Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Прагматика» ұғымының мағынасы мен қолданылу аясы

Зерттеу бағыты ретінде прагматика шамамен 1960-1970 жылдарда тілдің толық моделі семантикалық жағынан ғана емес, оның қызметі прагматикалық жағынан да қарастырылуы қажет екендігі белгілі болып, тілдің толық моделін жасауды енгізуден пайда болған. Осыдан тілдің семантикалық жəне прагматикалық жақтарын бір теория аумағында бірге қарастыру шарты анықталды. Осыған орай тілге анализ жасауда жаңа қырынан қарастыру ерекшелігін В.В.Петров: «резкий поворот к изучению реальных условий функционирования языка, его прогматических аспектов»,-деп анықтайды [1; 4]. «Прагматика» сөзінің лингвистикаға келуін Т.В.Булыгина 1970 жылдарға шамалап, лингвистикалық прагматиканың қарқынды дамуын тілдердің прагматикасы бойынша халықаралық симпозиум өткізу кезеңімен байланыстырады [2; 333].

Прагматика термині лингвистикалық қолданысқа нақты енгенімен, оның мағынасы мен қолданысы əрқилы болып отыр. «Языковая деятельность в аспекте лингвистической прагматики» еңбегінде: «Прагматика является одним из тех слов, которые создают впечатление, что их содержание определенно, хотя это не соответствует практике их употребления. На самом деле прагматика представляет собой область лингвистических исследований без каких либо четких границ. Прагматика как аспект изучения вообще пронизывает все уровни языка»,-деген пікір айтылады. Яғни, прагматика сөзінің аясы кең, оған лингвистика саласының зерттелімдерінде шек жоқ. Прагматика зерттелім аспектісі ретінде барлық тілдік деңгейде қарастырылатындығын айта отырып, прагматиканың қазіргі жағдайын: «представляет собой междисциплинарную проблемную область, в которой «задействованы» практически все лингвистические, многие лингвофилософские, социологические, психологические, этнографические и некоторые кибернетические (связанные с созданием искусственного интелекта) направления. Интерес к прагматике во многом определяется тем, что в ее рамках обеспечивается возможность проведения содержательного диалога между представителями различных областей знаний» [3; 13],деп түсіндіреді. Қазіргі жағдайда прагматика пəнаралық мəселе аймағын да қарастырады, соның ішіне барлық лингвистикалық, лингвофилософиялық, социологиялық, психологиялық, этнографиялық бағыттар да кіреді. Прагматиканың қызықтыратын жағы, көбіне оның аясында түрлі білім саласының өкілдері арасында мағыналы диалогтың жүру мүмкіндігі туады.

Прагматикада əртүрлі бағыттың: контекстік семантиканың, сөйлеу акттің теориясы, мəтін лингвистикасы, референция теориясы жəне тағы басқалардың қарастыратын мүддесі бірігеді. Тіпті оның шекарасының кеңеюі сондай, ол стилистика, социолингвистика сияқты т.б. өзіндік тарихы бар салаларға да кіреді.

Стилистикалық зерттеудің прагматикалық аспектісі эмпатияны танып білумен де байланысты. «Эмпатия» термині лингвистикаға психология ғылымынан алынған. Эмпатия дегеніміз өзге адамдардың танымдық ортасына ене білу жəне түсіну, көңіл-күйін сезе білу, қабілеті [4]. Эмпатия (лат. Empatheia əсерлену) өзге адамдардың жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі жəне оған жанашырлық білдіру. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мəн-мағынасы бар ерекше сезім. Эмпатияның айқын көрінісі – сəйкестендіру, адамдар біреулер қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр психологиялық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Эмпатияны алғаш америкалық психолог Э.Титченер (1867-1927) ашып көрсетті. Ол философиядағы ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тəсілдерімен түсіндірілетін танымдық (когнитивтік) жəне адамның жанкүйзелісіне душар болу, себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатынын көрсетті [5; 248].

Прагматика коммуникативтік қызметке əсер ететін тілдің қолданылуын зерттейтін бағыттарда қарастырылады.

Семиотиканың негізін қалаушы Ч.Моррис прагматиканы тілдік таңба мен оны қолданушысының арасындағы қарым-қатынасты зерттейді деп анықтайды [6; 3]. Ч.Мористің көзқарасын лингвистикалық тұрғыдан əрі қарай тілші ғалымдар жан-жақты дамытады.

