Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Психология ғылымындағы этномəдениет мəселелерінің шешілуі

Қазақстан Республикасы өзін азаматтардың тең құқығы заңды тұрғыда бекі- тілген демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды. Оған Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың ОБСЕ-нің мəдениетаралық, дінаралық жəне этникааралық төзімділік бойынша жиналысындағы сөзі тағы  да  дəлел болады: «... Қазақстанда маңызды стратегиялық міндет шешімін тапты –  ұлттық  азшылықтардың  олардың  мəдени  жəне  ұлттық  бірдейлігімен  байла-  нысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  максималды  түрдегі  барлық  жағ- дайлар жасалынды. Оның ішінде ең маңыздылары мəдениет жəне білім, туған тілін сақтауға қатысты. Қазақстанда қоғам мен мемлекеттің сұхбат ету қағидасы басшылыққа алынған ұлтаралық келісімді сақтаудың ұтымды жүйесі қалыптасқан» деген болатын [1].

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап əлемдік масштабта халықтардың өз тұрмыс салтын сақтауға ұмтылу, ерекше тұрмыстық мəдениеттің мəнін көрсету, этностық идентификация мəселесіне байланысты үдерістер қатты белең алды. Бүгінгі күні этностық қайта өрлеу жаңа замандағы адамзат дамуының басты факторы болып отыр. Адамдардың өзі түпкі шығу тектеріне көңіл бөлуі əртүрлі формаларда көрінеді- көне ескі салт дəстүрлерді реанимациялау, кəсіби мəдениетті фольклоризациялау, өзінің ұлттық мемлекетін құру.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мəденитке, тілге, ұлтқа ұлттық мінез-құлыққа көп көңіл аударылып жатыр. Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде жəне олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор. Оны бүгінгі тарихтан, ұлттар мен халықтардың мəдени даму кезеңдерінен, олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мəнінде, халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, түсініктері, сезімдері этностық қауымды біріктіреді. Олардың тарихи үрдістің суьбектілері деп қарауға болады. Мəдени дамуға жəне этномəдени қауыммен қарым- қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз. Этнопсихология өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті. Ол басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы он жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады. Ғылым болмай, жəй пəн ғана ретінде, этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мəлімет Е.А. Будилованың еңбегінде жазылған. Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мəселесі жəне оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мəдениетіне, жалпы оның іс-əрекетіне əсері  көптеген ғалымдарды қызықтырған.

Белгілі жазушы, ғалым М. Əуезов этнопсихология, ұлттық мінез туралы тұжырымдарында  əр  халықтың,  не  ұлттың  өзіне  тəн  мінез-құлқы,  темпера менті, талғам-түсінігі, əдет-ғұрып,салт-санасы  болатындығын,  қоғамдық  сананың   осынау   ұлттық   бояуларға   қанық   болуы   қажеттілігі   айтылған.  Халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дəстүр,салт, əдет-ғұрып т.б) ұлт психолгиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер дейді. Өлең жырды бірден, табан астында жанынан шығарып айту, суырып  салма  қабілеттілік,  қиыннан  қиыстырулар,  тіл  байлығы,  сөз қабілетіне табыну халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшелік- терінің бірі.

Біздің еліміздегі этнопсихологиялық мəселелер туралы зерттеулерді екі негізгі бағытта қарастыруға болады. Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатынын халықтың психологиялық тəжірибесін зерттеп құрайды. Осы тəжірибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш. Уалиханов, Ж. Аймауытов, Т. Тəжібаев жəне т.б. ғалымдарлың еңбектерін атауға болады. Бүгінгі  таңда  осы  дəстүрді  психологиялық  тұрғыдан  Қ.Б. Жарықбаев. С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында Ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан  мəде-  ниетті біріктіруші, салт-дəстүрлері мен діні бар адамдардың əлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлттың қалыптасуына адамдардың  бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт» жəне «этнос» ұғымдары бір-біріне өте жақын, екіншісі біріншісіннің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерге қоса саяси, экономикалық жəне əлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, əлі де философтар мен саяси- əлеуметтанушылардың ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған [2].

Кез-келген халық немесе ұлт өзінің тек экономикалық, əлеуметтік, даму дəрежесімен ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салтымен, тұрмысымен, тіл дəстүрімен, өзнің мəдени байлықтарымен, психологиясымен, мінез-құлық қалыптастыру мəселесінің негізгі бастауы халықтық  педагогика  Қазақстан қоғамының  жаһанданушы  əлемдік  қоғамдастық  талаптарына  тез   бейімделіп,   жаңа сапалық дамуы арқылы озық дамыған елдердің қатарына кешікпей келіп қосылуы адамдарға қойылатын талапты түбірімен өзгертті. Қоғамның əлеуметтік əлеуеті, міне, ендігі жердегі шешуші күш – осы. Əрине, бұғанға дейінде адамдарсыз ешқандай қоғамдық мəселе шешілмеген, ешқандай жаңалық ашылып өмірге пайдаланылмаған.

