Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған мәтінмен жұмыс түрлері

Орыс аудиториясында қазақ тiлi сабақтарында мәтiндермен жұмыс iстеу өте тиiмдi. Мәтiн арқылы оқытудың негізгі мақсаты студенттерді қазақша еркін сөйлей білуге дағдыландыру, айтар ойын нақты әрі толық жеткізе білуге үйрету, олардың сауатты жазуын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.

Студенттердің мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде оқытушы, әр сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға, қажетті әдісті дер кезінде пайдалануға, сондай-ақ оқытудың түрлі әдістерін шеберлікпен ұштастырып, байланыстыра білуіне де байланысты. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңаны табатын өнер», деген екен [1,75].

Мәтінмен жұмыс бір жағынан студенттердің сөйлеу дағдысымен машығын қалыптастырудың негізі болса, екінші жағынан, тілдік, лексикалық және грамматикалық жақтарының алуан түрлі қыр – сырларын жан – жақты талдап, жинақтай білуге, олардың өзара бірлікте болатынын байқауға мүмкіндік береді.

Студент тілін дамытуда мәтіндердің атқаратын қызметі өте зор. Мәтін -студенттерге білім береді, мәтін студентті оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді, өз ойларын ортаға салып, болжамдар жасайды, мәнді және мазмұнды тұжырымдар жасайды. Оқытудың осындай шығармашылық тапсырмаларды орындау идеяларын ұстанған сабақтарда студенттер өз ойын еркін жеткізуден, әртүрлі пікірлерден қорытынды шығарады. Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Шығармашылық – жаңалық ашатын әрекет», деген. [2,245].

Осы қызметтерді толық атқару үшін, мәтінге төмендегі талаптар қойылады:

  1. Мәтін студенттің жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болу керек және дидактиканың жеңілден – ауырға деген принципі бойынша бірте-бірте күрделеніп отырады.
  2. Студентке мазмұны қиын мәтін алынбауы дұрыс.
  3. Мәтін мазмұны студентті қызықтыратындай болу қажет. Қызықтыратын мәтіндерді студент жақсы меңгереді.
  4. Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиіс. Достыққа, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелейтін мәтіндердің мәні зор.
  5. Мәтіндер қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрыптарымен таныстыру қызметін атқаруға тиіс. Мәтін студентке сөйлеудің дайын үлгісі. Мәтінмен байланысты жұмыстың бірнеше түрі жүргізіледі. Мысалы, мәтін оқу, аудару, мазмұнын ауызша әңгімелеу, ол үшін жоспар жасау, мазмұндама жазу, сұхбат құрастыру.

Мәтінді оқу тіл дамытуға жатпайтын сияқты болып көрінеді, ол оқу дағдысын қалыптастыруға жатқанымен, оның тіл дамытуға да қатысы бар. Мәтінді қазақ тілінде оқып-үйренумен бірге, студент ондағы сөздерді анық айтуға, сөз екпінін дұрыс қоюға, сөйлем мәнерін қазақша айтуға дағдыланады.

Мәтінмен жұмыс істеу барысында мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

  1. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.
  2. Мәтінмен жұмыс кезеңі.
  3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

1. Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.

Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жос пар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.

Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.

Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

  1. Сөздік жұмыстар
  2. Фонетикалық жаттығулар
  3. Сөйлем құру
  4. Мәтінге жоспар құру
  5. Аударым
  6. Мәтінге ат қою
  7. Сұхбат, ситуация құру
  8. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту Мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ

үстінде қолданамыз:

  1. Дауыстап оқыту арқылы студенттің сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – студенттер бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.
  2. Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты студенттердің шапшаң оқу дәрежесін анықтау.
  3. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мынандай тапсырма түрлерін ұсынамыз.
  4. – тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтау.

Мұнда студенттердің мәтіндегі басты оқиға туралы баяндау дағдыларын қалыптастырады. Мәтіндегі негізгі ой мен оның тақырыбын таба білуге үйрету, яғни « Ойлау болған жерде – тіл де болады».

  1. – тапсырма

Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлімге ат қою немесе жоспар құру.

Жоспар құру, мәтіндегі негізгі ойды өрнектейтін сөздерді табу жұмыстары студенттердің логикалық қабілеттерін дамытады.

  1. – тапсырма

Осы мәтінге байланысты мақал – мәтелдер, нақыл сөздер немесе өз пікірлерін айтқызу.

Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлеміз. Мәтіндердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ана тілі сабақтарында педагогиканың түбегейлі мақсатын шешуге болады:«оқытып тәрбиелеу, тәрбиелеп оқыту».

  1. – тапсырма

Мәтінді өзің жалғастырып айт.

Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту оқушының шеберлігін байқатады, қиялын дамытады.

