Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орыс топтарындағы қазақ студенттерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту

Өркениетті елдер қатарына көтерілу – егеменді еліміздің алғышарты. Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, рухани бай, жан-жақты болуды талап етеді.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы Абай. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан қазіргі білім берудің басты мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Қай заманда болмасын алға жетелейтін құдіретті күш білімге ғана тән.

Қазақ тілін орыс топтарында оқыту әдістемесінің мақсаты сөйлей білуге, өз пікірін өзгеге жеткізе білуге, тіл қорын дамытып, қазақ тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білу екендігі баршамызға аян. Бұл мақсатқа жетуде қазіргі таңда орыс топтарында қазақ тілін оқытудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қарастырған көптеген еңбектер жарық көруде. Бүгінгі күні қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретеміз деп, мұғалімдер бүкіл сабақты қазақ емес ұлт өкілдеріне арнап, қазақ студенттріне жеңіл-желпі тапсырма беріп, соны сұраумен шектелуде. Орыс топтарындағы қазақ студенттерінің ана тілін ары қарай тереңдетіп оқытылуы ақсап тұр.

Педагог К.Д.Ушинский «развивать в детях дар слова-значит почти то же самое, что развивать в них логичность мышления» [1] деген екен. Олай болса, бүгінгі қазақ жастары студенттерінің, болашақ зиялы қауымның қаншалық іскер, қабілетті, білімді болып шығуы оқытушының тілді қалай меңгертуіне, оқытуына байланысты екені ескерілсе, оқытушы жүгі ауырлай түспек. Сондықтан ұстаз алдында еліміздің болашағы тұр.

Ыбырай Алтынсарин: «Жақсы мұғалім маған әр уақытта қымбат, өйткені, ол мектептңң жүрегі» [2,219] десе, А.Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі өте жақсы білерге керек. Екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адал боларға керек. Оны білуге туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық болу керек», [3,448] деп, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі оқытушының рөлін баса көрсеткен. Орыс топтарындағы қазақ балаларының ана тілдерін тереңдетіп меңгерту, олардың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру, ізденгіштік қасиеттерін датыту – оқытушының сабақ берудегі шеберлік, ізденушілік қабілетіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін мұғалім оқушылардың дара тұлғалық қабілеттерін ескере отырып, олардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдерін артты-

рып, шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет.

Шығармашылық тұлға қалыптастыру қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, сабақ берудің жаңа технологиялық үлгілерін, әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білсе ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Ал, шығармашылық жұмыстар сабақтың нәтижелі болуына бірден-бір себепті әрекет. «Шығармашылық» сөзінің төркіні, этмиологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келеді. Шығармашылық адамға ғана тән құбылыс. Дегенмен де, ол адамның еңбек етуін, дамуын және шығармашылық қабілеттерінің туындауын талап етеді. Шығармашылықтың дамуына ең негізгі және ең қажетті жағдай-

лардың бірі – бұл жеке тұлғаның ішкі бостандығы, ол бостандық адамға өзінің жекелігін толығымен көрсетуге мүмкіндік береді.

Шығармашылық ізденістер, тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырады, оқушының теориялық алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге машықтандырады, олардың өзіндік көзқарасын қалыптастырып өз ойын жеткізуге, байланыстырып сөйлеуге, дәлелдеуге, салыстыра білуге, ізденушілікке, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына үйретеді. Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу – оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, қиялын ұштап өз бетінше ізденуіне, тілін байытуға дағдыландырады. Осындай әдістәсілдерді пайдалана отырып, жүргізген сабақ жоспарын ұсынымыз.

