Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сафуан Шаймерденов шығармаларындағы образ, мінез жəне табиғат («мезгіл» хикаясы мысалында)

Қазақ көркем сөзiнiң жұлдызы жарық тұғырлы тұлғаларының бiрi Сафуан Шаймерденовтiң əдеби мұрасы ұлттық əдебиетімізде қайталанбайтын қолтаңбасымен, көркемсөз өрнектерінің шеберлігімен ерекшелетіні рас.

Академик З. Қабдолов жазушы туралы:

«Сафуан Шаймерденовтің қаламгер ретіндегі қадірі, оның қолынан шыққан бұйымдардың өнер туындысы ретіндегі қасиеті неде? Бұл сұраққа жуап беру үшін Сафуанның суреткерлік табиғатына тəн айрықша сипаттарды атап өтпеске болмайды»,-деп жазған болатын [1].

Сафуан Шаймерденов шығармашылығын тілге мұқият адам, талғампаз адам, мəдениетті жазушы, сыршыл суреткер деп академиек З. Қабдолов бағалайды. Жəне де ұлы ұстаздың жазушыға берген бағасы өте дəл, өте орынды екені оның шығармаларымен сусындаған сайын көз жеткізе түсуге болады.

Əдебиет тоеритиктері көркем сөз тарихында 30-50 жылдарды социалистік реализм мен француздық структурализм (кейде постструктурализм деп те аталады) бағыттары қатарлас келген тұс деп жазады. Бұл кезең постмодернимздік «жаңа романның», яғни эстетикалық туындылардың дүниеге келуімен ерекшеленді [2].

Иə, қазақ əдебиетінің сөз өнеріндегі теориялық мəселелерін зерттеген академик З. Қабдолов ерекше қадір тұтып, қадірлеген жазушының қай шығармасы болмасын оқырманын еріксіз еліктіріп, эстетикалық бай қуатымен жетелеп əкететін сиқыры бар. Əсіресе, қазақ əдебиетінде ана образын жаңа қырынан сомдап, соның ішінде өгей анаға деген ыстық сезімдерін сыйлаған жазушының «Мезгіл» хикаясының орны ерекше.

«Ағалардың алақаны» аталатын жинағы 1988 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болғанды. Осы жинақ 2001 жылы жазушының 4 томдық шығармалар жинағының 4-томына енеді. Осы томның əлқиссасы болған «Бір таба нан» повесіне жазушы төмендегіше нүкте қояды:

«Менің өге шешем – ардың құлы. Адамшылықтың, кісіліктің құрбаны. Ал осы құрбандыққа мен немен жауап беруім керек. Шынымды айтсам, бұл сауалға күні бүгін де жауап таппай қиналамын. Жалғыз-ақ сол, 1962 жылдың аяқ кезінде жазылған өгей шеше жайындағы «Мезгіл» хикаясы сол сұраққа жауап тапсам бе деген ізденістен туған туынды екенін айтқым келеді» [3].

Əдебиет теориясын зерттеушілердің бірі В.Е. Хализевтің айтуынша, əдебиеттегі типтендіру жəне мінездің шығу тегі – танымдық қызмет ретінде өнерге жетудің алғашқы қадамы. Дегенмен ХІХ ғасырдың еншісіндегі тұжырым болғанымен, шынайылықы көркем қабылдаудың барлық формасын жоққа шығармасы анық [4].

Шын мəнінде, жазушы Сафуан шығармасында басынан өткені, өмірден түйгенінен аттап өте алмаған. Оның туындыдағы образдары, оқиға иірімдері бəрі де шынайы.

Жалпы, көркем əдебиетте өгей шеше образы көбінде жағымсыз кейіпкер ретінде қабылданатыны рас. Көбінде өгей шеше қолындағы баланың күні, мұңы, сыры, жыры... жағымды бола бермейтіні же бар. Міне, осынау образ маңында қатқан мұзды балалық жүрегімен, жазушылық қаламымен, адамдық сезімімен жылытқан, əдебиеттегі өгей ана бейнесіне жан берген, рухын тербеткен де Сафуан Шеймерденов болды.

Көркемсөзші хикая басында: «Өгей анам Жақсыбай қызы Бейіс марқұмның аруағына арнаймын»,-деп авторлық эпиграф бере кеткенді жөн санайды [5].

Шығарма сюжеті басталғаннан аяқталғаннан бүгін мен өткеннің, өткен мен бүгінннің арасын жалғап отыратын жібек жіптей есіліп, өріліп отырады. Оқиғалардың алма-кезек ауысы, сюжеттің кульминациясы, хикаяның аяқталауын да анаға деген сағыныштан шыққан əдемі өрнек бар. Оқырман жүрегін шымырлатып өтетін, сырқыратып шым еткізер сюжет-өрнектен жанжағы берік, айналасы жұмыр композиция құрылған.

