Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалар үйінде тəрбиеленген жасөспірімдердің депривациялық бұзылыстарының психологиялық себептері

1990 жылдары психология мен  педагогика  ғылымдарында  жетімдік  мəселе-  сіне қызығушылық өсіп, ерекше назар аударыла бастады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жəне интернат типтес мекемелерде тəрбиеленіп жатқан балалардың психологиялық дамуын, əлеуметтік бейімделу проблемаларын, олардың өмір сүру қалпын зерттеуге бағытталған ғылыми еңбектер жазыла бастады (И.В. Анисимова, 1992; Л.Н. Галигузова, С.Ю. Мещерякова, И.Ф. Дементьева, 1992; Н.П.  Иванова, 1995; И.А. Яковлева, 1992 жəне басқалар). Қазіргі уақытта бейімделу тиімділігін арттыру мен қазіргі заманғы қоғамда жетім балалар жəне ата-ана қамқорлығынсыз қалған, интернат типтес мекемелерде тұратын балаларды біріктіру мəселесі ең өзекті мəселе болып тұр. Терең тарихи тамыры бола тұра қазіргі қоғамдық тəрбие жетім балаларды тəрбиелеуде түрлі себептерге байланысты жетімдердің əлеуметтік бейімделу мəселесін тиімді шешеуге дəрменсіз болып отыр, оның ішінде дамуында ауытқушылығы бар балалар да бар.

Балалар үйінде тəрбиеленген жасөспірімдердегі депривацияның əсері олардың əлеуметтік-эмоциялық-еріктік аумағының түрлі бұзылуларына əкеледі. Бұзылыс- тардың психологиялық себептері əртүрлі болып келеді [1]:

Біріншіден, балардың негізгі бөлігінің жағымсыз тұқымқуалаушылығы  бар,  соның ішінде алкоголизм мен тұқымқуалаушылық кездеседі, ал соңғы жылдары психологиялық   жəне   неврологиялық   патологиямен   туылатын   жетімдердің саны тұрақты өсуде. Көбінесе «тастанды» балаларда туа біткен денелік жəне психикалық ауытқушылықтар, ол серіктестердің мастық халде ұрықтануы немесе болашақ ананың жүктілікті үзу үшін түрлі зиянды дəрілерді, амал-тəсілдерді қолдануы салдарынан болады. Бұдан басқа, жабық мекемелерге орналастырылған балаларға психо- патологиялық тұқымқуалау жүктелген, ең алдымен, бұл ақыл-ой кемістігі жəне шизофрения.

Екіншіден, «бас тартушы» ананың (жаңа туылған баланы əйелдер босанатын  үйіне қалдырушы) қалаусыз жүктілігі, керексіз баланы көтеруінің өзі де зиянды болып табылады. Мұндай жүктіліктегі стрессогендік əсер ана мен нəрестенің ана құрсағындағы дамуының өмірлік маңызы бар арақатынасының бұрмалануына, олардың арасындағы сенсорлық, алмасу, гуморалдық байланыстардың бұзылуына əкеледі. Болашақ «бас тартушылардың» көбінде жүктілік кезінде  психикалық бұзылыс байқалады: истероформды əрекет (реакция), депрессиялық жағдай, психо- вегетативтік бұзылыс, психикалық, созылмалы ауруларының асқынуы т.б. Мұндай жүктілердің мінез-құлқының бұзылуы психикалық ауытқушылықпен байланысты маңызды патогендік фактор болып табылады: гипербелсенділік, жүктілікті үзудің сəтсіз талпыныстары, темекі тарту, ішімдік, наркотик пайдалану жəне басқалар. Олардың көбі босануға дайын емес болып шығады, бұған шала босанудың жоғары көрсеткіші, сондай-ақ босану іс-əрекеті патологиясы дəлел бола алады. Жаңа туған нəресте миының зақымдалғандығы туыла сала бірден білінеді. Олар жағдайының ауырлығына байланысты қарқынды терапияны қажет етеді.

Шала туылғандық, салмақтың аздығы жəне соған қоса церебралды зақымдану балаларды көбіне жүйкелік-психикалық патологияға əкеледі. Егер бұған  анасынан ерте айрылған баланың психикалық дамуына патогендік əсерді жəне сонымен бірге нəрестенің амалсыз (шарасыз) пайда болатын психикалық депривациясын, сондай-ақ ата-ананың психикалық патологиясының тұқымқуалаушы факторын тасымалдайтын қатерді қоссақ, онда қалаусыз жүктіліктен туылған балалар психикалық патологиясы бойынша ерекше тəуекел (қауіп-қатер) тобына кіретіндігі анық жəне олар ерекше назар аударуды жəне интенсивті медициналық-əлеуметтік, психологиялық-педаго- гикалық профилактикалық шараларды нəресте шағынан бастауды талап етеді.

