Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күрделі жер-cу атауларының этномəдени ерекшеліктері

Əр халықтың басынан кешкен үлкендікішілі оқиғалары, сүрлеу соқпағы мен даңғылы аралас таусылмас жолы оның ұлттық тарихын құрайды. Сол ұзын-сонар өмірде қалыптастырған дəстүрі мен салты, əдет-ғұрпы ұлттың дүниетанымдық ерекшелігін, айрықша мəдени келбет-бейнесін жасайды. Ұлттық мəдениет, ұлттық болмыс бейнесінде халық жүріп өткен жолдардың із-таңбасы, белгісі болады.

Ақиқат өмірдегі заттар мен құбылыстарды таңбалау, ат қойып, айдар тағу – адам баласымен бірге тұрақты да ұдайы жүріп отыратын адамның қоршаған ортаны тануы, категориялдық аймақтарға бөлшектеуі барысында өтетін тұрақты əрі үздіксіз үдіріс.

Адам танымы арқылы белгілі нысандар мен олардың белгілері, қасиеттері айқындалып, санада белгілі бір ұғымды қалыптастырады [1, 21]. Адам танымы терең де шексіз, сондықтан тілдегі негізгі атауларды дүниетанымдық ақпарат айқын да мол жинақталып беріледі. Қоршаған ортаны тану үстінде адам оны жеке бөліктерге бөліп, сол жеке бөліктерді атайды. Алдымен жалпы есімдерге топтастырады, солардың ішінен жеке дара ат бере отырып, жалқы есімдерді даралайды.

Жер-су атауларының жасалуы – олардың уəждік ұстанымдарына байланысты болып келеді. Уəжділік ұстанымдары тіл иесінің өзін қоршаған ортаны тану, қабылдау, игеру қабілетіне, солардан туатын əрекеттерге негізделеді. Оның бəрі тіл иесінің дүниетаным, танымдық қасиеттерімен өрнектеліп, ұлттың мəдениетін, менталитетін қалыптастырады. Сондықтан да жер-су атауларында нысанның қасиетін, айрықша белгісін айғақтайтын ақпарат болады, ол тіл иесінің тұрмыс-тіршілігінің, қоршаған ортасының көріністері болып келеді. Мысалы, Алматы облысында Ойрантөбе деген ойконим бар. Бұл – қазақтың атақты қолбасшысы, ержүрек Райымбек батырға байланысты қойылған атау. Сол кездегі ұрыстың дəстүрі бойынша, қалмақ батырымен жекпе-жекке түскен Райымбек жеңіске жетеді, қолбасшының жекпе-жегінен қуат алған қазақ қолы жауды тасталқан етіп жеңеді. Осы Жеңістің құрметіне ұрыс өткен мекен Ойрантөбе аталады, «жауды қарата, ойран салып жеңген төбе» мағынасын білдіреді. Сөздің бірінші сыңары «тас-талқан, бүліншілік» мағынасында қолданылады. Бұдан көптеген тұрақты қолданыс тарайды: ойран болды, ойран етті т.б [ҚТТС, 7-т. 1983] Осы «тас-талқан, күл-талқан ету, тас-талқанын шығару» мағынасы оқиға өткен жермен байланыстырыла, соның анықтауышы ретінде жұмсала келе тұтас атауға айналған. Төбе индикатор – термин қызметін атқарады да, қазақ топонимдері арасында жиі кездеседі (Көктөбе, Үштөбе, Күлтөбе, Майтөбе т.б).

Жер-су атауы – лингвистикалық бірлік, сондықтан оның атқаратын қызметі де тілдік қызмет. Жер-су атауы алдымен қарым-қатынас қажеттілігіне байланысты пайда болады. Ал ол тілдің негізгі қызметі айнала қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды сөзбен таңбалаудан, белгілеуден басталады. Басқа да тілдік бірліктер сияқты жер-су атаулары – тарихи ұзақ кезеңді қамтитын объективті жəне рухани дүниедегі заттарды, құбылыс, ұғым түсініктерді номинациялау процесінің жемісі, нəтижесі. Соның ішінде күрделі атаулар да дара лексема тəрізді тілдік атау (атауыш) қызметін атқарады, туынды лексема ретінде қалыптасқан. Алайда оның жалпы дара аталымнан айырмашылығы бар.

