Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оралмандардың қазақстан қоғамына әлеуми-мәдениеттік бейімделуінің кезеңдері

Өздерінің тұрғылықты мекен жайларын өзгерткен барлық адамдар, өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынасқа түскенде белгілі бір деңгейде қиындықтармен кездеседі, олардың іс-әрекетін алдын-ала айту өте қиын.  Бұндай оқиғаға кезігетіндер этникалық қазақтар, біздің отандастарымыз, Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бастап 700 мың адам келген. Алайда, алғашында бірінші көшкіндерді қабылдағанда, олар негізінен ауқатты отбасылары өкілдері мәдени шок белгілерін көтере алмай өздерінің тарихи отандарын қалдыруға мәжбүр болды. Қазіргі таңда негізінен тарихи отандарында өздерінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында материалдық жетістіктері төмен отбасылар оралуда.

Қазақ қоғамында олар үшін жетістікті интеграциялануы үшін, қазір мемлекет бейімделу орталықтарын жасап жатыр, онда тілдерді оқыту курстары (қазақ, орыс), заңдылықтарға сонымен қатар, кириллицаны үйрету ұйымдастырылады. Олардың барлығына қарамастан тұрғылықты халық пен оралмандар арасында «мәдени алшақтық» факторлары көрініс табуда.

Заманауи ғылым әлемінде мәдениаралық бейімделуді оқыту қиын процесс ретінде қабылданады, оны жетістікпен аяқтаған жағдайда адам жаңа қоршаған мәдени ортаға сай бола алады. Мономәдени ортадан келген оралмандар басқа әлеумимәдени ортамен байланысқа түскенде «аккультурация» процесімен ұшырасады.

«Аккультурация» процесімен бірге әртүрлі мәдени топтар арасында жаңа мәдениет үлгілерін бір-бірінен алу немесе әрқайсысы толық немесе жартылай басқа мәдениеттен алып ұстану қатар жүреді [1]. Қазіргі уақытта көбінесе жеке деңгейде бұл феноменді психологтар оқиды, «психологиялық аккультурация» деп аталады - бұл процесс индивидтің психологиясындағы өзгерістер болып табылады. Сонымен, оралмандардың жаңа мәдениетке бейімделуін үш түрге бөлуге болады: психологиялық, экономикалық және әлеумимәдениеттік бейімделулер.

Психологиялық бейімделулерге негізінен аффектілік реакциялар жатады, ол жақсы жағдайды сезінумен байланысты. Психологиялық бейімделу өзіне өзін- өзі жақсы сезінуді, жеке және мәдени нақтылықты сезінуді сонымен  қатар, жаңа мәдени ортада психологиялық қанағаттану жетістіктерін қосады.

Әлеумимәдениеттік бейімделу жаңа мәдени қоршаған ортамен нәтижелі қарым-қатынасқа түсуді анықтайды. Ол жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес әлеуметтік жаңалықтарды сіңірумен байланысты, нәтижесінде күнделікті өмірдегі әлеуметтік–мәдениеттік мәселелерді шешуге көмектеседі. Басқаша айтқанда, бұл тұрғылықты тұрғындарға байланысты сан мен сапа, тіл  білгендігі, заңдылықтар мен жаңа мәдениеттің ерекшеліктері. Әлеумимәдениеттік бейімделу процесіне әсер ететін маңызды фактор болып оралмандардың «туған мәдениеті» мен «жаңасының» арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер.

Экономикалық бейімделу жұмысының бар екенін немесе жоқтығын бейнелейді, «жаңа мәдениеттің» мәдени ортадағы кәсіби жетістігінің деңгейі.

Оралмандардың бейімделу жетістіктері жеке және топтық факторлармен бейнеленеді. Жеке факторларға демографиялық (жасы, жынысы, білімі) және адамның тұлғалық ерекшеліктері, оның мотивациясы, өмірлік біліктілігі, коммуникациялық жаңалықтарды меңгерулері жатады.

Кішкентай балалар тез және нәтижелі бейімделеді, олар ата-аналарына қарағанда әлдеқайда жылдам жаңа ортаға сай мәдени нормалар мен құндылықтарды қабылдайды.

