Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бейнелеу өнері пəнін оқыту үдерісінде полимəдени білім беру мүмкіндіктері

Кіріспе

 Бейнелеу өнері сабағының негізгі міндеті – балаларға бейнелеу өнерінің барлық түрлерінен жалпы мағұлмат беру қарапайым заттардың суреттерін бейнелеуді меңгерту, өмірдегі жақсы мен жаманды ажырата білуді үйрету, ұлттық өнерді оқыту арқылы оқушылардың ұлттық, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру. Əрбір оқушы бейнелеу өнері сабағы арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың əдемілігін, табиғаттың əсемдігін жəне осы əдеміліктерді көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіре алады. Əрине, бұл қабілеттілік пен эстетикалық талғамды əрбір оқушыға дарыту, бір ғана сабақтың нəтижесінде жүзеге асырылмайды, оған уақыт қажет. Бейнелеу өнері сабағында əрбір оқушы өздерінің көру, есте  сақтау,  ойлау жəне қиял, түйсіктері арқылы берілген тапсырмалардың немесе тақырыпқа байланысты табиғат құбылысының түрлі қасиеттерін бейнелеуге мүмкіндік алады. Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ тілі мен əдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дəстүрін меңгерту болып табылады [1, 3 б.]. Жалпы өнердің  дамуына қай  заманда, қай елде болмасын халық бұқарасы зор үлес қосып отырған. Сондықтан да кез келген өнер туындыларының  қайнар  көзін  халықтан  іздеу  керектігін білген [1, 11 б.].

Қазақ жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дəуіріне саяды. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит жəне қола дəуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі, Тамғалы аңағарындағы бейнелеу (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа,  сиыр  жəне  т.б.), сондай-ақ Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жар тастарындағы белгілі бір мазмұнға құрылған суретті бейнелер қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кəсібін, əдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің мазмұны жыртқыш аңдардың қос тұяқтыларға табынуына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайлап келтіру арқылы салынып, ішінара қына түсті бояумен жүргізілген. Геометриялық өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орталық Солтүстік жəне Батыс Қазақстан территориясында   жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылды. «Таңбалы тастарда» бейнеленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-РайСик, Мун-Сак-Будге, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгілерінің бірінен саналады.

Бұл суреттерден ежелгі суретшілердің бейнелерді ашу шеберлігі байқалады. Қола мəдениетінің соңғы кезеңінде, Беғазы мəдениеті тұсында көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түсті. Осы кезеңдегі көне сауыттар мен əсемдік бұйымдардағы ежелгі ою-өрнек əуендері қазіргі қазақтың ұлттық ою-өрнегіне негіз болды [1, 5, 13-14 б.].

 Негізгі бөлім

 Қазақстан даласындағы орта ғасырлардың көркем  мəдениеті  бұрын  өткен  Андронов жəне ежелгі көшпенділер кезеңі мəдениетімен тұрақты мұрагерлік байланыста болғандығымен ерекшеленеді. Көшпелі өмір салты көркем кəсіптің алда ұзақ уақыт бойы басым болатын, осы аймаққа тəн түрлі көркем қолөнер кəсібін қалыптастырады.

Сондай-ақ аймақтағы қалалардың жылдам өркендеуі көршілес көркем мəдениеттердің əсері байқалатын көркем қолөнер кəсібі бұйымдарының жаңа түрлерінің пайда болуына ықпалын тигізді. Қазіргі кездегі археологиялық мəліметтер қазіргі Қазақстан  территориясында орналасқан орта ғасырлық қалалардың қарқынды өмірі жайлы бұрын болжам түрінде болған пікірді нығайтуға мүмкіндік береді.

Ортағасырлық кезеңде болған көшпенді жəне қалалық мəдениет көркем қолөнер кəсібінің түрлерін екі типке бөлуге болады: отырықшы тұрғындарға арналған жəне көшпенді өмір салтына қажетті заттар. Сондықтан қолөнер еңбегі біршама жақсы дамып, ұсталар мен көзешілер тұрған қала кварталдары дəстүрлі түрде болды.

