Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этнопсихологиядағы тұлғаның этностық бірдейлігінің ерекшеліктерін психологиялық талдау

Этнопсихологиядағы тұлғаның этностық бірдейлік мəселесі кеңес уақытынан кейінгі кезде кеңес өкіметінің құлауымен, тəуелсіз жəне өркениетті мемлекеттердің пайда болуымен, этносаралық шиеленістердің өсуімен байланысты ерекше өзекті тақырыпқа ие болды, ал қазіргі уақытта ол өзіне сай əлеуметтік мəртебе алып, қоғамның дамуына, бірігуіне септігін тигізетін ұлттық идеяларды іздеу барысында көрініп отыр. Қазіргі заманғы шетел, отандық əсіресе қазақ этнопсихологиясында тұлғаның этностық бірдейлігінің мəселесі, оны анықтайтын факторларды талдау этнопсихологиядағы теориялық жəне эмпирикалық зерттеулердің басты пəндерінің бірі болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда тұлғаның этностық бірдейлігінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысы теориялық жəне практикалық аспектілерде өзекті болып отыр.

Этностық бірдейліктің дамуы – бұл əлеуметтік-мəдени контексте маңызды рөл  атқаратын психологиялық-əлеуметтік процесс болып табылады.

Этнопсихологиялық сөздікте этностық бірдейлік субъектінің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоциялық-когнитивті процесі, сондай-ақ оның тарихқа, мəдениетке, ұлттық салттары мен дəстүрлеріне, оның идеалдарына деген жағымды көзқарасы деп анықталды [1]. Негізінен, «этностық бірдейлік» əлеуметтік жəне психологиялық əдебиеттерде тек қана ХХ ғасырдың ортасынан бастап кең түрде қолданыла басталды. Алғаш рет бұл ұғымды 1953 жылы американдық əлеуметтанушы Д. Рисман қолданды [2]. Т.Г. Стефаненконың көрсетуі бойынша, этностық бірдейлік өзін этностың өкілі ретінде ұғынудың когнитивті-эмоциялық процесі, өзін олармен анықталған дəрежеде бірдей деп санау жəне басқа этностардан жекелеу болып табылады [3]. Осы тұста этностық бірдейлікті құрайтын негізгі құрамдас бөліктері туралы айта кеткеніміз жөн. Этностық бірдейлікті құрайтын оның негізгі мынадай құрамдас бөліктері бар:

  • когнитивтік немесе танымдық, яғни, ұлт туралы толық мағлұматтылық – оған этностық топ жəне оның тарихы, салт-дəстүрлері, мəдениет ерекшеліктері туралы білім жəне оларды жете түйсіну, ұлттық өзіндік атауы, этностық бірдейліктің негіздемесін таңдауы жатады;
  • аффектілік, яғни оған өз тобының сапасына баға беру, ондағы мүшелікке қатынасын сезіну, осы сезімдердің мəні, нəтижесі, этностық қалауы жатады;
  • мінез-құлықтық компонентіне – оған əр түрлі этностық байланыс жағдайларындағы қатынас пен əрекет жүйелері кіреді.

Қазіргі кезде полиэтностық жағдайдағы тұлғаның этнопсихологиялық жақтарын зерттеу əлі де болса көп қолға алынбаған. Əсіресе, тұлғаның жаңа полиэтностық ортадағы оның этностық бірдейлігін зерттеу мəселесі басты міндеттердің бірі болып табылады [4].

Этностық бірдейлікті тұлғаның өзінің этносына қатысты меншікті этностық тиістілігін жете сезінуі, мойындауы деп ұғынуға болады. Этностың тілін, қауымның тегін, мəдениетін, дінін, физиогномикалық белгілерін анықтай отырып, адам өзінің этностық бірдейлігін ұғынады [5].