Қ.Салғараұлы  «Ертеңі   бар  ел  боламыз  десек»  деген  еңбегінде  «Ұлттық   сана деген абстракты ұғым емес, ол ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда,  сол  ұлтты  құрайтын  халықтың  бүкіл   ғұмырнамасының,   əдет- ғұрпының, салт-дəстүрінің, əдебиеті мен мəдениетінің, өнерінің, тұрмыс тірші-  лігінің тарихын білу дəрежесін, яғни халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі» - деген болатын.

Əр ұлттың тілі мен дінінен басқа өзіне тəн этностық ішкі құрылымы түріндегі иммунитеті болады, бұл құрылым мемлекеттік əкімшілік – аумақтық бөліністің ең төменгі сатысын қалыптастырады. Аталмыш бөлініс негізінен отырық сипатты халықтарда кеңістік-материалдық ресурс бойынша, ал көшпелі қоғамда адам ресурсы бойынша жүзеге асады. көшпелі қазақ (қазіргі қазақ үшін ауыл болғанымен) үшін өзінің жеті аталы руы мемлекеттік құрылымның негізгі мəйегі еді. Тіпті, қазақ руына қосылмайтын қожалық жəне төлеңгіттік институттардың өзі де белгілі бір дəрежедегі сословиелік мемлекеттік құрылымның рулық көрінісі болатын. Қазақ құрылымының бұл төменгі деңгейінің беріктігі сонда, қазақ уды да, суды да руымен ішетін. Бұл құрылымның бір өзі көшпелі ортада қазіргі жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін өзі басқару (дұрысы - меңгеру) аталатын институттарды айырбастап келген.

Кез-келген қазақтың қазақтығы оның белгілі бір рулық етенелікке тиістілігімен өлшенетін. Тіпті, қазаққа кірген басқа кірме жұрттардың өзі де өзіне сай  «аспан алып», руын жасақтайтын. Алайда, қазақтың рухани иммунитетін жоюға бағытталған кеңестік идеологияның қазақтың сүйегінен өткені сондай, қазір бұл турасындағы əңгіме ұлттық антитақырып деңгейіне жетті, яғни қозғауға  болмайтындай самоцензура қалыптасқан. Ал, біз тарихтың мұрағатына айналған рулық бөліністі аңсамасақ та, қайта қалпына келтірмесек те, қазақ үшін жаһандану алапатына этностық деңгейде қарсы тұрарлық қауқарды қанша жасырсақ та, жеті аталық  туыстық қарым-қатынастан ұлттық иммунитеттің ұшығын көреміз. Бұл туыстық шетелге шашыраған қазақтардың өмірі арқылы сынақтан өткен бүгінгі ең тиімді этностық құрылым болып отыр.

Белгілі  философ  Ғабитов  Т.Х. «Əрбір  ұлттық   мəдениет  бос  кеңістікте  емес, адамдандырылған қоршаған ортада əрекет етеді. Мəдени кеңістік оқшау,  мəңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады» [3] деген болатын.

Қазақ мəдениеті еуразиялық Ұлы дала  көшпелілерінің  мұрагері  болып табылады. XV ғасырдың 60-шы жылдары қалыптаса бастаған ішкі  танудың  логикасы. Қазақ мəдениеті тұтас түрік өркениетінің ыдырауы нəтижесінде қалыптасты.  Тірі  пассионарлық,  ұлттық  күшті  тұтас  түрік  мəдениетінің  шеңберін бұзып өтті. Оның көлеңкесі бар, тұтас көшпенділік түрік өркениетінің ыдырауы, оның маңайындағы империяның  бас  көтеруіне  əкелді.  Жаңа  бас  көтерген империялар түбінде түрік империяның бодандыққа алды. Ұлттық мəдениет табиғи ортамен байланысты. Кез келген ұлттық мəдениеттің негізінде белгілі бір табиғи ареал жатыр. Ол оқшау жатады. Қазақ мəдениеті бұрынғы Еуразиялық Ұлы Көшпенділер даласының мұрагері болып табылады. Ұлттық мəдениет кез келген тірі жан сияқты жану, даму, өсу, өшу кезеңдерінен өтеді.

Н. Данилевский əр халықтың (этностың) 3 кезеңі бар дейді:

  1. Этнографиялық (қор жинау) – 1000 жылға дейін созылады (ұлттық мента- литеттің қалыптасуы);
  2. Мемлекеттік – 300-350 жылдарға созылады (міндетті түрде ұлттық өркениет гүлдену үшін мемлекет қажет);
  3. Өркениеттік (осы кезеңде ұлттық мəдениет əлемдік мəдениетке қосылып, өз жемісін береді).

