Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ əйелі түсінігінің психофизиологиялық негізі

«Қазақ əйелі» түсінігінің мағынасын ашуда əйел табиғатын, жанын оның психофизиологиялық жақтарымен қоса қарастыруымыз керек. Əрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тілінде кенжелеу қалып жатыр десек болады. Ал жалпы басқа тілдерде (орыс тілінде) ол біршама қалыптасып қалғаны таң қалдырмайды.

Ерлер мен əйелдердің даму эволюциясы олардың жағдайлары əртүрлі болуына байланысты түрліше жүрген. Ертеде ерлер аң аулап, əйелдердің жеміс тергені тарихтан мəлім. Еркектер қорғау қызметін атқарса, əйел бала бағумен айналысқан. Осы бағыттағы дамудың нəтижесінде олардың денесі мен санасы түрліше қалыптасқан. Алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру барысында олардың денесі қалыптасуымен бірге ойлау қабілеті де өскен. Соған байланысты еркектер əйелдерге қарағанда биік жəне қайратты бола түскен. Миллиондаған жылдар бойы олардың ми құрылымы да бір-бірінен ерекшеленетін талаптарға байланысты өзгеріп отырған. Кейінгі кездегі ғылыми тəжірибелер балаларды адамдардан, ұйымдасқан қоғамнан, ата-аналарынан жырақ аралда тəрбиелесе де, қыздар бəрібір қуыршақтарын киіндірумен, жұбатып əрі тəрбиелеумен айналысатыны, ал ұлдардың бір-бірімен күш жəне ақыл-парасат жағынан бəсекелесе жарысқа түсіп, айқын иерархиялық топ құратыны анықталған. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, бұның себебі, біздің ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-ақ біздің ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың сипатын айқындайтын етіп ұйымдастырылған [1]. Сол себепті о баста дүниеге бала əкелу, ана болу үшін жаратылған нəзік жыныстылар қандай жағдайда да өзінің аналық табиғатынан жырақтай алмайды.

ХХ ғасырдың 90-жылдары ғалымдар біз дүниеге келген сəтте миымызға базалық бағдарламалардың ендіріліп қойғанын дəлелдейтін бұлтартпас ғылыми деректер ұсынды. Ықылым заманда ерлердің – аңшы, əйелдердің – тəрбиеші болғандығы күні бүгінге дейін сол екі жыныстың мінез-құлқы, басымдылықтары мен көзқарастарына өз үстемдігін жүргізеді. Ерлер мен əйелдердің өздерін түрліше ұстауы ми қызметінің өзгеше ұйымдастырылуында. Бұл екі жыныстың дүниені екі түрлі қабылдауының, басқа басымдылықтар мен өзге құндылықтарды дұрыс санауына əсер етеді.

Əйел өзге əйелдің біреуге ренжігенін, түрлі көңіл толқуын бірден сезеді, ал ерлердің мұны түсінуі  үшін  бірнеше  физикалық  дəлел  қажет: əйел көз жасын төгіп жылау керек, ыдыс-аяқ сындыруы немесе шапалақпен тартып қалуы тиіс. Бұл көптеген сүтқоректілердің ұрғашылары тəрізді əйелдердің ерлерге қарағанда сезімдік қабылдауының өте нəзік болуымен түсіндіріледі. Аталған қасиет əйелге – ошақ пен балашаға амандығын сақтаушысына – өзге адамдардың көңіл-күйі мен қарым-қатынасындағы болмашы өзгерісті де жіберіп алмау үшін қажет.

Əйелдер эмоциясын зерттеулер, біз білетіндей Г. Гейманс жұмыстарынан басталып, қазіргі заман зерттеулерімен аяқталады жəне де көп жағдайларда əйелдердің басымдылығын көрсетеді. Бірақ, бұл сұрақ түбегейлі ашылып, зерттелінді деуге тым ерте. Нақтырақ көз жеткізу үшін С. Кросс пен Л. Мэдсонға (Cross, Madson, 1997) көз жүгіртейік:

  1. Ерлермен салыстырғанда əйелдердің бойында мазасыздық сезімі жоғарырақ болады (А. Фейнгольд метаанализі, 1994);
  2. Қыздар мен əйелдерде тұлғааралық қатынастар мен эмоцияның байланысы өте мəнді, ерлермен салыстырғанда (Шилдс);
  3. Əйелдер депрессияға жақынырақ (Кенни жəне əріптестер);
  4. Əйелдер жағымды эмоцияларды ерлерге қарағанда өте жарқын кешеді (Гурнер);
  5. Қыздар мен əйелдер өз эмоциялық реакцияларынан ұялмайды (Maccoby, Jacklin,1978);
  6. Əйелдер вербалды емес эксперссия жағынан ерлерді басып түседі (Эмбеди жəне əріптестер).

