Ақылға қонымды жақсы сөздің жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге бөлейтіндігі, шынайы сөздермен өрнектелген ой ғана өткір, əрі əсерлі болатыны белгілі.
Халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл», «Тілалмас семсер», «Күш-жеңбегенді сөз жеңеді» дейді. Осыдан сөздің адамға тигізетін əртүрлі əсері, шипалық қасиеті жақсы байқалады.
Ақылдылықтың басты белгісі – дұрыстап сөйлей білу.Сөйлеу мəдениетіне жетілмейінше ақыл-ой мəдениетіне жету қиын. Халқымыздың ойға олақ, сөзге шорқақ адамдарды үнемі əжуалап келуі де осы мəселеге ерекше мəн бөлуінен керек. Мысалы, «Сөйлей білмеген сөзді өзіне келтіреді», «Таппасаң сөздің жүйесін ,отына өзің күйесің», «Қысыр сөзде қырсық көп»секілді мақалдарда сөйлеу өнерінен жұрдай жандар туралы айтылады.
Тіл өнеріне ерекше жетілу шешендік өнермен тығыз байланысып жатады. Қазақ халқы шешендік өнерді ерекше құрметтеп, ондай өнері барларға төрден орын берген. Тілдің сырына байланысты адамдар жайында мынадай мақалдар бар: «Жүзден біреу шешен,мыңнан біреу көсем», «Шешеннің сөзі ағып тұрған балдай», «Көп ішінде сөйлеген–көсемділіктің белгісі, көпке сөзі ұнаған–шешендіктің белгісі» т.с.с. Осы мақал-мəтелдерде шешеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, ойға қуат, мағыналы да көркем, өткірлігі оның тек сыртқы сұлулығында ғана емес, оның логикалық мазмұнында , шындықты жайып салып, көркем тілмен айтуында дегендей қорытынды жасауға болады.
Сөз құдіреті туралы терең толғанған ақынжазушыларымыз ,ғалымдарымыз да жеткілікті. Олар: Дулат Бабатай, Абай Құнанбаев,Шоқан Уəлиханов, Халел Досмұхамедова, Сұлтанмахмұт Торайғыров, қазақ тіл ғылымының тарихына үлес қосқан ұлт лингвистерінінің біріншісі А.Байтұрсынов бастаған көшбасы жалғасуда. Осындай өкшелестерінің бірі болған, тіл білімінің межелі асуында жұртшылық назарын А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мен əл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қырық жыл бойы еңбек еткен, ғылымды ұйымдастырушы М.Балақаев,шəкірті М.Серғалиев өнерлеріне, сөйлеу мəдениеттеріне жетілу баршамызға ортақ міндет.
Дамып келе жатқан ұлттық ғылымымыздың қатарынан көрінген асыл азамат, шыншылдығы бүкіл елге танымал,саналы өмірдің сан тараулы жолында талмай еңбек еткен, елінің рухани əлеуетінің өсе түскенін танытарлық мол іс тындырған əйгілі педагог, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, республика ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, атақты профессор-ұстаз Мəулен Балақайұлы Балақаев.Ол аспирантурада жүрген кезінің өзінде-ақ қазақ тіл білімі өмірлік кəсібіне айналып, мəңгілік несібесін осы саладан жинаған. Содан бергі жердегі өмірде кандидат, доктор, профессор, академияның корреспондент-мүшесі деген атақтарға ие болды. Осының бəрінде қаншама тер төгілгенін, əрине, есептеп шығару қиын. Тынымсыз еңбек, тындырымды іс ақыры оны ұлағатты ұстаз, ірі ғалым, тіл тағдырына араласар айтулы азамат дəрежесіне көтерді. Өткен жылдар осыны айтады, жылдар қойнауында тұнған сырлар осыны шертеді. Біріншіден, ол – Ұстаз. Екіншіден, Мəулен Балақайұлы Балақаев – үлкен ғалым. Ол 1940 жылы кандидаттық диссертация, ал 1950 «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» бойынша докторлық диссертация қорғаған. Кейінірек бұл еңбек өз алдына жеке кітап болып жұрт қолына тиді. Содан бергі жерде М.Балақаев тынымсыз еңбектенеді. 20-ға таяу кітап, бірнеше ғылыми жəне ғылымикөпшілік мақаланы еңбекқорлықтың асқан үлгісі ретінде айтуға лайық. Мəулен Балақаевтың еңбек жолы 30-шы жылдардан басталған екен. Бұл жылдардың мəдениет тарихындағы рөлі орасан зор болғаны мəлім. Жаппай сауат ашу, ол үшін жазуды жөнге салу, оқу бағдарламалары, əдістемелер мен оқу құралдарын жасау тəрізді сан түрлі шаруаға Мəулен Балақаев білек түре араласады. Сонымен бірге грамматика, орфография, терминология мəселелерімен шұғылданады. Бертінірек оның қаламы тіл мəдениеті, стилистика, көркем əдебиет тілі мен əдеби тіл салаларында қызмет ете бастайды. Мұның нəтижелерін бірнеше еңбек ретінде көріп, оқып, біразымыз білім толтырып жүрміз.
