Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби іс-əрекет барысындағы кəсіби деформацияның психологиялық ерекшелігі

Қазіргі таңда, яғни қарқыны өте жылдамдық арқылы болып жатқан қоршаған ортаның түрлі жағдайларына адам баласының бейімделуі қиынға соғады, əрі адам бейімделе отырып эмоциялық тұрақтылықты сақтауы қажет болады. Адам ағзасы бойындағы күш-қуатты қайта қалпына келтіруге үлгере алмайды. Əрине, мұндай жағдай жүйке жүйесінің əлсіреуі мен қажуына жеткізеді жəне психосоматикалық аурулардың пайда болуының алғышарты болады.

Нағыз өз ісінің кəсіби маманы еңбек əрекеттерінде көрінуі керек. Кəсібіне бейімделгеннен, қажетті білім мен білікті меңгергеннен  кейін көптеген қызметкерлер өздерінің жеткен деңгейлеріне қанағаттанып, өздерінің кəсіби өмірін, өзін-өзі жетілдіру жұмысымен ары қарай айналыспайды.

Кəсіптің тұлғаға əсер ету мəселесі зерттеушілер көкейінде жүргенімен, қазіргі таңда өзекті жəне əлі де ары қарай қарастыруды қажет ететін мəселелердің брі болып отыр.

Адамның кəсібі санасына жəне өмір барысына өз əсерін тигізетіндігі жайлы аксиоманы ешкім жоққа шығармайды. Адам іс-əрекетінің барлық түрі таңдамалы жəне ол тұлғаның үйлесімді дамуына əсер етеді. Бірақ,  белгілі  бір жағдайларда кəсіби іс-əрекет тұлға құрылымында негативті құбылыстардың дамуына əкеліп, оны деформациялайды. С.П Безносовтың айтуынша кəсіби деформацияға бейімділік, билік өкілеттігімен айналысатын адамдарда, өмірде маңызды шешімдерді талап ететін мамандық иелерінде жиі кездеседі [1].

Деформацияның аспектілерін қарастырғандар: С.П Безносов, А.К Маркова, Г.А. Зорин, Н.И. Порубов жəне Г.Г. Шиханцов. Сонымен қатар, шет ел ғалымдары: Ю.В. Александров, В.В. Куличенко, В.П. Столбова, В.Е. Коновалова, А.Ф. Гранин, сондай-ақ Р.Конечный, М.Боцхал, Д. Джонсон, Р. Грегори, Э.Ф Зеер жəне т.б.

Кəсіби деформация дегеніміз не? Оның жұмыс нəтижелігіне əсер етуі қандай? Кəсіби деформация – белгілі бір іс-əрекет түрімен айналысу жəне меңгерудің психологиялық феноменімен өзара байланысқан, үздіксіз үрдіс болып табылады.

А.К. Маркованың айтуы бойынша, «деформация» – кəсіби маманның бір тұтастылығын бұзады, бейімділігін, тұрақтылығын төмендетіп, іс-əрекетінің өнімділігіне теріс əсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қызметкерлердің деформацияларын анықтап, оны  жеңудің психотехнологиялық жолдарын қарастырып, кəсіби деформацияның алдын алып коррекция жасау өзекті мəселелердің бірі болып отыр [2].

Кəсіби деформацияны бақылау барысында адамның іс-əрекеті мен жүріс-тұрысы арқылы анықтауға болады. Деформация кəсіптің əсері арқылы адамның физикалық жəне психикалық күйіне əсер етеді. Бұл əсер теріс сипатқа ие.

Кəсіби деформацияның пайда болу механизмі аса күрделі. Алғашында еңбектің жағымсыз шарттары кəсіби іс-əрекетте, жүріс-тұрысында негативті өзгерістер тудырады. Содан кейін, қиын жағдайлардың қайталануына байланысты теріс өзгерістер жиналып қарым-қатынаста, күнделікті өмір барысында көріне бастайды. Алдын ала, уақытша негативті психикалық жағдай мен бағдар пайда болса, одан кейін жағымды қасиеттер жоғала бастайды. Кейін, жағымды қасиеттер орнына жұмысшының жеке бас профилін өзгеріске əкелетін негативті психикалық қасиеттер пайда болады [3].

Кəсіби деформация адамның еңбек іс-əрекетінде туындауы өте күрделі жəне психиканың түрлі қырларына (мотивациялық, когнитивті, тұлғалық), қасиеттеріне əсер етеді.

