Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл жетілдірудегі қолданылатын дебат технологиясы

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. Білім беру стандарттарының жасалынуы, инновациялық технологияны дамыту, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену – сол өзгерістеріміздің куәсі. Әсіресе, білім берудің кредиттік технологиясы жүйесіне көшу бүгінгі таңда еліміздің жоғарғы оқу орындарында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі әдістерден біртіндеп бас тартуды, оқытудың академиялық және ұйымдастыру құрылымдарын өзгертуді, әдістері мен технологиясын жаңартуды талап етеді. Мемлекеттік тілді үйретуші оқытушы алдындағы ең үлкен мақсат – қысқа мерзім ішінде студентті өз мамандығы бойынша қазіргі таңдағы жетістіктер мен проблемалар туралы сөйлей алатындай және жоғары деңгейде түсіне алатындай дәрежеге жеткізу, болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру, яғни ауызекі сөйлеу деңгейінен кәсіби деңгейге көтеру, ертеңгі күні олар Қазақстан азаматтарымен мемлекеттік тілде жатық, таза, еркін сөйлесе алатындай етіп шығару.

Соңғы жылдары еліміздің жоғарғы оқу орындарында дебат технологиясын қолдану арқылы студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру жайлы, сондай-ақ , білім алушылардың ойөрісін дамытуда және тіл дағдыларын қалыптастырудағы тиімді әдіс екендігі туралы жиі айтылып жүр. Мемлекеттік тілді оқытуда дебат технологиясымен енгізе оқытудың мақсаты мен міндеттері мынадай:

  • мемлекеттік тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
  • таным қабілетін дамыту;
  • білімге құмарлық, рухани сенімін арттыру;
  • пікір – шектелмейтін еркін шығамашылық екеніне сенім ұялату;
  • қарма-қарсы ой стратегиясы болғандықтан, сөз әдебіне үйрету;
  • шешендікке баулу;
  • саяси еркін көзқарастардың бәсекелілігін тудыру;
  • тыңдаушы мәдениетін насихаттау;
  • студенттің өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруына баулу;
  • студент дербестігін дамыту.

Дебат технологиясы білім беру жүйесіне сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында 1993 жылы бір топ американдық педагогтардың ұсынысымен енгізілген болатын. Бұл технология студентті өмірдің әр саласында мысалы, медицина, білім, өндіріс, бизнесте және басқа тақырыптарда туындайтын мәселелер бойынша өз ойын, көзқарасын және мүддесін қорғай білуге үйретеді, азаматтық құндылықтарды сақтай отырып, ғылыми, кәсіби тұрғыдан бәсекеге қабылетті, сөз-сайыс жүргізе алатын маман дайындауға ықпал етеді. Дебатты мынандай салаларда жүргізуге болады:

  • оқытудың бір формасы мен технологиясы ретінде білім беру үрдісінде;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарында (ғылыми ізденісті, ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, зерттеу жүргізуді қалыптастырады);
  • тәрбие жұмыстарында;
  • танымдық ойын түрі ретінде.

Дебат – бәсекелесу мен жарысудың белгілі бір деңгейін болжайтын ойын технологиясы. Бұл жерде логикалық жағынан мейлінше қисынды дәлелдер келтіре алған алған адамның жеңісі маңызды, себебі дебатта анық бір жақтың дұрыс болып шығуы мүмкін емес. Бұл, бір қарағанда, дидактика принциптеріне қайшы келеді, бірақ дебат өмір мен әлеуметтік практикаға жақын, неге десеңіз, кез келген мәселенің екі жағы бар, кез келген шешімге жақтастар да, қарсыластар да табылады. Логика мен дебат технологиясы амалдары арқылы шешіп, мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі үш принципті сақтау қажет:

  1. Қарсыластың идеялары мен пікірлеріне қарсы аргументтерді тұжырымдап айтуға болады, бірақ сол қарсыластың өзін сынауға болмайды. Дебат жеке тұлғаға қарсы бағытталмауы керек.
  2. Дебаттың негізі – шындық. Кейде шындық өте қиынға түседі, бірақ аргументтердің жоқтығы мен қисынға келмейтін жағдайларды мойындауға тура келеді.
  3. Жоғарғы оқу орындарында өтетін дебат студенттердің дамуы мен білімі, қоғамдағы орны үшін қолдануға арналған, сондықтан оны оқу үрдісіндегі студенттер арасындағы немесе оқытушы мен студент арасындағы жарысқа, айтысқа айналдырмау керек. Бұл ойында қатысушылардың құқығы бірдей болады. Қатысушыларға өз білімдерін көрсетуге, тәжірибе ауысуға болады. Дебат тіл жетілдірудің дамуын қамтамасыз ететін педаогикалық әсер ету тәсілі, бірақ, ол үшін сабақтың тақырыбы дебат жасауға лайық болуы қажет. Тақырып таңдаған кезде төмендегілерді есте сақтау керек:
  • жақтайтын жақ үшін жағымды тұжырымдары бар;
  • нақты мәліметтері бар;
  • зерттеу жұмысын жүргізуге дем беретіндей болуы;
  • айтыс, дау қозғайтындай болуы;
  • көкейкесті мәселелерді қамтитын, қозғау салатын болуы тиіс.

