Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлыларға тəн ортақ ой (Батыс жəне шығыс əдеби байланыстары негізінде)

XIX ғасыр адамзат баласына экономикалық жағынан ғана емес өнерде де үлкен өзгерістер мен жаңалықтар əкелген кезең болды. Батыс Еуропада капиталисттік қатынастардың нығая бастауы дамыған мемлекеттерге жанталаса отар елдерді бөліске салуға алғы шарт болса, Шығыс Еуропалық Рессей де өзінің экономикалық жағынан артта қалғанына қарамастан сол алпауыт елдерге еліктеп өз қанатын Кавказ бен Орталық Азияға кеңінен жаюды мақсат тұтты.

Біреулер отар елді бағындыруға бар күштерін салып жанталасса, енді бір халықтар отарлық езгіден құтылу үшін жан беріп, жан алысып арпалысып жатты. Əрине мұның бəрі де əлдінің əлсізге жасайтын əділетсіз соғыстар арқылы іске асқаны белгілі.

Яки XIX ғ. алғашқы ширегіне көз жүгірте қарағанда тыныш жатқан бейбіт елді, соғыс, көтеріліс болмаған аймақты кездестірудің өзі қиын. Мұндай дүрбелеңі мол кезеңнің реалисттік бейнесі сол кездегі əдебиетте де кеңінен орын алып, суреттелді. Ол суреткерлер өз дəуірінің шындығын, айқасқа, күреске толы өмірін ерекше шабытпен, тың мазмұнға толы ерекше формада жырлады. Олар əр халықтың поэзиясында азаттық деген ұғымның ұлылығы туралы соны пікір қалыптастырды. Халық жүрегінде мыңдаған жылдар бойы шемен болып қатып сыртқа шыға алмаған «бостандық», «азаттық» деген арман сияқты сөздердің ақиқат өмірде болуы мүмкін екеніне жұртты сендіре білді. Қарапайым халық ондай өлеңге таңдана да тамсана қараса, байлық пен биліктің құлағын ұстағандар үркіп тосырақай теріс айналды. Бұл жалпы əдебиетке ғана емес қоғамдық санаға да үлкен өзгеріс əкелген дəуір еді...

Əдебиеттегі осынау ұлы реформалардың басында ағылшын ақыны Джордж Гордон Байрон, орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкин, қазақтың дауылпаз ақыны Махамбет Өтемісұлы сияқты біртуар тұлғалар тұрды.

Джорж Байрон ең алғашқылардың бірі болып халық азаттығын, қарапайым бұқараның мұң мұқтажын ашына жазып, феодалдар мен капиталистердің ашкөздік мінез-құлқын жеріне жеткізе сынады. Мұндай батыл айыптау сол кездегі ағылшын қоғамындағы этикаға, қалыптасқан моральдық нормаларға сиымсыз деп танылып, елінен қуылды.

Ал Дж. Байрон шығармашылығын пір тұтып, өзіне ұстаз санаған А.Пушкин болса азаттықты сүйген ойын ашық айтып, декабристерді қолдаған үшін Ресейдің өз ішінде жер аударылып, жапа шекті.

Қазақ ақыны Махамбет “қара қазан, сары бала қамы үшін” қолына қару алып ашық майданға шығып, сол жолда жанын пида етті.

Олардың өлеңмен өрнектеген ой-армандары бір арнада тоғысып, белгілі бір сабақтастықпен жалғасып жатқандай көрінеді. Оны төмендегі мына мысалдан да аңғаруға болады. Халықтың қанын мойнына жүктеген қатал да қаражүрек əмірші туралы Дж.Байрон өзінің “Напалеон Бонапартқа мадақ” деген өлеңінде:

Кровь за тебя лилась потоком, А ты своей так дорожил!

И пред табой-то, как пред Роком, Колена сонм князей клонил!

Ещё дороже нам свобода

С тех пор, как злейший враг народа Себя всемирно заклеймил!

