Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Текстология ғылымының өзекті мәселелері

Мақалада текстология ғылымының жалпы зерттелуі, оның ішінде текстология ғылымының зерттеу нысаны мен мақсат-міндеті қарастырылды. Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, текстология ғылымы тек әдебиеттану саласында ғана емес, лингвистикалық тұрғыда да зерттелу керектігі жөнінде ой тұжырымдалды. Қазақ тіл біліміндегі текстология ғылымына байланысты өзекті мәселелер анықталды. Түрлі сөздіктерде текстологияға берілген анықтамаларға талдау жасалды. Осыдан қазақ тіл білімінде қазіргі уақытта «текстология» термині «мәтінтану» терминімен алмастырып қолданылып жүргені мәселе етіп қаралды.

Кіріспе

Жазба әдеби еңбектердің дүниеге келуімен бірге, олардың мәтінін қағаз бетіне дұрыс көшіріп жазу, қатесіз түсіндіру, көшірмелерін жасау, көбейту, қарапайым салыстыру негізінде текстология ғылымы пайда болғаны белгілі. Текстология – авторлардың қолжазбаларын, көзі тірісінде және қайтыс болғаннан кейін басып шығарылған әдеби шығармалары, күнделіктері, қойын дәптерлері, хаттары, ауыздан-ауызға таралып, кейіннен хатқа түскен қолжазбаларын зерттейді.

Текстологияның басты міндеті мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, ғылымға белгілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз баспаға әзірленетін мәтінді қалыптастыру болып табылады. Текстологиялық жұмыстарды көне дәуір текстологиясы, ортағасырлық текстология, халық ауыз әдебиеті текстологиясы, шығыс әдебиеті текстологиясы және жаңа заман әдебиеті текстологиясы деп қарастыруға болады. Зерттеу нысаны көркем шығарма болғандықтан, көп жылдарға дейін текстология ғылымын әдебиеттану саласы зерттеп келді.

Көшірмешілер мәтінді көшіру барысында қолданыстан шығып қалған көне сөздерді алып тастап, кірме сөздерді қосып жазуы, өз жадынан мақсатты және мақсатсызөзгертулер жасауы текстология ғылымының түрлі мәселелерінің туындауына себеп болды.

Мақсатсыз түрде жасалған өзгертулер «қате» деп аталады. Бұған мәтіннің дұрыс оқылмауының әсерінен немесе баспаға терілу барысында жіберілген әріптік қателер жатқызылса, мақсатты түрде жасалған өзгертулерге белгілі бір сөздердің көнеруі, мағыналарының көмескеленуі оқырманға түсініксіз болғандықтан, көшірмеші өз тарапынан қосқан өзгертулерді атауға болады. Бұл жайында текстология ғылымын зерттеуші ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев былай дейді:

«Текст – это языковое выражение замысла его создателья. Этим создателем в литературе нового времени бывает по большей части только автор, но в литературе древней и средневековой функции создателя текста часто распространяются и на переписчика.. редактора. Переписчик присоединяет свое творчество текста к творчеству автора. Впрочем, и в литературе нового времени подобное «соавторства» редакторов не редкость. Для понятия текста во всех случаях важно, однако, следующее: он результат сознательного к нему отношения. Бессознательно сделанные ошибки рукописи не выходят в понятие текста. Это внетекстовые явления, возникающие помимо воли создателей текста» (Likhachev, 1964).

Мәтін басылымдарының қай түрі болма сын бір-бірінен көп айырмашылықтары болмауға тиіс. Тек қалың оқырманға арналған мәтіндегі кейбір түсініксіз сөздер ғана сол бетте сілтемемен берілуі тиіс немесе көркем шығарма мәтіні оқырманның деңгейіне, жас мөлшеріне байланысты қысқартылып, не мәтін жеңілдетіліп беріліп, міндетті түрде ескерту жасалуы тиіс. Мәселен, «көркем шығарма мәтіні қысқартылып берілген», «көркем шығармадан үзінді» немесе «көркем шығарма мәтіні жеңілдетіліп берілген». Дегенмен, текстологияның осындай айырмашылықтарының болуын қостамайтын кереғар пікірлер де бар. Орыстың көрнекті текстолог маманы Б.М. Эйхенбаум мәтіндегі көне тіл элементтерін жаңаша беру тарихқа қиянат жасау деп есептеді (Redaktor i kniga. Sbornik stat’yey, 1962).

