Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқу-тәрбилеу процесінде студентердің этностық ерекшеліктерін есепке алу

Қазақстан Республикасы әлемдегі көп этносты мемлекеттердің қатарына жатады. Сондықтан біздің мемлекеттегі маңызды мәселелердің бірі - ұлтаралық қатынас мәселесі. (Н.А. Назарбаев). Кейінгі жылдары еліміздің егемендік алуына байланысты, ғылым мен білімнің  жаңаша  деңгейге  ие  болуына  қарай  «Ұлттық  психология»  және «Ұлттық педагогика» ұғымдарына үлкен көңіл бөлінуде. Тіпті бұл ұғымдардың ғылыми дәрежесі көтеріліп, олардың ұлттық тұлғаның қалыптасуындағы рөлі зерттелуде. Осының төңірегінде оқу процесінде жүзеге асатын кейбір тұлғалық көрсеткіштердің зерттелуі, олардың психологиялық механизмдерінің анықталуы үлкен жолға қойылуда.

Оқу – адамның жеке басы танымының ерекше түрі. Ендеше, тұлғаны  ұлттық тұрғыда қалыптастыру үшін сол ұлттың негізгі өзіндік-психологиялық ерекшеліктерін анықтау оқу процесінде жүзеге асуы керек.

Жеке адамның дамуы оның әртүрлі қиындықтар мен кезеңдерден өтуімен байланысты. Кезеңдерге бөліну процесі - жеке адамның әлеуметтік ортадағы қозғалысының заңдары. Оның психикалық даму ерекшеліктерінің негізі П.П. Блонскийдің, Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, А.В. Запорожецтің, М.М. Мұқановтың және т.б. еңбектерінде нақтылы тұжырымдалады. В.К. Шабельниковтың пікірі бойынша, жеке адамның этнопсихологиялық қалыптасуы және кезеңдердің болуы, белгілі қоғамдық мәдениетте ерекше сапалар қабаты мен құрылым  деңгейлерінің    өмір сүруі, оның  жеке «кванттарының» дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Ендеше, жеке адам бір мәдениеттен екінші мәдениетке ауысуда үлкен қиындықтарды өткізіп, көптеген қарама-қайшылықтарды жеңулеріне әкеледі [1].

Студентік кезде жастар өз өмірінің үлкен психикалық  даму өзгерістеріне тап болады. Сондықтан студенттік кезеңнің жастық мөлшерін белгілеу өте қиын. Тек, студенттік кезеңді біз белгілі, ерекше әлеуметтік жас кезеңі дей аламыз.

Олар студент бола отырып өмірдің жаңа сатысына аяқ басады. Қоршаған ортаны басқаша қабылдайды. Ендеше, ұлт мәселесіне де басқаша қарайтыны байқалады. Студенттің "Мен" дәрежесі көтеріледі. Өзіндік сана-сезімі кеңейеді. Ұлттық намыс, ұлттық санасы өмірінде белгілі орын алады. Оқу іс- әрекетінің    мотивациялық  өрісі  де  өзгереді.Оқудағы  меңгеру  процесінің механизмдері: білім, дағды, шеберлік жүйелерінің нәтижелік көрсеткіштері өзгеріске ұшырайды. Ендеше, студенттердің курстан курсқа көшу барысында оқу түрткілері де үлкен өзгерістерге түседі. Егер студенттер көбіне бірінші курсқа кіргенде, негізгі оқу түрткісінің мақсатын, қажеттіліктерін дұрыс анықтай алмаған болса, оқи келе мұғалімдермен, өз курстастарымен қарым- қатынасқа түсе келе оқу іс-әрекетіндегі мотивациялық өрісін кеңейтеді.

Л.И. Божович түрткіге мынадай анықтама береді: «Түрткі - іс-әрекет не  үшін іске асырылмайтындығын білдіреді, оның мақсаттан айырмашылығы осы іс-әрекеттін бағытталуында. Яғни, баланың белсенділігін түрлендірудің бәрі түрткі болып табылады. Олар: баға, қызығулар, ұнамды болуға ұмтылу, баланың қабылдаған шешімі және борышын сезінуі тағы басқалар болуы мүмкін» [2].