Əрине, қазіргі таңда біз эмоцияларды «əйелдік» жəне «еркектік» деп бөле аламыз, яғни сол жынысқа сай аса маңызды эмоция бар деп айтуға болады: ерлерде ол ашу-ыза сезімі болса, əйелдерде ол қайғы, қорқыныш сезімдері [2].

«Əйелдік интуиция» деген атпен белгілі бұл қасиет, шын мəнінде, айналадағылардың сыртқы келбеті мен əрекетіндегі ұсақ-түйекке дейін байқау сияқты өткір қабілетті білдіреді.

Еркектің миы мен əйелдің миы түрлі қабілеттілік пен дарындылық бағытында екі түрлі жылдамдықпен қалыптасқан. Аң аулаумен айналысқан ерлер алыс қашықтықтағы іс-əрекетке бағытталған, жемтігін өлтіруге қажетті тактикалық шеберлікке, нысананы жоя алу қабілетіне жауапты ми бөлігін дамытқан. Олардан біреулермен сұхбат құру, өзгелердің эмоциялық қажеттіліктерін қабылдау икемділігі талап етілмеген, сол себепті тұлғааралық қарым-қатынасқа жауап беретін ми бөлігі жеткілікті дəрежеде дамымаған. Əйелдер, керісінше, оларға қарағанда айналадағы жағдайдың бəрін барлау үшін қысқа қашықтықта, бірақ кең ауқымдағы көру бағытына икемделуі, бірнеше жұмысты бірдей жүргізуіне жəне тиімді қарым-қатынас жасау қабілетіне ие болуы тиіс-ті.

1962 жылы Роджер Сперри атты ғалым мидың əрқайсысы өз бетінше əрекет ететін екі жартышарының қызметін анықтағаны үшін Нобель сыйлығына ие болған. Оның зерттеуіндегі жаңалыққа сəйкес, шығармашылыққа жауапты мидың оң жақ жартышары дененің сол жақ бөлігін басқарады, ал логикаға себепті байланыстар мен сөйлеуге жауап беретін сол жақ жартышары дененің оң жағын билейді. Ерлерде мидың сол жартышарында тіл мен сөздік сақталса, оң жағында көру ақпараты жиналады. Əйелдердің ми көлемі ерлермен салыстырғанда аздау, бірақ ол əйелдің ми қызметіне өз əсерін тигізбейді. 1997 жылы Копенгаген госпиталіндегі неврология бөлімінде қызмет жасайтын дат ғалымы Берте Паккенберг ерлердің миы əйелдердікінен орта есеппен 4 млн. ми жасушасына артық екенін анықтаған. Алайда əйелдерде мидың тығыз орналасуы олардың ерлерге қарағанда ойлау қабілеті 3 пайыз жоғары екенін соңғы ғылыми тестер нəтижесі дəлелдеуде [3].

Американдық профессор Дорин Кимура еркектерде сөйлеу қабілетінің бұзылуы мидың сол жағына зақым келуінен болады, ал əйелдер сөйлеу қабілетін мидың оң жəне сол жақ жарты шарының фронтальды бөлігі бірдей зақымданғанда жоғалтатынын анықтаған [3].

Мидың оң жəне сол жағы «сүйелді дене» деп аталатын нерв шоғырымен біріккен. Бұл кабель мидың бір жағына екінші жағымен хабарласуға, екі жарты шарға бір-бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Екі иығыңызда кабельмен байланысатын екі компьютер бар деп елестетіңіз, сол кабель «сүйелді дене» деп аталады. Американдық невролог Роджер Горский əйелдерде «сүйелді дене» қалыңырақ, тығызырақ жəне əйелдің еркекке қарағанда мидың сол жəне оң жақ жартышарын байланыстырушы заты 30 пайызға артығырақ екенін  анықтаған. Ол сондай-ақ ерлер мен əйелдердің бір міндетті атқару үстінде мидың жартышарының екі түрін пайдалануы да ерекше екенін дəлелдеген [4].