Мəулен Балақаевтың қаламынан туған еңбектер арасынан жай сөйлем синтаксисі, сөз тіркесі жəне тіл мəдениеті туралы еңбектерін айрықша атау қажет. Неге десеңіз, бұл саладағы зерттеулер арқылы ол қазақ тіл білімі проблемеларын бүкіл түркологиялық деңгейге көтерді.С.Е.Маловтың жетпіс жасқа толған мерейтойының қарсаңында Мəскеуде шыққан Тюркологический сборник жинағының бірінші санындағы (1951 «О комбинированном управлении прямого дополнения в казахском языке», Каз КСР Хабаршысындағы (1952, «Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің кейбір мəселелері», Қазақ тілінің тұңғыш ғылыми грамматикасы болып саналатын «Қазіргі қазақ тілінің» (1954) үлкен бір тарауын «Жай сөйлем синтаксисі»,одақтық Вопросы языкознания журналындағы (1956 «Типы именных словосочетании в казахском языке» іспетті ғылыми мақалалары мен еңбектерін жазған болатын. Сонымен қатар осы бағыттағы көп жылғы ізденулерінің негізінде кешікпей «Қазақ тілінің сөз тіркестерінің түрлері» (1957) атты еңбегін жазды, оны кезінде жалпы жұртшылық, тіпті отандық жəне шетелдік ғалымдар аса жоғары бағалаған. Бұл тек қазақтың ғана емес, ортаазиялық түрік халықтарының да лингвистикасындағы сөз тіркесі жөніндегі тұңғыш монографиялық зерттеу болды. Осының өзі де ғалымның ғылыми-теориялық өресінің қаншалықты дəрежеге көтерілгенін байқатады.
Осы еңбегінде Мəулен Балақайұлы өзінің атақты ұстазы Н.К.Дмитриев пен замандасы Н.А.Баскаковтың аталмыш мəселе туралы қалыптасқан пікірлеріне дəлелді дау айтып, таласқа түскен. Ол кезде ғылымда мұндай батылдық жиі кездесе бермейтіні мəлім. Мəулен Балақаевтың дəлелдемелерінен кейін синтаксис оқулықтарында «Жай сөйлем синтаксисі» мен «Құрмалас сөйлем синтаксисінен» басқа үшінші бір сала «Сөз тіркесі» беріліп отыратын болды. Бұл еңбекті кезінде атақты түрколог А.К.Боровков (А.К.Боровков. Изучение тюркских языков в СССР. – «Вопросы языкознания», 1961, № 5) жоғары бағаланған. Сөйтіп бүкіл түркология ілімінде Мəулен Балақаевтың ашқан жаңалығы жаңа сала болып қалыптасты. Мəселен «Қазақ əдеби тілінің мəселелері» (1961), «Қазақ əдеби тілінің тарихы» (1968) дейтін университеттер мен институттардың филология факультетінің студенттеріне арналған тұңғыш көмекші құралы да, тұңғыш оқу құралы да.