Жақтаушы жақ өзі ұстанған көзқарасын нақты фактіге негізделген мықты біліммен, шешендігімен мойындатса ғана жеңеді. Қарсылас жақ жақтаушылардың ұстанымдарының дұрыс еместігі мен аргументтерінің кемшіліктерін дәлелдеуі қажет. Дебат технологиясының артықшылығы – осы. Егер біз «Халық медицинасы» деген тақырыпты дебат ойынының қарары етіп алсақ, ойынның шарты бойынша критерий құрамыз. Ойынға қатысушылар топқа бөлініп, екі критерий бойынша дайындалады.

Критерий: Халық медицинасының адам денсаулығы үшін пайдасынан зияны көп.

  1. Аргумент. Арнайы медициналық білімі жоқ адамдар айналысады.
  2. Аргумент. Хируриялық ауруларды емдей алмайды.
  3. Аргумент. Олардың ем-домдары уақытша ғана әсер етеді.

Осы аргументтерге мысалдар келтіре отырып (газет-журнал материалдарын пайдаланып), халық медицинасының әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданбай, уақытша табыс көзі етіп жүрген «емшілердің» кесірінен халық медицинасы туралы қоғамда пайда болған көзқарастар жайында сөз қозғайды.

Критерий: Халық медицинасының адам денсаулығы үшін пайдасы зор.

  1. Аргумент. Ерекше қабілет дарыған емшілеріміз ешқандай құрал-жабдықсыз адамның ауруын (диагнозын) дәл таба білген.
  2. Аргумент. Халық емшілері – сынықшы, жарықшы, оташылардың емі ешқандай талас тудырмайды.
  3. Аргумент. Халық медицинасында қолданылатын дәрі-дәрмектердің негізі табиғи дәрілік шөптерден, минералды заттар мен жануарлардың мүшелерінен алынатындықтан, адам ағзасына зияны болмайды.

Әр критерий мен аргументті алдын-ала берілген авторлардың еңбектеріндегі үзінділер арқылы нығайтамыз, фактілер арқылы дәлелдейміз. Мысалы, ұсынылған еңбектердің бірі – «Қазақтың халық медицинасының құпиясы» деген кітапта көптеген нақты материалдар негізге алынып, халық емшілерінің ауруды анықтау, табу, емдеу тәсілдері осы күнгі ғылыми медицина тұрғысынан талданады. Халық медицинасындағы емшілердің ішкі ауруларды ғана емес, хируриялық ауруларды да емдеп, жазғаны туралы қызық фактілер келтіріледі. «Халық дәрігері (емшісі) науқастың сыртқы пішініне, жүріс-тұрысына, өңіне, реңіне көз сала отырып, оның денесіндегі ерекшеліктерді байқаған. Ол қолдарының ұшымен өте епті және сезімталдықпен науқастың ауырған жерлерін басып сипалап, сол жерді анық білуді дұрыс санаған. Тыныс алудағы көңіл-күйді байқаған, тамыр ұстап, жүрек жұмысын тексерген, қарынды, ішті еппен басып, ішкі ағзалардың орнын, дененің ыстығын анықтаған, түкіріктің, дәрет пен зәрдің шығу мөлшерін білген, олардың иісі мен түріне назар аударған. Тердің қалай пайда болып, қай жерден шығатынына назар аударған, бірнеше түрге: бұршақ тер, жабысқақ тер, сасық тер, қара тер, құрғақ тер деп бөлген. Жөтелді де бірнеше түрге бөлген: көк жөтел, құрғақ жөтел, шиқыл жөтел. Қақырықты да түр, түске бөлген. Оның түсінің өзеруін өкпе, кеңсірік ауруларының белгісі деп білген». Қазіргі кезде де халық медицинасы көмегімен талай адам ауруынан ем іздеуде.

Дебат технологиясы студент бойына мынадай қасиеттерді қалыптастырады:

  • жан-жақты білім;
  • тапқырлық;
  • шешендік;
  • зеректік;
  • аңғарымпаздық;
  • сын тұрғыдан ойлауды;
  • өз ойын ашық айтуға
  • адамдармен дұрыс сөйлесе білуге;
  • көпшілік алдында сөйлеп үйренуге;
  • адамдармен мәдениетті қарым-қатынас жасауға.

Сондай-ақ, дебат өткізуді кері байланыс элементі ретінде, оқу материалдарын бекіту және танымдық қабілетті активтендіру ретінде пайдалануға болады. Бірақ бұл технологияны қолданған кезде төмендегідей қиыншылықтар ұшырасты:

  • кейбір пікірсайысқа қатысушылар басқалардың сөйлеуіне, өз ойларын толық жеткізулеріне бөгет жасайды;
  • қатысушылар кейде берілген тақырыптан ауытқып кетеді;
  • барлық идеялар мен ұсыныстардың логикалық байланысын бақылап, жазуды жүргізу қиынға соғады.

Қорыта айтқанда, орыс тілді аудиторияда қазақ тілін үйрету, дамыту, жетілдіру мақсатында қолданылатын әдістердің бірі ретінде дебат технологиясын сабақта қолдану студенттің өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашады, тіл үйренушінің танымдық өрісін дамытады, белгілі бір мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет жасауына ықпал етеді.

 

  1. Современные образовательные технологии. Учебное пособие. Москва, 2011.
  2. А. Алдашев, Ж. Әлімханов. Қазақтың халық медицинасының құпиясы. Алматы, 1992.
  3. Захарова И. Г. Информационные технологии для качественного и доступного образования. Педогогика. 2002, №1.
  4. Герасимов Г.И., Иллюхина Л.В. Инновация в образовании. – Ростов на Дону, 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.