Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ өлеңіндегі дəстүр сабақтастығы жəне бүгінгі заман тынысы

Қазақ өлеңінің сан ғасырлық тарихында үзілмей келе жатқан дəстүр – замана тынысын кең ауқымда көрсету, дəуір тудырған оқиғалар мен өзгерістерді айту, бейнелілік пен көркемдіктің ара жігі ажырамас бірлігі, ерлік пен өрліктің, батырлық пен батылдықтың буындас жүйесі замана сынынан сүрінбей өтіп, біздің уақытымызға өзінің бар-болмысын барынша сақтай жетті. «Қобыланды батыр» бастаған батырлар галереясы Алпамыспен астасып, Ер Тарғын мен Қамбарға, Қарасай-Қази мен ОрақМамайға, Қырымның қырық батырына, одан қала берді, ерлік пен махаббаттың телқоңыр туындылары Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға,

Қыз Жібек пен Төлегенге, олардан кейін туған ғашықтық дастандар мен лиро-эпостық жырларға көшті.

Он бесінші – он сегізінші ғасырларға тізгін үзбей жеткен қазақтың қаһарман да көшелі жырлары одан кейінгі замандарда Қазтуған мен Асан Қайғыға, Досмамбет пен Шалкиізге, Жиембет пен Марғасқаға, Ақтамберді мен Тəтіқараға, Үмбетей мен Бұқарға, одан берідегі ақындар көшіне жетіп, ғасырдан-ғасырға озып, қазақ жырын биік қияларға əлі жетелеп келеді. Көңілі таза көшпенділер поэзиясы ортағасырлық жыраулық поэзияның ең озық үлгілері болды.

Осы кезеңдегі ақындардың сөз саптауы, жыр төгуі батырлық пен жыраулықтың өзара тіндес рухынан болса, одан кейінгі ақындардың, Шал, Көтеш, т.б. жырлары жаңа ырғақ, қара өлең стиліндегі кəнігі жырларға келіп иек артады. «Қазақ даласындағы азаттықшыл ақылойдың бас сардарларының санатында айбынды ақын Махамбет алдымен ауызға ілінеді. Оның жан-жүректі түгел баурап алатын өжет те өктем жырлары əлі күнге дейін сай-сүйегіңді сырқыратар бостандық дұғасындай пəрменді естіледі. Олар күні кешеге дейін бізді Елдікке, Теңдікке, Бостандыққа шақырып келсе, енді соларды мəңгілік баянды ететін Бірлікке, өркениеттік Өрелілік пен рухани Кемелдікке шақырады» деп жазды белгілі жазушы Əбіш Кекілбаев. («Шандоз», «Атырау-баспа», 2003 жыл, 367-бет).

Осы арман мен мақсат бүгінгі күнде дейін қазақ сөз өнеріне мəңгілік мұрат, өлмес дəстүр болып жетті. Өзінің кемел туындыларымен кеңес əдебиетінің алдыңғы қатарында болған қазақ поэзиясы қай кезеңде де ата-баба арманының аңсарын бір сəтке де ұмытқан жоқ.

Оны замана көштерінде толқын-толқын болып келген əр кезеңдегі поэзиялық көрнекті шығармалардан жазбай көреміз. «Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны əсемдік арналарды негіздеп, əсіресе Еуропа, орыс əдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды» деп жазады академик Рымғали Нұрғали. (Рымғали Нұрғали. «Əуезов жəне алаш», А, «Санат» баспасы, 1997 жыл, 102бет).

«Қазіргі қазақ поэзиясына оқыған, білімді ақындар келе бастады» деген пікір туған кезеңнен бастап, қазақ поэзиясы түр, мазмұн, тақырып, идея мен ой жағынан биік белеске көтеріле бастады. Жалпы, қазақ поэзиясының бүгінгі шыққан асқары ТМД елдері əдебиетінің алдыңғы қатардағы авангарды десек, артық айтқандық емес. Қазақ поэзиясы – осылайша мəңгілік мектеп қалыптастырған поэзия.

