Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бейнелі аталымдардың номинативтік қызметіндегі танымның мəні

Əлем бейнесі мəселелері қазіргі тіл білімінде теориялық семантика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, лингвомəдениеттану жəне лексикография аясында қарастырылады. Тіл білімінде Р.Лангакр, Дж.Тэйлер, Дж.Лакофф, В.В.Воробьев, Е.С.Кубрякова, В.А.Маслова, Ю.Д.Апресян, Ю.Н.Караулова, Б.А.Серебренников, Ю.С.Степанов, С.Д.Смирнов жəне т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс табады. Қазақ тіл білімінде Т.Жанұзақов, Ə.Əбдрахманов, Е,Керімбаев, Б.Қасым, А.Салқынбай, Г.Мадиева, Б.Тілеубердиев, Қ.Рысберген т.б. топонимикалық аталымдардың қалыптасуындағы тілдік заңдылықтарды əр қырынан арнайы қарастырады. Егер аталған мəселеге нақты бір халықтың өмірді қабылдауының ішкі вербалды көрінісі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда əлем бейнесіне лингвомəдени жəне тарихи-этнологиялық категория ретінде міндетті түрде əлемді тілдік тұрғыдан концептуалдау тəсілдерін қосуға болады. Соның бір көрінісі топонимкалық аталымдарда кездеседі.

Топонимика – гр. «topos» – жер, мекен жəне «onyma» – «ат, атау» деген сөзінен шыққан географиялық атауларды, оның мəнмағынасын зерттейтін ономастиканың негізгі бөлігін білдіреді, топонимия – белгілі бір елдімекеннің (аудан, облыс, елдің т.б.) географиялық атауларының кешені деген сөз. Əрбір нысандардың бейнелі топонимдік аталымдарын сипаты бойынша төмендегідей негізгі түрлерге бөлінеді:

  • гидроним – гректің «hydor» – «су» деген сөзі, яғни су нысандарының атауы;
  • ороним – гректің «oros» – «тау» деген сөзі жер бетіндегі бедерінің кез-келген бірлігінің жалқы атауы, оның ішінде тау, төбе, шоқы, құз жəне т.б. атауы;
  • ойконим – гректің «oikos» – «тұрғылықты мекен» дегенді білдіреді, кез-келген елдімекеннің жалқы атауы, оның ішінде қала типтегі атау – астионим, ауыл типтес елдімекен
  • комоним деп аталады;
  • космоним – жер бетінен тыс нысандардың атауы: Ай, Күн, Марс т.б. Ал нысандардың көлемі бойынша топонимдердің екі басты деңгейін атап көрсетіледі:
  • макротопонимия – ірі табиғи немесе адамзат қолымен жасалған нысандардың жəне саяси əкімшілік бірлестіктердің атауы;
  • микротопонимия – шағын географиялық нысандардың, əсіресе жергілікті ландшафтың (орман, тоғай, алаң т.б.) атауларын жекелей атау [1, 327 б. ].

Əрбір географиялық атаулар өте кең көлемдегі ақпаратты береді, нақтырақ айтқанда қандай тілге жəне ұлтқа тиесілі екендігі, халықтардың көші-қоны, аймаққа қоныстану тарихы, пайда болуы, атаулардың өзгеруі, мағыналық беретін мазмұны туралы мəліметтерді алуға болады. Сол сияқты оған топонимдерді бір тілден екінші тілге жазу, ауыстыру, да жатады. Бұл дегеніміз топонимика бірқатар ғылымдар үшін, мəселен, тарих, география, лингвистика, этнография сияқты ғылымдар үшін өте маңызды мəнге ие болады деген сөз. Оның ішінде бірінші кезекте жалқы атаулар лингвистердің, тіл мамандарының өте мұқият назар аудару объектісіне айналады. Неліктен бұлай дейтін болсақ? Оның жауабы өте қарапайым ғана, себебі, кез-келген атау жанды немесе жансыз табиғаттың қандай объектісіне адамға, жануарларға, өзен, көлдерге, ауыл-аймаққа, кітапқа жəне т.б. байланысты болуына қарамастан бұл сөз, ал сөз ретінде ол тіл жүйесіне енеді, тіл заңы бойынша түзіледі, белгілі бір заңдылық бойынша сөзге айналады жəне одан əрі мүмкін деген өзгерістерге ұшырайды.

