Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қадыр Мырза Әли эсселеріндегі дүние таным мәселелері

Бұл мақалада, біріншіден, «эссе» терминінің негізгі анықтамалары сараланып, теориялық тұрғыдан эссе жанрының табиғатына шолу жасалынады. Нысанаға алынған автор мен оның туындысына дейін әдебиетімізде болған осы жанрдағы шығармалар да қарастырылады, зерттелініп отырған туындымен салыстырылады. Екіншіден, төл әдебиетімізде осы жанрға қалам тербеген ойшыл ақын, белгілі сыншы, драматург, аудармашы, жазушы-эссеист Қадыр Мырза Әлінің еркін түрде жазылатын қиын әрі қызық шығарманы жазу ерекшелігіне тоқталынып, талданады. Автор қаламынан туған естелік-эсселердің көркемдік ерекшелігі мен сюжет құрылысындағы жазушы стиліне тән өзгешеліктерге назар аударылады.

Уақыттың заман өзгерісіне қарай талаптарының да өзгеретінін ескере келе, әдебиетте аталмыш жанрдың бұл түрінің көркем туынды ретінде де, автордың көзқарасы тұрғысынан публицистиканың бір жанры ретінде де өз табиғи ерекшеліктеріне байланысты орны бөлек екендігі айтылады.

Қазақ әдебиетінің алып тұлғаларының бірі, әдебиеттің сан саласында қалам тартқан аса терең ойшыл ақын, белгілі сыншы, драматург, дүние жүзінің көптеген классиктерін ана тілімізде сөйлеткен Қадыр Мырза Әлидің эссе жанрында өмірге келген бірегей туындыларының танымдық қасиеті зор, орны бөлек.

«Ой орманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Көш», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Күміс қоңырау», т.б. ондаған жыр жинақтарында, «Жаралы жолбарыс», «Сақалдың саудасы» атты драмалық туындыларында оқушыларының жігерін жандырып, қиялын ұштап, азаматтық намысын оятатын ойшыл қаламгер «Иірім», «Жазмыш» атты эсселік туындыларында да өзінің ел үшін қызмет ете білетін қаламгерлік асқақ мұратынан табыла білгендігімен тәнті етеді.

Өмірге келетін әрбір көркем туынды коммуникативті қызметтің күрделі бір түрі ретіндегі шығармашылық процесс болып табылады.

Ол арқылы туындыгер өзінің шығармашылық көзқарасын білдіреді, оқу, іздену барысында жинаған білімін қосып, жаңа ой туындатады. Өз ойын көркем өрнектеу арқылы жазушы тұлға болып қалыптасады. Жазба тілдегі шығармашылық процестің бір түрі – эссе жанры. Эссе көлемі мен қызметіне қарай бір жағынан ғылыми мақала мен әдеби очеркке ұқсас келсе, екінші жағынан, философиялық трактат сияқты болып келеді. Эссеистік стильге образдылық, афористілік қасиет тән.

Сөздіктерде аталмыш сөзге берілген анықтамалар бойынша «Эссе – нақтылы бір мәселе жөнінде жеке адамның әсері мен көзқарасын танытатын шағын көлемді және еркін композицияға құрылған прозалық шығарма» [1] немесе «Эссе (фр. essai) – әдеби, философиялық, әлеуметтік және басқа да тақырыпта еркін түрде жазылған, нақты жүйеге түспеген, ғылыми емес очерк» [2].

Әдебиет теориясының шет елдік әртүрлі оқулықтары да эссенің табиғаты турасында әрқилы пікірде. Мәселен, Сидней эссені қалыптасқан жазу құрылымы бар: кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан тұратын шығарма деп есептесе, Кауфер мен Гейслер эссе құрылымын сәл басқаша анықтайды. Олар эссені еркін құрылатын шығарма деп таниды.