Осындай мәселелерден кейін текстология саласы тек әдебиеттану саласына ғана емес, лингвистика саласының да зерттеу нысанына айналып, тілдік тұрғыда да зерттеу жұмыстарын жасау қажеттілігі бар екені айқындалды.

Эксперимент

Ғылым саласы ретінде текстология тарихы тым әріден басталады. Еуропалық текстология бірнеше кезеңдерді қамтиды және қоғамдық өмірдің ғылым мен мәдениет дамуымен тығыз байланысты болды.

«Інжілдік сын» дамуының ерте кезеңі Цельс, Порфирий, Ориген есімдерімен байланысты болса, аталғандардың практикалық тәжірибесіне сүйенеотырып,«інжілдіксын» кейінгікезеңдерде ғылыми сипатқа ие болды. Мәтіндерді түзетуде, түсіндіруде және түсініктеме беруде текстология әдіс-тәсілдері белсенді қолданылған. XVII-XIX ғасырларға қарай інжіл кітаптарына Б. Спиноза, И.С. Землер, Г. Гегель, Д.Ф. Штраус ғылыми талдау жасау қағидаларының негізін қалады.

Қайта өркендеу дәуірі жаңа тарихи санасезімді қалыптастыра отырып, текстологияның гуманитарлық саланың ғылымдарымен байланысын нығайтса, жаңа заман еуропалық текстологиясының негізін қалаушылардың басты назары дереккөздерді, біртекті мотивтерді, архетипті анықтау айналасында болды. Берлиндік профессор И. Беккер (1785-1871) грекрим классиктерінің басылымдарын дайындауда сыни әдісті жасап шығарды. Ал оның ізін жалғастырушы – неміс тарихшысы Леопольд фон Ранке (1795-1886) – кең ауқымды тарихи зерттеулер саласына И. Беккер әдісін қолданды. Неміс текстология мектебі негізінен ежелгі әдебиет ескерткіштерін зерттеуге иек артты. Мәтіннің жаңа филологиялық сынының негізін Карл Лахман (1793—1851) қалады. Оған «ортақ қателіктер» теориясы тиесілі, аталмыш «ортақ қателіктерді» анықтау қолжазбалардың шығу тегі ұқсас екенін көрсетті.

Жаңа заман әдебиетін зерттеуде текстологиялық зерттеу қағидаларын қолдануды М. Бернайс пен В. Шерердің неміс текстология мектебі енгізді. К. Лахманның идеялары Прага текстология мектебінің еңбектерінде де әрі қарай дамыды. Оның ғылыми теориясы және сарамандық жұмысы негізінен текстологияның тарихифилологиялық бағытында өрбіді.

Алайда К. Лахманның теориясы әмбебап болған жоқ. Оны Ш. Бедье сынға алды. К. Лахман бұрынырақ жазылған мәтінді артық көрді. Себебі, оны кейінгі тізімдерде «бұрмаланады» депсанады. Жаңаәдебиеткеқатыстықолтаңбалар мен алғашқы жарияланымдар «ластанбаған» деп саналды.

XIX ғасырдың ортасынан бастап Францияда текстологияға көңіл аудару күшейді. ХХ ғасыр Г. Лансонның ғылыми текстология мектебінің пайда болуымен, париждік Көне мәтіндер тарихы институтының белсенді жұмысымен есте қалды (http://www.textologia.ru).

Орыс ғалымдарының еңбектерінде текстологияның негізгі міндеттері түпнұсқаны анықтауға қол жеткізу, өзгерістер мен түзетулердің себептерін түсіндіру, қажет жағдайда автор психологиясын зерттеу, мәтін жазылған кезеңді зерттеу, мәтін нұсқаларын анықтап алу, т.б. осы сияқты қазіргі текстологияға қажетті негізгі тұжырымдарды, оларды зерттеуді жүзеге асырудың әдіснамасын көрсетіп бере алды.