Кəсіби деформация себептерінің бірі қоршаған ортаның ерекшелігі, себебі қоршаған ортамен адам да, атқаратын жұмысы да тікелей байланысқа түседі. Кейбір кəсіптер мысалы, басқару деңгейіндегі түрлі менеджерлер, дəрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, əскери қызметкерлерде кəсіби деформация болуының ықтималдылығы жоғары болса, екінші біреулерінде төмен деңгейді көрсетеді.

Мотивациялық сферадағы кəсіби деформация қандайда бір кəсіпке деген қызығушылық болып, өзгелеріне деген қызығушылығы төмендейді. Мысал ретінде, «еңбекқорлықты» алуға болады, яғни адам уақытының көп бөлігін жұмыста өткізеді де, өмірінің жеке жəне т.б сферасына аз қызығушылық тудырады. Бұл жерде Л.Н. Толстойдың пікірі бойынша еңбек «өмірдің дұрыс еместігін өзіңнен жасыру құралы». Еңбек адамның өмірінде пайда болған мəселелерден құтылудың, қорғанудың жолы болады [4].

Кəсіби деформация қалай көрінеді? Қызметтік деформация басшылық жасау өкілеттігін шектемеген жағдайда, өзгенің пікірін елемеген кезде, өз қателіктерін көрмеген жағдайда, өзінің пікірі ғана дұрыс көріну кезінде көрінеді.

Бұл жерде кəсіби деформация түсінігі «күйіп пісу синдромы» түсінігінен бөліп қарастырылмайды. Бұл, екі жағдайда көптеген қызметкерлерінің жұмысына тəн қасиет. «Күйіп пісу синдромы» кəсіби іс-əрекет контексті жайлы сөз қозғаса, кəсіби деформация негізінен оның жұмыстан тыс өмірінде   қарастырылады. «Маман адам» оппозициясын шартты түрде қарастырсақ, екі феномен арасындағы ерекшелікті көрнекі түрде көрсетеді. «Мен маман ретінде» – тұлғаның кəсіби міндеттерді орындауға жауаптылығы: яғни қажетті білімі, этикалық бағдары мен принципі болу керек жəне кəсіби іс-əрекеті өзін жоғары деңгейде көрсетеді. «Мен адам ретінде» тұлғаның орталық бөлігі, өмірі жайлы не ойлайтындығы, өмірлік принциптері мен бағдарын қарастырады.  Осы  анықтамаға  сүйене  отырып «Күйіп-пісу синдромы», «Кəсіби мені» бақылаушы рөлін жоғалтып, «мен адам» кəсіби компетенция аймағына енуі қажет.

Жұмыс барысында көптеген мамандар қатты шаршағандықтан олардың клиенттері жағымсыз күй    туғызады.    Кəсіби    деформация,  керісінше «кəсіби мені» «мен адам» аймағына қарай кеңейіп, ұлғайып жайылады. Үйге оралғаннан кейін де ол өзін сол маман ретінде ұстайды [5].

Кəсіби деформацияның екі компонентін көрсетуге болады: кəсіби деформацияға бейімділік, бұл адамдардың мінезінде жəне тұлғалық ерекшеліктерінде осы кəсіпке тəн қасиеттері болады. Олар оны ашық түрде қолданады немесе жасырып қалады. Кəсіби іс-əрекет тұлғаның ерекшеліктерін дамытады. Кейде кəсіби іс-əрекет оларды ақтап, олардың жүзеге асуына жəне көрінуіне жағдай жасайды. Бейімділік сəйкесінше кəсіпті таңдауға əсер етеді. Олар өздеріне қолайлы орынды сезінген соң кейін өзінің кəсібінің іс-əрекетін бұрмалайды.

Стресс, шаршау, депрессия жəне эмоционалды күйіну кəсіби деформацияның ең бастапқы формалары болып түрады. Бұл жерде бір ізділік бар: бастапқы кезең шаршау, стреске əкелуі мүмкін. Ұзаққа созылған стресс депрессияға айналады. Ал бұндай жағдайдағы қызметкер жаман жұмысшы болады. Осыдан барып кəсіби деформацияға ауысады.

Кəсіби деформация түсінігі «эмоционалды күйіну», «стресс», «депрессия» категорияларымен байланысты.

Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау негізінде «burnout», яғни эмоционалды күйіну көптеген кəсіби қызметкерлердің ісəрекетіне тəн. Шет елдің ғылыми əдебиеттерінде күйіну синдромы «burnout» терминімен сипатталады. Қазақша нұсқасы «жану», «күю» деген мағынаны береді. Рессейлік авторлар Т.С. Ященко, 1989; Т.В. Форманюк, 1994 жылдары ағылшын тілінен əртүрлі аударып оны «эмоциялық жану» десе, Д.Д.Вид,  Е.И.Лозинская 1998  жылы «эмоциялық күйіну» деп алды. Сондай-ақ 2000 жылы Н.Е. Водопьянова «психикалық күйіну» десе, Т.И. Ронгинская 2002 жылы «кəсіби күйіну» деген терминді қолданды [6].

Алғаш күйіну феноменін X.Фреденбергер сипаттады. Көптеген шетел зерттеушілері Селье 1936 жылы, К. Маслач 1976 жылы күйінуді кəсіби стреспен байланыстырды. Сондай-ақ күйіну уақыт бойынша дамып отыратын динамикалық үрдіс жəне көріну деңгейі біртіндеп өсіп отырады.

Ресей ғалымдары Н.А. Аминов, А.А. Баранов, М.В. Борисова, Н.Е. Водопьянова, Н.В. Гришина, А.К. Маркова, Л.М. Митина, В.Е. Орел,  А.А. Реан, А.А. Руковишников, Е.С. Старченкова, Т.В. Форманюк эмоциялық күйінуді кешенді  түрде қарастыруды ұсынып, бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда В.В. Бойко, М.В. Борисова, В.Е. Орел жəне т.б күйіну синдромын физикалық, эмоциялық, ақыл-ойлық деформация деп анықтайды. Бұл синдром өзіне үш негізгі құрамды қамтиды: эмоциялық деформация, деперсонализация, кəсіби жетістіктердің редукциясы.

Эмоциялық күйіну дегеніміз адамның психикалық жəне психологиялық көңіл-күйіне əсер ететін жүріс-тұрыстық жəне психикалық уайымдардың кешенді жиынтығы. Эмоциялық күйіну синдромы – үздіксіз стрестің жұмыс барысында пайда болатын тұлғаралық қарым-қатынасқа жауап реакциясы болып табылады. Соның салдарынан «кəсіби күйіну синдромы» пайда болған.

Стреске деген тұрақтылық немесе төзімділік термині – бірнеше тұлғалық қасиеттердің жиынтығын қамтиды, яғни кəсіби іс-əрекет негізінде пайда болған эмоциялық, интеллектуалды, еріктік қысым түсуді қоршағандарына жəне өзінің денсаулығына еш зиянын тигізбей бастан кешіру болып табылады.

Эмоциялық күйіну тұлға мен жұмыс ісінің аралығындағы сəйкестіктің болмауы. Ол ең алдымен қызметкерге қойылатын ұсыныстар мен талаптардың оның мүмкіншіліктеріне сəйкес келмеуі. Басшылықтың оның тұлғасына деген аса жоғары талап қоюы. Егер қызметкер үшін басшының үкімі парыз болса, ал оны іске асыра алмаудың өзі жұмыс сапасын төмендетуіне əкеп, соның салдарынан стресс пайда болады.

Кəсіби күйіну синдромын құрайтын симптомдарды шартты түрде үш негізгі топқа бөлуге болады: психофизикалық, əлеуметтік-психологиялық жəне жүріс-тұрыстық.

Кəсіби күйінудің психофизикалық симптомына, сонымен қатар, үнемі басылмайтын шаршау сезімінің болуы тек кешке ғана емес, таңертең де болуы (созылмалы шаршау симптомы);

  • эмоциялық жəне физикалық азуды сезіну;
  • қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдауының төмендеуі;
  • жалпы астенизация (əлсіздік, белсенділігінің төмендеуі, гармоналды жəне қанның биохимиялық көрсеткіштерінің нашарлауын;
  • жиі себепсіз бастың ауруы, асқазан ішек жолдарының бұзылысы;
  • жылдам салмақтан арылу немес салмақты жылдам қосып алу;
  • толық немесе жартылай ұйқысыздық;
  • үнемі ұйқылы жағдайда жүруі, күндіз жұмыс барысында ұйқысының келуі;
  • физикалық немесе эмоциялық қысымда демалысының бұзылуы ентігудің пайда болуы;
  • ішкі жəне сыртқы сенсорлы сезімталдығының төмендеуі: көру, есту, дəм, иіс сезу, тері сезімдері [7].