И.П.Сусов прагматиканы семиотика пəні немесе семиотика саласының бірі ретінде адам қызметінде белгілерді зерттеуде делдалдық ролін сипаттайтынын айтады. Осы сияқты пікірлерді семиотикаға қатысты еңбектерден жəне лингвистикалық анықтағыштардан да кездестіруге болады. Прагматика ұғымын Л.А.Новиковтың: «изучение отношения говорящих (пишущих) к знакам, к их использованию, и иследование воздействия знаков на людей» [7; 54], немесе О.С.Ахманованың: «один из планов или аспектов исследования языка, выделяющий и исследующий единицы в их отношении к тому лицу и лицам, которые пользуются языком» [8; 344],деген анықтамаларын салыстыруға болады. Яғни Л.А.Новиков пен О.С.Ахманова прагматика ұғымын тіл таңбаларын қолданушыға қатынасын жəне сол таңбаның адамға əсерін зерттейтін аспектіге жатқызады.

Прагматика сөзі тілдік таңбаларға адамның қатысын зерттеуші пəн ретіндегі көзқарас жанжақты тараған. Прагматика туралы кеңірек түсінік Р.Столнейкердің, ДЖ.Лич, Дж.Юла тағы да басқа зерттеушілердің еңбектерінен көруімізге болады:

«Прагматика – это наука, изучающая язык в его отношении к тем, кто его использует.» (Stalnaker 1972);

«Прагматика – это изучение отношений между лингвистическими формами (сущностями) и пользователями этих форм» (Yule 1996:4);

Прагматика есть «изучение значения в отношении к речевым ситуациям» (Leech 1983:6);

Прагматика определяется также как «наука о языке в контексте, или иначе, наука о контекстуальности языка как явления» (Parret 1974,1980) [9;20].

Осы берілген анықтамалардан прагматиканың тілді қолданушыға қатысын зерттейтін, лингвистикалық формалар арасындағы қатынасты жəне осы формаларды қоданушыларға қатынасын, мағынаның сөйлеу ситуациясына қатынасын зерттейтін, сондай-ақ, контекстегі тілді зерттейтін ғылымның бір саласы екенін білеміз.

И.П.Сусовтың берген анықтамасында прагматиканың қызметі жағынан түсінік беріледі. Ол: «Прагмалингвистика может быть определена как частная область языкознания, исследующая использование людьми естественного человеческого языка в качестве орудия социального действия и взаимодействия в условиях конкретных ситуаций общения на основе специальной системы правил, постулатов и стратегий. Это своего рода грамматика речевого поведения человека в обществе»,деген. Яғни, ғалым прагматиканы тіл білімінің бір саласы ретінде адамның тілді əлеуметтік қатынаста жəне нақты бір жағдайларда қолданылу шартын зерттейтін, адамның сөйлеу əрекетінің грамматикасы деп тұжырымдайды. Жоғарыда айтылғандармен қоса И.П.Сусов прагмалингвистикаға сөйлеу немесе сөйлеу əрекетіне қатысты психологиялық жəне тілдік қатынастың əлеуметтік шарттына, ал негізгісі белгілі бір мақсатта, уəжі бар арнайы тілдік құралдарды адамның қарым-қатынас жасауында қолдануды қарастыратын саланы жатқызады [10; 5].

Прагматиканың негізгі мəні тілдік факторларды адам қызметіндегі аспектіде зерттеу. Э.С.Азнаурова прагматика ұғымының кеңдігі осы лингвистикалық бағытта қарастырылатын тақырып пен мəселенің шашыраңқы болуына əкелді дейді [11; 10].

Қазіргі қазақ тіл білімінде де прагмалингвистика саласы да үлкен қарқынмен даму үстінде. Мəселен, З.Ш.Ерназарованың «Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі» атты жан-жақты жазылған монографиясын қазақ тіл білімінің прагматика саласына қосылған үлкен үлес деуге болады [12]. Сондай-ақ, М.К.Мурзагалиева, Ф.З.Жақсыбаева, Н.Е.Савчиц, Д.Б.Бекзат, С.С.Искакова, Е.Б.Тяжина жəне т.б. қазақстандық лингвистикадағы бірқатар зерттеуші мамандар өз ғылыми еңбектерін прагматика мəселесінің əртүрлі қырларынан қарастыруға арнаған.

