Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Драмалық сөйлеу тілі

Қазіргі лингвистика үшін, еш қоспасыз, революциялық болып танылатын, өйткені орталығында адамның өзі тұратын, тілді əрекет тұрғысынан қарастыратын, тілді жəне тілдік процестерді зерттеудің бағытын түбегейлі өзгерткен антропоөзектік деп аталатын адамға қарай бұрылу тəн болып отыр. Өмірге деген мұндай көзқарасты түсіндіру қуатын күшейтетін жəне қолдану саласын кеңейтетуге мүмкіндік жасайтын аралық ғылымдар – психология, əлеуметтану, логика, семиотика жəне т.б. мен лингвистика зерттеулерінің əдістері мен тəсілдерін оңтайлы біріктірген біршама жаңа бағыттар əкелді. Осыдан барып əлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, коммуникативтік лингвистика, прагматика жəне т.б. сияқты бағыттардың қажеттілігі келіп туындады. Тілді əрекет жəне оның нəтижелері ретінде зерттеуге көп назар аударатын жаңа лингвистикалық парадигмада мəтін коммуникацияның жоғары бірлігі танылды. Жəне мұндағы зерттеушілік мүдде мəтінтүзуші дəстүрлі механизмдерден мағынатүзуші (мəтінді түсіну) механизмдеріне қарай ауысқаны байқалады[1,130].

Сөздіктер мен анықтамалықтарда берілген қатал нормалық белгі этнос пен мемлекеттің біте қайнасуына мүмкіндік жасайтын, яғни тілге орталық жүйеленген күштерді жатқызатын негізгі тілдік белгіні көрсетеді. Соның арқасында тілдің ұрпақпен сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Сөйлеу тілі, ережеге сай, əдеби тіл нормасының деңгейінде болады, бірақ та сөйлеу тілінің жекелік сипатына,оның дамуы мен өсу қарқындығына байланысты импровизациялау, нормативтік емес лексиканы қолдану жəне тағы басқа тілдік норманың бұзылуының арқасында, нақты бір қатынас жағдайларында кері кетіп те жатады. Бұл тілдегі əдеби, кодталған түрлерімен қатар жаргон, арго, профессионализм, диалектілік жəне жекелік ерекшеліктердің болуына əкеліп соғады жəне сөйлеу тіліне тəн орталық тенденциялар туралы дəлел болады [2,12]. Кейіпкерлердің сөйлеу тіліндегі осы түрлер – диалектизм, жаргонизм сандары, сөйлесім, грамматикалық жəне басқа да ерекше айқын байқалатын əдеби тіл нормаларынан ауытқулардың функционалдық мəні зор жəне де оларды қолданушылардың əлеуметтік статусын, білімі мен мəдениеті тұрғысынан сипаттап береді.

Сөйлеудің тілді қолдану заңдары бойынша, тіл негізінде құрылатыны өте маңызды, сонымен қатар тіл сөйлеу арқылы баииды, сөйлеуде жаңа сөздер, бұрыннан бар, белгілі сөздердің жаңа мəндері, жаңа сөз қолданыстары жасалынады. Тілдегі барлық жаңа мəндер алдымен сөйлеуде қалыптасады, окказионализм түрінде қалуы мүмкін (немесе тіл құралына айналады).Осы жағдай көркем сөйлеудің творчестволық сипатымен бірге əртүрлі неологизмдер, окказионалдық сөз қолданыстары жиі туындайтын ерекшеліктерін де білдіреді. Осы мəселе тұрғысынан драмалық шығарманың сөйлеу тілін зерттеу өзекті болып отыр. Ең ақырына келсек, сөйлеу материалдық əрекет, ол сезім органдарымен – есту қабілеті, көру қабілеті жəне соқырларға арналған мəтінге қатысты сезіну қабілетімен де қабылданады. Тіл ақылмен жетіледі, бұл – категориялар мен қатынастар сөйлеуден алынады, оны басқарады, бірақ сезім органдарына тікелей əсер етпейді.