Оқу іс-әрекетіндегі мотивациялық өрістің келесі көрсеткіші - мақсат. Мақсат - қажеттіліктің жетістікке жету кезеңін көрсететін нәтижелерге белсенділіктің бағытталуы. Оқу түрткісін іске асыру үшін, оқу іс-әрекетінде көптеген аралық мақсаттар қойып, оны орындауға тырысу керек. Психологтардың айтуы бойынша түрткілер көп жағдайда оқу іс-әрекетін тұтастай бейнелейді, ал, мақсаттар жекелеген оқу әрекеттерін бейнелейді.  Бірақ, мақсатсыз өте күшті деген оқу түрткілері ұйтқымалы болуы мүмкін. Сонымен, қатар студенттер өз әрекетінің мақсатын сезініп (1-3 курста), оларды оқу мотивтерімен байланыстырады. Оқу мақсаты бір болуы мүмкін, ал оқу іс- әрекетінің мазмұны оның түрткілеріне байланысты өзгеріп отырады.

О.К. Тихомиров мақсатты түрткіні мақсат арасындағы байланыс арқылы ажыратады. Егер мақсат сырттан берілсе байланыс мақсаттан түрткіге қарай қалыптасады, егер мақсат іс-әрекет барысында өз бетімен құрылса, онда байланыс түрткіден мақсатқа қалыптасады [3]. Мақсат - іс-әрекеттің алдын-ала қойылған нәтижесі, өмірлік жолдары көп жағдайда оқуға бағытталған.  Адамның өз алдына мақсат қоюы іс-әрекеттің жоғары дәрежеге жетуін, өнімділігін қамтамасыз етеді, оқу түрткілерін тудырып, оны  күшейтеді. Ендеше, студенттік кезеңдегі жастардың өзіндік сана-сезімі жетіліп, өзінің ұлттық санасы қалыптасып, өзін этнос өкілі ретінде сезінуі, оның басқадан қалмау, тіпті «асып түсу» деген мақсатын дамытып, өз елінің намысын, рухани деңгейін көтеруге деген қажеттілігі артады.

Оқушының дұрыс білім меңгеруі үшін, мақсаттың өз бетімен түрткі күші болуы және оның түрткіге айналуы маңызды. Студенттік өмірде осының мәнін тереңірек ұғындыру және болашақ маманның жан-жақты зерделі, білімді болуы еліміздің маңыздылығын, құндылығын, көтеретіндігін түсіндіру ұстаздың үлесіне тиеді. «Қызықты оқу пәні оқушылардың мақсат өрісінен тұратын, оның түрткісін түрлендіретін оқу пәні» [4]. Қызығу - шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Г.И.Щукина қызығушылықтың қалыптасу процесін іс-әрекетте пайда болады және оның құрылымы (міндеті, мазмұны, тәсілдері мен мотивтері) танымдық қызығушылықтың дамуының объективті негізін құрайды деп көрсетеді [5].

Ал, студенттік өмірде олардың танымдық іс-әрекеті тек білімге, оқуға ғана бағытталмай, өзімен бірге жүрген достарының да өмір салтын, өзіндік этностық ерекшелігін  тануға,  сөйтіп  өзінің  зерделік,  мәдениеттілік  өрісін  кеңейтуге бағытталады. Осыған орай олардың өмірге, білімге деген қызығушылығы  артып, өз халқын басқа халықпен қатар қоюға «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» бағыт алады. Сөйтіп, студенттердің оқу түрткілерінің танымдық және әлеуметтік жағының маңызы, мағынасы олар үшін кеңейеді. Студенттердің оқу процесіндегі сыртқы ортамен қарым-қатынасындағы орны, достарыны” алдында беделінің көтерілуі, ынтымақтастық қарым-қатынас түрткілері нығая бастайды.

Қандай да болмасын қарым-қатынас жүйесінде екі жақтық әрекет болады. Ол қарым-қатынастағы негізгі роль – атқарушы да, екіншісі - оның серіктесі (партнер). Міне, қарым-қатынастың сәтті болуы осы екеуіне байланысты [6]. Бұл құбылысты студенттер арасынан жақсы аңғаруға болады. Жаңсақ  нанымдар осы өзара қарым-қатынаста белгілі әрекет етуге кедергі жасауы да, көмек беруі де мүмкін. Біздің жағдайымызда Республикадағы негізгі, түпкілікті қазақ этносы болса, оның серіктесі қазақпен етенесіп кеткен орыс халқы. Ендеше, еліміздің этносаралық жақсы, достық, келісушілік, уызбіршілік жағдайда болуы, осы этностардың өзара тату, ынтымақтас болуынан. Осындай жағдайда бір-біріне тығыз әрекет етуші индивидтердің этникалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың біріккен іс-әрекетін басқарып, ұйымдастыруда этносаралық қарым-қатынастағы өзара әсерін зерттеумен олардың ішкі бағытын, жаңсақ нанымдардың соған орай этностардың бірін-бірі білудегі қабылдау ерекшеліктерімен олардың мәдениет тұрмыс-тіршілігінің тигізетін әсерін анықтау қажеттігі туады.