Американдық психолог Г. Финчилеску тұлға өзінің мүшелігін даусыз қабылдауы екі критерийдің сəйкестілігіне байланысты деп тұжырымдады. Олардың  əрқайсысына тоқталауға болады. Объективті критерийге ол ата-аналардың этностық тиістілігін, туған жерін, қолданатын тілін, мəдениетін жəне басқаларын жатқызды. Субъективті критерийді өзінің этностық бірдейлігін жете сезінуі немесе мойындауы деп санады. Осыған байланысты этностық бірдейлікті қазіргі таңда зерттеу мəселесі өзекті болғандықтан, теориялық қағидалардың мəнін орынды, əрі кеңінен ашуға мүмкіндік болуы үшін енді біз арнайы əдістемелерді бейімдеп, өзгертіп, қолданудың жолдарын ізденуіміз қажет.

Тұлғаның өзіндік этностық бірдейлігінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге М. Кунның жəне Т. Макпартлендтің «Мен кіммін?» тесті көмектесе алады. Берілген тест барысында сыналушыларға «Мен кіммін?» деген сұраққа бес рет жауап беру ұсынылады (модификациялық нұсқасы бойынша). Осы тесттің нəтижесінде сыналушылардың барлық жауаптарын объективті жəне субъективті сипаттамаларға жатқызуға болады. Объективті сипаттамалар қатарына қоғамдық ортаға, əлеуметтік мəртебеге, отбасылық рөлдерге, сыналушылардың жынысына жəне т.б. байланысты сипаттамалар кіреді. Ал, субъективті сипаттамалар қатарына ерекше өмірлік жағдайлардың нəтижесі болған, тұлғалық ерекшеліктерге, оң жəне теріс өзіндік бағалауларға байланысты өзіндік идентификациялар жатқызылады.

Этностық бірдейлік өзінің этностық қоғаммен ұқсастыруды ұғыну ғана емес, сонымен қатар ондағы мүше болудың маңыздылығын бағалауды көрсетеді. Ол адамға өзін-өзі жүзеге асыруы үшін де кең мүмкіндіктерді береді. Бұл мүмкіндіктер этностық бірлікпен эмоциялық байланыстарына жəне оған деген қарым-қатынасы бойынша адамгершілікке тəн міндетіне қатысты негізделеді.

Этностық бірдейлік – бұл тек нақты топтық көрінулердің қабылдануы, ұқсас ойдың бейнесіне дайындық жəне этностық сезімдердің ажыратылатыны ғана емес, ол сонымен қатар, түрлі этносаралық байланыстарда қарым-қатынас жəне əрекет жүйесінің құрылымын білдіреді, оның көмегімен адам полиэтностық қоғамдағы өзінің орнын анықтайды жəне өзінің тобының ішіндегі  жəне сыртындағы мінез-құлық қабілеттерін меңгереді.

Əрбір адам үшін этностық бірдейлік нақты этностық бірлікке өзінің оған тиістілігін ұғынуды білдіреді. Оның көмегімен адам өзінің этносының идеалдарымен үндеседі жəне басқа ұлттарды өзінің этносына ұқсайтын жəне ұқсамайтын деп бөледі. Нəтижесінде өзінің этносының, мəдениетінің қайталанбауы жəне сиректілігі байқалады [6].

С.В. Рыжова мен Г.У. Солдатова өз жұмыстарында этностық бірдейліктің типтерін бөліп көрсетеді. Осыған байланысты этностық өзіндік сананың трансформация тенденциясын анықтау мақсатында С.В. Рыжованың Г.У. Солдатовамен бірлесіп жасаған «Этностық бірдейліктің типтері» атты əдістемесі бар. Əдістеме «Мен – осындай…адаммын» сөйлемінің жалғасын интерпретация жасайтын жеке жəне басқа этностық топтардың əр түрлі тұлғааралық ықпалының қатынасын бейнелетін 30 индикаторлардың тұжырымдарынан тұрады. Нəтижесінде алынған тұжырымдамаларды талдай отырып, зерттеуші мынадай этностық бірдейліктің типтерін ажыратып қарастыра алады: этностық нигилизм, этностық индифференттілік, жағымды этностық бірдейлік, этноэгоизм, этностық оқшаулану (этностық изоляционизм), ұлттық фанатизм (этнофанатизм).

