Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ш. Əлжановтың еңбектеріндегі баланың оқу белсендiлiгiн арттырудағы ойлау iс-əрекетiнiң маңыздылығы

 Ш. Əлжанов психология, педагогикалық психологияға қатысты «Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жайындағы басты материалдардың жинағы» атты кітапта оның «Ес жəне есте қалдыру мəселелері. Ой мəселелері. Дағдылану мəселелері» деген еңбегі жарияланды, ол психологияға байланысты қазақ тіліндегі марксизм ілімі тұрғысынан жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Ғалым оқушылардың жеке дара психологиясында кездесетін ерекшеліктері туралы  сөз қозғайды, эксперименттік зерттеулер мен бақылаулардың нəтижелерін ортаға салады. Оқушылардың ес жəне есте сақтау, ойлау, дағдылану ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің сабақты тиімді өткізе алуына үлкен мəн береді.  Материалды берік есте қалдырудың жолдарын ұсынады [1]. Оның айтуынша, жасы бірдей балалардың есте сақтау ерекшеліктері біркелкі болмайды, онда өзгешеліктер бар. Кейбір балалар көп материалды ұзақ уақытқа дейін есінде сақтай алса, кейбіреулері ондай емес, олар материалды аз уақыт шамасында ұмытып қалады, ал одан да басқа балалар көлемі үлкен материалды тіпті бірнеше рет айтқанда ұғына алмайды.

Ғалымның пайымдауынша ес процесін психологтар мына түрлерге бөледі: көзбен көру, есту, қозғалыс жəне т.б. Бір оқушы көзімен көрсе, тез түсініп, тез есінде қалдырады, екінші бала құлағы арқылы естігенді тез есте қалдырады. Енді біреулер көрумен естуді қатар пайдаланып, есінде жақсы қалдырады. Міне, бұл өзгешеліктерді еске алмайынша, бет алды қалай болса солай оқытуға болмайды деп көрсетеді.

Сабақ үстінде материалды берік түрде есте қалдыру көбінесе оның мазмұнына, үлкенді-кішілігіне, яғни бар сипатына байланысты. Мысалы, жердің, таудың, өзеннің, көлдің, қаланың, ауданның аттарын жеке алып жаттау дұрыс болмайды. Солардың аттарын бір оқиғаға, басқа бір нəрсеге байланыстырғанда, ол есте берік қалады. Не болса да, құрғақ жаттаудан қашу керек. Оқушылар материалды саналы түрде ойлап, талдап, талқылап, мазмұнын түсініп барып еске сақтауы керек. Кейбір материалдар мысалы, көбейту кестесі, əртүрлі химиялық формулалар, ана тілі мен есептегі ережелерді бірнеше рет пысықтап, есте қалдырмаса, бір оқып, қайталағаннан есте қалдыра қою қиын. Мұғалім сабақ кезінде айтылған материалдардың бəрін  оқушының есінде қалдырамын деп əуреленуінің қажеті жоқ. Осы мақсатпен ұшы- қиыры жоқ материалды көбейте берудің пайдасы жоқ. Мысалы, қоғамтану сабағында қаптаған цифрларды тізе беруден пайда аз. Өйткені оның бəрі баланың есінде түгел қалмайды. Сол үшін мұндағы ең негізгі, керекті цифрларды есте қалдыру жағына көңіл бөлу қажет. Материалды есте қалдырудың жолдары толып жатыр. Мысалы, оларға өз беттерімен іздену, жазу, оқу жағынан дағдыландыру, лаборатория мен кабинеттерде жұмыс істеттіру, көрнекі құралдар жасату, өткен сабақты жаңасымен байланыстыру жəне т.б.

Ш.Əлжанов ой мəселелеріне де үлкен қызуғылықпен қарайды. Ой  ғалым бойынша баланың ойын өсіріп дамыту, өз бетімен ойлап іс істеуге үйрету негізгі мəселенің бірі. Бұл мəселені психология ілімі терең түрде талқылайды. Ғалымның айтуынша бала болсын, үлкен болсын бəрінің де ойлау процесі тілге байланысты. Тілсіз ойлау қиын. Ендеше бірте-бірте баланың тіл байлығын молайтпайынша оны өсіру мүмкін емес. Мəселенің осы жағы, баланың жас өзгешеліктері мұғалімдерде жоқ емес дейді. Мысалы, кейбір мұғалімдер сабақты түсіндіріп сөйлеген кезінде сөйлемдерін созып, шұбалаңқы түрде құрады, ылғи көп сөздерді көбейтіп, оларды балаларға түсіндірмейді. Мұндайда материалдың мазмұнын түсінбей қалады, не шала, теріс түсінеді, құрғақ жаттап алады. Материалды сатылап, жүйелі түрде түсіндірмеген уақытта бала жүйелі ойлауға үйрене алмайды. Не болмаса мұғалім материалды жеңілдетіп, оңайлатып жібереді. Мұндай жағдайда баланың ойы дамып, өсуіне мүмкіндік тумайды. Бала тек даяр тұрған қорытындыны жаттап алмасын, оның қажетін жаттап, екшелеп-текшелеп барып ойында қалдырсын. Ендеше, мұғалімнің міндеті ілімді сын көзімен қарап, тексеріп барып, оқушыны тəрбиелеп, өсіруі керек деп түсінеді Ш.Əлжанов [2].

