Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілдік тұлғаның шығармашылығын арттыру жолдары

Қазіргі таңда саяси-экономикалық жағдайдың жаңаруы, экономикалық-өндірістік күштердің қарқынды дамуы мамандар даярлауда да өзіндік жаңа технологияларды қажет ететіні анық. Еліміздегі білім беру жүйесі заман талабына сай әлемдік білім беру жүйесіндегі кредиттік оқыту жүйесін оқу үдерісіне енгізгені белгілі. Кредиттік технология бойынша оқыту студенттің шығармашылық қабілетін дамытып, ізденушілігін арттырады. Оқытудың кредиттік жүйесіндегі негізгі мәселенің бірі – студенттердің өз бетінше білім алуын ұйымдастыру. Бұған студенттердің дәріс тыңдауымен қатар оқытушы берген бағыт–бағдар негізінде өз бетінше ізденуі себеп болады, яғни оқу үдерісінде аудиториялық жұмыспен қатар студенттердің өз бетімен жұмысы маңызды қызмет атқарады. Студенттердің өз бетінше өздік жұмыс орындауы олардың шығармашылық қабілетінің дамуына, өз бетінше ізденіп алған білімі ғылыми–зерттеу жұмысымен шұғылдану дағдысының қалыптасуына септігін тигізеді.

Студенттің өздік жұмысы дегеніміз – силлабус негізінде оқытушының әдістемелік нұсқауымен берілген тапсырмаларды студенттердің өзінше жеке орындауы. Ол ғылымның белгілі бір саласы бойынша студенттің білімін толықтыруға, танымдық қызметін, ізденімпаздық, шығармашылық дағдысын қалыптастыруға, дидактикалық материалдарды өзінше орындауына бағытталған кредиттік оқыту жүйесінің бір формасы болып табылады.

Студенттердің өздік жұмысы дәрісханалық, аудиториялық сабақтарда өтілген материалдарды игеруде қорытындылау, бекіту, түйіндеу функцияларын атқарады. Студенттің өздік жұмысының болашақ мамандар үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруда, білім беруде маңызы зор. Атап айтар болсақ, өздік жұмыспен жұмыс жасау студенттерді төмендегідей жетістіктерге жеткізеді:

  • Кәсіби тұрғыдан дамуы үшін қажетті таңдау жасай білуге тәрбиелейді;
  • Студенттердің оқу материалын өз бетінше іздеп тауып, іздеуіне жол ашады;
  • Өз бетінше тапқан материалдарын терең түсініп, оны тәжірибеде пайдалануға көмектеседі;
  • Өздігінен ізденуге деген құштарлығын арттыруды қалыптастырады;
  • Жаңа білім үдерістерін құрып, оны бұрынғы білімімен ұштастыруға мүмкіндік береді;
  • өзін–өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, яғни өз–өзін тәрбиелеуге жол сілтейді;
  • өзінше ғылыми тұжырым жасауға қалыптастырады;
  • өз білімін толықтыру мақсатында ізденуге жол ашады.

В.П.Стрезиконин «Только в процессе самостоятельной работы студент овладевает знаниями, умениями и навыками, обогащает свою память, осмысливает понятие, проникает в суть явлений», – дей отырып, студенттердің білікті маман ретінде қалыптасуына өздік жұмыстың атқаратын қызметінің маңызды екенін көрсетеді.

СӨЖ тапсырмаларын беруде оқытушының да өз қызметі болады. Атап айтар болсақ,

  • студент бойындағы қызығушылығын жойып алмай, қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, студенттің шығармашылық ізденісінің дамуына жол ашу;
  • студенттің білімді өз бетінше ізденуге бағыт–бағдар беру;
  • өзін–өзі дамытатын тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

СӨЖ ұйымдастыруда жоғарыда айтып кеткеніміздей, оқытушының қызметі ерекше. Себебі оқытушы жалпы студенттермен емес, жеке қабілеті мен бейімін ескере отырып, нақты жеке тұлғамен жұмыс жасауы тиіс. Әр пәнді оқуда СӨЖ–ді ұйымдастыру бір–бірімен өзара байланысты мынадай үш форма негізінде жүзеге асырылады:

  1. аудиториядан тыс СӨЖ;
  2. тікелей оқытушының басшылығымен жүзеге асырылатын аудиториялық СОБЖ;
  3. шығармашылық яғни ғылыми–зерттеу жұмысы.

Ендігі мәселе Сөж тапсырмаларын беру туралы болмақ. СӨЖ тапсырмаларын беруде студенттің ізденуіне, шығармашылықпен айналысуына жол ашатын тапсырма түрлерін түрлендіріп беру қажет. Ол пән мақсатына қарай әртүрлі формада берілуі мүмкін.