Осы əдістемедегі этностық бірдейліктің типтеріне байланысты төмендегідей сипаттамаларды беруге болады:

  • этностық нигилизм – басқа ұлт өкілдерінің артықшылықтарын, басымдылықтарын жəне өз этносының өкілдерінен ұялуды жиі сезінуді, сондай-ақ, өзінің ұлт өкілдерінің адамдарымен сыйыспауын, қарым-қатынасында қиындықтардың болуын білдіреді;
  • этностық индифференттілік – күнделікті қарым-қатынаста ұлт деген сөздің еш мəні жоқ жəне жер бетінде табиғи, əлеуметтік қор байлықтарын пайдалану құқығы тек қана оның халқында болуы керек деп санайды, сондай-ақ, өзінің өз ұлтына жатқызылуына немқұрайшылықпен қарайды жəне оның халқы басқа халықтардан еш кем емес деп санайды;
  • жағымды этностық бірдейлік – өз халқының өмір салтын ұстанады, бірақ басқа халықтың салтына үлкен қызығушылықпен қарайды, көп жағдайда өз ұлтын жасырмайды жəне өз халқын жақсы көреді, бірақ басқа халықтың тілі мен мəдениетін сыйлайды, ұлтаралық бəсекелестікте əрқашан да бейбітшіл келісімге келуге тырысады, толеранттылықтың жоғары деңгейінің болуымен сипатталады.
  • этноэгоизм – тек өз халқының өмір салтын ұстанады, басқа ұлтқа қарағанда өз ұлтының басымдылығын, артықшылығын жиі сезінеді жəне басқа ұлт өкілдерімен араласу көп жағдайда жағымсыз қатынас қалыптастырады деп санайды;
  • этностық оқшаулану (этностық изоляционизм) – ұлтаралық некелер халықты бұзады, нағыз достық тек бір ұлт өкілдерінің арасында ғана болады деп санайды, басқа ұлтпен салыстырғанда өз ұлты ақылды, жетілген деп есептейді;
  • ұлттық фанатизм (этнофанатизм) – ұлт құқығы адам құқығынан жоғары деп санайды, өз ұлтының мүддесін қорғау үшін бəріне барады, өз халқының мəдениетін басқа халық мəдениетінің ықпалынан «тазарту» керек дейді.

Психологияда этностық бірдейліктің дамуының қалыптасуы жалпы сана-сезімнің даму контекстінде индивидуалдық өзгерістер деңгейінде зерттеледі. Этностық бірдейлік өзінің құрылу процесінде баланың психикалық даму кезеңдеріне сəйкес келетін бірнеше кезеңдер қатары жүреді. Ж. Пиаже бірінші болып баланың ұлттық тобына жатқызылуындағы ұғынудың даму  концепциясын ұсынды. Ж. Пиаженің А. Вайлмен бірге  зерттеу  жұмысында 1951 жылы ол бір үрдістің екі жағы – Отан жəне басқа елдердің жəне шетел адамдарының бейнесінің қалай қалыптасу түсінігін талдады. Этностық бірдейліктің дамуын Отан түсінігімен байланысты когнитивтік модельдердің пайда болуы ретінде қарастырды, ал этностық сезімдер, оның ойынша, этностық құбылыстар туралы білімге өзіндік жауап болып табылады. Ж. Пиаже баланың психикалық даму кезеңдеріне сəйкес ұштасатын процестермен бірге жүретін баланың этностық топқа тиістілігіне жете сезіну тұжырымдамасын ұсынды. Этностық бірдейліктің дамуын когнитивтік үлгілерді құру ретінде «Отан» деген түсініктің байланысын қараған. Оның ойынша, этностық сезім осындай құбылыстар туралы білімге жауап береді.

