Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Жазмышқа» жаңа көзқарас керек

Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, ақын Қадыр Мырза Әлидің тұңғыш прозалық туындысы «Жазмыш» естелік-эссесінің көркемдік ерекшелігі, жазылу шеберлігі, жанрлас туындылармен сабақтастығы, өмір шындығын беру тәсілі, сөз саптауда қолданылған автордың әдісі жөнінде айтылады. Бұл шығармада адамгершілік, философиялық, саяси, эстетикалық проблемалар көтеріліп, қарастырылатындығы, адам тұлғасы, образы тек өз ұлтының ғана емес, бүкіл әлем мәдениетінің, бүкіл адамзат құндылықтары тұрғысынан ашылатындығы, жазушының өз идеясы қазіргі заманғы адамның мінезін жинақтап ашуға ықпал жасайтындығы, жазушы шығармаларында атақ, құрмет атты ұғымдармен түйіндеп, ол мәңгілік деген мәселелерді көтеретіндігі жазылады.

«Жазмыштағы» көтерген мәселелерінің маңыздылығы мен қызықтылығы ұтымды әдеби әдіспен нақты берілгені жазушы шеберлігінің көрінісі екендігі сөз болады.

Қазақ әдебиеті тарихында үлкен дау тудырып, көптеген қаламгерлердің өзара қарымқатынастарына белгілі бір дәрежеде өзгеріс енгізген Қадыр Мырза Әлидің «Жазмыш» кітабы болатын. «Екі мыңыншы жылдардың бас кезінде жарық көрген Қадыр Мырзалиевтің «Жазмыш» (А.,2001), «Иірім» (А., 2004) кітаптары окырмандар арасында әртүрлі пікірлер туғызды. Алдымен «Жас алаш» газетінде жариялана бастаған естеліктердегі қазақтың көрнекті қалам кайраткерлері, өнер иелері жайлы боямасыз, ащылау жазылған жағдайларды түсінгендер де, қабылдамағандар да болды. Осы газетте жарияланған Әлия Бейсенованың мақаласында «Иірім» «елдің өсегіне сүйеніп жазылған», «ойға сыймайды» деп сыналды. Ал М.Мағауин «Өтірік қостым ішіне…», яғни, Қадыр Мырза Әли кейіптеген Ілияс Есенберлин» («Жұлдыз», 2004, №6) деген атпен көлемді мақала жазды.

Мұхтардың мақаласы хат түрінде жазылып, «Құрметті Қадыр!» деп басталған. Автор «Жазмышты» «мұнда ешқандай жазмыш жоқ, арғыбергі, әрқилы халық ортасынан шыққан жазармандар туралы деректі-дерексіз, өтірік-шынды, дүмбілез-күмәнді, өсек-аяңды, кайткенде де өзі де қалам ұстаған азаматтың тергіштеп жинақтауы колайсыз, әнтек, шетін жағдайлар жиынтығы ғана… Жалғыз-ақ қорытынды – бұрынсоңғы ақын, жазушы атаулы түгел азған, тозған жұрт екен-ау деген түңіліс емес, жиреніш қана» – деп бағалаған» [1]. Алайда зиялы қауымның мұндай әдеттері жиі орын алып жүргендіктен,

«Жазмышты» тек осы тұрғыдан бағалап, осы деңгейде көру – қателік. Бұл жерде автордың еңбегі, қаншама ізденісі, жаңалығы жатыр?

«Жазмыш» қаламгерлер туралы ізденіс пен зерттеуден, талдаудан тұратын естелік-эссе. Негізінен шетелдік қаламгерлер туралы естеліктерден құралған. Әрине, егер белгілі бір туынды жайлы дау-дамай, айтыс, сыни пікірлер туындайтын болса, сол туындының оқырманның қызығушылығын тудырып, қолданысқа жарағаны деп бағалағаны жөн. Ал жазушы үшін бастысы сол! Сол себепті әдебиетте соншалықты қарсылықтар мен сындарға ұшырағанына қарамастан біз Қадыр Мырза Әлидің атал-мыш естелік-эсселерін зерттеу нысанымызға айналдырғанды жөн санадық.