Әдебиетке эссені жанрлық түр ретінде ең алғаш енгізген автор қазіргі күні жақсы эссеист саналатын Мишель Монтень. Ол «эссе» сөзін, яғни «тәжірибе» деген мағына беретін терминді енгізе отырып, өзінің білімін шектеулі санағандықтан, шығармасының нысанасы етіп өзін алды да, сол арқылы адамзат табиғатын тани аламын деп ойлады. Оның «Тәжірибесі» (1580) ассоциациялық байланыстар мен постулаттардан тұрады. Олар бар нәрсеге күмәнмен қарайтын, ақылды, байқағыш, көреген тұлғаның қырын ашуға бағытталған. Яғни, эссе алғашында жеке адам туралы баяндаудың бір формасы ретінде дүниеге келген. Эссе – әдеби жанр, онда сөз өнерінің көптеген түрлері кездеседі: метафора, ритм, эпитет, тағы басқа риторикалық амалдары. Автордың темпераменті мен жеке тұлға ретіндегі орнын анықтауда стиль эссенің негізгі кұрамдас бөлігі болып табылады.

Нақты деректер мен дәлелдемелерге негізделетін мақала мен баяндамаға қарағанда эсседе автордың тақырыпқа деген жеке көзқарасы, жеке түйіні көрініс табады. Осындай ерекшеліктерге байланысты эссенің бірнеше түрі анықталды, атап айтсақ: баяндама эссе, белгілі бір оқиға желісіне байланысты сол оқиға баяндалады. Мысалы жұмыссыздық тақырыбына жазылған әңгімеге ұқсайтын эсседе жұмыс іздеп жүрген адамның күн тәртібінің реті болуы мүмкін. Сипаттама эссе, онда оқиғаны, кейіпкерді немесе қоршаған ортаны бейнелейтін суреттер детальдармен қолданылады. Мәселен, адамдарды жұмысқа қабылдап жатқан кеңседегі күту көрінісі. Дәлелдеме эссе автордың оқырманын белгілі бір тақырыпқа байланысты ойына сендіріп, сол жөнінде көзқарасын нақтылауға арналады. Түсініктеме эссе ақпарат береді, түсіндіреді және талдау жасайды. Эссенің бұл түрінде автор белгілі бір жайға талдау жасау барысында оқырманына оқиғалар мен фактілерді тереңдетіп түсіндіре алады.

Эссе еркін жазылатын шығармашылық әрекеттің бір түрі болғандықтан оның бұндай сан алуан типтері бұл тізіммен шектелмейді, сынэссе, эссе-элегия, диалог-эссе, эссе-монография, повесть-эссе, роман-эссе, аллитерациялық эссе, тарихи эссе, естелік-эссе деп кете береді.

Этимологиясына үңілсек, «эссе» алғаш француз әдебиетінде өнер табиғатын саралайтын очерк райында пайда болған. Әрбір әдебиетке жанрлық атау ретінде еркін ене бастаған бұл сөздің қазіргі кезеңде қолданылу аясы барынша кең, мән-мағынасы барынша терең. Эссенің көп жағдайда естелікпен ұштасып, сабақтасып кететін жайлары бар. Қазіргі түсінікте көп ретте бұ дүниеден өткен адамдардың әлдебір қырын, қылығын сөз етуді естелікке жатқызады да, замандастары жайлы жазылған дүниелерді эссе деп есептейді, яғни қалам қайраткерлерінің ойтолғанысы деген аяда қолданылып жүр. Кейде притча, деректі шығарма, философиялық миниатюра, формасы шағын мемуарды да эссе атау ерсі емес. Қалай болғанда да белгілі жандардың көпшілікке үлгі етер штрихтарын мүмкіндігінше тартымды етіп бере алатындарды эссеистер деп санаушылықтың қисыны барға ұқсайды. Қазақ топырағында естелік түрінде болса да, эссе ретінде берілсе де жұртшылық есімдерін сүйіспеншілікпен атайтын қайраткерлер жайында жазылған еңбектер сан жағынан да аса көп емес. 60-жылдары академик Қ. Жұмалиевтің «Жайсаң жандары» жақсы бастама болған. Одан кейінгі біршама үзілістен соң 90-жылдары академиктер Ш. Шокиннің, Ө. Сұлтанғазиннің естеліктері еліміздегі талай ғалымдармен қайта жүздестіріп, олардың елеулі еңбектерін көз алдымызға әкелді. Бұлардың жақсы нышан екенін айта отырып, ғылымнан басқа салалардағы ардақтыларымыз жөнінде де сондай еңбектердің дүниеге келуін қалар едік.

