауға əсер ету, өз сезімдерінің, уайымының жəне мінез-құлық түрлерінің эмпатиялық өзгеруіне жауап беру жəне т.б. Əлеуметтік өзара қатынас үдерісінде адамның өзі туралы, басқалар туралы көзқарасы қалыптасады жəне қоршаған ортаның шынайылығын əлеуметтік тани түседі.

Білім берушілік өзара қатынастың түсініктемесін қарастырсақ: білім беру аймағындағы субъектілердің өзара қатынасы оның дамуы мен өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік беретін тұлғаның үлгі бойынша қалыптасуына жағдай мен əсер ету жүйесі арқылы жүреді. Бұл жерде білім беру аймағының қалыптасқан жəне ресейлік əріптестердің белсенді түрде өңдеп жатқан үлгілері туралы мəселені қозғамасқа болмайды.

Қазіргі зерттеушілердің жіктемесі бойынша А.Н. Леонтьева [6],  В.А. Ясвина [7],  В.И.  Панова жəне т.б.) білім беру ортасының бірнеше үлгілері бар:

  • тұлғалық-экологиялық үлгі, Дж. Гибсон, Я. Корчак, П.Ф. Лесгафт, А.С. Макаренко негізгі ойлары бойынша;
  • коммуникациялық-бағытталған үлгі, Л.С. Выготский, В.В. Давыдов пікірлеріне сүйене отырып;
  • психологиялық-антропологиялық үлгі, В.И. Слободчиков ұсынған;
  • психологиялық-дидактикалық үлгі, В.П. Лебедева жəне В.И. Панов еңбектерінде өңделген.

Білім беру ортасын зерттеу бойынша шет  ел еңбектеріне сүйенсек [3] аталмыш феномен заттық-кеңістіктік,  əлеуметтік  жəне психологиялық-дидактикалық немесе технологиялық құрамдас бөліктерден тұрады. Барлық зерттеулердің негізінде ортақ ой, ол – білім беру ортасын зерттеудің үлгілері шеңберінде өзара əрекеттің түрлі типтері жүзеге асады.

А.Н. Леонтьев [6], В.А. Ясвин [7] көрсетуі бойынша, педагогикалық əсерді туындататын субъект-объектілік қатынас орнату əлеуметтенудің құрылу кезеңіне алып келеді. Отандық жəне шет елдік ғалымдар Америка жəне Еуропаның  [9, 10] мектептері мен жоғары оқу орындарының ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, білім беру үдерісінде антигумандылық пен кертартпалық қатынастарды атап өтеді.

Білім берушілік өзара қатынастың танымал субъект-субъектілік жəне біріккен-субъектілік қатынастарына сүйене отырып (олар қазақстандық ғалымдардың да зерттеулерінде көрініс тапқан [11]) шет елдік аналитик ғалымдар білім беру ортасында жаңа қатынастардың пайда болғанын айтады – субъектөзара əрекет түрін туындатады, оқушы тұлғасының дамуына педагогикалық қолғабыс береді.

 

 

Әдебиеттер

  1. Актовая лекция Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на тему «Казахстан в посткризисном мире: интеллектуальный  прорыв  в  будущее».  – Алматы:«Қазақ университеті», 2009. – 20 с.
  2. Выготский Л.С.   Педагогическая   психология  //Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии.– М.: Наука, 1980. – С. 49-53.
  3. Вульфсон Б.Л. Стратегия развития образования на Западе на пороге XXI века. – М.: Изд-во УРАО, – 208 с.
  4. Братченко С.Л. Введение в гуманитарную экспертизу образования. – М.: Пресс, 1999. – 259 с.
  5. Леонтьев Д.А. Динамика смысловых процессов. //Психологический журнал. – 1997. – Т. 18. – №6. – С. 7-13.
  6. Леонтьев А.Н. Учение о среде в педологических работах Л.С. Выготского. // Психологическая наука и образование. – 1998. – №1. – С. 5-21.
  7. Ясвин В.А. Проектирование и моделирование образовательной среды. – М.: Молодая гвардия», 1997. – С. 4-17.
  8. Панов В.И. Экологическая психология: Опыт построения методологии. – М.: Наука, 2004. – С. 24-26.
  9. Школы и вузы Америки и Европы. – М.: Либерия, 1996. – 240 с.
  10. Урастаева Г.Д., Салыбеева Н.А. Ведущие вузы мира и КазГУ им. аль-Фараби: вариативность образования.– Астана: Изд-во ЕАУ, 1999. – С. 56-59.
  11. Джакупов С.М. Проблемы моделирования совместно-диалогической познавательной деятельности // Вестник Каз НУ. Серия психологии и социологии. №1 (10). – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – С. 5-10.
  12.  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.