Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

І. Жансүгіров поэзиясында кездесетін халықтық дəстүрдегі көркемдік нақыштар

Өз шығармаларында ұлттық болмысты халықтық дəстүр негізінде таныту жолында тың ізденістерге барған ақын Ілияс Жансүгіров ана тіліміздің игерілмей жатқан мол көркемдік мүмкіндіктерін ашты. Туған халқының тіліндегі көркем ойға тəн икемділігін шыңдауда, оның терең сырлы тұңғиықтарына үңілуде көрегендік пен көсемдік танытып, артына өлмес өнеге қалдырған I.Жансүгіров əдебиетіміздің қоржынын толтыруға қомақты үлес қосты.

Шығармашылық ғұмырында ұлттық əдебиетіміздің бүгінгідей қарышты дамуына кең өріс ашқан арқалы ақын І.Жансүгіров – ұлттық көркем ойды соныдан барлап, тыңнан жол тартқан əдебиет алыптарының бірі. Халық қазынасын шығармашылық жолмен пайдалана білуі, оның жалпы халықтығы мен ұлттық бояубедері Ілияс поэзиясының ерекше күші мен əсем əуезділігін паш етеді. Өз туындыларында табиғат, өмір құбылыстарына лайық бейнелі сөз, балама сурет тауып, ойды айшықтап, көркем жеткізе білген ақын халқының ғасырлар бойы жасап келген ұланғайыр мұрасын бойына сіңіріп, терең меңгерген. Оның шығармашылығында көп кездесетін халықтық поэзияның даму жолында сұрыпталған үлгілерінің əуені мен ырғағындағы əр алуан құбылыстар, ұтқыр сөз қолданысы, бейнелегіш тəсілдер бұған айқын дəлел.

Ілияс поэзиясында халықтық дəстүрде жасалған теңеу, эпитет, метафоралар өте мол. Туған халқының фольклорлық мұрасын бүкіл шығармашылық ғұмырында жанына жақын тұтқан ақын халық ұғымына қонымды теңеуді, көркем ой өрнектерін шебер қиюластырады.

Əдеби тіліміздегі басты құбылтулардың бірі – метафора, яғни ауыстыру. Белгілі ғалым З.Қабдолов метафораға «...сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту» [3, 219] деген анықтама береді.

Көркем шығармаға əр беретін көріктеу тəсілінің бұл түрі де Ілияс поэзиясында көрініс тапқан. Ақын:

Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз, Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз. Қымыздай балға ашытқан тəтті қызға

Жігіттер, бəріңіз де-ақ сұқтанарсыз [2, 230] деген өлең жолдарында сұлу қызды көшпелі қазақ тұрмысында маңызды орын алатын алтайы түлкіге, кер маралға, ақ қоянға, ақша нарға, бозша байталға балайды.

Халқымның қуанышты бұлбұлымын, Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін... Шат елдің шешенімін, даңғылымын,

Шыным сол, правом бұл, заңды мұным [2, 273]

деген шумақта ақын өзін бұлбұл, дүлдүл, шешен сынды поэзияда жиі қолданылатын дəстүрлі образдарға балайды.

«Құлагер» поэмасында Ақан сері өмір сүрген заманды оқырманға дəл, анық жəне көркем жеткізу үшін Ілияс балама образдармен суреттейді:

Заманда сонау сарсаң Ақан тұрган, Ол заман – ерге тұсау, зорға думан.

Жалмап жеп айналасын аш кенедей, Семірген жұрт қанына нелер жуан.

Хан қабан – халық құлағын бұрап тұрган,

Бүйі би – билеп-төстеп сұрап тұрған.

Қор қылып ақ алмасты отқа көсеп,

Жүз-жүз жар теңін таппай жылап тұрған [2, 276],дегенде Ақан заманын ерге тұсау, жуандарга думан деп суреттеп, ханды қабанға, биді бүйіге балап, сол кезеңнің əлеуметтік тынысын дөп басады.