Араб мəдениетінің пайда болуы Қазақстан территориясындағы көшпенділердің  өміріне айтарлықтай əсерін тигізбеді, дегенмен сол кездегі көркем қолөнер кəсібіне аз да болса ықпалы болды. Бұл жағдай металқұю техникасында,      архитектуралық  формалардың қасиетін ою-өрнекпен безендіруде ерекше байқалады. Аталмыш аймақта өмір сүрген ортағасырлық тұрғындардың мəдениетінде сопылық философияның кең тарауының үлкен мəні бар [1, 85 б.]. Қазақтардың материалдық мəдениетін зерттеуге 1845 жылы құрылған Ресей географиялық қоғамының   ғалымдары П.  Маковецкий,Н. Ядринцев, А. Якоби, Г. Потанин, М. Красовский, И. Словцовтар үлкен үлес қосты. Олардың зерттеулері негізінде академик Ə. Марғұлан қазақтардың халықтық қолданбалы өнерін тұжырымдаған еңбегі, терең мағыналы кітабын жазды. «Казахское народное прикладное искусство» [4, 31-40 б.] атты үш томдықта ол қола дəуірінен бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі халық өнерінің бұйымдарынан Қазақстан көнеден бері тұтынушылардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Мысыр көркем мəдениетінің белгілі зерттеушісі Х.А. Кинк «ежелгі өнерді үйрену үшін, бізге ойша заманауи əлемнен ежелгі əлемге өту керек. Бөгде қоғамдық құрылыс жəне бөгде əдет-ғұрып өнерді тануға кедергі келтіреді» деп тұжырым жасайды.

Ботай энолит мəдениеті ескерткіштерінің артефактісін əлемдік аспектіде қарастырып көрелік. Кез келген өнер туындысы тəжірбиелік немесе символикалық  қасиеттерге  ие  екендігі кеңінен танымал. Ал бұл екі функция семиотикалық мəртебе арқылы өлшенеді. Ботайлықтардың өмірі жылқымен тығыз байланысты. Зерттей келе, мына жайт аңғарылады: ботайлықтардың дүниетанымында жылқы малы өте маңызды болған жəне діни-магиялық салтжораларда да атқарған рөлі зор. Мифтік өрнектер (үшбұрыш, ромб, жылан бейнесі) керамика, тас тақталарда кеңінен тараған.

Ежелгі Қазақстан өнерінің тарихи-мəдени өзіндік ерекшелігі көбіне онда этномəдени, рухани, дүниетанымдық алғыштардың тұтас жүйесінің пайда болуына байланысты. Ал олардың қалыптасуы мен пайда болуы аталған дəуірге тікелей қатысты.

Ежелгі Қазақстан  өнерінің  тарихи-мəдени өзіндік төмендегі жағдаяттар арқылы анықталады:

  • Қазақстан аумағы бейнелеу өнерінің əбден жетілген түрлері мен айқын көріністерінің алуан түрлілігін білдіретін оның ең ежелгі ошақтарының бірі болып табылады. Осылайша, ежелгі кезден бері Қазақстанның  бейне-  леу өнеріндегі көркем формалар мəселесі оң шешімін тауып келе жатыр;
  • ежелгі Қазақстанның бейнелеу өнері дүниетаным мен көзқарастың ұжымдық, туыстық мақсаттарын білдіріп, белгілі бір туыстық қауымның немесе туыстық топтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қанағаттандырды. Осылайша, Қазақстан өнері ерте заманнан бері əлеумет өмірінде маңызды орын алған қоғамдық құрылым болды;
  • ежелгі Қазақстан өнеріндегі сиқыршылықсалттық қызмет мен ежелгі адам түсінігіндегі адам мен əлемнің пайда болуы жайлы мифтіккосмогониялық мəселе біршама айқын берілген. Ал бұл Қазақстанда өмір сүрген ежелгі отырықшылардың көркем мəдениетінде прагматикалық жəне философиялық бастамалардың айтарлықтай тепе-тең болғандығы жайлы айтады.

