Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби жауапкершілігі

Түрлі жоғары оқу орындарындағы әр түрлі типтегі кәсіптерді игеруші студенттердің өзін-өзі тануына бағытталған жұмыстар саны көп емес. Техникалық жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби өзін-өзі тануын Фам Тхань Нги қарастырған. Ол кәсіби өзін-өзі тану құрылымында 6 компонентті бөліп көрсеткен:

  1. Кәсіби моральды ұғыну. Моральдық фактор әлеуметтік шындықтың оқшауланған пәндік саласына жатпайды. Ол тежегіш және ілгері дамушылық функция ретінде, әлеуметтік рөл негізінде адамның кез-келген іс-әрекетіне үнемі бірлесіп қатар жүреді екен. Кәсіби өзін-өзі тану құрылымындағы кәсіби моральдық көріністер: адамдарға адамгершілікті қарым-қатынас, еңбек өнімділігін арттыруын қамтамасыз ету қоғамның әл-ауқаты қамқорлығы, өз кәсіби еңбегінің маңызын ұғыну.
  2. Өз кәсіби адамгершілігін ұғыну. Мұнда кәсіби адамгершілік мораль нормаларына сәйкес іс-әрекеттердің орындалуына сай келетін тәсілдер мен құрылғы таңдауда байқалады.
  3. Өзін кәсіби қызметтің субьектісі ретінде ұғыну. Адам қызмет субъектісі ретінде өз жұмысын атқарудағы жауапкершілігін, қызметтің құрылғысы мен жағдайын, нәтижесін ұғыну. Қызметтің атқаруға индивидуалдығын ұғыну.
  4. Өз кәсіби маңызды сапаларын ұғыну және бағалау. Кәсіби өзін-өзі тануға кәсіби қызметтің сәтті жүруіне қажетті сапалар кірістірілген.
  5. Түрлі еңбек қатынастарын ұғыну және бағалау. Кәсіби топтағы, ортадағы тұлғааралық қатынас жүйесіне ену адамның өз-өзіне маман ретіндегі, қызмет ететін ұжымына өз кәсіби қызметіне қарым-қатынасының қалыптасуына септігін тигізеді.
  6. Жеке өзіндік дамудың уақыт кеңістігінде ұғыну, Өзін-өзі ұғыну арқылы өткен, қазіргі кез және болашақ арасындағы байланыс орнайды. Кәсіби өзін-өзі ұғыну маманның дамуын кәсіби шеберлігінің өсуі, қызмет бойынша көтерілуі, мәртебенің өсуі, әлеуметтік мәртебесінің нығайтуы секілді сипаты жағынан көрсетеді. Жоғарда аталғандар бойынша мотивациялық кезеңді бөліктерге бөлуге болады [1].
  7. Субъектілік – белсенділік деңгейі адамның қалыптасқан жағдайы және сыртқы факторлар әсерінен өз қызметін мотивациялауды, дағдылауды сипаттайды.
  8. Үйлесімділік деңгейі дағдылардың ішкі байланысының деңгейлік, ол адамның құндылықтары мен ұстанымдарын, оның ішкі белсенділігімен үйлесімін сипаттайды.
  9. Таңдалған денгейі таңдалғалы отырған қызметтің мақсатын таңдаудың дайындық және маңыздылық деңгейін, оның ішкі және сыртқы мүмкіндіктерімен, сонымен бірге қызметтің жүру барысымен үйлесімін сипаттайды.
  10. Өзін-өзі реттеушілік деңгейі тікелей және кері әлеуметтік- психологиялық байланыстың өзара әрекет жүйесінің тұрақтылығын айқындайды, бұл әлеуметтік-психологиялық кері байланыс дегеніміз «мақсат - түрткі» бағыты, яғни таңдалған мақсаттың индивидтің барлық мотивациялық жүйесіне әсері.