Күрделі атаулар екінші номинация қатарына жатады, өйткені халық жер-суға ат беруде сол жердің қадір-қасиетін, белгісін, онымен байланысты жағдаяттарды тануға кілт болатын тілдік қорда бар аталымдарды алады. Яғни, атауға ие болушы нысан (таңбаланушы) лексикада бұрыннан бар атаулар арқылы таңбаға ие болады. Сонымен қатар жиналған ақпаратты бағалау тұрғысынан өңдейді. Қазақ жерінде кездесетін Айтағы, Тарақтас (Қарағанды облысындағы тау), Ақдомбақ, Екібастұз (Павлодар облысындағы елді мекен), Қостанай (Тобыл өзені бойындағы қала), Үшарал (Алматы облысындағы елді мекен), Қаратал (Алматы облысындағы өзен) тағы басқа күрделі жер-су атаулары соның айғағы.

Сөздің атауы болып қалыптасуына не себеп, негіз, уəж болатын белгілері, ерекшеліктері жинақталып ескеріледі [2,92]. Зат пен құбылысқа ат қоюда өмір шындығы, нақты деректер тіл бірліктеріне, атауға айналады. Ойрантөбе атауының пайда болуының нақты себебі – тарихи оқиға, Райымбек батыр бастаған қазақ халқының жеңісі. Осы Ұлы Жеңісті дəріптеу, аңызға айналдыру – атаудың пайда болу уəжі. Бастапқыда бұл еркін тіркес түрінде жұмсалды деп болжауға болады, себебі халық сол жерде болған уақиғаны ауыздан-ауызға, елден-елге мақтанышпен, үлкен патриоттық рухпен жеткізді, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етіп таратты. Мұндай атаулар арқылы тілдің кумулятивтік қызметінің мəні жоғарылайды. Атау бастапқыда Жоңғарларды ойран етіп жеңген жер/төбе түрінде айтылған. Мұндағы басты уəж – ойран, бұл денотат қызметін атқарады. Қолданыла келе, ықшамдалу үдерісінен өтеді, яғни кейбір элементтер мəнсізденеді, ойран етіп жеңген жер/төбе > ойран болған жер/төбе > ойрантөбе > Ойрантөбе. Қазіргі күні аталым құрамында компонент саны – екеу, ортақ денотат ақиқат көрінісі біреу, географиялық атау.

Алғашқыда тіл иелерінің когнитивтік санасында ақиқат дүниенің үзігі пайда болады. Ол, мысалы, төбе, жоңғар (жау) жеңу; тұз, бас, екі т.б. түрдегі бөліктер бойынша бейнеленеді. Бұл шындық дүниедегі нысанның ойсуреті. Ойсурет – тілдік қауымдастықтың ақиқат дүние фрагменті (үздігі) жөнінде ұжымдық санасында орын тепкен білімі. Осы ақпараттар ұжымдық санада жинақталып вербалданған білімге айналады. Бұл білімнің немесе ақпараттың осы күйінде жаңғыртылуы да, практикалық қажеттілікке сай əрі қарай өңделе түсуі де мүмкін. Бұл мəселе жөнінде Н.Уəлиев Қойқора күрделі таңбасына қатысты:

«Өңдеу барысында басы артық элементтер, яғни пəлендей «жаңалығы» жоқ ақпараттық элементтер беймəнделіп, редукцияланады: қой[ды] [қамайтын] қора > қой[дың] қора[сы] қора[сы] > қойқора. Осылайша құрылымдық жақтан редукцияланудың нəтижесінде тілдік бірліктерден тек қой жəне қора деген лексема қалғанын байқаймыз» [3,150], дейді. Мұндағы ой бір ғана таңбаланушы туралы, ортақ денотат маңызды элементке айналған. Мəселе қойды қамауда емес, оны жыртқыштан, ұры-қарыдан қорғауда, сондықтан қора компоненті мəнді элементке айналады. Ойрантөбе аталымында «жеңу, жаудан құтылу» компонентінің мəні артады. Бұдан төбе компонентінің мəні кемімейді, керісінше ол сигнификаттық қызметін кеңейтеді. Екі лексеманың ортақ денотатының болуы (қора, төбе) «біріккендіктің» белгісі сөзжасам үдерісінің аяқталуы саналады. Күрделі таңба мазмұнындағы өзгеріс жеке форма арқылы тиянақталып, бір екпінге бағынған. Аталған мысалдардағы қой, ойран т.б көптеген күрделі аталым құрамындағы сыңарлардың жеке екпінін жоғалтуы оның материалдық дербестігіне де əсер етуі, сол себепті екі лексема арасында босарлық жоқ: [Ойрантөб[е], [Ескелд[і], Талдықорған > Талды[ғ]орған т.б. Бұл бос орындарда екпін ғана емес, белгілі семантика бар, екпін соның көрінісі, оны кей атауларда ассмиляция анық байқатады.