Сөз маржанын меруерттей тізіп, оқушысының сезімін тербеу арқылы өз ойын барынша көрікті, мейлінше мəнерлі түрде беруді көздеген ақын шығармаларынан көркемдік тəсілдің кең тараған түрі – эпитетті де көп кездестіреміз. Осы орайда тағы да З.Ахметовтің эпитетке берген анықтамасына тоқталайық: «Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нəрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. ...Поэзияда əр ақынның өз қолтаңбасын танытатын əсерлі, күрделі эпитеттер мол кездеседі. Мысалы, «Күйші» поэмасында Ілияс күйді алуан түрлі эпитеттермен сипаттайды. Жалынды күй, сарынды күй, ыңыранған күй, ырғалған күй, жынданған күй, жандырған күй, жылатқан күй, жұбатқан күй, жорға күй, тəтті күй, шерлі күй деген сияқты ондаған сөз тіркесіндегі эпитеттер мейлінше мағыналы, əсерлі келеді» [1, 233].

Ақынның «Күй», «Күйші» поэмаларында дəстүрлі эпитеттермен бірге төл көркемдігімен берген эпитеттер қатары мол кездеседі. Атынан белгілі негізгі идеясы күй мен оның жеткізушісі хақындағы бұл шығармаларда «күй» деген сөздің өзіне тоқсанға жуық эпитет беріледі.

Зарлы күй, əсем күй, жаңа күй, көне күй, шерлі күй секілді келетін тіркестерде күй мен оның əуеніне қатысты үйреншікті эпитеттер берілген болса, ақынның шығарма кейіпкерлерінің əр түрлі жағдайларға қатысты күйді де құбылтуына қарай жорға күй, жынды күй, жалынды күй, бебеу күй, паң күй, долы күй, сергек күй, бұлбұл күй, бота күй, батыр күй, т.б. секілді эпитеттер одан да көп кездеседі.

І. Жансүгіров поэзиясында ұлттық бояуы қанық, қалыптасқан эпитеттер, əсіресе, ару қыздың бейнесін жасауда көп кездеседі. Мысалы:

Ақ тамақ, алма бетті арулар жүр,

Қыдыртқан бақалшылар сабыншықтай [2, 286]

немесе

Қыр мұрын, қыпша белді, қиған қасы, Ақ маңдай, қас бітісі қып-қиғашы.

Ақ жүзі, оймақ аузы, күлім көзі, Білектей қап-қара боп өрген шашы, Ақ иек, кірсіз тісі, кірпіктері,

Екі елі мөлдір көздің екі арасы [2, 23].

Бұл жолдардағы ақ тамақ, алма бет, қыр мұрын, қыпша бел, оймақ ауыз, күлім көз,

білектей шаш, мөлдір көз деген эпитеттер сонау ауыз əдебиеті мұраларынан бері қолданылып келе жатқан халықтық тіркестер. Ақынның:

Көргенде күйелі төс, күсті білек, Тапқандай жаңа бауыр, жаңа тілек. Жылы қан улы бойда шым-шым қайнап, Сауығып сала берген дертті журек [2, 221]

деген шумағындағы күйелі төс, күсті білек, жаңа бауыр, жаңа тілек, жылы қан, дертті жүрек тіркестері айтайын деген ойға образдылық мəн үстеп тұр.

Адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірді терең барлауға баулитын Ілияс Жансүгіров поэзиясында образды айқындап, оны əр қырынан танытатын көріктеу құралы – эпитет арқылы оқырмандарына айтар ойын көркем өрнектеді.

Құбылысты басқа нəрсемен салыстыру арқылы сипаттау тəсілі болып табылатын теңеулерді Ілияс Жансүгіров поэзиясынан көп кездестіреміз.

Белгілі əдебиеттанушы ғалым З.Ахметов:

«Əдетте теңеу туралы сөз болғанда, салыс тыру үшін не нəрсе алынады, қандай нəрсемен салыстырылады, соған көп мəн беріледі... Екі нəрсені теңестіруден, олардан ортақ сипатбелгі табудан қандай мағына туып, қандай ой аңғарылады, қандай сезім-əсер жалғастығы (ассоциация) пайда болады – міне, осы толық ескерілуі керек»[1, 198], дейді.

Халық фольклорында қалыптасқан теңеулер сол халықтың дүниетанымын, əдетғұрпын, тіл көркемдігінің дəрежесін, халықтың бейнелі ойлау жүйесін көрсетеді.

Ілияс Жансүгіров өз туындыларында ұлт санасында қалыптасқан теңеулерді жиі қолданады. Əсіресе, туған жер табиғатын, əр мезгілдің ерекшелігін суреттейтін туындыларындағы теңеулердің қолданысы ерекше. «Мезгіл суреттері» өлеңінде Жетісу өңірінің жазғы сұлу табиғатын былайша өрнектейді:

Жерің анау,

Жасыл жолақ кілемдей, Желің мынау,

Жігіт айтқан өлеңдей. Көңіл анау,

Той қып жатқан ауылдай. Күнің мынау,

Елжіреген енеңдей [2, 56].

