Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

С. Қожахметов жəне оның педагогикалық мұраларындағы дидактиканың дамуы

Сұлтанбек Қожахметов 1912 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ол – өзінің қысқа өмірінің ішінде білім алған, көптеген жұмыстар атқарған, қазақ білім беру үдерісінің дамуына үлкен үлес қосқан ғұлама ғалым. Ата-анасынан ерте айырылып, 13 жасында кеңес мектебіне оқуға барады. Оқу озаты, үлгілі тəрбие көрсеткішімен ерекшеленген С. Қожахметов мектепті бітіргеннен кейін 1930 жылы “Петропавл педагогикалық техникумын” бітіріп, осы оқу орнында бірнеше жылдар бойы педагогтық қызмет атқарады. 1932-1937 жылдары Мəскеу педагогикалық институтының студенті Халық ағарту комиссариатының орталық ғылыми-зерттеу институтының аспиранты. 1937 жылы Мəскеуден аспирантураны аяқтап келіп, С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеттің педагогика мен психология кафедрасының меңгерушісі болып қазмет жасайды. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университеті  кеңесінің  шешімімен  1938 жылы 22  наурызда С. Қожахметовке  педагогика ғылымдарының доценті  дəрежесі  беріледі.  1939 жылы қараша айында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде тұңғыш қазақша жазылған еңбектің бірі “Совет мектебінің негізгі дидактикалық принциптері” тақырыбында педагогикалық кандидаттық диссертация қорғайды [1].                               

1940 жылы əскерге аттанып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Онда ауыр  жараланып, 1945 жылы қаза тапты.

Ғалымның еңбектерін келесі бағыттарға бөліп қарастыруға болады:

  • жалпы педагогика жəне педагогика мəселелері;
  • оқыту технологиясы мен оқыту үдерісіндегі субъектілер;
  • педагогика тарихы.

С. Қожахметовтің 17-ге жуық ғылыми мақаласы жəне бірнеше кітаптары жарық көрген. 30-жылдары Н.К. Крупская, К.Д. Ушинский, Ж.Ж. Руссо, Я.А. Коменский, И.Г. Пестолоций, Дж. Локк, И.Ф. Гербарт туралы көлемді  мақалалары  жарық  көрді.  Ғалымның «Оқу  құралдары  қандай  болуға  тиіс?», «Педагогика  классиктері»,  «Педагогика мəселелері»,«Оқушыларды    саналы тəртіпке тəрбиелеу»,«Эстетикалық тəрбие», «Оқушылар білімінің саналы жəне тиянақты болуының дидактикалық принциптері», «Вопросы педагогики», «Сознательная дисциплина» атты зерттеулері қазақ педагогика ғылымына қосқан елеулі еңбектері болып саналады [2].

С. Қожахметовтың педагогика ғылымына қосқан үлесі көп,  соның  ішінде  ол  дидактика ұғымын жан-жақты қарастырған. Педагогика мəселелерін талдағанда ғалым қоғамдық ғылымдардың маңызды мəселелерінің бірі – мектептегі оқу-тəрбие жұмысының ғылыми негізін қарастырады. Мəселен, оқушылардың алатын білімінің саналы жəне жинақты болуының дидактикалық принциптерін, сабақтан тыс уақытта оқушылардың кітаптарды қалай пайдалана білуін, олардың эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, тəрбиелеудің кейбір мəселелерін, оқушылардың білімдерін тексеріп, оны бағалай білудің əдістемелік жолдарын қамтиды.

С. Қожахметов өз еңбектерінде дидактикалық мəселелерді орыстың революцияшыл педагогикасы идеяларының негізінде қазақ мектебінің   ерекшелігіне  сəйкес  қарастырған.

«Егер білім саналы түрде берілмесе, ол берік əрі тиянақты қабылданбайды. Саналы түрде меңгерілген білім мен тиянақты қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Алайда ең шешуші принцип – білімнің саналылығы» деп тұжырымдады С. Қожахметов. Ғалым білім саналылығы мен оқушы ісінің барлық түрін байланыстыра қарастырды. «Адамның санасы оның тек білімі арқасында ғана өспейді, оның қызметі, тəжірибесімен де байланыста өседі» (педагогикалық мəселелері). Сананың білімнен шығатынын дəлелдей келе, əр пəнді оқыта отырып, оқушының алатын біліміне сын көзбен қарай білуге тəрбиелеу, ал оның барлық табысы өзі қабылданған білімді саналылықпен меңгеру керек екендігін ескертеді.