Кең-байтақ қазақ даласының түкпір-түкпірінде жоғарыда аталған күрделі атаулар тəрізді тарих құпиясын бойына жинап, сақтар тұрған тау, тас, төбе, өзен, көл, елді мекендер, олардың атаулары қаншама. Бұлардың біразы əр аймақта қайталанып келіп те жатады, дегенмен өзінше даралық жалқылық сипатқа ие болатындары да мол (Талдықорған, Келіншектау, Алатау, Есекқырған, Нарынқол, Маңғыстау, Алакөл, Ескелді т.б).

Күрделі атаулардың күрделілігі олардың құрамындағы компонент санында ғана емес, қолданылу барысында сол компоненттердің бойында жүретін өзгерісте.

Күрделі атаулар қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі маңызды мəселе қатарына жатады, өйткені «күрделі сөз – сөз атаулының ең жоғары, дамыған түрі» [4,7]. Күрделі сөз болып құралудың жолы ұзақ. Күрделі атаулар туралы алғашқы мəліметті жазба деректерден аламыз, сондықтан күрделі сөздер тарихи даму нəтижесінде пайда болған тіл бірліктері деуге болады. Осы даму нəтжесінде олардың сөзжасамдық моделі (қалыбы, үлгісі) қалыптасты.

Қазақ тілінде, жалпы, түркі тілдерінде күрделі сөз мəселесі сөз тіркесі, күрделі грамматикалық құрылым, олардың ішкі байланысына қатысты көп жағдайда морфология, синтаксис төңірегінде сөз болып келеді. Осы мəселе туралы көзқарас, пікірлердің бастауында И.Гиганов, А.Казембек, В.В.Радлов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, А.А.Юлдашев, Б.Орузбаева, Ф.А.Ганиев т.б. түркітанушы ғалымдармен қатар Ə,Қайдар, А.Ысқақов, К.Аханов, Н.Оралбаева, С.Исаев, Ə.Аблаков, Е.Ағманов, Б.Қасым тəрізді қазақ ғалымдарының да бары белгілі.

Күрделі сөз, оның табиғаты, түрі, қалыптасу, жасалу жолы туралы қазақ тіліндегі, түркологиядағы тұжырымдарды түйіндей келе, Б.Қасым: «Күрделі сөз – күрделі лексикалық бірлік ретінде кем дегенде екі сөзден жасалатын туынды сөздер, құрамы тұрақты, жаңа мағынаға ие болған, семантикалық бірлікте жұмсалатын дербес ұғымды білдіретін лексемалар» [4, 24], деп тұжырымдайды. Бұдан байқалатыны – қазақ тілінде күрделі сөз (аталым) мəселесі жаңа бағытқа қарай бе бұрып бара жатқаны.

Күрделі сөз өзара байланысқа түскен сөздердің ішкі дамуы негізінде атау қажеттілігіне байланысты пайда болады. Өзара байланысқа түскен сөздер мағыналық жағынан тұтасып бір ұғымды, нысанды таңбалау деңгейіне жетеді. Олай болса, осы дəрежеге жету жолында өзара байланысқан сөздер алуан түрлі факторлардың əсеріне ұшырайды. Осы əсерлер олардың бір ұғым атауы ретінде қолданылуына жеткізеді. Күрделі сөздердің бастауы – еркін тіркестер. Жаңадан пайда болған атау құрылымдық (Ақсу, Көктөбе, Қаратұрық, Көкшетау, Оқжетпесжағынан ғана күрделеніп қоймайды, олардың құрамындағы сыңарлардың семантикасынан құралатын туынды мағына да күрделене түседі. Осы күрделену арқылы жаңа ұғым атауына айналады да, мағыналық тұтастық, құрылымдық тұтастық, синтаксистік тұтастық аталатын күрделі сөзге тəн белгі, қасиеттерге ие болады. Аталған белгі, қасиеттерге ие болу жолы лексикалану жəне делексикалану үдірістері арқылы жүзеге асады да, синхронды жəне диахронды тұрғыда зерттеудің өзегі болып табылады. Өйткені лексикаланған немесе делексикаланған сөздердің құрамындағы компоненттерді синхрондық жағынан қарастырып түсіну əр кез мүмкін бола бермейді.

