Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуропашылдық жəне Мағжан поэзиясы

Бес арысымыздың бірі – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы тұғырлы тəуелсіздік жылдарында қайта терең зерттеліп, əдебиет тарихында өз еншісін алып келеді. Бұл ақынның ұрпағына өшпес мұра қалдырып жəне оның келешекте жаңғыратынына сеніммен үміт артқан. Поэзиясында шығысы мен батысын тең алып жүретін от ақын шығыстан нəр алып, «түрікшілдікке» сескенбей қарап, «еуропашылдықтың» өлең өрнектерін тамаша бере алды.

Əдебиетте шекара болмайды, мұны əр заманның көркем туындылары дəлелдеуде. Қаншама дүниені дүр сілкіндірген дүбірлі оқиғаларға, аламат айқастарға, шекарадағы шешілмейтін шайқастарға мына бір «таза һəм кіршіксіз өнер шекарасы» тыңнан тоқтау болатын-ды. Міне, ұлт мүддесімен біте қайнасқан əдебиет осы оқиғалардың куəсіндей. Бұлай дейтініміз, шексіз шекара арқылы əр халықтың əдебиеті араласқұралас боп, жаңа əдеби туындылардың тууына, пайда болуына əкеледі. Бұл ойымызды ғалым Ш. Сəтбаеваның мына пікірімен сабақтасақ:

«Қазақ əдебиетінің бай, кең де жан-жақты байланысы – халқымыздың ұлттық мəдениетінің өркендеген, көркемдік дамуының дəреже-деңгейін, рухани сергектігін байқататын маңызды құбылыстардың бірі». Аздап тарихтың тағылым беттерін парақтасақ.

Сонымен, қандай да бір ұлт əдебиеті дара дамып, жеке күй кешпейтіні айқын. Ол сөз өнері болсын, басқа ұлт əдебиеттерімен тығыз қарымқатынаста, бір-бірімен өзара байланыста өсіп, өркендеп отырмақ. Тіпті əрбір ұлттың əлемдік əдебиетке қосар үлесі де осы байланыстар аясында таразыланып, олардың шығармашылық үн қатысы анықталары белгілі.

Мағжан Жұмабаев – əдебиетіміздегі «көзінде от ойнап, сөзінен жалын шашқан», елін, жерін, халқын «ессіз» сүйген ақындарымыздың бірегейі. Мағжан ақынды өзіндік мұңымен, сезімдік сырымен, батыс-шығыстық өлең өрнегін əдемі өре келген, жарқыраған жырымен бүгінгі күнге жеткен ақын деп білеміз.

Есімі қазақ əдебиетінің тарихында алтын əріптермен жазылған Мұхтар Əуезов Мағжанның ақындығын жоғары бағалаған. «Қазақ ақындарының қордалы ауылында туып, Европадағы мəдениет пен сұлулық сарайына барғызған» ақын жайлы заңғар жазушымыз М. Əуезов: «Қазақ жазушыларынан, əрине, Абайды сүйемін. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған əшекейін сүйемін», деп жазады.

Мағжан туралы, оның еуропашылдығы туралы сөз еткенде ғалымның осы сөзінен айналып өтпеу мүмкін емес. Өйткені Мағжан қазақ əдебиетіне осындай жаңалығымен келген тұлға. Батыстың бейнелілігін, шынайылығын əдебиетімізге һəм сөз өнерімізге отты да құдіретті, сұлу да сырлы, сазды да назды жырларымен жарқыратып таға білді. Алайда Еуропа əдебиетінің жетегінде кетті деуден аулақпыз, тума төл əдебиетінен сусындап, қанып ішіп, шығыстың шайырларымен де үндесіп, поэзиямызға өзіндік бір бастауды енгізді.

Өз пікірімен ақын өмірінің сан қырын те рең зерттеген белгілі мағжантанушы ғалым Ш. Елеукенов зерттеуінде: «Абай мен Мағжан Батыс пен Шығысқа бірдей тел ақын. Мекендері Шығыс демесең, өлеңдерін жер шарының екі бетіндегі ел атаулы өгейсінбеуге, жатсынбауға керек. Бір кездерде қазақ өлеңі құлаққа арналған, ал нағыз өлең суреттен жаралуға тиіс деп жүрді. Абай мен Мағжан поэзиясы құлаққа қандай жағымды болса, сурет тілейтін көзге де сондай сүйкімді. Сонысымен қай ел адамының жүрегіне жол табуы тиіс», деп ақынның батысы мен шығысын тең алып қарастырады.