Топонимикалық лексика тілдің сөздік құрамының өзге де бөлімдерімен тығыз байланыста дамиды. Ол өзіне тілде пайда болған барлық жаңалықтарды таңдап алады, оның ішінде өзгеріп жатқан əлеуметтік жəне саясиэкономикалық, өндірістік қарым-қатынасты, техника жетістіктерін, ғылым жетістіктерін көрсететін жаңа сөздерді де қамтиды.

Топонимикалық лексиканың жалпылама лексикадан бірқатар өзіне тəн айырмашылықтары болады. Олардың қатарына төмендегідей ерекшеліктер жатады:

  • ономастикалық номинацияның екінші рет қайталануы;
  • номинацияның əрбір актісінің жекелей болуы;
  • атаулардың аталатын нысанмен аса тығыз байланыста болуы;
  • атаудың ұғыммен тікелей байланысының болмауы (ол аталатын объектінің ұғымы арқылы жүзеге асырылады);
  • аталатын байланыстың, оның ішінде атаудың мəтін желісімен мағыналық құрамдас бөлігімен байланысының болмауы;
  • атаудың өзі пайда болған мəдени-тарихи дəуірмен өте тығыз байланыста болуы.

Жалқы атаулардың мағынасы өзі пайда болған жалпы атаулардың мəніне тең болмайды жəне онымен ешқашанда шектелмейді. Атаудың маңыздылығы ең алдымен оның көмегімен аталатын нысанның əйгілі болуымен танымал болады. Бұл фактор қоғамдық тарихи сипатқа ие болады. Бұл жайында тілші Қ.Рысберген: «Жерсу атауларында лингвистикалық жəне экстралингвистикалық факторлардың үйлесім табуы тіл мен сананың, тіл мен кеңістіктің байланысын айқын байқауға мүмкіндік береді» дейді [2, 10 б].

Топонимдердің шығу тегін анықтау мəселесі – өте күрделі үдеріс. Қалыптасқан бейнелі аталымды тек тілдік талдау əдісімен саралау жеткіліксіз, сонымен қатар тарихи жəне географиялық дереккөздерін кеңінен пайдалану қажет. Тілдік тұрғыдан талдау көп жағдайда топонимдерді екі жақты түсіндіру сияқты мүмкіндіктерді береді, тек табиғи ерекшеліктерін білу, сондай-ақ жергілікті жердің тарихын білу – барынша шынайы этимологияны таңдап алуға көмектеседі. Ежелгі заманнан осы кезеңге дейін жеткен көптеген топонимдік аталымдар бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Кейде кейбір топонимдік атаулардың өзгерген түрде жетуі де тарихи факт. Немесе топонимнің уəжі, негізі болып табылатын аталымдардың мағынасы, семантикасы қазіргі қолданыста басқа мағынаға, семантикалық өріске ие болуы я болмаса өзгеріске түсуі əбден мүмкін, сондықтан бүгінгі ұрпақ кейбір қала, ауыл, елдімекен немесе өзен атауының беретін мағынасын біле бермеуі, түсінбеуі шындық. Əрбір топонимдік атаулар кең көлемдегі тарихи ақпаратты береді жəне шығу, қалыптасу тұрғысынан қандай тілге жəне ұлтқа тиесілі екендігі, халықтардың көші-қоны, аймаққа қоныстану тарихы, атаудың пайда болуы, өзгеруі, мағыналық беретін мазмұны туралы мəліметтерді алуға болады. Сол сияқты оған топонимдерді бір тілден екінші тілге жазу, ауыстыру, да жатады. Бұл дегеніміз топонимика бірқатар ғылымдар үшін, мəселен, тарих, география, лингвистика, этнография сияқты ғылымдар үшін өте маңызды мəнге ие болады деген сөз. Оның ішінде бірінші кезекте жалқы атаулар лингвистердің, тіл мамандарының өте мұқият назар аудару назарына айналады. Оның себебі кез-келген атау жанды немесе жансыз табиғаттың қандай нысанына адамға, жануарларға, өзен, көлдерге, ауыл-аймаққа жəне т.б. байланысты болуына қарамастан бұл аталым, ал аталым ретінде ол тіл жүйесіне енеді, тіл заңы бойынша түзіледі, белгілі бір заңдылық бойынша атауға айналады жəне одан əрі тілдің заңдылықтарымен өзгерістерге ұшырайды.