Эссені кейде журналистиканың жанры деп есептейді. Шындап келгенде бұл біржақты пікір. Өйкені, шынайы көркем тілмен, терең ойлы асқақ идеяларды ту ете отырып жазылған эссенің оқылуы да, оқырманға етер ықпалы да орасан жоғары болмақ. Соған қоса, осынау әралуан көлемдегі шығармада образдар жүйесі, сюжет желісі мен композиция құрылымы бәрібәрі келісті болып келеді.

Көркем шығармада қанша кейіпкер болса да, олардың негізгі әрекет-харекеті бір адамға келіп тіреледі. Ол – шығарма иесі – автор. Ол қай кейіпкерін сөйлетсе де, алдымен оның характерін ашуға, одан типтік бейне жасауға, шығарманың ішкі иірімінде өзінің өмірге, қоғамға деген жеке көзқарасын білдіруге, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастардың сырсипатын ашуға ұмтылады; сан түрлі құбылыстарға өзіндік бағасын береді, осы арқылы өзі өмір сүріп отырған ортаның немесе белгілі бір уақыттың психологиялық болмысын көрсетеді. Яғни, шығармашылық тұлғаның қаламынан туған көркем шығарма – оның өз дүниетанымынан, өз талғам-түсінігінен сыр берер ерекше бір ғажап әлемнің көрінісі.

Ал деректі публицистикалық шығармада атыжөні белгілі қанша кейіпкер болса да, солардың қай-қайсысы да халықтың ортасынан іріктеліп шыққан адамдар болатыны хақ. Олар – нақтылы бір кезеңде, соның ішінде көбінде автор шығарма жазып отырған тұста, онымен бірге өмір сүріп жатқан әлеуметтің өкілдері болып келеді. Автор-публицист кім туралы, не туралы жазса да оның негізгі фонында, жоғарыда көрсетілгендей, халық тұрады. Әрине, қалам иесі де, кейіпкер де – халық өкілдері, бірақ, қаламгер кейіпкерлері үнемі бір уақыттың, бір қоғамның перзенттері бола бермейді. Өйткені автордың үнемі өз замандастарын жазуы шарт емес Әлбетте, автор мен оның кейіпкерлеріне билігін жүргізіп, үстемдік ететін күш өмірдегі шындық. Көсемсөздің көрігінде шыңдалар бұл шындыққа төрелік ететін де – сол халықтың өзі.

Эсседе, біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген екі салаға тән екі дәлелдеменің екеуі де жоқ емес. Эссенің әлі күнге дейін әдебиетшітеоретиктер тарапынан нақты бір ережеге сыймай келе жатырғандығы да осындай ерекшелігіне байланысты. Өн бойында көркем туындының да, көсемсөздің де қасиеттерін жиған әдебиеттің осы туындысы уақыт өте өзіне басқа сипат жамауы да мүмкін.

Үлкен туынды болсын, кіші туынды болсын, қандай шығарма жазса да, автордың біршама ұзақ толғаныста болатыны белгілі. Мұндай психологиялық құбылыстар әр авторда болады. Бұл да жоғарыдағы айтып өткен «көркем шығармада қанша кейіпкер болса да, олардың негізгі әрекет-харакеті бір адамға келіп тіреледі. Ол туындының негізгі қозғаушы күші, шығарма иесі – автор» деген оймен сабақтастық. Қазақ әдебиетінде бір қарағанда эссе деп бағаланып жүрген бірсыпыра шығармалар бар. Олардың қатарына М.Дүйсеновтың «Жылдар мен сырлары», М. Әлімбаевтың «Көңіл күнделігі», Ә.Таразидің «Көк аспанда қырағы көз бар», Ғ. Есімнің «Жар жағасы», т.б. жатқызуға болады.

Эссе авторының мүмкіндігінше аңғарғыш болатыны белгілі, өйткені бір ғана детальды сөйлеткенде негізгі ойды шашыратпай, туындының шымыр, бас-аяғының жинақы болғаны эссеистердің талабына сай келеді. Бұндай аңғарғыштықты С. Иманасовтың «Парасат-пайымынан» да, Ж. Ә. Аупбаевтың «Таңғажайып тағдырларынан» да байқадық.