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің қай-қайсысы да осы мектептен өсіп шықты. Осы мектептің тарихи сабағын алды, үйренді, үлгі алды. Тек қана үйреніп, үлгі алып қойған жоқ, бұрынғы бар мектепті одан əрі тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық жағынан барынша кемелдендірді. «Көркем əдебиет

өмір оқулығы» деген Чернышевский анықтамасы осы ойға дөп келеді. Өйткені, əдебиет адамның ақыл-ойын түзейді, қалыптастырады, адамға өмірдің сан-қилы бояуы мен реңін

түсіндіреді, сол арқылы адамды жақсыға, жаңаға, асыл мұраттарға үндейді. Сол себепті де, əр ақын өз оқырманының ұстазы, тəлімгері, қажет болатын болса, шынайы досы, шыншыл жолдасы. «Жазушы мен сыншы халықтың эстетикалық талғамын арттыруда бірдей жауапты» деп академик, сыншы Серік Қирабаев жазғандай, көркемсөз иесі көңілдегі көрікті ойын көпке жеткізуде ешқашан жауапкершілік сезімін төмендетпеуі тиіс. (Серік Қирабаев, «Уақыт жəне қаламгер», əдеби жинақ, «Биік талаптар» мақаласы, А, «Жазушы», 1973 жыл, 82-бет).

Бүгінгі қазақ поэзиясының қай өкілі жөнінде де əңгіме қозғағанда, жалпы қазақ өлеңінің арғы дəуірден бастау алатын көне соқпағы мен сартап сүрлеуін шолу ретінде болса да еске түсіру – қазақ жырының мəңгілік қуаты мен құнарының қайдан шығып, қалай жеткенін аз да болса еске түсіру. Қай заманда да қаламгердің халық алдындағы, өз уақыты алдындағы үлкен жауапкершілігін сезінуі қажеттігін еске салу.

«Қолына қалам ұстаған зиялы қауым М.Əуезов шығармашылығынан нəр алып, Мұхаңдай халқы мен Отаны алдындағы жауапкершіліктен таймауы тиіс, өз елі мен халқының болашағы на қызмет істеуі керек» дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.(Нұрсұлтан Назарбаев. «Қалың елім, қазағым», Алматы, «Өнер», 1998 жыл, 278-бет).

60-шы жылдардың басында, əдеби-мəдени тарихымызда «жылымық» кезеңдер деген атаумен енген тұста қазақ əдебиетіне, соның ішінде қазақ поэзиясына бір шоғыр аса талантты толқын келіп қосылды.

Ақын жəне заман. Ақын жəне ақиқат. Осынау телқоңыр терең ұғымдардың астарында көп сыр, көшелі пайым жатыр. Оны оқырман өлеңдерден тапса, ғылыми сараптамада ол жетістіктер қаламгердің болмысы мен бітімін, оның өлең көкжиегіндегі өзіндік орнын бағамдау мақсат болады.

Біздер, қалқам, өлең атты елденбіз, Жауыннанбыз…

Қайғыданбыз… Желденбіз…

Мəңгіліктің үрлеп мəңгі майданын, Ғасырлардың қойнауынан келгенбіз.

Жүрегімен күндіз-түні от өрген, Кермекті артық көретұғын шекерден. Қалқам, біздер өлең атты елденбіз, Ақындықтың ауыр жүгін көтерген.

Нұрлан Оразалин бұл жырын 1991 жылдың шілдесінде жазған. Осы өлеңді зер салып, зерделеп қарасақ, сөз басында біршама айтылған

ақындық тарих пен ақындық эстафета туралы авторлық аннотация бар. Ақын бүгінгі күн мінбесінен сөз алып тұрып, мойнындағы азаматтықтың ауыр жүгін жауапкершілікпен көтеріп келе жатқанын терең сезінген сеніммен серт сөйлеп тұр. Бұл қаламгердің қарабайыр ұраны да, желге шығарған жыр-əні де емес, бұл ақындық азап пен тозаққа, жауапкершілік пен міндетке пейіл берген, пейіл беріп қана қоймай, өлең атты қасиетті өнердің қыр-сырын қапысыз сезінген, ұзақ жылдар бойы əр сəтті теңеу, салиқалы ой үшін маңдай терін сыпырған сарабдал ақынның шын сөзі.