Сабақтың тақырыбы: ДОСТЫҚ Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Достық» туралы түсініктерін кеңейту, сөздің мағынасын ашу, дос пен достықты қастерлеуге, оны қорғауға, өз ойын тұжырымдап айта білуге, жаңа технологиялар арқылы шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабаққа қызығушылығын ояту, компьютерлік технологиялардың негізінде белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: достықты бағалау, адамның жақсы мінез-құлық қасиеттерін бойына сіңіру, жаман қасиеттерден жирендіру, адал достық пен амал достықты ажырата отырып бойына дарыту, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: талдау-жинақтау, сұхбат, алдын-ала тапсырма беру, мәтінмен жұмыс, ой қозғау, ойын т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, достық туралы нақыл сөздер, мақалмәтелдер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: 1) Сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындау.

2) Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеру.

а) Дос деген кім? Достың жолдастан айырмашылығы бар ма?

сыр бөлісетін адам

мені өте жақсы түсінетін адам

ә) Жағдаяттық сұхбат. Бірге оқыған курстасыңызды кездестірдіңіз. Арада 10-15 жыл өтті, өзгеріп кеткен (тұрақты сөз тіркесін пайдалану арқылы суреттеу).

б) Дос туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  1. Нағыз дос қиналғанда қасыңнан табылар.
  2. Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар.
  3. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.
  4. Досы көпті жау алмайды.
  5. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
  6. Доссыз адам, тұзсыз тағам.
  7. Жолдасы көптің олжасы көп.

в) Достық, дос туралы қандай жаңылтпаштар білесіңдер?

Айдос Олжаспен жасты Олжас Алмаспен жасты, Айдос Алмаспен жасты болса, Алмас қай доспен жасты?

Жаңа сабақ: Достық

Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ. Мақалмәтелдерді толықтырыңыз.

  1. Ағаш тамырымен

... досымен мықты.

  1. Жаманмен ... болма, Жақсымен қас болма.
  2. ... – жанына жолдас, Жаман малына жолдас.
  3. Абысын ...болса ас көп. Ағайын ... болса ат көп.
  4. Ақылсыз достан ...

дұшпан артық.

Д О С Т Ы Қ

  1. Адал достық алтыннан...

Оқытушы сөзі: Достық туралы айту. Жалпы достық сөзінің мағынасы кең, үлкен, киелі ұғым. Достық тек адамдар арасында емес,

Дос көмекке әрдайым дайын адам қандай жағдай болмасын бірге болатын адам сенімді адам

мемлекет, ұлт арасында сонымен қатар адам мен жануарлар арасында да болады. Мысалы: Біздің мемлекет көптеген елдермен достық қатынаста, Елбасы саясатының арқасында Отанымыздың

барлық ұлт өкілдері бірлік пен татулықта, сыйластықта өмір сруде. Көптеген әдеби шығармаларды, ертегілерді алсақ адамдардың итпен, құспен, атпен достықтарын көреміз. Біз сіздермен бүгін екі адам арасындағы өзара сенімге негізделген қарым-қатынас туралы ой қозғаймыз. Дос – адамның сыр бөлісетін, қуанышпен қайғыда қасынан табылатын ең жақын адамы. Адам үшін ата-анадан кейін ең жақын жақсы дос. Өмірде адам болған соң, жақсылықты, жамандықты, қасіретті де басымыздан кешіреміз. Сондай да егер біз жалғыз, оңаша қалсақ, ол ауыртпалыққа төзе алмай, шыдамас едік, қиын болар еді. Сол кезде әрдайым адам баласының қасынан ең жақын туыстары және достары табылады. Қиындықты, қуанышты бірге көтерісетін кімдер? Достар! Әрине , сондықтан қазақ халқы «Таптырмас байлық – достық татулық, сыйластық» деген.

Білмеген дос қадірін не біледі? Көңілің шын доспен семіреді.

Тар үйде тарыққанда досың келсе, Дүние, жан жадырап, кеңиеді!...