Естелік-эссе – әр әдебиетте бар қай-қай жанрмен де еншілес жанр. Эссе – тәжірибе жиынтығы мен ой сығындысы. Естелік-эссе көңілдің бір сәтін пернелеуден ғаламдық ойлар, толғантқан проблемалар хақында ой маздатуға ерік береді. Қайда да, қандай жағдайда да бір мәселені бастау қиын болса керек. Басталған жақсы іс жалғасын табады, өміршең дәстүрге айналады. Мәселен, З. Ахметованың «Шуақты күндері» естелік-эссе.

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қадыр Мырза Әлидің эссе жанрында танымдық мәліметті, көркем құнар сыйларлық шығармалары бар. Ә. Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогының ерекшелігі – жазушы Бауыржанның сонау балауса жастық шағынан бастап, өмірінің соңғы жылдарындағы ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында бір-ақ томға сыйғызуында. Сол сияқты Қадыр Мырза Әлидің “Иіріміндегі” қысқа-қысқа мөлтек әңгімелер бір повестің не романның жүгін көтеріп тұрғандай.

Қадыр Мырза Әли өнердің әр саласындағы азаматтармен қарым-қатынаста болып, өз шығармашылығының дамуын сабақтастыра жүргізген білгір эссеист-жазушы. Қадырдың жанұясында Ж. Молдағалиев, Т. Молдағалиев, Т. Ахтанов, С. Мәуленов, М. Әлімбаев сияқты сырлас-мұңдас адамдар болған. Қазақ өнерінің қаймақтары жазушының айнымас досы, тілектестері болғандығы анық.

Әр автордың эссе жазу стиліндегі өзіне тән жарасымды өрнегі болады. Қадыр Мырза Әли эсселерінде бір сарындылықты, бедері кеткен көне тәсіл, бояулардың қайталануы жоқ. Оқушы сезімін сергітеді, әсерлі де қызық шығарманың тартымдылығы бар. Деректі туындыға қажет шындық пен сөз құдіретіне бас иесің. Сөз жақындатпайтын қашық, сөз сейілтпейтін тұман жоқ. Ер намысын оятатын, езді ерлікке бастайтын да сөз, оның қолдануы, яғни стилінің өзіндік ерекшелігі әсерлі. Автор «Иірімде» де, «Жазмышта» да өзінің көрген-білгендерін толық баяндап тізе беруден аулақ, қажетті деген мәселелерді ғана өлшеп алған. Оның өзінде фактіге тәуелді болып қалмайды, өмірден түйгендерін қорытындылап, көркемдік бояуын құбылтып, жетілдіріп отыруға айрықша назар аударады. Осы жақтарынан алғанда, Қадырдың эсселері оқушысының деректілігімен қабысып жатқаны – зеріктірмейтін, қайта қызықтыра түсетін ерекше дүние.

Қадыр шығармасында үнемі өзі кейіпкерлерімен тығыз байланыста жүреді. «... Бірде Жазушылар одағының дәлізімен оң жаққа қарай бұрылып бара жатып, Әдеби қордың ашық тұрған есігінен Сәбеңді көріп қалдым да барып сәлем бердім. Кабинет директордың кабинеті. Бірақ иесі жоқ. Сәбең жалғыз. Сірә, директорды күтіп отырған болуы керек. Баяғы сол жайдары, көңілді қалпы. Аман-саулық сұрасып болған соң: Асығып бара жатпасаң отыр! деді. Бұл жерде асығыс не шаруа болушы еді, отыра кеттім. Әңгіменің неден басталғаны есімде жоқ. Бір кезде Сәбең: Сен осы көп білесің, көп ізденесің... айтшы маған осы мына сахна классиктері атанып жүрген Мұхаң мен Ғабиттің пьесалары Мәскеу, Ленинград театрларында неге қойылмайды?! – деді төбеден түскендей. Мен үшін бұл мүлдем қиын мәселе. Оның үстіне менің ол кезде театрмен, драматургиямен шұғылданып көрмеген кезім. – Қайдан білейін, Сәбе! Шынын айтсам, шұғылданбаған, ойланбаған мәселем! – дедім. – Көркем әдебиет, негізінен, тілдің жемісі ғой. Мұхаңның тілі де, Ғабеңнің тілі де ұлттық бояуға қанық. Оларды басқа тілге аудару өте күрделі болса керек, сірә! – дедім өз болжамымды айтып» [3, 17].