СӨЖ сабақтары үшін сабақта қолданылатын материалдар түгел қамтылуы тиіс. СӨЖ материалдарына: негізгі және ұсынылатын әдебиетпен қамтамасыз етілу картасы, студенттердің білімдерін ағымдық және кезеңдік бақылауға арналған тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары, дидактикалық материалдар, қорытынды тест тапсырмалары немесе билеттер, әдістемелік нұсқаулар, кейс, сөзжұмбақтар, көрнекті құралдар, ОҮҚ, сырттай оқитын студенттерге арналған әдістемелік пакет, практикалық сабақтардың барлық түрлері бойынша бағдарламалар, пән бойынша оқу үрдісінің картасы жатады.

СӨЖ нәтижесі бақылаудың жазбаша формалары негізінде рәсімделеді. СӨЖ–дің жазбаша формаларына конспект, реферат, баяндама, эссе, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, жаттығу жұмысы, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, ғылыми мақала, аудио, бейне–есеп т.б. жатады және ақпараттың әр түрлі көздерін еркін пайдалана алу мен оқытудың электрондық құралдарын қолдануға тиімді жағдайлар жасалуына байланысты.

СӨЖ–ге ұсынылатын тапсырмаларды беру жолдарын әртүрлі ұйымдастыруға болады. Атап айтар болсақ, СӨЖ тапсырмаларын орындауда іскерлік ойын жүргізу, кейс, презентация жасау, дискуссияларды жүргізу, дөңгелек үстелдер өткізу, бейнефильмдер көрсету әдістері, газет– журналдардан ғылыми әдебиеттерден алынған материалдарды түрлі тәсілдермен рәсімдеу (конспект, реферат, аңдатпа жазу және т.б.), өзінің идеяларын қорғау, өз тұжырымдарын ұсыну, баяндама жасау, түрлі мәселелер бойынша мәліметтер дайындау, негізгіден жанама, қосымша материалды бөліп алу, иллюстрация, сызба, кестелер бойынша мәтін құрастыру, өзінің мысалдарын келтіру, қосымша пікір дайындау, қорытындылауға қатысу, экскурсиялар жасау, реферат сұрақтарын немесе тапсырмаға қатысты сұрақтар дайындау, әңгімелесу, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беру немесе қойылған сұрақтарға жауап беру, жоспар құру, т.б. қолданылады.

СӨЖ тапсырмаларын беруде оларды мақсатына қарай түрлендіру орынды. Мысалы, білімді бекіту және жүйелендіру үшін конспектімен, дәріспен, оқу материалдарымен (оқу құралымен, қосымша әдебиеттермен, аудио және бейнежазбалармен, т.б.) жұмыс жасау, жоспар және жауап тезистерін құру, оқу материалдарын жүйелеу үшін кесте жасау; нормативті материалдарды оқу; бақылау сұрақтарына жауап дайындау, мәтінге аналитикалық талдау жасау (мәтінге аннотация, пікір, реферат жазу), семинар, конференцияда баяндама жасау үшін тезистер, рефераттар, баяндамалар дайындау; әдебиеттер тізімі мен сөзжұмбақтар дайындау сияқты тапсырмалар беріледі. Ал әртүрлі кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін тапсырмаларды орында, сызбалар құру, жағдаяттық кәсіби мәселелерді шешу, іскери ойындарға дайындық жүргізу, кәсіби мамандықтың әртүрлі түрлері мен құрамдық бөліктеріне жоба жасау; курстық және диплом жұмыстарын жазу; эксперименттік жұмыстар; тәжірибелік жұмыстар; т.б. тапсырмаларды беру ұсынылады.

СӨЖ–дің әртүрлі формаларының ішінде жоғарғы курстарда практикалық сабақтарда іскерлік ойын жүргізу тиімді. Ойын тақырыбы нақты өндірістік мәселелермен байланыста болуы немесе өзекті мәселелер міндетін қамтитын қолданбалы сипатта болуы тиіс. Іскерлік ойынның мақсаты – имитация негізінде студентке өз ісіне қатысты шешім қабылдауға мүмкіндік беру болып табылады. Семинар және практикалық сабақтар жүргізу барысында студенттер СӨЖ–ді жеке де, кіші топ ішінде де (шығармашылық) орындай алады. Топпен жұмыста топтың әр мүшесі өз жобасын немесе өз жұмысын ұсына алады. Орындалған жоба (өзекті мәселе шешімі) айналым жүйесіндегі басқа топ арқылы сыналады. Көпшіліктің талқылауы, студенттің өз нұсқасын қорғауы СӨЖ қызметін жоғарылатады және оның сапалы орындалуына деген талпынысты күшейтеді. Практикалық сабақты ұйымдастырудың бұл жүйелі қойылған міндетке ғылыми–зерттеу элементтерін ендіруге мүмкіндік береді.