Қазіргі өмір сүріп жатқан жер бетіндегі халықтар мен ұлттардың тілінде мүлде мағыналық мəнін ашпайтын топонимдік нысандардың атауы да бар:  тарихи тұрғыдан белгілі, бірақ қазір жер бетінен жойылып кеткен;  басқа алшақ аудандарға кетуі мүмкін;  бұл аймаққа басқа жақтан келіп, бірақ жергілікті тұрғындардың арасында сіңісіп кеткен т.б.

Қазақ ономастикасында топонимдер семантикалық, құрылымдық əдіс тұрғысынан жүйелі түрде зерттеліп келеді. Мұнда ономастикадағы семантикалық жəне құрылымдық қатынастардың типологиясына назар аударылды. Қазақ ономастикасында, сондай-ақ тіл білімінде таным шарттары мен құралдары ретінде тілдің рөлі, қызметі мен аталым жасаудағы тілдің таңбалау жүйесі екенін айқындауға мəн беріл отыр. Мəселен, қазақ тілінің жалқы есімдері ономастикалық номинацияның соңғы нəтижесі, өнімі ретінде қарастырылды, сонымен қатар аталымда түсіндіру лингвистикалық бірліктер ретінде олардың қасиеттері мен белгілерін жаңа бағытта саралауды талап етеді. Дегенмен, қазақ онимдерін атау мен олардың қызметінде адамның танымдық жəне менталдық қызметі лингвистикалық зерттеуді қажет етеді.

Ғаламның тілдік бейнесінің əр этноста əр түрлі болуы, сол этностың тəжірибесімен, білімімен байланысты. Себебі тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен байланысында емес, адамның өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені білімнің негізі болып табылады. Сөздің артында ақиқаттың, шындықтың үзігі тұрады, оның тілдік бейнесі əр халықта əр түрлі болмақ. Ғаламның жалпыға бірдей болуы, ұқсас заттардың болуы олардың санада бейнеленуінің ұқсас болуын қамтамасыз етеді. Алайда адамзатқа ортақ нəрсенің негізінде ұлттық ерекшеліктер жасалады.

Қазақ онимдерінің гносеологиясы мен тіл бірліктерінің мақсаты мен мəнін зерттеудегі когнитивті əдісте тіл білімінің, жалпы білімнің негізін қалайтын менталдық құрылымдардың ономастика мен ономастикалық үдерістерге тигізетін əсерін міндетті түрде ескеру қажет, олардың бірі – «ғаламның тілдік бейнесі» ұғымы. Ғалам бейнесі – қоршаған орта мен адам туралы ақпаратты қайта өңдеудің нəтижесі. Ғалам бейнесі дүниенің біртұтас ғаламдық образы, ол адамзаттың бүкіл рухани белсенділігінің нəтижесі болып табылады, адамның əлеммен жасайтын барлық байланыстары барысында пайда болады.

Ю.Н.Караулов, Г.В.Колшанский, Б.А.Серебряников т.б. лингвистер тарапынан ғаламның концептілік жəне тілдік бейнесі ажыратылып көрсетілді. Тілдік таңбада берілген дүние туралы білімдердің жиынтығы түрлі тілдік концепцияларда бірде «ғаламның тілдік репрезентациясы», бірде «ғаламның тілдік моделі», бірде «ғаламның тілдік бейнесі», бірде «тіларалық ғалам» деп көрсетіліп жүр. Егер ғаламның тілдік бейнесі түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерде ғаламның ұлттық бейнесін көрсетсе, онда ономастикалық деңгейдегі жалқы есімдер ғаламның ұлттық, тілдік бейнесінің үзіктері болып табылады да, ғаламның ономастикалық ұлттық бейнесін құрай алады деп қисынды түрде айтуға болады.

Осыған орай қазақ ономастикасының ұлттық болмыс концептілерін жасауға қатысты тіл мен таным үдерістерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивті жүйесіне сүйенеді. Ғаламның тілдік бейнесі, ұлттық болмысы əр этноста əр түрлі болуы этностың тəжірибесімен, білімімен байланысты. Өйткені тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен байланысында ғана емес, адамның өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені білімнің негізі болып табылады. Оның тілдік бейнесі, ұлттық рухани болмысы əр халықта əр түрлі.