Лексикалану – тілдердің қайсысында болса да, баяу жүретін құбылыс. Ол көбіне белгілі қоғамдық-тарихи оқиғаларға байланысты туындайды, сондықтан тіл бірліктерінің бір бүтін атауға айналуының жеке тілдік, ұлттық сипаты болады. Тіл бірліктерінің көпшілігінің бойындағы лексикалану үрдісінің ізін, бары сын байқау, реконструкциялау қиын. Осындай ұлттық сипатқа ие болу жағдайы туралы С.Исаевтің Қарпатай қоғыры атауының қалыптасуына байланысты тұжырымдарына көңіл аударған жөн. Бұл ойларын С.Исаев Ы.Мамановтың Байжан көл атауының даму тарихына орай айтқандарын негіз етеді. Яғни Ы.Мамановтың айтуынша, Байжан бай осы көлді жайлайды екен. Оны меншігіне айналдырып, жағасына жан қондырмайды. Содан көл Байжанның көлі аталған. Айтыла келе Байжанның көлі, содан кейін меншіктілік қатынас, мағына ұмытылып, тек атауыштық, номинативтік мағынаға ауысып, қазір тек Байжанкөл болып аталады екен. С.Исаев осындай деректі Қарпатай қоғыр атауынан да іздейді. Атау Қарпатай атты кісіге қатысты туған. Ол ауылдың маңындағы қоғырдан бірнеше жыл қатарынан шөп шабады, сол арқылы аты жоқ қоғырды (жер) жұрт Қарпатайға меншіктеп, Қарпатайдың қоғыры деп атап кетеді. Жүре келе Қарпатай қоғыры аталады да, меншіктік мағына жойылып, тіркес атауыштық мəнге ауысып, Қарпатай қоғыр түріне келеді [5, 170-171]. С.Исаев бұны изафеттік дамуымен байланыстыра қарайды.

Сөйтіп лексикалану үрдісі баяу жүретін, көбіне белгілі қоғамдық тарихи оқиғаларға, күнделікті қарым-қатынастағы ұғымдарды қолайлы қолдану мақсатына байланысты туындайды, сондықтан тіл бірліктерінің бір ұғым атауына бірбүтін атауға айналуының жеке тілдік, ұлттық сипаты болады. Мұндай ұлттық когнитивтік базаның өзегі болып саналатын

жер-су атауларының біразы прецеденттік атаулар жүйесін құрайды. Бұларда ұлттық-мəдени қауым өкілдеріне жақсы таныс ықшамдалған, феномендік сипаттағы білімдер жиынтығы болады.

Қазақ халқының басынан өткен сан қырлы тарихы прецеденттік атаулардың да сан алуанын қалыптастырған. Мысалы: Қазығұрт, Жетісу, Сарыарқа, Оқжетпес, Бурабай, Көктөбе, Отырар, Түркістан, Баянауыл, Жасыбай т.б.

Прецеденттік атаулар қатарына прецеденттік топонимдер де жатады жəне олардың басым бөлігін антропонимдер, поэтопонимдер, аронимдер құрайды [6,50] – деп, Қ.Рысбергенова оларды төрт топқа бөліп қарастырады. Сонымен қатар бұл мəселе Т.Жанұзақов, Г.Мадиева т.б. еңбектерінде лингвокогнитивтік, лингвомəдени табиғаты жағынан сөз болып жүр. Прецеденттік атау белгілі халық тарихында үлкен орын алатын, өнеге үлгі болатын оқиға негізінде жасалады да, халық жадында ұзақ, шексіз сақталады. Олардың бойындағы танымдық, ұлттық мəдени ақпарат өзекті болғандықтан, қолданыста қайталанып, жаңғырып отырады. Мысалы, ... Баянауыл жері – Павлодар облысының тең жартысы. Найзатастың сол жағында шілікті өзек бар-ды. Нұрқат атына мініп қуғанша Керегетастың арасына сіңді де кетті. Не Ақбеттаудан, не Сабандыкөлден бір леп, не ызың сезілмейді: Сабандыкөл түбіндегі Найзатас пен Жасыбай көлінің маңындағы Керегетасты орнатып көрші. (З.Шашкин) Бұл атаулардың əрқайсысының пайда болу жолы, себебі бар, ол белгілі жағдаят, оқиға болуы да, соның негізінде айтылым-мəтін құралуы да мүмкін. Сонда атау номинация нəтиже болып табылады. Атау арқылы жағдаяттан туған мəтін жаңғырады, өйткені халықтың когнетивтік санасында сол ақпарат-бейне сақталады. Қазіргі күні кей атаулардың формасы өзгеруі де мүмкін. Ол күрделенудің өту үрдісіне байланысты болады. Мысалы: Біздер Екібастұз қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 90 шақырымдай Жаңажол елді мекеніне қарасты əйгілі ақын, жиһанкез-саяхатшы, фольклор жинақтаушы, дала данасы, көріпкел, болжампаз, шежіреші, ғұлама Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің Ескелдідегі бұлағына таяқ тастам жердегі қонысына атризашылық, тəубашылық эмоциясы ие болған. Халық оны ес тұтқан, ие санаған, тірек, сүйеніш еткен. Ассоциация өзегі – осы. «Ескелді» атауы басқа жерлерде де, далаларда кездеседі, олардың да осындай ұлттық танымға негізделген уəжі болуы сөзсіз. Ескелді атауының формалық өзгерісін күрделену үрдісінің өтуімен байланыстыруға болады.