Мəдениет адамзат əрекетінің нəтижесі болып табылғандықтан, адамдар жиынтығысыз тіршілік ете алмайды. Бұл жиынтық, тұтастық мəдениет  субъектісі жəне оның жаратушысы, сонымен қатар мəдениет тасымалдаушысы болып табылады. Əрбір ұлт өз мəдениетін қалыптастырып, оны сақтауының басты мақсаты – халықаралық аренада өз құқығын жүзеге асыру. Ұлт мəдени шынайлық ретінде өзін əртүрлі сфераларда – дəстүр, ерік-жігерінің бағыттылығы, құндылық бағыттылығы, тіл, жазба үлгілері, поэзия, дін жəне т.б. көрсетеді. Бұл əр ұлттың ең басты міндеті жəне сол үшін қызмет етуі қажет, яғни, өзін ерте заманнан атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра, мирас болып келе жатқан сүйеккке сіңген ұлттылықты жоғалтып алмау жəне қадірін аяқ астына тастамау. Сонымен қатар, ұлт өз өмір сүру ареалында мемлекетті құрып, оның егемендігін сақтауы қажет.

Өзіндік ерекшелікті сақтау жəне оны нық етіп бекіту ұлттың ішкі күштерінің белсенділігіне жəне ұлттық ішкі энергияларды сыртқа шығаруға да байланысты. Тұтастықтың, жиынтықтың мəдениеті жеке тұлғалар мəдениетінен құралған нəтиже болып табылмайды жəне ол жеке тұлғалық қасиеттен жоғары; ол адамдар тұтастығының құндылықтар жиынтығы, шығармашылық нəтижелер жəне  мінез- құлық стандарты болып табылады. Мəдениет – бір адам баласын адамдар тұтастығының бір мүшесі ретінде қалыптастыратын жалғыз күш. Ұлттық ерекшеліктерді сақтау мəдениеті Əлемнің көптеген халықтарымен өзара қатынаста байи түседі. Жеке тұлғаның еркіндігі, əлеуметтік бірігудің жоғары деңгейлігі, əлеуметтік теңдік жəне т.б. – бұлардың барлығы қандай да болмасын аз санды халықтың өмірге деген қабілеттілігін қамтамасыз ететін жəне ұлттық талпыныстар мен мақсаттарды жүзеге асыратын негізгі құндылықтар. Өмірлік маңызы бар жағдайларда адам баласына қоғам принциптеріне сəйкес келетін дұрыс шешім табуға көмектеседі.

Этностық өзіндік сананың құрылымы, этностық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, əсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мəдениетке, ұлттық тілге, халық салтына, дініне, əдет-ғұрпына, мəдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этнофакторлардың мəнді өсуі  этностық өзіндік сананы күшейтеді. Этностық өзіндік сана индивидуалды қасиет- тердің əртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің жəне интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, əрі реттейді. Этностың басты объективті тасушысы болып табылатын «ұлттық мəдениеттің » əлсіреуі барысында өтетін этностық өзіндік сананың күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық өзіндік сананың компенсациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту жəне бекіту, этнностық өзіндік сананың объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мəдениеттің əлсіреуінде пайда болатын негативті əсерлерді теңестіреді.

Этносаралық бейбітшілік пен татулық – бүгінгі қазақстан қоғамында күн тəртібінде тұрған маңызды мəселелердің бірі. Ол еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ерекше мəнге ие болып отырған сұранысы жəне талабы. Мəселенің қойылуы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының XV сессиясында қоғамымыздағы қазіргі қалыптасқан саяси, элеуметтік-экономикалық жағдайды жəне достық пен өзара түсіністікті сақтау жəне нығайту туралы берген ұсыныстары мен тапсырмасына сай. Мұнда Елбасы еліміздегі этносаралық жəне конфессияаралық қатынастардың теориясы мен практикасының өзекті мəселелерін, жəне осыған орай олардың болашаққа арналған нақты міндеттерді тұжырымдады [4].