Ж. Пиаже этностық бірдейліктің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

  • 6-7 жастағы бала алғаш өз этностық тиістілігі бойынша фрагментарлық жəне жүйесіздік білімді игереді. Осы кезеңде бала үшін ел мен ұлттық топ, отбасы  мен  əлеуметтік орта  өте маңызды болады;
  • 8-9 жастағы бала өзін этностық тобына ұқсастырады. Идентификацияның негізі – ата-ананың ұлтына, мекен-жайына, ана тіліне байланысты  этностық сезім оянады;
  • 10-11 жас аралығында (кіші жасөспірім жаста) əр түрлі халықтың ерекшеліктері ретінде тарихтың бірегейлігін, дəстүрлі тұрмыстық мəдениеттің өзгешелігі байқалады. Кіші жеткіншектер олардың патриоттық сезімдерін суреттейтін саяси-идеологиялық аргументтерді мысалға келтіреді. Осы кезеңде этностық бірдейлік толық көлемде қалыптасады.

Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша этностық бірдейліктің даму кезеңдеріндегі жас ерекшелік шекараларын анықтап, нақтылауға көптеген зерттеулер жүргізілген. Көптеген зерттеушілер 3-4 жастағы баланың бойынан этностық топ пен диффуздық  идентификацияның алғашқы көрінісін тапқан. Алайда, барлық психологтар «балалардағы этностық бірдейліктің кіші жасөспірім кезінде жетіледі», – деген Ж. Пиаженің көзқарасымен келіседі.

Қазіргі заманғы өмір шарты өзгерген полимəдени қоғамда адамның қарым- қатынасындағы ең осал жерінің бірі этностық бірдейлік болып табылады. Этностық бірдейліктің бұзылуы əртүрлі этностық топтар арасындағы шиеленісушіліктің болуымен қамтамасыз етілуі мүмкін жəне ол ұлттық түсініспеушілік, этносаралық шиеленістердің туындауынан көрінеді. Адамның толығымен этностық бірдейлікке ие болуы оның психикалық жетілуін қамтамасыз етеді, оның ішкі жəне сыртқы ортаға психикалық бейімделуінің өсуіне əсер етеді [7].

Осылайша, этностық бірдейлік күрделі жəне өзгермелі əлеуметтік категорияны көрсетеді: этностық бірдейлік бір топтан екінші топқа барғанда өзгеруі мүмкін, бірақ ол тарихи жəне əлеуметтік контекстке тəуелді болады. Қазіргі кезде əлемдегі көкейкесті өзгерістер кезеңінде бірегейлі тұлға идеясымен қатар əлемдік қауымдастықта барлық қоғамдық өмірдің интернализациясы жəне идеясы нақтыланды. Этнопсихологтардың айтуынша, тұлғаның этностық бірдейлігі – бұл өзін нақты бір этностың өкілі ретінде санау, адамның бір этностық қоғаммен бірігіп, басқалардан алшақтауды бастан кешуін білдіреді.

Сонымен, тұлғаның этностық бірдейлігінің ерекшеліктері қазіргі заман талабына сай, көкейкесті мəселелердің бірі болып табылады, сондай-ақ бұл Қазақстан этнопсихологиясындағы этностық бірдейлікті зерттеуді нақты көздейді. Əсіресе, біздің елімізде ұлттардың этностық бірдейлігін зерттеу кең өріс алмағандықтан, қазіргі таңда жастардың этностық бірдейлігінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу аса қызығушылық тудырады. Сондықтан да этностық бірдейліктің ерекшеліктерін зерттеп, оның басқа ұлттың ерекшеліктеріне əсерін, байланысын  анықтау бүгінгі таңда өмірімізге аса қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Крысько В.Г. Этнопсихологический словарь. − М.: Просвещение, 1999. – 298 с.
  2. Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. − М.: Ключ,– 264 с.
  3. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. – М.: Аспект Пресс, 2004. – 368 с.
  4. Аплашова А.Ж. Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-əрекетін дамытуда ескеретін жайттар. // ҚазҰУ хабаршысы. Психология жəне социология сериясы. -. №1 (16). – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 107 б.
  5. Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии. – Алматы: Литера, 2003. – 178 с.
  6. Көмекбаева Л.К. Мұғалімдердің этностық өзіндік санасының психологиялық ерекшеліктері: Психол. ғылымдарының канд. дис. − Алматы, 2003. − 150 б.
  7. Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. – М.: Смысл, 1998. – 264 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.