Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əскери жоғары оқу орындарындағы курсанттардың мамандықты таңдау мəселесі

Қазіргі кезде ҚР жоғары əскери оқу орындарында енгізілген жоғары кəсіби білім беру жүйесінде белгілі-бір білім, білік жəне дағдыларды меңгерумен шектелген емес, сондай-ақ кəсіби іс-əрекет процесінде өзіндік шыңдалуға, өзіндік қалыптасуға көмектесетін ішкі потенциалы бай тұлғаларды дайындау мақсатында құзырлы органдар үшін жоғары дəрежелі мамандарды кəсіби даярлау процесі қайта қарастырылуда. Сол себепті ЖОО-ның бағдарламалары кəсіби оқыту сатысында қажетті білімдерді, іскерліктерді жəне дағдыларды игерумен қатар өзінің шеберлігі туралы көзқарасты дамытуға жəне кəсіби іс-əрекетке деген өзіндік дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Бір сөзбен айтқанымызда «кəсіби шеберлікті» дамыту мəселесін шешу алдыңғы орында тұрады. Осы тұста «кəсіби шеберлікке» жетудегі «кəсіби даярлық» жайлы тоқтағанды жөн көріп отырмыз. Педагогикалық энциклопедияда «кəсіби даярлыққа» келесідей анықтама береді: «кəсіби дайындық - бұл белгілі бір кəсіпте жетістікке жетуді қамтамасыз ететін арнайы білімдер, іскерліктер жəне дағдылар, сапалар, еңбек тəжірибесі мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы. Кей əдебиеттерде бұл ойды терең талдай келе «кəсібилену» сөзімен ұштастырады. Тұлға «кəсібиленуі» - бұл белгелі бір мамандықтың функцияларын жүзеге асыру үшін қажет болған арнайы білімдердің, іскерліктің, дағдылардың жəне қасиеттердің дамуы.

А.В.Турчинов кəсібиленуге келесідей анықтама берді: «Кəсібилену – бұл кəсіптің, мамандықтың, кəсіби мəдениеттің, адамның кəсіби іс-əрекетке ену технологиясын жəне оның кəсіби шебер ретінде дамуын сипаттайтын, еңбек сипаты жəне мазмұнындағы сандық өзгерістермен айқындалатын əлеуметтік құбылыс» [1].

«Қазіргі психология» анықтамасын құрастырушылар бойынша кəсібилену – бұл тұлғаның өмірлік жолындағы кəсіби сатысында еңбек белсенділігінің арнайы формасы, оның əлеуметтену процесін жəне даму деңгейін бейнелеу дейді.

Қазіргі кезде кəсібилену тұлғаның профессионал маман ретінде дамуынан, кəсіп таңдаудан басталып, кəсіби іс-əрекеттің аяқталуына дейін созылатын тұтас үздікссіз процесс ретінде қарастырылады.

Кəсіби даму – ересек адамның жұмысқа енуін жəне кəсіби іс-əрекеттен қанағаттануын анықтайтын тұлғаның өзіндік дамуының бөлігі болып табылады. Кəсіби дамудың тұлғалық нəтижесі игерілген білімдерге, іскерліктерге жəне дағдыларға  жатпайды.  Ол  қатынастың  өзгеруінен,  кəсіби  сана-сезімінің дамуынан,«Мен  бейнесінің»  динамикасынан,  кəсіби  өзіндік   бағалаудан,   кəсіби   жетістік- тер  критериінен,  кəсіби  менталдықтың  қалыптасуынан  көрінеді  (Г.В.   Акопов, В.Я. Ляудис, Н.В. Клюева). Л.А. Коростылева мынадай анықтама береді: «профес- сионал өз жұмысына өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудың психологиялық тəсілі ретінде қатынас жасаумен ерекшеленетін тұлға» -дейді [2]. Кəсібиленуге «кəсіби Мен тұжырымдамасының» қалыптасуы да маңызды рөл атқарады, сəйкестілік тұлғаға əсер ете отырып, оның дамуына стимул болуы немесе кəсіби деформацияға əкелуі де мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осылардың негізінде тұлғаның кəсіпті таңдауына жəне қызметкер кəсібіне байланысты міндеттерді ынталы орындауына аса қажетті кəсіби мотивтер жүйесін талдап көрелік. Осы тұста мына ұлы ғұламалардың ойларын еске сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Д.Н. Узнадзе мотивті бағыт-бағдар теориясымен байланыстырып қарастырған. Мотивті адамның қажеттілігімен байланыстыра отырып, ол субъект белсенділігінің қайнар көзі дегенді айтады. В.С. Мерлин мотив психологиясын кəсіби даярлауда жəне оқу іс-əрекетінде оқушылардың мінез-құлығын басқаруға қатысты қарастырады [3]. Ол өз сөзінде: «Тек ақыл-ой əрекетін ғана емес, сонымен бірге білімді меңгеру мотивін басқару қажет. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-əрекетін оларда белгілі бір түрткіні туғызғанда ғана басқара аламыз»- дейді.

Төменде осы тұжырымдамаларды негізге ала отырып курсанттардың ма- мандықты таңдаудағы мотивтерін зерттеуді жөн көрдік. Зерттеу жұмысымызда Р. Аязбекованың «Мамандық таңдау мотивтері» анкетасын қолдандық. Бұл анкетада мотивтерді үш негізгі топтарға топтастырған.

  1. Əлеуметтік мотвтер, мамандықтың қоғамдағы беделіне, сонымен қатар ата- аналардың, құзырлы органдар қызметкерлері тұлғаларының əсер ету дəрежесіне байланысты;
  2. Танымдық мотивтер, олар оқу процесінің өзіне, оқу іс-əрекетіне тікелей байланысты болып келеді;
  3. Утилитарлы мотивтер, əскери жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жеке бас мəселелерін шешу мүмкіндіктері, өзіндік жақсы өмір сүру мотивтері болып табылады.