Осы технологияларды сабақта қолдана отырып мынандай тиімді жақтарының барын байқаймыз.

  • әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
  • студенттің жеке қабілеті айқындалады
  • тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес студенттің ойлау қабілеті артады
  • әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады
  • бір ғана сабақта бернеше түрлі тапсырмалар орындалады.

Мәтiнмен жұмыс iстеу оқытушының жанжақты iзденуiн, дайындалуын қажет етедi. Оқытушы барлық жұмыс түрлерiн қадағалап отыруы тиiс. Мысалы, оқытушы мәтiндi оқи отырып, студенттерге таныс, бiлетiн сөздердi бөлiп алып, оларға сөз тiркестерiн, сөйлемдердi жазғызады. Студенттер бұл тапсырманы толық орындайды. Жазған сөйлемдердi оқытушы оқытады.

Осы жұмыс түрлерiн бiз "Құтты қазықтар" деген мәтiн арқылы көрсетудi жөн көрдiк.

Бір қарияның ер жеткен үш ұлы болыпты. Қартайған шағында малын балаларына еншіге бөліп бергісі келген шал он екі жерге қазық қағады да, бірінші қазыққа бір қой, екіншіге – екі қой, үшіншісіне – үш қой, осы ретпен ең соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды.

  • Ал, балаларым, мына қазықтың бәрі құтты. Осында байланған қойларды үшеуің тең бөліп алыңдар,дейді ол балаларына.
  • Қазықтардағы қойлар саны бірдей емес қой. Сонда қалай тең бөліп аламыз?деп қалады үлкен ұлы.

Әрқайсың төрт қазықтағы қойды ағытып алсаңдар, еншілерің тепе-тең болады,дейді қария.

Үш бала қазықтарға қарап, біраз ойланып қалады. Ақырында балалардың ең кенжесі малды аралап келіп, үшінші, алтыншы, жетінші және оныншы қазықта байлаулы тұрған қойларды ағытып, бөлек айдап шығады. Кенжетайыма жиырма алты қой тиді, енді сен екеуің еншілеріңді бөліп алыңдар, дейді шал өзге екі ұлына.

«Қайсымыз қай-қай қазықтардағы қойларды шешіп алсақ екен?» деп екі жігіт ойланып қалды.

Бұл екеуі қалған сегіз қазықтағы қойларды қалай бөліп алуы мүмкін?

(«Қырық қазына» кітабынан) Сөздік:

Қазық – кол

Енші-доля в наследстве Құтты-счастливый

Қой-овца Ойлаудумать

Шал-старец, старик Бөлу-делить

Тең-равный

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер: Қарияның неше ұлы болды?

Қария неше қазық қағады? Қарт адам ұлдарына не дейді? Кенже ұлы не істейді?

Кенже ұлына неше қой тиеді?

Екі ұлы қалған қойларды қалай бөліп алады?

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз.

4-тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің шақтарын анықтаңыздар.

5-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып жазыңыздар.

Бір қарияның ер жеткен (три сына) болыпты. Қартайған шағында малын (детям) еншіге бөліп бергісі келген (старик) он екі жерге (вбил колья), бірінші қазыққа (одну овцу), екіншіге – екі қой, (третий) – үш қой, осы (порядке) ең соңғы (двенадцатому) қазыққа он екі қой (привязал).

Сонымен, мәтiн-адамдар арасындағы тiлдiк қатынас, яғни, адам ойын мәтiн арқылы жеткiзедi, баяндайды. Мәтiн-ойлау, хабарлау, қабылдау, баяндау құбылыстарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы тiлдiк қатынастың iске асуына негiз болатын жүйелi тұл ға [3].

Қорыта айтқанда «Мәтін – сөйлеу процесінің жеңісі». Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. ЖОО орыс топтарында мәтінмен жұмыс әдіс түрлері көп. Оқытушының таңдап алған әдістернің оң нәтиже беруі осы әдісті дұрыс қодануға байланысты. Бұл тіл үйренушілердің ақыл-ойын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілетін дамытатындай дәрежеде болуы керек әрі студенттерді үнемі ізденістерге жетелеуі тиіс.

 

 

  1. Аймауытов Ж. Психология. – А. Рауан.1992
  2. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М.: Педагогика, 1991.
  3. Адамбаева Ж. Орыс мектептерiнде қазақ тiлiн оқытудың кейбiр мәселелерi. Алматы, 1993.
  4. Оразбаева Ф. Ш. Тiлдiк қатынас: теориясы және әдiстемесi.Алматы, 2000.
  5. Оралбаева Н.Жақсылықова К. Орыс тiлiндегi мектептерде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi. Алматы: Ана тiлi, 1996.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.