Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қостілді студенттердің ағылшын тілін меңгеру жағдайында туындайтын лексикалық интерференция мəселесі

Шет тілін оқыту əдістемесінде ағылшын тілінің лексикасын меңгеру көкейкесті мəселелердің бірі болып табылады. Ағылшын тілін үйренуші студент белгілі бір мөлшерде лексикалық бірліктерді есте сақтап қана қоймай, сонымен қатар, оларды сөйленіс кезінде дұрыс қолдана білуі тиіс. Алайда, ағылшын тілінің лексикасын меңгеру ана тілі (қазақ тілі) мен бірінші шет тілінің (орыс тілі) интерференциялық əсері есебінен айтарлықтай дəрежеде қиындық тудырады.

Р.М.Гайсина лексикалық интерференцияға мынадай сипаттама береді: "Тілдер арасында ортақ құбылыстар болса, онда шет тілін меңгеруде ешқандай қиындық туындамайды, себебі, тілді үйренуші ана тілінде қалыптасқан дағдысы мен қабілетін шет тілін үйрену үдерісінде қолданады. Осыған орай, бірінші тіл мен меңгерілетін екінші тілдің тілдік жүйелеріндегі ұқсастықтар оң ауысуға негіз болады. Алайда, меңгерілетін тіл мен ана тіліндегі лексикосемантикалық жүйе арасындағы айырмашылықтар мен əр тілдің өзіне тəн ерекшелігі теріс ауысуға негіз болады. Мұның салдары қателердің туындауына септігін тигізеді жəне лексикалық интерференцияның орын алуына алып келеді [1, 59 б]. Лексикалық интерференция модификациялық жəне субституциялық болуы мүмкін.

Модификациялық интерференция донор тіліндегі ұқсас бірліктердің аналогиясына байланысты жаңа тілдегі лексикалық бірліктер мағынасының кеңеюі болып табылады. Жиі кездесетін субституциялық интерференция реципиент тіліндегі фонетикалық үлгілер бойынша ұқсас лексикалық бірліктерді өңдеу арқылы жаңадан меңгеріліп жатқан тілге тасымалдау болып табылады [2, 42 б].

Тілді үйренуші студент ағылшын тілінің лексикасын меңгеру барысында үйреніп жатқан тілдің лексикалық жүйесіндегі ерекшеліктерге байланысты бірқатар қиындықтарға кездеседі. Баршамыз білетіндей, тілдердің лексикалық жүйесі өзіне тəн қайталанбас өзгешеліктермен ерекшеленеді. Тілдердің лексикалық құбылыстарына тəн өзіндік ерекшеліктерге қатысты мынадай түйін жасауға болады: негізінде екі тілдің лексикалық жүйесіндегі сөздердің арасында түпкілікті сəйкестік (терминологиялық лексиканы есепке алмағанда) болмайды. Бұл сөйлеу кезінде сөздердің қызметіндегі айырмашылықтар мен ерекшеліктерді анықтайды. Екі тілдегі лексикалық құбылыс арасындағы айырмашылықтар мен олардың ерекше сипаттары салғастыру əдісі арқылы анықталады. Лингвист ғалымдар мен əдіскерлер тілдерді салғастыру арқылы оқыту қажет деп есептейді. Ана тілі мен үйреніп жатқан тілдегі ерекшеліктерді есепке ала отырып шет тілдерін оқыту үдерісінде туындайтын əдістемелік мəселелерді, атап айтқанда лексикалық интерференцияның алдын алу мəселесін шешу үшін қажетті ғылыми мəліметтерді алуға мүмкіндік береді [3, 8 б].

Тілдік жүйелерді салғастырмалы тұрғыда зерттеудің мақсаты интерференция мəселесін зерттеудің міндеттеріне сəйкес келеді. Интерференция тілдегі элементтер арасында айырмашылықтар болған жағдайда орын алады, бұл жағдайда тілді үйренушілер олардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата алмайды. Салғастырмалы талдауда генетикалық байланыстарына жəне типологиялық құрылымына қарамастан, негізінен екі тілді немесе бірнеше тілдерді олардың өзіндік сипаттарын жəне жүйелік тұтастығын анықтау мақсатында қолданады. Лексика саласы бойынша салғастырмалы талдауда сөздердің құрылымы (cөзжасамдық тəсілдер, сөзжасамның типтері) немесе оның семантикалық аспектісі (сөз мағынасының көлемі, лексикадағы ассиметрияның көрініс табуы: полисемия, синонимия жəне т.б.) нысанға алынады [ 4, 294 б] .