Академик З. Қабдолов осы орайда:

«Сюжеттік, оған өзек болған өмірлік тартыстың əрбір иінінде, бұрылысында оқырманға керегі – дəлел, оқиға үшін логикалық дəлел. Ол жоқ жерде образ да жасанды, оқиға да жалған», деп жазды [6].

Жазушының бас кейіпкері жол бойындағы жұмбақ жан. Жазушы Сафуан кейіпкерле рін психологиялық иірімдерде, бұрылыстарда сынайды. Оқиға да шынайы, кейіпкер де жанды.

Ол – жазушының өзі. Өз прототипі. Жазушының жолаушысымен танысайық.

«Кірпішешеннің инесіндей тікірейтіп шаш қойған, қалқан құлақ, қара жігіт».

Жазушының шеберлігі де оқиғаның өн бойындағы жұмбақтың шешімін осы кірпі шашты жігіттің аузына салып отырады.

Ал жазушының өмірлік балалық махаббаты саналған жан – өгей анасы кім? «Тым жүдеу, жақ еті суалған, сонысына қарамастан осы Арқа əйелдерінің салтын сақтап көк жаулық, оның үстінен қақырайтып шаршы тартқан қарт адам». Əдебиет теориясын зерттеуші ресейлік ғалым О.А. Павлова көркем əдебиеттегі кейіпкерлер жүйесін талдау алгоритмінің бірнеше əдісін ұсынады. Соның ішінде əдеби портрет, авторлық мотивация, кейіпкерлер диалогы, кейіпкер монологымен қатар оның мінезіне тəн «жан диалектикасын» атайды [7].

Жазушы кейіпкерлерінің мінезі жол бойындағы табиғатпен қатарлас өрбіп отырады. Кейіпкерінің атын да Мезгіл қоюы жазушының осы табиғатпен етене жақын сырластығынан деуге болар. Кейіпкерінің бойындағы мінез бен шығарманың өн бойындағы сюжетті табиғат райымен үйдестіру, даланың болмысымен жақындастыру – жазушы шеберлігінің бір қыры. Бұған дəлел хикая кепіпкерлерінің монологынан да, екеуара диалогынан байқауға болады.

«Көк сілемік мұнар басқан ашық күн. Тақтайдай ұлан-қиыр жазық дала. Аңызақты аптап шілденің жуан ортасы болса да, дүние реңкі көгілдір, ізнəрлі жер бояуын əлі бермеген. Ойпаңы мен биік-биік қыраты, жүлге-жүлге таулары жоқ, осындай көгілжім жазықтарды көк жиегі де алыстап кететін болса керек, тым қиян шалғайдан көз ұшына ілігіп, сағыммен ойнап, белбейлене көтерілетін үйірім-үйірім, бұлыңбұлың, шоқ-шоқ ағаштар бейне теңізде жүзген ғажайып та жұмбақ алып кемелерге ұқсап көпке дейін толқып, баяу жылжып жақындайды да, айналып артқа түсіп алыстаған сайын əлгі бір ойнақы кейпіне тез ауысып, тағы да бұлыңдап тағы да толқып сала береді».

Табиғат та кейіпкер мінезімен қатарлас толқып, біресе асып, біресе тасиды. Жазық дала да кейіпкер көңіліндей біресе сағыныса сағыммен қауышады, біресе қимасынан айрылғандай тербеле алыстайды. Жазушының көркем сөзді құбылта, табиғатты түрлендіре баяндауында адам мінезі мен алдағы оқиға тізгіні қатарлас адымдайды.

Мезгіл даланың кейпі, Мезгіл кейіпкердің аты. Жазушы осынау үндестіктің де сырын шығарманың өн бойында сызылтып, сыртпақтатып үйлестіре алған. Оны Мезгілдің өзі айтсын:

Мен бұл дала жайында жас кезімде қиянқырлы əңгімелер еститін едім. Ол кезде, бір ғажабы, біз балалар болып айнала түнеріп, тұнжырап тұратын ну орманнан қорқатынбыз. Ал сол шетсіз-шексіз орманды айлап кезсе селт етпейтін үлкендер: «Мезгілдің даласы құрдым ғой, шетіне бір шыға алмайсың. Нысана етер, белгіге алар тұлдыр таппайсың, қалай қарап жүрсең де көсіліп жатқан кең жазық, адасып кетуің оп-оңай»,-дейтін.

