Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарбыздың беріктік қасиетінің шектеуін анықтау

Қарбыздың беріктік қасиетінің шектеуін анықтау

Қарбызды механикалық өңдеу, қабығынан кесу тәсілімен тазалау машиналары мен жабдықтарын жетілдіру және есептеулер жүргізу үшін, машинадағы өңдеу немесе кесу құралымен қатынасқа түсетін өнімнің физика-механикалық және реологиялық қасиетінің мінездемелерін білу қажет.

Өнімнің реологиялық қасиетін зерттеуде оның деформациялану процесінің математикалық моделі немесе теңдеуінің, нақты немесе жанама мінездемелік көрсеткіштерін қолданамыз. Теориялық реологияның кемшілігі, қарапайым және түсінікті модельдерін практика жүзінде қолдануда қиындықтар туындайды.

Белгілі ғалымдардың еңбектерінде машиналардың жұмыс құралдарының көрсеткіштерін есептеуге әртүрлі тағам материалдарының физика-механикалық қасиеттерін анықтаудағы зерттеу нәтижелері қолданылған [1, 2].

Бақша өнімдерінің қабығын тазалау және басқа тағам материалдарын кесудің жетілдірілген машиналар мен жабдықтар конструкциясына жүргізілген сараптаулары бойынша анықтағанымыз, қолданыстағы өнімді кесу және тазалау машиналары мен жабдықтар конструкциясы қарбыз өнімдеріне қолдануға тиімсіз.

Қолданыстағы, арнайы қарбызды тазалау жабдықтары, механикалық өңдеу және тазалау процестерін атқару күрделілігі, жұмыс сапасы және өнімділігінің төмендігімен ерекшеленеді. Жабдықтың өнімді кесіп тазалаудағы конструктивті және энергетикалық көрсеткіштеріне әсер ететін, өңделетін материалдың геометриялық, физика-химиялық және реологиялық қасиеттері: үйкеліс коэффициенті, тұтқырлық, серпімділік және сығымдалу бірлігі және басқалар.

Қарбызды кесу немесе механикалық өңдеу барысында, міндетті түрде белгілі бір күш әсер етеді. Егер пышақ қозғалыссыз тұрып, ал қарбызды айландыру арқылы қабығын кесу процесін жүргізетін болсақ, онда қарбызды бекітіп ұстап тұрумен қатар, айландыру қажет.

Сондықтан, қарбызды қабығынан кесу процесін жүргізу, яғни оны қысып ұстап тұру және айландыру үшін алдын-ала қарбыздың беріктігін немесе талқандалу (жарылу) шегін анықтау қажет. Осы мақсатта Алматы технологиялық университетінің «ӨПМА» кафедрасында арнайы тәжірибелік зерттеу қондырғысы дайындалып, зерттеу жұмысы жүргізілді.

Қарбыздың беріктік қасиетін зерттеуге арналған тәжірибелік зерттеу қондырғысының технологиялық схемасы 1-суретте көрсетілген. Бұл арнайы дайындалған қондырғы жылжымалы және жылжымайтын екі жазықтық тақтадан, темір арқан және оған бекітілген ДПУ 02-1 диномометрінен тұрады. Жылжымалы жазықтық темір арқан арқылы ДПУ 02-1 диномометріне бекітіліп, қарбызға түсетін күшті анықтайды.

Қарбызды сығып жару, яғни беріктік күшін анықтауды төмендегі тәртіп бойынша жүргіземіз. Арнайы дайындалған қондырғының төменгі жылжымалы 2 және жоғарғы жылжымайтын 3 беттерінің арасына қарбызды орналастырамыз. Жылжымалы бетті диномометрге

5 бекітілген темір арқан 8 арқылы жоғары көтереміз. Ал диномометр өз кезегінде винтті штурвалға 4 бекітілген. Штурвалды бұрау арқылы, бір ұшы диномометрге бекітілген темір арқанды жоғары тартамыз. Темір арқанның екінші ұшы төменгі жылжымалы тақтаға бекітілген, сондықтан тақтаны жоғары жылжытады. Екі тақтаның арасында қысылып, қарбыздың жарылуға дейінгі жұмсалған күшінің шегін, диномометірдің көрсеткіші бойынша бақылаймыз.

1-сурет. Қарбыздың жарылу күшін анықтауға арналған тәжірибелік зерттеу қондырғысының технологиялық схемасы

1–рамасы; 2–төменгі жылжымалы тақта; 3–жоғарғытұрақты тақта; 4 – винтті штурвал; 5–динометр ДПУ 02-1; 6– винт; 7–шкив;

8 – темір арқан; 9–қарбыз

Сурет 2. Қарбыздың беріктік көрсеткіші

Тәжірибелік зерттеу барысында анықталғаны (2-сурет), қарбызды қысып жаруға жұмсалатын күш, сорттарына байланысты 1600 Н-нан 1900 Н аралығында болды. Тәжірибелік зерттеу, Қазақстанның оңтүстік өңірінде кең тараған, қарбыздың жұқақабықты (7,0-12,0 мм) Ницца, ортақабықты (10,0-15,0 мм) Астахан және қалыңқабықты (15,0-20,0 мм) Мрамор сорттарына жүргізілді.

Жүргізілген зерттеу жұмысынан алынған көрсеткіштер 2 - суретте диаграмма ретінде берілген. Бұл көрсеткіштер бойынша анықтағанымыз, жұқақабықты қарбыз сорты Ниццаны жаруға жұмсалған күш 1600-1700 Н, ортақабықты қарбыз сорты Астаханға 1700-1800 Н күш, ал қалыңқабықты қарбыз сорты Мраморға жұмсалған күш 1800-1900 Н аралығында болды.

Бұл көрсеткіштер бойынша, қарбызды механикалық өңдеуге яғни қабығын кесіп тазалау барысында қысып ұстап тұру және айналдыруға үлкен мүмкіндік бар деген тұжырым жасауға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мачихин Ю.А., Мачихин С.А. Инженерная реология пищевых материалов. - М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981.- 216 с.
  2. Еркебаев М.Ж., Кулажанов Т.К., Медведков Е.Б. Основа реологии пищевых продуктов.Алматы.- 2006.-298 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.