Алдымен, «Жазмышта» жазғандарына үңілдік. Қадыр ақынның өз сөзінен алсақ «Қысқасы «Жазмыш» ақындар және ақындық қасірет туралы дара көзқарас. Бұл мәселеге мүмкіндігінше тереңдеп бару, түсініп бағу» Оның айтуынша «Дүниенің ең басты жұмбағы адам. Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ. Әу баста қандай жұмбақ болсақ, қазірде сол жұмбақ қалпындамыз. Ал өнер адамдары, дарын иелері, әсіресе ақындар болмысынан бөлек, табиғатынан тылсым, қайталанбас құбылыс. Олар кейде белгілі бір шығармаларының белгілі бір сәттерінде ақырын-ақырын ашылғандай болады. Бірақ ондай сәулелі сәттер көп адамның санасына сыя қоймайды. Ақынның атыжөні өзгермейді демесек, өзі үнемі өзгеру үстінде, құбылу үстінде, керек десеңіз, өзін-өзі жоққа шығару үстінде, жаңғыру үстінде ғұмыр кешеді. Оның өзі өмір сүруге ұқсамайды. Оның өмірі бейнеттену, азап шегу, тіпті у ішу.

Ақын-жазушыға байланысты портрет деген сөзді жиі пайдаланамыз. Сол сөздің өзі, ұғымның өзі ақын аталатын айрықша құбылыстың сексен сегіз қыры түгіл, бір қырының бір белгісін берсе беретін шығар. Бере алмауы да мүмкін. Менің бұл пікіріме біреу келісер, біреу келіспес. Қайткенде де оны айтпасқа болмайды. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ демекші, алпыс адам бір жақ, ақын өзі бір жақ». Сонымен, «Жазмышта» жазғандарын өз әлімізше біз де зерттеп, зерделеп бақтық. Тілге тиек еткен тағдыр иелерінің жазмышын, тағдырын жазушы оқырманға қалай жеткізді, оқырманын қызықтыру үшін қандай әдіс-тәсілдер пайдаланды, жазушы мақсаты не, оған қалай жетті, бұл естелік-эссе қалай жазылды деген сансыз сұрақтардың жауабын іздеп таппаққа ұмтылдық.

«Естеріңде болсын, ештеңе де, ешнәрсе де кездейсоқ болмайды. Тағдырыңа билік жүргізетін жаңағы өзің айтып отырған – жазмыш», дейді автор. Бір ойында «Мен Алаштың батыстағы орталығы Жымпитыда дүниеге келіппін. Аса тұщымды балалық шақ болған жоқ, мен алты жарым жасқа келгенде соғыс басталды да, он жарымға келгенімде соғыс аяқталды. Осы төрт жыл біздің балалығымызды жұтып қойды. Соғыс біткенде біз ересек азаматтар секілді ой толғайтынбыз. Жазмыш хақында бір ғана мысал келтіре кетейін. Әйгілі Сүлеймен Стальскийдің ақындық тағдырына кім қызықпайды?! Атақ та, марапат та, алапат танымалдылық та соның төңірегін шиырлады. Ал оның сәбилік, балалық тағдыры... «...Себепсізден себепсіз біздерді қуып шығып, әкем өзі басқа әйелге үйленгенде мен құрсақта жатыр екенмін. Мен бір жақын ағайынның қорасында дүниеге келіппін. Әкеме ашуланған нағашыларым өшін менен алғандай, мені бір ескі кілемшеге орап, әкемнің босағасына апарып тастапты. Менің өмірім міне, осылай қиянаттан, өмірге деген өксіктен басталды... Мен қорада туып қана қойғаным жоқ, қорада-өгіз жанында өстім...». Қызығатын тағдыр ма осы?! Мұндай жазмышты ешкімнің маңдайына жазбасын! Тірі әке, тірі шешенің көз алдында мал қорада ер жету – не деген сұмдық! Алайда бұл – жазмыш». Осылайша қаламгерлер жазмышын жазуды қолға алып, олардың жазмышының жұмбағын ашуға тырысқан.