Зерттеулер нəтижесінде əйелдің эстроген атты гормонының екі жартышар арасындағы біріктірушілердің санын көбейтетіні анықталған. Оның нəтижесі жылдам сөйлеу екеніне көз жеткізген. Сондай-ақ аталған ерекшелік əйелдің бірбірімен байланысы жоқ жұмыстарды атқара беретінін жəне əйелдік интуицияға жауапты екенін дəлелдейді. Сол себепті əйелдердің адамдар туралы пікірлері дəл жəне тез, жағдаят туралы интуиция деңгейінде [4].

Шын мəнінде ерлер ірі, ауқымды істер барысында ұсақ-түйек мəселелерге мəн бере бермейді. Ал əйелдердің интуициясы сұхбаттасушы адамның қандай ниеттегі адам екенін аңғарғыш келеді. Ежелгі Афинаның гүлденіп, өркендеуі Периклдің билеу кезеңіне (б.з.д. 490429 жж.) тұспа-тұс келген көрінеді. Бұл кезең тарихта грек өркениетінің алтын ғасыры деген атқа ие болған. Перикл ел үшін маңызды шешімдерді қабылдау алдында өзінің сүйіктісі (кейіннен əйелі) Аспасиямен жиі ақылдасатынын жəне өмір бойы одан шешендік өнерді (риториканы) үйреніп өткенін мойындаған екен.

Ал енді еркек ақылдырақ па, əйел ме? Нейробиологтардың зерттеулеріне сəйкес ми салмағы əйелдерде шын мəнінде еркектерден азырақ (ерлердің миының салмағы орта есеппен – 1,4 кг, ал əйелдердегі орташа көрсеткіш – 1,3 кг), бірақ олардың ми иірімдері артығырақ. Сондай-ақ, əйелдердің  миы олардың  дене  салмағының 2,5 пайызын, ал еркектердікі 2 пайызына тең екені, ерлердің миының алдыңғы жағы көлемдірек, əйелдердікінің артқы бөлігі үлкенірек екені жəне əйелдерде екі жарты шарды байланыстыратын ми бөлігінің тығызырақ екені де анықталған.

Ресейдің белгілі анатомы Л. Этинген миды анатомиялық жыныстық ерекшелігі бар ағзаға жатқызбайды, алайда оның мінез-құлық ерекшелігіне əсер ететінін жоққа шығармайды. Себебі, ер балалар, əдетте, жақсы санайды, ал қыздар сөйлеуге, оқуға тез үйренеді, шет тілдерін үйренуге барынша икемді, сондай-ақ түр-түсті жақсы ажырата алады. Əйелдердің миы генетикалық жағынан бала сүюге ерлерден жоғарырақ бағытталған [5]. «Ана болу, ана бақытын сезіну» қазақ əйелінің де жаратушыдан бұйырған сыйы деп білеміз.

Арнайы тəжірибе жасаған шетел нейрохирургтары əйел миының екі жартышарындағы сөйлеу жəне ойлау қабілетін байланыстыратын нейрондардың қоюлығы ерлермен салыстырғанда 23%  артық деп көрсетеді.

Ал көрнекті психолингвист Н.И. Жинкин осы нейрондардың бала психологиясына, физиологиялық дамуына əсер етуімен бірге тілдік белсенділігін жетілдіруге де көп ықпал ететінін дəлелдеген болатын [5].

Ерлер миының оң жақ жартышары сол жақ жартышарының қалай қызмет атқарып жатқанынан барлық уақытта хабардар бола алмайды. Əйелдердің миының жарты шарлары бір-бірімен үндесетіндіктен, тоқтаусыз əңгімелесе алады. Сөйлеу ол екі жынысқа да сай олардың өмірлерінде аса маңызды рөлге ие. Сонымен қатар əйелдердің сөйлеу жылдамдығы ерлердікіне қарағанда басымдау болуы сол нейрондардың қоюлығына байланысты болуы керек.