Студенттерге тақырып бойынша алдын –ала «Достық деген не? оны қалай түсінесіңдер, достықты неге? кімге? теңер едің?» деген тапсырма беріледі. Әрбір студент «достық» деген сөздің мағынасын түсіндіретін бір суретті салып, не себепті достықты сол суретке теңегенін түсіндіру керек, яғни тақырып арқылы шағын әңгіме құрастыру, дәлелдеу, ауыз әдебиет үлгілерін пайдалану, өз ойын жеткізу шығармашылықпен жұмыс болып табылады.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Берілген тапсырма бойынша студенттердің салған суреттерін презентация арқылы көру, ойларын тыңдау. (Өздері салған суреттер бойынша ой бөлісу, талдау-жинақтау). Мысалға кейбір студенттердің айтқан ойларын келтірейін.

1)  адамдар арасындағы байланыс

  1. шеңбер
  2. бәйтерек
  3. жүрек
  4. ана мен бала суреті

6)  кітап

АСИМА

Мен баласын көтерген ана суретін салдым. Өйткені, достық ана мен бала арасындағы сезім

сияқты махабатты, тазалықты, пәктікті білдіреді. Ана мен бала егіз сияқты, бірін-бірі тілсіз, жүрекпен, көзбен ұғады. Достық та сондай болу керек. Достық сезімі анаға деген махабатпен тең сияқты. Менің әжем маған айтады: «Анаға баладан, балаға анадан артық жан жоқ» дейді. Сол сияқты мен де адамды доссыз, достықсыз елестете алмаймын. Бірақ, осындай ана мен бала арасындағы махабаттай таза дос табу, дос болу қиын деп білемін. Неге?...

ДИНА

Мең достықты шеңберге теңедім. Өйткені, шеңбердің шеті жоқ, ол шексіз, мәңгі. Достық та, махаббат сияқты жырланатын мәңгілік тақырып. Достық екі адам арасында өзінен-өзі қалыптасады, ал осы достықтың шынайы, мәңгілік болуы екрек деп ойлаймын.Көңілдері таза болуы керек, шатасқан кездері немесе қате жолға түскен уақытта бір-біріне ашық, батыл айтып түзу жолға салу керек. Сонда – достық мәңгілік жасайды...

ГҮЛНАЗ

Мен достықты Бәйтерек тоғайына теңедім. Өйткені, қазақ халқында мынадай мақал бар: Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты дейді. Себебі, бәйтерек тамыры терең жайылған, нық тұрған ағаш мықты ағаш. Достық бәйтерек ағаша сияқты (ешбір жаман ниеттен, ойдан) адамдар қиналған кезде қасыңнан табылып, ағаш сияқты сүйемелдеп құлатпайды...

МЕРУЕРТ

Мен достықты, досты кітапқа теңедім. Өйткені, дос сияқты біздің ақылшымыз. Кітап достық сияқты – алтын қазынамыз. Достық – кітапты оқу арқылы достық ақыл – кеңес бізді кітап сияқты – түзу жолға салады, дұрыс шешім қабылдауға көмек береді. Кітап достық сияқты мұғалім, ұстаз. Кітап достық сияқты адамның сырласы, жолдасы. Біз кейде жауап бере алмайтын сұрақтарға досың сияқты жауап беретін кеңесшіміз...

КАМИЛА

Мен достықты күнге теңедім. Себебі, күннің нұры жылы, шуақты, сол сияқты достықтың құшағы жылы, ыстық, оның құшағынан пана табамыз. Досымызды көргенде көңіліміз көтеріліп қуанамыз. Күн сияқты өзінің сәулесін шашады...

БОТАГӨЗ

Мен достықты, жүрекке теңедім. Өйткені, жүректің дүрсілі – достықтың үні сияқты. Екі

достың бір-біріне деген сезімі сол жүректе. Шын адал достықты адам жүрегімен таниды. Жүрек жылуы ешқашан алдамайды. Достық жайлы бір өлең жолын оқығым келеді. Достық!