Дағдылану мəселелері де ғалым Шарафи Əлжановтың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады. Оның айтуынша дағдылану əртүрлі болады: білімге негізделген, негізделмеген жəне білімсіз дағды. Мысалы, ұста, ағашшы тағы сол сияқты кəсіптерді оқып, білмей-ақ, тек тəжірибе арқылы меңгеруге болады. Мектепте əдейі арнаулы дағдылану жұмыстары бар. Мысалы, ана тілі, есеп, сурет салу, сызу, еңбек сабақтарындағы дағдыланулар. Бұлар ұзақ уақыттық, үздіксіз жаттығу жасауды қажет етеді. Сонда ғана оқушылар берік түрде дағдыланып, үйреніп шығады. Мəселенің негізі – дағдылардың берік, тұрақты болуы.

Ғалым істі істей білу, дағдыланудың өзі жаттығу арқылы болады деп пайымдайды. Жаттығудың анда-санда бір болмай, жүйелі, жоспарлы түрде болғаны пайдалы. Бірнеше дағдыны біржолата беруден қашу керек дейді. Оқушылар бір дағдыны білгеннен кейін екінші дағдыға көшуге болады. Дағдыландырғанда жас өзгешеліктерін ескермейінше болмайды. Төменгі сыныптағы жас балалар бір жұмысты ұзақ уақыт істеп отыра алмайды, олардың төзімі, шыдамы жетпейді, сол үшін жаттығулардың өзі біріншіден, қысқа болуы, екіншіден түрлерінің өзгеріліп отыруы шарт. Ғалым кейбір дағдыларды балалардың ойынымен байланыстыруға болады деп педагог-психологтарға кеңес береді.

Атақты жазушы, ғалымның шəкірті Əди Шəріпұлы халқымыздың тұңғыш педагогтарының    бірі,    қадірлі    ұстаз,    профессор  Шəрапи  Есмұқамбетұлыны: «педагогика тарихынан Ян Амос Каменский, К. Ушинский, А.С. Макаренко жəне дүниежүзінің басқа да белгілі-белгілі педагогтары жөнінде дəрісін мүдірместен қазақ жəне  орыс  тілдерінде  оқушыларға  түсінікті  түрде  оқитын.  Студент  қауымы   оның  дəрісін  босатпайтын,  бар  ықыласымен  көңіл  қоя  тыңдайтын.  Өйткені,  ол   К. Ушинский мен А. Макаренконың педагогикалық көзқарасын түсіндіргенде, көптеген мысалдармен миға қонымды түрде айтып беретін. Екі тілде де шешен сөйлейтін. Ол бүкіл жер жүзіндегі педагогтардың педагогикалық көзқарастарын, тəрбиелік мəнін тайға таңба басқандай түсіндіретін. Ол өте қарапайым, оқушы қауыммен сөйлескенде, емтихан алғанда еш уақытта қабағын түйіп, оқушыларының үрейін алмайтын. Жайдары, жымиып күліп отыратын ақ көңіл, қарапайым кісі еді. Сондықтан ол кісіге емтихан беріп отырғанда оқушы да қорықпай, үрейленіп сескенбей,  қысылып-қымтырылмай  өз білгенін асықпай-саспай   айтып   беретін.

«Қанағаттанғысыз» деген баға қоюға өте сараң кісі болатын [3].

Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин туралы дəрістерін оқығанда, олардың оқу-тəрбие, жастарды адамгершілікке, əдептілікке, рухани болмысының жоғары болуына, еңбек етуге баулу мəселесіне тоқтағанда, олардың педагогикалық көзқарастарын айтқанда жүйрік аттай тоқтамастан шешен сөйлеп кететін. Абайдың еңбек тақырыбына, жастарға тəлім-тəрбиелік мəні бар көптеген өлеңдерінің мазмұнын, құрылысын буын-буынына дейін түсіндіретін, əр сөздің мəн-жайын ашып, терең талдайтын жəне өлеңдерін жатқа айтып, талдағанда оқушы қауымы оның білгірлігіне таң қалатын» – деп еске алады.