Өзінің бір сұхбатында естелік-эсселерді жазу идеясы қалай туғандығы туралы былай деген екен: ««Жазмышты» да, «Иірімді» де жазамын деп ойлаған жоқпын. «Жазмышты» жазған себебім, мен кітапты көп оқитын адаммын. Кітапты оқып отырып, өзіме ұнаған кейбір тұстарды сызып отырам. Сол сөздер есіме түскенде, әлгі кітапты аша салам да, сызған жерлерімді қайта қараймын. Сөйтіп, сызған жерлерімді қайта оқып отырсам… сұмдық материалдар! Әуелі әлгі сызған дүниелерімнің бәрін блакнотқа жазып, картотека жасадым. Картотека бойынша, он екі-он үш тақырыпшаларға бөліп шықтым. Қарасам, дайын кітап. Отызқырық жыл оқыған кітаптарымнан үш айда бір кітап жазып шықтым».

Жазмыштың анықтамаларын саралап, салыстырсақ, «Жазмыштың» орысша баламасы -«рок». Орыс ағайындар бұл сөзді калай түсіндіреді екен деп, Владимир Дальдің сөздігіне үңілдім. Ол да негізгі мағыналардың бірі ретінде «судьба, предопределение, участь неминучая, суженое» деп ұғындырыпты. КСРО Ғылым академиясы Орыс тілі институты шығарған орыс тілінің төрт томдык сөздігінде тіптен ықшам: «Судьба (обычно злая, грозящая бедами, несчастьями и т. д.)», дей салыпты.

«Жазмыш» жалпы философиялық та категория ғой деп, біраз ғалымдармен сөйлесіп көріп едім, жартымды ештеңе ести алмадым дейді, сол жазмыш жұмбағын шешуге өзі ұмтылып, оған мән-мағынаны толық беріп, көрсетуді көздейді.

Үш бөлімнен тұратын естелік-эссе сан түрлі тақырыпты қозғап, сан түрлі болжамдар жасап оқырманын жан-жақты ойға жетелейді. Әу бастан жеңілдікпен келмейтін ақындықтың бұралаң жолы, сол жолдағы қиыншылықтар нақтылы мысалдармен, фактілермен келтіріліп жазылған туынды мол еңбек пен ізденістің нәтижесі екенін аңғартады. Ақыны болсын, жазушысы болсын, философы болсын Қадыр Мырза Әлі олардың шығармашылығынан бастап, күнделіктерімен, олар туралы естеліктермен түгелдей таныса отырып, қорытынды жасаған. Еңбек философиялық ой-тұжырым мен түйіндер жинағы, автордың өз субъективті көзқарасы басым, десе де мұндай естелік-эссенің жазылуы оқырман үшін қаламгерлер өмірі мен шығармашылығын кеңінен тануға, білуге, ақпараттануға жол ашты. Өйткені, адамның бәрі автор секілді әр жазушының шығармашылығымен, күнделіктерімен жеке-жеке таныса бермейді, ал бұл еңбек сол сұранысты қанағаттандырып отыр, бір бойына бірнеше тағдырдың тарихын сыйдырған.