Шындығында, əйелдер ерлерге қарағанда, физиологиялық жағынан нəзік, əлсіз, көп сөзге бейім, тым эмоциялы, əсершіл болғанымен, оларда руханилық басым, олар кемшілігін тез түсініп, бастапқы райынан тез қайтады. Осыған орай, əйел адамы жайлы біздің қоғамда келесі түсініктер қалыптасқан – оларды əлсіз жандар деп қабылдайды, ол дұрыс бірақ тек қана физикалық күш жағынан салыстырғанда ғана. Ал руһтық күш қатынасына байланысты – олар мықты ішкі жан дүниеге ие деп айтуға да болады, себебі қазақ əйелдерінің шыдамдылығы мен батылдықтары туралы біраз жоғарыда жазылып кеткен. Əйел басшы үшін руһтың мықты болуы өте маңызды, себебі, ол басқара білуі керек, отбасын жəне балаларын бағып-қағып қана қоймай, онымен қоса қоғамның дамып өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Əйел адамдар олар өздерінің бойындағы ерекшеліктерімен өздерін финанстық құрылымда өте сенімді ұстай алады. Олар өте тыңғылықты түрде ақша санай алады жəне ұқыпты ұстайды, бірақ ер адамдар оларды ақшаға деген ұқыптылық жоқ деп кінəлайды. Олардың бойындағы қасиеттер мақсатқа ұмытылу жəне ұқыптылық онымен қоса жұмысқа деген зейіндерінің жоғары болуы кез келген жұмыста оларды жетістікке жеткізе алады [6].

Өмірде əр адам, мейлі ол ер адам немесе əйел болса да қоғам талаптары бойынша көптеген əлеуметтік рөлдерді сомдауға мəжбүр, бұл рөлдерді сомдау кезінде əр адам өз психофизиологиялық жəне индивидуалды ерекшеліктеріне сай əр түрлі жүзеге асырады.

Əйел адамдар осы рөлдерді үйлесімді алып жүрудің əр түрлі нұсқаларын таңдайды, бірақ олардың көбі оны бірдей маңыздылық көлемінде қабылдауға тырысады. Өмірлік жолдың нақты бағытын əйелдер өз жеке тұлғасының қабілеттеріне сəйкес көп жағдайда өздері таңдап жатады. Өз талғамдарына сай жəне өмірге деген көзқарастарына сай шешім қабылдайды жəне шешім қабылдау кездерінде өмірлерінің əр бастауларында олар əлеуметтік жəне отбасылық қолдауды қажет ететіндіктері мəлім.

Əйелдердің қоғамда тең құқылы жағдайы əйел жəне ер адам жайлы дəстүрлі қалыптасқан ойларды шайқайды. Қазір əйел адамға келесі бейнелер лайық, мысалға бұрында тек ер адамның бойында көрінетін қасиеттер болса, қазір оны əйел адамның бойынан байқауға болады, мысалы шешім қабылдау дағдысы, өз ойында тұра білу жəне тəуелсіздік [6].

Онымен қоса жыныстар арасындағы психофизиологиялық ерекшеліктерге байланысты ерлер мен əйелдердің қаншалықты басқару ісіне дайын жəне сол салада жетістікке жете алу мүмкіншіліктерін қарастыруға болады.

Жалпы қабылданған стериотиптер əйел  адамы басқару жұмыстарына лайықты емес деп ойлауды мəжбүрлейді. Бірнеше зерттеулер бойынша, сəтті басқарушының бойындағы қасиеттерді əйел адамынан гөрі ер адамнан көруге болады. АҚШ, Германия жəне Ұлыбритания ер азаматтары дəл осындай стериотиптерді ұстанады. Онымен қоса неміс əйелдері олардың ерлері  сияқты басқару қызметін тек ер адамдардың жұмысы ретінде қабылдайды. Ұлыбритания əйелдері солай ойлағандығымен де, басқару қызметтерінен неміс əйелдері сияқты жеңіл шегінбейді. Ал АҚШ əйелдерінің ойынша ер адам да жəне əйел де басқару қызметін жақсы иемдене алады.

Бұндай жағдай көбінесе əйел туралы эмоционалды жəне шешім қабылдай алмайды деген ойлардан, себебі осындай сапалар лидерде болмау керек. Бизнесс сферасында маманданып жатқан студенттер əйел-бастықтарға келесідей қырларды сипаттайды: жұмсақтық, адамдарға деген зейін жəне тəуелділік. Ал басқа зерттеулер бойынша бұл нашар жетекшінің міңездемесі [7]. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, əйелдер үшін ең типикалық жағдай ол «екі арба» – яғни үй шаруасында жəне профессионалды іс-əрекетте, бұл жердегі үй шаруасын жұмыстың екінші сменасы ретінде қабылдау – ол критикалық жағдай,  бұл гендерлік  теңсіздікке мысал  бола алады.