С.С.Искакова «Қазақ терминдерінің прагматикалық қызметі» атты диссертациялық еңбегінде прагматика – сөйлеушінің тілдік таңбаға қатынасын зерттейтін семиотиканың бір бөлімі дей келіп, прагматиканың əдіснамалық аппараты аталған зерттеудің негізгі ұстанымдарын түзету үшін пайдаланады дейді. Былайша айтқанда, терминологиялық лексика көркем əдебиеттің функционалдық стилінің мəтініне енгенде терминологиялық сипатын жоғалтып, мəнмəтінде мағыналық реңкке ие болып қана қоймай, бүтіндей алғанда ойды білдірудің коммуникативтік мақсатына жету үшін де өз үлесін қосады, деп түсіндіреді [13; 192].

З.К.Темиргазина лингвистикалық прагматика – коммуниканттардың қатысым актісінде тілді қолдану шарттарын зерттейтін ғылым екенін айтады [14; 54].

З.Ерназарова прагмалингвистиканы тілдің негізгі құралы қызметін сөйлеуші жəне тілдік таңба арасындағы байланысты басшылыққа ала отырып зерттейтін тіл білімінің саласы деп тұжырымдайды [12; 34].

Тілші ғалымдардың көзқарастарында прагматиканың (прагмалингвистика, лингвистикалық прагматика, прагматикалық лингвистика) лингвистикалық мəні əр түрлі сипатталуын А.А.Мацлер бұл пікірлердің бəрі де тілді «өз ішінде өзі үшін» емес, қарым-қатынас құралы ретінде қарастырылатындығын, жəне тілдік қатынастың прагматикасын тілдік таңбалардың қарым-қатынасынан емес, қатысымға қатысушы адамдардың қарым-қатынас аясынан іздеу керектігін түсіндіреді [15].

Қарым-қатынас пен сөйлеу əрекеті – прагматиканың бір-бірінен ажырамас бөлігі. Прагматикалық сөйлеу əрекетінің негізінде адамдардың бір-біріне тіл арқылы ықпал ету, əрекетке итеру ұғымдары жатады. Бұл ұғымдар қарым-қатынасқа қатысушы коммуниканттардың мақсатынан туындайды. Демек, сөйлеу əрекетін тудыратын – сөйлеушінің мақсаты. Жалпы қайсыбір сөйлесімнің прагматикасы болмасын, нақты жағдайдағы адамдардың қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын анықтауды мақсат тұтады [16; 57].

Прагматиканың мағынасына көзқарастың көптігі басқа себептермен қатар, жалпы коммуникативтік жағдайларда тілдік емес компоненттердің арасындағы қатынас пен олардың əр түрлі бағалануы да жатады. Прагматиканың кейбір анықтамаларында белгілі бір аспектілердің бөлінуі мен нықтылануына көңіл бөлінеді, айталық олардың жетістігінің шарты мен мақсатына көңіл бөлінуі мүмкін. Мысалы, Г.В.Колшанский «Прагматика языка» еңбегінде: «коммуникативный аспект языка, ориентированный на исследование конечного итога – эффекта языковой коммуникации может быть назван прагматикой языка как его интегральная характеристика в плане взаимного воздействия коммуникантов в процессе общения» [17; 4],деген. Бұл анықтамада акцент коммуникацияның соңғы қортындысына, яғни прагматиканың əсер етуші қызметіне жасалады. Кейбір зерттеушілер негізгі рольді адресант факторына, кейбірі адресат факторына үшіншілері – экстролингвистикалық контекске, төртіншілері прагматиканың негізін сөйлемелік мақсатын зерттеуде жəне тілдік құбылысты адресантгың мақсатты құрылған, мақсатты бағытталған қызметімен байланыстыра зерттеуде қарастырады. С.С.Искакова лингвистикалық прагматика «таңба мен пайдаланушының» барлық қырын зерттеумен айналысатындықтан, оның зерт теу пəніне сөйлеу субъектісімен (сөйлеуші, адресант), адресатпен (реципиент, қабылдаушы) байланысты, қарым-қатынас ситуацияларындағы, коммуникацияларындағы өзара байланыс-

зерттеудің мəні зор. Айтылғандарды қорыта келгенде тілде, лексикада адамға қатысты факторларды айқындау үшін, міндетті түрде əлеуметтік, мəдени, этникалық, психологиялық, жəне қолданушының басқа да сипатын, культрологиялық деректерді келтіру, семантика, прагматика, прагмасемантиканы түсінуге қажеттілерді ескереді.

тары тəрізді көптеген мəселелер жататындығын айтады [13; 192].

