Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуының əлеуметтік-педагогикалық себептері

Қоғамдағы экономикалық, əлеуметтік, саяси тұрақсыздықтар бала мінез-құлқындағы ауытқушылықтарға алып келеді. Қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын түпкілікті өзгерістер, сонымен бірге адам іс-əрекетінің көптеген салаларын жетілдіруді ынталандыратын позитивті өзгерістер жағдайында негативті тенденциялар да күшейіп келеді. Əлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздық көптеген адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, əлеуметтік жəне психологиялық бағыттала алмау мен бейімделе алмау, жалпы адамзаттық адамгершіліктік жəне рухани құндылықтарды талап етудің төмендеуі, күрделі криминалды жағдай, əлеуметтік институттар ісəрекетінің нашарлауы жəне т.б. Қалыптасқан социомəдени жағдай алкоголизм жəне нашақорлық, адамгершіліктік деградация, қылмыстардың жаңғыруы сияқты қолайсыз құбылыстардың дамуына алып келеді.

Девиантты мінез-құлыққа қатысты мəселелер үнемі ғалымдардың назарында болды, мысалы Рессейлік педагогиканың келесідей классиктері П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский т.б ғалымдардың, психология саласында Б.Г. Ананьев, С.А. Беличева, А.С. Белкин, В.Г. Бочарова, Б.З. Вульфов, А.Д.  Гонеев,  СИ. Григорьев, В.И. Загвязенцев, Е.В. Змановская, В.Т.  Лисовскийдің   жəне   əлеуметтанушылар  А.В.  Мудрик,  М.И.   Рожков,   В.Д.   Семенов, Л.С. Славина В.А. Сластенин жəне т.б көрнекті ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады.

Қиын балалар мəселесін отандық ғалымдардан педагогикалық тұрғыдан, Л.К. Керімов, Г.А. Уманов, И. Трифанов, Д. Қазымбетова т.б., психологиялық тұрғыдан М.М. Мұқанов, Ж.Н. Намазбаева жəне т.б қарастырған. Қиын балалар мəселесінің əлеуметтік жағдайын Ш.Е. Жаманбалаева қарастырған [1].

Л.К. Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке-дара қайта тəрбиелеу тұжырымдамасын жəне ондағы педагогтың іс-əрекеттің белгілі жүйесі жасалған [2].

Д.Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез-құлық болады деген сұрақты жəне девиантты мінез-құлықтың болу себептері мен мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен [3].

Ал, Ш.Е. Джаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың əлеуметтік аспектілері зерттеліп көрсетілген [4].

Жалпы девиантты мінез-құлық деп əлеуметтік нормадан ауытқуды айтамыз. Сонымен қатар, оны ғалымдар қоғамда қабылданған нормаға қарамақайшы əрекет жүйесі ретінде анықтайды.

И.С. Конның анықтауынша, девиантты мінезқұлық, «құқық, мəдениет немесе моральдың жалпы қабылданған нормалардан ауытқыған іс-əрекеттер жүйесі» [5]. Е.Д. Дедков жəне Е.Г. Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған əлеуметтік нормалардан ауытқыған мінез-құлық, деп анықтама береді  [6]. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-əрекеттерді [7] ұсынатын, қылмыстық мінез-құлық болып табылады [8].

Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мəдени мақсаттары мен оған жетудің əлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.

В.М. Мясичев, Н.А. Коновалов девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген:

  1. Əлеуметтік-педагогикалық ортаның жадайлар мен қоғамға ұйытқы болуы;
  2. Жүйке психикалық жай-күйлерінің нашарлауынан туындаған ;
  3. Құқықты ұстамаған қылмыскер, қатігез, жауапсыз, қаңғыбас балалардың ықпалы əсері.

Дж. Смелзер девиантты мінез -құлықты изоляцияға емделуге, қамауға алынған жəне басқада құқық бұзудың жазалауларына əкелетін топтық нормадан ауытқу деп санайды. В.И. Добреньков жəне А.Н. Кравченко «қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын əрбір қылық» деп қарастырады.

Айта кететін жайт, шетел əлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп, қоғамда қабылданған болмашы нəрседен бастап күрделіге жеткізетін əлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске əкелмейтін болмашы іс-əрекеттер.

Девиантты мінез-құлыққа сай келетін мəдени релятивизм: болып жатқан іс-əрекет қоғамда қалыпты деп есептелсе, енді басқа жерде əлеуметтік патология ретінде қарастырылады.

Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез –құлықты жасөспірімдерге тəн ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нəрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандармға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына  қосары сөзсіз.

Л.В. Занков, М.С. Певзнер, В.Ф. Шмидт баланы девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қатарына қосатын: отбасы, мектеп жəне көше жолдастары, яғни қоршаған ортасы болса, дұрыс жолға түсіретін мүмкүндіктер: оның алдын-алу, оқу-тəрбие жағдайында қоғамдық жұмыстарға тарту, оңды қасиеттерін сұрыптап алып, соның негізінде өзіндік сенімін арттырып, өзін-өзі тəрбиелеуге тарту немесе қылмыстық əрекеттер дəрежесіне орай арнаулы тəрбие мекемелеріне бөлуді жатқызған.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы: Олар: əке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені  басатын ауыр жағдай – отбасында өнебойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын.

Мектептегі оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер: жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу.

Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді əлеуметтік педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.

Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты   жасөспірімдердің    мінез-құлқында  дөрекілік,қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты əдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-əрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын өзгертуге талаптанады.