«Түрткі-мақсат» қарым-қатынасы бұл – оның бағыттылығы мен тығыздылығын сипаттайтын «вектор» немесе бағыт. Жалпы мағынасында түрткі – ол адамды қызметке талпындырады, ал мақсат – оны орындау процесінде  қол  жеткізуге  талпындырады.  Алайда  түрткінің  шынайы  негізі болып салыстырмалы қажеттіліктер жүйесі, яғни объективті қажеттіліктер табылатындығын ескерген жөн.

Түрткі – бұл олардың субъективті көрініс табу формасы. Түрткіде тек индивидуалды ғана емес, қоғамдық қажеттіліктер сипат алады.

Мотивация деңгейі ол адамның түрткісінде әлеуметтік қажеттіліктердің қаншалықты көрініс табатынына қатысты анықталады: оларда әлеуметтік қажеттіліктер қаншалықты көп болса, мотивация деңгейі де соншалықты жоғары бағаланады. Осылайша, әр адамда өмір бойы түрткілер жүйесі қалыптасады, оның бірі-басыңқы, екіншісі-бағыныңқы болады.

Бұл жүйені мотивациялық сала деп атайды. Оның қалыптасуы – маңызды тәрбиелік мақсат. Бұл сала адамдағы қиындықтар мен келеңсіздіктер, дағдарысты оқиғалар туындау жағдайында үнемі қатар жүретін кәсіби қалыптасу процесімен тығыз байланысты.

Осылайша, мотивациялық сала көп құрамды динамикалық қалыптасу болып табылады.

Біздің түсінігіміздегі мотивациялық бағыттылық бұл – бір жағынан мотивациялық саланы жүйе сипаттамасы арқылы теориялық түсіну тәсілі, мұнда барлық мотивациялық көріністер өзара әрекеттескен, екінші жағынан – жалпы білім алу түрткілері иерархиясындағы басыңқы түрткілердің өзара байланысты  және  өзара  қатынасының  шынайы  талдау  тәсілі.  Сонымен бірге «түрткі» ұғымы мотивациялық бағыттылық талдауының өлшем бірлігі болып келеді.

Соңғы жылдары студент жастардың құндылықтар бағытының қалыптасу мәселелеріне қызығушылық қоғамдағы динамикалық өзгерістерге байланысты туындап отыр, яғни: қазіргі жағдай деидеологизация, дихотамиялық (үнемі тұрақсыз баланс), инерсиямен (мағыналардың қарама-қарсыға ауысуы) сипатталады. Нәтижесінде қазіргі қоғамдағы тұлға нақты құндылықтар мәнінің жайылуы, оның девальвациясымен сипатталатын құндылықтар жүйесінің дағдарысын бастан кешуде; құндылықтардың қайта бағалануы, аксиологиялық белгілердің ауысуы.

Қазақстандық ғалымдар әлеуметтенудің негізгі институттарының трансформациялану жағдайындағы әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің норма, құндылықтарының деформациялануын және әлеуметтік бақылаудың жаңа жүйесінің қалыптасуын атап өтеді. [2]. Сәйкесінше бұрынғы идеалдар мен референтті болып табылмайтын кезеңде, жастар мен студент жастардың талпыныстры мен қажеттіліктеріне, құндылықтары жүйесі мен олардың қалыптасуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осыған байланысты жоғары оқу орындарындағы, әсіресе техникалық профильдегі, оқу-тәрбиелік жұмыстардың нәтижесі туралы сұрақ туындайды.

Көбіне бұл жұмыстың нәтижелігі техникалық жоғары оқу орны студенттерінің зерттелу деңгейіне тәуелді болады. Осы мағлұматтар бойынша оқу процесі мен тәрбие жұмысын тек студенттерге ғана емес, педагогтар мен әдіскелерге де нәтижелі ету мүмкін болып отыр. Білім алу мен тәрбиелеудің мазмұнды, әрі нәтижелі болуы үшін студент жастардағы құндылықтар бағытының  жағдайы  мен  процесін  зерттеу  қажет.  Жоғарғы  мектеп  жастар өмірінде маңызды орын алады және студенттердегі құндылықтар әлемін қалыптастыруда мықты күшке ие. Осылайша, жоғары мектептің әлеуметтік- мәдени институт ретіндегі потенциалды мүмкіндіктері, яғни студенттердің құндылықтың бағыттарын дамыту мен сақтау және оның оқу-танымдық пен мәдени-демалыс қызметінде тәрбиелік потенциалының нәтижелі жүзеге аспауы арасындағы қайшылықтар зерттеу маңыздылығына ие болды.