Жалында!

Көз ілеспес көк беренім,

Жалынсыз бықсығанды жек көремін. Озсам да… озбасам да…

Дəл осылай

Мен қалған өмірімді өткеремін, -

деген ақынның алғаусыз сырына қапысыз сенесің. (Нұрлан Оразалин. «Қоздағы шоқ», Алматы, «Атамұра», 2008 жыл, 151бет). Ақын Нұрлан Оразалин əдебиетке өзінің сыршыл да сезімтал даусымен келген қаламгер. Оның алғашқы өлеңдері, Университет қабырғасында жазылған жырлары өзінің ішкі əуез, сырнайдай сыршыл сазымен сол кездің өзінде-ақ өз оқырмандарына жаңылмай жеткен болатын.

Уақыт, заман алдындағы ақындық жауапкершілікті терең сезіну сол ақынды қайраткер тұлғаға айналдырады. Бірақ оған əуел бастан ақындық азаматтық болмыс іргетас болуы шарт. Жоғарыда үзінді келтірілген жыр екінші сөзбен айтқанда ақындық серт пен ақындық анттың поэтикалық тұрғыда көрінуінің бір түрі. Қандай ақын болса да өнер жолын бастарда бата алады, өзіне серт беріп, жүрер жолын айқындап алады. Бұл қазақ поэзиясында ғана емес, жалпыадамзаттық қадам. Тіпті жалпы өнер атаулығы тəн қадам.

Осы тұрғыдан келгенде біздің əдеби зерттеу еңбектің негізгі нысанасы болған келесі кезектегі үш ақын – Марфуға Айтқожаның, Темірхан Медетбектің жəне Күлəш Ахметованың шығармашылығы өзінің азаматтық, қаламгерлік болмыс-бітімі, перзенттік позициясы жағынан үлкен жүк көтеріп келе жатқан еңбектер.

Көрінген қарапайым жайшылықта, Бұл өмір,

Толы екен ғой қайшылыққа.. Келемін əлі күнге ажыратпай, Қадірім асқандығын қайсы жұртқа?,

деп Марфуға Айтқожа уақыт алдындағы ақындық жауапкершілік сезімін екіұдай көңіл күйге орап жеткізеді өзінің «Жапырақтар жауғанда» атты жыр жинағында. «Қадірім асқандығын қайсы жұртқа» деп айту үшін

ақындық лайықты қолтаңба керек. Əйтпесе, құр бəлсіну мен ділмарсу неге қажет? Айтқожа ақын жұрт көкейіндегі осы кепті үлкен ақындық сезімталдықпен сезіне біледі, ой көзімен көре біледі. Бұл ақындық сергектік.

Темірхан Медетбекті тыңдап көрсек, «Көк түріктер сарыны» жинағында ол былай деп үн қатады:

Ғасырлардың түбінен Бостандығымды іздеп шықтым.

...Темір етігім Теңгедей болды, Темір таяғым Тебендей болды,

Мен оған зорға жеттім, -

деп азаттықтың бағысы мен қадірін жеріне жеткізе айтады. Халықтық сарын мен бүгінгі уақыттың тынысын біте қайнастырып, тəуелсіздіктің туын жықпаудың жауапкершілігін оқырман есіне салады. Бұл азаматтық айқын жыр, айқын сыр. Мұндай жырлардың үні де ашық, əуені ажарлы.

Дүниеде мұң ғана, мұңнан да ауыр, Мұңайғанда жол таппай тұрған бауыр. Кегі кеткен далама

Келдің бе есен,

Тарихи əділетті туған дəуір!