Əртүрлі деңгейдегі бірліктердің қызметін прагматикалық аспектіде зерттеу, қарастырып отырған бірліктердің коммуникативтік қасиетінің мəнінде прагмагматика туралы айтуға мүмкіндік береді. «Сөздің прагматикасы», «сөйлемнің прагматикасы» жəне т.б. айтқанда, біріншіден, белгілі бір прагматикалық жағдайда тілдің қолданылу ерекшелігі мен оның қызметінің шарттары, екіншіден, контекске əртүрлі прагматикалық тұрғыда ықпал етумен мағыналарды шығару ескеріледі. Бірінші жағдайда «сыртқы прагматика» туралы айтуға болады, ал екінші жағдайда – «ішкі прагматика» туралы айтуға болады..

Егер семантика объектіні танып, суреттесе, прагматика сол объектіні адам əрекетінде субъект ретінде қарастырады. Яғни прагматика тілдік бірлікті қандай мақсатта қолданғандығын, не айтпақ болғандығын қарастырады. Сөйтіп семантика мен прагматиканың ерекшеліктері көрінеді.

Бірліктерді таңдау жəне оны қолдану, қолданушылардың оған қатынасы, сөйлесу жағдайына жəне коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынасына байланысты. Сондақтан, да Г.В.Колшансий: «прагматику речевого общения скорее всего искать не в сфере взаймоотношений языковых знаков, а в сфере взаимоотношений людей, участвующих в коммуникации», деп сөйлеу қатынасындағы прагматиканы тілдік бірліктердің қарым-қатынасынан емес, адамдардың қарым-қатынасынан, коммуникацияға қатысушылардан іздестірген жөн екенін түсіндіреді.

Тілдік бірліктерді адам ойын жеткізуде қолдануы, өзін, тұлғалық сипатын, пікірлесушіге қатынасын көрсету үшін қандай тілдік жүйені қолданатындығы туралы сұрақтарды зерттеу, яғни, прагматикаға қатысты сұрақтарды

 

  1. Петров В.В. От философии языка к философии сознания. (Новые тенденции и их истоки) // Философия, логика, язык. –М.: Прогресс, 1987 –С.3-17
  2. Булыгин Т.В. О границах и содержании прагматики // Изв. АНСССР. Сер. Лит.и яз. -198. –Т.40. -№4. –C. 333-342.
  3. Языковая деятельность в аспекте лингвистической прагматики.М.:ИНИОН, 1984. -222c.
  4. Николаева. Т.М. Эмпатия//БСЭ, Языкознание -гл. Ред. В.Н.Ярцева. -2.-е изд. М.: Большая Российская энциклопедия, 1998. -685c.
  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика жəне психология. –Алматы: Мектеп, 2002. – 256б
  6. Арутюнова Н.Д., Падучева Е.В. Истоки, проблемы и категория прагматики // Новые в зарубежной лингвистике. Вып. 16 –М., 1985. стр. 3-42.
  7. Новиков Л.А. Семантика русского языка. -М., 1982. -272с.
  8. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. –М.: Советская энциклопедия, 1966. -608с.
  9. Горшунов Ю.В. Прагматика аббревиатуры. Дис. Док. Р. Филол. Наук. МГУ. Москава, 2000. -303c.
  10. Сусов И.П. Коммуникативно-прагматическая лингвистика и ее единицы. // Прагматика и семантика синтаксических единиц. –Калинин, 1984. –С. 3-12.
  11. Азнаурова Э.С. Прагматика художественного слова. – Ташкент: Фан,1988. -183с
  12. З.Ш.Ерназарова Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. Алматы, 2001. -193 б.].
  13. С.С.Искакова. Қазақ терминтанымының когнитивтік-прагматикалық аспектісі: филол. Ғыл. Док. –Алматы, 2008. -354б
  14. Темиргазина З.К. Оценочные высказывания в русском языке. –Павлодар, 1992. -270c
  15. А.А.Мацлер. Прагматика коммуникативных единиц. –Кишинев, 1990 -103б
  16. Е.Б.Тяжина. Прагматический аспект междометий. ( на материале казахского и французского языков): дис. ... канд. Филол. Наук. –Алматы, 2006. -150c
  17. Колшанский Г.В. Прагматика языка // Сб. Науч. Тр. МГПИИЯ. –М., 1980. –Вып. 151. –С. 3-8
  18. Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и структура языка. –М.: Наука, 1984. -139с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.