Егер, негізгі ұлттық белгілер оның тілі, діні, мәдениеті және әдебиеті болатын болса, олардың адам мінез-құлқына қалайша әсер ететіндігін анықтау психология ғылымының үлесіне тимек. Бұл көрсетілген факторлар сол ұлт мінезінің, сана-сезімінің, бағыт-бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Ендеше, оқу процесінде осылардың оқушы бойында көрінуі мен өзгеруіне көңіл бөлу қажет.

Ұлт өкілінің бірден-бір белгісі – оның ұлттық өзіндік санасының қалыптасуы. Ұлттық өзіндік сана адамның тұлға ретіндегі «дайын» субъектілік анықталуы. Ендеше, сол ұлттық өзіндік сананы қандай компоненттер құрайды, олар қалай көрінеді және адам өміріндегі жағдайларға байланысты қандай өзгерістерге ұшырасады деген сұрақтарға жауап табуымыз керек. Сонда ғана оқу процесінде ұлттық жүріс- тұрыс қасиеттерін бала бойында қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Осы айтқанымызды Л.С. Выготскийдің- «баланың мәдени дамуы екі рет, екі тұрғыда көрінеді: әуелі- әлеуметтік, сонан кейін –психологиялық деп, алдымен адамдар арасында интерпсихикалық категория ретінде, содан кейін баланың ішкі, өзіндік, интрапсихикалық категория ретінде жүзеге асады»,- дегенімен дәлелдей аламыз [7]. Себебі мектеп бала үшін негізгі әлеуметтік ортасы. Ал, бастауыш мектеп баланың «тұлға» ретінде қалыптасуының негізі ұйымдастырушы «қалпы».

Оқу процесінде ұлттық өзіндік сананың ішкі компононттері «ұлттық таптаурындар», «ұлттық бағыт», «тұлғалық бағдар» және «этникалық жаңсақ нанымдардың» пайда болуын, көрінуін және өзгеруі немесе тұрақтылығы бастауыш сыныптың өзінде-ақ жақсы көзге түсетіндігі біздің зерттеулерімізде анықталды [7].

Көп этносты ортада жеке адамның танымдық іс-әрекетінің дамуы оқыту процесінде оған этнос өкілі ретінде ерекше қарауды талап етеді. Біріншіден, студент - ерекше әлеуметтік категория, екіншіден, жалпы заңдылыққа бағынышты дамитын психикалық құрылымы бар индивид, үшіншіден, оқу құндылығы, бағыт-бағдары бар этнос өкілі. Ендеше, оқыту процесі осы үш белгіні жинақтап қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқыту процесінің -микро, -меза, -макро деңгейлерде қалыптасуының ерекшелігін анықтауға негізгі құрал болады.

Кеңестік психологияда этникалық таптаурын болып, көптеген методологиялық және теориялық зерттеулер жасаған (В.С. Агеев, А.Г.  Асмолов, Б.С. Братусь, А.Г. Ковалев, С. Лацарус, В.С. Мерлин, М.М. Мұқанов, В.Ф. Петренко, К.К. Платонов, В.В. Спирин, В.В. Столин, Д.Н. Узнадзе және т.б.).

Сондай-ақ бұл мәселені тәжірибелік жоспарда зерттеген жұмыстар да көп (С.Н. Епиколопов, Т.Г. Стефаненко, З.В. Сикевич, Е.И. Шлягина және т.б.). Бұлар тек өз зерттеулерін этникалық таптаурындарды қарастыруға бағыттады. Ал, шетел психологиясында жеке адам стереотиптері мәселесін қарастырған: В. Девид, Х. Дайкер, Г. Салливен, Дж.С. Тернер, З. Фрейд, Э. Фромм, Э.Э риксон және т.б.

Қазақстанда этнопсихологияның ғылыми мәселелерін қарастырған Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев. Кейінгі жылдары мұндай еңбектерді А.Ж. Алдамұратов, С.М. Джакупов, Д.Д. Дүйсенбеков, К.Б. Жарықбаев, Б.Ә. Амирова, В.К. Шабельников еңбектерінде байқалады.