2005 жылғы «Сапалы білімнің оралмандарға жеткіліктілігі» әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша балалардың көпшілігі жаңа әлеумимәдениттік ортаға бейімделу процесінде қиыншылықты сезінбейді, керісінше өте компетентті жаңа ортаға бейімделу процесінде үлкендерге көмектеседі.

Балаларға қарағанда жасөспірімдер жаңа өмірлік жағдайға күрделірек бейімделеді. Жасөспірім отбасымен бірге жаңа әлеумимәдениеттік ортаға ауысады және қосымша қиындықтармен кездесіп жатады. Отбасы арқылы алған, сол жерде тұрған мәдениет пен жаңа мәдени құндылықтар арасындағы қарама-қарсы қайшылықтар жасөспірімнің өзінің басқа тобын – құрдастары арасындағы тобын, ол өзінің жастардың субъмәдениетіне идентификациялануын таңдауда туындайды, яғни олар өздерінің құрдастарына келбетімен, іс-әрекет манерасымен, тілдерімен ұқсас болуы тиіс.

2005 жылғы Шымкент қаласындағы жасөспірім – оралмандарды  зерттегенде олар көбінесе ата-аналарының көзқарастарымен бөліспейтіндігін, тұрғылықты жердің балаларынан әлеуметтік, мектептік және кәсіби жағдайларда төмендеп, әртүрлі бөлінулерге алып келуі мүмкіндігін көрсетті, (Қытайдан келген оралмандарды – қытайлықтар, Өзбекстаннан келген оралмандарды - өзбектер және т.б.), өзінің статусы мен идентификациясына байланысты анықталмаған күйде өмір сүреді, ол омірден түңілген көңіл күйге алып келеді. Міне осындай жас жеткіншектер көптеген қиындықтармен кездесіп, оларды өз бетінше шеше алмай жүріп девианттық мінез–құлыққа ұшырауы мүмкін. Эмигрант қазақтармен салыстырғанда  оралман жасөспірімдер арасында агрессия басым екендігі айқындалды. Оның себептерін бейімделудегі проблемалар бар барлық отбасыларынан қараған жөн. Мысалы, Өзбекстаннан келген оралман озін көбінесе өзбектермен идентификациялайды, ал Өзбекстанға түссе ол өзінің қазақ халқымен жақын екенін, өзбектермен көптеген айырмашылығының бар екенін сезінеді.

Психологиялық берік және адекватты болып бір мәдениетте тұрып қалмай интеграция жолымен жүретін жасөспірім табылады. Зерттеудің берілгендері бойынша егер баланың үш оралмандар тарапынан жақын досы болса, онда ол өзінің туып өскен мәдениетін ұстануды сақтап қалған, ал егер үшеуіде тұрғылықты жердің балалары болса, онда ол жаңа мәдениетке аса ден қойғандығы.

Қарт адамдарға мәдениортаның өзгеруі қиын сын болып табылады. Үлкен жастағы оралмандардың басқа мәдени ортаға бейімделуге мүлдем талаптары жоқ және оларға міндетті түрде «жат» мәдениет пен тілді, соның ішінде орыс тілін, егер өздерінің ішкі сұраныстары болмаса меңгеруге қажеттілігі жоқ. Бұл жағдайда қарт адамдарда өзінің тұлғалық қасиеттерін бағаламау, өзіндік сенімнің, сезімнің төмендеуі, кіші ұрпақ алдында өзінің билігін жоғалту деген сияқты өзгерістер болады. Олар өздерінің ойларында алдынғы өтіп кеткен өмірлерінің кезеңдеріне оралып отырады. Бұл жас жалпы өтекнге бағытталған болып бейнеленеді. Мысалы, Шымкент қаласындағы «Ақжар» ауылында өзінің ақсақалы бар, соларға қатысты барлық мәселелерді шешіп отырады және ол осыған дейін тұрған жерінің мәдениетін ұстанады.

Жаңа әлеумимәдени ортаға бейімделудегі стресс деңгейін жоғары білім деңгейі факторы төмендетеді. Неғұрлым білім деңгейі жоғары болғанда, қарым- қатынаста мол болғанда, шет тілдерін білген жағдайда нәтижелі интеграцияланады. Білім деңгейлері төмен оралмандар өздерінің жолы болмағандықтарын сыртқы факторлармен байланыстырады, соның ішінде материалдық жетіспеушіліктермен. Дегенмен, білім деңгейі бейімделудің жетістікті болуын қамтамасыз етпейді, себебі өзінің квалификациясы мен мамандығына сәйкес жұмыс табуға кепілдеме жоқ.