Ана тілі мен үйреніп жатқан тілдің лексикалық жүйесі сəйкес келмейді. Ана тілі мен шет тілінің сəйкес лексика-семантикалық бірліктерін салғастыруда қателік жіберудің алдын алу үшін олардың арасындағы дəлме-дəл корреляцияны табу қажет. Мұндай корреляцияны белгілеу үшін қатынасқа түсетін тілдерге салғастырмалы талдау жасау арқылы қол жеткізуге болады. Егер оқу үдерісінде екі нақты тілдік жүйені салғастыруға келмейтін жағдай туындағанда «жасырын аударма» орын алады, ережеге сəйкес, бұл лексикалық бірліктер арасындағы жалған сəйкестікке алып келеді [ 5, 264 б].

Нақты екі тілдің лексикалық жүйесін салғастыра отырып, мынадай нəтижелерге көз жеткізуге болады:

  1. салыстырылып отырған тілдердің баламасы бар жəне баламасы жоқ лексикасын ажырата алу керек;
  2. толығымен сəйкес келетін сөздер қатары өте шектеулі;
  3. сөздердің көпшілігінің баламасы табылып жатады, яғни ана тіліндегі көп мағыналы сөзге шет тіліндегі бір ғана мағына беретін немесе көп мағыналы сөз сəйкес келеді. Бұл лексикалық деңгейдегі интерференцияның негізгі потенциалды қайнар көзі. Сөз формалар мен мағыналардың күрделі бірлігі болып табылатындықтан, салыстырылып отырған тілдердегі сөздер арасында келесі қатынастар болуы мүмкін [6, 70 б]:
  4. сөздердің мағынасы мен формасы сəйкес келеді;
  5. сөздердің формасы сəйкес келгенімен, мағынасы сəйкес келмейді;
  6. сөздердің формасы сəйкес келмейді, ал мағынасы сəйкес келеді (бұл негізінен термин сөздерде кездеседі);
  7. сөздердің формасы да, мағынасы да сəйкес келмейді.

Екі тілде формасы мен мағынасы жағынан сəйкес келетін сөздерден лексикалық интерференция туындамайтындығы баршаға белгілі, мысалы: ағылшын тіліндегі «film, volley-ball, tennis, museum, temperature, philology, folklore» деген сөздер қазақ тіліне оң ауысады да, студенттер бұл сөздердің баламасын беруде қате жібермейді.

Ағылшын тілінде формасы жағынан қазақ жəне орыс тілдеріне сəйкес келіп, алайда мағынасы жағынан сəйкес келмейтін сөздерді мысал ретінде алайық. Мұндай сөздер студенттер үшін өте қарапайым жəне жеңіл болып көрінеді. Осындай сөздердің форма жағынан ұқсастығы олардың мағынасы жағынан да ұқсас деп ойлауға септігін тигізетін жалған ассоциацияға алып келеді. Мысалы, студенттер ағылшын тіліндегі repetition сөзін «қайталау» деген мағынасында емес, «репитиция» деген мағынада қолданса, family сөзін «жанұя» деген мағынада емес, «фамилия» деген мағынада қолданады.

Ағылшын тілін меңгеруде лексикалық интерфенция құбылысы тілді меңгерудің алғашқы сатыларында көрініс табады. Мысалы, студенттер ағылшын тіліндегі «complexion» зат есімін «комплекция» деген мағынада қолданса, «wait» етістігін «күту» (ждать), «үміттену» (надеяться) деген мағынада қолданады. Бірақ, мұндай «нақты» жағдайларды тұрақты жағдайлармен шатастыруға болмайды. Мəселен, ағылшын тіліндегі

«physiquе» деген сөзді «физика» (дене келбеті деген мағына орнына) деп түсіну «айшықты» жəне тұрақты жағдай болып табылады. Ал, «magazine» деген сөзді «магазин» деп қате түсіну сөзсіз тұрақты емес, «айшықты» жағдайға жатады. Лексикалық интерференцияның төмендеу қарқыны курстан курсқа өткен сайын өзгеріп отырады. Бұл студенттердің ойлау-сөйлеу тұрғысындағы тапсырмалардың күрделілігі мен тілдік материалдардың қиындығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, бұл тілді меңгеруге жұмсалатын уақыт саны мен қажетті деңгейде қалыптасқан дағдыға да тікелей байланысты [7, 56 б].