Әдеттегі практикалық сабақтарда студенттер жұмысының белсенділігі СӨЖ–дің жаңа формасы негізінде жүзеге асырыла алады.

Өздік жұмыстарды бақылау формаларын да әртүрлі етіп оқытушы таңдайды. Атап көрсетер болсақ, олар:

  • баяндама, реферат, т.б. сияқты жазбаша түрде өз бетінше жасалған жұмыстарды ауызша тапсыру;
  • өз бетінше зерттеліп отырған тақырып бойынша конспект жасау;
  • есеп, күнделік, хаттамалар, т.б.;
  • ғылыми–зерттеу жұмысы туралы есеп (оның орындалу кезеңдері, мақсат–міндеттері туралы, т.б.)
  • өздік жұмысы нәтижесінде басылымдарға ғылыми мақалалар жариялау;
  • тестілеу;
  • шығармашылық жұмыстар, т.б.

СӨЖ–ді ұйымдастыруда өзара байланысты мынандай шарттар маңызды қызмет атқарады:

  1. педагогикалық–ұйымдастырушылық;
  2. дидактикалық
  3. технологиялық–процессуалдық.

Педагогикалық–ұйымдастырушылық шарт бойынша жаңа ақпараттық технологиялар негізінде өзіндік жұмыстар педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуы тиіс, яғни өзіндік жұмыс тапсырмалары нақты берілуі тиіс; семестр бойынша оқу жүктемесі көлемі нақты бір жүйеге негізделуі қажет; бақылау белгіленген мерзімді өткізілуі міндетті. СӨЖ тапсырмаларын орындауға қатысты кеңес беруде жүйелік пән нақты бағыт–бағдар беру мәселелерінің қатаң ескерілуі тиіс, себебі жүйелі кеңес беру студенттің өз бетінше жұмыс жасауына арқау болады; студенттің жеке берілген тапсырмаларды өз уақытында орындауы; кафедра оқытушыларының бағалау әрекетіне сәйкес ортақ қағидаларды ұстануы қажет, студенттер материалдық–техникалық және әдістемелік тұрғыдан ақпараттық технологиялар деңгейіндегі қамтамасыз етілуі қажет.

Технологиялық–процессуалдық шарт бойынша, студент ЖОО тарапынан жаңа ақпараттық технологиялармен және жаңа ақпараттық технологияға негізделген қажетті оқу–әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі тиіс. Себебі студент өз бетінше ізденуі барысында қазіргі заман ағымынан қалмауы тиіс. Себебі студент өз бетінше ізденуі барысында қазіргі заман ағымынан қалмауы тиіс, кейінгі жылдары жарық көріп жатқан отандық, шетел жаңалықтарымен, ғылыми әдебиеттер мен таныса отырып, өз пікірін ортаға салуы тиіс. Ал бұл жоғарыда айтып өткеніміздей, ЖОО–да қазіргі заман талабына сай материалдық––техникалық базасының (оқытушыларға және студенттерге арналған компьютерлік сыныптар телебайланыс, электрондық пошта, Интернет торабы т.б.), оқу үрдісінде оқу–әдістемелік кешендерінің, электрондық оқулықтардың, автоматты оқыту бағдарламаларының, электрондық оқыту кешендерінің және т.б. болуына негізделеді.

СӨЖ–ді ұйымдастыруға қойылатын дидактикалық шартқа студенттер зейінін жаңа білімді меңгеруге бағыттай отырып, студенттердің өзіндік жұмыстарын дайындау жатады. Мұнда бақыланатын жаттықтыру түрлерін (проблемалық тапсырмалар мен электрондық тест жүйесін құрастыру, т.б.) қолдану, студенттерді кәсіби тұрғыдан дайындайтын дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі басты талап болып табылады. Студенттердің өндірісте өтетін тәжірибелік жұмыстары мен өндірістік, кәсіби оқыту арасында қарама–қайшылық болмауы тиіс, керісінше өзара байланыста болуы тиіс.

 

  1. Стрезиконин В.П. Организация процесса обучения в школе. – М.: Просвещение, 1968. – 245 с.
  2. Голант Е.Я. Значения самостоятельной работы школьников // Советская педагогика. – М.: 1942.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.