Ақын жерін жасыл кілеммен, желін əнші жігіт сызылтып айтқан өлеңмен, көңілін тойлы ауылмен, күнін мейірім-шуағы төгілген ана мінезімен астастыра суреттеп, олардың арасындағы ортақ сипатты дəл тапқандай. Ал мына шумақта кең далаға қоңыр күз келіп, жер мен жел де, күн де жадыраған жазғы күндегі көркем келбетінен айрылып, күрең түске боялады:

Жерің анау,

Шала илеген терідей,

Желің мынау, Дарымшының деміндей. Көлің анау,

Насыбайлы түкірік. Күнің мынау,

Ауылнайдың мөріндей [2, 57].

Күзгі даланы илеуі жетпеген теріге балап, күңгірт тартқан күн сұлбасын көк ала мөрге теңеуі ақынның туған жер табиғатын қазақы болмыспен түйсіне жырлаған шеберлігінің айғағы.

I.Жансүгіров поэзиясының «Əнші» өлеңіндегі теңеулер əн өнерінің қыр-сырын танытады. Əннің бірде шарықтап көкке өрлесе, енді бірде баяулап, қоңыр əуенге ұласатынын немесе мұңға толып күңіренетінін ақын теңеу арқылы былай жеткізеді:

Əн салсаң өзімдей сал аңыратып, Жайлантып, қоңырлатып, жамыратып. Аққудай аспандағы əнді өрлетіп, Қондырып қоңыр қаздай мамырлатып. Боздатып саулы інгендей күңірентіп, Нөсердей нөпір төккен жауындатып, Қазандай қарсы соққан дауылдатып,

Қамыстай дауыл жыққан сауылдатып [2, 150]

Ақынның əнді бірде өрлетсе, бірде мамырлатып құстардың ерекшелігіне қарай құбылта суреттеуі, күңіренген мұңлы əнді боздаған саулы інгеннің дауысына, арқыраған арынды əнді қалың нөсерге, күздің қара желіне, дауыл жыққан қамыстың сауылдаған үніне теңеуі оқырманның ойын кеңейтіп, əнші дауысын тыңдап отырғандай əсер қалдырады.

Ақын сатиралық элементтерді қазақы тұрмыспен бірлікте байланыстыра теңеулер жасап, тек қазақ ұғымына сыйымды образдар жүйесін жасаған. Мысалы:

Жүнін жұлған тайлақтай тазығыр шал,

Жас тоқал жанында отыр қаққан қылмаң [2, 78]

немесе

Қойнына алып Қожағұл шал жататын, Сабадай боп күнге көннен қатырған

Бұл мысалдарда ақын шал бейнесін бірде

жүнін жұлған тайлаққа баласа, енді бірде көннен қатырған сабаға теңейді. Ал бай ауылдың ауыздары астан босамайтын бəйбішелерін ақын бауырсаққа теңейді:

Бір үйде бəйбішелер бауырсақтай, Ауызы еттен, майдан дамыл таппай. Сүртініп сорпа терін жеңіменен,

Ұзын күн істеп отыр қарнын қаптай [2, 286].

Сұлу қыздың сыртқы келбетін бейнелеуде ақын ауыз əдебиетіндегі көріктеу тəсілдерін қолданады. «Исатай» поэмасынан:

Қыз тұлғасын қарасаң – Жайықтың боз талындай. Бет ажарын қарасаң – Жазғы түскен сағымдай. Қыз ажарын қарасаң –

Еділ, Жайық таңындай [2, 350],- деп келетін халық эпосына ұқсас жолдарды ұштастырамыз. Енді бірде ақын

Бейне біткен қайыңдай, Білегі мінсіз балғынның. Ақша төсі айдындай,

Шашы сенің шалғының [2, 92],- деп қыздың тал бойын қайыңға, ақша төсін айдынға теңейді.

Қымыздай балға ашытқан тəтті қызға, Жігіттер, бəріңіз де сұқтанарсыз [2, 230]

деген жолдардағы қызға айтылған теңеу өзіне оның сөзі тəтті, мінезі жұмсақ, жүзі жылы сынды көп мағынаны сыйғызады.