Иə, жазушы кейіпкері де мезгіл даласындай. Оны тəлкегі мол тағдыр-талайы күтіп тұрғаны осы адасып кетер кең жазық даладайын. Анасынан айрылған Мезгіл де осы табиғат мінезіндей. Балалықтың бал күндерінде Мезгілдің анасынан айрылуы да осы мезгіл даласына келген өрттен. Оның өгей анасымен табысуы да, балалық махаббатының оянуы да, ана орынан ана болған жанның қимасына айналуы мезгіл даласындай кең де жазық, алып та асқақ.

Мезгілді жетімдікке қиған да осы мезгілдің өрті.

«Жолындағының бəрін де жалап, жалмайды да жылжи береді. Қыбырлаған жан иесінде ес қалмайды. Тайлы-таяғымен шығып, күн алысады, түн алысады, бірақ жаһанды жалпағынан жайлап алған қара өрттің беті қайтпайды. Құдайдың дес берісінде, қара нөсер төгіп берсе, сонда ғана басылады. Əйтепесе, сендей соғылысқан халықтың өлгені өліп, өлмегені жан сауғалап, бетінің ауған жағына босып кете береді».

Мезгіл аталған дала. Мезгіл аталған кейіпкер. Тағдырлас. Ұқсас. Табиғат пен кейіпкердің өмірмен арпалысуы да, шайқасуы да қатарлас. Мезгілді анасынан айыратын мезгілдің өрті де, тағдырдың азмышы да қатал еді.

«Біздің үйдің терезесінен жалын сумаңдай бастады. Содан қорқамын ба, дауыстап апамды іздеймін. Бірақ, қайтып көруге жазбапты оны маған. Кейін білдім ғой, «Аңсұңқар балапаны үшін торға түседі» демей ме, жаңылыстан мені үйде қалды деп ойлап, лаулаған оттың ішіне қойып кеткен де, содан қайтып шықпаған».

Мезгіл үшін анасы аққанат аңсұңқар құстай кең жазық далада қанатын жайып, маңдайын желпіп ұшып өте шыққандай, жүгіріп өткен балалық шағындай. Дегенмен, қайғылы Мезгілдің жан жүрегінде, көңіл түбінде ананың сырлы бейнесі қатталып қалғандай. Мезгілдің ойындағы Ана – ақ періште, Ана – аңсұңқар құс. Ана бейнесін ұмыту мүмкін бе?

Жазушы сұраққа жауапты ынтыға да құныға тыңдап отырған Туланнға, Мезгілдің жан сарайынан ағылған сырына, көңіл түбіндегі сағыныш сазына əкеп құя береді, үздіксіз аққан ақ жауындай себелете төкпелей түседі.

«Тіпті анамның қыр мұрынды қызыл жүзі, қалың келген қара қасы, басын əнтек бұрып, төмен отырып күлгенде көрінетін ақ тістері де көз алдымда. Мен оны ұмыта алмадым».

Тағдыр да бір ауық мезгіл даласындай кең екен. Жазық даладай мейірімді екен. Жəбірліктің дəмін татқан, қамқорлықтың алақанын сағынған бала Мезгілге тағдыр Бибігүлдей өге ананы сыйға тртады.

Тағы да мезгілдің даласындағыдай үйірімүйірім, бұлың-бұлың, шоқ-шоқ ағаштар біресе алыстан мұнартып, біресе жақындап қатарласа жарысатындай кейіпкерлер мінезі де, тағдыры да жаралы.

Мезгілдің өгей анасымен танысуы да өміріне өрт қалай кездейсоқ келсе, ардақты ана да солай ойда жоқта оқыстан енеді. Отбасына жылу əкелген ана, жарық сыйлаған ана алдымызда.

«Кенет пештен жанған отты көрдім. Тағы да өрт екен ғой деп жүрегім су етті. Бірақ түтін дегенің мұржадан шығып жатыр. Бықсып жанған оттың түтіні емес лауылдап жанған оттың түтіні. Пеш қасында бір əйел отыр. Басында қызыл шəлі. Үстінде батсайы қамзол».

Мезгілдің өгей анасымен қауышуы пештегі оттың лаулап жанғанындай ыстық жалындай. Бірі анасынан, бірі баласынан айрылған қос жетімекті қосқан тағдыр бала мен ана жүрегіне мəңгілік ыстық жалынын сыйлаған еді.

Мезгілдің даласындағы өрт пен боран да қатар егіз. Жазы өрт, қысы – боран болатын мезгілдің қатал мінезі бала Мезгілге де, өгей анасына оңай тимегенін жазушы тағы да табиғат тілімен баян етеді. Табиғат тілі енді тарихтың да тілі.