Балалардан бас тарту оқиғаларының көп бөлігі əйелдің əлеуметтік мұқтаж- дықтары немесе адамгершілік тұрғысынан азғындауымен қаншалықты байланысты болса, уақытша тұлғалық, əлеуметтік-психологиялық жəне материалдық дағдары- сымен соншалықты байланысты.

Əлеуметтік жетімдік құбылыс ретінде жоққа тəн көптеген елдерде дағдарыстық жағдайда қалған əйелдер мен отбасыларға пəрменді көмек көрсетіледі жəне көмек көрсететін əртүрлі əлеуметтік-медициналық-психологиялық ұйымдар  белсенді қызмет етеді. Өкінішке орай, мұндай қызметтердің біздің елімізде мүлде жоқтығын атап айтуымызға тура келеді.

Сəл ересектеу балаларда байқалатын үшінші патогендік фактор – бұл бұрынғы ата-аналық отбасындағы əлеуметтік, педагогикалық жəне психологиялық зиянды қылықтар жиынтығы болып табылады. Теріс тəрбие беру формаларының ішінде бақылаусыздық пен қамқорлықтың аздығы əлеуметтік жетімдік үшін əдеттегі жағдай болып саналады. Ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың көптеген отбасылары өте нашар əлеуметтік келеңсіздіктермен сипатталады, атап айтқанда: төменгі материалдық деңгей, қанағаттанғысыз тамақтану, ата-анасының ішімдікке салынуы, биморалды (адамгершілікке жат) өмір сүру дағдысы, отбасындағы ұрыс-керіс пен төбелес, сондай-ақ ауыр психикалық науқас туыстарымен бірге тұру т.б.

Мұндай отбасында балаларға қатігездікпен қарау проблемасы (дене, сексуалдық, эмоциялық зорлық) да алаңдатарлықтай өзекті. Мұндай отбасылардан шыққан балалар ата-ана сүйіспеншілігінен айрылғандар (отбасы жылулығын көрмеген балалар), бұлар ұйымдасқан балалар ұжымына қатыспайды, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, осының бəрі баланың үйден кетіп қалуына əкеледі. Осыдан сенсорлық жəне əлеуметтік депривация белгілері, жағдайдың үштен екісінде психикалық дамудың артта қалуы, неврологиялық бұзылумен бірге ми дисфункциясының белгілері, энурез, танымдық іс-əрекеттің бұзылуы, тежелу, эмоциялық тұрақсыздық, өтірік айтуға бейімдік, айқын невротикалық реакциялары мен патологиялық қиялдау келіп шығады.

Төртінші, бəлкім, бала үшін мейлінше күшті патогендік жəне бейімсіздік факторлардың бірі - баланы ата-ана отбасынан күштеп алу жəне оны арнайы балалар мекемесіне орналастыру. Баланың толыққанды психоэмоционалды дамуының басты шарты - қалыптасып келе жатқан баланың табиғатына сəйкес өмір сүру қалпын ұйымдастыратын ата-аналық отбасы, биологиялық отбасына ғана тəн туыстармен араласу деңгейі, əсіресе анасымен бірге болу. Баланың ата-анасынан ажырауы психикасының бұзылуына əкеледі жəне бұл фактор оған анасынан айрылған кезінен  де ауырлау, ұзағырақ əсер етеді. Ерте балалық шақтағы депривация ерте дамудың бұзылуына əкеледі (жалпы жəне сөйлеудегі артта қалу, нəзік моторика мен мимиканың жеткіліксіз дамуы); қорқыныш пен үрейге бейімділік сезімі жиі көрініс беретін эмоциялық бұзылыстар пайда болады, жүріс-тұрыстағы ауытқушылық (қарсылық білдіру мен бас тартудағы белсенділік пен енжарлықтың жиі көрініс беруі, қарым-қатынастағы арақатынасты сақтау немесе байланысқа түсу сезімінің жеткіліксіз дамуы).