Прецеденттік атаулар феномендік сипаттағы ментальдік құрылымдар – ментафактілер арқылы көрініс табады [6,44].

Қазақ жер-су атауларына зер сала қарағанда, оларды жасауға белсене қатысатын, атауыштық қызмет уəжін нақтылай түсетін компоненттер қатарына: тау, тас, көл, қыр, сай, төбе, адыр, бұлақ, арқа т.б. жататынын көруге болады. Жерсуды атаудың өзіндік ерекшелігі бар. А.Арысбаевтың пайымдауынша, орфографиялық нысаналарды атаудың ерекшелігі, алдымен, жер бедерінің ең ұсақ нысаналарына дейін атауға ие болуында, екіншіден, əр орфографиялық нысанның түрі немесе тегі əр қырынан сипатталуында [7,16]. Əр түрлі қырларына түр-түс, тұрпат, мөлшер, пайдалы, ерекше қасиеттері т.б. жатқызылады. Осы қатарға əр алуан оқиға, жағдаяттарды да қосуға болады (Оқжетпес, Қалмаққырған, Əушекөл т.б). Сол себепті тіл білімінде прецеденттік атаулар қатарына прецеденттік есім, прецеденттік жағдаят, прецеденттік мəтін, прецеденттік айтылым енеді [8,17].

Жер-су атауларының бəрі бірдей прецеденттік феномин деңгейіне жете бермейді. Прецеденттік дəрежесіне жету сол таңба бойындағы ақпарат мазмұнының мəнділігіне байланысты. Прецеденттік атаудың мазмұнына сыйғызылған ақпараттан оның ұлттық мəдени мəнінен туады. Олай болса жер-су атаулары қатарындағы прецеденттік феномендердің жасалуында мазмұн басты орын алады деуге болады.

«Жер-судың аты – тарихтың хаты» демекші, бойына тарихтың қатпар-қатпар қойнауынан сыр сақтап жатқан көнекөз атаулар қазақ жерінде көптеп саналады. Солардың ішінде күрделену арқылы жасалғандарының жөні басқашалау. Бұлардың прецеденттік феномендер қатарын құрайтындары күрделі атаулардың ерекшелігінің бір қыры болып табылады.

басын тіредік («ҚƏ, №636 /2874, 10.04.2009).

Бұл мəтінде бірнеше жер-су атауы бар. Солардың ішінде Ескелді топонимиялық атауы ғалым С.Негимовтің түсіндіруінше, халықтың «иесі келді» деген қуанышты хабарынана туған. Бұл Мəшһүр Жүсіптің əулие танылған, атағы дүрілдеп тұрған кезі, сондықтан елінің

 

 

  1. Салқынбай А. Тіл. Таным. Білім. – Алматы: Эверо, 2008. – 140б.
  2. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уəждеме. – Алматы, 2003. – 167б.
  3. Уəлиев Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: Филол. ғыл. докт. дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация.Алматы, 2007. – 329б.
  4. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уəждеме жəне аталым. – Алматы, 2001. – 183 б.
  5. Исаев С. Қазақ əдеби тілінің Совет дəуірінде дамуы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 195б.
  6. Рысберген Қ.Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнетивтік жəне этномəдени негіздері. Филол. ғыл. докт. дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2010. – 255б.
  7. Арысбаев А. Қазақ топонимдерінің кумулятивтік қызметі. Филол. ғыл. канд. дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2005. – 111б.
  8. Керимбаев А.Е. Названия сакральных географических объектов // Тілтаным, 2003. №4. стр. 89-91.
  9. Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномəдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2003.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.