Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этностық қасиеттердің зерттелу мәселелері

Жеке адамның даму жағдайының этномәдениеттік жақтарын Р. Бенедикт, А. Кардинер, И.С. Кон, М. Мид, М.М. Мұқанов [1] еңбектерінен көреміз. Бұл зерттеулер жеке адамның дамуындағы этникалық, тарихи және табиғи жағдайлардағы тәуелділікті көрсетеді. Соңғы кездері этнос психологиясының мәселелері жиі ауызға алынып, оның кейбір жақтарың С.М. Джакупов, Д.Д. Дүйсенбеков,Қ.Б. Жарықбаев,  Н.А.Логинова, А.Г.  Малаева,  В.К. Шабельников, Б.А. Амирова және т.б. отандастарымыз зерттеп жүр [1].

Осыған байланысты ғалымдар талқысына түскен "Психологиялық энциклопедияның" жоба сөзтізбегіндегі этнопсихологияға байланысты отызға жуық   терминдер   алынған. Оған "дәстүр", "салт", "ритуал",   "этникалық таптаурын", "табу", "этностық қатынастар", "этностық келіспеушілік", "этноцентризм", "бірдейлік" (идентификация) "этникалық бағыт" және т.б. көптеген үғымдар енгізілген.

Этнос мәселесінің психологиялық жағын қарастыруда ұлттың өзіндік ерекшелігін, оның болмыс-бітімін, жүріс-тұрыс ерекшелігін, тұрмыс тіршілігін анықтамай, оның филогенетикалық, онтогенетикалық түбірін белгілеу өте қиын.

Этнопсихология өзі жеке дара ғылым бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлттардың психологиясының даму, жетілу ерекшеліктерін қарастырады. Ендеше, халық - территориясы мен тіл бірлігі, ортақ мәдениеті мен экономикалық қатынастарының ұғымы бар ұлттық топ.

Этнос - тілдің, территорияның, экономикалық өмірдің, өз мәдениеті мен психикалық қалпының ортақ бірлігіне негізделген адамдардың үлкен тобы. Мұнымен қоса, ол - тарихи категория. Этнос белгілі тарихи өзгерістерге байланысты жетіліп отырады немесе жойылып кетуі де мүмкін.

Этнос   өзінің   мәдениетін,   әдебиетін,   салт-дәстүрін,   тұрмыс   тіршілігін динамикалық түрде дамыта отырып, өз бойында белгілі психологиялық бағыт жүйелерін қалыптастырады. Бұны анықтауда оған байланысты алғы шарттарын ескеруіміз керек. Біріншіден, өзін-өзі бағалау ерекшеліктері -әлеуметтік құбылыс. Ендеше, адамның қоғамдағы орны және іс-әрекеті мәдени-әлеуметтік механизмдер ерекшеліктеріне байланысты. Екіншіден, адамның өзін-өзі  бағалау өзінің ішкі бағытына байланысты тарихи және ұлттық жазықтықтарда бірдей. ‡шіншіден, әр әлеуметтік, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты болатын топ, қоғамдағы ұлт, өздеріне тән мінез-құлық ерекшеліктерін иемденеді.

Әр этнос нақты тарихи, этникалық мағынадағы, толық қанды, әлеуметтік қарама-қайшылықтары бар рухани өмір кешетін қауым.

Этникалық мәдениетті, психологияны, өзіндік сананы, ең алдымен бір халықты екіншіден айыратын белгілер жиынтығы деп қарастырмай, оның тұрақтылығын, бірлігін қамтамасыз ететін ұлттық қауымдастық факторы деп қарастыру   керек.   Бұл   көзқарас   мәдениеттердің,   психологияның   және т.б.ерекшеліктердің мәнін көрсетеді. Басқаша айтқанда, этникалық психологияның негізгі  бағыттарын  зерттеу  үшін,  сол  халықтың,  этностық  тұрмысының  әр қырларын көрсететін объективті мінездемесі болуы шарт. Бұл көзқарас төмендегі тезистерді анықтайды, яғни:

  1. Этнос дегеніміз қоғамдық дамудың белгілі бір қалыбы. Бұдан ұлттық өміршендік ерекшелігі, кейбір өзіндік қоғамдық, психологиялық процестердің байланыстылығы шығады.
  2. Этнопсихологиялық ерекшеліктер, ұстанған бағыт пен құндылықтардын, әдет-ғұрыптар, эмоциялар  және  көңіл-күйдің  қалыптары,  ұлттың  ішкі  және сыртқы бейнесін, оны қоршаған табиғи және тарихи ортаның өзіндік ерекшеліктерінде байқалады.

Этникалық психологияның ерекшеліктерін түсіндірудің әдістемелік негіздерінің бірі - оның табиғатын және жалпы адамгершілік, таптық- әлеуметтік, этникалық арақатынасын ажырата білу. Халықтардың  психологиясы этностық рухани бейнесінің негізгі әрі маңызды жағының бірі болып есептелінеді. Этностардың психологиялық ерекшеліктері халықтардың табиғи материалдық жағдайларының көрінісімен адам санасында қалыптасады. Ол өзінің түп тамырымен халықтар тарихының терең түкпірінен орын алып, оның пайда болган негізінен бастап дамуда. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері - жалпы ұлттық категория. Этникалық психология - қоғамдық, әрі жалпы психологияның бірі. Ол ұнемі өзгеріп отырады. Қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде, әлеуметтік-экономикалық және жаңа мазмұн қабылдайды. Нақты этнопсихологиялық белгілерді анықтау барысындағы зерттеу еңбектерінің қиындығын байқаған Ю.В. Бромлей: «Әрекеттер мен кылықтардың жиі әрі жылдам қайталанып алмастырылуы басқа ұлттардағы сол жағдайларды салыстыруда қиындығын тигізеді, ал бұның көмегінсіз этникалың ерекшеліктерді анықтау тіпті қиын екендігі көпшілікке мәлім. Сонымен қатар әр ұлттың өзіне тән психикалық кескін-келбеттері тез арада емес, соңынан әр түрлі уақытта көрініс береді» - деген [2].

Жинақтап этнопсихологияны және оның құрылысын көрсететін әлеуметтік психологиялық факторлардың төмендегі топтарын бөлуге болады:

  1. этникалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар жүйесі;
  2. этникалың бағыттар мен құндылықтар;
  3. этнос психикасының бітісі;
  4. этникалық сезімдер мен көңіл-қүйлер.

Осы этникалық психологияның құрылымындағы этникалық бағыт жүйелерінің этноаралық өзара әрекетте алатын орны мол.

Психологияда    "бағыт"  мәселесін  зерттеп  қараған  Д.Н. Узнадзе «Экспериментальные основы установки» (Тбилиси, 1961.) еңбегінде қарастырған.

Бағыт - белгілі бір объектіге байланысты іс-әрекет барысында мақсат көзделген сипатқа анықталып, сезілінуінде субъектінің объектіге деген дайындығы, бейімделуі. «Бағыт» ұғымы алғаш рет неміс психологтары арқылы эксперименталды психологиямен келді. Қабылдаған затты сезіну шапшандығы (Л.  Ланге).  Қабылдаудағы  иллюзия  (Г.  Мюллер,  Т.  Шуман),  сонымен қатар айқындалмаған жағдайдағы мәселе шешудегі дайындық, бағыттылықпен анықталатын әртүрлі психикалық процестер. Кейінде әлеуметтік психологияда белгілі топ мүшелерінің бағдар, қүндылық, жүріс-тұрыс, наным ерекшеліктері негізінде қарайды (У. Томас, Ф. Знанецкий). Бағытты психикалық құбылыстардың негізі ретінде Д.Н. Узнадзе қарастырды [5].