Стрестік проблемаларды ескере отырып Н.В. Самоукина «Кəсіби стресс – бұл кəсіби жұмысты орындаудағы кездесетін эмоциялық жəне экстремалды факторларды орындаудағы жұмыскердің шаршаған күйі» деп айтқан.

Н.В. Самоукина кəсіби стрестің негізгі түрлерін атап көрсеткен. Енді əрқайсысына жеке тоқталатын болсақ:

Ақпараттық стресс – бұл уақыттың қатал шенінде туындайды жəне жоғарғы жауапты ережелерде де қолданылады. Сонымен қатар ақпараттық стресс жағдайдың белгісіздігімен қатар жүреді. Эмоциялық стресс – дəл немесе болжамдап айтылған қорқыныштан туындайды. Мысалы: орындалмаған жұмыс үшін кінə сезімі, əріптес терімен қарым-қатынаста т.б.

Келесі түрі комуникативті стресс – қатаң қарым-қатынас мəселелерімен байланысты. Ол өзін-өзі ұстай алмайтын жоғарғы кикілжіңмен байланысты, сонымен қатар бір нəрседен бас тарта алмау,  манипулятивті  əрекеттерден қорғана алмау.

Қателік жасаудан қорқудан туындайтын стресс – қателік қорқынышы екі жағдаймен байланысты: бірінші, жетістікке жету деген ішкі қатты талпыныс; екінші, қателік кеткен жағдайдағы кедергілер. Қорқыныш қателігі көбінесе адамның шығармашылық мүмкіндіктерін бекітеді. Сонымен қатар, адам көп нəрседен бас тарта бастайды. Нəтижесінде адам өмір сүруден қорқа бастайды.

Кəсіби стрестің бəсекелесе көп тараған түрі – бəсекелестік стресі. Адам қоршаған ортада өзінің бəсекелесін көреді. «Өзін бəсекелестік жарысқа беретін адам, өз өмірімен өмір сүрмейді, жұмысын ниет-қалауымен таңдамайды, оның ақшасына қарап таңдайды, сонымен қатар оның айналасында өзіне керек адамдарға, достарына келгенде уақыт жоқ.

Қазіргі заманда стрестен қалай қашу, қалай құтылу туралы кеңестер көп айтылуда. Бірақ Сельенің айтуы бойынша, стрестен қашпаған жөн. Стрестен толық құтылу, бұл – өлім. Стресс жағымды жəне жағымсыз қобалжулармен байланысты екенін білеміз [ 8].

Стрестің тұрақтылығына əсер ететін факторлар:  стресс  нəтижелері  адамның  жеке ерек шеліктерінен тұрады. Кейбір адамдар стрестік бұзуларына басқаларға қарағанда жақсы қарсы тұра алады. Неге? Біздің физикалық немесе психологиялық денсаулығымызға əсер ететін стрестің əсерін азайтатын бірнеше факторлар бар. Бұл факторларды қарастырудың өзі тағы бір мəселені тудырады, сондықтан бұл мəселе қызығушылығын жоғалтпайды деген ойдамыз.

 

Әдебиеттер

  1. Безносов С.П. Профессиональная деформация личности. – СПб.: Речь, 2004. – 272 с.
  2. Пряжников  Н.С.    Психология    труда.    –    М.:«Академия», 2009. – 480 с.
  3. Климов Е.А. Психология профессионала. – М.: Высшая школа, 1996 – 142 с.
  4. Панасюк А.Ю. Профессиональная деформация.  –М.: Юрид. Лит, 1992. – 386 с.
  5. Толочек В.А.  Современная  психология  труда.  –СПб.: Питер, 2010. – 432 с.
  6. Никифорова Г.С. Психологическое обеспечение профессиональной деятельности. – СПб.: Мир, 1991. – 355 с.
  7. Губачёв Ю.М. Эмоциональный стресс в условиях нормы и патологии человека. Карвасарский и другие – Л.: Книга, – 2002. – 230 с.
  8. Қалымбетова Э.К. Еңбек психологиясы. –Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 158 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.