Қазақ даласындағы 30-жылдардағы ашаршылық тақырыбын қозғау кеңестер одағы кезінде қандай қиын боғанымен, жазушы бұл тұста да ебін тауып, қазақ тұрмысының қиынқыстау күндерін боранды мезгілдің қатал қысымен, əкесінен айырылатын бала Мезгілдің өмірімен қатарласа, астарлата баяндайды. Аштықтың суреті аш боранның тəбетіндей.

«Бір үйлі жан болып, ошарылып, талғажау етіп отырған көжелігін тартып алып кетіп бара жатқанда даусын шығарып тіл қатар бірі жоқ. Ертең аштан өлерін біледі. Біле тұра үндемейді. Жалынбайды. Жағынбайды. Томсарған күйде қала береді. Аштықтан көз алды күлтеленіп, аяққолы ісініп, бұралып жатқандардың талайын көрдім сол қыста. Бірдеме берсең алады, жейді. Өңменіңнен өтер өткір көзін бірдемеге мағынасыз қадап жата береді. Бұл не нəрсе, Тулан? Ерлік пе? Əлде ездік пе?»

Қазақтың даласындағы ашаршылық нəубетіне тап келген мезгіл жазушы шығармасында боранды қыспен қатарлас келеді. Аштық елдің есінде қалған мезгіл даласы куə болған ақиқат.

Мезгіл даласының мінезі қаншалықты құбылса, жазушы кейіпкері Мезгілдің де тағдыры соншалық құбылмалы. Əкеден айырылған Мезгілдің бар сүйеніші, қамқоры, тірегі – анасы Бибігүл. Мезгілдің қапыда шарпитын өртін, қысында қусыратын боранын көрген бала Мезгілге жер-ананы бусандыра келген көктемі қызығын аяғандай. Жазушы табиғат мінезіне салып, кейіпкерін қаншама аяғанымен, тағдыр аяусыздық танытқандай. Енді жесір қалған өгей ана Садырдың еншісінде.

Анасына асыққан Мезгіл де, тал мен талды, сағым мен сағымды қуалаған мезгіл желі де жолға аттанған жолаушыдай қатар желіп, қатар жарысады. Ауру анасына шипа болған Мезгіл де, даланың адуын мінезіне тиек болған мезгіл де хикая соңында ардақты анамен қауышады. Осылайша туындының өн бойында адам мінезі табиғаттан бір елі ажырымайды. Бұл жазушы Сафуан Шаймерденовтің көркемсөзді табиғатпен, табиғатты көркемсөзбен табыстыра алған, таныстыра білген шеберлігінде.

Қазақ əдебиетiне 50-шi жылдары келген тегеурiндi толқынның алдыңғы сапында болған Сафуан Шəймерденов қазақ прозасына психологиялық қатпары мол, реалистiк көркем дүниелерiмен қайталанбас қол таңбасын қалдырды. Сөз зергерi, психологиялық проза ның хас шеберi Сафуан Шəймерденовтiң көркем туындылары халқымен бiрге жасай берерi сөзсiз.

Қызғаныштан қызыл өрт жұтқандай, сабырсыздықтан борандай ұлыған Мезгілдің жалғыз жарығы анасы Бибігүлмен тірідей айырылсуы. Садырдың алдында ер мінезі, ер жүректігін мойытқысы келмеген Мезгіл де кең даладай тəккаппар-ақ. Анасын қаншалықты қадірлеп сағынса да бозбала Мезгіл сол мезгіл даласындай жіби қоймайды. Жігіт ағасы Мезгілдің жүрегінде бір нұрлы шуақ – мезгіл шілдесінде кең далада ойнақтаған көгілжім сағымдай орын тепкен.

«Соны ойлағанда жаманның бəрі ұмыт болады да, дүние енді нұрлы, ыстық, жарқын жағымен көз алдына ұлғая сыландайды. Сондай сəтте адам өзінің адамдық махаббатын берген, мейірімін салған, қымбат та қимас, аяулы деген жандарын іздейді. Солардың болашақ тілеуін тілейді. Соған қызыға, қызғана қарайды».

 

  1. Шаймерденов С. 4-томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1996. Т 1. 5 б.
  2. Грехнев В.А. Словесный образ и художественное произведение. С. 33.
  3. Шаймерденов С. Ағалардың алақаны. – Алматы: Жазушы, 1990. – 28-29 бб.
  4. Хализев В.Е. Теория литературы, Москва: Высшая школа, 1999. – С. 21.
  5. Шаймерденов С. Битабар балуан. – Алматы: Атамұра, 2004. -5 б.
  6. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 169 б.
  7. Павлова О.А. Основы теории литературы: Учебно-методическое пособие. — Волгоград: Изд-во ВолГУ, 1999. — 64 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.