Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарым-қатынастың адам өміріндегі мəнін бірлескен іс-əрекет тұрғысынан қарау жəне оның бағыттары

Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.

М.В. Ломоносов осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан: «...Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік ...». Осы пікір арқылы ол кез келген іс-əрекетте қарым-қатынас қаншалықты мəнге ие болатынын ерекшелеген.

Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы.

Қарым-қатынас мəселесінің концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н. Мясищева жəне т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, əлеуметтенуі жəне индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды.

Қарым-қатынас мəселесіне мəдени-тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мəселесін зерттеу барысында ашылады. Оның зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мəдени аспект ретінде тасымалдануының мəдени-тарихи мəнін В.С. Библер нақты былай дейді: «Əлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы) – логикалық жоспарда – ашық жəне қатысты «мəдениет бейнелерінің» дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мəдениетіне айналуы. Əлеуметтік байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, əлі жүзеге асырылмаған жаңа мəнге, сыртқы əрекетке жаңа бағытқа ие болады».

Ең алдымен, бұл – бірлескен іс-əрекеттегі тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасында қалыптастыру жəне танымдық қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну (Л.А. Кидрон,  1981, Ю.М. Жуков, Л.А. Петровская, П.В. Растянников, 1990 жəне т.б.). Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның жеке қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен жəне өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету   (R.L.   Applbayt,   Harl   W.E.   Anatol, Hays

  1. Ellers, 1973, R.M. Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980, Л.А. Петровская, 1989, В.Н. Куницина, 1992 жəне т.б.). Үшіншіден, бір жағынан, əдеттер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сəтті тұлғааралық өзара əрекетке жағдай жасайтын жеке эмоциясының психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету (Ю.Л. Ханин, 1971, Г.С. Васильев, 1977,
  2. Argyle, A. Furnhan,  U.Grahan,  1981, Ю.М. Жуков, 1987, 1988, Л.А. Петровская, 1988, 1989, Р.А. Парошина, 1991, В.Н.  Куницина,  1992 жəне т.б.). Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзыреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады (Л.А. Кидрон, 1981, Р.А. Максимова, 1981, Л.А. Петровская, 1992, R.M. Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980 жəне т.б.). Осының барысында кеңестік психологияда деңгейлерді бөлу негізіне, көбінесе қарымқатынас «тараптарын» топтастыру жəне соларға сəйкес бірлескен іс-əрекеттің құрамдас бөліктері (адамдардың  бірін-бірі  қабылдауы жəне түсінуі – гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы – экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, əсер – интеракциялық құрамдас бөлігі) алынады (Ю.Л. Ханин, 1971, Г.С. Васильев, Р.А. Максимова, 1981, Л.А. Петровская, 1988 жəне т.б.). Кейбір авторлар қарымқатынасқа деген қажеттілікті жəне қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп  көрсетеді (Ю.Л. Ханин, 1971, Р.А. Максимова, 1981).

В.А. Петровский пайымдауынша, «іс-əрекетті жүзеге асыру процесінде адам объективті түрде басқа адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі». Осылайша, байланыс, алмасу (əрекеттермен, заттармен, ақпаратпен, т.б) жəне өзара ықпал кез келген өзара əрекеттің мазмұны болып табылады.

Мазмұны танымдық жəне формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-əрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды іс-əрекеттің мақсаттарының, мағыналарының жəне мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың қалыптасу процесі – бірлескен танымдық іс-əрекеттегі мақсатқұрылым, мазмұны жағынан – практикалық, ал формасы бойынша бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Бірлескен іс жүзіндегі мақсаттардың  келесі  кезеңінде мағына құрылым мен мотивқұрылым процестерінің арқасында бірлескен танымдық іс-əрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре отырып, бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді [1].

Қазіргі кезде мақсатқұрылымды зерттеуге ойлау іс-əрекетін зерттеп жүрген психологтар көп үлес қосуда (Тихомиров, 1984, Войскунский, 1990, Васильев 1980 жəне т.б.). Шынында да, адамның іс-əрекеті күрделенген сайын таптаурындық əрекеттерді азырақ жүзеге  асырып, ал содан кейін қолданыстан шығып қалған дайын үлгіден (шаблоннан) шығармашылық типке жақындап, іс-əрекеттің реттелу процесін сипаттау үшін «мақсатқұрылым» категориясына жұмылдырудың қажеттілігі айқындала бастайды.