Драмадағы сөйлеу тілі тағы да бірқатар арнайы ерекшеліктерге ие. Қарапайым сөйлеу тілінің құймасы бола отырып, драмадағы сөйлеу тілі мезірет, ишара, тұрыс, жүріс тұрысымен жəне вербалды сөйлеуді сүйемелдейтін басқа да вербалсыз құралдармен берілетін коммуниканттардың көңіл-күй бейнесін, жан дүниесін, психикалық жағдайын береді. Қарапайым сөйлеу коммуникациясының шартында көрсетілгендей, визуалды, тікелей сөйлесу телефон, электрондық почта жəне т.б. арқылы сөйлесуге қарағанда үлкен коммуникативтік табыс (зерттеушілердің бақылаулары бойынша 30 дан 50%-ға дейін) əкеледі, сол сияқты кейіпкерлердің вербалды қатынасын сөйлеушілердің сөйлеу процесінің эмоциялық құраушылары – тұрыс, мезірет, ишара арқылы (дескриптивті, суреттеу арқылы) қабылдануын қамтамасыз ету драмалық сөйлеу шығармасында маңызды болып табылады. Сол үшін де бірінші кезекте, сөйлеу кезеңіне қатыспайтын 3-ші адам сипаттамасын немесе əңгімелесуші адамның сипаттамасын, өзін-өзі сипаттауы үшін қызмет ететін ремаркалар, сол сияқты репликалар қолданылады. Бейвербалды қатынас құралдары вербалды құралдармен бірге сөйлесімнің жасырын мағынасын жасаушы, əзіл, емеурін білдіру сияқты белгілердің қолдныстарына мүмкіндік жасайды.

Сонымен, драмалық сөйлеу шығармасындағы тіл мен сөйлеу түсініктеріне дифференциациялау жүргізе отырып, олардың бірлігі мен бірбірімен ажырмайтын қабілетін танып білеміз. Тіл жүйені көрсетсе, онда сөйлеу – осы жүйенің қызмет етуі, жүзеге асуы болып есептеледі деген қорытынды жасау дұрыс деп ойлаймыз. Драма тілін жанр ерекшелігіне байланысты, өз кезегінде, кейіпкерлердің сөйлеу тіліне құрылатын, сөйлеу шығармасы ретінде зерттеу міндетін қоя отырып, қарастыратын обьекті ретінде сөйлеу ді алып, сөйлеуге ғана тəн маңызды сөйлеу қабілеттерін көрсетеміз. Оларға мыналар жатады:

  1. Сөйлеу шығармасы (мəтін) автор мен оқырман арасындағы көркем коммуникацияны көрсететіндіктен, драмалық сөйлеу шығармасына қатысты оны жасайтын сөйлеуді жіберуші – драматургтің анықтаушылық мəні болады. Онсыз сөйлеу шығармасы болып саналатын драма мəтіні мүмкін болмайды. Бұл сөйлеудің қасиеті дербестелгендік (эгоцентрикалық) деп аталады [3,13].
  2. Сөйлеу, ережеге сай, тыңдаушыға арналған сөйлеушінің нені ойлайтынын, нені сезінетінін беру мақсатында жасалады. «Сөйлеудің екінші маңызды ерекшелігі сол, оның тікелей сөйлеу актісімен байланыстылығы, яғни –сөйлеудің адрестілігі» – деп жазады Г.Я.Солганик [3, 14].
  3. Сөйлеудің жалпы психотүрмен, темпераментімен, сол сияқты сөйлеушінің эмоциялық жағдайымен, оның сөйлеу пəні мен адресатына қатынастарымен өтетін жағдаятпен тығыз байланысы экспрессивтілік деп аталатын сапасын жасайды. Оның тілдік құралдары эмоциялық айшықталған жəне образдық лексика, эмфатикалық жəне одағайлық сипат лексикасы, күшейтілген грамматикалық конструкциялар, лепті сөйлемдер жəне қайталамалар болып табылады. Аталған сөйлеудің сапасы сөйлеу актісінің табиғатымен түсіндіріледі жəне сөйлеу субьектісі/жасаушымен де оның адресатымен де байланысты болып келеді, өйткені «менсіз сөйлеу мүмкін болмайды, сенсіз сөйлеудің мазмұны кетеді», – деп айтқан болатын ғалым А.Р.Бейсенбаев[4,16]. Егер сөйлеудің аталмыш сапалары көркем драматургиялық коммуникацияның екі – 1) жіберуші/автор жəне оқырман/ адресат арасындағы 2) пьеса кейіпкерлері арасындағы деңгейін сипаттаса, байланыстылық пен кесіп айту, біздің ойымызша, коммуникацияның екінші деңгейіне тəн болады жəне кейіпкерледің сөйлеу сипаттамасында маңызы зор. Сөйлеудің байланыстық белгілері көркем шығармадағы кейіпкерлер сөйлеу тілінің маскулиндік немесе феминдік белгілері болатыны жайында дəлелдеген арнайы зерттеулердің нəтижелері осы тұжырымдамаға негіз болды (Нерознак, Антинескул).