Осыған байланысты келесі себептерді келтіруге болады:

  1. Əйел адамы ең алдымен «үй ошағының қорғаушысы» деген ойлар патриархалды мəдениетте терең тамыр жайған. Əйелдердің көбі бұл норманы кішкентай кездерінен бойларына сіңіріп, оны өздерінің нəзіктіліктерін саналау бөлігі ретінде, яғни гендерлік рөлі ретінде қабылдау.
  2. Əлеуметтанушы Т. Парсонс пікірінше, отбасындағы міндеттердің жыныстық бөлінуі, ол əйелдердің биологиялық құрылымы бойынша басқаларға қамқор болуға жақындығына байланысты. Сол себепті олар аналық қызмет атқаруда жəне «экспрессивті» рөлге ие.
  3. «Үй шаруасы» əйел адамзатымен индустриализация басталған кезде ассоциациалана бастады. Бұл кездері тұратын орын жəне жұмыс орны түсініктері кеңістікте белгісіз болған [7]. Көріп отырғанымыздай, əйелдердің психофизиологиялық ерекшеліктер негізінде олардың үй шаруашылығы болсын, басқару ісі болсын ерлерден ерекшеленетін жақтары жетеді.

Ешбір қоғам жəне ешқандай өмір сүру салты шынайы əйел негізін өзгерте алмаған. Көшпенді мəдениет аясында жəне оның ағысында əйел адам толығымен өз бойындағы қасиеттер мен нышандарын дамытып, қолдана алмаған. Себебі көшпенді əлем – ол ерлік пен күш жəне шайқас əлемі болған.  Сол  себепті  əйел  нəзіктілігіне,  сезімталдығына орын бола бермеген. Біздің білуімізше, əйел  заты жанының негізгі қасиеттері – нəзіктілік, рақымдылық, бейбітшілдік сол уақыттың рухымен сәйкестендірілді.  Əрине,  ақыл-ойы  мен психологиялық қасиеттері де сыртта қалып қалған жоқ. Олардың психофизиологиялық дамулары қарқынды жүреді деп айтсақ қателеспейміз. Сол кездері бай дүниетанымдық поэзия, суырыпсалмалық өнер, құқықтық шеберлік, діни мəдениеттілік те болған. Осы салалардың барлығында əйел адамы жетістіктерге жете білген деуге де болады.

Ал қазақ əйелдері жайлы түсініктер сонау көшпелі қазақ заманынан қазіргі заманға дейін басқаша ойлауға итермелейді. Егер қазақ халқының менталитеті болмаса жəне мұсылмандық тарбие болмағанда біздің халқымызда үй шаруашылығы мен басқа да жұмыстарды бірге алып жүре алатын көптеген, білікті де мықты басшы əже-аналарымыз болар ма еді деген ойға итермелейді.

Қорыта келгенде, əйел адамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты оларда бірнеше тұлғалық қасиеттер пайда болады: ойлау иілгіштігі мен тапқырлықтары, бағалау мен талдауға деген қабілеттілік, шешім қабылдауға дайындық, коммуникабельділік жəне əлеуметтік   құзыреттілік.   Осындай   қасиеттерге ие əйел адам қоғам игілігіне арнап көптеген ісшаралар ұйымдастыра алатыны сөзсіз.

 

Әдебиеттер

  1. Пиз А. Как заставить мужчину слушать, а женщину молчать. – М.: ЭКСМО, 2006. – 352 c.
  2. Бендас Т.В. Гендерная психология. – М.: Питер, 2009. – 195 с.
  3. Этинген Л. Мифологическая анатомия. – М.: ИОИ, 2006. – 528 с.
  4. Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. –М.: Наука, 1982. -239 с.
  5. Чекалина А. А. Гендерная психология. – М.: Ось89», 2006. – 256 с.
  6. Женщины-управляющие в    разных    странах. //Женщина и бизнес. – 1993. – 264-266 с.
  7. Клецина И.С. Самореализация личности и гендерные стереотипы. // Психологические проблемы самореализации личности. Вып. 2. – СПб.: Диамант, 1998. – 98-112 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.