Қазақ халқының көру, есте ұстау, ұлттық дүние бейнесін қабылдау қабілеті ерекше дамыған. Б.Қасым қазақ халқының ұлттық рухани болмысын бейнелейтін ономастиканың өмірде маңызды орын алып, олардың дала алқабы мен шөлді жайылымдары да көші-қон кезінде белгілі қызмет атқарғанын байқауға болады. Ономастикалық атауларда этнос пен табиғат байланысын бейнелейтін атаулардың көп болуы топонимикалық нысандарға негізделгенін, қазақтардың тұрмыс-салты, этномəдени, тіршілігі меншаруашылық түрінің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты түсіндіруге болады. Белгілі бір топонимикалық нысанның түрін, түсін, пішінін, көлемін көру, ұқсату т.б. уəжі арқылы қабылдаған. Бұл қабылдауда ұлттық этнографиялық нышандар жататынын келтіреді [3,121 б].

Л.М.Дмитриева: «Ғаламның ономастикалық бейнесінде кеңістік категориясы едəуір маңызды рөл атқарады, өйткені бұл категория адам мен оның өмір болмысы арасын біріктіре қарастырады». «Кеңістік концептісі» дүниенің ономастикалық бейнесінде тұлғаның ономастикалық санасы, фрагменті ретінде оның менталдық көрінісі мен тілдік байланысу негізін қалаушы концепті болып табылады. Ономастикалық атауларда ұсынылып отырған кеңістік өз өмір тіршілік қызметінің құндылықтары арқылы ғаламды қабылдаушы, субъекті тұрғысынан алғанда халықтық болып саналады. Ғаламның ономастикалық бейнесіне ғалам туралы, адамның бір нəрсе жайлы қалыптасқан мағлұматы, бағдарланған білімі енеді. Ғаламның ономастикалық бейнесі тілдік таңбаларда, бейнелі аталымдарда ғаламды қабылдаудың тəсілдері мен формаларын бейнелейді.

Ғаламның ономастикалық бейнесін, ғалам туралы білімдердің жиынтығын, тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдстықтың ұлттық мəдени əлеуметтік тəжірибесі ретінде елестетуге болады. Адам баласының қандай да бір лингвомəдени қауымдастығының құнды тəжірибесі дүниені тануы мен түсінуі – тілде жалпы есімдер арқылы ғана емес, сондай-ақ жалқы есімдер арқылы да берілетіндігі тілде бар құбылыс. Сондай-ақ жалқы есімдер онимдер арқылы тілдік таңбаларға, тірлік бірліктерге айнала отырып, ғаламның ономастикалық моделін, кескін-келбетін жасай алатындығын назардан шығармау. Ғаламның ономастикалық моделі немесе бейнесі адамның ғалам туралы түсініктерін жəне ғаламды тану қасиеттерін бейнелейді.

Бейнелі аталымдарды ғаламның тілдік бейнесі тұрғысынан зерттеуге арналған когнитивті əдіс кезінде тілдік таңбаларда жалқы есімдерде берілген білімді концептілеу мен категориялау үдерістері ескерілу тиіс. Ғалам туралы аталған білімдерді интерпретациялау – (ойды ашып көрсету), оны елестету, іске асыру кезінде тілдік үдерістерді, ономастиканың тілдік бейнесін, оның концептілерін вербалдау тəсілдері тұрғысынан зерттеу. Тілдік концептілерде этникалық мəдениеттің негізгі өкілі туралы жəне дүниенің тілдік бейнесі туралы білімдер этномəдени, əлеуметтік мəдени факторлармен байланыста болып келеді. Сол себепті олардың арақатынасы бейнелі топонимдік аталымдарды когнитивті семантикасын суреттеуде ескерілуі тиіс.

 

  1. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005.440 б.
  2. Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік жəне этномəдени негіздері. Филол. ғылым. доктор. ... Авторефераты. – Алматы, 2010. – 48 б.
  3. Қасым Б. Қазіргі қазақ тілінің теориялық жəне қолданбалы аспектілері. (ғылыми мақалалар). –Алматы: ЖК Волкова А.В., 2010. – 371 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.