Среди тиранов ты бесславен,

А кто из них с табой был равен? – /1.86/

деп шексіз билік иесін қорқақ,өзімшіл, халықтың қас жауы (злейший враг народа) ретінде айыптаса, орыс ақыны А.С.Пушкин “Еркіндік”

/Вольность/ деген лирикасында Александр патшаның жауыздығы мен рақымсыздығына мынадай баға береді:

Самовластительный злодей! Тебя, твой трон я ненавижу, Твою погибель, смерть детей С жестокой радостию вижу. Читают на твоём челе Печать проклятия народы, Ты ужас мира, стыд природы,

Упрек ты богу на земле... /2.137/

Егер осы өлеңнің алғашқы төрт тармағының жолма жол аудармасына назар аударсақ:

Бір өзі бар билікке ие жауыз! Сені,сенің тағыңды мен жеккөремін. Сенің қазаңды, балаларыңның өлімін, Мейірімсіз қуанышпен көремін – деген қатал да қарғысқа толы ашынған жанның жан айқайын ұққандай боламыз.Ақын патшаның маңдайына жазылған халықтың қарғысынан өзі ғана емес, күллі ұрпағының ажал табатынын айтады. Біздіңше өз патшасын бұлайша айыптап, лағнет айту А.С.Пушкинге дейінгі орыс əдебиетінде бұрын кездесе қоймаған сирек құбылыс.

Əрине Дж.Байрон мен А.С.Пушкин шығармашылығын салыстыра оқығанда орыс ақынының ағылшын ақынынан көп нəрсені үйреніп, кейде еліктеуге ұшырап отырғанын да жасыра алмаймыз. Əсіресе бұған В.М Жирмунскийдің “Байрон жəне Пушкин” деген ертеректе қорғалған докторлық диссертациясымен танысқанда тереңірек көз жеткізуге болады. Байронның əлем əдебиетіне, оның ішінде орыс əдебиетіне тигізген əсерін А.В Луначарский былайша спаттаған: “Ал енді əлем əдебиетіне оның жасаған ықпалы орасан болды. Қай елдің əдебиетін алсаң да – бəрінде де Байронға еліктеу бар. Ол ықпал, əсер орыс əдебиетінде де үлкен. Жəй орташа жазушы – Бестужев – Марлинский секілділердің шығармаларынан бастап, байронизм дегенің тұнып тұр

Ал Пушкин мен Лермонтов Байрон ықпалына қатты берілгендігі сондай, Пушкиннің алғашқы кездегі шығармалары тіпті “Евгений Онегиннің” өзі Байрон мектебінің шығармасына жатады...”

/3.10/ – деп жазды. Бұған қарағанда Пушкин орыс əдебиетіне жаңалықты ағылшын əдебиетінен əкелген секілді. Онда батыс Еуропалық үлгі, Байронға тəн машықтар жиі кездесетіні де сондықтан.

Ал Махамбетте ондай еліктеу жоқ. Ол нені суреттесе де ұлттық дəстүрде жырлаған ақын. Солай дей тұрсақ та оның Жəңгір ханға арнаған:

Хан емессің, қасқырсың Хас албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын.

Хан емессің, ылаңсың, Қара шұбар жылансың. Хан емессің, аянсың

Айыр құйрық шаянсың. /4.92/ –

деген атақты өлеңідегі ой мен сөз саптау тəсілі жоғарыдағы екі ақынмен үндесіп келуі қайран қалдырады.

Махамбеттің орыс тілін білгендігі туралы мағлұмат болғанымен оның Байрон, Пушкин шығармаларымен таныс болғандығы туралы дерек кездеспейді. Оның шығармашылық өнерінен ағылшын, орыс əдебиетіне жақындығы бар ешқандай да бір белгіні кездестіре алмаймыз. Соған қарамастан өзімен замандас ақындармен бір бағытта, белгілі бір тақырып аясында ғана емес, көркемдік тұрғыдан да жақын келіп, сабақтаса байланысып жатуы Махамбеттің ұлылығын танытса керек. Яғни бұл жердегі басты мəселе үшеуінің де қарапайым бұқараның көкейіндегі ойды айтып, азаттықты басты мақсат етіп қоюында шығар деп ойлаймыз.