«Текстология» терминін дұрыс бағытта қолданылып, термин ретінде қалыптасуына Б.В. Томашевскийдің еңбегі зор болды. Бұған дейінгі батыс және орыс ғалымдары «мәтін сыны» деген атауды қолданған болатын.

А.С. Рейсер, Б.В. Томашевский, Д.С. Лихачев, В.В. Виноградов, Г.О. Винокур, П.Н. Берков, Е.М. Прохоров, В.С. Нечала, Н.Л. Горина т.б. орыс ғалымдары текстология саласында үлкен еңбек етіп, теориялық зерттеу жұмыстарын жасады. Олар Х-XYIІІ ғасырлардағы көне орыс жазба мұраларын, классик ақын-жазушылардың шығармаларын зерттеу нәтижесінде көптеген теориялық еңбектер жариялады. Ал, Л.Д. Окульская, И.Г. Ларина, М.В. Безродный, В.А. Западов сияқты ізденуші ғалымдар кандидаттық, докторлық диссертациялық жұмыстарын жазды.

Орыс филологиясында текстология теориялық, әдістемелік негізі қалыптасқан іргелі ғылым салаларының бірі. Тіпті, жазба ескерткіштері мен тарихи құжаттарына тек қана әдеби тұрғыдан ғана емес, тілдік тұрғыдан да талдаулар жүргізілген.

Д.С. Лихачев «Текстология» атты еңбегінде мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды (Likhachev, 1964).

Тіл тарихын зерттеуде жазба ескерткіштеріміздің алар орны ерекше. Ал олардың түрлі көшірмелерін бір-бірімен салыстырып, мәтінге тілдік тұрғыдан зерттеу жүргізу тари хи грамматика үшін өте қажет. Әсіресе, ежелгі дәуір әдебиеті мәтіндерін салыстыру ісіне өзбек, әзірбайжан, түркмен филологиясында жақсы дамып келеді. Атап айтар болсақ: П. Шамсиев «Научно-критический текст Хамса Новой». Ташкент, 1970; «Научно-критеческий текст поэмы Низами «Хосров и Ширин». Баку, 1960; Д.Ж. Додалишаев «Поэма «Хафт и Манзар» Хатыфы и ее научно-критический текст». Душанбе, 1974;

«Текстологические исследования Китабы-дедеКоркыт». Баку, 1985.

Ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларының бірнешенұсқаларысалыстырылып, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалған жұмыстар да бар. Мысалы, М.Х. Рашидова «Текстологические исследования произведения Алишера Навои «Назмул Джавахир»», АКД, – Ташкент, 1991; Г.К. Ругия «Подготовка научного текста, текстологические исследование и комментирование труда Фридун-Бека Кочарли», АКД, – Баку, 1981; И.Г. Галяутдинов «Тарих-наме и булгар» Таджетдина Ялсыгулова / лингвотекстологический анализ списков памятника. Фонологические интерпретаций графики, морфология/ АКД, – Москва, 1977; т.б.

Қазақ филологиясында алғашқы текстологиялық жұмыстар Абай шығармаларынан бастап жасалды деуге болады. 1965 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған Р. Сыздықованың мақаласында: «Ұлы ақын Абай шығармаларының ең соңғы 1957 жылғы басылуы шын мәнінде едәуір толық ғылыми текстологиялық жұмыстың жүргізілгенін және ол жұмыстың дұрыс бағыт алғанын көрсететін үлгі деп айта аламыз», – деді (Sizdikova, 1964).

Бұл ғылыми жұмысты Қ. Мұхамедханов жасаған болатын.