Әулиелік иісі қазаққа жат тақырып емес. Әу, бастан болашақты болжап, небір болжамдарды айтатын балгер-бақсылар ен даланы еркін жайлаған. Тіпті олардың ақындық қасиеті болған деседі. Ал «Жазмышта» жазылған әулие-көріпкелдік қалам ұстаған жанның ерекше қасиетінен саналған. Жалпы, өз тағдырын, өз өмірін болжау, өлеңнің өмірдегі құбылыстармен ұштасуы, өмірі мен өлімін өлеңде өрнектеу қаламгер атаулының шығармашылығына тән болып кетті. Автор аталмыш еңбектің алғашқы бөлімінде осы бір тағдыр иелерінің көріпкелдік-әулиелік қасиетіне тоқталады: «Жалпы өзінің тағдыры туралы бал ашып, сәуегейлік жасамаған ақын аз. Бір ғаламаты: айтқандары көбіне-көп дұрыс шығып жатады. Өздері емес, өзгелер жайында айтқандай төтесінен қойып қалады» [2, 20]. Бұлай ету, әдетте, қаламгер атаулының «тентек» мінездерінің бірінен саналады. Автор көріпкелдік пен әулиеліктің небір мысалдарын келтірген, бірін өлеңдерінен, бірін күнделіктерден, бірін естеліктерден алған. Автордың мұны жазудағы себебі, ақын не жазушының тек қияли шығарма жазып қана қоймай, шындыққа жанасымды да туындылар дүниеге әкелгенін, жалпы қалам иелерінің өзгеден бөлек мінез және болмыс иесі екенін нақты да дәйекті мысалдар арқылы көрсетіп, дәлелудеу болғанға ұқсайды. Адам тағдырын, қоғам тіршілігін болжау шығармашылық иелерінің арасында жалғасып келе жатқан дәстүрлі құбылыс. Әдетте, оқырман мұны өмірі мен өнері, өлеңі сәйкестік тапты деп айтып жатады, алайда бұл ақынның не жазушының саналы түрде жазған, біліп отырып жазған ерекше қасиеттілігі екенін ескермейді. Автор осы ойды ұғындырғысы келген секілденеді. Әсіресе, ел арасында кеңінен танымал тұлғалар өмірінен алынған деректер қызығушылықты оятудың басты құралы болғандай. Осындай қызықты естелік-эссесі арқылы Қадыр Мырза Әлі қаламгерлердің даңқы мен дарынын, таланты мен талабын, бағы мен сорын сараптап, саралаған. «Даңқ! Даңқ! Қай жағынан келуге болады саған? Алдыңнан келсе – тістейсің, артыңнан келсе – тебесің. Қуғанға – жеткізбейсің, қашқанды – құтқармайсың. Сен деп өліп-өшкеннің жанына жуымайсың. Ал енді атақ-даңқта шаруасы жоқ, жазу үстелінен бас көтермей, ғұмыры үнемі ізденіс үстінде өтетін еңбекқор сорлылардың соңынан қалмайсың...» [2, 27]. Осылай басталатын, ой толғамы даңқ туралы, шын талант туралы көркем де шебер өрілген ой өрімдерімен жалғаса береді. Даңқ туралы кемеңгерлердің, ойшылдардың, ақындардың ой-пікірлерін жинақтай келе, шығармашылық тұлғалар өміріндегі даңқтың пайдасы мен зиянын айтады. Даңқтың түрі де көп екен: кешегі, бүгінгі, ертеңгі, жесір, т.б. ал түсінікті мағынасында айтқанда, даңқ дегеніміз оқырманның шығармашылық тұлғаға берген бағасы, оған деген құрметі, марапаты. Бірақ ол салтанатты түрде әспеттеліп берілмейді, әр жерде әркімнің өз бағалауынша беріледі. Тек шын талант иесі ғана осындай даңққа қол жеткізеді. Халықтан даңқты сатып ала алмайсыз, ол оның тегін берілетін, алайда кез келгенге берілмейтін сыйы. Кейбіреулер осы даңқты сатып алмаққа ұмтылады, жер-жерде кездесулер, әдеби кештер ұйымдастырып, халықты өзіне жақын тартпақ болады, алайда егер шын талант болмаса мұнысы бекер. Высоцкий туралы келтірген деректері соны айғақтайды: «... Тек «Мәскеу ақшамы» ғана Владимир Высоцкий дүние салғаны туралы төрт-ақ жол хабар береді. Төрт-ақ жол! Бірақ соның өзі жетіп жатыр. Орталық алаң, оған іргелес жатқан көшелер мен орамдар халыққа толы» [2, 28]. Расында, даңқ жиып қоятын дүние емес, ішетін асың да болмайды, бірақ ақын не жазушы үшін бұл үлкен рухани демеуі, қиындықта қолдауы, сапар шексе серігі, жыласа жұбанышы. Қалай болғанда да даңқтың бағаласы халықтікі. Ағаның не көкенің берген даңқы кешегі даңқтар қатарына кетеді, халықтан зорлықпен алған бүгінгі даңқың түбі баянсыз болады, ал ертеңгі даңқ – ол халқыңның нағыз махаббатынан туады. Шығармашылық тұлғалардың ақындық және жазушылық қадір-қасиеті туралы нақты деректермен, көркем тілмен баяндалған эссесінен автордың публицистикалық стильдегі еркіндігі, мәтінді шебер байланыстырып беруінен ой нақтылығы пен шынайылығы байқалады. Осы бір ой толғауын оқи отырып, «Осы даңқ туралы жазып отырғанда автор өз даңқының да қазақ даласында шарлап жүретінін білді ме екен...» деген ойға келесіз...