Нəрестені анасынан ажырату əдетте қайта түзеуге келмейтін интеллектуалдық даму мен тұлғалық қалыптасу функциясының ауыр салдарына əкеледі. 2 жасынан бастап анасынан бөлектеу (оқшаулау, ажырау) де ақтап алуға келмейтін баланың тұлғалануы үшін қайғылы жағдайларға əкеледі, бірақ интеллектуалдық дамуы қалыпты деңгейде нормаланады.

Осындай себептерге байланысты жабық мекемеде тəрбиеленушілер дизонтогенез жағдайында дамиды. Онтогенез жыныстық жасқа жеткенге дейінгі ағзаның ерекше қарқынды жеке дамуы болып түсіндіріледі. «Дизонтогенез» термині постнаталды онтогенезде белсенді дами алатын, қалыпты дамудан ағзаның пренаталды (ішкі құрсақ), наталды (босанар кезеңі) қалыптасу құрылымының ауытқуын білдіреді. Бұл кезде ағзаның морфологиялық жүйесі толығымен жетіспейді. Баланың дамуы дефектілік негізінде (ми клеткасы зақымданған, жетілмеген) бірақ онтогенез заңы бойынша жүреді.

Дизонтогенез жағдайында баланың дамуы (перинаталды энцефолопат) өмірінің алғашқы жылдарында көрінеді. Мидың минималды церебралді дисфункция түріндегі жүйкелік белгілердің түгелдей тұрақтылығын қамтамасыз етеді жəне диффузды,  жеңіл ошақты неврологиялық симптомдармен қабылдаудың бұзылуынан эмоциялық тұрақсыздық, қозғыштықтың артуы пайда болады. Моторлық даму қатты азап шекпейді, алайда өзіндік моторлық ыңғайсыздық жəне қимыл-қозғалыстың бұзылуы пайда болады [2].

Дизонтогенездің кейбір формалары:

Ақыл-ой кемістігі. Ақыл-ой кемістігін отандық мамандар психикалық дамудың белгілі сапалы құрылымының бұзылуы деп түсіндіреді. Ақыл-ой кемістігі кезінде танымдық  іс-əрекеттің  жетіспеушілігі жетекші орын  алады, бірінші кезекте абстрактілі ойлаудың, араласу процестерінің жəне аз ғана қозғалыс пен психикалық процестердің инерттілігіне сəйкес сергудің жетілмеуі.

Даму бөгелісі. Даму бөгелісінің ерекшелігі ақыл-ой кемістігімен салыстырғанда интеллектуалды жетіспеушілік құрылымының басқаша болуы. Психикалық даму психикалық функцияның əртүрлі бұзылуларының біркелкі еместігімен ерекшеленеді. Мұнда ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігі зейінмен, еспен салыстырғанда логикалық ойлау көбірек сақталады.

Сонымен бірге, əлеуметік-эмоциялық даму бөгелісі бар балаларда психикалық процестің инерттілігі болмайды; олар бір нəрсені қабылдауға, көмекті қолдануға ғана қабілетті емес, сонымен қатар басқа ситуацияларда ақыл-ой іс-əрекетінің меңгерген дағдыларын тасымалдай алады. Үлкендердің көмегімен олар өздеріне ұсынылған интеллектуалды тапсырманы норма деңгейіне жуық орындай алады. Осымен олар ақыл-ой кемістігі бар балалардан сапалы ерекшеленеді.

В. Деннис пен П. Наджарьян жоққа шығарған əлеуметтік өзара əрекет қозғалыс пен танымдық белсенділіктің дамуын қозғалыс депривациясының əлеуметтікке айналуына жол бермеуіне жағдай жасайды [3].

Балалардың мінез-құлқының дамуында танымдық белсенділіктің төменгі бөгелісі болады. Психикалық дамуында бөгелісі бар жетім балалардың ерекшелігі мектепке дейінгі жаста қабылдау, зейін, есте сақтау процестері жетіспеушілігімен көрінеді. Балалар миының интегралды іс-əрекетінің жетіспеуіне байланысты үйренбеген құралдар мен көріністерді тану қиындық туғызады, оларға жекеленген суреттің бөлшегін біртұтас мағыналық бейнеге қосу қиынға соғады. Бұл өзгешеліктің бұзылуы балалардың дамуындағы қоршаған ортаны қабылдау жайындағы түсініктерін, мүмкіндіктерін шектелгендігін анықтайды. Мидың интегративті қызметінің жетіспеушілігі, балалар суретінен өзіндік көрініс тапқан сенсомоторлық бұзылыстар деп аталатын дамудың бөгелісі кезінде көрінеді.