З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев, Ғ. Мұсабаев, Т. Абдрахманов, Қ. Өмірәлиев, Ш. Сарыбаев, Ә. Құрышжанов, Р. Сыздықова, Б. Сағындықұлы, Е. Жұбанов, М. Малбақов т.б. ғалымдар классик ақын-жазушылардың, ежелгі дәуірлерден келіп жеткен жазба мұралардың мәтінін ғылыми басылымға әзірлеуде аса құнды еңбектерімен танылды.

Е. Жұбанов пен М. Малбақовтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу эпосының текстология сы» – Алматы, 1994; Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткішінің тексті». – Алматы, 1990; Б. Әбілқасымовтың «ХІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің жазба мұралары». – Алматы, 1988 және т.б. еңбектерді орта ғасыр және ежелгі дәуір әдебиеттерін зерттеуде жасалған текстологиялық жұмыстардың жемісі деп есептеуге болады. Ш. Сарыбаев пен Ә. Құрышжановтың «Халық жырларының текстологиясы» (ҚазССР Ғылым Академиясының Хабаршысы, 1959, №9), Ә. Ибатовтың «Абай тілінің сөздігін жасаудағы кейбір текстологиялық ескертпелер (Қазақстан мектебі, 1965, №8), Қ. Мұхамеджановтың

«Бұхар жырау» (ҚӘ,1982, 30 июнь), Н. Келімбетовтың «Жыраулар поэзиясын сөз етсек» (ҚӘ,1982, 12 март), Қ. Өмірәлиевтің «Иә, терең зерттеу қажет» (ҚӘ,1971, 24 декабрь) деген мақалалары текстологиялық мақсатқа тікелей бағытталмағанымен, шығарма дәлдігін айқындауға қатысы бар аса маңызды мәселелерді қозғайды (Ubaydullaeva, 2001).

Соңғы жылдары ғылыми текстологиямен айналысушылар қатары біршама өсіп, таза тілдік тұрғыда текстологиялық талдау жұмыстары жасала бастады. Мәселен, Б. Сағындықұлы Ахмет Йүгінекидің «Һибат-ул хақайық» («Ақиқат сыйы»)атты ХІІ ғасыр ескерткішін алғаш болып барлық көшірмелерінің түпнұсқаларын бір-бірімен салыстырып, қазақ тіліне лингвистикалық аудармасын және транскрипциясын жасады. «Ахмет Йүгнекидің «һибат-ул хақайиқ» атты дастаны ХІІ ғасырда көне түркі жазба әдеби тілінің арғу, чығыл, яғма диалектілік негізінде жазылған. Бірақ көшірмешілер өз тарапынан әр түрлі себептермен оғыз бен қыпшақтың жаңа элементтерін енгізіп жіберген. Бұл текстологиялық зерттеулер негізінде анықталады», – деп түркі жазба ескерткіштерін жеріне жеткізіп зерттеп, текстологиялық жұмыстарды тілдік тұрғыда зерттеу түрколог ғалымдардың ұшан-теңіз еңбек етулерін талап етеді (Sagyndykuly, 2002).

Осы еңбектің негізінде тарихи грамматикаға көптеген жас ғалымдардың назары ауып, көне ескерткіштер тілін жан-жақты зерттеу жұмыстары қолға алынды. Сол еңбектердің бірі Г. Убайдуллаеваның Алтын Орда дәуіріндегі түркі тілдес халықтар тілінде туған ең көрнекті жазба ескерткіштерінің бірі – Хорезмидің

«Мухаббат наме» ескерткіш тіліне жасаған текстологиялық жұмысын атап айтуға бола ды. Ғылыми еңбекте аталмыш ескерткіштің бізге жеткен барлық жазба нұсқаларын салыстыра отырып, тілдік тұрғыдан алғашқы текстологиялықзерттеужұмысынжасапкөрсетті. Ғ. Әнес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы журналында жарияланған «Текстологиялық зерттеулердің зәрулігі» деген мақаласында бұл ғылым саласының өзекті мәселелерін қозғай келіп, оның «зерттелуі түбегейлі қолға алынып, лингвистикалық тұрғыдан теориялық тұжырымдар түйілуге тиісті ғылым саласына айналғаны» туралы сөз қозғайды (Anes, 1999). Сонымен қатар, Ғ. Әнестің «Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің лингвотекстологиясы» атты кандидаттық диссертациясын және «Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект» атты докторлық диссертация жұмысын текстология саласына жасаған бағалы еңбектер қатарына жатқызуға болады (дегенмен, Ғ. Әнес «текстология» терминін «мәтінтану» деп береді).