Ағылшын тілінің лексикасын меңгеру ана тілі мен орыс тілінің интерференциялық əсерінен айтарлықтай дəрежеде қиындық тудырады. Осыған орай, лексикалық интерференция əсерінен туындайтын қателерді талдау мақсатын да əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де филология факультетінің «екі шет тілі» мамандығы бойынша жалпы саны 90 студентке сынақ жүргізілді. Қазақ топтарында оқитын студенттер лексикалық интерференция бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап берді.

Тапсырма бойынша студенттерге ағылшын тілінде фонетикалық құрылымы жағынан қазақ жəне орыс тілдеріне сəйкес келетін, алайда мағынасы жағынан сəйкес келмейтін сөздер берілді. Бұл тапсырмаға сəйкес басты талап – ағылшын тіліндегі сөздердің қазақша баламасын беру. Мұндай сөздер студенттер үшін өте қарапайым жəне жеңіл болып көрінді. Студенттер мен магистранттарға берілген мұндай фонетикалық құрылымы жағынан ұқсас сөздер олардың мағынасы жағынан да ұқсас деп шешім шығаруға септігін тигізді жəне жалған ассоциацияға алып келді. Мысалы, студенттер ағылшын тіліндегі «Dutch» деген сөздің қазақ тіліндегі баламасын беру кезінде формасына қарап сəйкестендіріп, «даттық» деп аударады жəне неміс тіліндегі «Deutch» cөзімен шатастырып, «неміс тілі» деп жалған балама беріп, лексикалық интерференцияның туындауына жол береді. «Dutch» сөзі ешқашан «даттық» немесе «неміс тілі» деп аударылмайды, бұл сөздің қазақша баламасы – «голландық» сөзіне сəйкес келеді. Ал, «даттық» (Danish) жəне неміс тілі (German) деген сөздердің өзіндік баламалары бар.

Студенттер ағылшын тіліндегі «aspirant» деген сөзге «аспирант» деген балама береді. Ағылшын тілінің «aspirant» деген сөзі қазақ тіліне «атаққұмар» жəне «үміткер» деп аударылады. «Аспирант» сөзіне келер болсақ, бұл сөздің ағылшын тіліндегі баламалары «postgraduate» (student) жəне «candidate» деген сөздер болады.

Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі «class» деген сөзге студенттер «сынып», «бөлме» деген баламалар береді. Алайда, «сынып» деген сөздің ағылшын тілінде «classroom» деген баламасы бар. Мысалы: «We have six classes every day» = Бізге күн cайын алты сабақ болады (У нас шесть уроков каждый день); She’s in biology class = Ол биология сабағында отыр (Она на уроке биологии). Əскери техникада «class» сөзі «тип» деген мағынада қолданылады: Ohio-class submarine = «Огайо» типті су асты қайығы (подводная лодка типа «Огайо»). Ал, «class» сөзінің негізгі қазақ тіліндегі баламасы мына сөздер болып табылады: «сабақ» (lesson), «топтық сабақтар»«дəреже», «санат». Бұл сөз кейде «класс» (мектептегі жылдар) деп те аударылады. Бірақ, ешқашан «сынып» жəне «бөлме» деп аударылмайды. Ал, ағылшын тіліндегі «session» деген сөзді студенттер орыс тілінде фонетикалық құрамының сəйкес келуіне байланысты «сессия» деп аударады. Негізі ағылшын тіліндегі «session» деген сөз орыс тілінің «сессия» деген сөзімен мағынасы жағынан сəйкес келмейді, бұл сөз «жиналыс», «сеанс» деген мағынада қолданыста болады. Ал, «сессия» деген сөз емтихан мерзімі деген мағынада «exams», «exam period» болып аударылады. Мысалы: Our exam period starts from the fifteenth of December.