Əрине, еліміздегі бүгінгі саяси-əлеуметтік ахуалды сақтаудың, Қазақстан халқының бірлігін одан да əрі нығайта берудің қаншалықты маңызды екені баршамызға аян. Осыған орай Қазақстанның бұл саладағы əр қашанда  ескерілуге тиісті түйінді мəселелер маңыз алары сөзсіз:

  • Қазақстанның тəуелсіз жəне біртұтас дамуының бірден-бір кепілі оныңунитарлы мемлекетін жан-жақты дамытып нығайту;
  • Қазақстан мемлекетінің негіз құраушыысы, тарихи тірегі болып табылатын қазақ халқының мүдделері мен объективтік жағдайын мойындап жүзеге асыру;
  • Қазақстан халықтары мен ұлыстарының ұлттық мəдениеті, дəстүрлері мен тілдерін дамыту, олардың рухани бірлігін нығайту:
  • Қазақстанды мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың, олардың ішінде əсіресе ұлттық азшылық деп саналатындардың саяси жəне құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету:
  • елдегі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайта беру; ТМД елдерінде, сондай ақ Қытайда, Монғолияда, Түркияда жəне басқа да мемлекеттерде тұратын қандастарға қолдау көрсету, олардың Қазақстанмен байланыстарын нығайтуға жəрдемесу.

Мемлекеттік ұлттық саясатты нəтижелі жүзеге асыруда дəлелді жаңғырту-  шылық жолды таңдап, қоғамдық бірлік пен бітімгершілік бастамасының негізін нығайтып өрістете берудің маңызы зор.  Сондықтан  да  əлемдік  дағдарыс  жəне  оның зардаптарын еңсеру жағдайында бүгінгі Қазақстанда мемлекеттің  ұлттық  бірлік  саясатын-бүкіл  қазақстандықтардың  ұлт  жəне  діни  наным-сенімінен  тəуелсіз  бір-біріне  өзара  құрметі  мен   теңдігін   жүзеге   асыру,   қоғамдық   келі- сім иен этносаралық қатынастарды үйлесімділеуді нығайту аса  зор  маңыз  алып отыр.

А.Я. Гуревич өзінің мазмұны жағынан өзгеріп отырғанымен, тарихтың кез келген дəуірінде адамға тəн негізгі концептуалды жəне сезімдік категорияларды əмбебапты деп санайтындығын бөле жара атап көрсетеді. Бұл əртүрлі тарихи дəуірлердегі мəдениет пен қоғам өмірін түсіну үшін мұндай категорияларды зерттеудің бірінші кезекті маңыздылығын көрсетеді.

С.Н. Артоновский «Əр халықтың мəдениеті өзіне тəн ерекшелігімен дараланып көзге шалынады. Алайда басқа халықтардың əсерінсіз таза, дара ұлттық мəдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық жəне рухани байланысы, қарым – қатынасы арқылы олар бір – бірін   мəдени байлығы жағынан  толықтырады»–дейді [5]. Əртүрлі ұлтпен халықтарда кездеспейтін, қайталанбайтын таза  ұлттық салт- дəстүр ешбір елде болмақ емес. Бір ұлтта бар салт–дəстүрлер, ұлттық ою өрнек, тағам, спорттық ойын түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен жəне өзіндік ерекшелігімен көрініс береді.

Этномəдени білім беру стратегиясы - өз тарихын, мəдениетіне тиісті сфера арқылы берілуіне негізделген, ұлттық этномəдени ұқсастығын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге, белгілі мемлекетте тұратын барлық этностардың мемлекеттік интерациясы маңызды болып табылады. Ал бұл жағдай білім беру  жүйесі арқылы тиімді жүзеге асырылады.

Этномəдени білім беру – ана тіліне, мəдениетіне қатыстырып жəне əлеуметтік мəдениетті қабылдау арқылы этномəдени ұқсастығын сақтауға бағытталған. Сонымен бірге ол трансляциялық, дамытушылық, диференциялық жəне интеракциялық функцияларын атқарады.

Этномəдени білім беру негізгі тапсырмаларының бірі – ол өз мəдениетін ғана  біліп қоймай, сонымен бірге тұтас дүниеге көзқарасы қалыптасқан мəдени тұлғаны тəрбиелеу болып табылады Яғни, этномəдениеттілікті есепке алу барысында жеке тұлғалардың талап-тілектеріне сай сөздерді қолдану əрекеті іске асырылады.

 

Әдебиеттер

  1. Выступление Президента РК Н.А. Назарбаева на Совещании ОБСЕ по меж- культурной, межрелигиозной, межэтнической терпимости. - 13.06.2006г. – 27 с.
  2. Дмитриев А.В. Этнический конфликт: теория и практика. – М.: Просвещение,– 210 с.
  3. Ғабитов Т.Х. «Қазақ мəдениетінің типологиясы». А.: Қазақ университеті, – 320 б.
  4. Назарбаев Н. Ұлттық бірлік-біздің стратегиялық таңдауымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV   сессиясындағы   баяндамасы. // Егемен   Қазақстан   27 қазан 2009 ж.– 10 с.
  5. Сапронов П.А., Куликова Н.М. Культурная среда и формирование личности. Л.,– 350 с. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.