Екінші топқа жататындар адамгершілік қадірқасиеттерді төмендей бастаған, əлеуметтік байдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты əдеттерге икемдене бастаған.

Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар əлі бұзыла қоймаған, өз мінез -құлықтарын түзетуге мүмкүндік қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.

Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тəрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.  Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кəмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл  топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне наша тарту істеріне əбден машықтанған жасөспірімдер енеді.

Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын əдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дəрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый–құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті жəне субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына əлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп  болады деп дəлелдеген [9].

Əлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы ікономикалық қарым-қатынас, қоғамдық сана, тап жəне ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың əлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тəртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тəртіп сақтамауы, үлкен-кішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора-жолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-анасының арасында жасалады.

Жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын əлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше роль мен мағынаға ие. Нəтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болды. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру  сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

Жағымды əлеуметтік тəжірибенің жеткіліксіздігі, өмірдегі көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, əдет қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі жəне қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, əлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл үдерістегі ауқымды рөл балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік көмектің көрсетілмеуінде жатыр.

Жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері əсерін тигізетін əлеуметтік педагогикалық факторларға мыналарды жатқызуға болады: олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тəрбиедегі кешіліктердің нəтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына жəне бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бəрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді жəне қоғамдағы өтіп жатқан үдерістерге, отбасының жағдайы мен атмосферасына, мектебішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуына тəуелділігін көрсетеді. Атап айтқанда:

  • қоғамдық құндылықтар иерархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
  • заңдардың жəне құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
  • өскелең ұрпақтың əлеуметтенуінің дəстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
  • ұлттық құндылықтарға мəн берілмеуі;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық жəне қатігездікті насихаттау;
  • жасөспірімдердің денелік жəне психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде анықтаудың, соған сəйкес көмек көрсетудің жəне квалификациялық диспансеризацияның болмауы;
  • сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі.

Отбасының жағдайы мен атмосферасы:

  • толық емес отбасы;
  • отбасының материалдық  жағдайы (кедейлік,байлық),
  • ата-аналардың төмен əлеуметтік мəдени деңгейі;
  • отбасындағы тəрбие стилі (балаға біріңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатыгездігі, олардың жазасыздығы жəне баланың құқықсыздығы);
  • баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;
  • балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра қанағаттандырылуы;
  • ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;
  • ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.

Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:

  • оқу жəне тəрбие үдерісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі;
  • мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы;
  • қоғам арқылы балалармен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің жəне мектебтің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы;
  • пəндік мұғалімдердің жетіспеушілігі;
  • сабақтардың жиі болмай қалуы;
  • сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырылуы;
  • мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
  • мұғалімдердің бала жəне жасерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кəсіптік деңгейінің төмендігі;
  • «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарымқатынастардың авторитарлық немесе бетімен кетушілік стильде болуы;
  • оқушылардың білімін бағалауда объективтіліктің болмауы.

Девиантты мінез-құлқының алдын алу жəне оны тудыратын əлеуметтік-педагогикалық себептерді жою жасөспірімдерді тəрбиелеу қызметін төмендегідей негізгі бағыттарды бөлуге мүмкіндік берді:

а) отбасы институтымен тығыз байланысты жүзеге асыру;

ə) жеткіншектер бос уақытындағы мазмұнды түрлі қызметтердің бағдарламалықəдістемелік жанамалануы;

б) жеткіншектердің бос жəне сабақ уақыты  аясындағы  педагогикалық өзара əрекеттесудің тиімді формаларын, əдістерін, əдістемелерін, техноголияларын пайдалану;

в) жасөспірімдердің класстан жəне мектептен тыс уақытында концерттер, байқаулар, жарыстар, мерекелер өткізу;

г) оқу жылы мен демалыс уақытында спорттық-сауықтыру қызметін жүзеге асыру.

Қорытындылай келе жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуына əлеуметтік факторлардың тигізетін əсерлері зор. Қазіргі таңда девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді тəрбиелеуде атааналарға психолог, əлеуметтік педагог жəне т.б. кəсіби мамандардың тарапынан көмек қажет екенін зерттеулер көрсетіп отыр. Жоғарыда аталып өтілген факторлардың мəселелерді шешуді жетекші рөл атқарады. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді алдын алу мен қайта тəрбиелеуде аталған жұмыстар тəжірибеде дұрыс, тиімді қолдануға тікелей байланысты.

 

 Әдебиеттер

  1. Жұмабаев Ə. Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыс. Алматы.1977.23 б.
  2. Керімов Л.К. «Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тəрбиелеу теориясы мен практикасы» – Алматы, 2003. – 123 б.
  3. Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования: дис.  на  соиск. учен. степ. канд. наук. – Алматы, 1999. С. 36
  4. Джаманбалаева Ш.Е. Социальные проблемы девиантного поведения. Автореферат. – Алматы, 1996. – С. 3-23.
  5. Кон И.С. Психология ранней юности: Кн. Для учителя.-М.: Просвещение, 1989. – 255 c.
  6. Социально-педагогическая деятельность образовательных учреждений: новые подходы и перспективы // научный информационно-метод. Сб.-М.: Центр инноваций в педагогике, – 189 c.
  7. Кулагина И.Ю. Личность школьника от задержки психического развития до одаренности.М.: Сфера, – 192 c.
  8. Кондрашенко В.П. Девиантное поведение у подростка.-Минск: Беларусь, 1988. – 204 c.
  9. Выготский Л.С. Т.4. Детская психология. – М., –С. 258.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.