Қазір экономикалық, саяси, әлеуметтік сфераларда, сонымен қатар оқу- ағарту ісінде көптеген өзгерістер жүріп жатыр. Бұрынғы қалыптасқан құндылықтар жүйесінің орнына жастардың жеке басының қалыптасуының негізгі факторларын құрайтын жаңа психологиялық бағыттарды қалыптастыру оңай емес.

Егеменді Қазақстан Республикасының өмірінде негізгі рөлді қоғамның белсенді бөлігінің бірі - студенттер қауымы алады. Ол жастардың кәсіби дамуы, әсіресе қазіргі заманға сай жеке бастарының ерекшеліктерінің дамы , қоғамның әрі қарай дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан да осы психологиялық зерттеудің маңыздылығы зор, өйткені қоғамның болашақ иелерін жеке адам ретінде дұрыс қалыптастыру.

Ғылыми зерттеуіміздің өзектілігі оқыту процесіндегі студентердің этникааралық өзара әрекетінің тиімділігін арттыру және олардың танымдық іс- әрекетінің нәтижесін көтеруге мақсатымызды бағыттадық.

Психикалық дамуының бір ерекшелігі сол, студент есейген сайын, бұрынғы оның өмір жолында ерекше орын алып келген қәсиеттері мүлдем жойылып кетпей, сапалы өңдеулерден өтеді. Оған себепші - студенттің жаңа ортадағы қарым-қатынасы, іс-әрекет жүйесі. Студенттердің іс-әрекеті белсенділік мәнге ие болады.

Оқыту процесі ұстаздардың басшылығы арқылы студенттердің біріккен танымдық іс-әрекеті олардың оқу нәтижелілігінің шарты бола алады.

Студенттік өмірде өзін кез келген этнос өкілі ретінде сезініп,  бір-біріне өзара әрекет етеді. Бұл объективті қатынас жүйесінде іске асып, қоғамдық өмірде, танымдық іс-әрекетте қалыптасуымен анықталады. Танымдық іс-әрекет бір-біріне өзара әрекет етуші жеке адамдардың, оқу процесінде дамып- қалыптасатын ерекше психологиялық жағдай.

Республикамыздағы этностардың экономикалық, саяси, мәдени және идеологиялық өмірлер бірлігі, сонымен бірге түбірлі мүдде-мақсаттарының әлеуметтік біртектілігі олардың жалпы психологиялық қасиеттерінің заңды түрде бірлігін тудырады.

Дегенменде, біздің байқағанымыз әр этностың өзіндік ерекшелігі, тұрмыс- тіршілік жүйесі, ендеше, мәдени-рухани қалыптасуы болады. Мұндай ерекшеліктер этностардың бір-бірімен байланысында, қарым-қатынасында өзінің әсерін тигізбей қоймайды. Әр этнос өкілі өзінің өмір жолында халқының құндылығын, бағыт-бағдарын дәріс етіп, атадан балаға мұра ретінде қалдыра береді. Сөйтіп, көп этносты республикамыздың рухани, мәдени, саяси және экономикалық байлығы өсе береді.

Осы этнос өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерін біліп алмай, оны сәтті шешу мүмкін емес. Оған дәлел, қазіргі кезде туып отырған саяси-әлеуметтік процестер мен жағдайлар. Этникалық мәселелермен шұғылданып жүрген ғалымдар мен мамандардың айтуынша, көпұлтты қауымда кездесетін этнопсихологиялық ерекшеліктерді зерттеу, оның әр этностың болмысына тигізетін әсерін анықтау, еліміздегі көптеген этностар арасында болып жатқан қарама-қайшылықтарды жояр еді және нарықтық экономика кезінде көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берер еді.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. - М.: Просвещение, 1968. – 589 c.
  2. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.М. Этносоциология: цели, методы и некоторые результаты исследования. - М.: Наука, 1998. – 344 с.
  3. Кулюткин Ю.Н. Психология обучения взрослых. - М.: Просвещение, 1985. – 436 с.
  4. Чебаксаров Н.Н., Чебаксарова И.А. Народы, расы, культура. - М.: Знание, 1988. – 368 с.
  5. Выготский Л.С. Собр.сочин. Т. 3. Проблемы развития психики. - М.: Наука, 1983. – 534 с.
  6. Обозов Н.Н. О трехкомпонентной структуре межличностного взаимодействия. В кн.: Психология межличностного познания. – М.: Академия, 1981.– 263 с.
  7. Әмірова Б.Ә. Оқу процесінде этникалық жаңсақ нанымдардың көрінуі мен өзгеруі. – Қарағанды: Білім, 1989. – 165 с. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.