Нақтылы психологиялық зерттеуде ойлау мен қарым-қатынас бірлігінің қағидасын жүзеге асыру бірлескен ойлау іс-əрекетін зерттеуге байланысты өте өзекті мəселеге айналады. Бұл қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу болуы мүмкін. Бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу индивидтердің динамикалық мағыналық жүйелері мен «ақпараттардың жалпы қорының» арасында көпір салуға, яғни дəнекер болуға мүмкіндік береді (Ломов, 1980). Қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын ақпараттардың жалпы қорын «динамикалық мағыналы жүйеден» (Выготский) бөліп алғанда, ол субъектілер үшін өзінің сыртқы, объективті жағында қалып қоюы мүмкін жəне ол сонда ғана «сөздік мəндер» жүйесінде (Выготский) өзекті болып табылып, өзінің ішкі субъективті жағы бойынша «динамикалық мағыналы жүйемен» бірлікте болғанда ғана, ол тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесін психологиялық қатынаста көрсететінін аңғару керек.

Тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесі деп   біз  күрделі   иерархиялық   құрылымы бар, «динамикалық мағыналы жүйелер» мен «сөздік мəндердің» бірыңғай жүйесін айтамыз. Басқаша айтқанда, тұлғалық жəне жағдайлы факторлардың қиылысуындағы өзара əрекеттестік пен қарымқатынас нəтижесінде қалыптасатын ресми (белгілік, логикалық) жəне ресми емес (құндылықтық жəне мағыналық) құрылымдардың бірлігі. Психологиялық əдебиеттерде мағыналы құрылымдар туралы басқа да пікірлер кездеседі (Хараш, 1978; Асмолов жəне т.б., 1979; Братусь, 1981). Олардан біздің мағыналы құрылымдар туралы түсінігіміздің айырмашылығы сөйлеу мен ойлаудың, ойлау мен қарым-қатынастың, интеллект пен аффектінің бірлігінің принциптерін нақты зерттеулерде қатар жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қарым-қатынас пен ойлаудың өзара байланысы, бір жағынан, сөздік мəндер жүйесінің өзін емес, көлеңкесін қарау, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген зерттеулерде де ұсынылған, ал, екінші жағынан, мағыналы құрылымдар жүйесінің өзі емес, көлеңкесі қарастырылуы мүмкін.

Грек философы – Стоик Эпиктет еңбектерінің бірінде адам туралы былай тұжырымдаған:

«Адамды оқиғалар емес, оларды қалай қабылдайтыны мазалайды». Осы тұжырымға сəйкес, қарым-қатынас көбінесе адамдардың дүниені қалай қабылдайтынына жəне дүние туралы не ойлайтындарына байланысты. Бұл ойды өз еңбектерінде  Платон,  философ-идеалистер  М.  Кант пен Г.В. Гегель жəне З. Фрейд, американ жəне ағылшын    позитивистері     мен     прагматиктері В. Джемс, Б. Рассел жəне т.б. растаған.

Американ психологы Дж. Келли адамды əлеммен өз тұлғалық құрылымдық немесе ойлары негізінде қарым-қатынас жасайтын ғылым ретінде қарастырды. Шығармашылық мүмкіндіктерге ие бола отырып, адам өз айналасын түсіндіреді, ол үшін түрлі құрылымдар немесе тілдік байланыстар қолданады. Адам дүниедегі өз болмысын сөйлемдер жиынтығы түрінде сипаттайды.

Психологтар үшін адамның жоғарғы психологиялық функциясында сөздің рөлі – оның ойлаумен, санасымен, есте сақтауымен, эмоциясымен жəне т.б. қарым-қатынасы өте қызықты болып табылады, мұнда оның жеке тұлға мен шығармашылық құрылысының ерекшелігі өте маңызды.

Келесіде қарым-қатынастағы өзін-өзі бақылаудың қызмет ету факторы ретіндегі тұлғааралық кері байланысты зерттеудегі жаттығу жəне сараптама бағыттары шеңберінде шетел психологиясында жинақталған негізгі нəтижелерге шолу ұсынылған. Тұлғааралық кері байланысты зерттеудің батыстық дəстүріне кеңес əлеуметтік психологиясында жасалған бағыт – бірлескен ісəрекет арқылы біріккен дамушы нақты топтар жағдайындағы кері байланысты зерттеу қарамақарсы қойылады (Л.А. Петровская, 1981, 1982; О.В. Соловьева, 1985). Кері байланыстың қарымқатынастағы тұлғаның өзін-өзі бақылауына ықпал ету мəселесінің қойылуы «кооперация мен қарым-қатынастың түрлі формалары барысындағы интериоризация процесінің ерекшелігін əлеуметтік-психологиялық талдау» міндеттеріне сəйкес келеді (Г.М. Андреева, 1981), бұл міндеттер психология ғылымын дамыту логикасында бірінші орынға қойылады (Г.М. Андреева, 1981; Я.Л. Коломинский, 1981, 1983; А.В. Петровский, 1978, 1982). Ал тұлғааралық кері байланыс жағдайы бұл тұрғыдан үлкен қызығушылық туғызады, өйткені қарым-қатынас пен бірлескен ісəрекетті реттейтін адамгершілік өлшемдерін, тұлғааралық қатынастарды интериоризациялаумен тікелей байланысты [2].