Нәтиже мен талқы

Көп уақытқа дейін текстология «прикладная филология» деп аталып, практикалық пән ретінде ғана қарастырылып келді. Текстологияны кәсіп деп, ал әдеби шығарма сәтті жасалған текстологиялық зерттеулерді текстологтың талантына байланысты өнер деп қабылдаған кездер де болды. Дұрысына келсек, текстология ешқандай кәсіп емес, ол – бірнеше ғылымның тоғысқан, зерттеушінің ізденушілік, тапқырлық талантының нағыз ашылар – көзі. Себебі, текстолог тек мәтіннің жарыққа шыққанға дейінгі тарихын зерттеп қана қоймайды, әрбір қолжазбадағы өзгерістердің себебін дәлелдеу барысында сол шығарманың жазылған дәуір тарихын, әдеби ағымдарын, этностың тілін, саяси-мәдени жағдайларын, тіпті көшірмешінің мақсатын да байқап, ескеріп отыруға міндетті. Мәтінге жасалған кейінгі зерттеулердің дұрыс бағыт алуы да текстология ғылымына тікелей тәуелді. Демек, текстология – филологияның көмекші пәні емес, керісінше, оның бастауы мен негізі, өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы.

Ғылыми әдебиеттерде текстология терминіне мынадай анықтамалар беріліп келеді.

«Лингвистикалық терминдер сөздігінде»: «Текстология» – (анг.texstology, fijacon de un texto). Раздел филологии, занимающийся установлением точного текста литературных памятни ков и исторических документов для их научного издания» (Slovar’ lingvisticheskikh terminov, 1966) – десе, әдеби энциклопедиялық сөздікте әдеби шығармалардың мәтінін зерттейтін филологияның бір саласы деп түсіндіріледі (Literaturnyy entsiklopedicheskiy slovar’, 1987). Бұлардангөрікеңіректүсінікберетінанықтаманы

«Советтік энциклопедиялық сөздіктен» табуға болады. Онда: «Текстология (от текст и ... логия), отрасль филологии, литературоведческая дисциплина, изучающая произведение писменности, литературы и фольклора в целях критические проверки, установления и организации их текстов для дальнейшего исследования и публикации» – деп, бұл ғылым саласының зерттеу нысаны біршама толық аталған (Sovetskiy entsiklopedicheskiy slovar’,1990).

Қазақ тіліндегі анықтамаларға шолу жасар болсақ, текстологияның мән-мағынасы жан-жақты ашылмай, тым қысқа түсіндірілгені аңғарылады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «Текстология әр алуан әдеби мұралар мен тарихы документтердің текстін анықтайтын филология ғылымының бір саласы» (Kazakh tilinin tusindirme sozdigi, 1986) – деген түсініктемеден текстология ғылымы жайында толық мағлұмат алу қиынға соғады. Бірақ, Қазақ Совет энциклопедиясында «текстология – филология ғылымының әдеби мұралар мен та рихи документтердің текстерін анықтайтын саласы. Объектілердің көне-жаңалығына қарай текстология өте ертедегі нұсқалардың, орта ғасыр ескерткіштерінің және сақталған жағдайларына орай әрбір халықтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің ерекшеліктеріне сай текстологияның әдіс-тәсілдері сан қилы болады», – деген анықтама беріп, бұл ғылым саласының принциптері мен міндеттері, қолдану аясы, зерттелуі кеңірек сөз болған (Kazakhsha kenester entsiklopediyasy, 1977). Бұларға қарағанда «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» «текстология (лат. textus және грек logos – сөз, ғылым) – филологияның шығарма текстінің анық қанықтығын сақталған қолжазбасымен түпкінұсқасымен салыстырып тексеретін жариялайтын саласы» – деп оқырман қауымға түсініктірек анықтама береді де, дербес ғылым ретінде қалыптасуын өзге ғылым салаларымен байланысын сөз етеді (Kazakh adebiettanu terminder sozdigi, 1998).