«Ақын да қайыршы секілді, елдің қайырсадақасымен күн көреді.. Бір ғана айырмашылығы – көшеде қол жайып тұрмайды. Мұны айтып отырған қатардағы көп ақынның бірі емес, Анна Ахматова!» [2, 44]. Иә, аш-жалаңаштық, қайыршылық серік болар адамын таңдамайды. Жазмыш, қалай жазса, солай болады. Одан қашып кетпек жоқ. «Аш-жалаңаш ағайын» эссесінде автор ақынның тоқсан тоғыз қасіретінің бірін сөз етеді. Бұл – кедейлік, жоқтық. Жалпы, ақынның байы болмайтын секілді. Алайда, талантына табынтып жүрген ақыны не жазушысы күнделікті бір үзім наны мен бір ұрттам суын әрең тауып, тіпті, соны таба алмай өлермен күй кешіп жатырғанын оқырманы білмейді. Олар үшін ақын не жазушы бақытты, олар да жазу-сызудан басқа қиындық жоқ секілді көрінуі мүмкін. Алайда, автор осы эссесі арқылы ақын-жазушының осындай күйін сөз ете отырып, оны оқырманына тағы да жақындата түсетіндей. Әдетте, бұл тағдыр иелерімен қатар дарын да, жоқтық та, даңқ та, атақ та, ауру да қатар туатындай. Осылайша олардың бәрі жағаласып жүріп ақындық жолда серік болады, бірі алға сүйресе, бірі кейін тартады.

Шығармашылық тұлғалардың тағдырын сөз ете отырып автор қаламгерлер мен оқырмандар арасын жақындата түскен. Бұл көптеген шығармашылық тұлғалардың өмірінің жұмбақ жақтары баяндалған қызықты туынды. Әдетте, оқырман үшін қаламгердің шығармасынан басқасының бәрі жұмбақ. Автор осы тұрғыдан келгенде оқырман үшін қажеттілікті қанағаттандырарлық өнім өндірген. Осылайша шығармашылық тұлғалардың «Ауруы», «Дерті», «Өлімі», «Баспанасы», «Махаббаты» т.б. мәселелерін көтеру арқылы олардың шығармашылығымен қатар, жалпы қарапайым өмірдегі болмыстарын ашуға ұмтылған. Шығармашылық тұлғалардың өмірі мен тұрмысын баяндай отырып, автор көптеген қанатты сөздер мен афоризмдер тудырып отырған. «Тіріге болса болар, өліге даңқтың зияны жоқ», «Әр ақынның – егер ол нағыз ақын болса – тоқсан тоғыз қасіреті болады», «Хайуандар ғана емес, адамдар да түлейді. Бір ғана айырмашылығы – олар іштей түлейді», «Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар», «Бала әруақытта шындық айтады», «Адамның басы көбіне-көп ел билеушілерінің добы болып келеді ғой», «Ақынның үнін өшірудің жылдар сынынан өткен ең оңай тәсілі – қылғындыру, тұншықтыру», «Ауру дегенің өте қысқа романның өте ұзақ кіріспесі», «Өнер тұрған құпия», «Әртүрлі дарындар түгіл, бір дарынның өзі кейде өзіне-өзі ұқсамайды», «Кейде жоқтықтың өзі жаңа моданың тууына себепкер болады» т.б. айтылған сөздері орын тауып айтылып, ой нысанасы шалыс кетпегенін көрсетеді. Бұл оның көркем тіл шеберлігінің көрінісі.

«Жазмышта» адамгершілік, философиялық, саяси-эстетикалық проблемалар көтеріліп, қарастырылады. Адам тұлғасы, образы тек өз ұлтының ғана емес, бүкіл әлем мәдениетінің, бүкіладамзат құндылықтары тұрғысынан ашылады. Жазушының өз идеясы қаламгерлердің мінезін жинақтап ашуға ықпал жасайды. Жазушы шығар-

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.