Осындай ұйымдастырушы ғалым қазақ тіл біліміне тағы бір өзекті саланың уығын шаншып, шаңырағын көтерген. Мəселен, қазіргі «Қазақ тілінің мəдениеті» дейтін пəн тікелей өзі ашып, өзі қалыптастырған сала. Халықтың тіл мəдениетін арттыру проблемасы, тіл жатықтығы, сөз қолдану мəдениеті, баспасөз тілінің мəдениеті, əдеби тіл мəдениеті, жазу мəдениеті, оқушының, жастардың тіл мəдениеті, жазушының сөз мəдениеті төңірегінде толғанды. Бұл пəннің арнайы курс ретінде оқылуына тікелей басшы болды, біз үшін маңызы зор пəн. Осы тұста бізге қойылатын талаптың бірі – тіл мəдениетінің жоғары болуы, ал мақсат – қазақ əдеби тілінің абырой-беделін арттырып, одан əрі дамытып беру мəселесі.
Мəселен, үгіт-насихат жұмыстарында болсын, халыққа əдебиет, өнер арқылы эстетикалық тəрбие беру жұмыстарында болсын, тіл мəдениеті қызметкерлерінің айтқандары мен жазғандары тіл жағынан мүлтіксіз болуға тиіс. Тіл қоғам өмірінде адамдардың өзара пікірлесу, түсінісу қызметін атқарады. Бүгінгі заман талабына сай тіліміз нəрлене, қорлана түсіп отыр, тіл мəдениеті артып келеді.
М.Балақаев қазақ тіл білімі аясын осылай кеңітті, ғылымды міне осылай ұйымдастырды. Сөйтіп, қазақ тілі де кемеліне келген бай, барынша икемділік қасиетке ие болған орамды, белгілі жүйеге түскен, көркем тіл болды. Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде ұстарта білу – үлкен өнер. Əрбір мəдениетті кісі сол өнерді үйренуге, тіл мəдениетін арттыруға талпынады. Əдетте мəдениетті қоғамның оқу-білім, ғылым, өнер т.б. рухани табыстарының жиынтығы деп білеміз. Тіл оған жатпайды, бірақ мəдениеттің елеулі формасы деп есептеледі. Осы орайда оның мəдениетті дамыту қызметі ерекше болады.
Тіл мəдениеті деген ұғым тілдің мəдениетке қатысты екенін аңғартпайды, тілдік тəсілдердің кемелдену, ширау, жүйелену дəрежесінің қандай екенін меңзейді. Сондықтан сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық, ізеттілік ... тіл мəдениеті дегенге енеді. Мақсатымыз – сол мəдениетті дамыту, сол үшін күресу, тіл мəдениеті үшін күрес, тіл тазалығы, ой дəлдігі үшін күрес. Осы тұрғыдан қарағанда халықты тіл мəдениетіне үйрететіндер – баспасөз қызметі, алайда, кейде баспасөз бетінде, жеке кісілердің сөзінде де тіл мүкістігі, тіл мəдениетінің ақауы байқалып жүр. Бұл барабара «тіл ауруына» айналуы мүмкін. Сондықтан сөйлеуде, жазуда кездесетін кемшіліктерді дер кезінде қоғам тезіне салып отыру керек . Мəдениетті кісілер тосырқап қарайтын əдеби тілдің қалыптаса түсуіне нұсқан келтіретін кемшіліктер аз емес. Кітаптарда, газет-журналдарда сөздерді қате жазу жиі кездеседі. Мыс: «қадірлі» сөзін қадырлы, кəдірлі деп, «ақиқат» сөзін ахиқат деп, «педагогтік» сөзін педагогтық деп түрлендіріп жаза береді. Сондай-ақ, мұндай қателіктер біріккен сөздер арасында да кездеседі, мұндайға тыйым салыну керек. Əдеби тіл сөйлеу тілінен нəр алып дамиды да, керісінше, сөйлеу тіліне ықпалын тигізеді. Мəдениетті кісілер елдегі қарапайым кісілерше сөйлегенде де əдеби тілдің нормаларына бой ұра, əдеби тілдің тұрқын бұзбай сөйлеуге тырысады. Осы бағыт жалпы халықтың дəстүрге айналып, жұрт əдеби тілде сөйлейтін болды. Қазір қазақ тілінде осы процесс қатты жүріп жатыр. Бірақ сөздердің айтылу норманы сақтап сөйлеу талабы ескерілмей , елеусіз қалып келеді:
Сондықтан да сөздердің айтылуында алақұлалық күшті.