Міне, бір ғана абзацтан автор мен Сәбит Мұқановтың бейнесін терең болмағанмен де, белгілі дәрежеде көруімізге болады. Оқушыға әсер ету жағынан қарағанда бұл ұтымды әдіс. Әйтпесе кейбір шығармаларда авторға мүлдем қатысы жоқ дүниелерге тереңдеп еніп кететінің болады, терең кетіп қалғаны сонша, автордың кім екені есіңнен шығып кетеді. Жазушылар кейіпкер жанына терең үңілсе, кейіпкер парасаты жоғары, көркі көңілді, сапасы салмақты шығады. Сонда өмірде қарағандай қайраткер өткен жанның өнерде тұлғалануы дұрыс шықпақ. Сондықтан өткен, кеткен өнерпаздар мен қайраткерлердің өмір өнегесіне аямай уақыт жұмсап, талмай зерттесе, жауапкершілікті молайтса, тақырыптың өзі жақсы шығармаға себепкер болады.

Эссенің өзіндік тағы бір ерекшелігі – сол жазушы өз замандастарымен дәл осылай қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, күйініші мен сүйінішіне әрбір эпизодта өзекті мәселе етіп алып, өз шешімін, өзіндік дүниетанымын ұсынып отыруында.

Қадыр Мырза Әли өмірбаяндық, естелік шығармаларында көбіне кейіпкерлерін қалтқысыз, өсірмей де, өшірмей де айтатынын білеміз. Өзінің кейіпкерлеріне деген әр түрлі жағдайларға байланысты туындаған ойы да бұқпасыз, ашық. «Әбділда Тәжібаев ақын ретінде де, азамат ретінде де, негізінен отызыншы жылдары қалыптасқан. Ал ол жылдар аса күрделі жылдарға жатады. Былай сөйлесең – өзгеге, бұлай сөйлесең – өзіңе жақпайтын кез. Дұрыс айтсаң, Итжеккенге кетесің. Бұрысын айтсаң, тірілей өлесің! Яки өзіңді өзің өмір бойы жек көріп өтесің. Әбекең сүрінсе сол жылдары сүрініп, қателессе сол жылдары қателескен шығар... Бірақ шынымды айтсам, ақын ретінде Әбекеңнің бұрынғы өлеңдерін ұната қоймаймын. Мұхтар Әуезовтың өзі Әбділданың өлеңдері көбіне-көп жалаңаштау және қарадүрсіндеу деп бағалаған. Алпысыншы жылдарға дейінгі жылдары сол Мұхаң айтқандай... Кейін Әбекең Мәскеуде Жоғарғы Әдеби курста оқып, күрт өзгерді. Менің Тәжібаевым оның «Аралдарынан басталады». Оның бұл кітаптағы өлеңдері Хрущев дәуіріндегі Жылымық кезеңге лайық – батыл да батыр. Шын демократияға ұмтылған және соған сағына жеткен үздік туындылар» [3, 107].

Әдебиетте көркемдiк құнар кейiпкердiң табиғи болмысы мен образ, өмiрлiк фактi мен авторлық шешiм арасынан туындамақ. Бұл – деректi проза үшiн де сақталатын шарт. Қадыр Мырза Әлидің деректi шығармаларында кейiпкерлер өте көп алынған, бiрақ олардың кейбiреулерi сом-сом әрекетке бармай, көркем образ деңгейiне көтерiлмей, тек өмірдегі шынайы образдар ретінде қала бередi.

Қадыр Мырза Әли өз кейіпкерлерінің өмірбаяндық дүниесінен үзінді келтіріп, өз өмірбаянын кеңітеді. Сонымен автор өз эссеистикалық концепциясы мен эстетикалық жүйесін дәлелдейді. Ұлы адамдардың образдары жаңа контекстік байланыстармен байытылады. Қайнаған әдебиет өнері, әлеуметтік және саяси проблемалар, уақыттың белгілері және өтіп кеткен тарихи оқиғалар эссеистикалық түрде еркін, толық баяндалған.

