Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ әдебиетіндегі «психологизм ұғымы» туралы түсінік

Бұл мақалада қазіргі таңда қазақ әдебиетінде әлі толық зерттелмеген психологизм ұғымының қырсырын ашамыз. Шығарманың негізгі тірегі – адам баласы болғандықтан, шығарма кейіпкерлерінің жанында болып жатқан сыры мен құбылыстары анықталады. Көркем шығарма кейіпкерлердің құпия терең сырларымен то-лықса, оқырманға әсер беретінін түсіндіріп кетеміз.

Психологизм – адам өміріндегі болып жатқан іс-әрекет, демек психологизм ұғымын адам өмірімен тікелей байланысты десек қателеспейміз. Әрине басты тұлға – адам болғандықтан, оның күнделікті іс-әрекеті, мінез-құлқы адам өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтсақ, бір-бірін алмастырып отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады. Осы жағынан алғанда іс-әрекет процесс ретінде көрініп, онда субъект-объект өрістері арасында өзара ауысу жүзеге асыры лады.

Әрбір әдеби туындыда, фольклорлық жыр үлгілерінде, Орхон Енисей ескерткіштерінде де психологизм ұғымы табылған. Біз психологизм ұғымын әдебиеттен бөліп қарай алмаймыз, себебі психологизм әдебиет пен психология ғылымын жалғастырып тұрған дәнекер ұғым десек те болады. Бұл әлемде барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, ал психология ғылымы әдебиетпен жақынырақ байланыста. Себебі көркем шығарманың негізгі объектісіадам болып табылады. Адамның қайғырғаны, күлгені, күйіп-піскені, жүріс-тұрысы, мінезқұлқы бәрі де көркем шығармада ап-айқын беріледі. Бұл қасиеттер мен сезімдер берілмесе, сол көркем шығарманы оқып отырған оқырман кейіпкерді тани алмайды, оны сезіне алмайды, себебі оқырман көркем шығарманы оқып жатып, кейіпкер қуанса – қуанады, қайғырса – қайғырады.

«Психологизм, сөз жоқ, реализмге апарар сүрлеу екені мәлім. Рас, ол әртүрлі көркемдік әдістер шеңберінде көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады. Әйтсе де, нағыз реалист әдебиетте ғана психологиялық талдау нақты мазмұн тауып, жүйелі стильдік міндет атқарады. Бұған дүние жүзілік әдеби процесстің даму заңдылықтары мен тарихы куә» [1,6]. Психологизм мен реализм арасында өткел жоқ, бір-бірімен байланысын үзе алмайтын ұғымдар. Адам жандүниесінің негізінде адам бет-пердесі ашылады, демек, адамды жақыннан тани аламыз. Реализм – шындықтың негізгі бастауы.

Психологизм – әдебиеттану термині. Қазақ әдебиетінде енді ғана дамып, қанат жайып келе жатқан сала. Қазақ әдебиеттануында осы саламен айналысқан ғалымдарды атап өтетін болсақ: Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б.

Жазушылар өз шығармаларындағы кейіпкерлерінің мінез-құлқын жан-жақты ашуға тырысады. Жазушы тілінің шеберлігі арқасында біз кейіпкерлерді сан түрлі қырынан тани аламыз десек те болады. Мысалы: «Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын! Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың. Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің – соқпай жатып өрт болды. Жаңа піскен жауқазын – піспей жатып жоқ болды. Шамшырақтай жас жаның-жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық – аяққа құйған астайын шолтаң етті – тоқталды. Жыла жасың бұла! Жасыңмен қайғы жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын!» Бұл шығарма Ж.Аймауытовтың белгілі «Ақбілегі». Бұл сөздер автордың шығарма кейіпкеріне арналған сөзі, автордың толғанысы. Авторы белгілі – Жүсіпбек Аймауытов. Бұл романды кейбір зерттеушілер тұңғыш психологиялық роман деп те атап жүр. Әрине бұл пікірге қосылуға болады. Автор шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекет барысында көрінетін көңіл-күй құбылыстарын өте көркем түрде суреттеген. Біз Ж.Аймауытовтың психология ғылымына байланысты жазған, яғни психология ғылымы жайында ең алғаш еңбек жазған ғалым екенін білеміз, ол әрине қазақ ғалымдары арасында. Автордың осы шығармада кейіпкерлер жан-дүниесін, мінез-құлқын керемет суреттегенін байқай аламыз.

Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымына алғаш назар аударғандардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды. «Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік, ұғымның өзі керекті орынына қарай екі түрлі болады: 1) Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. 2) Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сөзді әңгімелер екі жақты болып келеді бір жағы ес ұғымымен болады, екінші жағы іс ұғымымен болады» [2, 56]. Біз ес ұғымы арқылы шығарма кейіпкерлерін танимыз, яғни задын, сырын, сипатын, мүддетін. Мысалы Ш.Мұртазаның Ай мен Айша шығармасында – кейіпкерлер мінезі, мақсаты айқын берілген. Әр кейіпкерлер міне-зін іс-қимылдары арқылы танимыз.

Әрине, көркем шығарманы оқып отырғанымызда ондағы кейіпкерлердің жан дүниесі ғана емес, оқырманға табиғат құбылыстары, шығармадағы ауа-райы құбылыстары да әсер етеді.

«Осы оймен келе жатқанымда, ап-ашық аспанды бұлт торлапты. Тәңіртау көрінбей қалды. Әуелі Шақпақ жақтан желдетіп барып, артынан себелеп жаңбыр жауды. Шаң тұтқан жусан мен дермен шөптің кермектеу иісі бұрқ ете қалды. Бізді аяп адамдар төкпеген жасты аспан төкті. Аспан бәрін сезеді. Аспан бәрін көреді. Аспанның мейірімі түскен адам қор болмайды» [3, 166]. Бұл шығарма жолын оқып отырып, адам жан дүниесін табиғатпен беруі суреттелгенін байқаймыз. Шығармада панасыз қалған, қараусыз қалған Айшаның ауылынан көшіп бара жатқандағы осы сәтін автор – бір түннің ішінде ауылын тастап, туған жерінен алыстап кетіп бара жатқан шығарма кейіпкерлерінің жан-дүниесіндегі құбылыстарды табиғат құбылыстарымен көркем жеткізген десек қателеспейміз. Бұл құбылысты психологиялық параллелизм деп атасақ қателеспейміз. Б.Майтанов та дәл осы құбылысты психологиялық параллелизм деп атап көрсеткен болатын. Б.Майтанов көңілкүй қозғалыстарын табиғат құшағынан алынатын теңеулер екенін айтып кеткен еді. Осыдан барып психологиялық параллелизм туады. Мысал келтіре кетсек: «Түнгі ашық аспан» – уайым сұйылта алмаған сұлулықты білдірсе, «құлпырып шешек атқан жазғы гүл» – ашық күнгі аспанда толқыған көк мұнарамен ассоциативті контраст түзеді» [4, 16]. Осы пейзаждық көріністер қуаныш пен қайғының, үміттің символына айналған десек те қателкспеген болар едік.

Шығармада кейіпкердің ішкі жан дүниесі – күрделі иірімдерден тұрады. Сол иірімдердіавтор әсерілеп жеткізбесе, шығарма оқырман қауымға мүлде әсер етпейді. Оқырман ешқандай әсер алмайды, қайғырмайды да қуанбайды. Онда шығарманың көркі қаншалықты әсем, көрікті тілмен жазылған, болса да адам әсер ала алмаса – онда оқырман шығарманы қарапайым ғана тілде түсінеді. Мысалы ретінде әлемдік классика қатарына жататын, атышулы Оноре де Бальзактың «Шегірен былғары» романында:

«Бейтаныс жігіттің көздері жұмылып, еріндері кезеріп кетті, бірақ сол сәтте-ақ, ол қабағын қайта ашты, қайтадан маржандай қызара бөрітіп, еріндеріне қан жүгірді. Ол өмірде мен білмейтін құпия сыр жоқ деп есептейтін ағылшынша, паң пішінде сәл кідірді де, көзден ғайып болды, түңіліске душар болған ойыншылардың қызық көре келгендерге жиі арнайтын жан күйзелтерлік көз қарасымен жұрттан жұбаныш тілегісі келмеді оның. Мінеки, бір секундтың ішінде қаншама оқиға түйдектелді! Ойын сүйектерінің жалғыз соққысының өзіндеақ, қаншалық көп мән бар десеңізші!» Бұл әлемдік классикалық шығарманың бар құпиясы адамның көңіл-күйін дәл беруде. Бұл шығармадағы жас жігіттің талғажау ететін бар ақшасын ойынға ұттырып жіберген сәттегі күйі көркем бейнеленген. Автор осы оқиғаны жай ғана қарапайым тілмен: «Бір жас жігіт бар ақшасын ойынға ұттырып, ойынханадан шығып кетті» десе, оқырман одан ешқандай әсер алмайды. Осы жігіттің ақшаға мұқтаж екендігін байқай алмаймыз. Сол бір секундтың ішіндегі оқиғаны автор әдемілеп жеткізген десек, қателеспеген болар едік. Әрине Б.Майтановтың «психологизм сөз жоқ реализмге апарады» дегенін ескерсек, сөз жоқ психологизм мен реализм қоса жүреді деген тұжырымға келген болар едік. Оған дәлел шығарма кейіпкерлерінің шығармадағы мінез-құлқы-өмірдегідей дәл берілуі, кейіпкер шығармада да жылайды, күледі, қайғырады, қуанады, күйіп-піседі, өмірде де дәл солай. Тек шығармада автор сол кейіпкердің сол сәттегі психологиялық күйін көркем тілде суреттеп, оқырманға әсер ететіндей дәл берілсе, бұл шығарманың жоғарғы деңгейдегі жетістігі екенін анық және айқын айта аламыз.

Көптеген ғалымдарымыз ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық, динамикалық психологизм атты ұғымдары бар екендігін дәлелдермен көрсете білді. М.Храпченко Н.Гоголь шығармаларын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізгенін зерттеушілеріміз айтып жүр.

Синтетикалық тәсіл – қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыләрекеттіалсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер, түр-тұлға, ой-санасын, мінез-құлқын танытуға алып келеді. Бұл аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу,ішкі толғаныстарды көрсету,жан диалектикасын бейнелеу аналитикалық психологизм деп аталады.

Көптеген психологизм зерттеушілері әдебиеттегі психологизм – динамикалық, аналитикалық, синкреттік болып бірнеше түрге бөлінетінін дәлелдеп келді. Бұлардың бәрі көркем шығармаға тән бейнелеу құралдары. Дүние жүзінің әдебиетінің ішінде қазіргі қазақ әдебиеті де адамның жан дүниесіне терең үңіліп, оның ішкі қалтарыстарын, психологиясын көрсету жетпісінші, сексенінші жылдардағы прозадағы ерекшеліктердің бірі. Дүние жүзі әдебиетінде көркемдік шеберліктің бұл саласындағы табыстар Лев Толстой есімімен байланысты. Ресей әдебиетінде соңғы жылдары психологиялық талдау басты бағытқа айналды. Мұндай шығармаларда оқиға шиеленісуінен гөрі психологиялық қақтығыстар бірінші тұрады. Психологиялық тартыс арқылы кейіпкердің ішкі тебіренісі беріліп, жан сыры ашылады, адам мінезі дамиды.

Көркем шығармада бір емес, бірнеше адамның өмірі көрсетілетіні нақты құбылыс болып табылады. Сол адамдар өмірінде болып жатқан іс-әрекеттер адам жан-дүниесінің құбылысын ашады деп айтсам қателеспеймін. А.Н.Леоньтевтің мына тұжырымдамасына назар аударайық: «Сонда адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтқанда, бірін-бірі алмастырып, отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте, сондай-ақ оның объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады» [5, 145]. Бұл психологтың айтпағы – адам өмірінде, оның істеген іс-әрекеттері негізгі орын алады. Бұл пікірге қосыла отырып, көркем шығармада бұл құбылыс ерекше орын алатынын айта

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.