Байланыстылық «коммуникацияның үздіксіз ағынына, сөйлеу қатынасын іштей ұйымдастыруға икемдейтін сөйлеу актісінің құрылымдық компоненті» ретінде анықталады. Мұндағы «сөйлеу контактісін механикалық қосылған байланыспен немесе коммуниканттардың шығуымен теңестіруге болмайды. Сөйлеу контактісін орнату сөйлеушінің интенциясына кіреді» [5, 19]. Кесіп айтпау «абайлау, қандай да бір қашықтықта ұстаудың қатаң сипаттамаларын жұмсартудан... шығады. Басқа жағынан алсақ, субьектінің турашылдық, айтқан сөзінде тұрудан қашуға тырысуы кесіп айтудың себебі бола алады» [6,64]. Кесіп айтпау түсінігі сұрақтар жəне т.б. жұмсарту сипатындағы лексиканың көмегі арқылы бүркемеленеді. Ол авторлық сөйлеу тілін шынайы дискурс ретінде жəне кейіпкерлердің сөйлеу тілін фикционалды дискурс ретінде қарастырады. О.Л. Антинескулдің ойынша, «бұл асимметрияның ерекшелігі автордың гендерлік тілдік тұлғасымен белгіленеді: əйел-авторлардың шығармаларында көрсетілген ось бойынша ауытқу немесе тиісті прагматикалық «зарядтар» арасындағы айырмашылық ер-авторлар шығармаларына қарағанда жоғары болып келеді» [6,64].

Сонымен, қоршаған ортаның сөйлеушінің (жазушының) тұлғасы туралы, түсінігі қалыптасатын, тілдік тұлғаны сипаттайтын ерекше экспонат болатын сөйлеу обьективті жəне айқын көрсеткіштер болып табылады. Белгілі болғандай, «сөйлеу əдебі тұлғаның негізгі сипаттамасын құрайды» [7, 414]. Сөйлеудің мағыналық жағы, оның формалық құрылымы, сол сияқты «қарым-қатынас жəне хабарлау (əдептен озу, ресми, құрметтеу, немқұрайды қарау, тура, жанама жəне т.б.) .) – осының барлығы сөйлеуші индивидтің əлеуметтік жағдайын, жасын, жынысын білімін, ақыл-ойын, мəдениетін, рухани құндылығымен қоса оның мінезін, психологиялық түрін, сол сияқты сөйлеу кезіндегі сабырлы, қуанышты, алаңдаулы, үрейлі, қайғылы жəне т.б. психологиялық жағдайын əсерлі сипаттап бере алады» [7,414]. Біздің ойымызша, драма кейікерлерінің сөйлеу тілі вербалды «виртуалды шындығы» – кейіпкердің фикциональді дискурсы болғандықтан, зерттеулік мəнін жоя алмайды, өйткені драмалық сөйлеу тілінде өзінің жанрлық ерекшелігіне қарай лингвомəдени қоғамдастықта айтылған сөйлеу қатынасы, оның ережелері мен нормаларының үлгілері бар. Драмадағы сахна тілінің кейіпкерлердің болып жатқан оқиғаға өзінің қатынасын, эмоциялық жағдайын, өзінің мүддесін, сол сияқты өзін тұлға ретінде көрсететуін білдіретін диалог, монолог пен репликалар арқылы білдіретін формалары бар. Сондықтан да драмадағы сөйлеу тілі сол арқылы автордың қандай да бір образ жасайтын жəне драматургиялық шығармаға, оның əрекет етуші адамдарына талдау жасайтын, оның идеялары олардың сөйлеу тілін қарастырмаусыз мүмкін болмайтын, қол жетпейтін құрал болып табылады.