І.Жансүгіров шығармаларындағы түз тағыларының атаулары адам бойындағы белгілі бір қасиетті теңеп, салыстырып айтуда жиі жұмсалады. Мысалы, ақынның «Құлагер» поэмасында балуандар бəйгесін жариялап жүрген жаршының сөзінде:

Арыстандай айбынды ер, Жолбарыстай жуан ер. Ертістің бойын сіліккен ер, Еділдің бойы уріккен ер... Аюбайдың асында,

Онда он алты жасында, Атан жыққан алыпты

Абжыландай жұтқан ер [2, 309].

Күреске түсер балуандардың бітім-болмысы, ерлігі арыстанның айбынына, жолбарыстың жуандығына, абжыланның жұтқыштығына теңеледі. Ақын поэзиясында жоғарыда келтіргендей үлкен суреткерлік шеберлікті танытатын теңеудің келісті үлгілері аз кездеспейді.

Ақын халықтық теңеулерді өзінше өңдеп, жетілдіріп, табиғат көріністерін, кейіпкер портретін жасауда да ұтымды пайдаланған. «Игілік» өлеңін эпитеттер арқылы жасалған сұлу қыздың портреті деуге болады:

Екі ұрты, екі жағы алмадай боп, Бітімі бейне гүлді алма ағашы.

Ақ саусақ, ажымы жоқ, буыны жоқ, Жылтырап тырнақтары тап-тазасы. Тік иық, жазық жауырын, аққу мойын, көркемдік құралдарды ұтымды пайдаланып, ұлт санасына сіңімді жасайтындығының тағы бір куəсі дер едік.

Байсалды бəйбіше отыр бөстегінде, Екі айна айналыпты төстегі інге.

Секілді күйген тері беті бопты, Итиген иек, ауыз түскен көрдей. Түсіпті опырайып ішкеріге,

Моладай жауын шайған мұрын қапты [2, 78] деген жолдардан бəйбішені танысақ, Қара көз, қаймақ ерін, қасы жатық.

Қайрақтай қара жайдақ, қаймаң қаққан, Қайқы төс жатағандау, тілі тақ-тұқ...

Самсулы саусақтары сақинадан,

Омырау, ілгек, түйме, маржан, ақық [2, 78],-

деп келетін жолдар, анық, жас тоқалдың бейнесін көз алдымызға келтіреді. «Исатай» поэмасындағы халық эпостарының үлгісінде күрделі эпитеттер мен теңеулерден жасалған қыз бейнесі де ақынның портрет жасаудың асқан шебері екенін байқатады:

Екі көзін қарасаң – Нұр шырақтың шамындай. Қыз тұлғасын қарасаң – Айдынды елдің туындай. Айтқан сөздің шербеті – Абылхаят суындай.

Əзілінің лəззаты – Аққұйрық шай буындай. Ақылының шалымы –

Айдынды елдің туындай [2, 350].

Поэзияда əр дəуірдің суреткері өзінше қолтаңба қалдырады. Осы салада соны соқпақ салған ақынның бірі – І.Жансүгіров поэзиясындағы теңеулер қолданысынан дəстүр жалғастығын көреміз. Ақын бұрыннан халық поэзиясында бар көріктеу құралдарын пайдалана отырып, өз тарапынан жаңаларын да жасаған. Жүректің қылын шертетін Ілияс поэзиясы оның асқақ ақындық талант-дарынын, сырлы да сезімді суреткер екендігін көрсетеді. Бұған ақынның жырға арқау болған нəрсені бейнелі жеткізуіндегі, ұқсастықты дəл таба білуіндегі асқан шеберлігі куə.

Толқытып қос құлақты əм сырғасы.

Қайрақтай төсі жайдақ, шынтағы етті, Жазылып бейне мамық қабырғасы, Тар мықын, орта бойлы, түзу аяқ, Бұралып тал шыбықтай белдің ашы, Қолданып əдеп, үлгі жанды ерітіп, Ақыл сөз, ақырын күлкі шын мирасы [2, 23].

«Тұңғыш тоғысу» өлеңінде кəрілік жеңіп, кескін-келбеті солғын тартқан, тістері түсіп, аузы опырайған байдың бəйбішесі мен үлде мен бүлдеге оранған тоқалының бейнесі Ілиястың

 

  1. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996
  2. І.Жансүгіров. Құлагер. – Алматы: Атамұра, 2003
  3. З.Қабдолов. Сөз өнері. –Алматы: Санат, 2002

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.