Жетім балалардың əлеуметтік-эмоциялық дамуындағы бөгелістің бірден бір ерекше негізгісі білім мен жеке перцептивті жəне қозғалыс əрекеттерінің арасындағы жетіспеушілік болып табылады.

Балалардың мінез-құлқының дамуындағы ерекше бөгеліс түсінігінің қалып- тасуындағы артта қалушылық, кеңістікті елестетулері, денесінің қимыл- қозғалысына ие бола алмау жəне бағдар жасай алмауы, көпшілігінде белсенді зейін əрекетінің бұзылуы болып табылады.

Эмоциялық мінез-құлықтың бұзылуы нəтижесінде əлеуметтік депривация жəне тұлғалық дезадаптацияның кері əлеуметтік мағынасына əкеп соқтырады [4].

Жаңа туған нəресте түгелдей жəне толығымен, оның өмірі мен қызметін ұйымдастыратын, оның талаптарын қанағаттандыратын, оны тəрбиелеуші үлкендерге тəуелді. Адамдар арасындағы эмоциялық қарым-қатынас тəжірибесінің негізгі көзі отбасынан айрылуда, бала өзіндік белсенді мінез-құлқын қалыптастыруда қоршаған ортамен қарапайым байланыс орнатуда қиындықтарға кезігеді. Психиканың кейбір бұзылулары қарым-қатынастың жоқтығымен байланысты жəне бала өмірінің алғашқы жылдарында жақын адамдарымен қарым-қатынасының жетіспеуі, сонымен қатар балалар үйі ғимаратының салдарынан туындайтын психикалық жəне денелік артта қалушылық госпиталдық синдром түрінде білінеді. Госпитализмнің пайда болуына мыналар жатады: қозғалыстың кешірек дамуы, əсіресе жүріс-тұрысының мағынасыз, мəнсіз жалықтыратын қимылдары. Ауыр жағдайларда госпитализм психикалық аурулардың пайда болуына, инфекциялық аурулардың өрлеуіне, ал кейде бала өліміне де алып келеді.

Əдетте, мамандандырылған мекемелерге ата-ана жылуынан əлдеқашан айрылған, психикалық депривацияға ұшыраған балалар түседі. Созылмалы (ұзақ) депривация ерте сəбилік шағында тоқтаса, онда бала қалыпты жағдайға келеді, бірақ ол сыртқы мінез-құлықтары мен жалпы интеллектуалдық қызметінде ғана, алайда сөйлеудің дамуы (тілінің шығуы) кешігуі мүмкін, тіпті депривация баланың 12 айлық кезінде тоқтаса да. Жалпы нəрестені (1 жасқа дейінгі) депривациядан қанша ерте құтқарса,  əрі қарайғы дамуы сонша жеңіл өтеді. Сонымен бірге, сөйлеудің, ойлаудың бұзылуы мен ұзақ жəне күшті тұлғааралық байланыс қабілетінің төмен болуы қайта қалпына келуі қиынға соғады [5].

Баланың мүмкіндігін ұзақ шектеу нəтижесінде оның психикалық қажеттіліктерін жеткілікті шамада қанағаттандыру үшін депривация - психикалық күймен байланысты бұзылудың топтарына бөлінеді. Депривация эмоциялық жəне интеллектуалды дамуда көрсетілген ауытқулармен, сонымен қатар баланың əлеуметтік байланысының бұзылуымен сипатталады.

 

Әдебиеттер

  1. Толстых А.Н., Прихожан А.М. “Исследование психологического развития младших школьников, воспитывающихся в закрытых учреждениях”. – М.: Педагогика. 1990г. – 285 с.
  2. Методико-психолого-педагогическая реабилитация  детей  в  домах  ребенка  (современные аспекты). Методическое пособие. – М.: Изд-во «ЛО Московия», 2002. – 215 c.
  3. Прихожан А.М. Психическое развитие воспитанников детского дома. – М.: Педа- гогика. 1998 г. – 190 с.
  4. Лисина М.И., Дубровина И.В., Рузская А.Г. и др. Психическое развитие воспи- танников детского дома. - М.: Педагогика, 1990. – 264 с.
  5. Дети-сироты: консультирование и диагностика развития. - М.: Полиграфсервис,– 336 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.