Қасиетті достық. Махаббаттан жоғары Нағыз достық бір жүрекпен соғады Бір-ақ – жүрек қос кеуде

Махаббаттан достық биік әрқашан Нағыз бақыт – дос жүрегін тапқаның Опасыз боп егер досты алдасаң Отаныңды сатқаның

Достық – Одақ! Опасыз күш кіре алмас

Бұзылмас орда, тас қамал

Достық – құдірет, рухтары ұрандас Жаттары да жаулары да жасқанар...

Тақырыпқа қатысты «Достық» туралы мәтін беріледі. Рөлге бөліп оқу. Сын есімдерді теріп жазу, түріне қарай ажыратып, жасалу жолын түсіндіру.

Достық.

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.

Бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
  • Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық. Сонда «Енді оны қалай ажырата аламыз» дейді замандастары.
  • «Адал достықтың өмірі ұзақ, амал достықтың өрісі қысқа» деп жауап берген.

Пікірталасу. Адал достық ... Амал достық ...

Оқытушы:Студенттердің пікірлері тыңдалған соң адал, амал достыққа қатысты Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін компьютер арқылы тыңдатып, «Жалғастырып көр» ойыны арқылы мәтінді есте сақтағандары бойынша бірінің сөйлемін бірі жалғастырып айтып шығу. Мысалы:: Екі дос келе жатып.....

  • Жазушы осы екі адамның бейнесі арқылы не айтқысы келді?

Тақырыпқа байланысты көрнекілікке алынған мақал-мәтелдерді қолдану.

  1. Жақсылыққа асық бол,
  2. Дос болсаң берік бол, Жамандыққа қашық бол. Досыңа серік бол.

Сабақты қорытындылау.

Оқытушы: Жақсы, сонымен бүгінгі сабақты қорытындылай келе сіздермен достық деген не? дос болу үшін қандай болу керек тағы басқа көптеген сұрақтарға жауап алдыңыздар........ Естеріңізде болсын, шын достық ақылдыға тән екенін ұмытпаңдар.Достықтың көзі ақылдан басталады. Ал ақылды сіздерге ата-ана, шәкіртіне ұстаз және адал дос айтады. Өмірде адал дос табу ақылдыға қиын, ақымыққа оңай. Ақылдының досы аз, ақымақтың досы көп болғанымен, жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Достарың ақылды болса, өздерің дана боласыңдар. Орыс халқы айтады: «Скажи, кто твой друг, и я скажу ктоты». Сондықтан достарыңды дұрыс таңдай біліңдер. Адал досқа үлкен құрметпен қарап, өзара қамқорлық жасап, достықтарыңызды сақтай білініздер. Достарыңыздың айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай біліп, ақылмен тыңдай біліңіздер, сонда сіздердің достықтарыңыз мәңгі жасайды. Адам баласына тән жақсы қасиеттердің барлығы сіздердің бойларыңыздан табылсын деп тілеймін.

Бағалау.

. Бе

Үйге тапсырма рілген сұрақтарға жауап іздеу.

  • Сіздің досыңыз қандай, сізбен адал ма?
  • Сіз өзіңіз қандай доссыз?
  • Менің курстас достарыма тілегім...

Сабақ Т.Молдағалиевтің «Жан досым» әнін орындаумен аяқталад.(есте сақтау қабілетерін дамыту)

Басты кейіпкерлерге мінездеме беру үшін мәтінге байланысты сұрақтар:

  • Әңгіменің тақырыбы, идеясы (айтқысы келген ойы)
  • Ауру жолдас аюдың құрбаны ма немесе қорғансыз жан ба?
  • Жаман жолдастың ең басты қателігі не?
  • Екі жолдастың бір-бірінен айырмашылығы неде?

 

  1. К.Д.Ушинский. Сбор.соч.том 5 стр.19
  2. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. – Алматы. ҚазССр Ғылым Академ баспасы, 1955ж.
  3. А.Байтұрсынов. Тіл тағлымы. -Алматы. Ана тілі 1992ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.