Алғашында зерттелушілердің құзырлы органдарының қызметкерлерінің кəсібін таңдау мотивтері қарастырылды. Бұл мотивтерді жоғарыда айтылғандай шартты  түрде əлеуметтік, танымдық жəне утилитарлы мотивтер деп бөліп қарастырдық. Зерттеу нəтижесінен алынған əлеуметтік мотивтер жайлы мағлұмат 1-кестеде ұсынылған.

  Кесте 1. Зерттелушілердің оқу іс-əрекеттерінің əлеуметтік мəнді мотивтері (%-бен)   

1-кестеден көріп отырғанымыздай, зерттелушілер үшін əскери жоғары оқу орнына оқуға түсудегі негізгі əлеуметтік мəнді мотивтер құзырлы органдар жұмыскер кəсібіне деген сүйіспеншілік пен қызығушылық, ол туралы балалық  шақтан армандау, сондай-ақ олардың беделі. Мамандық таңдаудағы аса айқын емес түрткілердің ішінде отбасылық дəстүрді жалғастыру (респонденттердің 65  пайызы оны жоққа шығарды) жəне курсанттың кандидатурасын қарастырған жұмыскер тұлғасының əсері (барлық зерттелушілердің 50 пайызы бұл мотивті мəнсіз ретінде көрсетті) болды. Оқу іс-əрекетінің танымдық мотивтері жайлы мəліметтер 2-кестеде берілген.

  Кесте 2. Зерттелушілердің оқу іс-əрекетінің танымдық мотивтері (%-бен)

 2-кестеден көріп отырғанымыздай зерттелушілердегі танымдық мотивтердің ішінде жан-жақты дайындықтан өту мотиві жетекші болып табылады, себебі əскери жоғары оқу орнына жалпы білімдік жəне арнайы пəндермен қатар, тереңдетілген тəртіпте заң мен шет тілдері оқытылатындығы мəлім. Зерттелушілердің екі есе аз бөлігі шет тілін терең оқу мүмкіндігін, сонымен қатар əскери бағыттағы кəсіптенуді атап көрсетті. Утилитарлы мотивтерге келсек, оның бейнеленуі 3 кестеден аңғаруымызға болады.

  Кесте 3. Зерттелушілердің оқу іс-əрекеттерінің утилитарлы мотивтері (%-бен)

3-кестеден көріп отырғанымыздай утилитарлы мотивтердің зерттелушілердің əскери жоғары оқу орнына оқуға түсу мотивтерінің ішінде айқын көрінбейтіндігін айтуға болады. Мұндай жалғыз мотив еңбекпен қамтамасыз етілуге кепілдік алу мүмкіндігі болып табылады. Ата-аналардың өз балаларының осы оқу орнында білім алғандықтарын қалауы, сонымен қатар əскерден қашу мүмкіндігі секілді мотивтер мүлдем дерлік көрінбейді, бұл білім алушылардың өздерінің дəл осы оқуды таңдаулары саналы түрде болғандығын көрсетеді. Зерттеуіміздің келесі кезегінде кəсіби мотивтердің типтерін анықтадық. Онық нəтижесін 4 кестеден көре аламыз.

  Кесте 4. Тренинг жүргізілгенге дейінгі кəсіби мотивация типтерінің орташа мəндері (бүкіл таңдау тобы бойынша)

 4-кестеден көріп отырғанымыздай, зерттелушілер үшін жетекші мотив еңбектің əлеуметтік мəнділігі мотиві болып табылады, екінші орында еңбекте өзіндік мойындалу мотиві келеді, үшіншісінде – еңбектің өзіндік мотиві жəне соңғы кезекте зерттелушілер кəсіби шеберлік мотивтерін басшылыққа алады екен.

Осы айтылғандың негізінде зерттелушілердің мамандық таңдауға жеткілікті шамада саналы жəне жауапкершілікті қарайтындығы туралы қорытынды жасауы- мызға болады. Өйткені, мамандық таңдаудың əлеуметтік, танымдық жəне утилитарлы мотивтерінің айқындықтарын өзара салыстырсақ, онда ең үлкен пайыздың мотивтердің алғашқы екі тобына сай келгендігін көруге болады.

Осылайша, зерттелушілер мамандық таңдауда бүтіндей келесі жағдайларды басшылыққа алғандықтарын нақтылауға болады:

(а) құзырлы органдар қызметкері мамандығына деген сүйіспеншілік, ол туралы балалық шақтан бергі арман,

(б) қоғамдағы құзырлы органдардың беделі,

(в) жан-жақты дайынтықтан өту мүмкіндігі,

(г) еңбекпен қамтамасыз етуге кепілдік алу мүмкіндігі. Отбасылық дəстүрді жалғастыру мүмкіндігі; курсантты оқуға түсуге кандидат ретінде қарастырған қызметкердің тұлғасы; əскери мамандану; əскерге бармау мүмкіндігі, сонымен қатар достардың əсері секілді жағдайлар зерттелушілерге мамандық таңдауда аз əсер еткен.

 

 

Әдебиеттер

  1. Турчинов А.И. Профессионализация и кадровая политика: Проблема развития теории и практики. – М.: МПСИ, Филинта, 1998. - 272 с.
  2. Киселев А.М. Профессиональная подготовка курсантов (слушателей) образова- тельных учреждений УИС Минюста России и пути ее совершенствования при изучени специальной тактики: Дис. канд. педагог. наук.-Рязань, 2001.- 266 с.
  3. Мерлин В.С. Лекции по психологии мотивов человека. – Пермь, 1998. – 421 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.