Бізге бұл кемшіліктерді жоюға онша мəн де берілмейді, бұдан арылу үшін əрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мəдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек.
Сөйлеуде де, жазуда да ой дəлдігі болады. Кісі оқу, үйрену, жаттығу арқылы емін-еркін, əрі дұрыс жазуға төселеді. Соның өзінде ұқыпты болу керек. Жарыққа шыққан кейбір кітаптар мен газет-журналдардан кейде білместіктен, кейде ұқыпсыздықтан жіберілген кейбір стильдік қаталар кездеседі: сөздерді орынсыз қолдану, дұрыс тіркестірмеу, сөйлемдерді дұрыс құрастыра алмау т.с.с. Сөздегі ала-құлалық жергілікті ерекшелікті көп қолданудан болады. Қазақ халқының əдеби тілі белгілі диалект негізінде емес, жалпы халық тілінің түрлі говорлары қатысуымен жасалғандықтан, соларды тыңдап, талғап, керекті жерінде қолданудың орнына оларды орынсыз қаптата беру байқалады. Мұндай жергілікті ерекшеліктерге əуестенушілік, əсіресе, жазушылар қауымындағы адамдар арасында кездеседі. Бұл стильдік қатеге жатады. Мұндай қателерге жол бермеуіміз қажет.
Адам білімді, тəлім-тəрбиені тіл арқылы ашады, мəдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді: тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мəдениетінің формасы.
Сондықтан онда əрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тəсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мəдениеті, əдет-ғұрпы, əдеби-мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ауысып отырады.
Отанына пайдалы қызмет істейтін адам көп оқып, көп білу керек. Осы тұрғыда жылдар бойы толқытып келген ойларын жинақтап, 1984 жылы
«Қазақ əдеби тіл жəне оның нормалары» деген кітап жазып бастырды, сөйтіп əдеби тіл дегеніміз не жəне оның ауқымына не кіреді деген мəселерді тұңғыш рет ашып айтып, көптеген зерттеулерге жол ашты.1948 жылы жарияланған «Орфографиялық сөздігі» кейінгі жылдарда түзілген үлкен емле сөздіктеріне негіз болды. 1952жылы «Қазақ орфографиясы мен графика мəселелері», 1966 жылы «Қазақ тілінің стилистикасы», 1963 жылы жəне 1988 жылы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», 1938 жылдары 1,2,3 жəне 9 сыныптар үшін қазақ тілінің оқулықтары жəне т.б.еңбектері ғұлама ғалымды осы саланың айтулы маманы ретінде əйгіледі.
«Білімнен қуатты күш жоқ, білімнен қаруланған адам жеңілмейді», дейді М.Горький. Сол білім кілті – тіл.
Осының өзімен де ол қазақ тіл білімінде шоқтығы биік тұлға болып қала берері сөзсіз.
Мəулен Балақаевтың қазақ лексикографиясы саласында сіңірген еңбегі де алуан-алуан.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақшаорысша сөздік», «Орысша-қазақша сөздік» бұлардың бəрі де Мəулен ағаның қатысуымен, басшылығымен түзілген.
Бүкіл өзінің шығармашылық ісі мен өмірін қазақ тіл біліміне, қазақ мəдениетіне бағыштаған əйгілі ұстаз, атақты ғалым тіл білімінің, қазақ ғылымының, қазақ мəдениетінің кеңестік дəуірде қаншалықты қанат жайғанын нақты көрсетті.
Ұстаздың да ұстасы бар демекші бүгінгі таңда туған тілдің өзекті мəселелерімен абыройлы еңбектеніп жүрген бес академиктің бірі филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мырзатай Серғалиұлы Серғалиев. Сөз құдіретінің əсері мен салмағын даралап, себебін саралап зерделейтін, сөз асылын адаспай айыра алатын талғамы биік ,сөз танығыш адам,əдебиетші, тілші, сыншы, əрі ара –тұра қалам сілтеп қоятын жазушылық қабілеті бар тұлға. Ұстазы, шəкіртіне өнегелі жан болған, талғампаз тарлан профессор Мəулен Балақаев.