Кейіпкерлердің сана-сезімі және олардың монологтары арқылы сюжет жағынан өзара байланысқан эсселерді ашады. Естелік-эсселердің жиі кездесетін барлық дүниесінің әділ – соты уақыт пен заман және кейіпкері. Уақыт талабына сай болу үшін автордың білімділік, мәдениет деңгейі жоғары болуы керек. Біздің байқауымызша, қай жағынан да Қадыр Мырза Әли шығармашылығы осыған сәйкес келеді.

«Иірім», «Жазмыш» эсселерінің циклының поэтикасы – көп тақырыптық, дәлелділік, баяндалу образының терең де, даралығында. Сонымен бірге мұны тіл, мәдениеттанушылық, әдебиеттанушылық тарихи деректілікте, лирикалық философияға ауысып кететін автордың афоризмдік тұжырымдарынан да байқауға болады.

Қадыр Мырза Әлидің шығармасындағы ұштасқан әлеуметтік проблемалары, ақынның тәуелсіз творчестволық, азаматтық көзқарасы, өмірлік шындықты ашудағы жаңа формаларды ізденулері оқырмандарды тартады.

Ақынның поэзиясы зерттелген. Бірақ оның эссеистикасы әлі қарастырылмаған. «Иірімнің» кейіпкерлері төл әдебиетіміздің өкілдері болғандықтан да қарастыруға да, зерттеуге де «Жазмыштан» қарағанда әлдеқайда жеңілірек. Бұл екі шығарма да қоғамда танымал болғанымен, олардың тақырыптық, идеялылық, проблемалық, философиялық, моральдық ерекшеліктері зерттелінбеген.

Қ. Мырза Әлидің «Иіріміне» роман-эссе деп айдар тағуға әбден болады. Сондай-ақ, бұл шығармада повеске тән эссенің де қасиеттері бар.

Автордың өмірбаяндылығы және автордың өмірбаянынан тыс материалдардың бірліктілігі – шығарманың негізгі құндылығы. Өткен заманда автор өз өмірінің контекстімен баяндау, сонымен бірге жалпылай суреттер жасау романэссе, эссе-повестің эссеистикалық негізін құрайды. Роман-эсседе роман және эссеистикалық шығармалардың қасиеттері проблемалық деңгейде де, поэтикалық деңгейде де анықталады. Іс-әрекеттер, еске алулар, құжаттар, күнделіктер, естеліктер, ой-толғаныстар, философиялық тұжырымдар араласпай жылжиды. Роман-эссе өзінің көркемдік құрылымымен дәстүрлік жағынан анық айырмашылығы пікірталас туғызады. Автордың заманның негізгі проблемалары мен адамгершілік құндылықтарға көзқарасы – күрделі образдар, символдар, иллюзиялар арқылы да эссеистикалық еркін, ашық әдіс арқылы ашылады. Бейнелілік және суреттеу жүйелері романның сюжеттілік пен автордың оқырманының қызықтыру тәсілдерімен эссеистикалық толғаулар арқылы жазылған.

«Қадыр Музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар. Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең» [4], деп академик-жазушы З.Қабдолов зор баға бергендей, Қадыр туындыларының басты тақырыбы – адам тағдырын, адамның тіршіліктегі сан алуан мінездерін саралайды, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Ол қай туындысында болмасын ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, көрікті ойды көрнекті етіп, адам санасына әсер ететіндей шебер өрнектей біледі.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2011.
  2. Әдебиет терминдер сөздігі. – Алматы: Жазушы, 2001.
  3. Мырза Әли Қ. Иірім. – Алматы: Атамұра, 2004.
  4. Қабдолов З. Алғысөз // Қ. Мырзалиев. Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы. 1989. – Т. 1. – 448 б. 5 Ергөбек ҚБаянғұмыр. – Алматы: Жазушы, 1991.
  5. Есім Ғ. Жар жағасы. – Алматы, 2008.
  6. Қ. Жұмалиев Жайсаң жандар. – Алматы, 1969.
  7. Мырза Әли Қ. Жазмыш. – Алматы: Қазығұрт, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.