Әлеуметтік психологияда жеке адамның топ мүшесі бола отырып, ондағы қатынасының, әлеуметтік объект болуының және өзін-өзі реттеу механизмінің, тұрақты   және   сәйкес   тендірілген   әлеуметтік   жүріс-тұрысының   және   жеке адамның әлеуметтену процесінде бағыт үнемі өзгерістерге ұшырасып отырады. И.С. Кон «Халықтың мінез-құлқын, психологиясын ашу елеулі, әрі қажетті әлеуметтік-психологиялық кескін-келбеттерін көрсету. Бірак тек жеке алынған кескін-келбет түрі өз алдына ерекше болмайды және бола да алмайды»,- деп көрсеткен [3].

Белгілі бір қасиетті, мейлі темперамент, тіпті қүндылықтар жүйесі болсын ол өз алдына өте ерекше бола алмайды. Этникалық психологиялық құрылымның ерекшеліктері өте айрықша қүнды, әрі елеулі болмақ, индивидтер мен ұлттарды салыстыруда ең бастысы кескін-келбет пен қасиет түрлерінің басымдылық дәрежесінде. Бұл көзқарасты этнопсихология саласында өте көп еңбек еткен ғалым А.Ф. Даждамиров та қолдайды [4].

Жеке адамның кескін-келбетін, этнос өкілінің кескін-келбеті ретінде қарап анықтауымыз, оны жекелеп топтастыруымыз, мәселен, европалықтардың кескін-келбеті, монғол типтестердің кескін-келбеті деп қарауымыз, әр этностың өзіндік   мінез-қүлық   нанымдарын   анықтауға,   оның   психологиялық   негізін ашуға мүмкіндік береді.

«Ғалымдардың ең негізгі міндеті - әрбір халыққа тән өзіндік кескін-келбетті құрау болып саналса да, куәліктерінде мәлімет пен суретіміз ғана көрсетеді. Ал өзіміздің бағалайтын немесе басқа біреулер айтатын мінездемелер біздің  белгілі бір іс-әрекетке бейімділік дәрежесін көрсетеді. Мәселен, жекелеген бір адамның  күш-қуатының  көп  болуына  карап,  сол  адам  қара  жүмысқа  бейімді деп айтуға әбден болады», - дейді И.С. Кон [3].

Этникалық қалыптасқан этникалық таптаурындар сапаларынан көруге болады. Этникалық таптаурындар сол ұлттың рухани, мәдени-танымдық көрсеткіші бола алады.

Этниколық таптаурындар - әр түрлі этнос өкілдеріне тән ортақ ақыл-ой, дене  бітістері  сипаттарының  біршама  түрақты  және  түрлаулы  сапа  белгілері. Ол таптаурындар халық іс-әрекетінің түрлі салаларында (сауда, құрылыс, егін, мал шаруашылығы т.б.) өзара қарым-қатынас, байланысқа түсуі негізінде, ұлттың өткені мен қазіргісінің позитивтік тәжірибесінің сәулесі ретінде көрініп бекиді.

Осы күнге дейінгі шетел және отандас ғалымдарымыздың (В.С. Агеев, Ю.В. Бромлей, М.М. Мұқанов В.П. Петренко, X. Штейнталь, және т. б.) бағдарлауларына сәйкес этностық таптаурынды зерттеп, оның психологиялық негізін ашу жалпы этнопсихология мәселесін анықтауға бірден-бір жол ашатын өзекті мәселе демекпіз.

Ендеше, этникалық таптаурынның табиғатын талдап, сипат беру, оны зерттеу объектісі етіп қарастыру, жеке адамның өзін-өзі бағалау анықтауға себін тигізетін бірден-бір ғылыми негізге ие болады.

Өзін-өзі  бағалау  адамның  түрмыс-тіршілігіне,  қызметіне,  кәсібіне  қарай бірнеше бағытта қалыптасады. Сондықтан, этникалық таптаурындар да әр ұлттың   өз   тұрмысына,   шаруашылық   жүйесіне,   дәстуріне,   тәртібіне   қарай бөлінеді. Ш. Монтескье ұлттық мінез - климаттық жағдайлардың әсер етуінің нәтижесі дейді. Ал, француз ағартушысы К.А. Гельвеций өзінің «Адам туралы» кітабында ұлттық мінез өте өзгермелі құбылыс, ол өзінің басқарылуынан, ұйымдасуынан үнемі өзгеріп отырады. Осыған орай қандай да болмасын этнос өзін тез сезінуге, қабылдауға, көруге, бағдарлауға бейім [1].