Заман талабын жетік түсінген ғалым сол заманда-ақ мемлекеттің өндірістік саласын дамытуды назарына алады. Осылайша, барлық білімнің алғашқы баспалдағы болып табылатын мектептерді заман талабына сай қайта құру жұмысына атсалысады. Осылайша 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінің (бұрынғы ҚазПИ) қабырғасында Алматы қаласындағы мұғалімдер мен ғылым қызметкерлерінің жиылысында «Ауыл мектептерін политехникаландыру жолдары» атты тақырыпқа ірі баяндама жасайды. Ол баяндамада Қазақстан жағдайында қазақ мектебін политехникаландыру жолын талдау, атап айтқанда, қазақ ауыл мектебін политехникаландыру жолын талдау жəне оны үңіле тексеріп өту мəселесі көтеріледі. Өз сөзінде профессор «Қазіргі социалдық құрылыстың өркендеуі – біріншіден бұқараның мəдениеті мəселесіне, екіншіден, кадр дайындау мəселесіне байланысты. Даярлау мəселесі өте-мөте үшкір тұрып келеді, енді тіпті үшкірленіп отыр. Сондықтан мектептерімізді жіті түрде қайта құру мəселесі келіп туып отыр,  атап айтқанда бұларды көбінесе біздің қажеттілігімізге сəйкестеу қажет. Біз кадр жөнінде сөйлегенде жоғарғы мектептеріміз бен техникумдеріміз арқылы даярлап отырған кадр туралы ғана сөйлемейміз, бұл кадр мəселесін кең мағынада сөйлейміз. Кадр даярлаудың негізгі алқабы, негізгі тиянағы да біздің мектептер болып есептеледі. Міне, кадрларымыздың сапасы да осы мектептерде жұмысты дұрыс жолға қоюмен байланысты» деп елдегі азаматтардың əл-ауқатын жақсартуда, экономиканы көтеруде мектептердің, нақтылап айтсақ, мектептердегі білім берудің мəселелеріне аса назар аударады.

Ш.Əлжанов білім берудің методикаларын жетілдіру, сапасын арттыру, баланы тəрбиелеу (эстетикалық), жалпы мектептің оқу процессін жақсартуға ат салысты. Бұл орайда «Қазақстандағы ұлттық мəдениет проблемалары жəне ғылыми зерттеу педагогика институтының алдындағы кезекті міндеттері» атты еңбегінде өзі қызмет атқарған, педагогтарды даярлауда жетекші оқу ордасы екенін  түсініп,  қазіргі кезеңдегі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінің (ҚазПИ) алдына міндеттер қояды. Ол міндеттердің ішінде: «1) педагогиканың теория-методология негіздерін Қазақстандағы мəдениет құрылысының өзгешеліктеріне лайықтап зерттеу, педагогика проблемаларын зерттеумен қабат Қазақстан жағдайында ұлттық мəдениет туралы проблемаларын тексеру; 2) Қазақстандағы жалпы мектептердің жəне үлгілі мектептердің тəжірибелерін қорытып, соған сүйене отырып, ағарту орындарына саяси, ғылыми жағынан толымды программалар жасап беру жұмысына атсалысу, əр түрлі  жеке  пəндердің  оқыту    əдістері   жөнінен    методикалық   құралдар  жазу; мектептегі оқу-тəрбие жұмысын политехникалық негізде қайта құру; 4) ұлт мəдениеті жайынан, тəрбие, білім, политехника жəне педагогика жайынан Қазақстан жағдайына лайықты түрде ғылыми еңбектер шығару; 5) педагогика тарапынан əр түрлі маңызды проблемаларды теория жағынан талдап, зерттеумен қабат, мек- тептердегі озат тəжірибені қорыта отырып, алдымен ауыл мұғалімдерінің білімдерін көтеріп, əдісі жағынан қаруландыруға көмектесу» сияқты отанымыздың білім беру ісін жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен міндеттерді алға қояды. Сонымен қатар ғалым кез-келген оқу орындарында білім берумен қатар əрқашан мəдениет те тəрбиеленіп, жас буынның бойына сіңдірілуі қажет деп табады. Мектеп сол мəдениет құрылысының негізі ретінде қарастырылып, институттың да негізгі зерттейтін объектісі ретінде қарастырылады [4].

Ол өзінің осындай ойларын сол кездің өзінде-ақ айтып өткендігін осы еңбегінен байқауымызға болады. Сонымен қатар, оқушылар оқу материалдарын көзімен көріп, шапшаң түсініп, тез есінде қалдырады немесе құлағы арқылы естігенді тез есте қалдырады, ал басқа оқушылар көрумен естуді қатар пайдаланып, материалды есінде жақсы қалдырады. Оқушылардың осындай жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескермейінше, мұғалім тиімді, жүйелі оқытуға қол жеткізе алмайды. Оқушылар материалды тек саналы түрде ойлап, талдап, талқылап, мазмұнын түсініп барып еске сақтаса, бұл оқушының есінде берік сақталады дейді. Сондай-ақ, Ш. Əлжанов ойлау мəселелерін талқылағанда мынаған назар аударуы қажет дейді, мұғалім оқу материалдарын сатылап, жүйелі түрде түсіндірмеген кезде, оқушы жүйелі ойлауға үйрене алмайды, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай тумайды.  Осылайша, Шəрапи Əлжанов өзінің көптеген еңбектерінде осы тектес психологиялық мəселелерді кеңінен қолданады [5].