  1. С. Қожахметов өзінің еңбектерінде оқыту процесін, сабақты, оның құрылыстарын, сабақ сапасын, түсіндіру, үйрету тəрізді тəсілдерді қарастыра келе, оқытудың бірнеше шарттарын жүйелеп көрсетеді: «1. Мұғалімнің мəселені түсіндіруі  ашық,  айқын  ұғымды  болуы керек.
  2. Жаңа материалдар өткендегі материалдарға негізделініп, арасында тығыз байланыс жасалу керек. 3. Кейде оқушылардың алдына ойлануды керек қылатын мəселелер қойып, мұны шешуге   барлық   оқушыны   қатыстыру  керек.
  3. Ауызша айтуға мұғалім көрнекі құралдармен байланыстырып отыруы тиіс. 5. Мұғалім оқушылардың назарын аударатын əртүрлі шаралар қолдануы шарт, мысалы, сабақ үстінде оқушылардан кенеттен сұрау, даусын құбылту, дене қимылдарын өзгерту, бұл  материалдар-  ды келешекте оқушылардан сұрайтынын ескерту, т.б. 6. Сабақты эмоционалды түрде беру, оқушылардың сезіміне əсер ету – оларды сабақтың мазмұны арқылы көңілді, қуанышты күйге түсіру. 7. Əрбір сабақтың аяғына қысқаша қорытынды жасап, оқушылардың түсінген, түсінбегендігін де тексеріп отыруы керек. 8. Ілгері жүруге асықпай, өткен сабақты тиянақты етіп, ылғи жаттықтырып пысықтау жұмыстарын жүргізіп отыруы керек» [3]. С. Қожахметов сабаққа қойылатын дидактикалық талаптарды осылайша қарастырған.

С. Қожахметов өзінің еңбектерінде оқыту принциптерінің жүйесін жетілдірудің қажеттілігін оқытудың заңдылықтарын зерттеудің дамуымен түсіндірген. Сонымен бірге оқыту принциптерінің жүйесін оқушының іс-əрекетін тиімді    ұйымдастырумен  байланыстырады. С. Қожахметов оқыту принциптерін оқу процесінің негізгі компоненттерімен (міндеті, мазмұны, əдісі, т.б.) тығыз байланыста қарастырған.  Дидактикалық   принциптері туралы айтқанда С. Қожахметовтің «Педагогика мəселелері» атты еңбегіне сүйенеміз. Бұл еңбектің алғы сөзінде С. Қожахметовтің өзі айтқандай: «Біз дидактикалық принциптердің барлығына тоқталмай, тек олардың ішіндегі негізгісі, яғни білімді саналы жəне берік тиянақты меңгеру принципіне ғана тоқталамыз. Бұл еңбек төрт негізгі бөлімнен тұрады:

  1. Оқушылардың білімді саналы жəне берік, тиянақты меңгерудің дидактикалық принципі.
  2. Кітапты пайдалану іскерлігі.
  3. Эстетикалық тəрбие.
  4. Бастауыш жəне орта мектепте оқушылардың білімін бақылау жəне есепке алу [4].

Педагогиканың дидактика бөлімінде оқы-  ту  əдістерін  жетілдіру  мəселесіне  көп   кө-   ңіл бөлген. С. Қожахметов сабақты баяндау, сабақты тексеру, сұрақ-жауап тəсілі арқылы жүзеге асатыны туралы да өз пікірін білдіреді. Ғалым еңбектерінде оқулыққа ерекше мəн берген. «Оқушыларға кітаппен өз бетінше жұмыс істету   –   мұғалімнің   міндеті», – дей  келіп,«кітаппен жұмыс өзін-өзі бақылауға септігі тиеді», – деп пайымдаған [5].

С.Қожахметовтің  еңбектерінен  оқытуда жаттығулардың да маңыздылығына үлкен мəн бергендігі көрінеді. Ол: «Мұғалімдер сабақ үстінде дидактикалық бірнеше жұмыстарды жүзеге асырады. Соның бірі – пысықтау, пысықтау кезінде оқушыларға сұрақтар қою», – дейді.

С. Қожахметов оқушы білімін есепке  алуды екіге бөледі: «1. Сыныптағы оқушылардың білімін күнде есепке алу; 2. Оқу жылы аяғында 4-10 сыныптарда оқушы білімін тексеру – сынақ», – дейді [6].

С. Қожахетов дидактикада оқушылардың білімін тексеру, оқушы білімін айқындауда сұрақты дұрыс бере білудің үлкен орны бар екенін баса айтады.