Сонымен, қарым-қатынас – негізгі психологиялық категориялардың бірі. Адам басқа адамдармен қарым-қатынас жəне өзара əрекеттесу нəтижесінде тұлға болып қалыптасады.

Тұлғааралық қарым-қатынастың пəн саласын анықтауға «қарым-қатынас» сөзінің семантикасы көмектеседі. Зерттеулер (Бессонова, Доценко, 1999) көрсеткендей, тұрмыстық санада бұл сөзбен мағыналардың үш тобы байланыстырылады:

  • бірлесу, ортақтық, біртұтастық құру («жақсы орта, достар»);
  • хабарламалар жіберу,   ақпарат  алмасу («сөйлесу, əңгімелесу»);
  • қарсы ала іс-əрекет жасау, жиі құпия немесе интимді сипатқа ие өзара үйлесу («бірінбірі терең түсіну»).

Екі адам бірін-бірі оң қабылдап, үшінші біреуге (тұлғаға немесе объектіге) деген өз қатынастарын орнатса, оларда осы үшінші адамға қатысты ұқсас бағдарларды дамыту бағыты пайда болады [3].

Қарым-қатынас болмаса біз қазір қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік. Қарым-қатынассыз біз, əжеміздің ертегісін тыңдай алмас едік, əкемізбен ұшатын қағаз жылан жасап, анамызбен демалысқа барып, достарымызбен серуенге шыға алмайтын, мұғалімнің түсіндіргенін түсіне алмас едік жəне т.б. Сондықтан өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге асатындығын көреміз. Олай болса, мына бір белгілі сөзді былайша түрлендіруге болады: «Кіммен араласатындығыңды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып беремін».

Əр адам өзінің негізгі ерешеліктерін жеке қарым-қатынас тəжірибесі арқылы, отбасындағы, мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы қалыптастырады. Мұны қазақстандық психолог Х.Т.  Шерьязданованың  еңбегінде қарым-қатынас – баланың қалыпты психикалық дамуының маңызды факторы жəне ажырамайтын шарты ретінде қаралады. Ол қоршаған адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі бастапқы мəні бар маңызды табыстылық ретінде зерттеп, қарымқатынасты іс-əрекет ретінде түсінудің негізгі ережесін ұсынады:

1. Қарым-қатынас іс-əрекетінің заты немесе объектісі бірлескен іс-əрекеттегі серіктес жəне қарым-қатынас потенциалының субъекті ретіндегі басқа адам.

2. Қарым-қатынас əрбір іс-əрекет сияқты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Қарым-қатынастағы қажеттілік басқа адамды бағалауға талпынудан тұрады, ол өзінің тұлғасын жəне өзін бағалауға, сол адамның бағасынан өзін анықтауға, қарымқатынас мотиві басқа адам немесе, дəлірек, адамның сол қасиеттері туралы түсінігі үшін баланың үлкендермен  өзара  əрекетке  түсуі болып  табылады [4].

Сонымен, қарым-қатынас – бірлескен ісəрекетте қалыптасатын негізі құрылым, мəдениет сапасын анықтайтын қоғамдық тарихи дамудың жемісі. Ал қарым-қатынас процесінде адамның ұжымдағы əрекет бірлігі қамтамасыз етіледі, мінез-құлықтың қалыптасуы жəне тұрақталуы, тұлғалардың өзара бірін-бірі қабылдауы, еңбек пен таным субъектісі іс-əрекетінде сенім тудыратындықтан, адамның қасиеттері қалыптасады, эмоциялық күйлерін реттеу қамтамасыз етіледі.

 

Әдебиеттер

  1. Джакупов С.М. Управление деятельностью студентов в процессе обучения: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. -117 с.
  2. Копец Л.В. Влияние обратной связи на самоконтроль личности в общении: автореф. … канд. психол. наук.– М,, 1987.   19 с.
  3. Андреева Г.М., Богомолова Н.Н., Петровская Л.А. Зарубежная социальная психология XX столетия: Теоритические подходы: Учебное пособие для вузов. – М.: Аспект Пресс, 2001 – 288 с.
  4. Лисина М., Шерьязданова Х.Т. Специфика восприятия и общения у дошкольников.Алма-ата: Мектеп,1989 – 76 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.