1998 жылы Сорос қорының көмегімен жарыққа шыққан «Тіл білімі сөздігінде»: «Әдеби және басқа да шығармалар мәтіндерін зерттеумен айналысатын филологияның бір саласы» деген анықтама беріліп, бұл терминді қазақша «мәтінтану» деп қолданылу ұсынылған (Til bilimi sozdigi,1998).

2006 жылы шыққан «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында» текстология жақшаның ішінде «мәтінтану» деп беріліп, әдебиеттанудың шығарма мәтінін қолжазбамен, түпнұсқамен салыстыра тексеретін саласы деп санайды (Kazakstan Respublikasynyn ulttyk entsiklopediyasy, 2006). 2009 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан шыққан

«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» текстоло гия деген термин сөз мүлдем кездеспейді. Бұл терминге байланысты ұғым «мәтінтанудан» ғана табылады. Сөздікте «мәтінтану филология ғылымының әдеби мұралар мен тарихи құжаттардың мәтіндерін анықтайтын, оларға түсініктеме беріп зерттейтін саласы. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды» – деген анықтама береді (Kazakh adebi tilinin sozdigi, 2009).

Осы анықтамалардан кейін қазақ тіл білімінде текстология терминінің мүлдем жойылып бара жатқандығын аңғарылады.

Бірақ, «текстология» терминінің орнын басып отырған «мәтінтану» термині орыс тіліндегі «текстоведение» сөзінің мағынасынан қаншалықты ауқымы кең. Біздіңше, «мәтінтану» термині «текстоведение» сөзінің мағынасымен мәндес, «текстология» терминінің мәнін то лық ашып бере алмайды. Орыс тіл білімінде «мәтінтану – кешенді интеграциялық білім саласы. Ол мәтін туралы түрлі ғылым салаларын жүйелейді, зерттеудегі жан-жақты тәсілдерді жинақтап, мәтіндегі бірліктерді айқындап, олардың байланысу түрлерін, мәтінге сай нормаларын қарастырады. Коммуникативті аспектіде мәтінтану мәтін қалай құралады және қалай пайдаланылатындығын зерттейтін білім саласы» деп түсіндіреді (http://lingvistics_dictionary. academic.ru).

Мәтінтану саласы белгілі бір мәтіннің идеясын, жазылу тарихын, шығарманың стилін, автордыңойын, түйінсөздерін, абзацт.с.с. мәтінге қатысты жан-жақты зерттеу жұмысын жасаса, ал текстология термині мәтіннің ішкі құрылымына, бірнеше нұсқаларын немесе бірнеше басылымдарын салыстыра отырып, мәтін тіліндегі ұқсастық пен айырмашылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін көптеген термин сөздер қазақшаланған болатын. Ол термин сөздердің дұрысы да, бұрысы да бар. Термин сөздердің бірізділікке түспей, әр аудармашы әрқалай аударып, қолданып жүргені баршамызға аян. Терминдер сөздігіне бекітіліп кеткендіктен, шарасыздан қолданып жүргеніміз де жасырын емес.