С. Қожахметов өз еңбектерінде дидактикалық принцип туралы арнайы  қарастырған.  Оған дəлел 1939 жылы С. Қожахметов «Совет мектебіндегі негізгі дидактикалық принциптер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Г.Б. Ещанова«С. Қожахметовмұраларындағы педагогикалық идеялары» атты диссертациялық жұмысында дидактикалық принциптерді 5-ке бөліп көрсеткен. Олар төмендегідей: [7]

 

 Көрсетілген принциптерді С. Қожахметов сабақ   барысында  міндетті  түрде қолдану қажеттігін  айтады.   Дидактикалық   принциптер мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының беріктігіне, оқушының сапалы білім алуына, тəрбиелі азамат болуына үлкен септігін тигізеді. Əрі қарай дидактикалық тұрғыда оқушылардың қызмет белсенділігін арттыруды көздейтін жұмыстарды атқару, ол жұмыстар оқушының ынтасын арттырып, олардың пəнге қызығушылығын оятумен қатар, еркін  (ерік)  тəрбиелеуге, оқуға саналы қатынасын қалыптастыруға түрткі болатын жұмыстар болу керектігіне тоқталады: “Ынта адамды жұмыс істеуге жетектеуші негізгі қоздырғыш мотив, стимул болып саналады, өйткені қызықты нəрсе бізді көңілдендіреді, белсенді етеді, бізге үлкен шаттық береді. Ынта болса адам жұмысты көңілді түрде істейді. Бұл ҚазҰУ хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №3 (37). 2012 жағдайда ол шаршауды, талығуды білмейді, сөйтіп, ынта адамның жұмыс істеу қарқынын көтереді. Адамның, оқушы балалардың  ынтасын іштен туа болатын қасиет емес, ол (ынта) адамның қоғамдық материалды тілегінен  туады, ал оқушылардың ынтасы тəрбие мен оқудың нəтижесі болып табылады.

С. Қожахметов өзінің ұстанған оқыту принциптерінің жүйесі кеңес мектебінің тоталитарлық саяси, қоғамдық дамуына негізделген, сондықтан сол кезеңдік ерекшеліктерімен көрінеді. Дегенмен де сол қоғамдық процестің талаптарына сай жасалған С. Қожахметовтің дидактикалық принциптері теориялық мазмұндық, əдістемелік тұрғыдан алғанда қазіргі кезде түгелдей оқу процесінде басшылыққа алынатын қағидалар болып саналады. Өйткені онда қазіргі кезге сай мұғалімнің оқу жұмысының тиімділігін арттыруға жағдай туғызатын педагогикалық ережелер, талаптар жүйесі негізделген.

Қорытындылай келе айтатын болсақ, ғалым өзінің қысқа өмірінде көптеген жұмыстар атқарған, педагогика ғылымын жан-жақты қарастырған, соның ішінде дидактика негізінде ұсынған пікірлерін қарап отырсақ, білімді санамен меңгеру, яғни оқудағы саналылық ұстанымын оқытудың сапасын арттырудағы бірден-бір ұғымға енгізеді. С. Қожахметов еңбектерінде ғалымның оқулықтарды дидактикалық тұрғыдан қалай дайындау керектігі туралы сан алуан тиімді көзқарастары бар. С. Қожахметов оқулық туралы көзқарастарында тағы бір байқағанымыз, оның ұстанған қағидасы – сол кездегі педагогиканың қол  жеткен  табыстарын тиімді  пайдалану.  С. Қожахметов қазақ педагогикасының оқыту теориясына өзіндік үлес қосқан дидакт-ғалым.

 

 Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. – 6-том. – 15-16 б.
  2. Қазақтың тəлімдік ойлар антологиясы. – 6-том // Қожахметов С. – 2009. – 254-260 б.
  3. Ещанова Г. Сұлтанбек Қожахметов дидактикалық принциптер туралы ⁄⁄ Ұлт тағылымы, 2002. – №1. – 68-69 б.
  4. Қожахметов С.   Педагогика мəселелері.
  5. Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1940. – 120 б.
  6. Ещанова Г. Сұлтанбек Қожахметовтың жеке тұлғаның дамуына бағытталған ойпікірлері ⁄⁄ Қазақстан жоғары мектебі. –№1. – 96-99 б.
  7. Ахметова С.А. С. Қожахметов жəне классик педагогтардың тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерінің сабақтастығы ⁄⁄ əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мəдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері мен даму бағыттары. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. 318-321 б.
  8. Ещанова Г.Б. С. Қожахметов мұраларындағы педагогикалық идеялары. п.ғ.к... дисс. – Атырау,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.