Табысты бейімделудің ең тиімді факторы болып мотивация табылады. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, Қазақстанға келу себебіне кәсіби өсу мүмкіндігін және балаларының болашағы деп көрсеткендер тіл үйренуге (орыс, кириллица, заңдылықтар), жұмыс іздеуде үлкен белсенділік танытып отыр. Ал тарихи отанына оралуға өздерінің таныстарынан, достарынан, туыстарынан  үлгі алдық деп көрсеткендер, сонымен қатар тез арада материалдық жағдайын түзеп алғысы келетіндер белсенділік танытуға дайын емес екендігін көрсетіп отыр.

Әлеумимәдениеттік бейімделудің топтық факторларына әсер ететін мәдениеттердің сипаттамалары жатады. Олардың арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты «мәдени қашықтық» анықтайды. Мәдениеттер арасындағы айырмашылық     тілдерінде,     діндерінде, отбасы құрылымдарында, білім деңгейлерінде, материалдық жағдайларында және т.б. болады. Мысалы, алыс және жақын шет елдерден келген оралмандарға қарағанда табысты бейімделу ТМД елдерінен шыққан оралмандарға тән.

Табысты әлеумимәденитті бейімделуде ерекше маңызды орынды оралманның әлеуметтік − экономикалық статусы алады. «Мәдени шок» алдыменен әлеуметтік − экономикалық статусы төмендермен байланысты. Жұмысының барлығы, квалификациясының деңгейі оралман отбасыларына материалдық жағдайын түзеп қана қоймайды, сонымен қатар жаңа қоғамның әлеуметтік құрылымына, тұрғылықты халықпен қарым-қатынасқа шыныменен қосады. Оралмандар арасында белсенділікке бас бермеу тенденциясы да бақыланады, ол әлеуметтік қамсыздану бағытында үлкен күшті қажет етеді.

Жалпы бірұлттық араласу ортасынан (осыған дейінгі келген оралмандар негізінен шағын этноқауымдастықтармен тұрған), яғни дәстүрлі этникалық мәдениетті қатты ұстанған тұрғындар ортасынан шығып, таңсық ортада оралмандар көбінесе сіңісе алмайды, әсіресе алғашқы уақыттарда. Оралмандар мен тұрғылықты халықтар арасындағы қарым-қатынас жиі адекватты емес, тереңде іс-әрекет стереотиптері мен құруларында, себебі басқа елдерден келген оралмандар өздерінің ұлттық мәдениеттерін тасымалдаушы ғана емес сонымен қатар, бұрын тұрған мемлекетінің өмір сүру салтын да тасымалдаушы болып табылады. Қазақстан қоғамына келгеннен бастап оралмандар өзге әлеумимәдениетті   ортада   төрт  бейімделу   кезеңінен   өтеді. Бірінші кезеңді «таңқалдыру кезеңі» деп атауға да болады. Ол оралмандар басында тарихи отанына келгенде оптимистік бағытпен және қабылдаушы елден жауапкершілікті қабылдауды күтеді. Оптимистік және позитивтік бағытталып келгеніне қарамастан бұл кезең оралмандарға өзге мәдени ортамен қарама- қарсы келуімен аяқталады, бұл кезең үш айға созылады. Онан соң екінші кезең «көңіл қалу» - қабылдаушы ортамен байланысқа түскендегі түсініспеушілік кезеңі. Тілді, мәдени құндылықтарды, нормалар білмеу немесе жеткілікті білмеу, өмір сүрудегі әлеуметтік жағдайдағы әжептеуір өзгерістері,  тұрғылықты тұрғындармен қарама-қарсы түсініспеушілік сезімі, осылардың барлығының жиынтығы оралмандарға жаңа мәдениет стрессогендік әсерін туғызады, олардың көңілі қалуы, түсініспеушілікте қалуы, дискомфорт пен депрессия қалыптасуына алып келеді. Осылар сияқты себептердің кесірінен оралмандар жиі «мәдени шок» күйінде қалады. Мәдени шоктың мәні – жаңа және ескі мәдени нормалар мен бағыттылықтың шиеленісі, ескісі өзі тастап кеткен сол қоғамдағы индивидке тән және жаңасы, яғни өзінің келген қоғамына тән. Бұл шиеленістерді шешу жолдарының бірі болып – геттоизация (гетто сөзінен шыққан) табылады. Ол адам басқа қоғамға келгенде тілді білмегендіктен, табиғи – климаттық жағдайды білмегендіктен, діни сенімін білмегендіктен және басқа да себептерге байланысты өзіне жат мәдениетпен байланысуға қажет болғандықтан немесе талпынғаннан қашады. Бұндай жағдайда ол өз тайпаластарының арасында жеке мәдени  ортаны қалыптастыруға тырысады.[2].