Əрбір тілдің лексикалық жүйесі өзіне тəн қайталанбас өзгешелігімен ерекшеленеді. Ағылшын тілінің де өзіне тəн ерекшеліктерін ескермеу салдарынан немесе ережелерді естен шығарып алу нəтижесінде студенттер біршама қателердің орын алуына жол берді. Мысалы:

  1. An accurate person always puts his things away in the correct place” – Incorrect (бұрыс)
  2. A tidy person always puts his things away in the correct place” + Correct (дұрыс) деген екі сөйлемнің мағынасы жағынан дұрысы В нұсқасында берілген. Бірақ, студенттер А нұсқасындағы сөйлемді дұрыс деп ойлап, “An accurate person always puts his things away in the correct place” деген сөйлемдегі ағылшын тіліндегі «accurate» сөзін орыс тіліндегі «аккуратный» деген сөзбен жалған сəйкестендірді.

Ағылшын тіліндегі «accurate» деген сөздің қазақ тіліндегі баламасы нақты, дəл (точный) деген сөздермен сəйкес болып келеді. Осыған орай, «accurate» деген сөз ешқашан «аккуратный» (careful, tidy) болып аударылмайды. Көбінесе, ағылшын тіліндегі сөздердің формасы ана тіліндегі сөздердің формасымен сəйкес келгенімен, мағыналары сəйкес келе бермейді. Сондықтан, мұндай қателіктердің орын алуына жол бермес үшін ең алдымен, ағылшын тілінің

байланысты келтірілген мысалдарға сəйкес студенттердің берген жалған баламалары – лексикалық интерференцияның басты көрінісі ретінде есептеледі. Демек, ағылшын жəне қазақ тілдерінің лексикалық жүйесіндегі сөздердің арасында түпкілікті сəйкестік (терминологиялық лексиканы есепке алмағанда) болмайды.

Сондықтан, қорытындылай келе, студенттерді оқытудың барлық курстарында, əсіресе, төменгі курстарда лексикалық интерференцияның алдын алу жəне игеру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың қажеттілігін атап өткен жөн. Кейбір авторлар мұндай жұмыстың маңыздылығын есепке ала отырып, «интерферентті» сөздіктер құрастырудың өте орынды екендігін алға тартады.

лексикасын меңгеруде сөдердің формальды

жағымен қатар мағыналық жағына да баса назар аудару қажет.

Фонетикалық құрамына байланысты қазақ, орыс жəне ағылшын тілдеріндегі сөздерді жалған сəйкестендірудің тағы бір көрінісін ағылшын тіліндегі «actually» деген сөзді студенттердің өзекті (актуальный) деген мағынада қолдануынан байқауға болады. Мысалы:

  1. Actually, that’s a good idea +
  2. Today, the problem of the Aral sea is very actually деген екі сөйлемнің дұрыс нұсқасын таңдау барысында тілді меңгеруші студенттер «actually» деген сөзді «өзекті» деген мағынада қолданып, А нұсқасын дұрыс деп ойлайды. Негізі, ағылшын тіліндегі «actually» деген сөз ешқашан «өзекті» болып аударылмайды. Бұл сөздің қазақ жəне орыс тілдеріндегі баламасы «шын мəнінде, шындығында» («на самом деле, действительно») деген сөздермен сəйкес келеді. Мұндай қателердің туындау себебі ағылшын тілін меңгеруде бірінші шет тілінің, яғни орыс тілінің интерференциялық рөлі болып табылады. Жоғарыда студенттердің жіберген қателеріне

 

  1. Гайсина Р.М. Сопоставительное описание лексических полей (на материале разносистемных языков). Уфа, 1990. 67 с.
  2. Щепилова А.В. Коммуникативно-когнитивный подход к обучению французскому языку как второму иностранному. Теоретические основы. М., 2003. – C. 42-46.
  3. Аракин В.Д. Сравнительная типология и методическая прогрозирование. – В кн.: Научно-методическая конференция: Лингво–психологические проблемы обоснования методики преподавания иностранных языков в высшей школе: Тезисы докладов. М., 1971, c. 7-9.
  4. А.А. Залевская. Введение в психолингвистику. Москва, 1999. C.294-297
  5. Гак В.Г. Сопоставительная лексикология. М., 1977.– 264 c.
  6. Карлинский А.Е. Принципы исследования лексической интерференции в методических целях. – В кн.: Зарубежное языкознание и литература. Алматы, 1971, c. 62-70.
  7. Cеменовна В.В. «Предупреждение и преодоление лексической интерференции в английской речи студентов II курса»: Дис...канд. пед. наук: М., 2005, c. 55-57.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.