Қорытынды

Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде текстологияға байланысты Ө. Күмісбаев: «Қазақ әдебиеттану ғылымында текстоло гия әлі бұғанасы қатпаған жас ғылым. Қазіргі әдебиетімізде бұл ғылымның әліппесі өте қажет. Текстология табиғатын, мән-жайын, кешегісі мен бүгінгісін түсіндіретін аударма оқулық кітап жоқ...» – деп атап көрсеткен болатын (Kazakh sovet entsiklopediyasy, 1977). Бұл пікірдіҒ. Убайдуллаеваныңда зерттеу жұмысынан да көре аламыз: «Белгілі бір шығарманың мәтінін зерттеу үшін әлі күнге дейін орыс ша әдебиеттерге сүйенуімізге тура келеді. Ал қазақ әдебиет шығармалары мен тарихи жазба мұраларымыздың өзіне тән ерекшеліктері текстологияның орысша әдебиеттерде берілген теориялары тұрғысынан қарауға сай келмей өзіндік қиындықтар тудыратыны белгілі. Сондықтан, қазақ текстологиясы, бүгінде, арнайы теориялық оқулыққа мұқтаж», – деп өз пікірін білдіреді (Ubaydullaeva, 2001). Өкінішке орай текстология саласында жазылған ғылыми еңбектің жоқтығы бұл саланың өзектілігін тағыда бір дәлелдейді.

Кез-келген шығарма белгілі бір уақыт аралығында түзетіліп, өңделіп, кей бөліктері қысқартылып, қосылып, бірнеше мәрте көшіріліп барып дүниеге келеді. Осы бір ұзақ процестен кейін ғана автор өз шығармасын баспаға ұсынатыны белгілі. Ал текстолог сол баспаға берілген шығарманы кейін қарай, алғашқы сөйлемінің қағазға қалай түскеніне дейінгі аралықты зерттейді. Шығарманың жазылу тарихын зерттеу барысында ол мәтіннің түрлерін (қолжазба, автордың қолжазбасы т.б.) айырып, оларды бір-бірімен салыстырады. Салыстыру нәтижесінде байқалған айырмашылықтардың себебін анықтайды. Бұл текстология ғылымының қызықты да, қиын екендігін тағы бір дәлелдейді. Қазақ тілі білімі және тарихи грамматика саласы лингвистикалық тұрғыда зерттелген текстологиялық ғылыми еңбекті қажет ететіндігі, көптеген туындыларға текстологиялық зерттеу жұмыстарын жасау керектігін айқын анықтап берді. Ол жұмыстарды жасау болашақ ғалымдардың еншісінде.

 

Әдебиеттер

  1. Лихачев Д.С. Текстология. Краткий очерк. – Москва.: Изд-во Наука, 1964. – 102 с. Редактор и книга. Сборник статьей. Вып ІІІ. – Москва.:Изд-тво Искусство, 1962. – 299 с.
  2. http://www.textologia.ru/yazikoznanie/textologiyaistoria-textologodii/evropeyskaya-texstologicheskaya- nauka/2381/?q=641&n=2381
  3. Сыздықова Р.Ғ. Текстология мәселелері//Қазақ әдебиеті. –1964. – 27 март.
  4. Убайдуллаева Г.Ж. «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХIVғ.) текстологиясы (жәдігерліктің қазақ тіліне қатысы): Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2001. –198 б.
  5. Сағындықұлы Б. «Һибат-ул хақайиқ» – ХІІ ғасыр ескерткіші: Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің (ХІ-ХІІ ғғ.) тілі арнаулы курсының оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 184 б.
  6. Әнес Ғ. Текстологиялық зерттеулердің зәрулігі // әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ Хабаршысы. – 1999. – №33. – Б. 19-23. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – Москва: Советская энциклопедия, 1966. – 608 с.
  7. Литературный энциклопедический словарь. – Москва: Советская энциклопедия, 1987. – 752 с. Советский энциклопедический словарь. – Москва: Советская энциклопедия, 1990. –1632 с.
  8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жауапты редакторы ЫсқақовА.10 томдық – Алматы: Ғылым, 1986. – 9 т. – 560 б.
  9. Қазақ совет энциклопедиясы / Жауапты редакторы ҚаратаевМ.Қ.: 26 томдық – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1977. – 632 б.
  10. Қазақ әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б. Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1998. – 543 б.
  11. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Жауапты редакторы/ АяғанБ.: 10 томдық – Алматы, 2006. – 700 б. Қазақ әдеби тілінің сөздігі/ Жауапты редакторы НұргелдіУ.: 15 томдық – Алматы: Арыс, 2009. – 750 б. http://lingvistics_dictionary.academic.ru/4265/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.