Ғалым оқыту мəселесін талдаумен қатар, мектепте саналы қызмет атқару үшін мұғалімнің өз білімін, кəсіби-педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруына, мұғалімнің оқушыларды дұрыс түсінуіне ұмтылыс байқатуына, бойында зор талап  пен терең талғамның болуына, шынайы білім беру жүйесін насихаттауға аса мəн береді.

Педагогика тарихы мен жалпы теориялық мəселелеріне де байланысты құнды ой- пікірлер атап өткендігіне оның көптеген мақалалары дəлел бола алады.  Сонымен қатар дүниежүзілік педагогиканың ұлы кемеңгерлерінің мұраларына ғылыми талдау жасаған еңбектері үлгі-өнеге бола алады. Мəселен, əлемдік педагогика ғылымының классигі Я.А. Коменский, қазақтың ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев туралы  жазған мақалаларын атап өтуге болады. Оның Абай Құнанбаевтың шығармашы- лығына назар аударып, педагогика ғылымы тұрғысынан талдаған «Абайдың педагогика туралы көзқарасы» деген мақаласы кезінде жұртшылық назарына ілінген болатын. Шəрапи Əлжанов халқымыздың педагогикалық ой-толғамдарын марксизм ілімі тұрғысынан зерттеуге көңіл бөлген тұңғыш ғалымдардың бірі.

Профессор Ш. Əлжановтың оқулықтары, оқу-əдістемелік құралдарымен  қатар сол   жылдары   əлемдік   педагогикалық   əдебиеттерді, Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, К. Ушинскийдің, М.И. Калининнің, А.С. Макаренконың жəне көптеген жазушылардың, педагогтардың педагогикалық шығармаларын қазақ тіліне аудара бастауы – Қазақстандағы педагогика ғылымын дамытудағы елеулі кезең  болды.

Шəрапи Есмұқамбетұлы Əлжанов сталиндік зұлматтың құрбаны болып, жазықтан-жазықсыз 1937 жылы абақтыға жабылып, солардың қолынан қаза тапты. Мəскеудегі тəжірибелі де, білімді, өзінің негізгі пəні болған педагогика мен педагогика тарихын терең меңгерген ұстаз, өз халқының абзал азаматы көптеген ғалымдардан тəлім-тəрбие алған.

Шəрапи Əлжановтың ғылыми жəне əлеуметтік сипаттағы еңбектері сол дəуірдің басты мəселелерін қамтып, қазақ ғылымы мен оқу-ағартушылық саласының іргетасын қалыптастыру барысында артынан із қалдыратындай мəнге ие болды.

Жаңалық атаулыға жаны құмар, ғылымға ынтызар, Ш. Əлжанов қай кезде болмасын өзінің туған халқына қызмет етуге, соның келешегі туралы, оның ұлттық дамуы туралы мəселені еш уақытта ойдан шығармаған. Ұстаздық еткен адамдардың ішінде тек берген білімімен ғана емес, сонымен қатар мінез-құлық, сана-сезім өнегесімен, ішкі жан дүниесімен, жан дүние тазалығымен де шəкірт санасында мəңгі сақталатын ұстаз бола білген ғалым.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Жарықбаев Қ.Б. Ғибраты мол ғалым еді. Қазақ педагогикасының алғашқы профессорларының бірі – Ш. Əлжанов туралы (1901-1938) // Алматы ақшамы. – 2001. – 23 қазан (№120). – Б. 3-4.
  2. Бердімұратова Қ.Қ. Ш.Е. Əлжановтың педагогикалық көзқарастары // Қазақстан кəсіпкері. – 2010. – 4 сəуір (№83). – Б. 40-44.
  3. Əди Шəріпұлы. Көкшетау арыстары. Халқымыздың тұңғыш педагогтарының бірі. //Көкшетау. – 5 қыркүйек (№172). – Б. 3-4.
  1. Əлжанов Ш. Ауыл мектептерін политехникаландыру жолдары, Қазақстан баспасы, 1934. – 160 б.
  2. Əлжанов Ш. «Қазақстандағы ұлттық мəдениет проблемалары жəне ғылыми зерттеу педагогика институтының алдындағы кезекті міндеттері» Қазақтың тəлімдік ойлар антологиясы – Алматы, 2009. - 175 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.