Драмалық сөйлеу шығармасының адресаты оқырман/ көрермен болып табылады. Драманы жазу кезінде оның адресаты болып көбінесе автордың өзі өкіл немесе оның қандай да бір бөлшегі (мысалы, жастар, əскери қызметкер жəне т.б.) адресат болатын лингвомəдени қоғамдастық болады. Уақыт өткен соң автордың өзі қатысты сол лингвомəдени қоғамдастықтың басқа ұрпағы адресат болады. Адресат факторы (Н.Д.Арутюнованың термині) сөйлеудің мазмұнына ғана емес, сонымен бірге формасына да əсерін тигізеді. Бірінші сапасы – сөйлеудің дербестелгендігі – сөйлеуге қайталанбастық пен жекелік береді, екінші – сөйлеудің адрестілігі – сөйлеуші мен тыңдаушы үшін ортақ ойды беруге арналған осы құралдары қолдануға ұмтылу əрекеті олардың адресатының сөйлеу тілін түсінуін қамтамасыз ету үшін қолданылатын тілдік құралдар мен формалардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, коммуникация бойынша серіктестер адресаттың да адресанттың да сөйлеу тəжірибесінде кездесетін, көптеген нұсқаларының ішінен адресат түсінетін сөйлем түрлерін таңдап алуға шақырады. Үшінші сапасы – экспрессивтілігімен – динамизм мен икемділікті қамтамасыз ететін, коммуникативтік жағдаяттағы сөйлеуді туғызу процесімен байланысты болып келеді. Мұнда сөйлеушінің тілдік құзіреті айқындалады. Сөйлеудің байланыстылық пен кесіп айту сияқты сапалары сөйлеушінің тілдік құзіретінен басқа, оның интенциясы мен дискурстың гендерлік аспектісін бейнелейді. Жоғарыда айтылғандар осы жұмысымыздағы драмалық сөйлеу тілін талдау барысында лингвистикалық, психолингвистикалық, əлеуметтік лингвистикалық, коммуникативтік, когнитивтік, прагмалингвистикалық, гендерлік тəсілдерді қолдануға негіздеді, ал ол болса қазіргі тіл білімінің мультилингвистикалық немесе интеграцияланған парадигмасын көрсетеді.

Драмалық сөйлеу шығармасының кейіпкерлер тіліне, олардың сөйлеу тіліне құрылған сипаты диалог барысындағы кейіпкер репликасының адресаты сахнада тұрған басқа кейіпкер жəне онымен бір уақытта кездесе тін – көрермен/оқырманның (оқуға арналған Lesedrama түпнұсқасындағы үш субъектілік қатынас) болуы сияқты жанрлық ерекшеліктерге негізделген. Сондықтан да сөйлеу қатынасының субьектілері бұрынғыдай екеу емес, (сөйлеуді жіберуші – қабылдаушы/сөйлеу адресаты), үшеу: сөйлеуді жіберуші – қабылдаушы/ 1-сөйлеу адресаты (басқа кейіпкер) жəне қабылдаушы/2-сөйлеу адресаты (оқырман/көрермен).

Драма көрсетілген ұстанымдар тұрғысынан əлеуметтік лингвистикалық талдаудың тамаша үлгісін береді. Мысалы, Ə.Тəжібаевтың «Гүлден дала» пьесасында кеңес дəуіріндегі ауылдың қызу тіршілігі, ондағы əлеуметтік топтар өкілдерінің конфликтілері туралы сөз болады. Ауылдың басшысы мен жаңа заман өкілі – жас маман – партия ұйымының хатшысы арасындағы келіспеушілік – ескі мен жаңашылдықтың, жас пен кəрінің таласы олардың өзара репликаларынан айқын байқалады. Мұнда тек екі кейіпкердің ғана келіспеушілігі емес, жаңашылдыққа ұмтылған жастар мен кертартпа ескі көзқарас иелерінің тартысын да байқаймыз:

Арман. Анығырақ айтуға бола ма, жауыңыз кім, Телеке?

Телғара. Көзіңе шұқып көрсетуге болады. (Саусағын шұқшитып.) Сенсің, Арман Абзалов.

Арман. Қате айтасыз, жолдас председатель! Мен партия ұйымының секретарымын!

Телғара. Ұйымнан садаға кет! Келгеніңе айдан асқан жоқ, туыспен туысты атыстырдың, ортамызға от тастадың сонда жауым емей кімімсің?

Арман. Сіздің көзіңізбен көріп, сіздің ұғымыңызбен ұғыну маған қиын. Сондықтан да сізше сөйлеу де маған оңай болмас-ты. Жалғызақ ескертерім бар: қыйсық отырсаңыз да түзу сөйлеуге тырысыңыз. Айтқан сөз – атқан оқ; ауыздан шықса қайтпайды. Артық сілтеп кем өкінсеңіз кешірілмейді. Оны да ұмытпаңыз.

Телғара (кекете мырс етеді). Я тағы нең бар? Өзің соқтығып, мені кіналауға да əзірсің-ау деймін, жолдас секретарь! (Дірілдеп.) Ендеше саған да ескертейін: менің атым Телғара, фамилиям Темірбеков! Жыйырма жылдың суығын да, жылуын да көріппін, жыйырма жылдың ащысын да, тəттісін де татыппын.