Атақты ғалым және этнограф А.Ф. Дашдамиров «Адамзаттың кейбір кескін-келбеттерінің  әр  қилы  көрініс  беруі  әр  халықта  әртүрлі  болады  дей келіп, олардың, яғни өзіндік таптауырын ерекшеліктері бар, мәселен еңбек сүйгіштікте,  қайырымдылық,  қарапайымдылықта  және  т.  б.  болуы  мүмкін»,  - деп өзінің, «Этнопсихологиялық мәселелерді зерттеу әдістері» (Баку, 1983)  атты еңбегінде атап көрсетті.

Қазақстан егемендік алып, өзінің ғылыми-техникалық дәрежесі өз қолына тиюі ғалымдардың алдына көптеген міндеттерді қойды. Соның бірі - өз, қазақ ұлтымыздың өзіндік психикалық қасиет сапаларын анықтау және ұлттың қабілет мәселесін көтеріп, ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін шешуде, республикамыздың түпкілікті этнос өкілі қазақтардың алатын орнын белгілеу.

Осыған орай В.К. Шабельниковтің пікірінше, белгілі полимәдениетті және полиэтникалық өзара әрекет механизмінің пайда болуынан, ерекше қоғамдық (европалық) сананың дамуы анықталады. Әртүрлі мәдениеттің өзара әрекет етуі өзара бейнелеуге, өзара рефлексияның пайда болуына ыңғай туғызады. Ендеше, жеке адамның әлеуметтену ерекшелігі оның психикасан нақтылы ашу болып табылады [1].

Бұл бізге, әлеуметтік жағдайдың жеке адамның іс-әрекетіне әсер етуін анықтау үшін қажет. Мұндагы бірден бір қиын мәселе, «нәтижені», алдымен әлеуметен тыс жүріс-тұрыс бар деп алып, соңынан қандай да бір «әлеуметтік» қабатпен табылады деп өңдеуге болмайтындығында. Ендеше, әуелі жеке адамды қарастырып, соңынан оны әлеуметтік байланыс жүйесіне енгізе алмаймыз. Себебі жеке адамның өзі әлеуметтік ортаның жемісі, бір жағынан, екінші жағынан, сол әлеуметтік қоғамды белсенді құрушы. Сондықтан жеке адамды (студентті) өзінің әлеуметтік ортасымен, коғамымен бірге біріктіре, ұштастыра отырып қарастыру қажет.

Этникалық сана-сезім мен оның сезімінің арақатынасын дұрыс бағаламайды, ол этникалың сезімді өзгермейтін, қандай да бір бастапқы деп алады да, оның негізін психологиялық құбылыстардан, инстинктен, сананың инерттілігінен т.б. іздеуді дұрыс деп табады. Этникалык сезім тек ұлтаралық қатынастарда  ғана  емес, адамдардың ұлтына,  ұлттық мүддесіне, мұқтаждығына, сонымен бірге басқа да ұлттардың мүдделеріне эмоционалдық ұлттық қатынастар болып табылады.

Этникалық сезім өзінің психологиялық негізі бойынша сезімдердің: үғыну, арман, отансүйгіштік, борыш т. б. сезімдердің жиынтығы ретінде қалыптасады. Этникалық сезімдер ғасырлар бойы ұлттың тарихында қалыптасып, жеке адамның (этнос өкілінің) бойында ұлттық мақтаныш, намыс, сүйіспеншілік, өз ұлтына деген көзқарасын дамытады. Кейбір жағдайларда ұлт өкілдерінің бойында  шовинистік,  ұлтшылдық,  тоғышарлық  сезімдер  де  көрінуі  мүмкін. Этникалық  сезім  әлеуметтік-психологиялық  күрделі  құрылым  бола  түра,  ол негізінен таптардың ұлттардың экономикалың жағдайы мен материалдык мүдделері арқылы дамиды.