Сонымен қатар адамзат баласының мəдениеті мен экономикасының қандай даму деңгейінде тұрғанына қарамастан олардың өнердегі қолтаңбалары,эстетикалық таным-түсініктері кейде бір біріне өте жақын,ұқсас болып келетін жағдайлар да кездесіп жатады. Бұған кезінде академик А.Н Веселовский де назар аударып, арнайы пікір айтқан. “Как в языках, при различии их звукового состава и грамматического строя есть общие категории (например, числительных имен), отвечающие общим примерам мышления, так и сходство народных веровании, при отличии рас и отсутствии исторических связей, не может ли быть объяснено из природы психического процесса, совершающегося в человеке? Чем иначе объяснить, что в сказках и обрядах народов, иногда очень резко отделенных друг от друга и в этнологическом, и в историческом отношениях, повторяются те же мотивы, те же задачи и общие очертания действия?..”/5.86/

Бір дəуірде өмір сүрген үш ақынның өлең топтамаларын парақтай отырып олардың көңіл күйлеріндегі торығуды суретті сөзбен жеткізудегі ұқсастықтары да ақындық болмыстың ортақтығын айғақтай түседі. Мысалы, Дж. Байрон “Еске алу” (Воспоминание) деген шағын лирикасында өзінің жалғыздығын былайша сыр қылып ақтарады.

Конец! Все было только сном. Нет света в будущем моем. Где счастье, где очарование? Дрожу под ветром злой зимы, Рассвет мой скрыт за тьмы, Ушла любовь, надежд сиянье... О, если б и воспоминанье! /6.9/

Ақын ойы, оның нəзік сезімі өз болашағын қараңғылық бұлты басқандығын сезіп аласұрады, сонымен қатар оған мойынұсынған шарасыздығын да аңғартады. Əрине мұндай көңіл күйге байланысты лирика кейінгі ақындарда да көп кездеседі. Бірақ бірін бірі білмейтін, танымайтын Байрон мен Махамбеттің адам мінезінің жабыққан бір сəтін бірдей бейнелеулері кімді де болса елең еткізбей қоймасы сөзсіз. Осыған ұқсас бірнеше өлеңді А.С Пушкин шығармаларынан да мысалға келтіруге болады. Ол өзінің “Я пережил свой желенья” деген лирикасында:

Я пережил свои желанья, Я разлюбил свои мечты;

Остались мне одни страданья Плоды сердечной пустоты Под бурями судьбы жестокой Увял цветущий мой венец – Живу печальный одинокий,

И жду: придет ли мой конец? /2.162/–

деп өзінің жалғыздығын (Байроннан он бес жыл кейін 1821 ж.) басына түскен бақытсыздыққа балап, өмірден күдерін үзе егіледі. Бұлайша егілу, өмірдегі сəтсіздіктердің барлығынан өлім елесін іздеу жалпы өнер адамдарында жиі кездесетін құбылыс десек те, жоғарыдағы екі ақынның сөз саптауларының өзі бір-біріне өте жақын екендігін байқамау мүмкін емес. Бұл жерде А. Пушкиннің Байрон шығар-маларымен өте терең таныс болғандығын да есте ұстаған жөн.

Ал дəл осы тақырыпты Махамбет өзінің “Жабығу” деген толғауында соларға мазмұндас үлгіде, бірақ қазақы ұғыммен былайша жырлайды:

Күн жадына қарасам, Жедінің оны құралай. Аспанды борай қар жауып Аштырмайды көзімді, Қақтырмайды кірпікті, Соғады боран сабалай.