Көркем сөздің сыры мен сымбатын саралаған, осы салада тынымсыз еңбек етіп жүрген ғалымның 600-ден астам мақалалары мен
Ғалымның негізгі қабілетін ұштаған жəне бірыңғай зерттеу үрдісін қалыптастыруға ықпал болған нəрсе оның қазақ тілінің маманы екендігі.
Əрі тілші ғалым, əрі əдебиет сыншысы, əрі аудармашы екендігін ұстазымыздың «оң мен солы бірдей» шын жүйріктігін үлгі аларлық өнеге деп білеміз. Академик ағамыз көркем əдебиет тілінен басқа да, БАҚ-тың тілі, диктордың сөз қолданысы туралы, жеке автор шығармаларының тілі сияқты көптің көзі мен көңілінен таса қалып келе жатқан сөйлеу мəдениеті үшін маңызды мəселемен бүгінде бір өзі айналысып жүр.
М.Серғалиев функционалдық грамматикадағы өнімді тəсіл трансформацияға қазақ синтаксисінде бірінші рет назар аударған ғалым. Сонымен қатар синонимия құбылысын синтаксис деңгейіне көтерді, сөз тіркесінің функционалдық жағын да сипаттап көрсете білді. Қазақ тіл білімінде стильдік ерекшеліктерге, олардың тілдік нормаларына тіл мəдениетінің негізгі салалары тұрғысынан назар аудара білді.
Стилистика,көркем əдебиет тілі, тіл мəдениеті мəселелерінің көш басында тұрған ғалымдардың бірі екені қазақ жəне шетел тілші – ғалымдары тарапынан мойындалған.
Тілші -ғалымдардың тілге байланысты ой – пікірлері қашан да сұлу, сырлы сөздері шеберлікпен ұштасып жатады.
баяндамалары, монографиялары мен оқулықтары, əдістемелік құралдары бар.Атап айтсақ, «Сөз сарасы»(1977), «Синтаксис синонимі» (1981), «Сөз шырайын ойласақ»(1982), «Сөздің күнгейі көп көлеңкесі» (1987) «Сөз сарасы» (1989), «Етістікті сөз тіркесінің синонимиясы» (1991), Ой мен сөздің жарасымы»(1994), «Көркем əдебиет тілі»(1995), «Сөз нақтылығы мен ой айқындығы»(1998), «Ой өрнегі»(1995), «Сөз салмағы»(2002), М.Балақаев, М.Серғалиев «Қазақ тілінің мəдениеті» (2004), М.Серғалиев «Көркем əдебиет тілі» (2006), М.Серғалиев «Стилистика негіздері»(2006) т.б.
М.Серғалиевтың көркем мəтінді талдау бағытындағы сыни еңбектерін, əсіресе, қазақ əдебиетінің классиктері Мұхтар Əуезов, Ғ.Мүсірепов шығармалары туралы жазғандарын тіл шырайын танытқан аса құнды еңбектер қатарына қосамыз.
- М.Балақаев «Қазақ тілінің мəдениеті». Алматы, 1971,4-7б.,93б.
- М.Балақаев «Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары» -Алматы,1984, 70б.
- М.Балақаев.,Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис». -Алматы ,1966, 228б.
- М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М. Томанов, Б.Манасбаев «Қазақ тілінің стилистикасы» -Алматы,2005, 256б.
- «Өрелі өнер» (Тіл мəдениеті туралы). «Ғылым» баспасы.Алматы,1976.3-8б.
- ҚР ҰҒА академигі М.С.Серғалиевтің 70 жасқа толуына орай өткізілген «Қазақ тілінің стилистикасы жəне тіл мəдениеті» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Астана -2008
- Е.Жампейісов «Мəлен Балақаев ғылымды ұймдастырушы»Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі.-2007. 15 қыркүйек №17. 8-бет