Осыдан Қазақстан аймағындағы оралмандардың орналасуы айтарлықтай спецификалы   болып   көрінеді,   себебі   елде   екінші   орналасу, Қазақстан территориясында солтүстіктен оңтүстік аймаққа өту болып жатыр. Оралмандардың көпшілігі оңтүстік Қазақстан облысында, одан соң Маңғыстау және Алматы облыстарында тұрады. Берілген облыстардың барлығын қосып алғанда 64,9% оралман отбасылары тұрады. Бұндай өз бетімен ауысулар гомогендік орталардың қалыптасуына алып келеді. Мысалы, кез-келген Батыс- еуропаның, Американың ірі қалаларында тыс қалған және жабық аудандар бар. Олар қытайлық «чайнатаун» кварталы, Нью-Йорктегі орыс тілділер Бартон Бичі, Торонтодағы – үндістер мен тайлықтар, Берлиндегі Кройцберк – түріктер ауданы, бұл жерде жергілікті тілде мүлдем сөйлемей өмір бақи өмір сүруге болады. «Геттоға» ұқсас жайттар біздерде де бақыланады, мұнда ұлттық белгілермен емес, өздері келген мемлекеттің мәдениеті мен менталитетінде, келген оралмандардың көпшілігінің ол жақта туыстары, көршілері  қалып кетеді, кейін оларда оралғанда бір-біріне жақынырақ орналасқысы келеді, міне осылай тұйық өзіндік спецификалық мәдениеті бар ауылдар қалыптасады.

Мәдени шоктың белгілерін көпжоспарлықта байқауға болады, ол үшінші кезеңге тән, бұл жерде өзгемәдени ортада әлеумимәдениеттік бейімделу өзінің критикалық нүктесіне жетеді. Жаңа жағдайда өмір сүре алмаған оралмандар басқа аймақтарға көшіп кетеді, қайта өз елдеріне қайтады, тағы бір трагедиялық жағы бар, ол асоциалдық мінез-құлық яғни суицид болуы мүмкін.

Сонымен қатар, айтарлықтай кең таралған жағдай, оралмандар мәселемен бетпе-бет жолыққанда, айналасындағылардан әлеуметтік көмек алғанда мәдени шокты жеңуде адекватты жол табады, осылайша жаңа жағдайда өмір сүру комфортына қол жеткізеді. Бейімделудің төртінші кезеңінің нәтижесі бойынша стресс және депрессия ақырындап қанағаттанарлық, оптимистік және өз-өзіне сену сезімдеріне айналады. Қажетті білімдер алумен және әлеуметтік жаңалықтарды меңгеріп оралмандар жаңа жағдайға қабілеттене бастағанын және интеграцияланғанын сезіне бастайды.

Біздің эмпирикалық зерттеуіміз бейімделу процесінде оралмандар өздерінің тырысу нәтижесінен қадағалау сезімін жоғалтудағы кездесетін қиындықтармен байланысын нақты көрсетеді. Нәтижесінде олар өздерінің өмірлік мәселелерін ішкі тәртіппен түсіндіріп, өздерінен барлық жауакершілікті алып тастайды.

 

Әдебиеттер

 

  1. Большой толковый социологический словарь, том 1 – М.: Вече АСТ, 1999. – 544 с.
  2. Ионин Л.Г.Социология культуры. – Высшая школа экономики. – 4-е изд., М., 2004. – 427 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.