Сонымен, Мағжанның батысынан шошынбауымыз керек, керісінше, шолпылдатып тұрып сүңгіп, шомылуымыз абзал болар. Қазақтың сөз өнерінің есігін батыстың символизмімен қағып кірген ақын – расында символист. Орта ғасырда пайда болған символизм XIX ғасырдың ортасына бастап ерекше дамыды. Ақын осы символизм арқылы өлең құрылымындағы келісімді нақышында келтіреді. Гете мен Гейнеден, орыстың бір топ символистерін оқып-біледі, таниды. Гетеден аударған «Орман патшасы» өлеңінде:

«Қорықпа, балам, қараңғы Түнде жоқ еш қорқыныш. Ол – ақ шашты ағаштар,

Жай ғана тұр ғой тып-тыныш!», -

Кəрі орманды оятып, Бірдеңе деп жұбатып, Жымиып күліп өтеді. Жұрттан ойын жасырып, Алқынып өзі асығып, Қарақат көзге жетеді.

Өлең соңын ақын өзін осы жел болмағанымен түйіндейді. Бірақ Мағжан желдей еркін, азат болғысы келгендігін өлеңдерінен көре аламыз.

Сонымен қатар поэзияның «пайғамбары» еуропашылдығымен несімен тағы ерекше дейтін болсақ, сезімдік сарындағы өлең жанрын туғызған. «Мағжан өлеңдеріндегі эротикалық сезімдер – ақын қиялы, қазақ əдебиетіне жаңа жанр əкелу мақсатынан туындаған. Оның осы жанрға негізделген «Сүй, жан сəулем», «Күміс нұрлы ай», «Хор сипатты қарындас» өлеңдеріне келеп болсақ, Гете поэзиясынан басталып, Абай поэзиясынан қолдау тапқан Батыс Еуропа əдебиетіндегі эротикалық жанрды қазақ əдебиетіне ендіру мақсатынан туған», дейді тағы бір мағжантанушы ғалымыз Б. Қанарбаева. Бұл жанрды Мағжан жоғарыда аталған өлеңдерінде махаббаттың асыл мұратын, тұнық сезімін əдемі астастырып береді. Ақынның мұндай сипаттағы өлеңдері əлемдік поэзия інжу-маржанынан еш кем түспес деп сеніммен айта аламыз.

Мағжан Жұмабаев – өзінің айрықша толқынымен келер толқынға қазақтың кең сахарасындай, еліңнің езгіде қалмайтындай, жігеріңді жасынға жанытатындай, құшағыңды жалынға күйдіретіндей асыл мұра қалдырған «отты Гуннан от боп туған» дарын иесі. Ол ендігі сөзді келер ұрпақтың еншісіне қалдырады.

Поэзияның құдіреттілігі сонда – ақынның өз заманының тыныс-тіршілігін, қайғы-мұңын, қуаныш-шаттығын өлең сөзбен өрнектеп жеткізе білуінде. Міне, Мағжан ақынның қай өлеңін алмаңыз оның бар тынысы сезіліп тұрады. Сол тыныстан еуропашылдықты тану қиынға соқпасы анық.

деп əкесі баласын қап-қара түннен қорықпауын сұрайды. Қараңғылықты, қара түнді жарық етіп келе жатқан от пайғамбар, таң, нұр, күн бейнелерін жырында молынан қолданады. Қараңғы қапастан осы бейнелер аман алып шығатынына сендіреді.

«Жел» бейнесінің де ақын поэзиясынан алар орны ерекше. Батыстың ақыны Шеллингтегі символизм де желмен үндеседі екен. «Жел» атты өлеңінде желді тентек бір балаға теңеп, жолына еш нəрсе кедергі бола алмайтынын жеткізеді.

 

  1. Елеукенов Ш. Мағжан. – Алматы: Санат, 1995.
  2. Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2008.
  3. Қанарбаева Б. Мағжан поэзиясындағы символизм/ Алматы ақшамы. – 12 қараша 2002.
  4. Əбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.