Құндылықтар және құндылықтық бағыт категорияларының мазмұнын анықтап алайық.

Құндылықтар мәселесін жасақтауға әйгілі философтар мен әлеуметтанушылар зор үлес қосқан. Олар әлем тарихы мен ауыспалы өркениет талдауларында қоғамның даму сатыларының әрқайсысының сапалық өзгешелігін айқындауға талпынды. Мұнда қоғам – түрлі әлеуметтік қарым- қатынаспен байланысты әлеуметтік формалардың бірлігі мен  ынтымақтастығын сақтауға қажет топтардың ішкі дүниесін сипаттайтын, сезімдер күші көрініс табатын ұстанымдар мен құндылықтар айқын болғанда ғана өздігін жүзеге асырылады.

Қоғамда бар құндылықтарға сақтау концепциясы олардың маңызды реттеуші функциясын бөліп көрсетеді. М. Вебер көзқарасындағы құндылықтардың мәні, құндылықтар әлеуметтік қарым-қатынастың жүйесінің негізі болып табылады. М. Веберге қоғамдық қарым-қатынас негізі болып, қоғамның рухани өмірінде басыңқы рөл атқаратын «материалдық және идеялық қызығушулықтар» табылады. Ол адам өмірі сан түрлі және құбылмалы: онда үнемі жаңа құбылыстар болып жататынын атап өткен. Алайда өмір сол өзгермелі түрткі мен талпыныстарға жүгінеді, сондықтан адамдар қандай мақсатқа талпынып, қандай ойлары бар екендігін, олардың құндылықтары неден құралатындығын түсініп алу қажет. Қоғамда кез-келген себепті байланыс құндылықтарды жандандырады және онсыз ешқандай мәнге ие болмайды.

Қоғамның мәні – құндылықтар мен түрткілер әлемі. Қоғамда барлық заңдар ұсынылады және олар нақты құндылықты жүзеге асыру құрылғысы болып табылады. Қоғам үлгісі, қоғамның мотивацияларын таңдау, «құндылықта бағытталған».

Тұлға мінез-құлқының мотивациялық талдауының негізін Т. Парсонстың еңбегінен табуға болады. Оның пікірінше әлеуметтік заңдар, олардың дұрыстығы құндылықтармен қатал шектелген. Ешқандай қоғам, құбылыс, ешқандай әлеуметтік мінез-құлық жүйесі мәнсіз, егер де себепті процесс негізінде жатқан мотивацияны түсіндіретін үлгілер арқылы сипатталмаса. Әлеуметтік құбылысқа мән беретін де – үлгі. Алайда құндылықтар мотивациясы басты болып табылады.

Дегенмен құндылықтардың және олардың әлеуметтік мінез-құлық талдауындағы рөлін зерттеуде П.Сорокиннің еңбектері алдыңғы орын алады. Ол қоғамдық өмір механикасын әлеуметтік мінез-құлық негізінде айқындауға талпынды. Оның ойынша адамдардың бірігіп өмір сүруі түрлі формалар мен деңгейлердің тәуелділігі: экономикалық, мәдени, биологиялық, территориялық, маңыздысы әлеуметтік секілді деңгейлердің тәуелділік жүйесі ретінде сипатталады.    Әлеуметтік    мінез-құлықтың    тұрақтылық    формасы    мінез-құлықтық әлеуметтік-мотивациялық аспектілеріне байланысты. П.Сорокиннің концепциясы негізінде құндылықтардың басыңқылық жүйесі идеясы жатыр.