деп патетикалық екпінмен жырлайды Күлəш Ахметова өзінің «Құт» атты жыр кітабында. Қазақ елінің жаңа дəуіріне осындай жігерлі де шуақты, жайсаң да қуатты жырлар керек.

«Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деп ұлт кемеңгері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ақын қай кезеңде де өз заманының кескін-келбетін сомдайды. Ал ол шығармаларында қалай көрінеді, оқырманын қалай иландырып, сендіреді ол да ақынның қалам күшіне, ақындық диапазонының тарлығы мен кеңдігіне, көңіл көзі мен сенім саңлауының айқындығы мен ашықтығына сын.

Поэзияның күші мен құдыреті де осында, ол өмірге құштарлық, ғашық болу. Өмірдің мəні мен мазмұнын тереңнен түсінуге, байыптап түйсінуге, барлап сүйсінуге негізделген. Ақынның заман алдындағы, қоғам алдындағы, керек десеңіз өзінің ар-ұжданы алдындағы жауапкершілігі мен міндеті оның ақындық көркемдік қуаты мен ақындық шеберлігіне тікелей тəуелді. Сондықтан да жалпы оқырман қауым, немесе əдеби орта шартты түрде ақындарды «жақсы ақын», «нашар ақын» не болмаса таланты, талантсыз ақын деп бөліп жатады. Ақынды жас ақын, қарт ақын деп бөлу де тым шартты. Ақын сезімге келгенде қашанда жас, көңілге келгенде қашанда ояу, ақыл-ойға келгенде əрқашан қартқария. Өйткені ол адам жанының бағбаны, адам көңілінің айнасы, уақыт жанының ыстық-

суығын, ауа райын көрсетіп тұратын бағабарометрі.

«Асылы, лирикалық шығарма ақынның көңіл күйіне құрылады дегенбіз; ақын онда өзін,

заманының болмыс-бітімін шынайы зерделеген, дəуір тынысын өзіндік тақырыптық-көркемдік шеберлікпен көрсеткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері.

өз сезімі мен сырын жырға айналдырады, өзі

туралы сөйлейді. Ал, «ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке «мені» туралы айтса, ол – жалпы көпшілік туралы – бүкіл Адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы Адам баласына тəн қасиеттің бəрі бар» деп В. Белинский жазғандай, (В. Белинский, шығармалары, А, «Жазушы», 1987 жыл, 37-бет). ақын өзінің басындағы мұң мен сырды айтып отырғандай көрінгенмен, ол мұң мен сыр оқырманға да жат емес, тіпті кейде оның ішкі жан дүниесімен тереңнен қабысып, алыстан табысып, ақын мен оқырман арасындағы рухани байланыс телепатиялық байланысқа жетеді.

Демек, жоғарыда аттары аталып, шығармаларынан үзінділер келтірген ақындар өз

 

 

  1. Нұрсұлтан Назарбаев. «Қалың елім, қазағым», Алматы, «Өнер», 1998 жыл, 278-бет.
  2. Нұрлан Оразалин. «Таңдамалы үш томдық туындылар», Алматы, «Жазушы», 2006 жыл.
  3. Марфуға Айтқожа. «Жапырақтар жауғанда», Алматы, «Елорда», 2002 жыл, 247бет.
  4. Темірхан Медетбек. «Көк түріктер сарыны», Алматы, «Жазушы», 2007 жыл, 62-бет.
  5. Күлəш Ахметова. «Құт», Алматы, «Дəуір», 2005 жыл, 9-бет.
  6. Əбіш Кекілбаев. «Шандоз», Атырау, «Атырау-баспа», 2003 жыл, 367-бет.
  7. Серік Қирабаев. «Уақыт жəне қаламгер», əдеби жинақ, Алматы, «Жазушы», 1973 жыл, 82-бет
  8. В. Белинский. «Шығармалары», қазақ тілінде, Алматы, «Жазушы», 1987 жыл, 37-бет.
  9. Рымғали Нұрғали. «Əуезов жəне алаш», Алматы, «Санат», 1997 жыл, 102-бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.