Қазақстанның барлық аймақтарындағы жартасқа салынған суреттердің жиынтықтарын тоғыстыратын көркемөнер қабаттарының алуан түрін, Андронов керамикасы мен тұрақтарының керемет үлгілерін, ұсақ пластиканы, Еуразиядағы ерте көшпенділердің аң стилі өнерінің негізгі ерекшеліктерін анықтау, оларды жүйелеу, байланысу жолдарын, кейінгі кезеңдердегі Қазақстан көркем мəдениеті дамуындағы рөлдерін анықтау өте маңызды [1, 5, 14-15 б.]

Осыған орай,біздеркелесідейтұжырымдарды пайымдадық.

 Қорытынды

  •  Ежелгі Қазақстан өнерінің тарихимəдени өзіндік ерекшелігін жəне оның мəнін, қазақтардың көркем мəдениетінің сабақтас дамуын анықтай отырып зерттеуіміз керек.
  • Дəуірдің мəдени қабаттарының көркем жəне дүниетанымдық ерекшеліктерін айқындаумыз қажет.

Баланы, əсіресе бастауыш сыныптан бастап, бейнелеу өнеріне жүйелі түрде оқыту, қашанда мемлекеттің кезек күттірмейтін мiндеттерiнің бiрi болып табылады. Ұлы Абайдың 33 қара сөзiнде өнер жайлы былай делінген: «егер мал керек болса, колөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал өнерiн сатқан қолөнерлi — қазақтың əулиесi сол». Əулие деген қазақтың түсiнiгiнде ең құдiреттi, қасиеттi, киелi адам деген мағынаны бередi. Бұл қара сөзiнде өнердi, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлi адамы деп əулиеге теңеп отырғаны тегін емес. Мысалы, өнерлi адамдар өз қолдарымен жасаған əдемi заттарын киелi  деп қастерлеп, төрге қойып, оны өзiнiң өсiп келе жатқан балаларына, немерелерiне мұра қылып қалдырып отыратынын білеміз. Бұл дəстүр бiздiң елiмiзде ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келеді. Соңғы уақытта елiмiзде елбасымыз Н.Ə.  Назарбаевтың  қолдауымен  халқымыздың «Мəдени мұрасына» ерекше көңiл бөлiнiп, іргелі жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Еліміздің мəдени мұрасы – орны толмас құнды рухани, мəдени, экономикалық жəне əлеуметтік қазына. Бұл ісіміз біздің болашақ жастарымыздың бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырады. Техника, космос тағы басқа салалардағы жетістіктерді басқа озық елдер-  ден барып үйреніп қайтуға болар, ал ұлттық өнерімізге, ұлттық салт-дəстүрімізге байланысты тарихи деректерді оқып-үйренуге мүмкіншілік, тек өзіміздің елімізде ғана, оны ешқандай озық мемлекет өзімізден терең зерттеп, өзімізден артық көрсете алмайды. Біздің елімізде мəдени мұраның маңыздылығына мəн беріп, зерттеуді қолға алғанымыз, шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болуда.

Мəдени мұра бағдарламасының əрі қарай жүйелі түрде іске асырылу құқығына ие болуы, барлық елге өнегелі іс болуда. Бұл біздің егемен еліміздің болашағына деген ұлтжандылық көзқарасымыздың бiр керемет айғағы деп бағалауымыз қажет. Қазiргi егемен ел болып, керегемiз бекiп жатқанда, өнерге жанашырлық жасау арқылы біздің жастарымызға ұлттық өнерімізді жеткізе білу, əрбір қазақ азаматының парызы.

 

  

Əдебиеттер

 

  1. Айдарова З., Дирксен Л. Бейнелеу өнері. – Астана: Фолиант, – 3 б.
  2. Адамқұлов Н. Ұлттық қолданбалы қолөнер: оқу құралы. – Алматы, 2008. – 3 б.
  3. Айдарова З, Дирксен Л. Бейнелеу өнері. – Астана: Фолиант, – 11, 13-14 б.
  4. Қазақ өнерінің тарихы. – ІІ том. – Алматы: Өнер, 2007. – 85, 286 б.
  5. Қазақ өнерінің тарихы ІІІ том. ХІХ ғасыр жəне ХХ ғасырдың бірінші жартысы. – Алматы: Өнер. – 19 б.
  6. Қазақ өнерінің тарихы. – І том. Ежелгі дəуір. – Алматы: Өнер, 2007. – 14-15 бет, 29-30 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.