Этникалық сана-сезім - этнопсихология үғымынан көрі шағын, соның компонентіне   енетін   түсінік.   Ол   ұлттарды   бір-біріне   ажыратып   тұратын айырықша белгі емес, тек әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Ұлттық сана- сезім өз ұлтының әлеуметтік-этникалық мәнің түсіну, ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі барын ұғыну,  әрі  өзге  халықтармен  бірдей  бостандықта  өмір  сүріп,  өзінің  салт- санасын, дәстүрін, мәдениетін т.б. жағдайларды жете түсіну болып табылады.

Этникалық мүдделер мен бағдарлар - этнос өкілінің өз этнос тұтастырын, бірлігін сақтауына бағытталған, оның мотивациялық көрінісін бейнелейтін қоғамдьщ-психологиялық құбылыс. Ұлттық мүдделер мен бағдарлар адамдардың  іс-әрекеті  мен  жүріс-тұрысын  қалыптастыратын  негізгі  қозғаушы күш болып саналады. Қандай да болмасын халықтың ұлттық мүддесіне күмән келтіру, сол ұлттың намысына, ар-үжданына, өмір жолына дақ салумен, тіпті оның мемлекеттік қауіпсіздігіне қатер төндірумен бірдей.

Ендеше, этностар   өкілдерінің  де  біріккен  іс-әрекет барысындағы үйлесімділігі, олардың   осы   іс-әрекет   үстіндегі   бір-біріне   әрекет   етуінің нәтижесінен   байқалады.   Олардың   бір-бірін   түсінуі,   бағалауы,   бір-бірімен санасуы осы өзара әрекет көрсеткіші болмақ. Дегенмен, адам үйлесімдігі абсолютті болуы шарт емес. Себебі, үйлесімділік деңгейі жоғары не төмен болуы мүмкін.

Топаралық байланыстың ертеден келе жатқан негізі этникалық және нәсілдік бағытты нығайтуға және топ ішіндегі байланыстарды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл сенімдер адамдар арасындағы кедергіні, күдікті бұзып, бірін-бірі  дұрыс  түсінуге,  бір-біріне  жағымды  әрекет  етуге  себепші  болады. Жоғарыда  айтылған  спорттық,  мәдени-қауымдық  әртүрлі  конгрестер,  кейінгі кездегі болып жатқан студенттермен алмасу - ұлтаралық келісім, үйлесімдердің бірден-бір түрткісі болмақ.

Этникааралық байланыстың алғашқы кезеңінің өзінен-ақ сол этнос туралы қате  түсініктер,  негативтік   көзқарастар   жойылып,   оларды  басқа түрғыдан сезініп, өзара әрекет ету (еліктеу, өз ұлтының құндылығын көрсету) басталып, ұлтаралық байланыстың нығайғаны көрінеді.

Біздің республикамыз көп этносты болғандықтан, қарым-қатынастағы өзара әрекет нәтижесі қандай да болмасын іс-әрекет түрлерінде, еңбек салаларында, оқу процесінде, түрмыс-тіршілігімізде  байқалады, сондықтан  ерекше белсенді тақырыптардың бірі болып табылады.

 

 

 

 Әдебиеттер

  1. Әмирова Б. Ә. Оқыту процесіндегі этникалық жансақ нанымдардың өзгеруі. Психология ғылымдарының кандидаттық диссертиация - Қарағанды, 1998. – 180 б.
  2. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса - М.: Просвещение. - 1984. – 354 с.
  3. Кон И.С. К проблеме национального характера. История психологии - М.: Наука. - 1974. – 426 с.
  4. Даждамиров А.Ф. Нация и личность. – Баку: Педагогика. - 1976. – 298 с.
  5. Узнадзе Д.Н. Психологическое исследование. - Тбилиси, 1961. – 342 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.