Қоғамдық өмір негізінде жатқан себептер мен қозғаушы күштер талдауындағы тұлғалық ұстаным мен құндылықтарға У.Томас пен Ф.Знанецкий үлкен көңіл бөлді. Әлеуметтік жүйелікте олар әлеуметтік ситуацияны ұғынуда маңызды элемент болып болатын, объективті жағдайларды қарастыратын құндылықтар мен ұстанымдар бөліп көрсетті.

А.Г. Здравомысловтың пікірінше қажеттілік, қызығушылық пен құндылықтар әлеуметтік орта мен индивидтің ішкі дүниесі арасындағы байланыстырушы болып табылады.

Әлеуметтік және индивидуалдық әлем байланысын қарастырғанда, бұл категорияны психология және философия деңгейінде қарастыру қажеттілігі туындайды. Әлеуметтік-психологиялық деңгейдегі «құндылықтар» қоғам үшін тарихи-әлеуметтік мән, ал индивид үшін белгілі бір құбылыстың шындықтың жекелей мәнін анықтайды. С.Л.Рубинштейн тікелей қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудағы адам қызметінің реттеушісі болып құндылықтардың қоғамдық шкаласы есептелетіндігін атап өткен. Қоғамдық пайдалы қызмет арқылы индивидтің қоғамға қарым-қатынасы жүзеге асады, жеке тұлғалық  және қоғамдық маңызды қарым-қатынас орнығады. Құндылықтардың болуы адамның әлемге бей-жай қарамайтындығының белгісі [3].

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық тұлғаның бүкіл мағыналық құрылымының неғұрлым терең қабаттарынан тұратын вербализацияланбаған философияның негізгі түсініктік универсалияларының бірі ретінде анықталады. [4].

Бақылаулар мен кәсіби дайындықты ұйымдастыру тәжірибесін талдау көрсетіп отырғандай, түрлі типтегі кәсіби оқу орындарының оқу-тәрбиелік қызмет тәжірибесінде студенттің оқу жылының бірінші, әсіресе екінші және үшінші жылында кәсібін игеру процесіне қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін жағдайлары байқалады. Бұл екінші және үшінші жылғы кәсіби дайындықтың кері синдромы деп аталады. Олар өз кәсібін таңдауына көңілдері толмайды, тіпті кейде оқу орны мен мамандығын ауыстыруы туралы шешімге келеді. Бұл жағдай жақсы оқу үлгерімі мен тәжірибеден өту барысында тапсырмаларды сәтті орындау кезінде де орын алуы әбден мүмкін. Яғни бұл дегеніміз мәселе қабілеттілікте емес. Мұндай жағдайда психологиялық тұрғыда парадоксальды оқиға қалыптасады: студенттер объективті түрде кәсіби оқу орны қабырғасында бола тұра, яғни кәсіби қалыптасудың екінші сатысында, субъективті түрде бұл процестің тек бірінші сатысында, тіпті оған алғашқы қадам деңгейінде болуы мүмкін. Басқалай айтқанда кәсіби қалыптасу процесінде кері, регрессивті қозғалыста болуы мүмкін.

Студенттің болашақ кәсібіне жағымды, қызығушылық қарым-қатынасты, бірінші курстан тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру кезінен бастап-ақ қалыптастыру керек, себебі қазіргі өркениетте индивидумның әлеуметтік бағалануы техникалық жүзеге асырылған және маңызды кәсіби қызметі мен еңбегіне негізделеді.

 

Әдебиеттер

  1. Душков Б.А. Психосоциология человекопознания. – М.: Наука. - 2003. - 480 с.
  2. Абдирайымова Г.С., Морозова Т.А. Социализация молодежи в условиях глобализации. Казахстанская цивилизация: проблемы адаптации и социализации человека. Материалы международной научной конференции. – Алматы: Санат. -– 262 с.
  1. Новая философская энциклопедия: – М.: Мысль, 2001. – Т.4. – 605 с.
  2. Ермухамбетов А.А. Особенности использования интернет–коммуникации в политической сфере. Казахстанская цивилизация: проблемы адаптации и социализации человека. Материалы международной научной конференции. – Алматы: Кітап. - 157 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.