Халық үшін қанды төгем деп, Қараны ханға теңеп берем деп, Ол мақсатқа жете алмай, Дегенімді ете алмай

Қор болдым-ау, шырақ-ай. /4.47/

Үшеуінде де лирикалық қаһарманның психологиялық болмысы табиғат суреттерімен ұштаса

сипатын аңғартады. Үшеуінде де көздеген мақсаттарына қол жеткізе алмаған өкініш, тағдырдың қатал үкіміне қарсы тұра алмаған шарасыз жанның көңіл күйі айқын байқалады. Байронды “арайлы үміт пен махаббат тастап кетсе” (ушла любовь, надежд сиянье), Пушкин “жабырқаулы жалғыздықта отырып өмірінің ақырын күтеді” (живу печальный одинокий, и жду: придет ли мой конец), Махамбет “мақсатына жете алмай, дегенін ете алмай, қор болады”. Бұл танып, біліп қайталау емес, интуитивті қайталау, яки көркем ойды жеткізудегі ізденістен туындаған ұқсастық, ақындардың іштейгі толғаныстарының белгілі бір психологиялық көңіл күйді суретті сөзге айналдыру жолындағы образды ойларының сəйкестігі деп түсінеміз. Бұл ақындардың шығармаларын салыстыра зерттегенде тағы бір есте ұстайтын нəрсе Байрон мен Пушкин жазба əдебиеттің өкілдері де, Махамбет өз шығармаларын ауыз əдебиетінің үлгісімен шығарған суырып салма ақын. Сондықтан да алдыңғы екі ақын секілді ол өз өлеңдерін қайта қарап редакциялай алмағаны белгілі. Соған қарамастан Махамбеттің əлем əдебиетінің алыптарымен сөз өнерінде үзеңгі қағыстырып, ой таластыруы, солармен үндес пікірде болуы, көркемдік жағынан да деңгейлес тұруы оның шығармаларын салыстырмалы əдебиеттану негізінде əлі де болса тереңдей зерттеуді талап етеді

Қорыта айтқанда, əр алуан кеңістікте, белгілі бір уақыт аралығында өмір сүрген үш ақынның шығармаларында үшеуіне де ортақ ұқсас құбылыстардың көрініс табуы кездейсоқ нəрсе емес. Онда ұлы суреткерлердің өмірді образ арқылы танудағы ақындық қасиеттерінің, логикалық пайымдау ерекшеліктерінің əлі де болса біз біле бермейтін құпия сырлары болуы мүмкін.Қазіргі салыстырмалы əдебиеттану ғылымы мұны сол ақындар өмір сүрген табиғи ортамен, сол елдің саяси жүйесімен, экономикалық даму деңгейімен тағы басқалай түсіндіруге тырысады. Дей тұрғанмен де жеке ақынның психологиялық болмысын, керек болса бүтіндей биологиялық бітімін зерттейтін де уақыт келген сиақты.

бейнеленеді. Байрон өзінің бақытын, үміт отын

жағар келешегін “қатал қыс желінің астында дірілдеп” тұрып күтсе, Пушкин басындағы гүлденген бақытты сəтін (тəжін) “қатал тағдыр дауылы” алып кеткенін аңғартады, ал Махамбет көңіл күйіндегі өкіну сарыны “аспанды борай қар жауып, аштырмайды көзімді, қақтырмайды кірпікті, соғады боран сабалай” деген символдық параллелизм арқылы берілген. Желдің образы үш ақынның лирикасында да қиратушы ретінде көрініс беріп, қатыгез тағдырдың суретті

 

 

  1. 1.Байрон Дж.Г. Избранное произведение. В 2-х.т.Т.1. М.Худож. лит., 1987.
  2. 2.Пушкин А.С. Собрание сочинений. М.: Молодая гвардия, 1949.
  3. 3.Луначарский А.В. Байрон. Жалпы мінездеме. Кітапта: Байрон Дж.Г. Теңіз көкжалы. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы: Жалын, 1997.
  4. 4.Өтемісұлы М. Ереуіл атқа ер салмай. Өлеңдер.Алматы: Жазушы, 1989.
  5. 5.Веселовский А.Н. Сравнительная мифология и ее метод. Собр.соч. Т. 16. М-Л., 1908. -38.
  6. 6. Байрон Дж.Г. Избранное. М.: Правда, 1985.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.