Содан бері бір өкінген емеспін. Тауың болса құлата бер төбеме? Телғара бұдан былай да өкінбейді!

Жанас. (Арманға). Менің фамилиям қалай еді осы?

Арман (күліп). Ұмытпасам Темірбеков болу керек, Жəке.

Жанас (Телғараға). Есіттің бе, ме де Темірбеков екем. Əке мен шеше екеумізге тең ортақ. «Темірбеков» атану асқан қасиет болса, маған да қалдыр сол қасиеттің біразын... Сен айтқан жиырма жылға көбіміз де ортақпыз. [Ə.Тəжібаев – Гүлден дала,419 бет.]

Бұл үзінді полилогқа қатысушылардың əлеуметтік статусы мен əлеуметтік рөлін көрсетеді: өзінің ауыл басшысы екенін, əлеуметтік статусын нақтылап тұрған – ауыл председателі, (1), оның көзқарастарымен мүлдем келіспейтін, қарсылығын ашық айтып тұрған – саяси өкіл, партия ұйымының хатшысы (2), жас хатшыны қостап тұрған, председательдің бірге туған жақыны, ағайыны болса да ойы, көзқарасы бөлек, сол ауылдың атқамінер қызметкері – Жанас(3). «Жыйырма жылдың суығын да, жылуын да көрген, жыйырма жылдың ащысын да, тəттісін де татқан» ауылдың председателі мен «Сіздің көзіңізбен көріп, сіздің ұғымыңызбен ұғыну маған қиын», «Артық сілтеп кем өкінсеңіз кешірілмейді» деп жасқанбай үкім айтқан – партия ұйымының хатшысы, оған қарсы «Тауың болса құлата бер төбеме? Телғара бұдан былай да өкінбейді!» деген ауыл председателінің негативтік қарсы жауап репликасынан, əлеуметтік топ өкілдері арасындағы келіспеушілік – дискурс жағдаяты белгілі болып отыр.

Жазушы-драматург тартысқа құрылған оқиғаны дəл жеткізу мақсатында кейіпкерлердің психологиялық көңіл-күйін беретін экспрессивтік тілдік құралдарды, қанатты сөздерді, мақал-мəтелдерді де ұтымды қолданған. Кейіпкерлердің сөйлеу тілінде иллокутивтік күші басым, прагматикалық ықпалға тола сөйлеу актілерінің барлық түрлері де кездеседі. Қос мақсатты сөйлеу актілері де бар. Кейіпкерлердің осы диалогтық тұтастығындағы жауап репликаларынан біз олардың ашу-ызасын, бірбірлерін кінəлауды, жазғыру, бұйыру, кекесінді де байқаймыз. Даулы мəселе төңірегінде реплика алмасқан кейіпкерлердің көзқарастары қанша қарама-қайшы болса да əлеуметтік статусы жоғары, жасы жағынан кіші Арман қоғамда қабылданған сөйлеу этикетін барынша сақтауға тырысқан. Бұл коммуникативтік қатынас сəтсіз аяқталды, себебі қатынасқа қатысушылардың ешқайсысы өз интенцияларына қолдары жетпеді. Осы полилогта: коммуниканттардың жасы кіші болса да (статусы мен сөздеріне қарағанда ең үлкені – партия ұйымының хатшысы, ауылдың председателі де одан статустық жағынан теңесіп тұрғанымен, жасы, өмірлік тəжірибесі жағынан үлкен адам), олардың ұлттық тегі, туыстық белгілері, əлеуметтік көзқарастары, иллокутивтік интенциялары, психологиялық көңіл-күйлері мен əлеуметтік көзқарастары анық байқалады.

  • коммуниканттардың статусы мен рөлінен белгілі бір əлеуметтік құндылықтар мен нормаларға деген олардың əлеуметтік анықтамалары, бағыттары келіп шығады
  • Хаймстің айтуы бойынша қатынас болып жатқан жағдай мен сөйлеу актісінің «сахнасы», яғни «психологиялық жағдай», дəл осы жағдайда міндетті емес, бірақ председателдь, хатшы қатысқандықтан, ресмилік белгі бар коммуникативтік жағдаяттан тұрады;
  • Хаймстің енгізген «негізгі белгісі», яғни сөйлеу актісінің экпрессивтік-стилистикалық айшығы. Барлық полилог фамильярлық-сыпайылықтың негізгі белгісінде өтеді, ол туралы олардың сөйлеу тілінің экспрессиясы белгі береді... Мысалы, «Қате айтасыз, жолдас председатель! Мен партия ұйымының секретарымын! (1)», оған берген адресанттың жауабы нық, зілді: көңілі толмағандығын көрсеткен екіші адресант риторикалық сұрақтар пайдаланады:

«Ұйымнан садаға кет! Келгеніңе айдан асқан жоқ, туыспен туысты атыстырдың, ортамызға от тастадың сонда жауым емей кімімсің?»; ашу-ызасын да бар қарсылығын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, сөйлеу шығармасы құрылған əрбір полилогқа қатысушылардың «белгісі» əлеуметтік жағдаяттың – коммуниканттардың арасындағы рөлдік қатынастардың, олардың статусы мен барлық жағдайлардың бейнесі болады.

А.Д.Швейцер мен Л.Б.Никольскидің: «Сөйлеу əрекетін бақылау əлеуметтік-коммуникативтік жүйе мен сөйлеу тілі ұжымдарының ерекшеліктерін терең анықтауға мүмкіндік береді» [8,154] деген белгілі тезистерінің драмаға қатысты кері мағынасы да бар.Сөйлеу əдебін əлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан талдаған кезде кейіпкерлердің сөйлеуі, сөйлеу əдебінің əлеуметтік қыры жағынан оның субьектісі туралы ауқымды сипаттама береді. Драма кейіпкерлерінің сөйлеу тілдері аяқ астынан болмайтынын, керісінше, оны драматугтің арнайы жасайтындығын ескерсек, «эксперссивтік қолданыс деп атауға болатын əлеуметтік белгіленген тілдік белгілер» қолданылады, олар бойынша драманың əрекет етуші тұлғаларының жəне кеңірек алсақ, нақты драмалық шығармада өзінің бейнесін тапқан сол тарихи кезеңнің барлық əлеуеті мен этнолингвомəдени қоғамдастықтың əлеуметтік портретін құрауға болады [8,161]. Əлеуметтік лингвистикалық талдау мұнда əлеуметтік лингвистика сөйлеу əдебін қандай да бір əлеуметтік тиімді нұсқасын таңдау процесі ретінде қарастырылатындықтан, сөйлеу коммуникациясы процесіндегі əлеуметтік түзетілген нұсқасының барлық жиынтығын ескеруге бағытталады.

Осыдан барып «əлеуметтік тиімді нұсқаларды анықтайтын жəне оларды қолданудың əлеуметтік жағдайын нақтылайтын ережелер жиынтығы» деп түсінілетін əлеуметтік лингвистикалық норма түсінігі келіп шығады [8,162]. Барлық басқа нормалар сияқты əлеуметтік лингвистикадағы норма да территориялық, əлеуметтік, уақытша, этномəдени сияқты түрлерімен ажыратылады. Сонымен, қаратпа сөздің асимметриялық моделіне сəйкес балалар ата– аналарына «сіз» , ал ата – аналары балаларына «сен» деп дəстүрлі қарата айтқан қаратпа сөздер қазақ отбасының патриархалдық құрылымын көрсетсе, орыс лингвомəдени қоғамдастығында архаикалық түрінде қарастырылады.

 

  1. Сухих С.А. Прагмалингвистическое измерение коммуникативного процесса // Дисс. д-ра филол.наук: 10.02.19 – Краснодар, 1998. – 458 с.
  2. Львов М.Р. Основы теории речи: Учебное пособие. – М.: Изд.центр "Академия", 2000. – 248 с. [22,12].
  3. Солганик Г.Я. Стилистика текста: Учебн.пособие – 3-е изд. – М. Флинта: Наука, 2001. – 256 с. [28,13].
  4. Бейсенбаев А.Р. Эгоцентрические единицы в летописном тексте. – А.: КАРАТ PRINT, 2002. – 172 с. [29,16]
  5. Школьник Л.С. Речевое воздействие: основные проблемы и исследования // Проблемы организации речевого общения. – М., 1981. – С.24-31.
  6. Сонич Т.П. Языковое выражение некатегоричности в свете коммуникативно-прагматической грамматики // Прагматика и структура текста. – M., 1983. Вып. 209. – С. 57-70.
  7. Лингвистический энциклопедический словарь / Гл.ред. В.Н.Ярцева. – 2-е изд., дополненное – М.: Большая Российская энциклопедия, 2002. – 709 с.
  8. Швейцер А.Д., Никольский Л.Б. Введение в социолингвистику: Для институтов и факультетов иностр. языков. – М: Высш.школа, 1978. – 216 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.